Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру


Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
1. Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің
есебін ұйымдастыру.
а) Кәсіпорынның құрылымымен және бухгалтерияның құрылымымен, бухгалтерлердің міндеттерімен танысу.
Мен 23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік 17532-1901-АҚ) . Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді. Акционерлік коғам заңды тулға ретінде өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарымен және Жарғыға бағынып атқаруда. Филиал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Қоғамның директорлар кеңесі шешімінің (2004 жылғы 12 қарашадағы отырыстың № 1 хаттамасы) негізінде құрылды. Қоғамның филиалының мекен - жайы: Астана қаласы, Котовский кошесі 1 үй.
«Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамы Салық төлеуші болып Астана қаласы, Сары-Арқа ауданы бойынша салық басқармасында 2004 жылдың 18 қарашасында салық төлеуші болып тіркеліп келесідей салық төлеуші нөмірі берілген: 620 300 249 754, № 0004226 сериясы 62001. Акционерлік Қоғамының кеңесінің төрағасы Сарсембаев Қазыбек Жұмашұлы болып табылады, ал «Астана локомотив сервис орталығы» филиалының басшысы болып Лесбаев Мухтар Намиханович табылады. Филиалдын жеке балансы болады. Филиал өз қызметин ұйымдастыру және жүргізу үшін заңнамада бекітілген тәртіппен банктерде ағымдағы шоттар ашады. Филиалдың Қоғамның атауы мен өзінің атауы жазылған мөрі, мөртанбалары және тауарлық белгісі бар бланктері болады.
Қоғамның басты мақсаты - негізгі қызметі бойынша локомативтерге 2-ші Техникалық қызмет көрсету барысында табыс табу. Басқарушы және барлық қаржылық - шаруашылықтарды басқарумен Қоғамның сенімді басшылары болып табылады.
Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының « Астана локомотив сервис орталығы» филиалы «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі.
Филиал Қазакстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдан №415-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы №145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасына, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының шешіміне (2004 жылғы 15 қыркүектегі №10 хаттама) және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Президентінің 2004жылғы 17 қыркүектегі №485-Ц бұйрығына сәйкес «Локомотив» акционерлік қоғамын одан Қоғамды бөліп шығару (2004 жылғы 1 қарашадағы №17532-1901-АҚ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік) нысанында қайта ұйымдастыру жолымен құралған.
Қоғам бөлу теңгеріміне сәйкес «Локомотив» акционерлік қоғамының (2003 жылғы 14 қазандағы №14689-1901-АҚ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік) құқықтары мен міндеттелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актіліріне, сондай-ақ Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
Қоғамның органдары:
- Жоғарғы орган - Акционер
- Басқарма органы - Директорлар Кеңесі
- Атқарушы органы - Президент.
Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. Қоғамның дербес теңгерімі, банктік, соның ішінде валюталық шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі бар.
Қоғамның қызметінің негізгі мақсаты іске асыру үшін Қоғам мынадай қызмет түрлетін жүзеге асырады:
- локомотивтердің пайдалануда техникалық түзу күйде және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсету;
- локомотивтік тартым қызметін көрсету;
- локомотив бригадаларының демалыс ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсету;
- локомотивтерге жанар-жағар май материалдарын құю;
- локомотивтерді маймен, сумен, құммен жарақтандыру;
- темір жол жылдымалы құрамың жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
- темір жол жылжымалы құрамның жабдықтарын жөндеуді жүзеге асыру;
- темір жол жылжымалы құрамның қос доңғалақтарын куәландыру жөнінде қызметтер көрсету, қос доңғалақтарды жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
- темір жол жылжымалы құрамын қысқы (жазғы) кезеңде жұмыс істеуге дайындау бойынша қызметтер көрсету;
- локомотивтік радиостанцияларды, АЛСН қауіпсіздік аспаптарын, машинистің қырығылығын бақылау құрылғыларын құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету;
- маркетингтік қызмет;
- сыртқы экономикалық қызмет;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтер.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынуы қажет лицензияның немесе өзге түрдегі рұқсаттың бар болуын талап ететін қызмет түрлері тиісті лицензиялар немесе өзге түрдегі рұқсаттар алынғыннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Бұл кәсіпорын жылжымалы құрамның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оның бөліктерінің ақауы бар жерлерін жөндеумен және тағы басқа іс-әрекеттерді жасаумен айналысатындықтан, темір жолдағы арнайы техникалық қауіпсіздік ережелеріне көп көңіл бөлінеді.
Мен «Астана локомотив сервис орталығы» филиалының құрылымымымен таныстым. Оның сызбасын 1-қосымшадан көруге болады. Сызбадан көріп отырғанымыздай, кәсіпорында кадрлар бөлімі, есептеу бөлімі, жоспарлау-экономикалық бөлім, тех. бөлімдері бар, ал заңгер мен директор орынбасары жеке болып келеді.
Кәсіпорынның мындай өндірстік-шаруашылық бөлімшелері бар:
- Астана қаласында:
- Орталық қойма
- Шаруашылық бөлімі
- Локомотв бригадаларының демалыс үйі (ЛБДҮ) Астана
- Құм кептіру шаруашылығы (ҚКШ) Астана
- Әкімшілік-шаруашылық цех (ӘШЦ) Астана
- Локомотивтеді техникалық күту пункті (ЛТКП) АстанаАтбасарда:
- ЛБДҮ Атбасар
- ҚКШ АтбасарЕсілде:
- ЛБДҮ ЕсілАрқалықта:
- ЛБДҮ Арқалық.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміздегі акционерлік қоғамдарының бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетің есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады.
Бухгалтерия жұмысын атқаруға лауазымдық міндеттер туралы Жарғыға сәйкес реттеледі. Филиалдада Бас бухгалтердің басқаруымен бухгалтерлік қызмет ұйымдастырылған.
Теміржол кәсіпорындарының басқа кәсіпорындардан негізгі айырмашылығы - тек теміржолдың көптеген салалары бойынша, яғни теміржол шаруашылығының барлық жағынан қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін жұмыстармен айналысуында. Сонымен қатар бухгалтерия бөлімінің құрылымдық күрделілігімен және бухгалтерлік есепті жүргізуде программа АБУ «Фаворит» жүйесін қолдануымен ерекшеленеді. «Фаворит» жүйесі тек теміржол көлігі кәсіпорындарында қолданылатын есепті барынша ыңғайлы және толық, қалыпты жүргізуге арналған автоматтандырылған жүйе.
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесі теміржол көлігінде төрт ірі бөлімге бөлінеді:
- Еңбек және еңбекақы есебі
- Тауарлы-материалдық қорлар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Қорытынды аналитикалық және синтетикалық есеп.
«Астана локомотив сервис орталығы» кәсіпорнының бухгалтерия бөлімінде 5 бухгалтер жұмыс істейді. Кәсіпорын бухгалтериясының құрылымы және лауазымдары бойынша атқаратын қызметтері (Қосымша №1) .
Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есептің негізгі 3 міндеті белгілі :
- Бухгалтерлік есеп шаруашылық процестер мен қаржылық нәтижелер туралы толық әрі сенімді ақпарат тұжырымдау үшін қажет, ал ол өз кезегінде операторлық басқару үшін керек. Сондай-ақ бұл ақпараттарды ішкі және сыртқы ақпараттық пайдаланушылар (кәсіпорынның ішкі қызметкерлері, менеджерлер, сонымен қатар сыртқы серіктестіктер, несие берушілер, инвесторлар, салық, қаржы органдары, өзге де мүдделі тұлғалар) пайдалана алады.
- Ақпаратты мүлікке және оның қозғалысына бақылау жасау үшін, тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ), еңбек және қаржы ресурстарын бекітілген норма мен сметаға сәйкес мақсаткерлікпен пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет.
- Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі теріс құбылыстардың дер кезінде алдын алуға, ішкі мүмкіндіктерді іздестіруге әрі топтастыруға қажет.
Ал кәсіпорынның бухгалтериядағы мамандар мен бас бухгалтердің міндеттері келесідей:
- Бухгалтерлік есептегі мүліктік, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың есебін жүргізуді орындау. Мысалы, компьютерлік техникаға байланысты негізгі құралдар есебі, тауарлы-материалдық қорлардың есебі, өнім өндіруге кеткен шығындар есебі, сонымен қатар жеткізушілер мен сатып алушылармен есеп айырысу, қызмет көрсетумен байланысты есеп айырысу және т. б операцияларды орындау.
- Қызмет көрсету бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау бақылау жасау және оларды есептілік айналымға дайындау.
- Кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, заңға сәйкес жұмысшылардың еңбекақысынан аударымдарды аудару.
- Кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және басқа да бухгалтерлік есептілікті пайдаланушыларды есептің сәйкес бағыттары (аймақтары) бойынша нақты әрі сенімді бухгалтерлік ақпараттармен қамтамасыз ету. Мұндай есептің сәйкес бағыттарына - материалдық есептілік, тауар қалдықтары, график, ай соңына және келесі айға кредиттік және шаруашылық келісімдердің есебі және т. б жатады.
- Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылау, оларды белгіленген ретпен топтастырып архивке жіберу.
- Ақша қаражаттарына және тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысу.
- Бухгалтерия бөлімінде бухгалтерлер белгілі бір бухгалтер болмаған жағдайда сол бухгалтердің атқаратын жұмысын жасауы тиіс. Сондықтан бухгалтерия бөлімі тұтас топ болып табылады.
Бас бухгалтерден өзге, есептеу бөлімінде 4 бухгалтер бар: жетекші бухгалтер, еңбекақы бойынша бухгалтер, кірістер бойынша бухгалтер және бухгалтер-материалист (1-қосымша) .
Бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыруды, қаржылық есептілікті жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер болып табылады (2-қосымша) .
Материалдар бойынша бухгалтердің міндеттеріне тауарлы-материалды құдылықтар бойынша есептеулер, кірісі мен шығысы есебі, қойма бойынша есептеулер, теміржол мамандарына берілетін арнайы киімнің есебі және материалдар бойынша өзге есепеулер кіреді.
Еңбекақы есебі бойынша бухгалтердің міндеттеріне еңбекақы есептеу және оны аудару, еңбек демалысы ақысын есептеу, еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша еңбекақы есептеу, еңбекақыдан ұстау мен шегерімдер ұстау, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік сақтандыруды есептеу және өзге міндеттер кіреді.
Кірістер бойынша бухгалтердің міндеттеріне субъектінің негізгі табыстары мен шығыстарының есебін есептеу, салықтар бойынша есептер жәе өзге де міндеттер кіреді.
Жетекші бухгалтер міндеттеріне өзге бухгалтерлердің қызметтері мен жұмыстарын бақылау, негізгі құралдар есебі және өзге де міндеттер кіреді. Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлу маңызды болып табылады.
Кәсіпорында бухгалтерлік есеп жеке дара бөлім ретінде бөлек жүргізіледі. Мүлік, шаруашылық есеп операциялары «Фаворит» Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп (АБЕ) компьютерлік бағдарламасы негізінде теңге және тиын есебінде жүргізіледі. Бұл бағдарлама 1997 жылы арнайы Теміржол саласы үшін Қарағандыда әзірленген.
Бухгалтерияның жағдайы Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, Қаржылық есептің халықаралық стандарттары, әдістемелік ұсыныстар мен Қоғамның Есеп Саясаты негізінде реттеледі.
Филиалдың барлық шаруашылық операциялары ақтаулы алғашқы құжаттар арқылы бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Шаруашылық операция фактілерін құжаттау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігінің № 185 23. 05. 2007 жылы қабылданған бастапқы құжаттар формалары және «Фаворит» бағдарламасында қолданатын құжаттар қолданылады.
Бухгалтерлік есеп регистрлері оның ішінде: шаруашылық операцияларды жүргізу ведомостары, активтердің, міндеттемелердің және меншікті капитал «Фаворит»бағдарламасының форматында қарастырылған және сол құжаттар негізінде серіктестіктің бухгалтерлік есебі жүргізіледі.
б) Кәсіпорынның есеп саясатымен танысу.
Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру - заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін көрсетіп береді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдалану-шылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтау-шылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел-статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
«Астана локомотив сервис орталығы» филиалында Бухгалтерлік есеп жеке дара бөлім ретінде «Есептеу бөлімінде» бөлек жүргізіледі. Бухгалтерияның жағдайы Есеп саясатымен реттеледі. «Астана локомотив сервис орталығы» филиалының Есеп саясаты «ЛСО» Акционерлік қоғамының Есеп саясаты болып табылады. Ал осы аталған Акционерлік қоғамның 15 филиалы бар. Оның ішінде біздің Астана филиалы да бар.
«Локомотив Сервис Орталығы» АҚ-ның Қазақстан бойынша мынадай филиалдары бар:
1) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Тобыл локомотив сервис орталығы» ;
2) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Көкшетау локомотив сервис орталығы»;
3«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Екібастұз локомотив сервис орталығы»;
4) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Астана локомотив сервис орталығы»;
5) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Қарағанды локомотив сервис орталығы»;
6) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Семей локомотив сервис орталығы»;
7) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Ақтоғай локомотив сервис орталығы»;
8) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Алматы локомотив сервис орталығы»;
9) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Шу локомотив сервис орталығы»;
10«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Арыс локомотив сервис орталығы»;
11) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Қазалы локомотив сервис орталығы»;
12) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Қандыағаш локомотив сервис орталығы»;
13) «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Атырау локомотив сервис орталығы»;
14«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының филиалы - «Маңғыстау локомотив сервис орталығы»;
15) «Мак-Экибастуз» ЖШС - жарғылық капиталында жүз пайыздық қатысу. Барлық филиалдардың өндірістік, қаржылық және тағы басқа шаруашылықтары мен атқаратын қызметтері «Локомотив сервис орталығы» АҚ-ның есеп саясатына негізделеді.
Есеп саясаты - бухгалтерлік есепті жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымның бухгалтер есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылдаған принциптері, негіздер, шарттар, ережелер мен практика.
Кәсіпорынның есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға дейін ресімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйрығымен ресімделуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Қазіргі жағдайларда бухгалтерлік есепті реттеу тек негізгі нормативті ұйғарыммен ғана атқарылады. Есеп жүргізудің жалпы ережелері орталықтанып, белгіленеді; оларды нақтылау мен орындау тетігі әрбір кәсіпорында жасалады және есеп саясатында көрсетіледі.
Осылайша бүгінде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есебінің дамуына кейбір кедергілер кездесіп отырған жоқ. Бірақ жинақталған тәжірибе мен дәстүрлі ескере отырып, оның кәсіпорындарда қалыптасуы мен дамуына объективті алғышарттар пісіп-жетілді.
«Локомотив сервис орталығы» Акционерлік қоғамының Есеп саясаты 2007 жылдың 28 қаңтарындағы № 234-III Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, Қаржылық есептіікті дайындау мен көрсетудің Концепциясы, Қаржылық есептің халықаралық стандарттары (бұдан әрі - ҚЕХС), оның ішінде қаржылық есептің халықаралық стандарттары - ҚЕХС (IFRS), Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары - БЕХС (IAS) және оған Интерпретациялар, сонымен қоса бухгалтерлік есепті реттеу бойынша уәкілетті орган әзірлеген ҚЕХС-ны қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде әзірленген. Қоғамның Есеп саясатының қағидалары барлық оның құрылымдық бөлімшелеріне және олардың еншілес ұйымдарына қатысты. Бұл есеп саясаты Қоғамның есебіне және есептілігіне 2008 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік.
Бухгалтерлік есептің жүру жолы:
- Алғашқы құжаттардың барлығы ведомстволардағы операциялардан, журнал ордерлер, тіркемелер және т. б. арқылы жиналады.
- Есеп жүйесіндегі жазулар жұмыс жоспарының шоттар классификациясымен сәйкес келуі және бас кітапта көрсетіледі.
Есеп саясаты мынадай қағидаларды қамтиды:
- Есептеу - қоғамның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
- Үздіксіздік - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуына немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.
- Түсініктілік принципі - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
- Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпараттар маңызды болуы керек.
- Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметтерді жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпараттарды пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
- Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ юолса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
- Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
- Сақтық., яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
- Толассыздық. Растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталмаған болуы тиіс.
- Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдердегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
- Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістері, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолдануы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуға тиіс, біз оларды негіздеуге тиіспіз.
- Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсіз және риясыз көзқарас туғызуы керек.
2. Қаражаттар және есептесу есебі.
а) Ағымдағы банктік және валюталық шот ашу тәртібі және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу есебі.
Ақша қаражаттары және оның эквиваленттері, есеп айырысу шотынан және қысқа мерзімді депозитерден құрайды.
Ақша қаражаты және оның эквиваленттеріне кіреді:
- ұллық валютадағы кассадағы ақша
- есеп айырысу шотындағы ұлттық валютадағы ақша
- валюталық шоттағы ақша
- депозиттегі ұлттық валютадағы ақша
- депозиттегі шетел валютасындағы ақша
- басқа ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
“Кассадағы қолма - қол ақша”, “Теңгедегі есеп айырысу шотындағы ақша”, “Валюталық шоттағы ақша қаражаты”, “Қаржылық инвестициялар”, “Жолдағы ақша қаражаты”, “Арнайы шоттағы ақша қаражаттары” баланстың “Ақша қаражаттары және оның эквиваленті” бөлімінде көрініс табады.
Үш жылға дейінгі депозиттер де жоғарыда айтылған бөлімде көрсетіледі.
Кесім шарттарға немесе басқа да заңды күштерге байланысты жұмсалады, шектелген ақша қаражаттары баланста бөлек көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz