Мектеп музейін ұйымдастыру және оның кейбір мәселелері



Кіріспе

Тәуелсіздікпен бірге келген тарихқа, тарихи-мәдени мұраларға жаңаша көзқарастар мүддесінен туындаған үрдістердің ғылым, білім мен ақпарат жүйелері сияқты т.б. әлеуметтік салалардың бағыт-бағдарлары, қызыметі мен мақсаты-орталық саясат кезеңдерінде жоғалтқан құндылықтарды қалпына келтіріп, ұлттық мәдени үстемдікке ие болуды қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыда музейлер қызметінің көтерер салмағы зор.
Музей қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық сана-сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін қазіргі заманға сай, ғылыми негізде жүйеленген мектеп музейлерін көптеп ұйымдастыру алдымызда тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Музейдің негізгі жұмысы-тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани - адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу.
Оларды туған елінің тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, өнерін үйренуге баулу.
Республика бойынша білім беру саласында барлығы 80055 мектеп бар. Олардың ішінде 1185 мектеп музейлері жұмыс істейді.
- 460 тарихи музей;
- 310 әскери даңқ музейі;
- 301 мемориалдық музей;
- 105 этнографиялық музей т.б.
Бұлардың ішінде үлгілі мектеп музейлері туралы айта кетуге болады. Мысалы: Арқалық қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп музейі, Алматы қаласындағы № 54 гимназияның әскери даңқ музейі, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қошанкөл ауылы Ғали Бегалиев атындағы орта мектептің тарихи-өлкетану музейі т.б.
Әдебиеттер тізімі

1. Кайназарова А.Б. Музейное дело в Казахстане. (1831-1925) //Автореф. Дисс. к.и.н. А., 19
2. ҚРОМА. 4 қор, 1 тізбе. 2815 іс. 17 парақ.
3. Жиренчин А.М. Из истории казахской книги. А., 1947.
4. Музееведение музей исторического профиля. М., 1988.
5. Тайман С.Т Қазақстан мұражай ісінің дамуы: тәжірибелері мен проблемалары. (1946-70) //Тарих ғ. к. д. А., 1999.
6. Зайырова М.Г. Школьный музей. А., 1982.
7. Александров Ю.Н. Экскурсионная работа и краеведение. Вопросы экскурсионной работы музеев. М., 1988.
8. Раимханова К. Тарихи өлкетану. А., 2004.
9. Ыбраи Н. Музейлік терминдер. А., 2005.
10. Ибраева А.Ғ. Қазақстанда музей жүйесінің қалыптасуы.(1920-1940) / т. ғ. к. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. А., 1988.
11. ҚРОМА. 81-қор, 1.тізбе, 826-іс, 5-парақ.
12. Қатран Д. Отандық музей ісінің кейбір мәселелері хақында. Қазақстанның қазіргі мәдени дамуының басым бағдарлары. /ҚР. Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы/.
13. Қалиев С., Аюбаев Қ.А., Ы. Алтынсаринның таңдамалы педагогикалық мұралары. А., 1999.
14. Өтемісұлы М. “Ереуіл атқа ер салмай”. А., 2002.
15. Инструкция по учету и хранению музейных ценностей, находящихся в государственных музеях СССР. М., 1984.
16. Музееведение. Проблемы использования и сохранности музейных ценностей. Сб. науч. трудов НИИ кульруры. №136. Составитель и науч ред. Лашкевич Л.В. М., 1985.
17. Қалиев С. Қазақ этнодедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А. 1998.
18. Инструкция по учету и хранению музейных ценностей музеев системы министерства культуры СССР. М., 1968.
19. Школьный музей: Теория и практика. М., 1983.
20. Музей школа: Пособие для учителя. М., 1985.
21. Музей и современнось. М., 1996.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тәуелсіздікпен бірге келген тарихқа, тарихи-мәдени мұраларға жаңаша
көзқарастар мүддесінен туындаған үрдістердің ғылым, білім мен ақпарат
жүйелері сияқты т.б. әлеуметтік салалардың бағыт-бағдарлары, қызыметі мен
мақсаты-орталық саясат кезеңдерінде жоғалтқан құндылықтарды қалпына
келтіріп, ұлттық мәдени үстемдікке ие болуды қалыптастыру болып табылады.
Осы тұрғыда музейлер қызметінің көтерер салмағы зор.
Музей қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени
және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас
ұрпақтарының ұлттық сана-сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды
отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін қазіргі заманға сай, ғылыми негізде
жүйеленген мектеп музейлерін көптеп ұйымдастыру алдымызда тұрған өзекті
мәселелердің бірі.
Музейдің негізгі жұмысы-тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді,
тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани - адамгершілік
және патриоттық рухта тәрбиелеу.
Оларды туған елінің тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, өнерін
үйренуге баулу.
Республика бойынша білім беру саласында барлығы 80055 мектеп бар.
Олардың ішінде 1185 мектеп музейлері жұмыс істейді.
- 460 тарихи музей;
- 310 әскери даңқ музейі;
- 301 мемориалдық музей;
- 105 этнографиялық музей т.б.
Бұлардың ішінде үлгілі мектеп музейлері туралы айта кетуге болады.
Мысалы: Арқалық қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп музейі,
Алматы қаласындағы № 54 гимназияның әскери даңқ музейі, Батыс Қазақстан
облысы Қазталов ауданы Қошанкөл ауылы Ғали Бегалиев атындағы орта мектептің
тарихи-өлкетану музейі т.б.

Мектеп музейін ұйымдастыру

Музей грек. museim – музаға арнаған орын, муза ғибадатханасы деген
сөздің мағынасын білдіреді. “Музалар”-деп гректерде өнер туындыларын
айтады.
Музей тарихи-ғылыми деректерді, көне заман ескерткіштерін, олардың
үлгі нұсқаларын, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды т.б. мұраларды
зерттеп жинақтаушы, сақтаушы, әрі бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе
отырып, солардың негізінде жастарға, жалпы қоғам мүшелеріне тәлім-тәрбие
беретін ғылыми, мәдени және рухани мекеме.
Музейлер өздерінің біріңғайлығымен мәдениеттің ерекше өрісін құрайды,
онда рухани құндылықтарды құрудың негізі болып, адам іс-әрекетінің заттық
нәтижелері мен табиғат объектілері қызымет атқарады.
Адамзат баласының қазіргі таңдағы тарихқа қызығушылығы артқан жағдайда
музей үлесіне үлкен міндет жүктеліп отыр.
Жас ұрпақ дүние сырларын ақтара қарап, бүгінгі күннің көкейтесті
сауалдарына жауап іздейді, қоғамның бұдан былайғы заңдарын түсінгісі
келеді. Таным дүниесіне зейін қойып қарасақ, музей өткен мен болашақты
жалғастырушы түйін болып табылады.
Өйткені, музей экспонаттары тарих негізі. Ол сонау ата -
бабаларымыздың жүріп өткен жолдарын айғақтайды. Олай болса, музейді тарихи
куәгер ретінде қарауымыз керек.
Сондықтан да, бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасында музейі жоқ елді
кездестіру мүмкін емес. Бұл кез-келген халықтардың өзінің тарихы мен
мәдениетіне деген көзқарасына немқұралықпен қарамай, болашақты өткен
ғасырдың рухани жетістіктерімен ұштастыра отырып құруға деген ұмтылыс
жігерінің белгісі.
Дегенмен, қай жерде қандай музей болмасын, олар өзінің алдына қойған
басты міндетін музей қорындағы жинастырған экспонаттар негізінде халыққа
мәдени-білім беру қызыметін көрсету арқылы жүзеге асырады.
Осы мақсатта музейлер өз қорларын түрлі экспонаттармен толықтырып,
экспозиция бөлімдерін әсем безендіріп қана қоймай, олардың қарапайым
көрермен үшін түсінікті болуын, кез келген экспонаттың тарихын, оның мәні
мен мағынасын түсіндіруді қамтамасыз етуге тиіс.
Себебі: музейді көріп тамашалауға келген көрермендердің барлығы бірдей
оның құрылу тарихын, көрме бөлімдерінде орналасқан экспонаттардың музей
қорына түсу жолдарын, оларды эстетикалық талғаммен, қазіргі заманға сай
жүйелі орналастыру және көрермен назарына шебер ұсына білудегі музей
қызыметкерлерінің өнері мен қажырлы еңбектері жайлы хабардар бола
білмейтіні де шындық.
Сондықтан да, мәдени ошақтардың бірі болып саналатын музейлердің
құрылыу мен даму тарихын, мәдени-білім беру қызыметін жан-жақты зерттей
отырып, олардың нәтижелерімен көпшілік көрермендерді таныстырып отыру
қажет.
Музей білімнің, ғылымның, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін
ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың
қалыптасуына да ықпал етеді.
Білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін музейлер де басқа музейлердей
ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру мекемелері болып табылады. Ол өткен
дәуірдің келер ұрпақтарға қызықты болатын материалдар мен мәдени, рухани,
бағалы мұраларды жинастырып, тарихи-ғылыми, көркем дүниелер негізінде
жастарды тәрбиелеуде кең жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Мектеп музейлері
көпшіліктің бастамасы бойынша ұйымдастырылады және жұмыс істейді. Музей
құру мен оның жұмыстарына қатысулары арқылы оқушылар зерттеу жұмыстарының
жаңа қырларын танып, біліп шығармашылық қабілеттері оянып қалыптасады.
Музей құруды ұйымдастырмас бұрын, жауапкершілік жүктелетін жетекші
маманды тағайындап алу керек. Кез-келген музей құрылмас бұрын өз ісін
ұйымдастыру жұмыстарынан бастайды. Музей құру және ұйымдастыру жұмыстарының
басты мақсаты құрылатын орынды дұрыс таңдау. Мысалы: бөлменің кеңдігі,
жарықтың түсуі, ауласының ылғалдығының бірқалыпта болуы т.б. Егер бұл
айтылған жағдайлар сақталмаса музей экспонаттары бірнеше жылдан кейін
бүлініп, жоғалады.
Мектеп музейін ұйымдастыру барысында жетекші мұғалім алдымен оқушылар
арасынан “Еңбек тобын” құрады. Оған әр сыныптың оқушылары қатыстырылады. Әр
қайсысына белгіленген жоспар бойынша тапсырма беріліп, ұйымдастырылу
жұмыстары жүргізіледі.
Ал, “Еңбек тобының” құрамында жоқ оқушылар да бұл жұмысқа араласып,
экспонаттар жинау, оны кітапқа тіркеу, нөмірлеу, анықтама жазу, терминдер
жазу, іріктеу, экспозицияға қойылатын экспонатқа этикетка жазу т.б.
жұмыстар жүргізеді.
Мұғалімдердің жетекшілігімен музей кеңесі экспозициялық жоспар құрып,
тақырыптарын айқындап, керекті экспонаттардың тізімін жасап, оларды
іздестіру жолдарына ұсыныстар беріп, осы мақсатқа байланысты
консультациялар ұйымдастырылады. Әрбір сыныпқа тапсырмалар дайындап
мезгілін белгілеу керек.
Экспонаттарды (музей заттарын) жинастыру жолдары әрқалай болуы мүмкін.
Олардың негізгілері тақырыптар арқылы таңдалып, музей материалдардан жинай
отырып, оқу барысында жүйелік тапсырмалар арқылы, экспедиция кезіндегі
сапарларда, экскурсияда, мекемелермен, ұйымдармен кездесулерде және жеке
тұлғалармен хат алысу жолдары арқылы келісіп жұмыс жасау т.б.
Оқушыларға іздеп, жинақтау жұмыстары барысында төменгі талаптарды
ескеру керек:
1. Оқушыларға жүктелген тапсырма нақты да, қызықты болуы тиіс;
2. Ұжым оқушыларына, мұғалімдерге тексеріп айқындай алмайтындай
тапсырмалар берілмеуі керек;
3. Оқушылардың күші мен мүмкіндіктерін ескеру керек;
4. Оқушылар тапсырмаларға сай экспонаттарды жинай отырып,
іздестірілген нақты істердің іске асырылуын қадағалау керек;
5. Көрмелер, экспозициялар ұйымдастыруда, кештерде, кездесулерде пікір
алысып отыру керек;
6. Оқушылар ең бастысы экспонаттар жинағанда нені жинайтынын, қалай
жинайтынын білулері керек;
7. Оларға экспонаттарды жинау әдістерін оқып-үйренетін, тақырыптары
қаралған әдебиеттерді оқуға ұсыныстар жасалуы қажет және қосымша
әдебиеттермен жұмыс істеуді үйретіп, анықтамаларды, құжаттарды мұрағаттық
архивтік құжаттарды пайдалануды үйрету керек;
Оқушыларға мектептегі, аудандағы кітапханалардан қандай материалдарды
іздестіру қажет екенін жергілікті музейге, ауылдың байырғы тұрғындарына
жолығып, керекті материалдар жайында мағұлымат жинау, нақты өтініштер
арқылы мектепке, музейге осы тарихи оқиғаларды іздестіру арқылы басқа
қалалардағы осы тақырыпта ізденушілермен хабарласуды ұсыну керек.
Оқушылармен әңгімелер өткізіп, жиналған материалдарды құжаттандыру,
естеліктерді, әңгімелерді қалай дұрыс жазып алу, ескерткіш мүлікті қалай
құжаттандыру керек екенін нақты тәжірибеде көрсетіп айту керек.
Материалдарды жинауға қатысушыларға мыналарды дайындау керек:
а жиналған материалдардың мазмұны жайында анықтамалық сұрақтар;
ә жинауға тиіс материалдардың естелік тізбесі;
б әдіскерлік кеңестер;
Материалдарды жинауға қатты мұқабалы папкалар, құжаттар мен фото
суреттер салатын конверттер, пакеттер, келіп түскен хабарламаларды
айғақтарды жазатын дәптерлер болуы қажет.
Музей ұйымдастыру түрлеріне: экспозициялар, көрмелер, тақырыпты
дәрістер, ғылыми практикалық конференциялар өткізу, музейлік басылымдар
шығару, музей экспозициясы туралы зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелеріне
тарату т.б. жұмыстар да жатады.
Мысалы: Қазақстандық музейлерде кейінгі жылдары 20 мыңнан астам
көрмелер мен дәрістер өткізілді, басылымдар шығарылды.
Музей құрған кезде барынша экспонат арқылы көрсету керек. Тамаша
ұйымдастырылған музей экспозициялары арқылы бүгінгі жас ұрпақ өз елінің
өткен тарихын білуге, туған жерінің табиғатын аялауға, Отанын сүюге т.б.
жақсы әдеттерді бойына қалыптастырады.
Оқушылардың еңсесі көтеріліп, еңбекке құлшынысы артады. Музей өзінің
мақсаты мен міндетіне байланысты кез-келген мемлекеттің және оны
мекендеген халықтардың рухани дамуына ерекше рөл атқаратыны белгілі.
Музейлер жалпы материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін
жинастырып, зерттеп солардың жиынтығы негізінде алдына қойған міндеттерін
жүзеге асырады.
Онда сақталған ескерткіштер белгілі бір ғылым саласында зерттеу
жұмыстарын жүргізуге, ол жүйелі әрі шебер орындалған күйде адамның ой-өрісі
мен өмірлік көзқарасының, өткенге деген сый құрметінің қалыптасуына тигізер
әсері сөзсіз. Сондықтан да, музейлердің басқа да мәдени-білім беру қызметі,
тәрбиелік және ғылыми мекемелер қатарында алатын өзіндік орны ерекше.
Музей экспонаты, көрермендердің тарих, мәдениет және табиғат
ескерткіштеріне, жалпы адам еңбегіне деген өзіндік көзқарасы мен сый
құрметін қалыптастыра отырып, олардың қоғамдық маңыздылығын, эстетикалық
құндылығын, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде алатын орнын ерекше көрсетеді.
Музей өз қызыметін көрермен мен және басқа мәдени-білім беру
мекемелері қызметімен тығыз байланыстырады.
Бұл оның ғылыми және көпшілікпен қызыметінің түрлері мен әдістерін
анықтауға көмектеседі.
Осы мақсатта музей өз қызметінде мына төмендегідей міндеттерді жүзеге
асырады.
1. Музей табиғат пен қоғам дамуы заңдылықтарын, құбылыстарын сол кезеңге
тиісті шынайы бұйымдар арқылы көрсетеді, құжаттайды және
насихаттайды.(құжаттандыру, көрсету, насихаттау міндеті).
Құжаттандыру дегеніміз – өзінің бейіні мен музейлер жүйесіндегі орнына
сәйкес тарихи, әлеуметтік және табиғи процесстер мен құбылыстарды музейлік
заттар көмегімен музей жинағында мақсатты бейнелеудегі музейдің әлеуметтік
міндеттерінің бір түрі.
Насихаттау дегеніміз – музей қызыметін, оның жұмыстағы ғылыми,
техникалық, көркемдік ерекшеліктерін дәріптейтін таралымдарды, музейлік
құралдардың әдістері мен тәсілдерін БАҚ, радио, теледидар арқылы көпшілікке
таныстыру.
2. Музей әлемдік және ұлттық мәдениет қоры үшін табиғат, тарих пен
мәдениет ескерткіштерін қорғау жұмыстарымен айналысыды. (яғни
ескерткіштерді қорғау міндеті). Ескерткіш – құндылық ретінде есептелінетін,
өз заманының мәдениеті мен тарихын немесе табиғат объектісін бейнелейтін
адам әрекетінің заттық нәтижесі.
Ескерткіш статусы – оның ғылыми, көркемдік, тарихи және мемориалдық
маңызын анықтау кезінде айқындалады. Мыс: “Таңбалы тас” (петроглифтер).
Алматы қаласынан 160 км жерде. Немесе, Ескерткіш (монумент) – адамды немесе
оқиғаны мәңгі есте сақтау үшін арнайы жасалған мүсіндік немесе монументалды
өнер туындысы. Мыс: Алматы қ. Республика алаңындағы “Тәуелсіздік монументі”
мен Астана қ. “Бәйтерек” монументі.
3. Музей алдына қойған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында өзіне тән
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. (яғни ғылыми зерттеу міндеті). Ғылыми
зерттеу жұмысы – ғылыми – зерттеу мекемесі ретінде музейдің міндетін
айғақтайтын музей жұмысының бағыты. Музей жинағын зерделеу негізінде жаңа
мағұлыматтар алынады.
4. Музей қоғам мүшелерін, жас ұрпақтарды өткенге құрметпен, болашаққа
үмітпен қарауға тәрбиелеуге өзіндік үлесін қосады. (яғни мәдени-тәрбиелік
міндеті).
Музейге қойылып отырған бұл міндеттер оның жекеленген жұмыстарының
түрлеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: мектеп музейлері осы айтылған
міндеттерді өз деңгейіне сәйкестендіріп жүзеге асыруы тиіс. Жалпы әр
кезеңде музейдің мәдени-білім беру қызметі, тәрбиелік, ғылыми зерттеушілік,
жинақтау, сақтау және қорғау жұмыстарын зерттеу, оған шолу жасау арқылы
тиісті баға беріп отыру, музей ісінің өркендеп дамуына, оның мамандарының
кәсіпқойлығының артуына тигізер үлесі мен көмегі зор деп айтуға болады.
Алғаш музейлердің ұйымдастырылуына тоқтала кетелік. Өйткені, өткенге
оралмай, қазіргіден бастау мүмкін емес.
Қазан қарулы көтерілісі жеңіспен аяқталған соң, кеңес өкіметі елдегі
табиғат пен мәдениет ескерткіштерін есепке алу және қорғау жұмыстарын қолға
ала бастады.
Көнеден мұра болып келе жатқан адамзат қолөнері туындылары мен табиғат
ескерткіштерін жаңа тапсыз, жұмысшылар мен шаруалар өкіметі ерекшеліктерін
насихаттауға, қарапайым еңбекші халықтың мәдениеті мен білімін арттыруға
және ғылым мақсаттарында пайдалану үшін музейлерге жинастыру маңызды
мемлекеттік іс ретінде қарастырылды.
Осыған орай, халық ағарту комисариаты жанынан құрылған музей ісі мен
көне ескерткіштерді, өнер туындыларын қорғау жұмыстарымен айналысатын Бүкіл
ресейлік алқа музейлер және олардың жаңа өмір талаптарына сай қызметін
ұйымдастыру жұмыстарына кірісті. Аталған алқаның ұсынуымен Кеңес өкіметі
елдегі көне ескерткіштер мен өнер туындыларын және басқа да музейлік құны
бар бұйымдарды мемлекет меншігіне айналдыра бастады.
Осы шаралардың нәтижесінде жинастырылған бұйымдар мемлекет меншігі,
халық қазынасы ретінде танылып, орталық және жергілікті жерлердегі
музейлердің қор заттарын толықтыра түсті.
1918 жылы Халық ағарту комисариаты орталық және жергілікті жерлердегі
музейлерге “Музейлер география мен этнографияны, тарих пен археологияны,
геология мен микрологияны, өлкенің флорасы мен фаунасын бейнелейтін, бір
сөзбен айтқанда музей экспонаттары көрмеге туған өлкенің табиғаты мен өмірі
жайында толық мағұлымат бере алатын жағдайда болуы қажет.”
Ол тек жергілікті материалдармен ғана шектеліп қоймай, мүмкіндігінше
басқа деректер мен экспонаттар жинастыруды ұмытпау керек. Осылардың
жиынтығы негізінде табиғат пен өмір заңдылықтарын зерттеуге жол ашылады.
1919 жылы болған ВКП (б) VIII съезінде қабылданған бағдарламада “Бұрын
тек қанаушы тап игілігіне қызымет етіп келген барлық өнер қазыналарына
қарапайым еңбекшілердің қолын жеткізе отырып, олар ендігі жерде тек халық
игілігіне қызымет жасау қажет”-деп көрсетті.
Бағдарламадағы көрсетілген бұл нұсқауларды жүзеге асыру музей
экспозицияларын толығымен қайта құруды және олардың мәдени-ағартушылық
жұмыстарын жаңа өмір талаптарына сай етуді қажет етті.
Көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғау және оларға қарапайым
еңбекшілердің қолын жеткізу жұмысы барысында Кеңес өкіметі тиісті
нормативтік актілер шығарумен қатар халық ағарту коммисариаты арқылы
еңбекшілерді елдегі музей құрлысына араласу мақсатында насихат жұмыстарын
да жүргізді. Осыған орай, халық ағарту коммисариаты жанындағы музей бөлімі,
еңбекшілерді көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғауға, жинастыруға
шақырған арнайы үндеулер жариялады. 1919 жылы Петроград (қазіргі Санкт –
Петербург) қаласында елдегі музей құру мәселелерін қарастырған бірінші
бүкіл ресейлік конференция болып өтті.
Конференция музей құру жұмысының негізгі мәселелерін орталыққа және
жергілікті жерлерде музей жүйесін қалыптастыру, музей жұмысын басқаруды бір
орталықтандыруды қарап, музейдің ғылыми және мәдени ағартушылық
жұмыстарының басты бағыттарын белгілеп берді.
Халық ағарту саласының комиссары А.Луначарский конференцияда сөйлеген
сөзінде: “Ең маңыздысы музей қорының заттарының көптігінде емес, оларды
көрермендерге жүйелі түрде ұсына білуде.
Музей азаматтың естелік кітабы, сондықтан да көрмелерге шебер қойылған
экспонаттар кез-келген көрерменнің санасын оятып, өрісін кеңейтуге
көмектесе білуі тиіс”,- деп көрсетті.
Конференция музейлер алдына экспозиция мен көрмелерді қазіргі мақсатқа
сай етіп, қайта құруды экспозициялық жұмыстардың саны мен сапасын
көрсетуді, көрермендер үшін нақты музей экспонаттары жайында арнайы
түсініктемелер беруді, түрлі тақырыптарда лекциялар оқуды міндеттеді. Кеңес
музейлерінде өткізілетін экскурсиялық жұмыстарға 1919 жылы Петроградта
болған мектептен тыс білім берушілердің бірінші бүкіл Ресейлік съезінде
ерекше көңіл бөлінді.
Съезде музей ісінің белгілі маманы професор Н.А. Гейник мектептен тыс
жұмыста жүргізілетін экскурсияларды және оның музей қызыметіндегі
маңыздылығын ашып: “Эстетикалық экскурсияның басты мақсаты – көрермендерді
музейдегі өнер туындыларын көріп, түсіне білуге тәрбиелеуде”, - деп
көрсетті.
Яғни, музей ісіне назар аудару сол замандардан бастап қолға алынған
мәселелердің бірі болды. Ал, тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда тарихи, рухани
құндылықтарға жаңаша қөзқараспен қарау қажеттілігін заман талабы тудырып
отыр.
Тәуелсіздікпен бірге келген тарихқа, тарихи-мәдени мұраларға деген
жаңаша көзқарастар мүддесінен туындаған үрдістердің ғылым, білім мен
ақпарат жүйелері сияқты т.б. әлеуметтік салалардың бағыт-бағдарлары,
қызметі мен мақсаты-орталық саясат кезеңдерінде жоғалтқан құндылықтарды
қалпына келтіріп, ұлттық мәдени үстемдікке ие болуды қалыптастыру болып
табылады. Осы тұрғыда, музейлер қызыметінің көтерер салмағы зор.
Музей қоғам мүшелеріне, жас ұрпақтарға тәлім-тәрбие беретін ғылыми-
мәдени және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас
ұрпақтарының ұлттық сана-сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды
отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін, қазіргі заманға сай, ғылыми негізде
жүйеленген мектеп музейлерін көптеп ұйымдастыру алдымызда тұрған өзекті
мәселелердің бірі.
Сондай-ақ музей тақырыбының бағыттары өз мақсаттары мен міндеттерін
шеше алатындай болуы керек.
Ол бағыттар мыналар:
- өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата-бабаларымыздың жасап кеткен шын
мәдени қазына байлықтарының үлгілеріне қанықтырып, жеке адамның да, бүкіл
қоғамның да рухани жетілуіне ықпал жасау;
- оқушыларды танымдық құштарлыққа жұмылдырып, қалыпты өсіп-
өркендеуіне, тарихи бейнелерді танып білуіне, музей заттарын, өткен
замандардан келе жатқан шынайы мұралар негізінде бағалау, қастерлеу
бағытында тәрбиелей отырып, олардың тарихи білімдерін қалыптастыру;
- мектеп музейі өзінің мәдени-білім беру қызыметінде,
Республикалық педагогика музейіне, жоғары оқу орындары мен училищелерге,
басқа да ағарту мекемелеріне сүйенеді. Ал, мұның өзі оқушылардың білімін
тереңдете түсуіне, ізденгіштікке, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге
талпындырады;
- музей қоғам дамуының осы замандағы көкейтесті мүдделерін
көрсете отырып, оларды шешудегі мектеп пен мұғалімдердің рөлін
баяндайды.
- мектепте білім, тәрбие беру бағытында, музей жұмыстарын
ұйымдастыруға, әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсету;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы музей жұмыстарын насихаттау
және басқа да мектеп музейлерімен тәжірибе алмасу мақсатында байланыс
жасауды ұйымдастыру;
- музей қорын толықтырып, жаңартып отыру; Ал, музей ісінің
негізгі бағыттары – музейлік мұраларды жинау, есепке алу, сақтау, қорларды
жүйелендіру, бүлінген заттарды қайта қалпына келтіру (рестоврациялау),
бүлінуден алдын-ала қорғау (консервациялау), зерттеу, нәтижелерін ақпарат
жүйелеріне тарату, музейдің кадырлық жүйесін жетілдіру.
Музей негізгі бағыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді. Яғни музей
бейіні (профилі) – нақты ғылыммен, техникамен, өндіріспен, сонымен қатар
оларға қатысты салалар мен нысандармен, әртүрлі өнер мен мәдениет
түрлерімен байланысты қалыптасқан музейдің маманданған жинағы мен қызыметі.
Музейлер негізгі профилі жағынан төмендегідей топтарға бөлінеді:
- тарихи музейлер (жалпы тарих, археология, антропология) ;
- этнографиялық (Қазақстанда тұратын халықтардың салт - дәстүрі мен
тұрмысына арналған);
- көркемөнер музейлері (көркемөнер, мүсін, қолөнер қолданбалы өнер
театр,музыка, кино т.б.);
- жаратылыстану музейлері (биология, зология, геология, минералдық,
палеонтология т.б.)
- техникалық муейлер (авияция, автокөлік, кеме жасау, таукен ісі,
өнеркәсіп, өндіріс өнімдері т.б.);
- кешенді музейлер (тарих, шаруашылық, жаратылыстану т.б.
бағыттарда бірігіп, жұмыс істейтін кең порфильді өлке тану
музейлері);
- мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке, ғылымға еңбегі
сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызыметіне арналған музейлер). Бұл
музейлер әр қайсысы осы аталған бағыттарда жұмыс істейді. Мысалы:
Республикалық педагогика музейі, оқу ағарту ісі саласында жұмыс (музей
профильдері деп осыларды айтады).
Кез – келген музейдің белгіленген жұмыс жоспары болады.
Оның ішінде әр бөлімнің жұмыс жоспары т.т. Мысалы: жылдық жұмыс жоспары
мынандай бағыттарда белгіленеді. Кесте арқылы жасағанда:
- №
- тақырыбы;
- мазмұны;
- мерзімі;
- орындаушылар;
Мынандай бөлімдерге бөліп, жоспарланады.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- экспозициялық көрме жұмыстары;
- жинақтау жұмыстары, экспедиция, іссапарлар;
- қор жұмыстары (қор заттарын тазалау, далаға жайып, кептіру т.б.).
Сондай-ақ тақырыптық-экспозициялық жоспар да таблица арқылы жасалады.

“БЕКІТЕМІН”
мектеп директоры
-----------------------

ТАҚЫРЫПТЫҚ –ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ ЖОСПАР

№ Тақырып, Экпозиция лық Сипаты, Дерек Сақтау Ескерту
тақырыпша материалдар көлемі орны,
шифры





II тарау
Музей экспозициясы

Экспозиция ( лат. exposition ) – көруге, шолуға арнайы қойылған заттар
жиынтығы. Экспозиция – музейдің халыққа қызмет көрсету жұмыстарының басты
әдісі және ол тұрақты көрмелік қойылым.
Музей экспонаттарының белгілі жүйемен орналастыру тәртібі, дайындалған
қойылым – экспозиция жұмысының негізгі міндеті.
Музей экспонаттары экспозициялық кешенді түрде жинақталып, ғылыми
қосалқы материалдармен жабдықталады.
Мәтіннің текстің мазмұнына қарай өте зор комуникативтік және сыртқы
ақпараттық хабарға бай болады. Музей коллекциялары неғұрлым бай болса,
экскурсия тақырыбы да терең, кеңінен ашылады.
Музей экспозициясының байлығы ондағы экспонаттардың көптігінде емес,
оның тарихи құндылығымен және сиректілігімен бағаланады. Музей
экспозициясын бай етіп көрсету керек деп, жыпырлатып, не болса соны тізе
беруге болмайды. Көрермендер одан жалығып, шаршап кетеді және көргендерін
көңілге тоқи алмай қалады.
Музей экспозициясы, келушілерге әсер алатындай болуы керек. Экспозиция
әсері дегеніміз - белгілі бір құбылысқа немесе оқиғаға арналған
экспозицияның музейге келушілерге айрықша әсер етіп, пайымдануын байытуға
бағытталған нәтижесі. Экспозиция тақырыбын неғұрлым толығырақ ашып,
қарағанда көз тартатындай етіп, ғылыми тұрғыда, жүйелі орналастырылған
экспонаттар қойылуы керек.
Музей экспозициясы – құжаттар мен экспонаттарды белгілі жүйеде көрсету
арқылы жүзеге асады. Кітаптың түрлі тараулар мен бөлімдерге бөлінетініндей,
экспозицияның да бірінен екіншісіне ауыса отырып, тарихи (кезеңдерге,
дәуірлерге, ғасырларға, жылдарға) хронологиялық ретін сақтау арқылы
құрылуы тиіс.
Музей ісінің негізгі ұғымдары: музей экспонаты, музей ісі. Музей
ісінің, қызыметінің негізгі бағыттары - экспозициялық, көрмелік, қорлық
(фондық), мәдени-білім беру қызыметі екені мәлім.
Осылардың бәрінің негізі - музей экспонаттарына келіп тіреледі. Музей
өзінің әлеуметтік қызыметін экспонатты жинау, сақтау, зерттеу және қолдану
арқылы жүзеге асырады. Мысалы: кез-келген бір затты жасауда да, қолдануда
да, оның функционалдық мәні болады. Ал, музей әлеуметтік институт ретінде
қоғамдағы өзгерістерді, олардың тарихилығын тереңдетеді. Әрбір экспонаттың
қоғамдық мәнін, музейлік құндылығын көрсетеді. XVII – ғасырда орыс ғалымы,
И.Д Майор музей экспонаттарына “шынайы, ақиқат дерек беретін, ұзақ уақыт
сақталатын” экспонаттарды жатқызды.
Кейіннен музей экспонатының сипаттамасында оның сиректігі аталды.
XIX ғасырда ғалымдар музейдегі экспонаттарды “әртүрлі ғылыми саланың
зерттеу көзі” деп қарастырды. Әсіресе өнертану саласындағы, тарихи кезеңдер
мен табиғи байлықты көрсететін музей экспонаты өте маңызды орынға ие болды.
Осыдан барып “коллекциялық экспонат” ұғымы пайда болды.
Музей экспонаты (музей заты) ол нағыз түпнұсқа экспонат, яғни
білімдердің алғашқы жүйесі. Әрине, оны экспонаттық дәлел ретінде
мамандардың көмегімен ғылыми тұрғыдан бағалаған жөн.
Музей экспонаттарының семантикалық (мәндік), аксиологиялық
(бағалылық), коммуникативтік (хабарламалық), аспектілері бар және де
олардың аттрактивтік (көңіл аудару, назарды күшейту), экспрессивтік
(толқыту, көңілде әсер қалдыру қасиеті), репрезентативтік (ұқсас
экспонаттардың артықшылығын анықтай білу) қасиеті бар.
Музей экспонаттары тек дерек қана емес, мәдени-тарихи ескерткіш
ретінде бағалылығы зор, қоғам мен мемлекеттің, сол мекеменің байлығы болып
саналады (музей экспонаты қазірше музей заты деп айтылып жүр, әзірше
аудармасын термин КОМ бекіткен жоқ).
Музей экспонаты-нақты өмірден алынған, музейге қоюға құндылығы бар,
музей қорына тіркелген, ұзақ сақталуға бейім зат.
Ол әлеуметтік, тарихи, қоғамдық өмірдің дерегі ретінде, ұлттық
құндылықтың бөлігі ретінде қарастырылады. Музей экспонаты бүкіл музейдің
қызметін, оның бағыттарын, жоспарын жүзеге асырады.
Ал, экспозиция өз жұмысын музейлік бұйым көрсету арқылы жүзеге
асырады. Музейлік бұйым дегеніміз - музей қорындағы белгілі бір тарихи
кезеңге байланысты, тиісті шынайы өмірден алынған, ұзақ мерзім сақталатын,
музейлік құны бар, ұлттық байлықты құрайтын, музей міндеттерін жүзеге
асыруда қолданылатын зат. Ол, экспозиция құруға қолданылатын экспонат.
Экспонат (лат. exponatus) – қойылып көрсетілетін, көруге, көзбен
шолуға арналған зат. Экспонат – музей коммуникациясының негізін құраушы,
зкспозицияның қарапайым құрамалық бірлігі болатын, көру үшін қойылатын
музейлік зат.
Музей экспозициясы онда қойылған экспонаттың музейлік құндылығымен
бағаланады.
Музей құндылығы дегеніміз – музейде пайдаланудағы заттың маңыздылығы.
Музей құндылығы – оның ғылыми, көркемдік, тарихи және мемориалдық
бағалылығымен анықталады.
Мысалы: Қазақстанның Мемлекеттік Орталық музейінде орналасқан
экспозицияда, Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлының жұбайы Фатима
ханымның киімдері тұр.
Бұл киімдер туралы музей архивіндегі құжатта былай деп жазылған:
“Қырғыз – Қайсақ Ордасының соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлының жұбайы ханша
Фатиманың ақ парша көйлегі мен алтын жіппен зерленген бешпетін Фатиманың
немересі Гүлсім Шейх-Әли өткізген. Ол сыртқы істер комиссиясының тілмәші
А.И. Тевкелевтің қызы. Бұл киімдерді А.И Тевкелевтің жұбайы Злиха сақтаған
және оны қызы Гүлсімге берген. Гүлсім бұл киімдерді 1923 жылы 20 маусымда
Орынбор музейіне өткізген”.
Айта кететін бір жағдай: 1930 жылы Әбілхайыр хан (кіші жүздің ханы)
жіберген бір топ елші Уфа арқылы Перергурге патша әйел Анна Иоановнаға
қазақ халқын бодандыққа, қамқорлыққа алу туралы келісім хат апарғанда
тілмәш болып барған осы А.И Тевкелев.
Жәңгір ханның төрт әйелі болған: Бірінші әйелінің есімі - Жүзім. Арғын
Мүсіреп бидің қызы. Мүсіреп – кіші Арғынның Қараман атасынан шыққан
Бөгенбай батыр Қожекеұлының немересі.
Екінші әйелінің есімі – Фатима Тоташ. Орынбор муфтиі, аса зиялылығымен
аты жайылған Мұхаметжан Құсайыновтың қызы.
Ұлты татар. Фатима орыс, қазақ, ағылшын, француз тілдерінде еркін
сөйлейтін, фортепианода шебер ойнайтын әйел болған.
Үшінші әйелінің есімі – Айсұлу. Жастай қайтыс болған. Руы, әке-
шешесінің есімі әзірше белгісіз. Төртінші әйелінің есімі – Зылиха.
Есауыл Қарауылқожа Бабажанұлының қызы. Осындай тарихи құндылығы мол
музей затымен (экспонатымен) жетік зерттеу арқылы көрермендерді таныстыру
музей қызыметкерлерінің басты міндеті.
Музей өзінің ғылыми-құжаттық және қорғау міндетін орындай отырып,
мәдени-білім беру қызметінің жүзеге асыруын бейнелейтін экспозициялар мен
көрмелер ұйымдастырады. Музейдің халыққа қызымет көрсету жұмысының басты
әдісі болып отырған экспозиция, өзінің мәдени-білім беру қызметін және
тәрбиелік міндеттерін, музейлік бұйымдарды көрсету және оларға арнайы
түсініктер беру арқылы жүзеге асырады.
Музей экспозициялары мен онда жұмыс істеп тұрған көрмелер
бөлімдерімен танысуға келген көрермендерді, көрсетіліп отырған бұйымдар
жайында жан-жақты хабар ету қажет.
Осыған орай кез-келген экспозиция өзінің мақсаты мен міндетіне
байланысты мына талаптарды ескеру керек:
- көрермендерді белгілі бір оқиға жайында хабардар етіп және соның
негізінде, оның ішкі дүниесіне әсер бере алатын жекелеген музейлік бұйым
көрсетуге;
- экспозициялар музей мамандарының терең ғылыми-зерттеу жұмыстары
нәтижелері негізінде құрылуға тиіс;
- шынайы музейлік бұйымдардың мәнін жан-жақты көрсету және оны
көрермендерге түсінікті ету мақсатында қосымша ғылыми көмекші
құралдарды пайдалануға тиіс: (схема, карта, фотосуреттер, суреттер,
планшеттер т.б.).
Музей экспозициялары мақсаты мен қажеттігіне қарай үнемі және көрмелер
ретінде уақытша да болады. Оның ішінде экспозиция үнемі тұрақты, көрмелер
уақытша, 2-3 ай, (одан көп те болуы мүмкін).

Музей көрмесі дегеніміз – маңызды тақырыптарға арналған музей
материалдарынан құралған уақытша экспозиция. Көрме – уақытша не музей
затының (экспонатының) құрамы әрдайым ауысып тұратын сипаттағы сауданың,
өндірістің көркемөнердің, музейдің немесе кез келген басқа мекеменің
уақытша экспозициясы.
Көрмелер белгілі бір уаққыттың көкейтесті мәселелеріне мысалы: маңызды
саяси оқиғаларға, мерей тойларға, (наурыз мерекесі, 9 мамыр жеңіс күні,
белгілі адамдардың даталы күндері, желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік күні
т.б.). Бұдан басқа да, соғыс, еңбек ардагерлерімен, зейнеткерлермен,
мүгедектермен кездесу өткізіп, осыларға арнап уақытша көрмелер
ұйымдастырылады. Оқушыларға одан алған әсерлерін әңгімелеп беруге,
жазғызуға әдеттендіріп, үйрету керек.
Көрме ұйымдастыру дегеніміз – музей көрмесін құру мен өткізуге
байланысты шаралар кешені. Көрмені әзірлеу үшін жұмысшы тобы құрылып, оған
экспозиционерлер мен суретші, т.б. мамандар кіреді, дайындық пен құру
мерзімдері белгіленеді. Жұмыс кестесі мен шығын есебі жасалады. Тақырыптық,
тақырыптық – экспозициялық жоспар бекітіліп, этикетаждар дайындалады.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы қол жеткізген жетістіктерге т.б.
оқиғаларға арнап ұйымдастырылатын көрмелер қажеттігінше бір жерде тұрақты
немесе жылжымалы (сол мекемеге апарып уақытша көрме ұйымдастыру және оны
бірнеше жерде көрсету) түрде көрсетуге болады. Яғни, көрме – тұрақты
(стационарлық) және жылжымалы болады.
Жылжымалы көрме дегеніміз – басқа музейлерде, кәсіпорындарда,
мектептерде, клубтарда және т.б. жерлерде көрсету үшін жасалған, сонымен
қатар музей қызыметімен қамтылған аумақты кеңейтуге мүмкіндік беретін музей
көрмесі, оны бірнеше жерге апарып көрсетуге блады. Тұрақты көрме деп - бір
орында тұрақты, басқа жерге ауыстырылмайтын көрмені айтамыз.

Мектеп музейлеріндегі экспозициялардың нақты мазмұны оның тақырыптық
бағытына сайма-сай болуы керек. Әр музейдің құрылуы оның тақырыбына қарай
өзіне тән мән-мағынасы мен ерекшеліктері болғанмен, экспозициялар міндеті
кез-келген музейлер үшін жалпыға ортақ талапқа сай жауап беретіндей болуы
керек.
Яғни, олардың бәрінен ортақ жұмыс жоспары талап етіледі.
Экспозицияларды ғылыми жобалағанда мынандай негізгі құжаттар талдана
көрсетіледі:
- ғылыми тұжырымдама (концепция);
- тақырыптық құрылым;
- кеңейтілген тақырыптық құрылым;
- тақырыптық экспозициялық жоспар;
- сәулеттік – көркемдік шешім жобасы.
1. Ғылыми тұжырымдама (концепция) – музейтану зерттеушілерінің
нәтижесінде музейдің нақты міндеттері мен ерекшеліктерін жүйелі түсінуінің
қортындысы. Музейдің, оның музейлер жүйесіндегі орнының қазіргі жағдайын
жан – жақты саралай отырып, дамуының болашағын анықтайды.
2. Тақырыптық құрылым – экспозицияның ғылыми тұжырымдамасының құрамдас
бөлігі; тараулар мен экспозиция тақырыптарының аттары мен реттері бар
құжат.
3. Кеңейтілген тақырыптық құрылым – экспозицияның ғылыим жобасының
құрамдас бөлігі; экспозицияны тақырыптық жете дайындауда кейбір жеке
тақырыптық кешендердің мазмұнын сипаттау деңгейін егжей – тегжей жеткізу.
Кеңейтілген тақырыптық құрылым – тақырыптық құрылымды дамыту болып
табылады.
4. Тақырыптық экспозициялық жоспар – экспозицияның ғылыми жобасының
құрамдас бөлігі; экспозициялық материалдардың нақты құрамының және
кеңейтілген тақырыптық құрылымына сәйкес оларды топтастыру құжаты.
5. Сәулеттілік – көркемдік шешім жобасы – экспозицияны көркемдеп
безендіру кезіндегі атқарылатын жұмыстар. Бұған жарық беру де жатады.
Енді, “Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының даңқты ағартушысы” деген
тақырыпта құрылған экспозицияға талдау жасап көрелік.
Бұл экспозицияны бірнеше бөлімнен құруға болады:
I. Өмірнама
1. Өмірнама күнжазбалары.
2. Өрен – жарандары.
3. Балалық шағы.

II. Ағартушылық және педагогикалық қызыметі
1. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы.
2. Ы. Алтынсарин - қазақ мектептерінің негізін қалаушы.
3. Ы.Алтынсарин – оқулықтардың, оқу жұмыстарының, оқу құралдарының авторы.
4. Ы. Алтынсарин шәкірттері мен ізбасарлары.

III. Ы. Алтынсаринды мәңгілік есте қалдыру
1. Ы.Алтынсарин атымен аталатын оқу орындары. (институттар, педучилищелер,
мектептер).
2. Ы. Алтынсаринге арналған музейлер мен мүйістер.

IV. Әдебиеттер.
1. Өмірі мен еңбегі туралы әдебиеттер.
2. Газет, журнал мақалалары.
3. Диссертациялар.

Осы тақырыпқа экскурсия ұйымдастыру: Экспозициядағы тұрған экспонаттармен
таныстырып шыққаннан кейін, экскурсияны тақырыптық тұрғыда кеңінен аша түсу
керек. Мысалы: экспозициядағы Ы. Алтынсарин өлеңдерін пайдалану арқылы.
Ы.Алтынсарин өзі үндеп отырған оқу білімнің тек ізденіс, еңбекпен
табылатынына үлкен мән берді. Ол үшін инемен құдық қазғандай ыждаһат,
сабырлылық қажет екенін ескертеді. Сондай сарыла іздеудің нәтижесінде қол
жеткізген оқудың озбас, тозбас өнерге айналатынын айтады. Ал, бұған қарама-
қарсы тұратын надандықты ақын:
Надандықтың белгісі, -
Еш ақылға жарымас,
Жайылып жүрген айуандай
Ақ қараны танымас.
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас – деп бейнелейді.
Бала жүрегіне жақын ата – ананың еңбегі күнін көлденең тарта сөйлейді.
“Әлпештеген ата-ене,
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар,
Ата-енең қартайса,
Тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса,
Сүйеу болар бұл оқу.
Ы. Алтынсарин жастарға тек парасатты тәлім-тәрбие ғана емес, еңбек,
білім, өнерді игеруге, оны игерген халық туралы.
Өнер білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды
Мал істейтін жұмысты,
От пен суға түсірді
Отынсыз тамақ пісірді.
Ы.Алтынсариннің бұл өлеңіндегі телефон, телеграф, транспорттың,
техниканың, жетістігі, электор жарығы, газ т.б. жетістіктердің оқу-білімнің
арқасында болатынын оқушыларға түсіндіру керек. Оның тамаша табиғатты
жырлайтын өлеңдері оқушыларға туған өлкесінің табиғатын аялауға, Отанына
деген сүйіспеншілігінің артуына әсер етпей қоймайды. Мысалы:
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық түссе бір қалыпта
Аралап таумен тасты арқыраған.
Осындай өлеңдерге талдау жасау арқылы, Ы.Алтынсаринге арналған
экспозицияның маңызын және тәрбиелік мәнін ашып көрсету, мәдени-білім беру
қызметінің басты саласы.
Мәдени-білім беру қызметі – музей тіршілігіндегі ең маңызды сала болып
табылады. Музейдің мәдени-білім беру қызметінің формасы – экскурсия. Бұл
жұмыста әсіресе музейдің әлеуметтік қызыметі тәрбиелік, білім беру және
оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану сияқты қырынан көрінеді. Музей
экскурсиялары арқылы музей экспозициясы, оның бөлімдері және қорлары
халыққа таныстырылады.
Музей экскурсиясының мына төмендегідей, өзіне тән ерекше белгілері
болады:
- тарих, мәдениет, табиғи ескерткіштерді танып білудің ұжымдық түрі;
- экскурсияны мамандар ақылы ұйымдастыру;
- арнайы маршрут арқылы ұйымдастыру;
- белгілі бір мақсатпен арнайы тақырыптық экскурсия ұйымдастыру.
Музей экспозициясы мен көрмелері, алдына қойылып отырған ағартушылық
және үгіт – насихат міндеттерін атқарумен қатар жалпы музей көрмесінің
санының өсуін қамтамасыз етеді.
Тек шебер ұйымдастырылған экспозиция мен көрме оларды насихаттаушы
экскурсоводтың білімділігінің нәтижесінде ғана музейге келген көрермен одан
шынайы ләззат ала алады.

“Экскурсовод” – музей экспозициясы, музей тарихын айтып беруші маман.
1. Музейдің негізгі экспозициясында, көрмелерде, ғылыми көпшілік
жұмысын жүргізуші, экскурсиялық топтарға лекция оқып, жеке көрермендерге
экспонаттарды жете таныстырушы музей қызыметкері.
2. Музейдің негізгі бағыты мен бейініне (профиліне) байланысты нысандар
(объектілер) бойынша дайындығы мол маман. Экскурсияның жалпылама және
тақырыптық түрлері болады.
1. Жалпылама экскурсия дегеніміз – экспозицияда орналасқан
экспонаттармен және экспозиция туралы жалпылама таныстыру. (қысқаша айтып
беру).
2.Тақырыптық экссурсия дегеніміз – экспозицияның тақырыбына сай
кеңейтіліп, толық мағұлымат беріп, әр экспонаттың тарихымен және оның
атауына аннотация бере отырып таныстыру (толығырақ, баяндап айтып беру).
Экспозиция материалдарын көруге келушілердің жас ерекшелігін ескерген жөн.
Мысалы: жалпы музей тәжірибесі бойынша бастауыш сынып оқушыларына 30
минуттан аспауы керек.
Ал, 7 сынып оқушыларына 1сағ 10 мин, жоғарғы сынып оқушыларына және
ересек адамдарға 1сағ 45 мин, 2 сағатқа дейін экскурсия жүргізуге болады.
Кез-келген экскурсия кіріспе сөзден басталып, қортынды сөзбен
аяқталады. Кіріспе төмендегідей жоспарға сәйкестендіріліп жасалады. Мысалы:
1. Топпен танысу-өзін таныстыру, топтың құрамын анықтау, қызығушылығы
мен талап-қажеттілігі туралы анықтау. (қай тақырып қажет екенін анықтау).
2. Музей тарихымен таныстыру, Экспозициялар мен таныстыру.
3. Ақпарат бөлімі – экскурсия тақырыбы туралы хабарлау. Экскурсияның
ұзақтығы оның өткізу тәртібі арқылы анықталады.
Экскурсия жұмыстарын ұйымдастыруда экскурсоводтың жеке басының
дайындығына, шығармашылық ізденісі мен еңбек етуіне көп көңіл бөлінеді.
Олардың негізгі міндеті – музей экспонаттары арқылы экскурсанттарды
бақылау, көру, қортындылау, жалпылау сияқты дағдыларға үйрету.
Эскурсовод педагог – психолог ретінде де жан-жақты дайындығы бар адам
болуы керек. Мысалы: көрермендер шаршап тыңдағысы келмей дел – сал болып
жүрсе, экскурсияны дереу қысқартып, дауыс ырғағын өзгертіп, т.б. тез
аяқтауға тырысу керек.

III тарау

Өлке тану музейінің тәрбиелік мәні

Өлкетану музейлері дегеніміз – жинақтары нақты әкімшілік – аумақтық
аймақтың тарихы мен табиғатын құжаттайтын кешендік бейіндегі музейлер.
Тарихи өлкетану ғылымының мақсаты – белгілі бір ауданды, аймақты, елді
мекенді зерттеу. Зерттеу объектісі ретінде сол елді мекеннің тарихын
әлеуметтік-экалогиялық, саяси, мәдени дамуын табиғатын алуға болады.
Республикамызда өлкетану жұмысының бірден – бір орталығы – мектеп.
Сондықтан тарихи өлкетану жұмысының басты міндеті-оқу мен тәрбиені өмірмен
байланыстыру.
Ең алдымен өлкетану жұмысы оқушыларға отансүйгіштік, адамгершілік,
эстетикалық, ұлтжандылық тәрбие беру құралы.
Тарихи өлкетану пәні арқылы үлкен қоғамдық міндеттерді шешуге болады.
Жергілікті тарихи-мәдени ескерткіштерді, ата-баба мұраларын, салт-
дәстүрлерін оқып үйренген баланың бойында ұлтжандылық сезім қалыптасып,
ұлттық сана жандана түседі.
Тарихи өлкетану жұмысы ұйымдастыру формасы жағынан – мемлекеттік,
қоғамдық, мектептік болып бөлінеді.
Мектептегі өлкетану географиялық, тарихи, әдеби, эканомикалық, т.б. деп
саналады.
Тарихи өлкетану – мектептегі жұмыстың бір саласы бола келе,
археологиялық, этнографиялық, архитектуралық, өлкетану т.б. ғылыми
салалармен тығыз байланыста болады.
Мектептегі өлкетануда негізгі жұмысты мұғалім атқарады. Мұғалім оқу
жоспарына сәйкес, тәрбие жұмысының мақсатына қарай зерттеу объектісі мен
өлкетанудың негізгі әдістерін белгілеп, оған басшылық етеді. Мектептегі
тарихи өлкетану жұмыстары оқу барысында және оқудан тыс кезде жүргізіледі.
Мазмұны мен формасына қарай бұл екі жұмыс түрінің ерекшеліктерімен қатар
ұқсастықтары да бар.
Оқу барысында барлық оқушылар өлкетанушылық жұмысына тартылатын болса,
сабақтан тыс кезінде өз еркімен келетін оқушылар көбейе түседі. Әр түрлі
әдістерді пайдалану арқылы оқушуларды қызықтыра білу керек. Сабақтан тыс
кезде үйірме, кештер, экскурсия, экспедиция, туристік саяхат сияқты
өлкетанушылық жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі формалары көптеп қолданылады.
Жергілікті жердің тарихына байланысты материалдарды көптеп жинау,
зерттеу арқылы ел эканомикасының жалпы тарихи даму заңдылықтарын мысалмен,
жергілікті жердің даму ерекшеліктерімен байланыстыра түсіндіру мүмкіншілігі
туады.
Тарихи өлкетануды оқытудың мақсаты: жас өлкетанушыларға зерттеу
жұмысының әдістерін үйрету, өлкетанушылық жұмыстарын жүргізуге баулу.
Тарихи өлкетанудың дерек көздерінің үш тобы бар-заттық, жазбаша,
ауызша. Тарихи өлкетану жұмысының ізденістік, зерттеулік сипаты болуы
міндетті. Мектептегі тарихи өлкетану жұмысына кіріспес бұрын мұғалім нені
білу керек:
1. Нені іздейміз, яғни тарихи-мәдени (архитектуралық, археологиялық,
этнографиялық, ауыз әдебиеті, қолөнер т.б.) ескерткіштер дегеніміз не?
деген сұраққа толық жауап бере алуы керек.
2. Қалай іздейміз? Тарихи мәдени ескерткіштерді зерттеудің жолдары,
әдістері қандай? Қалай табу керек? Негізгі белгілері қандай?.
Археологиялық, этнографиялық материалдардан басқа көптеген өнер
туындылары, қолөнер бұйымдары кездесуі мүмкін. Оларды да терең талдай білу
қажет. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен бұл ескерткіштерді тауып, толық
сипаттама беріп, мәдениет тарихының қай саласынан орын алатынын анық білуі
керек.
3. Тарихи – мәдени ескерткіштерді қалай сипаттау керек?
Тарихи ескерткіштер тозады, ескіреді, осыны экспедиция мамандары
келгенге дейін жан-жақты түсіндіре білетін болуы керек.
Қазақстан аумағында сан - алуан ескерткіштер бар. Олар рухани-мәдени
құндылықтар. Ескерткіштер қазақ халқының ұлттық құнды мұрасы мен асыл
қазынасы.
Мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтап қалу әр адамның қасиетті борышы.
Сонымен қатар ескерткіштер жастардың бойындағы ұлтжандылық сезімді, біздің
өткеніміз бен болашағымызды танып білуге тәрбиелейді, қазіргі және болашақ
ұрпақтардың алдындағы жауапкершілікті арттыра түсіреді.
Отбасы тәрбиесінен басталатын Отанын, елін, жерін сүю, ардақтау арқылы
т.б. қасиеттер әрбір жеткеншек пен азаматта өз жерінің, аулының, аудан
облысының тарихын оның табиғатын, байлық ресурстары мен шаруашылық
ерекшеліктерін, географиясын, жануарлар әлемін жетік білуден бастау алатыны
сөзсіз. Осы тұрғыда, шаруашылық пен ғылымға айтарлықтай үлес қосатын
өлкетану жұмысының маңызы айрықша.
Өлкетану ісі мемлекеттің шаруашылықты жоспарлы түрде игеруіне бағыт-
бағдар бола алады. Мысалы: әрбір өлкенің жергілікті шикізат көздері, сумен
қанымдау қайнарларының жай-күйі мен жол тораптары және азық-түлік
ресурстары қатарлы ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп алмайынша жаңа
өнеркәсіптің тиімді істеп кетуі мүмкін емес. Қандайда болмасын кез-келген
кәсіпорын, ферма, шаруашылық ұжымдары (бұрынғы колхоз, совхоз) алқаптарды
және оның топрақ қыртыстары мен климаттық ерекшеліктерін, су, жылу
ресурстарын, орман, тоғайын, атап айтқанда флорасын, фаунасын,
географиясын, табиғат ресурстарын зерттеп алмай іске кіріспейтіні белгілі.
Осындай мысалдардан-ақ қолданбалы ғылымның дамуы белгілі дәрежеде
жоғарыда аталған зерттеулерге тығыз байланысты болып келеді. Сондықтанда
өлкетану ісі мамандар мен ғалымдардың ғана ісі емес, бұқара халық та
айналыса алатын жан-жақты білім саласы болып табылады.
Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты қазақтарды қаншама сауатсыз,
қараңғы ретінде танытса да Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбрай
Алтынсарин, Мәшһүр – Жүсіп Көпеев сынды ғалым, ағартушылармен қазақ
мәдениеті әлемге әйгілі болды.
Қазақ даласында сондай-ақ академик В.В. Радлов қазақ фольклоры мен
этнографиясы жөнінде аса мол мұралар жинаған Г.Н. Потанин, Т.Г. Шевченко,
геолог В.А. Обручев және Абайдың досы Е.П. Михаэлис, Орта Азия және
Қазақстанды аралаған жиһангез саяхатшылар – П.П. Семенов-Тяньшаньский, Н.
М. Пржевальский, 1000 халық әндері мен күйлерін талмай жинап нотаға
түсірген А. Затаеич, қазақ халқының этнографиясы мен тарихын, тұрмысын
айшықты бейнелеген Н.Г. Хлудов сияқты т.б. талантты орыс ғалымдары да көп
еңбектеніп, мол мұра қалдырды. Олардың тамаша тарихи еңбектерінің өзі кейін
баға жетпес мұраларға айналды.
Осындай жекелеген ғалымдармен қатар қазан төңкерісіне дейін
Қазақстанда ғылыми қоғамдар мен түрлі комиссиялар жемісті жұмыс жасады.
Атап айтқанда, олардың қатарында еңбек еткен Семей статистикалық
комитетінің негізінде құрылған Орыс гографиялық қоғамының Семей
бөлімшесінің 1886 жылдың мүшесі болған ұлы ақын Абай Құнанбаевта бар.
Географиялық қоғам Қазақстанның фольклоры, этнографиясы, тарихы мен
географиясын зерттеу ісіне мол қызымет атқарды.
Кейін “Қазақстанды зерттеу орталығы” болып өзгертілген Орыс
географиялық қоғамының Семей бөлімшесі еліміздің мәдениеті мен
эканомикасының мәселелерін зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.
Құрамында көптеген өлкетанушылары мен ғалымдары бар бірнеше
экспедициялар ұйымдастырылып, нәтижесінде Қазақстанның эканомикасы мен
мәдениеті мәселелерін қамтыған 40 томдық ғылыми еңбек басып шығарды.
Жақсы ұйымдастырылған өлкетану жұмыстары ғылымның дамуы мен отандық
мәдениетке көп пайдасын тигізіп келген.
Өлке танушылардың бірі табиғатты зерттеп, пайдалы қазба, емдік,
техникалық және жемдік өсімдік, жақсы жайылым, су ресурстарын тауып жатса,
бірі түрлі саяси-әлеуметтік оқиғаларға қатысты материалдар жинақтау
жұмыстарымен айналысты.
Археологиялық және тарихи ескерткіштерді тіркеу, этнографиялық
экспонаттар жинау, халық фольклорын жазып алу сияқты сан-салалы, жан-жақты
жұмыстар тындырды.
Кеңес дәуірінде өлке танушылық ісін басқару мен ұйымдастыру Қазақстан
Министрлер кеңесінің шешімімен Қазақ Ғылым Академиясына жергілікті музей,
мектеп және әртүрлі ауылшаруашылық пункттері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Мектеп музейлерін ұйымдастыру
Патриотттық тәрбие
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Биологияны оқыту әдістерінің тұжырымдамалық негіздері
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Мектепте тарихтан үйірме жұмысы
Биология пәніндегі тәрбие әдістері мен теориясы. биология оқыту
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Пәндер