Мәдени мұра бағдарламасы арқылы ұлттық-мәдени құндылықтарды білім мазмұнында дамыту



Тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық мәдениетімізді дамытуда мемлекет тарапынан қаншама маңызды қадамдар жасалуда. Кез келген ұлт, ұлттық мәдениетінің арқасында ғана ұлт болып қала алатындығы тарихтан белгілі. Халқымыздың рухани тыныс-тіршілігіне тың серпін әкелген игілікті іс ретінде зор бағаға ие болып отырған, 2003 жылғы Президент Жолдауы негізінде қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы. Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде ұлттық құндылықтар жайлы өрелі ойлар айтылуда. Осы ойларды жүзеге асыруда «Мәдени мұра» бағдарламасы тың серпілістер туғызуда. Ұлттық мазмұны жоғары асыл құнды мұраларымызды болашақ ұрпақ еншісіне жеткізу үшін іс-шаралар өткізілуде. «Мәдени мұра» бағдарламасы рухани-мәдени өміріміздегі, әрі қоғамдағы белгілі белестерді жүйелі іске асыруда айрықша үлес қосып келеді.
Тарихи мұраларды түгелдеп мемлекет тұтастығының символына айналдыру бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналды. Жаһандану үдерісінде ұлттық құндылықтарға ерекше мән беруге міндеттіміз. Ата-бабаларымыздың тарихқа қалдырған мәдени мұраларының тамырына үңілу, танылған дүниелерімізді толықтыру, көмілген қазыналарды ашып алу міндетіміз.Рухани байлық жер көкірегінде емес, ел көкірегінде сақталуы тиіс. Тәуелсіздігіміздің белгісін ұлттың рухани мәдениеті айқындайды. Мәдениет - әлеуметтік болмыстың жандануы мен жаңаруының белгісі. Мәдени мұра - өркениетті қоғамның негізгі белгісі, ұлттық және мемлекеттік өзіндік сана-сезімін дамытатын құрамдас бөлігі болып табылады. Өркениетті елдер мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелеріне бар ықыласын аударып келеді. Өз елінің мәдениетін рухани құндылықтарын өте жоғары бағалаумен оқып-үйрену арқылы келесі ұрпаққа жеткізу мақсатында бүгінде Мәдени мұра бағдарламасының аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен халықты толыққанды таныстырудың жолдары қарастырылуда.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мәдени мұра бағдарламасы арқылы ұлттық-мәдени құндылықтарды білім
мазмұнында дамыту

Баймолдаев Тұрсынбек Молдаханұлы
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ББЖ КБАРИ директоры

 Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты.
Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы
тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі
үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана
басқаға танылады.
Н. Ә. Назарбаев
Тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық мәдениетімізді дамытуда мемлекет
тарапынан қаншама маңызды қадамдар жасалуда. Кез келген ұлт, ұлттық
мәдениетінің арқасында ғана ұлт болып қала алатындығы тарихтан белгілі.
Халқымыздың рухани тыныс-тіршілігіне тың серпін әкелген игілікті іс
ретінде зор бағаға ие болып отырған, 2003 жылғы Президент Жолдауы негізінде
қолға алынған Мәдени мұра бағдарламасы. Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде
ұлттық құндылықтар жайлы өрелі ойлар айтылуда. Осы ойларды жүзеге асыруда
Мәдени мұра бағдарламасы тың серпілістер туғызуда. Ұлттық мазмұны жоғары
асыл құнды мұраларымызды болашақ ұрпақ еншісіне жеткізу үшін іс-шаралар
өткізілуде. Мәдени мұра бағдарламасы рухани-мәдени өміріміздегі, әрі
қоғамдағы белгілі белестерді жүйелі іске асыруда айрықша үлес қосып келеді.
Тарихи мұраларды түгелдеп мемлекет тұтастығының символына айналдыру
бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналды. Жаһандану үдерісінде ұлттық
құндылықтарға ерекше мән беруге міндеттіміз. Ата-бабаларымыздың тарихқа
қалдырған мәдени мұраларының тамырына үңілу, танылған дүниелерімізді
толықтыру, көмілген қазыналарды ашып алу міндетіміз.Рухани байлық жер
көкірегінде емес, ел көкірегінде сақталуы тиіс. Тәуелсіздігіміздің белгісін
ұлттың рухани мәдениеті айқындайды. Мәдениет - әлеуметтік болмыстың
жандануы мен жаңаруының белгісі. Мәдени мұра - өркениетті қоғамның негізгі
белгісі, ұлттық және мемлекеттік өзіндік сана-сезімін дамытатын құрамдас
бөлігі болып табылады. Өркениетті елдер мәдени мұраны қорғау және пайдалану
мәселелеріне бар ықыласын аударып келеді. Өз елінің мәдениетін рухани
құндылықтарын өте жоғары бағалаумен оқып-үйрену арқылы келесі ұрпаққа
жеткізу мақсатында бүгінде Мәдени мұра бағдарламасының аясында жүргізіліп
жатқан жұмыстармен халықты толыққанды таныстырудың жолдары қарастырылуда.
Мәдени мұра бағдарламасын 2009-2011 жылдар аралығында жалғастырудың
ұлттық стратегиялық жобасының жаңа тұжырымдамасында жобаны жүзеге асырудың
жаңа басымдықтары белгіленді. “Бірінші бағыт ұлттық рәміздерді
қалыптастыруды қамтиды. Бұл бағыттың шеңберінде өзінің бірегейлігінің
арқасында ұлттық рәміздер болатын және халықты біріктіру функциясын жүзеге
асыратын мемлекеттігіміздің асыл қазыналарын қайта жаңғырту жоспарланып
отыр. Олар – Есік, Берел қорғандары және Түркістан қаласы мен Отырар
қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштер. Екінші бағыт Ұлы Жібек жолының
тарихи орындарының негізінде мәдени туризмді дамытуды көздейді. Осы бағытта
Ұлы Жібек жолының магистральді учаскелеріндегі қорық-мұражайлардың дамуын
анықтайтын бас жоспар құру ұйғарылды. Сонымен қатар, барлық тарихи
орындарды мұражайландыру жүзеге асырылады. Үшінші бағыт ұлттық тарихи-
мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
Мұнда Берел мен Есік қорғандары, Түркістан мен Отырар қалашығының
ескерткіштері, өзге де тарихи орындар туралы халықаралық талаптарға сай,
терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасалып, оларды “Би-Би-Си”,
“Дискавери” секілді әйгілі әлемдік телеарналардан көрсетуді ұйымдастыру
жоспарланып отыр. Сол сияқты бұл бағыттың шеңберінде еліміздің тарихи-
мәдени мұраларын насихаттауға бағытталған халықаралық ғылыми-теориялық
конференциялар, көрмелер ұйымдастырылатын болады. Атақты зерттеушілермен
іргелі ғылыми орталықтармен бірге жалпыәлемдік мәдени құндылықтар
тұрғысынан ұлттық мұрамызды зерделеу жүзеге асырылады. Төртінші бағыт өткен
бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеуді көздейді. Ірі
тарихи қалашықтар мен құрылыстарда археологиялық зерттеулер жүргізу, мәдени
мұра мәселелері бойынша мемлекеттік тілдегі кітаптардың жаңа серияларын
әзірлеп шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бесінші
бағыт жүйеленген білімді оқу үдерісіне енгізуді көздейді. Бұл ең алдымен,
қазақстандықтарды патриоттық рухта, халқына деген сүйіспеншілік рухында
тәрбиелеу қажеттігіне негізделген. Алтыншы бағыт саланы дамытудың
стратегиялық ресурсы ретінде кадр саясатын іске асыруды қарастырады.
Саланың жоғары деңгейлі аудармашы, тарихшы, этнографтар және басқа
мамандарды қажет ететіндігі жасырын емес. Осыған байланысты тиісті
мамандарды даярлауды, олардың халықаралық оқыту бағдарламаларына
қатысуларын қамтамасыз ету, мәдениет қызметкерлерінің еліміздің және
шетелдердің үздік мәдениет мекемелерінде біліктілік мектебінен өтуін
ұйымдастыру жөніндегі бірқатар шаралар қарастырылды.
Жалпы тұжырымдама елдің тарихи-мәдени мұрасын қалпына келтіру
мақсаттарымен ғана шектелмейді. Оның негізгі көздейтіні қоғамдық санада
тарихи мұраларды халықты біріктіру символы, ел бүтіндігінің және ұлттық
танымды нығайтудың факторы ретінде қалыптастыру болып табылады.
Жалпы өркениетті елдердің қатарына қосылу бір күннің еншісіндегі шаруа
емес және оған мемлекеттілік қабілет пен ұлттық тірек керек. Дәл осы
тұрғыда Қазақстанның қол жеткен жетістіктері серпінді дамуымызға негіз
болып отыр. Мұны әрбір адам өз өмірінен сезініп қоймай, мақтан ететін
дәрежеге көтерілгеніміз рас. Оның үстіне біздің тарихымызда өркениет
көшінің алдыңғы легіне шығу бұрын-соңды болған емес. Ойшыл бабаларымыз бен
батыр аталарымыз артына мұра етіп қалдырған кең-байтақ жердің байлығын
игеріп, оны халықтың игілігіне жұмсау қажеттігін сездіретін әрбір істі
жүрегімізбен қабылдасақ артық болмас еді.
Елбасы өзінің стратегиялық мақсат-мұратында осы заманғы білім беруді
дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру
және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуін төртінші басымдық
тұрғысында баяндап беріп отыр. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару
қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екені
даусыз. Алға қарай қадам басудың бүкіл жүйелі тетігі білім беру ісімен
сабақтастық тапқаны белгілі. Білім беру реформасы бізде жасалды және ол
күннен-күнге жаңартылып та келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: “Қай халықтың
болсын өзге ұлтқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын
айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани
болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен, тарихымен,
мәдениетімен, ұлт ұлықтаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Зерттеудің жетекші идеясы
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ҚЫЗМЕТІ
Туған өлкенің тарихы
Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Пәндер