Мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындау

Мұғалімдер күн сайын күрделі шешімдер қабылдайды. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікір түрлеріне сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталған. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиісті өзгермелі әлемге дайындауда елеулі рөл атқарады. Мысалы, бүкіл әлемдегі жас оқушыларға айтарлықтай әсері болатын елеулі факторлардың бірі - инновациялық технологиялардың кең таралған түрін пайдалануға байланысты білімге оңай қол жеткізудің артып келе жатқандығы. Білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі өзгереді. Алайда, бұл мұғалім рөлінің біркелкілігін білдірмейді, керісінше, мұғалімнің рөлі барынша артады және оқушылардың білімге қалай сын көзбен қарайтындығына бағытталатын болады.

Сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруға тиіс. Күрделі үдеріс болып табылатын оқыту шеберлігін толық игеріп шығу бүкіл ғұмыр еншісіндегі мәселе, міне сол себепті де практикаға үнемі ерекше назар аударылатын болса, онда мұғалімдер қызмет барысында өзін жетілдіруді жалғастыра бермек. Осы мақсатта мұғалімдердің даму түсінігімен ұштастыра оқыту, оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, оқытудағы ерекшеліктерді түсіну, көптеген тәсілдердің, тілдік және мәдени әсер мен мінез-құлық және дағдының, қызығушылық және оқыту амалдарының болатынын жете түсінуі қажет болады. Оқыту және оқу саласындағы негізгі білімнің болуымен қатар, мұғалімдерге қандай өзгерістер болып жатқаны және қандай стратегияларды алдын ала қабылдау қажеттігі туралы барынша дәлелді тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін қосымша ақпараттар жинауға тура келеді. Шешім қабылдау процесінде мұғалім үшін ең маңыздысы оқушының қызығушылығы болып табылады.

Осылайша, оқушыларды өзгермелі өмірге дайындауға даярлықта күтілетін нәтиже үдесінен шығу үшін мұғалімдерге білім беру бағдарламасы шеңберінде шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін жаңа дайындық түрі қажет болады. Бұл мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудағы үш маңызды мәселеге тіреледі.

• Өз қызметтері аясында, оқу үдерісі мен өз оқушыларын дамыту үдерісінде сарапшы болу үшін білікті мұғалімдерге қандай білім түрлері қажет болады?

• Мұғалімдерге әртүрлі оқушылар үшін өнімді оқу тәжірибесін ұсыну, оқушылардың идеялары туралы ақпараттық пікір қалыптастыру, өзінің мұғалімдік тәжірибесін сыни бағалау және оны жақсарту үшін қандай дағдылар қажет?

• Әр баланың жеке тұлға есебінде де, кәсіби ұжым мүшесі ретінде де табысқа жетуіне, өз білімдері мен дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай кәсіби міндеттемелер қажет? (Брэнсфод, Дарлинг-Хэммонд және Ли Пэйдж, 2005)

Жақсы мұғалімдердің нені білуге және үйренуге тиіс екендігін анықтау қарапайым міндет болмағандықтан, жоғарыда аталған мәселелер күрделі дүниелер. Мұғалімнің іс-әрекетіне нақты бағдар беретін бір ғана әдіс-тәсіл бар деуге болмайды. Алайда, қолданыстағы халықаралық бағдарламалардың қалай жұмыс істейтінін зерделеу және ғылыми әдебиетті оқу арқылы білім берудің жалпы байланысын және негізгі базасын анықтауға болады. Осы ортақ сипаттамалар суреттегі диаграммада өзара байланыстырылған.

Диаграммада әр мұғалім үшін маңызды болып табылатын білім, дағды және бейімділіктің негізгі 3 саласы көрсетілген. Оларға:

  • оқушылардың білімі және олардың әлеуметтік тұрғыдан қалай дамып, оқитындығын зерделей білуі;
  • білім беру бағдарламасының мазмұны мен мақсаттарының тұжырымдамаларын, оқытылатын пәнді және әлеуметтік білім беру мақсаттары тұрғысынан қалыптасатын дағдыларды түсінуі;
  • білім беру ортасын қолдау және бағалауды негізге ала отырып, білім алушылардың мүмкіндіктері мен мазмұнды астастыра оқыту қажеттілігін жете түсіну шеберлігі жатады.

Бұл құрылым мұғалімдерді оқытудағы Кембридж тәсіліне негізделеді және бағдарлама шеңберінде қолданылатын дайындық моделін құрастыру үшін дайындалып ұсынылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Мектепте өзгеріс не үшін керек
Жаңа формация мұғалімін кәсіби дайындау моделі
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы мен әдістері
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Мұғалім адам жаның инженері
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz