Топтық жұмысты диалогты дамыту үшін қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Топтық жұмысты диалогты дамыту үшін қолдану

Жақыпова Назима

Қосымша

А қосымша Сауалнаманы бағалау шаблоны және аяқталған үлгі

Б қосымша Алдын ала диагностикалық тесттік сауал өткізу және бастапқы деректер

В қосымша Түрлі психологиялық сауалнамалар

Г қосымша Сабақ жоспарлары

Д қосымша Үй тапсырмасын орындауға қалыптасатын кері байланыс

Ж қосымша Қорытынды диагностикалық тесттік сауал өткізу және бастапқы деректер

С қосымша Бақылау жүргізу

Е қосымша Оқушылар сипаттамасы

Мазмұны

1 Кіріспе 3

1. 1Мектеп туралы негізгі ақпарат

2 Сыныппен танысу 7

2. 1 Отырғызу орындарының түсіндіру жоспары

2. 2 Оқушлардың мотивациялық мақсаттарын ашу 4

3 Базалық деңгейді жоспарлау және әзірлеу 11

3. 1 Оқытуға қойылатын талаптарды анықтау және оқушыларды түсіну 13

3. 2 Процедуралық түсіну 14

3. 3 Тілдік тапсырмаларды қосу және дамыту

3. 4 Мінез-құлық менеджменті, мадақтау және жазалау

3. 5 Оқыту үшін бағалау 16

4 Сабақтардың реттілігін жүзеге асыру 18

4. 1 1-сабақ

4. 2 2-сабақ

4. 3 3-сабақ

4. 4 4-сабақ

4. 5 5-сабақ

4. 6 6-сабақ

5 Реттілік бағалау 23

6 Келесі жолға жоспарлау 27

6. 1 Қазір не нәрсеге көңіл аударады

6. 2 Мақсатқа жету үшін қажетті негізгі заттар

6. 3 Тез арада не істеуге болады

6. 4 Қандай қолдау қажет

6. 5 Бұдан арғы әрекет

Кіріспе

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Жеке тұлға - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

  • адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
  • өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі т. б. (Г. К. Селевко)

Тұлғаның танымдық қабілеттерін танымдық процестерді: яғни, жадының бірнеше түрлерін (есту, көру, қимыл және т. б. ), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Зерттеудің өзіндік нұсқасын әзірлегенде оның жалпы құрылу қағидаларына (Дж. Блок, Л. Андерсон, Б. Блум, т. б. ), сондай-ақ тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, оның мүдделеріне, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту ерекшеліктеріне (Ж. Пиаже, А. Маслоу, Л. С. Выготский және т. б. ) сүйендім.

Мұғалім оқушыларды жалпы сабақтың құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Сонан соң мұғалім есептелген оқу материалын қысқаша(10 минут ішінде), сызба, кесте, тәжірибие және т. б. үлгілерге сүйене отырып түсіндірді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы әңгімелесу жүзеге асырылды. Зерттеушілік элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Танымдық процесс сыныпта 4-5 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылды. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, диспуттар, пікірталастар) қолдану - оқытудың міндетті шарты болып табылды. Диалог оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары бойынша қолданылды.

Топтық жұмыста диалогты дамытуда оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану -әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Сондықтан да топтық жұмыста диалогты дамытуда сөйлесу бағалар және бағалау ынталандырушы сипатта болады. Оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Барнс /1976/ пен Мерсердің/2000/ айтуынша зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі.

Зерттеу мақсаты: Топтық жұмыста диалогты дамыту, жүйелі ұйымдастыру және диалогты оқу үрдісіне енгізе отырып жеке тұлғаны қалыптастыру, өзіндік білім алуға баулу.

Одан мына міндеттерді жүзеге асыру туындайды :

1. Топтық жұмыста диалогты жүйелі ұйымдастыру;

2. Топтық жұмыста диалогты экспериментік сыныпта педагогикалық-психологиялық зерттеу нәтижелерін

саралау, жинақтау, қорытындылау;

Топтық жұмыста диалогты дамытуда барлық сабақтарда оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы құпталса, қортындылау кезінде оқушы өзінің сөйлеу кезінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсете алады.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар берілді. Оқушылар тарау бойынша алған білімін, білігін, дағдысын бағалауда қорытынды бағалары қойылды.

Оқушылардың топтық жұмыста диалогты дамыту дегеніміз - ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол береді. Оған сыныптағы оқушылардың жеке дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді.
Топтық жұмыстың диалогты дамытуға қандай әсері бар? -деген сұраққа жауап табу үшін, мынадай идея алдық. Оның мазмұнына:

1. оқытудың жалпы мақсаты;

2. оқушылардың білім деңгейін бағалау (диагностикалау) ;

3. оқу әрекетінің жиынтығы (кері байланыс) ;

4. нәтижені бағалау.

Сонымен қатар, дидактиканың талаптарына байланысты оқушыларды оқытуға емес, тұлғалық-бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара диалог негізінде құруға бағыттадым.

1. Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

2. Өзара диалог негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызметін нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.

3. Тақырып бойынша тестілеу.

Психологтардың пайымдауынша, әр бір тақырыпты оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен: қызықтырушылық, танымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л. М. Фридман) .

Бұл жағдайда Л. Фридманның ережелеріне сүйендім:

  1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушылардың қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т. б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
  2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі ең алдымен, оқушының қажетіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
  3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
  4. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Сабақты жоспарлағанда мұғалім оқушының өзара диалог құруын қамтамасыз етуге көңіл бөлуі керек. Мысалы: тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейде тапсырма дайындап және оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативті дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материалдар беруі керек. Әр сабақта тақырыптағы сұрақтарға қайта оралып отыру қажет, яғни, күрделендіре сұрақ қойып отырып, адамның өз алдына қойған проблемасын шешу мақсатына жеткізу. ( бұл дегеніміз қайталау емес, онымен шатастыруға болмайды) .

Мұғалім сабақ барысында тұлғаны дамытатын кез-келген жағымды эмоциялар тудыратын жағдайда, оқушының оқуға деген ниетін, танымдық процеске жағымды көзқараста болуы үшін не істеу керек? Бұл үшін:

  • Оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында тек түсініп қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс, яғни, көңіл таразысынан өткізіп, мән беруі тиіс (Рубинштейн 1946, 599-604) ;
  • Таным процесін өзара диалог құру арқылы ұйымдастыру оған қатысушы адамның талабы, ниеті, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне күшті ықпал жасауы тиіс (Бодалев 1983, 5) ;
  • Қабілеттерді (танымдық) дамытуға қол жеткізу демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады;

Топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей беруге болатынын атап өту қажет. Диалог құруың бірнеше ерекшеліктер бар: оқыту және оқу. 1. Дамыту- әрбір оқушының ойлау қабілеті, ауызша сөйлеуі, танымдық қызметке қызығушылығын дамыту. Оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін, өзара сиымдылығын (ашық, жылы ниетті т. б. ) , жағымды психологиялық ортаны қамтамсыз ету. 2. Әр сабақта әрбір оқушыға қойылатын барлық бағалар ынталандырушы сипатта болады. Бағалар мен бағалауларды негізінен оқушылардың өздері (өзіне, бір-біріне, топқа) береді.

Қызықтырушылық кезеңінде оқушылар осы тақырыпты өткенде неге және не үшін оқып-үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс екенін түсінулері керек. Сыныпта оқушылардың бірлескен сұхбаты тиімдірек болады. Олар: өз ойларын айта алады, түрлі идеялар болатынын байқайды және мұғалім оқыту барысында оқушылардың деңгейін анықтай біледі.

Білімді бірлесе отырып алуда пікір алмасуда мектептегі практика маңызды роль атқарады деген ғалымдардың ойы бірден-бір дәлел. Мысалы: қарым-қатынас кезінде әңгімелесу қабілетінің дамуы, өзгелердің ойына қарамастан өзінің стратегиялық тактикасын жүзеге асыруы т. б.

Топтық жұмыста диалогты дамытуда ерекше рефлексияға көңіл бөлінді. Выготский бойынша баланың өз ойын дамытуда рефлексиямен тығыз байланыста. Рефлексия негізінде- оқушылар үшін - мазасыздық, өзін-өзі тану іс-әрекетеріне анализ жасау, сонымен бірге «Мен» тұжырымдамасы бойынша: мен не ойладым ?, не сезіндім?, не түсіндім?, мені не таңқалдырды?, менің тәртібім, мәдениетім қандай? және т. б. Рефлексия мазмұнына «мен» және басқа «мен» кіреді: мен үшін басқа біреудің қасында болған қандай ?, басқалардың іс-әрекетіне қалай қарадым? т. б. Рефлексия кез-келген процестің міндетті моменті болып табылады, ол өзін-өзін дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі бағалау деген ойлармен тығыз байланысты. Сондықтан, білім беру процесінде яғни сабақ кезінде оқушының және мұғалімнің өз-өздерін бағалауы бірден-бір негізі болып табылады.

Сабақта рефлексия жүргізу үшін мынадай сауалнама жасалынды

Сабақта не білдім?
Сабақта не жасадық, жұмыстың қай түрі ұнады?
Мен үшін не құнды болды?
Қабілеттің жоғарылауына не себеп болды?
Сабақта не білдім?:
Сабақта не жасадық, жұмыстың қай түрі ұнады?:
Мен үшін не құнды болды?:
Қабілеттің жоғарылауына не себеп болды?:

1 Кесте

  1. Мектеп туралы негізгі ақпарт

1968 жылы Алматы облыстық атқару комитетінің шешімімен Алматы облыстық 4 қазақ орта мектеп-интернаты құрылған. 1998 жылғы сәуірдегі 441 қаулысымен мекеменің атауы Ибрагим Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Интернатта тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларының балалары, тұл жетім балалар жатады, мектепте 398 оқушы білім алады.

Зерттеу жұмысы 7 сыныпта орын алуы физика пәні осы кезден бастап енеді, олардың физикалық тілмен сөйлеуін қалыптастыруда, диалог құруың бірден-бір себебі болып табылады. Сондықтан да осы сыныпты таңдап зерттеу жүргізуді дұрыс деп санадым. Алдын ала диагностикалық тесттік сауал өткізу және бастапқы деректерді анықтау мақсатында екі сыныпқа бірдей берілді, бірақ, қай сыныптың білім алу деңгейі төмен болды сол сыныпты таңдап алдым.

Бұл тапсырма 7 «а» сыныбында орын алды. Оқушылар жыл бойы өздеріне тиесілі кабинетте оқиды, бірақ бір дұрыстығы физика, химия, информатика пәндері ағынмен жүргізіледі.

Оқушыларды «Мозайка» әдісі бойынша 4 топқа бөлінді. Мұғалім сабақ кезінде өзіне көмекші ретінде консультант тағайындап алды.

  1. Сыныппен танысу

Кезінде ұлы педагог К. Д. Ушинский айтқандай, оқушыны жан-жақты зерттеп білу үшін, зерттеудің төмендегідей түрлерін жүргіздім:

Алдын-ала танысу оқушылар ұжымын ынтымақтастырудың барынша ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді. Мысалы, оқушыларының іс-қағаздарымен, сынып журналымен таныстым . Алғашқы аптаның ішінде-ақ оқушылардың жанұясы туралы мәліметтер жинау барысында (В осымша) сауалнама беру арқылы оқушылардың өздерімен, жанұяларымен таныстым.

  1. Отырғызу орындарын реттеу.

Негізінен оқушылар өздеріне тиесілі кабинетінде бұрынғы отырған орындары бойынша жұмыс жасап жүрді, тек физика сабағында ғана отырғызу орындарын ауыстыруды жөн көрдік. Себебі: оқушыларды өзгеде оқушылармен қарым-қатынасы, көз қарастарының өзгеруі үшін. Осы кезде қандай нәтижелік байқалады? - деген оймен. Физика кабинетінде парталар жылжымайтындықтан сол парталарда топтық жұмыс істеуге тура келді.

Дамира Лаура Ерлан Ажар Айгерім

Бауыржан Айдана Айсұлу Аман Жадыра Ержан

Таңбол Еркебұлан Серік Зухра Ақерке Есен

1-сурет. Топқа бөлгенен кейінгі отырғызу орындарының жоспары

  1. Оқушылардың мотивациялық мақсаттарын ашу

Сыныпта 4-5 оқушыны таңдау үшін (Бурден, 1988) MALS саулнамасын қолданды. Онда әрбір жауап бір баллдан беске дейін бағаланады. Баға жоғары болған сайын оқушының оқуға деген ынтасы жоғары болады. Оқуға қаншалықты ынталы, сенімді, шет қалуы анықталды. Икемді оқушылардың оқуға деген ынтасының жоғары екені байқалады. Кестеде, керсінше жеке қасиеттері белгілі оқушылардың көрсеткіштері төменгі ынтаны көрсетті.

Аты
Қаншалықты ынталы
(мен) сенімділік
Тапсырманы орындауы қаншалықты

Алшақтану, шет

қалуы

Барлығы
№: 1
Аты: Таңбол
Қаншалықты ынталы: 28
(мен) сенімділік: 21
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 28
Алшақтану, шетқалуы: 10
Барлығы: 87
№: 2
Аты: Айдана
Қаншалықты ынталы: 16
(мен) сенімділік: 18
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 22
Алшақтану, шетқалуы: 14
Барлығы: 70
№: 3
Аты: Бауыржан
Қаншалықты ынталы: 13
(мен) сенімділік: 9
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 18
Алшақтану, шетқалуы: 9
Барлығы: 49
№: 4
Аты: Еркебұлан
Қаншалықты ынталы: 26
(мен) сенімділік: 18
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 26
Алшақтану, шетқалуы: 11
Барлығы: 81
№: 5
Аты: Айсұлу
Қаншалықты ынталы: 23
(мен) сенімділік: 17
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 25
Алшақтану, шетқалуы: 7
Барлығы: 72
№: 6
Аты: Айгерім
Қаншалықты ынталы: 23
(мен) сенімділік: 21
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 24
Алшақтану, шетқалуы: 14
Барлығы: 82
№: 7
Аты: Серік
Қаншалықты ынталы: 18
(мен) сенімділік: 19
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 21
Алшақтану, шетқалуы: 11
Барлығы: 69
№: 8
Аты: Есен
Қаншалықты ынталы: 21
(мен) сенімділік: 25
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 24
Алшақтану, шетқалуы: 11
Барлығы: 81
№: 9
Аты: Ерлан
Қаншалықты ынталы: 24
(мен) сенімділік: 22
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 22
Алшақтану, шетқалуы: 10
Барлығы: 78
№: 10
Аты: Ержан
Қаншалықты ынталы: 22
(мен) сенімділік: 24
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 23
Алшақтану, шетқалуы: 11
Барлығы: 80
№: 11
Аты: Айман
Қаншалықты ынталы: 22
(мен) сенімділік: 20
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 21
Алшақтану, шетқалуы: 11
Барлығы: 74
№: 12
Аты: Ақерке
Қаншалықты ынталы: 25
(мен) сенімділік: 22
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 27
Алшақтану, шетқалуы: 12
Барлығы: 86
№: 13
Аты: Дамира
Қаншалықты ынталы: 17
(мен) сенімділік: 18
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 19
Алшақтану, шетқалуы: 11
Барлығы: 65
№: 14
Аты: Лаура
Қаншалықты ынталы: 25
(мен) сенімділік: 22
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 26
Алшақтану, шетқалуы: 12
Барлығы: 85
№: 15
Аты: Ажар
Қаншалықты ынталы: 29
(мен) сенімділік: 19
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 23
Алшақтану, шетқалуы: 13
Барлығы: 84
№: 6
Аты: Зухра
Қаншалықты ынталы: 23
(мен) сенімділік: 21
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 19
Алшақтану, шетқалуы: 9
Барлығы: 72
№: 17
Аты: Жадыра
Қаншалықты ынталы: 15
(мен) сенімділік: 20
Тапсырманы орындауы қаншалықты: 21
Алшақтану, шетқалуы: 10
Барлығы: 66

2кесте: Оқушылардың мотивациясы бойынша деректер қортындысы

  1. кесте MALS саулнамасы бойынша диагностикасы

Оқушылардың мотивациялық мақсаттарын ашуға байланысты оқушылардың қабілетін жеке тұлғалық ерекшеліктерін (В қосымша) анықтау мақсатында сұрақтар берілді. Мысалы: Таңбол, Есен, Аман, Айгерімдерді алатын болсақ, көңіл -күйі өзгеруге бейім, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, болашаққа талпынысы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, ойын-сауыққа құмар екені анықталды.

Оқуға арналған нәтижелер

зияткерлік
:
зияткерлік: жоғары
орташа
төмен
: қыздар
зияткерлік: 2
5
2
: ұлдар
зияткерлік: 2
3
3

4 кесте Оқушылардың өздерінің зияткерлік қабілеттері

Ұл балаларды қыздармен салыстырғанда қыздардың икемділігі жоғары. Ажар мен Ақеркенің көрсеткіштері жоғары болғанмен сабақта оны көре алмадым. Таңбол 28 -ші жоғары MALS нәтижеге қол жеткізді және ойлану типі икемді болды. Еркебұланның да көрсеткіші (25-ші жоғары), Айдана мен Бауыржанның (MALS 16-шы және 15-ші) тиісінше икемді типтегі оқушылар. Бұл төрт оқушыда икемді оқушылар қатарында болды. Көңіл-күйін анықтау кезінде Таңболдың осы уақыттағы қобалжулы болды.

3 Базалық деңгейді жоспарлау және әзірлеу

3. 1 Алдын ала диагностикалық тест

Сыныптағы оқушылардың білетінін түсіну мақсатында көптеген тағдамалы диагностикалық тест берілді. Тест тапсырмалары В қосымшада берілген.

5 кесте: Сыныптың алдын ала диагностикалық тестісінің нәтижелері (Еркебұлан жоқ)

Нәтижелер мазмұны кестеде қайсы оқушы төмен, жоғары екені көрсетілген. Бұл диагностикада төмен деңгейде оқитын оқушылар (Ақерке, Айсұлу, Ерлан, Ажар) 80 %, ал керсінше жоғары деңгейде оқитын оқушылар (Бауыржан, Жадыра) 60% көрсетті.

  1. кесте: Сыныптың қорытынды диагностикалық тестісінің нәтижелері (Дамира жоқ)

Бұл кестеде Бауыржанның деңгейі жоғары болғандығы көрінеді, ал Айдана, Таңболдың сол деңгейде тоқталып тұрғаны байқалады. Өкінішке орай Еркебұлан науқастанып қалып, сабақта болмады.

  1. кесте: Сыныптың салыстырмалы диагностикалық тестісінің нәтижелері

Зухраның деңгейі төмендігі байқалады, себебі үнемі мұғалімнің мадақтауымен өз-өзін ынталандыратын оқушы. Зерттеу кезінде мұғалім көңілі Зухраға емес, басқа оқушыларға көбірек бөлінді.

3. 2 Оқушыларды оқытуға және оларға түсіндіруге қойылатын талаптарды анықтау

Оқушыларды оқытуға және оларға түсіндіруге қойылатын талаптарды анықтау мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады, ал мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы болып қалады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.

Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге тырысады, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі, оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Бұл сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған сұрақ бала жүрегіне жетпейді.

Мысалы: су түбінде жұмыртқа жатыр, енді оның үстіне тұз ертіндісі бар суды құямын, сонда жұмыртқа көтеріле бастады, ал енді тағыда су құйсам онда жұмыртқа су бетіне шығады. Денелердің жүзу шарттары тақырыбында оқушылар осы денеге қандай күштер әсер етеді. Осы тапсырма бойынша моделін құрастыру керек. Ол арқылы не істей алатындарын айтады.

Бұл тапсырманы талқылау барысында оқушылар қызығушылық танытып, жұмысты баяндауға барлық оқушылар талпыныс білдірді. Өйткені жұмысты өздері жасап, талдап, бірлесе жұмыс жасады. Талдау - бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында оқушының көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдаулар арқылы сіңіріледі.

Осындай сабақтар балалар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналды. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте-бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне қарастырылған. Енді осы сызбалар бойынша топ мүшелерінен бір оқушы жауап береді.

3. 3 Процедуралық түсіну

Зерттеу жұмыс - оқу жұмысын өз бетінше жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға, материалды жүйелеуге, талдауға, салыстыруға, жинақтап қорытуға, ғылыми тұжырым жасап, оны эксперимент жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік береді.

3. 4 Тіл талаптарын енгізу және тіл тапсырмаларын дамыту

Блум таксономиясы бойынша әр түрлі деңгейлерге қол жеткізу үшін әр түрлі тапсырмаларды пайдлануға болады. Мысалы: оқушыға ақпаратты талдау және бағалау мүмкіндігін беру қажет. Бұл терминдерді есте сақтауға қарағанда түсіну деңгейін жақсартады. Осы дағды қажет болатын жер -зерттеумен айналысатын кез.

Оқушыны ынталандыру үшін сұрақтар бере отырып жетелеу. Топтық жұмыста диалог арқылы оқушылар мәселелерді талқылу мүмкіндігі бар екеніне көз жеткізіп, топтық жұмысты қолдауға болады. Зертханалық жұмыста әр жұп өз тапсырмаларын орындап, бірлесе диалог құру арқылы жұмыс жасады. Айдана жұмысын ертерек орындап, өзімен өзі отыра берді. Мұғалім Айданадан басқа топтарға түсіндіріп, бірге талқылауды ұсынды. Бұл кезде Айдананың өзіне деген сенімі артып, көңіл-күйі көтеріліп рахат сезімге енді.

Енгізу үшін жоспарлау

Мұғалім сыныптағы оқушылар деңгейі әр түрлі екенін негізге ала отырып сабақ жоспарын топтық жұмысқа ыңғайлы етіп қарстырады. Аяқталмаған тапсырмаларға қосымша уақыт бөліп олардың оқытудағы қажеттілігін сезінуін білдіреді.

3. 5 Мінез-құлық менеджменті, мадақтау және жазалау

Сыныпта тәртіп сақтау үшін мұғалім жыл басында алдын-ала ескетулер жасап алады. Мысалы: Сөйлеп тұрған кезде тыныштық сақтау, басқаларды құрметтеу, сабаққа кешікпей келу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеуге үйретуде монолог пен диалогты тиімді қолдану
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер
Ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолдану арқылы оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ
Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері
Студенттердің оқу процесін бағалаудың психологиялық ерекшеліктері
Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістемесі
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz