Ақша туралы дәріс



1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.
2. Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалык категория ретіндегі түсінігі.
3. Ақша кызметінің эволюциясы.
4. Дүниежүзілік ақша ретіндегі шартты есеп бірліктері.
5. Ақша айналысының сипаттамасы
6.Ақшаның, металдың теориясы және металл ақша айналысы
7. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың
айналыс зандылықтары
8. Несие ақшалар
9. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша
қаражаттарының құрылымы
10.Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері және негізгі типтері
11. Инфляция, оның Қазакқстандағы ерекшеліктері
12. 1922—1924 жж. Ақша реформалары
13. 1947 жылғы ақша реформасы
14. Рубль бағамының жоғарылауы және оны 1950 жылы алтын базасына өткізу
15. 1961 жылғы деноминация
16. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
Ақшаның мәні және қызметтері

1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.
2. Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалык категория ретіндегі түсінігі.
3. Ақша кызметінің эволюциясы.
4. Дүниежүзілік ақша ретіндегі шартты есеп бірліктері.

1. АҚШАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі коғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.
Алғашқы қауымдық кұрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас кұнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады {1 балта = 5 құмыра, 1 кой = 1 кап бидай және т.б.).
Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал ІІІөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы кұндық эквивалент қызметін атқарады.
"Капитал" сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінін байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айпалыс кұралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды т.б .
Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өндеуі қажет.
Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы кұлдардың әмірі сияқты: олар 40°С-ден жоғары температурада терең жер астарында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-да әлемдік алтын өндірісінің 2/3-і өндірілсе, ал казір 1/3-і ғана өндіріледі. Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда кұлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр және олардың жылдык өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды кұрады.
Алтын тек кана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникадарды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалык талшыктарды жасау үшін де қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұныменен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын кұймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мсн сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%, индий -- 35%. Электр кедергісі алтынның техника, гіык құймасына жақын. Жаңа құйма қат-тылыгы алтыннан алты есе асып түседі.
1. Кейнс Дж.М. Жұмыспен қамту, пайыз және ақша туралы жалпы теория. М., 1993
2. Бочаров В. Инвестиция нарығын реттеудің қаржы-несиелік әдістері. М.,1993.
3. Нұрышев Ғ.Ж. Ауыл тауар өндірушілерін ынталандыру мәселелері.Алматы.2000.
4. Оспанов М.Т., Мұхамбетов Г.И. Шетелдік капитал және инвесторлар: теориялық мәселелерді және оларды тарату мен қолданутәжірибелері. Алматы, 1999.
5. "Экономика труда" Н. А. Иванов, Г. И. Мечковский
Уч. Пособие для вузов. М. Высш. Школа 1996.
6. Айсагалиева С. Қазақстан республикасындағы инвестициялық іс-әрекет. Алматы, 1999.
7. Үсенова Г.С. Инвестициялар мен өндірістің өсуін ынталандыруды ақшалай-несиелей реттеудің механизмі. Алматы, 1999.
8. И.В. Сергеев, И.И. Веретенникова "Организация и финансирование инвестиций". Изд. "Финансы и статистика".Москва, 2001.
9. Д. М. Мадиярова "Стратегия формирования внешноэкономической политики". Изд. "Экономика" Алматы, 2000.
10. Д. М. Мадиярова "Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік". Изд. "Экономика" Алматы 2000 ж.
11. В. А. Ермаков "Казахстан в современном мире".(Экономико-географический очерк). Алматы - 1998г.
12. Н. Исингарин "Проблемы интеграций в СНГ". Изд. "Атамура' Алматы-1998г.
13. Горбунов Э. Инвестициялық іс-әрекетті ынталандыру // Экономист, 2000. № 5.
14. Коломина М.Е. Инвестициялық тәукелділіктің мәні және оның өлшемі // Финансы, 2000.
15. Беренс В., Хавранек П.М. Руководство по оценке эффективности инвестиции – М.:АОЗТ, Инфра – М, 1995
16. Бирман Г., Шмидт С. Экономический анализ инвестиционных проектов – М.:Банки и Биржи, ЮНИТИ, 1997
17. Бромвич М. Анализ экономической эффективности капитальных вложений _ М.: Инфра - М, 1999
18. Ендовицкий Д.А. Анализ и оценка инвестиционной политики коммерческих организации: Методология и методика. Воронеж: Изд-во ВГУ, 1998

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 1
Ақшаның мәні және қызметтері

1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.
2. Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалык категория ретіндегі
түсінігі.
3. Ақша кызметінің эволюциясы.
4. Дүниежүзілік ақша ретіндегі шартты есеп бірліктері.

1. АҚШАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе
айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны
өндірушілердің белгілі коғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды.
Алғашқы қауымдық кұрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас кұнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады {1 балта = 5 құмыра, 1 кой = 1 кап бидай және т.б.).
Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал ІІІөл және шөлейт аудандарда
- түйе; тундрада - бұғы жалпы кұндық эквивалент қызметін атқарады.
"Капитал" сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде
бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінін байлығын
көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айпалыс кұралы ретінде
бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды т.б .
Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын
алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта
өндеуі қажет.
Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын
өндірушілердің еңбек ету жағдайы кұлдардың әмірі сияқты: олар 40°С-ден
жоғары температурада терең жер астарында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-да
әлемдік алтын өндірісінің 23-і өндірілсе, ал казір 13-і ғана өндіріледі.
Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда кұлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс
істеп тұр және олардың жылдык өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды кұрады.
Алтын тек кана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге
электронды-есептеуіш және компьютерлік техникадарды, түнгі механикалық
аспаптарды, синтетикалык талшыктарды жасау үшін де қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды.
Бұныменен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған
алтын кұймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мсн сынақтар
жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%,
индий -- 35%. Электр кедергісі алтынның техника, гіык құймасына жақын. Жаңа
құйма қат-тылыгы алтыннан алты есе асып түседі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында акшаны пайдалану, кез келген
материалдық кұндылықтарға акшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін
көрсетеді. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты,
жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір
кеңіді.
Ақшаның айырбас кұнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды
тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары
олар несие беру, бюджеттің кірістерін, қарыздық берешектерді өтеу,
мемлекеттік бюджеттің кірістерін калыптастыру, ондірістік және өндірістік
емес шығындарды каржыландыру, ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа
банктерге сатуы жэне т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалатын еңбектің
олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның акшалай тауар ретіндегі ролі туралы
әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол
жалпыға бірдей эквивалент және ақша кызметерін атқару ролін орындауды
толығымен тоқтатты дейді.
3.АҚША ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ
Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем
кұралы, қор және қазына жинау кұралы, дүниежүзілік акша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді. Бағаны анықтауда делдал қызметіп атқарады.
Ақша айналыс кұралы. Ақша айналыс кұралы қызметінде тауарларды
өткізудегі делдал болып табылады.
Ақша - қорлану және қазына жинау кұралы ретінде. Ақшаның төлем және
айналыс құралы қызметтері акшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның
корлануының кажеттігі Т •А - Т айналымыньң екі актілерге Т - А және А - Т
айрылуымен байланысты.
Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау
түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында казына жинау тек қана ақша айналысын
реттеуші ролін атқарған болатын. Өндірістік және тауар айналысының кеңеюі
барысында металл ақшалар қазынадан айналыска шығып отырды немесе керісінше.
1998 ж. 1 қантарда Қазакстан Республикасы Ұлтгык банкісіндегі монетарлық
алтынның калдығы 41781,1 млн тенгені құрады.
4. Дүниежүзілік ақша ретіндегі шартты есеп бірліктері.
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылык байланыстардың интермационалдануы,
дуниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар кызметінің пайда
болуына себеп болды. ДүниежүзІлік ақшалар интсрнационалдық күн өлшемі,
халықаралык төлем жэне сатып алу құралы ретінде кызмет етеді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ақшаның шығу тегінің объективті қажеттігі немен негізделеді ?
2. Ақшаның тарихи даму ксзінде пайда болған айырбас құнының формаларын
атаңдар ?
3. Мал кашан және неге айырбас құралы болды ?
4. Айналыс құралы ретінде кандай тауарлар пайдаланды ?
5. Ақшаны белгілеуге бола ма?
6. Ақша дегеніміз не?
7 Бірдей эквивалент ролі алтынға қалай айырбасталды ?
8. Ақшанын касиеттерін атацдар және тусіндіріңдер.
9. Ақша - қоғамдық қатынастарды таратушы дегенді қалай түсінесіздер?
10. Акшаның қызметтерін атаңдар.
11. Құн өлшемі ретінде ақша қызметінің ерекшелігі неде?
12. Баға масштабы деген нені білдіреді ?
13. Ақшаның айналыс кұралы ретіңдегі кызметінің кандай
ерекшеліктсрі бар?
14. Айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша қызметтерінің арасындағы
айырмашылыгын атаңдар
15. Қағаз ақшалар қазына жинау құралы кызметін атқара ала ма ?
16. Ақша кандай жағдайларда толык қорланудың кызметін аткарады ?
17. СДР және ЭКЮ нені білдіреді?

Ұсынылытан әдебиеттер:
2,3,4,6,9

Дәріс -2
Ақша айналысы және ақша жүйесі

1. Ақша айналысының сипаттамасы
2.Ақшаның, металдың теориясы және металл ақша айналысы
3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың
айналыс зандылықтары
4. Несие ақшалар
5. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша
қаражаттарының құрылымы
6.Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері және негізгі типтері
7. Инфляция, оның Қазакқстандағы ерекшеліктері

1. АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Ақша айналысының объективті негізі тауар өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін колданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста,
яғии айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі
процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: колма-кол және қолма-қолсыз ақшалар
болып бөлінеді. Сондай-ақ:
• өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы
есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
• тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша
айналымы;
• ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз,
несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.
2. АҚШАНЫҢ МЕТАЛДЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ МЕТАЛЛ АҚША АЙНАЛЫСЫ
Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың
алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға
қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен
бірдей деп санау тән болған
Көпестер классының бөлінумен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың
пайда болуы акшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңді сипаттайды.
Монета - ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық кұрамы заңмсн
бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.
Мемлекет сынаманы (пробаны) (монетадағы таза металдың
кұрамы), массасын, типін, ремедиумды (заңмен рұқсат етілген номиналды
массаның иактыдан ауытқуы), эмиссиялау ережесн және т.б. белгілейді.
Монетада бет жағы - аверс, келесі жағы - реверс, кесіндісі - гурт
болып ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс)
құнына сәйкес келсе, онда бұл толық кұнды ақшалар. Толық құнды еместері
биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:
Биметаллизм - жалпыға бірдей зквивалент ролін екі немесе одан да көп
металл атқарады, яғни айналыста алтьн және күміс монеталар пайдаланылады.
Монометаллизм - жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл
түрі (алтын, күміс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесі.
Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда
бола бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шықты. Кағаз акша
айналысьндағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз
ақшалардың әр түрі болып табылады.
3. АҚШАНЫҢ НОМИНАЛИСТІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАҒАЗ АҚШАЛАР, ОЛАРДЫҢ АЙНАЛЫС
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс-
әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты
металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс кұралдарына
жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды.
Номинализмнің ңегізгі ережесі темендегідей:
• ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен
тауарлардың айырбас кұны анықталады;
• бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.
Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара
отырып, оларды техникалық айырбас кұралы ретінде қарастырады.
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:
1. Металл ақша айналысы өте қымбат больгп келеді және калитализмнің
дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс
құралдаръна деген шаруашылықтьң кажеттілігінен әлдекайда төмен.
2. Монеталардың тозуы және бүлінуі.
3. Мемлекеттік билік (ремедиум) пен жалған монеталарды жасаушылардың
монеталарды бұзуы.
4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды. Қағаз
ақшалар акшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан біртіндеп бөлінуі
нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.
4. НЕСИЕ АҚШАЛАР
Несие ақшалар - бұл несие негізінде алтының орнына келген құнның
кағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы
қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және "төлем құралы формасы ретінде
өмір сүрудің меншікті формасын алады".
Несие ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несие
карточкалары жатады.
Вексель - бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға)
вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді
талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі карыз міндеттемесі.
Вексельдер жай және аудармалы болады. Жай вексельді (соловексель)
қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі
бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі
(тратта) кредитор - вексель берушінің (трассанттьң) үшінші тұлғаға қарыз
алушыға (трассатқа) векссльде көрсетілген соманы төлем уақьты келгенде
(ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат төлеуге келісімін көрсететін,
оның койған қолы түріндегі акцептен соң ғана тратта бойынша борышқор болып
саналады. Вексель бойынша төлем авальмен (вексельдік тапсырма) қамтамасыз
етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде және аллонжда (косымша бетге) "аваль
ретінде саналсын" деген жазу болады.
Қазақстанда несиелік вексель республика ішіндегі шаруашылықаралық
есепке алу нәтижесінде пайда болды, яғни қалыптасқан несиелік қалдық
есебінен кәсіпорындарға салық, жалакы, мерзімді және төлеу мерзімі өтіп
кеткен банктік қарыздар бойынша есептеуге рұқсат берілді, ал қалған сома
жеке шотта сақталады. Осы сомаға кағазсыз вексель рәсімделді.
Үкіметтің 3 ай мерзімге арнап шығарған қазыналық векселі. Ол номинал
бағасы бойынша банкке сатылып, уақыты жеткенде номиналдық кұны бойынша
қайта сатып алынады.
Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады..Банкнота өзінің
мәні жағынан - бұл банкирге арналған вексель болып табылады. Яғни,
классикалық банкнота екі жакты қамтамасыз етілген: вексельдік (тауарлык)
және алтындық (банктің алтын коры). Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі
фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген).
Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке
қайтарылып отырылады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақшалар алтынмен қамтамасыз етілмеген.
Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана занды төлем құралы болып
табылады.
1993 ж. біздің республикамызда шығарылган теңге қағаз және несие акша
- банкнота болып табылады, себебі олар Қазакстан Республикасының Ұлттық
банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен
қамтамасыз етіледі.
Банктік салымдар мен колма-колсыз есептеулер негізінде кұрьлатын
депозитті акшалар айналысы чекпен байланысты.
Чек - бұл шот иесінің чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша
сомасын колма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйырығы.
Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай
чек бойынша банктен колма-кол ақшалар алынады. Клиент есеп айырысу чек
кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы
негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша каражаттарын есептеп шығарады және
шотта сақтайды. Сатып алынған тауарлар (қызметтер) сомасына чек жазып беру
арқылы есептеседі, бірақ депонирленген сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-
кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады, осыдан барып көрсетілген сома
өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады. Содан соң осы чек төлеушінің
банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекте көрсетілгсн сома альнады. Сөйтіп
чек - несие ақша ретінде колданады.
Қазакстан Республикасында чектерді пайдалану 1993 ж. тоқтатылды.
Оның себебі: жалған чектердің пайда болуы; коммерциялық
банктердің корреспондентгік шоттарында дебеттік қалдықтьң болуы және т.б.
Әлемде пластикалық карточкалардьң оннан аса дебеттік және кредитгік
түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-кол
ақша алу, бөлшек сауда ессптеу үшін және
5. АҚШАНЫҢ САНДЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ АЙНАЛЫСТАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстің ашқан ақша айналасының заңымен
реттеледі. Айналысқа кажетті ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға
арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс
жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді.
Айналысқа кажетті акша санының формуласы төмендегідей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің
ғалымдары, келесідей тепе-тендікті белгіледі:
РҮ =ТУ + ОV΄
мұндағы: Р - бағаның жалпы деңгейі;
Ү - өндіріс көлемі;
Т - ақша белгілерінің саны;
О – депозиттер;
V жэне V΄ -ақшанын жэие депозиттін айналыс
жылдамдығы.
Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті ақшаның
жалпы көлемін қысқартады. Бұл, қарыз міндеттемелерінің көп бөлігі қарыз
талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу арқылы жабу жолымен
түсіндіріледі. Айналыстагы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі
формуламен беріледі:

Тб.с. – Нт.б.с.+ Тс – От.м.с.
Ас = ———————————— +АР,
А
Ас - төлем құралы және айналыс кұралы ретінде кажетті ақша
саны;
Т б.с. - тауар бағасының сомасы;
Нт.б.с - несиеге сатылған тауар бағасының сомасы;
Тс - қарыз және басқа міндеттемелер бойьнша төлем сомасы;
Өт.м.с - өзара ессптескен талаптар мен міндеттемелер сомасы;
АР - ақша резервтері;
А - ақшаның төлем және айналыс кұралдары ретіндегі айналымның орташа саны.
Ақша массасының құрамы сол елдің ңесие-акша жүйесімен анықталады.
М1 ақша агрегатына қатысты бірегеи көзқарас бар, оған айналыстағы нақты
ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. М2 және М3, агрегаттарды
анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар. Франциада М2-ге
М1-мен коса, 4 жылға дейінге мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ
шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-ғы
банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резиденттерінің
еуродолларларын; Ұлыбританияда чек шығаруға болатын
депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.
М3 агрегаты және М1-ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай
активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің
депозиттік сертификаттарын; Германияда - жмнақ депозиттерін; Ұлыбританияда
- мерзімді депозитті сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен
сертификаттарды жаткызады.
Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша каражаттарының құрьлымына
мән беретін болсақ, онда ол төмендегідей:
М0 - айналыстағы қолма-кол ақшалар;
М1 - өзіне - М0-ді косады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп
айырысу немесе басқа депозиттік шоттарындагы қаражаттардың қалдықтары,
капитал салымдарын қаржыландыру бойынша заңды тұлғалардьң шоттарындағы,
ұзак мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы, чектік
және аккредитивтік шоттардағы каражат қалдықтары, халықтың және заңды
тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары және т.б. жатады;
М2 - өзіне М1-ді қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың
мерзімді салымдарын қамтиды:
М3 - М2-ге мемлекеттік займ облигацияларын қосу.
Ақша агрегаттарының құрылымы ақша нарығы құралдарының дамуымен
өзгереді.
Ақша кассасының көбеюі бірнеше каналдар бойынша жүреді:
• Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен;
• Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуы жолымен;
• Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік бюджет тапшылығын
жабу үшін несие беруі арқылы;
• Орталық банктің бағалы металдарды, шетел валюталарын және
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
• коммерциялық банктердің салымдары жұмылдьру негізінде
чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен (депозиттер
негізінде несиелік ақшаларды шығару);
Ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша-несие саясатымен
тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуін сактау
екенін көреміз. Мақсатты белгілеуде Орталық банк келесі көрсеткіштерді
ескереді:
• нақты бейнелеудегі Ж¥Ө-нің болжанатын өсімі;
• жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін (жылдық ЖҰӨ
номиналдық шамасының орташа жылдық ақша массасына қатынасы, біздің
жағдайымызда Д2-ге) жылдамдығы;
• жоспарланған кезеңдегі инфляцияның максималды рұқсат етілген
денгейі;
Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық
потенциалының болашактағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере
отьрып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.
6. АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК, ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын
ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық
ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы
"Қазақстан Республикасы ¥лттық банк туралы " Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша
айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми акша
бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау
тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі келесі элеметтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан
кұралған 1 теңге болып табылды.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста
қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР акша белгілері болып
олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне кабылданатын банкноттар
мен монеталардан кұралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады
және барлық активтермен камтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын
ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің колма-қолсыз ақша
эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге
асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем кұралы болып табылатын: қағаз жэне несие
ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне
қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика пәнінен дәрістер
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Отбасы құқығы ұғымы
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Оқыту тәжірибесінің мақсаты
Диплом алдындағы тәжірибе нәтижелерінің есебі
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеграфия ғылымының дамуы. Генеология. Хронология
Құнды қағаздар нарығының құқықтық ретеуі жалпы бөлімі
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Пәндер