Нарықтық экономика жағдайында Бизнес-жоспардың тиімділігін анықтау ТШО ЖШС мысалында


Мазмұны
Кіріспе. 5
1 Нарықтық жағдайда экономиканы басқарудың теориялық негіздері9
1. 1 Нарықтық экономиканың теориясы. ……. 9
1. 2 Нарықтық экономиканы басқару. …14
1. 3 Нарықтық экономиканы іске асырудағы бизнес-жоспардың алатын орны. . 20
2 БК «Теңізшевройл» ЖШС-нің нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспарды пайдалануы жӘне экономикалық тиімділігін талдау . . . 30
2. 1 БК «Теңізшевройл» ЖШС-нің Қазақстан экономикасында алатын орны және шаруашылық қызметіне сипаттама. 30
- БК «Теңізшевройл» ЖШС-нің 2005 - 2009 жылдарға жасақталған бизнес-жоспарын талдау . . . 45
- БК «Теңізшевройл» ЖШС-нің 2005 - 2009 жылдарға жасақталған бизнес-жоспарындағы экономикалық тиімділіктерін бағалау. . 72
3 КӘсіпорынның бизнес - жоспарларын дайындау жӘне іске асыру жолдарын арттыру. 84
3. 1 Кәсіпорынның бизнес-жоспарының экономикалық тиімділіктерін арттыру бағыттары84
3. 2 БК «Теңізшевройл» ЖШС-нің бизнес-жоспарын жетілдіру жағдайлары. . 89
Қорытынды. 98
Пайдаланған Әдебиеттер тізімі. …. 101
Кіріспе
Отын энергетикалық комплекс әр елдің шаруашылығында өзіндік ерекше рольге ие, отын - энергетикалық өнімдерінсіз экономикалық қызметтердің болуы мүмкін емес. Бастапқы энерго ресурстарды өндіру мен тұтынудың жалпы көлемі бойынша бірінші орында мұнай, содан кейін көмір және газ тұр. Мұнай соңғы тұтыну үшін екінші ретті өнімдер ретінде, оның негізінде бензин, керосин, дизель отыны, мазут, түрлі майлар және т. б. газ және сұйық түрінде мұнай фракциялары мұнай химиялық өнеркәсіпке кеңінен пайдалану үшін, көмірсутектің негізгі және жартылай өнімдерін алатын бастапқы энергоресурс. ХХ - ғасырдың екінші жартысында мұнай өндірісінің жылдам өсуі оның физикалық және технологиялық артықшылықтармен ерекшеленеді:
- жылу туғызғыштығы жоғары;
- жанудың үлкен жылдамдығы;
- мұнайдан көмірсутектің кең шеңберін алу мен өңдеудегі оңайлылығы;
- мұнайды пайдалану экологиялық жағынан қауіпсіздеу;
- көптеген мұнай өнімдерінде мұнайға тән ерекшеліктер болады.
Еліміздегі мұнай өндірісінің өсуіне көптеген экономикалық және географиялық жағдайлар әсер етеді:
- капитал салымдылық пен өндірудің өзіндік шығындарының көмірмен салыстырғандағы төмен болуы;
- геологиялық шарттар мен ұңғылардың тереңдігі, қорлардың ірі жерқыртысында шоғырлануы;
- мұнайдың ағындылығы оның өндірілуін, тасмалдануымен тиелуін жеңілдетеді.
Мұнайдың және оның негізінде алынатын өнімдердің технологиялық-экономикалық артықшылықтары, әлемдік шаруашылықтағы мұнай және мұнай өндіруші өнеркәсіптің ерекше ролін арттырады. Мұнай және мұнай өнімдері стратегиялық ресурстардың маңызды түрі болып келеді және ол алдағы уақыттарда бола бермек.
Осы кезеңдерде мұнайдың экспорттық және импорттық операциялары саласында төмендегідей әлемдік мұнай нарықтары құрылды:
- Солтүстік - Батыс Европа нарығы;
- Орталық және Шығыс Европа нарығы;
- Жерорта теңізі нарығы;
- Азия - Тынық мұхиты аймақтарының нарығы, Қытайды қоса алғанда;
- Персит түбегі нарығы.
Мұнай және газ өндіру саласы бұл - ұлан байтақ егемен еліміздің берекелі беделі болып саналады. Осыған орай ел экономикасында мұнай-газ өндірісінің алатын орны ерекше. Нарықтық экономикада мұнай - газ саласындағы кәсіпорындардың шаруашылықты басқару мен ұйымдастыру қызметі зор мәнге ие.
Экономика саласын дамытудың Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиясында белгіленген қарқынын қамтамасыз ету үшін отандық товар өндірушілерді қолдау қажет екендігі белгілі. Бірінші кезекте экономикалық өсудің негізгі көздері болып шешуші және басым салалары мен әрекет етуші кәсіпорындары анықтау болып табылады.
Жоспарлау мен болжау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара тепе - теңдігіне байланысты процесстер мен экономикалық заңдардың ерекше көріністерін зерттейді. Бұл ғылымның мақсаты - экономикалық заңдарға сүйене отырып, халық шаруашылығын дамытудың жоспарына болжау жасау және оны жүзеге асыру жолдарын көрсету. Осы міндет орындалғанда, бір жағынан, экономикалық заңдылықтардың дұрыс ескерілуі, екінші жағынан, олардың іс - тәжірибеде қолданылуы қадағаланады.
Жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизімінсіз сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды. Нарықтық қатынастар қаншама еркін, өз бетінше қалыптасады делінгенімен, барлық елдерде экономикалық даму жолдары жоспар бойынша анықталады. Әрине, бұл жоспар тікелей бұйрық немесе директива болмауы тиіс.
Кәсіпорынның бизнес - жоспары бұл жоспарланған өндірістік процесс бола отырып, өндірістің қызметін алдын - ала болжау шамасы болып табылады. Кәсіпорынның бизнес - жоспары әр мекемеде әртүрлі бағыттарға жасақталады.
Кәсіпорында бизнес - жоспар құрудың негізгі мақсаттарының бірі болып, өндірістік процесті дұрыс ұйымдастыру, жұмыс тәртібін қадағалау, жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз ету, табыс көзін молайту, жалпы кәсіпорын қызметін жақсатру және таза пайданы жоғарлату болып табылады.
Осы дипломдық жұмысымның тақырыбы «Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспардың тиімділігін анықтау» мұнайгаз өнеркәсібіндегі мекемелердің материалдық техниқалық базасының жағдайын зерттеуде, оларды жоспарлауда аса маңызды орын алады.
Дипломдық жұмыстың объектісі - БК «Теңізшевройл» ЖШС - гі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мұнайгаз өнеркәсібіндегі мекемелердің (БК «Теңізшевройл» ЖШС-нің мысалы ретінде) бизнес-жоспардың тиімділігін анықтау және оған экономикалық баға беру болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, яғни жалпы, негізгі, жетілдіру тарауларынан және қорытындыдан тұрады. Дипломдық жұмыстың жалпы бөлімдерінде БК «Теңізшевройл» ЖШС өндірістік-шаруашылық қызметіне баға берледі, БК «Теңізшевройл» ЖШС - нің 2005 - 2009 жылдарға жасақталған бизнес-жоспарының тиімділігі анықталып, талдау жасалады, оған экономикалық баға беріледі.
І Нарықтық жағдайда экономиканы басқарудың теориялық негіздері
1. 1 Нарықтық экономиканың теориясы
Нарық қатынастарының зерттеуін экономикалық теорияның классикалық мектебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған Адам Смит пен Давид Рекардо жатады. Адам Смит нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет «өзінше жүре берсін» саясатын жүргізгені абзал. Нарықтың өзі ұлы үйлестірушісі болып саналады. Нарықтық тепе-теңдік жай адам негізінде жүзеге асады-пайдаға мүдделі және еркін бәсекенің болуы. А. Смиттің ойынша, адам нарықта өз пайдасын көздей отырып, «қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жиірек қызмет жасайды».
Батыс мемлекеттері шаруашылық саласындағы саясатты анықтайтын, қазіргі әртүрлі экономикалық теория мен мектептердің шартты түрде екі бағытын бөліп қарауға болады: біреулері сұранымды ынталандыруды жақтаса, екіншілері - ұсынымды құптайды.
Бірінші бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс болып табылады. Оның басты еңбегі - «Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1936 жыл) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымын ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құтқарады деген тұжырымға келді. Жұмыстылық деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж. М. Кейнстің жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылынан 80-ші жылына дейін «кейнстіліктің» әсерінен нарықты реттеу жүйесі жүзеге асты. Дж. М. Кейнстің ізбасарларына француз «дирижистерін де» жатқызамыз. Олардың ойынша, экономиканың өзін-өзі реттеуі автоматты түрде жүзеге асатынына сенімін жоғалтқан. Олардың басты жоспарлайтын нәрсесі макроталдау болды. Экономиканың негізін жалпы нәрселер құраған: мысалы, ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, жиынтық қоғамдық, сұраным мен ұсыным мәселелері және т. б. Экономиканың тиімді дамуын бұл бағыттағы экономистер мемлекеттік реттеумен байланыстырады. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың көптеген бөлігін алып, оны тиімді сұраным мен толық жұмыстылықты қамтамасыз етуге қолданады: экономикада мемлекеттік сектор ұлғаяды, қосымша жұмыс орындары дайындалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесі (зейнет ақы, жәрдем ақы, білім мен денсаулық сақтауға қаржылар т. б. ) іске асады. Осы бағытты қолдайтын экономистердің ойынша, экономиканың дамуына мемлекет басты бағыттаушы күшке айналып, оның көмегімен нарықтың келеңсіз жақтары баяулайды.
ХХ-шы ғасырдың жетпісінші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен кәсіпкерліктің белсенділіктің бәсендеуі А. Смиттің мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі идеясына алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен экономикалық теорияда жаңа бағыттар туа бастады. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды ынталандыру идеясына тілге тиек етті. Олардың ойынша, нарық механизмі, бәсеке негізінде өсуді баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс жаңдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл «неоклассикалық» немесе «неолибералдық» бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынталандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік амортизаторлар сақталып, тегін қызмет көрсету сияқты әлеуметтік кепілдік жойылып, кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру және сол сияқты бой көтере бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс пен қоғамдық әл-ауқаттың қарқынды өсуіне алып келеді.
«Необерализмнің» белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес (1881-1973 жж. ), Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридмен (1912 ж), Германияда - Фредрих Август Фон Хайекті (1899-1964 жж) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық теорияның қазіргі вариантынан осы бағытқа «монетаризмді» айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы - экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру.
Негізгі екі бағыттың іштей дифференциацияланудың өрбуі осы бағыттардың өзара жақындасу тенденциясын тудырады. Осы тенденцияның айқын көрінісін американ экономисі Пол Антонн Самуэльсонның (1915 ж) «неоклассикалық синтез» теориясы болып табылады. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше, «еркін бәсекеде адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен - нәтижесінде аралас экономика пайда болды. «Таза еңбекпен қамту» жағдайында «шекті пайдалылық» және шекті өнімділік» теориясында баяндалған классикалық принциптер өзінің заңды күшіне ие болып, ол П. Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы ретінде қарастырылған.
П. Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж) негізгі тұжырымдамаларын қосқан. Дж. Гелбрейт ғылыми-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері - үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісіміне, ірі корпарация мен кәсіподақтың мәмлелеріне ерекше мән берген. Бұл ұсыныстардың басты мақсаты - мемлекеттік бақылауды күшейтіп, әлеуметтік епті тәсілін кеңірек қолданып, әлеуметтік қақтығыстарды бәсеңдету.
Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырады: жеке тұтынушы мен өндірушілер нарық арқылы өзара іс-әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені шешуді мақсат етеді. Оларға: нені, қалай және кімге өндіруді жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз.
Нені өндіру? Тұтынушы кез келген тауарды таңдау арқылы өз дегенін жүргізеді. Егер сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу алатын болса, онда ол тауарға баға өседі. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалық тәртіпке шақырады. Нарықтық шаруашылық механизімінің іс-әрекеті автоматты сипат алып: туарға сұраным өссе, баға көтеріледі. Және тауар өндіруші өндіріс көлемін ұлғайтады.
Қалай өндіру? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өндірушінің бірғана соқпағы бар - арзан әрі сапалы өнімді шығару. Мұндай өнім қандай тауар өндірушіде болмақ? Әрине, өндірісте ; ТП элементін кең қолдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеген, білікті кадрлары бар тауар өндірушілер болады. Нарық өндіріске ҒТП-ті ендіріп, тұтынушыға баға мен сапасы көңілінен шығатын өнімді шығаруға өндірісті барынша итермелейді.
Кімге өндіру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымын арақатынасымен байланыстырылып түсіндіріледі. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы, оның табыс деңгейі және т. б.
Нарықтық механизм идеалды емес. Оның да келеңсіз жақтары баршылық: әлеуметтік жіктелу, дәрменсіздерге қаталдығы, әсіресе банкрот болғандарға, жұмыссыздықтың болуы. Бұл келеңсіздіктері оның жетістігімен көмкеріліп отырады. Қоғам нарықтық қатынастардың келеңсіз салдарын амортизациялауды үйреніп, оны бағаны реттеу, салық жүйесі негізінде табысты қайта бөлудің үлестірудің көмегімен іске асырады. Сондай-ақ бюджеттік қаржыландырудың арқасында жұмыскерлердің біліктілігін артырып, жұмыссыздарға жәрдемақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастырады.
Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі болған емес. Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүреді. Және көптеген факторларға тәуелді: меншік түрлерінің көп болуы; нарықтағы шаруашылық субьектілерінің қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай болып, тәуелсіз әрі өз-өзінше болуы; тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекелестігі; өнімге бағаны контрагенттердің қою құқықтығы; керекті инфрақұрылымның болуы.
Нарықтық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым- экономистерінің нарық жайлы пікір біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп көрейік.
«Нарық - белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндірістік факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым».
«Нарық - тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы».
«Нарық - сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді».
Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе, сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субъекті болып табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар-ақша, нарық байланыстары сату-сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді. Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экономикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы - ақша қатынасы болатындығы айқындалады.
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.
Нарық туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Н. Ә. Назарбаевтың бағдарламасында қаралып, еңбегінде баяндалған. Бағдарламада тез әрі бір мезгілде барлық саланың рынокқа өтуі тәсілі құпталмай, қажетті салдарлар туған кезде байыппен өту курсы мақұлданған. Кәсіпорын мен салалардың шаруашылық қызметінде мемлекеттің тікелей реттеу элементін реформа көмбесінде сақтай отырып, басқарудың қатаң, орталықтанған жүйесін нарықтық қатынастармен ауыстыру көзделген. Аралас әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономиканың қалыптасуы стратегиялық мақсат ретінде қаралып, ол меншіктің әр түрлерімен (жеке және мемлекеттік) ымыраласуы және өзара іс-әрекетті бәсекелестікке негізделеді. Стратегиялық мақсатқа 15-20 жылдың ішінде негізгі үш кезеңге бөлу арқылы қол жеткізілмек: алғашқы үш жылында (1992-1995 жж. ) экономиканы тұрақтандыру межеленген, тұтыну нарығын қалпына келтіріп, меншіктің көп бөлігін мемлекет иелігінен алу көзделген; мұнан кейінгі 7-10 жылда экономиканың шикізаттық бағытын жоюда ірі қадам жасау және инфрақұрылымды дамыту, оған қоса дамыған тауар, капитал, еңбек нарығын қалыптастыру; онан соң 5-7 жылда жаңа индустриялды елдер қатарына қосылып, экономиканың ашық түрін қарқынды екпінмен дамыту.
1. 2 Нарықтық экономиканы басқару
Нарық - тауарлық айырбас. Қарапайым нарық формасы сатушы ретінде тауар өндірушінің өзі әрекет етіп, ал келісім тікелей айырбас түрінде жүзеге асырылу жағдайларымен сипатталады. Тауарлық нарықтан бертін келе дами отырып, мамандану процесіне ұшырады. Бөлшек сауда нарықтары, көтерме сауда нарықтары пайда болды. Тауарлық нарықтармен қатар тәуелсіз қызмет көрсету нарықтары пайда болды. Ақшалай тауарды сату-сатып алу ақша айналымын тудырды.
Қазіргі нарықтық механизм - ұлттық кірісті тарату, жиынтық қоғамдық өнімді өндіруге, мемлекеттің экономикасындағы маңызды міндеттерді шешетін шаруашылықтың күрделі жүйесі.
Егер ерте кездегі нарық эквивленттік тауар айырбасымен сипатталса, қазіргі кездегі нарық модификацияланған, барлық ерікті жартылай монополияландырылған сауда операциясын қамтиды.
Қазіргі кезде адамзат қоғамының индустриалдықтан постиндустриадыққа және ақпараттық қоғамға көшуі. Осы өту құбылысындағы алдағы кездегі байқалатын басты нәрсе - болашақ технологиясы саналатын компьютерді, гендік инженерия және т. б. кеңінен ендіру болып табылады.
Әлемдік қауымдастыққа енетін елдерде 80-шы жылдары басқарушылық ойдағы қалыптасқан көзқарасты жоюға қарқынды күш-жігер жұмсалды.
Әлемдік нарықта бәсекелестьіктің тез күшеюі және технологиялық ұйымдық жаңалықтарының жиілігі мен көлемінің ұлғаюы кезінде алғы шепте өз жағдайын сынай білген әрі олқылығын дұрыс есептеген фирма басшылары артықшылыққа ие болады. Олар басқарудағы тиімді саналатын бұрынғы көптеген көзқарастарды жоюға және өз ұйымының, ондағы жұмыскерлердің келешекте жақсы болуы тұрғысынан қайта қарайды.
Нарық - бұл кәсіпорынның өзінше жұмыс жасауы, сондықтан да барлық жоспарлы-экономикалық шешімдер кәсіпорын иығына жүктеледі:
- Ақпараттың қағаздық легі қысқарады: барлық керекті ақпаратты нарық коньюктурасы жедел көрсете алады;
- Кәсіпорындар арасында өзара ақпаратпен алмасу қажеттілігі туындайды;
- Ондай мәлімет беру сан алуан тауарлар жинағын ұлғайтады.
Бүкіл әлемді бір мәселе қатты толғандыруда: бүгін және ертең қандай басқару қажет? Бұл мәселе барлық адамзатты толғандыруда: ақпараттық дәуірге енген шет елдерді де және нарықтық қатынас дәуіріне алғашқы енген елдерді де. Бастықтар көп болғанда не болуы мүмкін? Қандай бастықтар керек? Көшбасшы ма әлде жетекші ме? Егер сен лидер болсаң, онда басқаша жетекшілік жасағаның дұрыс. Бүгін адамдарды қалай басқаруға болады? Дәстүрлі емес басқару жүйесіне қажеттілігі себептерінің әр түрлі болғанымен, оның мағызы біреу-ақ: бастыста да, бізде де және ТМД елдерінде басқарудың дәстүрлі ескі тәсілі жаңа өндірістік қатынастарға сай келмейді.
Қазіргі өндірістің бұрынға дәстүрлі, икемсіз, жалпы, жаппай көпшілік түрлерінен айырмашылығы - оның жоғарғы икемділігі, жоғарғы ептілігі өнімнің ұсақ сериясы және арнайы жоғарғы деңгейі, өнімнің тұрақты жаңалануымен сипатталады. Осыдан келір дәстүрлі басқару түрлері - түпкілікті тұтынушыны жеткілікті ескірмей, жаппай көпшілік өндірістің жалпы көрсеткіштерге бағытталуы - бүгін өзін ақтамай отыр. Айта кететін нәрсе әдетте жоспарлы нұсқаулы жүйеге жаппай, жалпы, ірі, икемсіздеу өндіріс тән болды. Ол жоғарыдан нұсқаулы, жоспарлы тапсырмаларды беру арқылы басқарылды. Осындай автоматтылыққа құрылған организмдер кәсіпорында дағдылы түрде өзінің қызметін атқарады.
Нарықтық қатынасқа көшу, мемлекеттің толық тәуелсіздігі өзін-өзі басқару тәсіліне ерекше мән беруді талап етеді. Бәсекелестік күресте өмір сүру үшін кәсіпорынды дәстүрлі емес жаңаша басқаруды үйрену керек. Әсіресе тауарды шығаратын әрі оны өткізумен айналысатын адамдарды басқара білген жөн. Нарық кезінде кәсіпорын мамандарында көптеген жаңа қам-қарекеттер пайда болды: тауар нарығын, капитал нарығын, жұмыс күші нарығын және т. б. білу қажеттілігі.
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде басшыға жаңа технологияны білу ғана емес, сонымен қатар басқару тәсілін, яғни менеджмент технологиясын меңгеру қажет.
Менеджмент - бұл басқарушылық еңбектің мазмұны мен сипатын қарайтын ғылым.
Басқарушылық қызмет төмендегідей істердің атқарылуын қарастырады:
- кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
- ранг дәрежесін байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;
- басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және солш ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;
- алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.
Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджментті бірнеше деңгейге бөледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz