Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің есебі және талдауы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 8
1 Кәсіпорының инвестициялық қызметін ұйымдастырудың негізгі теориялық әдістері
1. 1 Инвестицияның ұғымы, түрлері және жіктелуі . . . 17
1. 2 Инвестицияны қаржыландыру көздері . . . 25
1. 3 Қазақстан Республикасы инвестициялық қызметті реттеудің құқықтық-нормалары және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат . . . 11
2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің есебі
3. Кәсіпорындағы инвестициялық қызметінің талдануы
3. 1 Инвестициялық жобаны талдаудың әдістері . . . 53
3. 2 Инвестициялық талдаудағы-таза келтірілген құнның критерийлері (NРV) және өтеушілік, рентабельділік . . . 55
3. 3 Инвестициялық тиімділікті талдау және қаржылық коэфиценттер . . . 58
Қортынды . . . 64
Пайдаланған әдебиеттер көздері . . . 66
Тіркеме-1 . . . 68
Тіркеме-2 . . . 69
КІРІСПЕ
Нарықтық экономиканың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілерден бір жағынан олардың бәсеке қабілеттілігін арттыруды, ал екінші жағынан динамикалық құбылмалы экономикалық орта жағдайында олардың қалыптасуының беріктілігін талап етеді. Қоғамның және жеке шаруашылық субъектілерінің дамуы ұлттық мүлік, сәйкесінше пайданың өсуін қамтамасыз ететін материалдық құңдылықтардың өндірісін өсіруге негізделеді. Осы өсімді қамтамасыз ететін бірден бір негізгі құрал болып инвестициялық қызмет табылады.
Инвестициялық қызмет ақша қаржыларын, мақсатты қаржы салымдарын, басқа да құнды қағаздарды, технологя, машиналарды, қондырғыларды, жабдықтарды, лицензияларды айтады.
Инвестициялық іс-әрекет субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмыс орындаушылар, инвестициялық іс-әрекет объектілерін пайдаланушылар, жабдықтаушылар, банктер, делдалдық қызмет көрсететін ұйымдар, т. б. табылады.
Инвестициялаудың маңызды салаларына өнеркәсіптік өндіріс кешендері, ауылшаруашылық және отын-энергетикалық кешендері жатады. Бұлардың ішінде жоғары үлеске ие болып отырғаны өндірістік кешендер, өйткені шетел күрделі қаржы салымдарының басым бөлігі осы бағытта жұмсалады.
Елдің инвестициялық қызметі оның жалпы шаруашылық қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі кездегі өндіріс үшін ұдайы өсіп отыратын капитал сыйымдылығы мен ұзақ уақытқа созылатын факторлардың өсуі тән. Ел экономикасындағы салалар тиімді қызмет етіп, өнім сапасын арттырып, бәсекелестік қызметін жоғарлатып, нарықтағы өз позицияларын қайтару үшін капиталды тиімді салуы қажет. Сондықтан, республикамыздың экономикасына инвестициялар тартылып, инвестициялық стратегиялар талданып және әрдайым жетілдіріп отыруы қажет, сонда ғана ол жоғарыда айтылған мақсаттарға жете алады.
Инвестициялық жобаларды қорғау тәжірибесі өндірісті ұлғайтудың экологиялық мәселелерін қоғам өткір кабылдайтындығын көрсетті. Осы орайда экологиялық мәселелер кәсіпорындағы жаңарудың салдары емес, керісінше, әрекет етуші өндірістің қанағаттанарлықсыз жағдайының нәтижесі екендігіне мысалдар көп. Сондықтан, жаңаруларға қойылатын қатаң талаптар инвестицияның ғылыми ауқымдылығын, табиғатты қорғау комплексіне күрделі қаржыны керек етеді.
Инвестицияның тиімділігін анықтаудың мәні өте зор. Себебі, кәсіпорынның құлдыраған өндірісін жандандыру үшін немесе әрекет етуші өндірістік процесті әрмен қарай дамыту үшін ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сай жаңалық еңгізу аса қажет, яғни күрделі жобалар жасауға тура келеді. Сондықтан, нарық жағдайында ұтылмас үшін кәсіпорын сол жобаның тиімді не тиімсіз екенін өздігінше болжайды.
Тиімділікті тәжірибе жүзінде анықтау үшін сандық көрсеткіштер жүйесі мен түрлі формулалар қолданылады. Осы салыстырмалы тиімділік пен жалпы экономикалық тиімділікті, сондай-ақ қаржылық тиімділікті айта кетуге болады.
Нарықтық экономикадағы инвестиция табыс табумен немесе қандай да бір тиімділікке қол жеткізумен байланысты кез келген қаражат салымы. Инвестиция - бұл алға қойылған нәтижеге жету үшін жұмсалатын ресурс.
Бухгалтерия инвестициялық қызметің тиімді жақтарымен кірісінің есебін жүргізеді.
Осылайша инвестиция мәні инвестиция қызметінің екі жағын біріктіреді: ресурстар шығыны және нәтиже. Кез келген ресурстар шығыны, яғни инвестициялар ешқандай нәтижеге жеткізбесе, онда ол пайдасыз болады.
Ел экономикасына инвестициялық іс-әрекетті инвестицияларды жүзеге асыру бойынша практикалық іс-қимыл жиынтығы, инвестициялық іс-әрекет қаржы ресурстарымен шаруашылық ішіндегі резервтер арқылы, сондай-ақ инвесторлардың қарызға алынған және тартылған қаржы құралдары жүзеге асырылады.
1993 жылдан бастап кәзіргі күнге дейін елімізге тікелей келген инвестициялар көлемі шамамен 40 миллиард долларды құрайды. Оның ішінде 2001 жыллан ел экономикасына жыл сайын 4-4, 5 миллиард доллардан салынса, өткен 2004 жылы 8, 4 миллиард доллар шетелдік тікелей инвестиция тартылды. Біздің инвестициялық саясатымыздың арқасында 2002 жылы «Мудис» және 2004 жылы «Фитч» халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанға ТМД елдері арасында бірінші болып инвестициялық класс рейтингін берді.
2000 жылы Бүкіләлемдік Банк Қазақстанды инвестиция салуға неғұрлым қолайлы «Фитч» халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары Қазақстаннның экономикасы мен мемлекеттік қаржылары мұнай секторының қысымына және әлем рыноктарындағы мұнай бағасының өзгеруіне төтеп беретіндей неғұрлым қолайлы жағдайда тұрғанын атап көрсетті.
Салыстырмалы түрде алғанда, қысқа мерзім ішінде Шетелдік инвесторлар кеңесі беделді, тұрақты түрде жұмыс істейтін институтқа айналды, деп атап көрсетті Нұрсұлтан Әбішұлы.
Қазақстанның соңғы бес жылдағы жиынтық ІЖӨ-нің өсуі 50 пайыздан асып түсті.
2004 жылы ішкі жалпы өнім 9, 4 пайызға артты. 2004 жылдың қортындылары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі он миллиардтық межеден асып, 1 триллион 530миллиард тенгені құрады. Бұл 1998 жылдағыдан 6 есе дерлік, ал 1993 жылғы көрсеткіштен 200 есе көп.
Соңғы уаққыттары деп атап көрсеттіМемлекет басшысы, өңдеуші сектордағы инвестициялық қызмет жандана түсуде. Егер 1998 жылғы өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі капиталға салынған инвестициялар 44 миллиард тенге болса, 2004 жылы ол 150 миллиард теңгеге дейін көтерілді.
Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші болып экономикалық үрдістерді принципті түрдегі жаңа жүйесі- Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға кірісті. Өткен жыл бойына инновациялық инфрақұрылым негізінен қалау жөнінде шаралар қабылданды. Жүргізілген зерттеулердің Қазақстандық, өңірлік және әлемдік рыноктарда өсу әулеттеріне ие 23 сала іріктелінірп алынды. Бұл міндетті жүзеге асыру шетелдік және отандық инвесторлармен акрадағы әріптестік ынтымақтастық арқылы қам тамасыз етілетін болады.
Қазақстан әлеументтік -экономикалық дамуында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Дегенмен бұл әлі жеткіліксіз. Еліміздің алдында әлі қыруар іс тұр.
1 КӘСІПОРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасы инвестициялық қызметті реттеудің құқықтық-нормалары
Осы Заң шетелдік инвестицияларды Қазақстан Республикасының экономикасына тартудың басты құқықтық және экономикалық негіздерін белгілейді, шетелдік инвестицияларды қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін бекітеді, оларды жүзеге асырудың ұйымдық нысандарын, шетелдік инвеститорлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер:
1-бап. Негізгі терминдер мен ұғымдар.
Осы Заңдағы:
«Инвестициялар»-мүліктік қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда (кіріс) келтіру мақсатында инвеститорлар кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салатын интеллектуалдық меншікке құқықтардың барлық түрлері.
«Инвестицияларға байланысты қызмет»:
- бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар филиалдарын құру, бақылау, олардың жұмыс істеуі, ұсталуы және таратылуы;
- шарттарды жасасу мен орындау;
- интеллектуалдық меншік құқығын қоса алғанда, алуан түрлі мүлікті сатып алу, пайдалану және оларға билік ету;
- акцияларды, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарды сатып алу, шығару және сату;
- жерді және өзге де табиғи ресурстарды сатып алу, кепілге салу, оларды иесіздендіру және пайдалану құқықтарын қолданудың басқа да нысандары;
- басқа да мүлік құқықтарын алу;
- заемдар, несиелер, нысаналы банк және қаржы салымдарын беру;
- инвестицияларға байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет.
«Шетелдік инвестициялар»-шетелдік инвестор жасаған инвестициялар.
«Шетелдік инвестор»:
- шетелдік заңды тұлғалар;
- шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шет елде тұрақты тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасының азаматтар, бұл орайда олар шаруашылық қызматті жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты жері орналасқан елде тіркелген болуы керек;
- шет мемлекеттер;
- халықарлық ұйымдар.
«Ұлттық инвестор»- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жеке тұрға және (немесе) Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы
«Шетелдік заңды тұлға»-шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға (компания, фирма, кәсіпорын, ұйым, қауымдастық және т. б. ) .
«Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы»- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған заңды тұлға (соның ішінде шетел қатысатын кәсіпорын) .
«Шетел қатысатын кәсіпорын»- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және шетелдік кәсіпорын немесе бірлескен кәсіпорын нысанында іс-қимыл жасайтын заңды тұлға.
«Шетелдік кәсіпорын»- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, толығымен шетелдік инвесторға тиесілі шетел қатысатын кәсіпорын.
«Бірлескен кәсіпорын»- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, мүлкінің (акциялардың, үлестің) бір бөлігі шетелдік инвесторға тиесілі шетел қатысатын кәсіпорын.
«Кірістер»-пайданы, дивиденттерді, кәсіпорынды басқарғаны, техникалық қызмет көрсеткені үшін сыйақыны және заңды жолмен тапқан басқа да кез-келген табыстарды қоса алғанда, ақшалай немесезаттай нысандағы инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған қаражат.
2-бап. Шетелдік инвестициялардың объектілері
Шетелдік инвестицияларда Қазақстан Республикасының заң құжаттарында осындай инвесторларға тыйым салынбаған кез-келген объектілерге және қызмет түрлеріне салынуы мүмкін.
3-бап. Заңның қолданылу аясы
1. Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларға байланысты қатынастар осы Заңмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен реттеледі.
2. Заемдар, несиелер, нысаналы банк және қаржы салықтарын беруге байланысты, сондай-ақ шетелдегі ұлттық инвесторлардың инвестицияларына байланысты қатынастар арнаулы заңдармен реттеледі.
Егер еркін экономикалық аймақтар туралы заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, еркін экономикалық аймақтарда шетелдік инвестицияларды жүзеге асыруға осы Заңның қалыптары қолданады.
3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында осы Заңда белгіленгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Шетелдік инвестицияларға берілетін кепілдіктер
4-Бап. Шектелдік инвестицияның құқықтық рижимі
1. Шетелдік инвестициялардың кез-келген нысандары мен соларға байланысты, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында тыйым салынбаған қызмет осындай жағдайда Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының немесе заңды тұлғаларының, не өзге де кез-келген шетелдік жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың инвестицияларына қаншалықты қолайлы жағынан кем түспейтін жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Бұл режим:
а) басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларына осы мемлекеттермен, не халықаралық конвенцияларға сол мемлекеттермен бірлесе отырып қатысу арқылы жасалған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы беретін артықшылықтарға;
б) арнаулы заңдармен реттелетін мемлекеттік меншікті жекешелендіруге шетелдік инвесторлардың қатысуына;
в) Қазақстан Республикасының заң құжаттарында тікелей көзделген өзге де жағдайларда қолданылмайды.
3. Ұлттық инвесторлар жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен жауапкершілік, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, шетелдік инвесторға да қолданылады
4. Экономика мен әлеументтік саланың басымдық берілген салаларында шетелдік инвестициалар үшін Қазақстан Республикасы заңдарында қосымша жеңілдіктер белгіленуі мүмкін
5. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының заң құжаттарында шетелдік инвесторлардың қызметіне қойылатын немесе тыйым салынатын аумақтар белгіленуі мүмкін.
10-бап. Кірістерді пайдалану кепілдіктері
1. Инвестролар өз қызметінен алған кірістерді өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында тиым салынбаған басқа да мақсаттар үшін пайдалануға құқылы.
2. Инвесторлар кірістері мен басқа да қаражаттарын сақтау және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының банкілері туралы және валюталық реттеу туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы банкілерде ұлттық және шетелдік валютамен есепшот ашуға құқылы.
11-бап. Жеке валюта қаражатын пайдалану кепілдіктері
1. Инвесторлар валюта операцияларын осы Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген рәсімдерге сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төленген жағдайда, шетелдік инвестицияларға байланысты Қазақстан Республикасына және одан шетелдік валютамен ақша аударымдарының бәрі еркін және кідергісіз жүзеге асырылады.
Мұндай аударымдарға, атап айтқанда, мыналар енгізіледі:
а) кірістер
б) келтірілген зиян үшін алынған өтемдер мен төлемдер
в) өз мүлкін сатудан алынған қаражат
д) басқа да көздерден заңды түрде алынған қаражат
Шетелдік инвестор шарттасушылармен есеп айырысуды, резидент емес және резидент қызметкерлерге жалақы төлеуді, Қазақстан Республикасында валютаны қайта инвестициялауды шетелдік валютамен жүргізуге құқылы.
Шетелдік инвестор Қазақстан Республикасы аумағында өзіне тиесілі ұлттық валютаны еркін жұмсауға құқылы
19-бап. Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері және олардың қызметі
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік заңды тұлғаның филиалы оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тіркелген, осы заңды тұлға міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін атқаратын оқшау бөлімшесі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік заңды тұлғаның өкілдігі оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тіркелген, шетелдік заңды тұлғаның мүдделерін қорғайтын және оған өкілдік ететін оның атынан мәлеметтер мен өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасайтын оқшау бөлшемесі болып табылады.
3. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болмайды. Оларға өздерін құрған шетелдік тұлға мүлік бөледі және олар осы заңды тұлға бекіткен ереже негізінде іс-қимыл жасайды.
4. Филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын шетелдік заңды тұлға дайындайды және олар өздеріне берілген сенімхат негізінде іс-қимыл жасайды.
23-бап. Бухгалтерлік есеп және есеп беру
1. Инвестор Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ережелер бойынша, ал құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ шетелдік инвестициялар шыққан елде қолданылып жүрген, не халықаралық тәжірибеде қабылданған ережелер бойынша да бухгалтерлік есеп жүргізеді
және есеп береді.
2. Салықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген ережелерде көзделген тәртіп бойынша есетеледі.
3. Инвестор жылдық бухгатерлік балансты, пайда мен зиян туралы есепті және аудиторлық ұйымның қорытындысын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде есеп беру құжаттамасын табыс ету үшін салық және статистика органдарына жібереді [1] .
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат:
Инвестициялық саясаттың әлеуметттік-экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:
Үкіметттік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белгілі салалардың пайызымен қайтарылуын талап етеді) . Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды таратудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:
- Тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
- Донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;
- Елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
- Тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді. Мұның барлығы үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен қатар шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:
- Біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
- Шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;
- Акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;
- Банктік мекемелерді инвестициялау.
Қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда, яғни біріккен кәсіпорындарды делдалдық өткізу және сатып алу қызметі салалрында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.
2000 жылы қызмет етіп жатқан біріккен кәсіпрындардың жалпы саны 5388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 500-ден астам болды.
Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айнылам капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.
Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Дегенмен, бірқатар жағымсыздықтар да кездеседі, олар республиканың экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін қателердің пайда болуына ықпал жасайды. Олар мыналар:
- Бұрынғысынша донор үшін өте тартымды болып табылатын мұнай-газ саласы, қара және түсті металлургия, ақырғы нәтижесінде олар халық шаруашылығындағы жекелеген салалардың дамуындағы алшақтықтың ұлғаюына ықпал етеді.
- Шетел инвестицияларын осылайша орналастыру шетел инвесторларының (темекі, кондитерлік, маргарин өндірісі және т. б. ) қызмет етуін монополиялық тұрғыда бекітілуіне ықпал етті.
- Шетелдік тікелей инвестицияларын құрылымында үлкен үлесті - несиелер, займдар, ссудалар алып жатыр. Оларды негізгі инвестор кәсіпорыннан, филиалдар мен еншілес компаниялар алады. Мұндай фирмааралық инвестициялау қиындап бара жатыр. Соның салдарынан фирмааралық қарыздар қалыптасуда және ұсынудың қатаң жағдайлары кезінде коммерциялық несиелеу кеңейтілуде.
- Фирмааралық несиелерді қолдану, сонымен бірге бас компаниядан қаржылану көп жағдайда инвестициялаудың -өзінің көлеміне тең емес пайданың ауысуына әкеліп соғады. Мысалы, әлемдік тәжірибедегі шынайы салым жоспарланған инвестициялар саласының 20 пайызынан асқан жоқ, ал пайданы қайта инвестициялаудың бұдан кейінгі процесі
бухгалтерлік және басқа да әдістерсіз қаржылардың негізсіз ағылып кетуіне әкеліп соғады.
- Ел экономикасындағы өңдеуші емес, шикізат салаларын инвестициялау теріс жағдайларға әкеліп соғады, оладың ішінде ерекше орынды дивиденттер алады, олар саланың экспорттық көлемінің елеулі бөлігін құрайды. Бұл жағдайда кеден арқылы шетелге өнімнің едәуір көлемінің өтуі кезінде экспорттық валюталық түсім пропоционалды дәрежеде өспейді.
- Шетелдік инвестициялаудың басқа формаларымен салыстырғанда, тікелей инвестициялар ағымын қатаң түрде реттеу өте ауыр, нәтижесінде ол төлем балансы жағдайына белгілі дәрежеде әсер етеді.
Бүкіл әлемдік тәжірибедегідей, Қазақстан Республикасына тікелей шетел инвестицияларын тарту ұзақ мерзімдік болашақты айқындай алмайды. Тәжірибеде көптеген донорлар міндеттемелер шеңберін орындауға қабілетсіз болып келеді, тиісінше ол төлем балансына, жұмыскерлердің әлеуметтік тұрақсыздығы жағдайына әсер етеді. Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жағдайлар беріледі.
Экономикалық жағдайдың ауырлығы халық шаруашылығының бірқатар салаларын, ең алдымен қор қүрайтын салалар үшін аман қалудың қиын жағдайларын туғызды. Экономикалық түрғыда аман қалу үшін жазба өнеркәсібі саласы аз шығынды болғандықтан, ішкі де, сыртқы да инвестицияларды тарту үшін өте басымды болды.
КСРО кезінде де көрініс тапқан техника мен қүрал-жабдықтарды қолданылудың жоғары мерзімі, инвестициялык сүраныс қысымы-ның нәтижесінде негізгі қорлардың бұзылуы күшейді, ал негізгі қордың моральдық емес, табиғи тозуы 40% шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың өзіндік қаржылары инвестицияға деген сүраныс-ты 25-40% деңгейінде қанағаттандыра алды.
Елдегі қаржылық, несиелік жүйелер мен оның институттарының дүрыс қалыптасуы шетелдік капиталдың жаппай өктемдік жүргізуі үіпін қолайлы жағдайлар жасады.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесстерінің кезеңдері іс жүзінде меншік формаларының үдайы өндіріс процесстеріне әсер ете алмайды.
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белгілі бір ортақтықтың бар екендігін атап өтуге болады. Өйткені Қазақстанда жүргізілген 4 кезең төмендегідей нәтижелерге әкелді:
- реформалаудың бірінші кезеңі - инвестициялық жекешелендіру қорының(ИЖҚ) қалыптасуына және капиталдың үкімет кепілдемесі жағдай жасады.
- екінші кезең жекешелендіру процестерінің белсенді жүруін жәнеакциялардың мемлекеттік пакеттерінің 80%-ке дейіні шетелдікинвесторларға сатылуын қамтамасыз етті, осы уақытта төлемдердіңтөлебеуі және отандық тауар өндірушілердің банкротқа үшыраупроблемалары қат-қабат жүріп отырды.
- Үшінші кезең жекешелендіру процессінде республикалық нарықташетел банктердің ролін "тереңірек" өтті; нәтижесінде аргентиналық қателіктері болған, атап айтқанда: аз шығындыәдіс өңдеу, ғылыми технологиялар салаларының туындауына жағдайжасамай, керісінше дәстүрлі салалар экспортын кеңейту қүралдарыныңдамуына жағдай жасады.
1. 2 Инвестицияның ұғымы, түрлері және жіктелуі
... жалғасыИнвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz