Капитал қозғалысы ЖШС мысалында


Жоспары
1 Негізгі капитал мұнайгаз өнеркәсібіндегі мекемелердің материалды базасы ретінде
2 Негізігі капиталдың мәні, құрылымы және мекеменің шаруашылық қызметіндегі оның ролі
3 Мекеменің негізгі қорларының жіктелуі, бағалануы және тозуы
4. Мекеменің негізгі қорларын талдау
5. Мекеменің негізгі қорларын талдаудың теоретикалық-әдістемелік негіздері
6 Мекемедегі негізгі құралдардың құрамы мен динамикасын талдау
7 Мекемедегі негізгі құралдадың жағдайын талдау
8 Мекеменің негізгі қорлардын пайдаланудың тиімділгін талдау
9 Технологиялық қондырғылардың пайдаланылуын талдау
Кіріспе
Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметттік дамуының бағыт бағдарын айқындауда мұнай өнеркәсібі саласының алар орыны маңызды. Мұнай саласы республиканың тірегі деуге болады. Мұнай өндірісінің дамуы жоспардың орындалуына, өндіріске жаңа техника енгізуге, өндірістік қорғауға, еңбек және қаржы қорларына, инвестицияға, өндірістік процессті дұрыс ұйымдастыруға және басқаруға, өндіріс үзіліссіздігіне және сонымен бірге капитал салымы мен капиталдың мөлшеріне, айналымдылығына да байланысты болады.
Қазақстанның мұнай тарихының жарқын беттері Атыраудың көмірсутегі аймақтарында жазылған. Бұл өлкенің тұрғындары өте ертеден-ақ мұнайдың жиналған жерлерін, оның кейбір қасиеттерін білген.
2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясында өнеркәсіптің мұнай - газ саласына ерекше назар аударылады және 2007 жылғы ақпан айындағы “Жаңа әлемдегі - жаңа - Қазақстан” атты Президенттің жолдауында да, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету және халықтың өмірін жақсарту мақсатында ұзақмерзімдік басымдылықтар ретінде энергетикалық қорлады тиімді қолдануы анықталады.
Энергетикалық қорларды қолдану стратегиясы капитал мен капитал салымдарын және жаңа технологияларды тарту үшін ірі мұнай компаниялармен ұзақмерзімдік әріптестікке, көмірсутектік шикізат өткізілетін экспорттық құбырлар жүйесін құруға, өзіндік энергетикалық инфрақұрлымды қарқынды түрде құруға, қорларды экспортау нәтижесінде алынатын болашақ кірістерді тиімді қолдануға негізделеді.
Стратегияның негізгі бағыттары бойынша экономиканың бұл капитал секторын сауықтыру, барлық келісім-шарттар мен міндеттемелерді тәртіпті орындау әлемдік нарыққа энергетикалық қорларды жеткізудің бағыттары мен жолдарын анықтау, халықаралық сауданың дамуын қамтамасыз ететін тасымал және коммуникация объектілерінің құрлысы мен қайта құрлысын аяқтау, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назарды күшейту сияқты шара шегіндегі нақты мәселелерді шешу алдын алатын бір қатар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы анықталады.
Ел экономикасында мұнайгаз өнеркәсібінің ролі жер қойнауларынан қорлады алудың потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіеріледі. Бүгінгі таңда Қазақстан көмірсутегілерінің стратегиялық қорларын иеленуші және энергетиқалық қорлардың әлемдік нарықтың қалыптасуына ықпал ететін мемлекеттер тобына жатқызылады.
Мұнайгаз өнеркәсібіндегі өндірістік мекемелер шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру үшін белгілі бір мүлікке немесе активтерге ие болғаны жоқ. Активтер кіріс алу мақсатымен шаруашылық қызметте қолданылатын мекеме иелігіндегі белгілі мүліктік құндылықтар формасындағы экономикалық қорлар болып табылады. Шаруашылық процесске қатысу сипатына және айналым жылдамдығына байланысты мекеменің айналымнан тыс және айналым активтерін немесе негізгі және аиналым капиталын бөліп қарастырады. Негізгі капитал - ол шаруашылық қызмет процессіне бірнеше рет қатысып, өз құнын дайын өнімге біртіндеп аударатын мекеменің мүліктік құндылықтар жиынтығы. Негізгі капитал құрамына негізгі қорлар, материалды емес активтер, аяқталмаған капиталды салымдар, ұзақмерзімдік капиталды салымдар және т. б. активтер қамтылады. [32]
Осы дипломдық жобаның тақырыбы «Негізгі капиталдың құрылымын талдау және оны өнеркәсіпте жетілдіру жолдары» мұнайгаз өнеркәсібіндегі мекемелердің материалдық техниқалық базасының жағдайын зерттеуде аса маңызды орын алады. Өнеркәсіптің сол саласындағы өндірістік қорлар үшін негізгі өндірістік қорлар үлесінің абсолютті жоғары болғаны сипатты. Негізгі қорларды қолдану тиімділігінен қоғамға қажетті өнім өндірісінің көбейгені тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, рентабельділік пен пайданың өскені, өнімнің өзіндік құнының төмендегені тәуелді болады.
Жобаның мақсаты мұнайгаз өнеркәсібіндегі мекемелердің («Ембімұнайгаз» ААқ-ның «Жігермұнайсервис» ЖШС мысалы ретінде) негізгі капиталдың құрылымының жағдайына экономикалық баға беру болып табылады. Бұл мақсат тік бағыттық, көлбеу бағыттық, трендтық және коэффициенттік әдістер сияқты талдаудың бірнеше әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Дипломдық жоба кіріспеден, төрт тараудан, яғни жалпы, негізгі, есептеу және экологиялық тараулардан, және қорытындыдан тұрады. Жобаның жалпы бөлімінде «Жігермұнайсервис» ЖШС өндірістік-шаруашылық қызметіне баға берледі.
Негізгі бөлім теориялық және тәжірибелік бөлімшелерден тұрады. Теориялық бөлімшеде негізгі капиталдың мәні мен құрылымы және мекеменің шаруашылық қызметіндегі оның ролі ашылады. «Жігермұнайсервис» ЖШС статистикалық мәліметтері бойнша негізгі капиталды тек қана негізгі өндірістік қорлар құрайтын болғандықтан, алдағы уақытта тақырыптың зерттелді және мақсатқа жетуі негізгі өндірістік қорларды талдау арқылы жүзеге асырылады. Негізгі бөлімнің тәжірибелік бөлімшесі мекеменің негізгі өндірістік қорларын талдауға және оларды жетілдіру жолдарын ұсынуға арналған. «Жігермұнайсервис» ЖШС негізгі өндірістік қорлары құралы мен динамикасы; жағдайын сипаттайтын жаңарту, істен шығару, тозу, жарамдылық коэффициенттері; пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері; технологиялық қондырғының экстенсивті, интенсивті және интегралды пайдалану көрсеткіштері бойынша талданады.
Жүргізілген талдау нәтижелері негізінде өндіріс тиімділігін жоғарлату бойынша ұйымдық-техникалық шара жасақталады, ол дипломдық жобаның есептеу тарауында көрініс табады.
Жобаның тортінші тарауы, яғни экологиялық тарау, мекемені ластану объектісі ретінде қарастырады. Бұл тарауда «Жігермұнайсервис» ЖШС қоршаған табиғи ортаға әсерлері атмосфералық ауаға тасталатын зиянды заттар шамасы және экологиялық солдарды болдырмау бойнша шаралар, сонымен қатар еңбек және техника қаупсіздігі туралы нақты мәліметтер келтіріледі.
- «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметіне экономикалық баға беруМекеменің даму тарихы
«Ембімұнайгаз» Ашық акционерлік қоғамының «Жігермұнайсервис» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің даму тарихы 60-шы жылдардан басталады.
КСРО-ның мұнай өнеркәсібінде жаңа техника мен технологияның дамуына байланысты промыселдарда жаңалықтар, ғылыми-техникалық жұмыстар, рационализаторлық ұсыныстарды енгізу үшін 1961 жылдың басында «Қазақстанмұнай» бірлестігінің басқармасымен Эксперименталды база құру туралы шешім қабылданды. Осы мақсатпен бірлестіктің жарлығымен 1961 жылы 14 ақпанда Эксперименталдық цех құрылды. Цехтың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- жаңа бұйымдарды конструкторлық жасақтау;
- меншіктік рационализаторлардың ойлап тапқан бұйымдарын жасақтау;
- тәжірибелік үлгілерді металлда жасап шығарып, оларды «Қазақстанмұнай» өнеркәсіптерінде, промыселдарда сынау.
Алғашқыда Эксперименталдық цех алты адамнан тұратын конструкторлық топтан құрылды, ол Гурьев қаласының Мұнай техникумының шеберханаларында орналасты. Эксперименталды цехтың құрылуына және оның дамуына бұл жылдары үлес қосқан мамандар қатарында Шапошников Сергей Александрович, Гончарев Владимир Григорьевич, Шапошников Геннадий Евгеньевич (техник-механик), Франк Яков Яковлевич (конструкторлық топтың жетекшісі), Широких Виктор Петрович, Кадров Владимир Федорович, Кабдуалиев Ерназар, Зверев Александр Семенович болды. Цех жетекшісі - Шапошников Сергей Александрович.
1965 жылдың қаңтар айында Эксперименталдық цех мекен жайын ауыстырып, Уалиханов көшесі 46 үйге көшті. Бұл жылдарда жаңа техника мен тенхологиялардың жаңа тәжірибелік үлгілерді жасақтау және даярлау көлемі өсті, (соның ішінде механикалық және электр приводты құбырларды изоляциялауға арналған машина, мұнай қазандарын тазартуға арналған гидромониторлар, қазандықтардың суын магнитті тазалауға арналған фильтрлар, мұнайды құмнан тазартатын фильтрлар және т. б. )
1969-1971 жылдары ұсташылық цехы, дәнекерлеу цехы, тұрмыс үйлер, әкімшілік ғимараттар, механикалық цехтың жаңа құрастырмалы - щиттік ғимараты (46м х 12м х 6 м) тұрғызылды. Бұл жылдарда Эксперименталдық цех техникалық прогресске жаңалық енгізумен қатар өндіріс саласына керекті құрал-жабдықтарды өзі жасап шығара алатын мұнай кәсіпшілігі жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтарды шағара бастады.
70-шы жылдарда Эксперименталды цех техникалық жетістіктердің жаңалықтарын енгізумен қатар стандарттық емес қондырғыларды (V=3, 9м; V=5, 6м ) өлшеуіш-қазандар, ф 600 мм Н=18 метрлі түтін құбырлары, Ревокатов, Рамзин қазандары, стеллаждар, калачоктар шығарыла бастады.
1972 жылдан бастап көмірсутегі шикізатының барлау және бұрғылау жұмыстарының көлемі көбейді. Нәтижесінде 1972 жылдың қаңтар айында Прорва және Құлсары бұрғылау кеңселері негізінде Балықшы барлау - бұрғылау басқармасы (БУРБ) құрылды. Оның механикалық базасы Эксперименталдық цех болды(аты БУРБ-а Прокаттық-жөндеу цехы деп өзгертілді) . Цех алдында жаңа мақсаттар қойылды: бұрғылау және мұнай-промыселдық қондырғыларды жөндеуді игеру, стандарттық емес қондырғылар мен қосалқы бөлшектерді өндіру. Бұл жылдары мекемеде кадрлық өзгерістер болды: Бектурлин Мендеш - прокаттық-жөндеу цехының шебері; Шырдабаев Мағауия Тажиғараевич - инженер-технолог; Кураисов Казекеш, Молдакулов Таңатар, Смирнов Виктор Павлович, Айтмағамбетов Алтай - слесарьлер. Қысқа мерзім ішінде цех ұжымы бұрғылау қондырғыларын жөндеудің жаңа әдістерін игерді.
1976 жылы өткен 1975 жылдың нәтижелері бойынша цех өндірісінің озаттары «Социалисттік жарыс жеңімпазы» және «Тоғызыншы бесжылдық екпіндісі» деген атақтар, ал БУРБ-а Прокаттық-жөндеу цехы «Коммунисттік еңбек цехы» деген атақ алды. Марапатталғандардың ішінде Кадров В. Ф., Бектурлин М., Шырдабаев М. Т., Ғизатуллин Ф. К., Қабдуалиев Е. және т. б. болды.
1977 жылдың ақпан айында бұрғылау жұмыстарының көлемі жоғарлап, мұнай өндіру қарқыны ұлғая бастады. Сондықтан Балықшы барлау-бұрғылау басқармасы (БУРБ) төрт дербес ұйымдарға бөлінді.
- Балықшы барлау-бұрғылау басқармасы (БУРБ) ;
- Бұрғылау жұмыстарының Каспий басқармасы (БЖКБ) ;
- Вышкомонтаждық кеңсе (ВМК) ;
- Тампонажды кеңсе (ТК) .
Бұл ұйымдардың бәрі де «Ембімұнай» бірлестігінің өнеркәсіптік зона аумағында (Гурьев облысының Балықшы районында) орналасқан.
1977 жылдың қазан айында «Ембімұнай» бірлестігінің шешімі бойынша Балықшы барлау-бұрғылау басқармасы жанындағы Прокаттық-жөндеу цех Бұрғылау жұмыстарының Каспий басқармасы қарауына ауыстырылды. Сол жылы Прокаттық-жөндеу цех ұжымы жаңа мамандармен толтырылды: Шебер Бектурлин М., дәнекерлеушілер Искалиев М., Самодаев Ю. Н., қырнаушылар Кадров В. Ф., Кабдуалиев Е., электрик Тусупкалиев Н. сияқты озат мамандары мекемеге жаңадан келген. Шырдабаев Б., Абилов С., Джумагалиев Б., Доскалиев М. және т. б. жас мамандарын өз тәжірибелері мен білімдерімен жұмысқа үйретті.
1981 жылы Прокаттық-жөндеу цехы Гурьев қаласынан Өнеркәсіптік зонаға көшірілді. Өнеркәсіптік зонада жаңа базаның құрылысы жүргізілді. Цех күшімен балкан типті үш ғимарат тұрғызылды, екі әкімшілік корпус, ұсташылар цехы, дәнекерлеу цехы салынды.
1985-87 жылдары цех превенторлық қондырғылардың опрессовкасы мен жөндеуін игерді. Цехта қалдық қалдыруға қарсы жабдықтарды, қондырғыларды опрессовкалау бойынша стенд жасақталды. Бұл жұмыстар цех басшысы Шапошников Г. Е., инженер-технолог Кураисов К., Кенжебаев М., Попивчак Н. М., Шаукенов К. қатысуымен жүзеге асты.
1988 жылы 1 қаңтарда «Ембімұнайгаз» бірлестігінің басқармасы Прокаттық-жөндеу цех негізінде Өнеркәсіптік зонада Өндірістік қызмет көрсету орталық базасын (ӨҚКОБ) құру туралы шешім қабылданды.
1989-99 ж. экономикалық тұрақсыздық кезеңдерінде де ӨҚКОБ дамуы жалғасты. Мекеме иелігінде қондырғылармен көтергіш-көліктік механизмдермен жабдықталған бұрғылау және мұнайпромыселдық жабдықтарды жөндеу, электрқондырғыларды жөндеу цехтары, электрбайланыс желісін монтаждау участкесі болды. ӨҚКОБ балансындағы жоғары вольтты подстанциямен бүкіл өнеркәсіптік зонаға қызмет көрсетті, оны сумен, бумен жабдықтауды, гидравликалық сыналған құбырлармен бұрғылау объектілерін қамтамасыз ету бойынша «Ембімұнайгаз» ААҚ-ның жоспар-тапсырмасы орындалды. 1994 жылы Эксперименталдық дәнекерлеу участкесі ірі монтажды-дәнекерлеу цехына айналды. 1997 жылы өттегін өндіруші цех құрылып, іске қосылды. Сол жылы арнайы кәсіпшілік газ қызметі құрылды. Бұл жылдары мекеменің жетекшілері Махамбетов Е. Д., Шаукенов К. Е., Туреғалиев К. Т., Умаров У. М., Сағытжанов С. К. болды.
2000 жылы ӨҚКОБ құрамынан электрқондырғыларды жөндеу цехы, постанция монтаждау участкесі, сумен, бумен жабдықтау участкесі бөлініп кетті, бірақ олар «Ембіэнергомұнай» Басқармасының құрамына қамтылды. ӨҚКОБ көтергіш-көліктік құралдар мен арнайы техника паркі құрылды: автокрандар, экскаваторлар, автоцистерна, дефектоскопия бойынша лабораториялық жабдықтармен қамтылған автокөлік, жылжымалы вагондар және т. б. сатып алынды. 2000 жылы мұнай кенорындарын жабдықтау бойынша цех құрылды.
«Қазақойл-Ембі» ААҚ-ның басқару құрылымын жетілдіру мақсатымен «Қазақойл-Ембі» ААҚ директорлар кеңесінің жиналысының шешіміне сәйкес (2000 жылдың 11 қазаннан № 18 протоколы) «Қазақойл-Ембі» ААҚ бұрынғы филиалы Өндірістік қызмет көрсету орталық базасы ӨҚКОБ негізінде «Жігермұнайсервис» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы шешім қабылданды.
«Жігермұнайсервис» ЖШС төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- бұрғылау, мұнай-промыселдық, энергетикалық, электротехникалық, жылу-техникалық қондырғыларды, мұнайпромыселдық арнайы техниканы және көлікті жөндеу;
- оттегін өндіру және оттегі балондарын жөндеу;
- автоматика құралдарын жөндеу;
- металлды конструкцияларды және мұнай қазандарын дәнекерлеу;
- бұрғылау, шегендеу, мұнайпромыселдық құбырларын және инструменттерді жөндеу;
- технологиялық, электротехникалық және энергетикалық қондырғыларды монтаждау;
- қазандық қондырғылардың құрылысы, монтажы, жөндеуі;
- «Ембімұнайгаз» ААҚ-ның өнеркәсіптік зонасын сумен, жылу және электрэнергияларымен қамту;
- бақылау-лабораториялық жұмыс, өлшеуіш құралдарды және техниканы тексеру және жөндеу;
- халық тұтыну тауарларын (автогараж, суқұбыр сиымдылықтарды өндіру және өткізу;
- қосалқы бөлшектер және инструменттер, стандарттық емес қондырғыларды өндіру;
- тұрмыс кондиционерлерді, тоңазытқыштарды жөндеу;
- тәжирибелік-конструкторлық жұмыс;
- коммерциялық қызмет.
1. 2. Мекемененің ұйымдық құрылымы
Мекеменің ұйымдық құрылымы дегініміз - өндірістік бөлімшелер мен бөлім басшыларының жиынтығы және олардың өзара байланысы. Мекеме ұжымын басқару секторын мекеме басшысы, басшының орынбасарлары, бас инженер, бас есепші, экономикалық қызмет, кадрлар бөлімінің инженері жатқызылады. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің ұйымдық құрылымы 1. 2. 1. схемада көрсетілген.
Мекеме басшысы «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің «Ембімұнайгаз» ААҚ заңын басшылыққа ала отырып, мекеменің жұмыстарының барлық түріне басшылық жасайды. Өндіріс бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырып, олардың жұмыстарын өндіріс дамуының биік нәтижелеріне қол жеткізуге бағыттайды. Мекеменің мемлекеттік жоспарды орындауын, белгіленген сандық көрсеткіштер мен өнім өндірудің бағдарламасын жақсартуға сәйкес мемлекет бюджеті мен тапсырыс берушілердің банкілердің алдындағы міндеттердің орындалуын қадағалайды. Мекемеде өндірістік шаруашылық жұмыстарын ғылыми дәлелденген әдістерді қолданып, материалдық қаржылық және еңбек, шығындарына сәйкес алдыңғы қатарлы тәжірибелерді тарату негізінде жоғарғы техникалық - экономикалық көрсеткіштерге жете отырып, басқару жұмыстарын ұйымдастырады. Мекемені квалификациясы жоғары дәрежедегі кадрлармен қамтамасыз етуге, олардың жұмыстарына қолайлы, қауыпсіз жағдай туғызуға жұмыстанады. Мекеме ұжымының дамуына қолайлы жағдай туғызуға ұжымдық келісімдердің қабылданып, олардың орындалуына көңіл бөледі. Өзіне берілген хұқық негіздегі мәселелерді шешіп, оның орындалуын қарауындағы адамдарға - бас инженерге, орынбасарларға жүктейді.
Бас инженер. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің бас инженері техникалық саясатты анықтайды, мекеме дамуының барлық бағыттарын техникалық құрылым негізінде, мекемені техникалық жабдықтауға жауап береді.
Мекеменің техникалық деңгейінің жоғарлауын қамтамасыз ете отырып, оның материалдық, қаржылық және еңбек шығындарын азайту мақсатында қызмет етеді. Жұмыстың жоғарғы сапасын, мемлекеттік стандартқа сай болуын қадағалап, жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізу, техникалық ұйымдастыру және құрастыру жұмыстарын, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бас инженер жобалар жасау шешімдерінің тиімділігінің техниканы пайдалануды құрал-жабдықтарды жөндеу мен модернизациялаудың жоғарғы дәрежесіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің бас инженері басты өндірістік бөлімшелердің - құбыр бөлімшесі, монтаждау-дәнекерлеу бөлімшесі, техникалық қамсыздандыру бөлімшесі, механикалық цех Эксперименталдық цех қызметтеріне тікелей басшылық жасайды. Өндірістік қызметті жүргізуде бас инженерге құрастыру тобы, техника қауіпсіздігі тобы, өндірістік диспечерлік бөлім көмек көрсетеді.
Басшының энергетика мәселелері жөніндегі орынбасары. «Жігермұнайсервис» ЖШС басшысының энергетика мәселелері жөніндегі орынбасары энерго тарату желісін, монтаждау жұмыстарын жүргізеді. Электр байланыс желісін монтаждау және демонтаждау бойынша жұмыстардың орындалуын, өнеркәсіптік зонаның электр жабдықталуын, электр қондырғыларды күрделі жөндеуді қамтамасыз етеді. Оған электр жабдықтарын жөндеу учаскесі, оттегі станциясы, қазандық шаруашылық учаскесі бағынады.
Жалпы мәселелер жөніндегі орынбасар. «Жігермұнайсервис» ЖШС басшысының көмекшісі басшылық жұмыстар жүргізеді. «Жігермұнайсервис» ЖШС ғимараттарының өз уақытында сапалы жөнделуін қамтамасыз етіп, басты бөлімшелердің қажетті материалдармен уақытылы қамтамасыз етілуін бақылайды және өртке қарсы база қызметін жүргізеді. Шаруашылық қаржылық жұмыстарға және материалдар мен еңбек қорларының тиімді пайдалануына бақылау жүргізуге, бухгалтерлік және экономикалық қызмет бөлімдеріне басшылық етеді.
Бас есепші. “Жігермұнайсервис” ЖШС бас есепшісі “Бас есепшілер” туралы ережеге сәйкес мекемеге келіп түскен ақшалай құралдардың, тауарлы-
-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың есепке алуын, олардың қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында дер кезінде бейнеленуін, өндіріс және айналым шығындарын есепке алуын, шығын сметаларын пайдалануды, өнімдерді тарату және жұмыс пен қызметті орындау сметаларын қолдануды ұйымдастырады. Сонымен қатар, бухгалтерлік баланс, мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша есептің ақшалай құралдардың қозғалысы туралы есептің және т. б. есептердің толтырылуына бақылау жасайды.
Бас экономист. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің жоспарлы-экономикалық бөлімінің бас экономисті мекеменің экономикалық жоспары бойынша шаруашылықты тиімді жүргізу барысында өндіріс резервтерін жоғарғы экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатымен пайдалануға басшылық етеді. Өндірістің жылдық бюджетін, құрастыруды қамтамасыз ете отырып, оның бөлімдерін, мекеме цехтары мен бөлімшелерінің жоспарын қамтамасыз етеді.
Мекеме жоспарының техникалық-экономикалық нормаларын, материалдық еңбек шығындарын есептеуді, мекеме өнімдеріне баға қоюды, сметалық калькуляцияны, «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің тауар өнімдерін бағалауды ұйымдастырады. Экономикалық қызмет орталығы мекеме өнімдерін өткізу жоспарының орындалуына, белгіленген бағаларды пайдаланудың дұрыстығына басшылық жасап, үнемі цехтарды тәртіпті, жоспарланған тапсырмалардың орындалуын қадағалап отырады.
Еңбек және еңбек ақы бөлімі. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің еңбек және еңбек ақы бөлімі еңбек ақы қорының жұмсалуын, материалдық мадақтау түрлерінің пайдалануын, еңбек өндірісінің өсуі мен орташа еңбек ақының арасындағы жоспарлы байланысты, еңбек ақы түрлері мен жүйелерінің қолдануының дұрыстығын, еңбекшілердің разрядтары мен категорияларын жалақы беруде дұрыс пайдалануды қадағалайды.
Мамандар мәселелері жөніндегі инженер. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің мамандар мәселелері жөніндегі инженер мекеменің жеке құрамына есеп және жеке мамандардың құжаттарын белгіленген нормаларға сай жүргізеді. Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығаруды еңбек заңдарына сай жүзеге асырады. Жұмысшылардың жеке құжаттарын дайындап жүргізеді, оларға еңбек құжаттамаларын толтырып, оларды сақтайды.
Инженер-аудармашы. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің инженер-аудармашысы басқа мекемелермен хат алмасу жұмыстарында орысшадан-қазақшаға, қазақшадан-орысшаға аударма жасау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар мекемедегі толтырылатын құжаттарды аудару жұмыстарымен айналысады.
1. 3. Мекеменің өндірістік құрылымы
Мекеменің өндірістік құрылымы дегеніміз - нақты қызмет атқаратын өндірістік элементтердің жиынтығы (цехтар, бөлімшелер, учаскілер, лабораториялар, т. б. ) .
«Ембімұнайгаз» ААҚ «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің өндірістік құрамына сәйкес басшы мекемеге жалпы басшылық жасап бас инженер мен екі және көмекші өндірістерін бақылау мен оларды орындау жұмыстары жүктеледі. Бас инженер өз қарамағындағы өндірістік техникалық бөлім мен конструкторлық-технологиялық қызмет бөлімі жұмысшылары мен техника қауіпсіздігі инженері мен өндірістік тапсырмалардың орындалуын бақылап, мекеменің өндірістік цехтарының жұмысын тексереді.
«Жігермұнайсервис» ЖШС-нің өндірістік құрылымы 1. 3. 1. схемада көрсетілген.
Схема 1. 3. 1
«Жігермұнайсервис» ЖШС-нің өндірістік құрылымы
«Жігермұнайсервис» ЖШС мынадай жұмыс түрлерін атқарады:
- «Ембімұнайгаз» ААҚ-ның мекемелерін бұрғылау және мұнай-промыселдық қондырғыларымен қамтамасыз ету, қондырғыларды жөндеу және т. б;
- Бірлік селосының өнеркәсіптік зонада орналасқан өндірістік мекемелерді ауыз сумен, жылу және электр энергиямен жабдықтау.
- «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің өндірістік құрылымы негізгі және қосалқы өндірістен тұрады. Негізгі өндіріске төмендегілер жатады:
- құбыр бөлімі;
- механикалық-құрастыру бөлімі;
- монтаждау-дәнекерлеу бөлімі,
- Эксперименталдық цех;
- электржабдықтау және қондырғыларды жөндеу бөлімі;
- слесарлық цех;
- АКДС 70 м оттегі бөлімі.
Құбыр бөлімі - бұрғылау құбырларын күрделі жөндеуден өткізіп отыру. Насостық-компрессорлық құбырларды жөндеу, авария құрал-жабдықтарын дайындау, құбырларды опрессовкалау және тағы басқа жұмыстар.
Механикалық-құрастыру бөлімі - мұнай кәсіпшілігі, бұрғылау жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізу, көрсеткіш редукторларын және басқа да әртүрлі мақсаттарға қажетті жабдықтарды дайындау жұмысын жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz