Қазақстан және ЕҚЫҰ
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I тарау. Халықаралық ұйымдардың пайда болуы және олардың даму тарихы
1.1 Халықаралық ұйымдар және олардың қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарымен байланысы ... ... ..7
1.3 ЕҚЫҰ: тарихы, пайда болуы және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
II тарау. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланысы және олардың даму көрсеткіштері
2.1 Қазақстанның Халықаралық ұйымдарға мүшелік етуі ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Қазақстанның сыртқы саудасы мен инвестициясының даму жағдайы ... ... 19
III тарау.Қазақстанның Халықаралық ұйымдармен қарым.қатынасын жетілдіру бағыттары
3.1 Қазақстанның ЕҚЫҰ.на мүше болуының ел экономикасына тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2 Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастарын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
Қосымшалар

Кіріспе
Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, қоғамдық ұйымдардың, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Қазақстан ЕҚЫҰ, БҰҰ тағы басқа халықаралық ұйымдармен байланыста болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы ең ірі, бірегей халықаралық ұйым болып табылады және халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды рөл ойнайды. 1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды.
ЕҚЫҰ – құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне 1992 жылғы 30 қаңтарда мүше болып енді.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы қатынастардың қалыптасуы мен ынтымақтастығын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті – Қазақстанның сыртқы сауда айналымының, яғни импорты мен экпортының көрсеткіштерін, инвестиция көрсеткіштерін талдау және де қандай дәрежеде екенін көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның ресми тілдері: ағылшын, испан, итальян, неміс, орыс, француз тілдері.
Қазақстан осы ауқымды жұмыс барысында өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында көптеген белестерден өтті. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы лауазымындағы шешуші мақсаттарының бірі – 2010 жылы Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооперативті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін ұйымға қатысушы елдер, мемлекет және үкімет басшыларының саммитін шақыру болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізілді.
Жалпы алғанда, Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы айтулы жетістіктерін мойындау болып табылады. Бүгінде Қазақстан сәтті мемлекет ретінде құрылып қана қойған жоқ, сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге лайықты үлес қосатын беделді өңірлік державаға айналды.
Мұның бәрі жаңа Қазақстанның құрылысшысы және сәулетшісі Президент Н.Ә. Назарбаевтың айрықша қызметінің нәтижесі, оның күллі әлемдік деңгейдегі көшбасшы ретінде мойындалуы айқын дәлел.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты мақсаттарының қатарына мыналар жатады: өңірлік деңгейде, сондай-ақ, жалпы әлемдік нұсқада шынайы және ұзақ мерзімдік тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу, Шығыс пен Батыс арасындағы біріктіруші сызықты, жүйелі түрдегі жақтаушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын, өркениеттер сұхбаты арқылы нығайту. Көзқарастарды жақындату негізінде, Ұйымның ішіндегі бірліктің барынша жоғары деңгейіне қол жеткізуге ұмтылу.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/Бас. Ред. Б.Аяған. –
Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2007. -688 бет.
2. Т.С.Сүлейменов, Б.Ж.Сомжүрек, Р.С.Елмырзаева /Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: оқулық.-Алматы:Экономика. 2012, - 468 бет.
3. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/Бас. Ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999. - 720 бет.
4. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/Бас. Ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. - 720 бет.
5. ЕҚЫҰ: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым/ Егемен Қазақстан. – 2010. – 30 қараша (№77-78). – 3б.
6. www.kazakhstan-osce.org
7. Бисембаев А.А., Қойшыбаев Ғ.Т. Қазақстан Республикасындағы саяси жобалаудың негізгі элементтері. Қазақстандық реформаның әдіснамасы. – Астана: «Баспа- полиграфиялық орталығы», 2010. – 184 б.
8. В. Жексембекова. ЕҚЫҰ саммиті-тәуелсіз Қазақстанның дамуының жаңа импулсі. Ақиқат./ 2011ж. - №2
9. Сұлтанов Б.К.: Введение: Казахстан и ОБСЕ: монография / под общ.ред. Б.К.Султанова / Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан. 2009. – 288с.
10. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қызметіне кірісу оқиғасына байланысты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуі // Егемен Қазақстан. 15.01.2010.
11. Токаев К. Свет и тень. – Астана, 2007. – 576 с.
12. С.Мұсатаев. ЕҚЫҰ – 2010: төрағалық етуші – Қазақстан Республикасы. – Ақиқат. 2009. №11. – 107 бет.
13. Шамишева Н.Қ. Сыртқы сауда. Оқу-әдістемелік кешен.070540 “Маркетинг және коммерция” мамандығы студенттеріне арналған. – Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің редакциялық-баспа бөлімі, 2006ж.-197 бет.
14. ҚР статистикалық Агентігінің ресми сайты //http://www.stat.kz
15. Камали Қ.М. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару. Оқу құралы. – Алматы, Экономика, 2005. 103 бет.
16. Ұлттық экономика: Оқулық. / А.В.Сидоровичтің, Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялауымен. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 616 бет.
17. Асилова А.С Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу: оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2009. – 248 бет.М.
18. Г.Сұлтанбаева. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі: қоғамдық пікір демократиялық құндылықтардың өлшемі ретінде. Қоғам және Дәуір.2009. №1.120 бет.
19. http://www.zakon.kz
20. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында сөйлеген сөзі // www.akorda.kz
21. Әбіләзиз Исаев. Қоғам және Дәуір. Қазақстан – ЕҚЫҰ төрағалық мандат. 2009. - №4 – 120 бет
22. Г.Сұлтанбаева. Қазақстан және Қытай арасындағы саяси-ақпараттық байланыс. Қоғам және Дәуір. 2009. №4. 120 бет.
23. Ж.Самрат. Ұлы елмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі ұлғайғаны ұтымды. Егемен Қазақстан. 15 маусым. – 2010 ж. №233-234.
24. Қазақстан – Қытай: қарым-қатынастың жаңа сатысы. Экономика. 2012 ж. №24.
25. «Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы: Жаңа тарихи кезеңде»/ www.news.kz
26. Умарова. А.М. Банки Казахстана. 2013. №5. 60с.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау. Халықаралық ұйымдардың пайда болуы және олардың даму тарихы
0.1 Халықаралық ұйымдар және олардың қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ..5
0.2 Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарымен байланысы ... ... ..7
0.3 ЕҚЫҰ: тарихы, пайда болуы және қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .9
II тарау. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланысы және олардың даму көрсеткіштері
2.1 Қазақстанның Халықаралық ұйымдарға мүшелік етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Қазақстанның сыртқы саудасы мен инвестициясының даму жағдайы ... ... 19
III тарау.Қазақстанның Халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын жетілдіру бағыттары
3.1 Қазақстанның ЕҚЫҰ-на мүше болуының ел экономикасына тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2 Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастарын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
Қосымшалар
Кіріспе
Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, қоғамдық ұйымдардың, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Қазақстан ЕҚЫҰ, БҰҰ тағы басқа халықаралық ұйымдармен байланыста болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы ең ірі, бірегей халықаралық ұйым болып табылады және халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды рөл ойнайды. 1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды.
ЕҚЫҰ - құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған. Негізгі мақсаты -- жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне 1992 жылғы 30 қаңтарда мүше болып енді.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы қатынастардың қалыптасуы мен ынтымақтастығын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті - Қазақстанның сыртқы сауда айналымының, яғни импорты мен экпортының көрсеткіштерін, инвестиция көрсеткіштерін талдау және де қандай дәрежеде екенін көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның ресми тілдері: ағылшын, испан, итальян, неміс, орыс, француз тілдері.
Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымымен айналысады. Қазақстан 2003 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету туралы ниетін білдірді. Ал, 2005 жылы Қазан қаласында өткен ТМД басшыларының саммитінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне қолдау көрсетіліп, беделді халықаралық ұйымға төрағалық етуге әзірлік жұмыстары басталды. Қазақстан осы ауқымды жұмыс барысында өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында көптеген белестерден өтті. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы лауазымындағы шешуші мақсаттарының бірі - 2010 жылы Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооперативті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін ұйымға қатысушы елдер, мемлекет және үкімет басшыларының саммитін шақыру болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізілді.
Жалпы алғанда, Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы айтулы жетістіктерін мойындау болып табылады. Бүгінде Қазақстан сәтті мемлекет ретінде құрылып қана қойған жоқ, сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге лайықты үлес қосатын беделді өңірлік державаға айналды.
Мұның бәрі жаңа Қазақстанның құрылысшысы және сәулетшісі Президент Н.Ә. Назарбаевтың айрықша қызметінің нәтижесі, оның күллі әлемдік деңгейдегі көшбасшы ретінде мойындалуы айқын дәлел.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты мақсаттарының қатарына мыналар жатады: өңірлік деңгейде, сондай-ақ, жалпы әлемдік нұсқада шынайы және ұзақ мерзімдік тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу, Шығыс пен Батыс арасындағы біріктіруші сызықты, жүйелі түрдегі жақтаушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын, өркениеттер сұхбаты арқылы нығайту. Көзқарастарды жақындату негізінде, Ұйымның ішіндегі бірліктің барынша жоғары деңгейіне қол жеткізуге ұмтылу.
I тарау. Халықаралық ұйымдардың пайда болуы және олардың даму тарихы
3.1 Халықаралық ұйымдар және олардың қалыптасу кезеңдері
Халықаралық ұйымдар - тиісті құрылтайшылық құжатта көзделген халықаралық мәселелерді шешуге жәрдемдесу және мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастығын дамыту мақсатымен халықаралық келісім негізінде құрылған үкіметаралық және бейүкіметтік сипаттағы тұрақты бірлестіктер.
Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі, қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті қажеттілігінен туды.
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу- егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі.
Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жұмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 ж. құрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін құруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы құрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың құрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым құрылды [1,277 б].
Біріккен Ұлттар Ұйымы ұжымдық қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті сақтау мақсатымен II дүниежүзілік соғыстан кейін 1945 жылдың 26 маусымында 51 мемлекет қатысуымен құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы ең ірі, бірегей халықаралық ұйым болып табылады және халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды рөл ойнайды. Аталмыш ұйымды құрған мемлекеттер бүкіл әлемде бейбітшілік және қауіпсіздікті сақтау, ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына көмек көрсету, өмір және адам құқықтары саласы жағдайларын жақсарту қолдаушылары болып табылды. Қазіргі кезде БҰҰ-на 193 мемлекет мүше болып табылады.
БҰҰ әлем қауымдастығына орын алған дағдарыстар мен шиеленістерге, қырғи-қабақ соғысына, жаңа мемлекеттер мен әртүрлі блоктардың ыдырауы мен құрылуына қарамастан заманауи талаптарға бейім ұйым екендігін дәлелдеді. БҰҰ қызметі ядролық соғыстан қауіп-қатерлерін жоюға, адамзаттың жаһандық бейбітшілік жағдайында өмір сүру мүмкіншіліктерін жасауға, отаршылық жүйені жойып, кейбір аймақтық шиеленістерді шешуге мүмкіндік туғызды. Адам құқықтарын қорғау саласында әмбебап құжаттың әзірлеу мен қабылдау, гуманитарлық және табиғат қорғау салаларында халықаралық құқықтық база құруда да БҰҰ-ның рөлі зор [2,62-63бб].
БҰҰ-ның басты органдары - Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес пен Хатшылық (секретариат). Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан. Женевада (Швейцария), Венада (Австрия) бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҰ-на Жарғыда бекітілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті мемлекеттердің барлығы да мүше бола алады.
Бас Ассамблеясының мәжілісіне БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының өкілдері қатысады. Бұл орган БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді.
БҰҰ Жарғысының 24-бабына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. Бұл органның ерекшелігі - Кеңестің 5 тұрақты мүшесі ғана шешім қабылдау кезінде бірауыздылық қағидасын қатаң ұстанады, егер олардың біреуі ұсынылған жобаға қарсы дауыс берсе, шешім қабылданбайды.
Құрамына 54 мемлекет кіретін Экономикалық және әлеуметтік кеңеске экономика, әлеумет, мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу және баяндамалар әзірлеу, сондай-ақ, Бас Ассамблеяға, БҰҰ мүшелеріне, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелеріне мүдделі ұсыныстар жасап, тапсыру уәкілеттігі берілген.
Қамқорлық жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері - қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экономикалық және әлеуметтік прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін-өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу (БҰҰ Жарғысы, 76-бап) болып табылады.
Халықаралық сот мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты халықаралық ұйым болып саналады. Хатшылық БҰҰ-ның атқарушы органы міндетін орындайды. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды [3,509 б].
0.2 Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарымен байланысы
Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап БҰҰ-ның және оның арнайы мекемелерінің жұмысына белсенді қатысуда. Бұл ынтымақтастық мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада Қазақстан Республикасының ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен тұрақты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді. БҰҰ басты мақсаты- әртүрлі экономика салаларындағы нарықтық реформалар және ұлттық мамандарды әзірлеу мәселелері сұрақтары бойынша жәрдемдесу және ҚР үкіметіне кеңес бере отырып, әкімшілік реформа және бірқалыпты дамуды қамтамасыз етуге көмек көрсету.
Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тарихи оқиғалары ретінде 2002 жылғы 17-18 қазандағы БҰҰ Бас Хатшылары Кофи Аннан мен 2010 жылғы 6-7 сәуірдегі Пан Ги Мунның Қазақстанға ресми сапарларын ерекше атауға болады.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Семей сынақ полигоны аумағына келуі аса маңызды оқиға болды. Семей полигонында сөйлеген сөзінде Пан Ги Мун өзге мемлекеттерге Қазақ елінің үлгі болар істері көп екендігін және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан бас тартып, полигонды жабу шешімі оның ерекше көшбасшылық қасиетінің белгісі екенін ерекше атап өтті.
Қазақстан БҰҰ-на мүше болғаннан бері БҰҰ-ның барлық негізгі шараларына, халықаралық форумдарға белсене қатысып, ұйымдастыру шараларын да абыроймен атқарып келеді. Атап айтар болсақ, олар: Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер Конференциясы (2003 жылғы тамыз, Алматы), ЭСКАТО-ң 63-сессиясы (2007 жылғы мамыр, Алматы), Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, Алматы Декларациясының 30 жылдығына арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Конференциясы (2008 жылғы қазан, Алматы), Дүниежүзілік туристік ұйымының XVII Бас Ассамблеясы (2009 жылғы қазан, Астана).
Экологиялық мәселелердің өзектілігін ескере отырып, Қазақстан Астана қаласында БҰҰ әлеуметтік қорғау және экология министрлерінің 6-Конференциясын (2010 жылғы қыркүйек, Астана) және Жалпы еуропалық Қоршаған орта Еуропа үшін атты 7-Конференциясын (2011 жыл, Астана) өткізуге ұсыныс жасады.
Қазақстан БҰҰ-ның көптеген мамандандырылған мекемелерінің және есірткі мәселелер жөніндегі, тұрақты даму бойынша, сондай-ақ БҰҰ-ның екі аймақтық Комиссиялары (ЕЭК, ЭСКАТО), ЮНЕП Басқарушылары, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО Атқарушы Кеңесі сияқты функционалдық комиссияларының мүшесі болып табылады.
Қазақстан өз кезегінде мыңжылдық даму мақсаты бойынша міндеттемесін табысты іске асыру бағытын ұстанады. Қазақстанда әйелдер құқығын жан-жақты қорғау және кедейшілік деңгейін төмендету шаралары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. 1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың қызметі техникалық, кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.
2010 жылы Қазақстан ресми түрде 2017-2018 жылдары ҚК тұрақсыз мүшелер құрамына, БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясының төрағалығына, 2012-2015 жылдары БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің құрамына өз кандидатурасын ұсынды.
БҰҰ-ның қазіргі уақыттағы қызметі әлеуметтік-экономикалық салада кең етек алған жаһандық экономикалық және қаржы дағдырысы шеңберінде дами түсуде. Осыған байланысты қаржы дағдарысы зардабын жою туралы өткір талас-тартыстар БҰҰ-ның сұхбат алаңында ерекше орын алады. Сонымен қатар болашақ үшін азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ БҰҰ мыңжылдық даму жоспарлары да күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер.
1998-2008 жылдарды қамтитын екінші кезеңде Қазақстан ұйым институттарымен сындарлы байланыстар орнатты. Бұқаралық ақпарат құралдары бостандығы мәселелері жөніндегі Өкілінің кеңсесі, ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар кеңсесі және Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро тәрізді Ұйым институттарымен сындарлы байланыстар орнатылып, 1998 жылғы 2-3 желтоқсанда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністіктер туралы меморандумға қол қойылды.
1999 жылы ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы Орталығы ашылды. Ол 2007 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасының Президентінің 1999 жылы Ыстамбұл саммитіне қатысты. Қазақстан 2003 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету туралы ниетін білдірді. Ал, 2005 жылы Қазан қаласында өткен ТМД басшыларының саммитінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне қолдау көрсетіліп, беделді халықаралық ұйымға төрағалық етуге әзірлік жұмыстары басталды. Қазақстан осы ауқымды жұмыс барысында өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында көптеген белестерден өтті. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ы өткізетін шараларға белсенді араласуы 2006 жылдан бастап тіптен жандана түсті. Адам саудасына қарсы күрес - өңірлік жауап атты өңірлік Орталықазиялық конференция 2006 жылдың 18-19 мамыры аралығында Астана қаласында өтті. Осы жылдың 29 мамыры мен 2 маусымында Венада болған Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт бойынша III шолу конференциясына Қазақстан төрағалық етті. ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі Мәдениетаралық, дінаралық және этникааралық түсінік атты толеранттық жөніндегі кеңесі Алматы қаласында 2006 жылдың 12-13 маусымында өткізілді. Сондай-ақ, 2007 жылдың 26-27 наурызында Минасыздандыру саласындағы сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық атты өңірлік семинар Алматы қаласында, ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының 17-ші жыл сайынғы сессиясы 2008 жылы 29 маусым мен 3 шілде аралығында Астана қаласында өткізілді. 2009 жылғы қаңтарда қазақстандық дипломат, Елші Вячеслав Ғиззатов ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзімділік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі болып тағайындалды. 2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары және 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Соның нәтижесінде қазақстандық заңнамалар халықаралық стандарттарға едәуір жақындай түсті.
Будапешт саммитінде Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым болып қайта құрылды. Жалпыеуропалық кеңестің толыққанды қатысушысына айналған Қазақстан оны одан әрі дамыту, сонымен бірге халықаралық ұйым болып қайта құрылуы үдерісіне қатысты. 1995 жылы Вена қаласында еліміздің ЕҚЫҰ-ға тікелей қатысуын қамтамасыз еткен Қазақстанның тұрақты өкілдігі ашылды. 1995 жылы ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік Бюросы (Ташкенттегі офисі) ашылды.
Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның 1994 жылғы Будапешт саммитінің де орны ерекше. Осы саммитте Қазақстан Президенті Н.Ә.назарбаев 55(ол кезде Черногория әлі мемлекет болып жарияланбаған) мемлекеттің басшылары қатысқан жиында тұңғыш рет сөз сөйлеп, жаңа саяси жағдайдағы жаңа мемлекет - Қазақстанның Еуропа мен Азия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен даму үдерісін қамтамасыз етуге байланысты өз ұсыныстарын баяндады. Осы бас қосуда Қазақстан үшін маңызды құжат - жер бетіндегі ядролық қарулы мемлекеттердің Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдігі туралы тарихи келісімге қол қойылды [2,62-73 бб].
1.3 ЕҚЫҰ: тарихы, пайда болуы және қызметтері
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) - халықаралық ұйым XX ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті ЕҚЫҰ деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл - Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда бір рет өткізіледі. ЕҚЫҰ-ның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. Сондай-ақ, ол ЕҚЫҰ-ның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесі - ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді.
ЕҚЫҰ органы - Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы - бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттар ісі жөнінде 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада ЕҚЫҰ-ына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған. Осы бағдарлама аясында ЕҚЫҰ басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992-1999) іссапармен келді. ЕҚЫҰ басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993ж. болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орта Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. ЕҚЫҰ-ына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 ж. Будапештте, 1996 ж. Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 ж. Будапештте, 1994 ж. Копенгагенде, 1998 ж. Ослода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді. ЕҚЫҰ-ның Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) ЕҚЫҰ-ының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Алматыда ЕҚЫҰ-ының өкілдігі ашылған. ЕҚЫҰ Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс ван дер Стул Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 ж. екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Іс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екендігін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс ван дер Стулдың ұйымдастыруымен "Қазақстан: XXI ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату" деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда "Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру" деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде ЕҚЫҰ Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады [4,454-455 бб].
ЕҚЫҰ-ның негізгі органдары: Саммит (жоғары деңгейдегі кездесу) - қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының мерзім сайын өткізіліп тұратын кездесуі.СІМК - қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы (жоғары деңгейдегі кездесуден басқа жылдары) кездесуі. Тұрақты кеңес - жыл бойы осы лауазымдағы төрағаның жетекшілігімен тұрақты негізде саяси консультациялар өткізіп, шешім қабылдайды (апта сайын Венада, Ұйымның штаб-пәтерінде жиналады).Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум - қарулануды бақылау және СҚНШ мәселелерін тұрақты талқылайды (Венада апта сайын жиналады). Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы коммисар. ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы. ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясы. БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкіл - қатысушы мемлекеттердегі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жағдайдың дамуын бақылайды. ЕҚЫҰ басшылығы Төраға - ЕҚЫҰ-ның ағымдағы қызметін басқарады. ЕҚЫҰ мекемелері институттарының жұмысын үйлестіреді. Ұйымнан өкілдік етеді, қауіпсіздік саласындағы үдерістерді бақылайды және жанжалдар мен дағдарысты жағдайларды шешуге ықпал етеді. Бас хатшы - хатшылыққа жетекшілік етеді. Министрлер кеңесімен 3 жыл мерзімге тағайындалады.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның ресми тілдері: ағылшын, испан, итальян, неміс, орыс, француз тілдері болып табылады. Негіз қалаушы құжаттар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытынды актісі, 1975 жыл. Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясы, 1990 жыл. Еуропадағы кәдуілгі қарулы күштер туралы шарт, 1990 жыл. Бонн құжаты, 1990 жыл. Копенгаген құжаты, 1990 жыл. Еуропа қауіпсіздігі хартиясы, 1999 жыл. Негізгі міндеттер мен мақсаттар Бірінші себет немесе әскери-саяси өлшем: қаруланудың таралуын бақылау; жанжалдардың алдын алу жөніндегі дипломатиялық күш-жігер; сенімді қарым-қатынас құру және қауіпсіздік жөніндегі шаралар. Екінші себет немесе экономикалық және экологиялық өлшем: экономикалық-экологиялық қауіпсіздік. Үшінші себет немесе адами өлшем: адам құқын қорғау; демократиялық институттарды дамыту; сайлаулар мониторингі. Барлық қатысушы мемлекеттер теңдей мәртебеге ие. Шешімдер консенсустық негізде қабылданады. Олар заңдық міндетті сипатқа ие емес, бірақ үлкен саяси маңызы бар [5].
Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы лауазымындағы шешуші мақсаттарының бірі - 2010 жылы Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооперативті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін ұйымға қатысушы елдер, мемлекет және үкімет басшыларының саммитін шақыру болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізілді [5].
ЕҚЫҰ - құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес, ұйымның міндеті - Еуропада болуы мүмкін дағдарыстардың, жанжалдардың алдын алу, және оларды болдырмау, болып жатқан жанжалдарды реттеу, осы ұйымға мүше елдердің қарулануын бақылау, сенім мен қауіпсіздік шаралары, адам құқықтарын, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлауға бақылау жасау, басқа да демократиялық үдерістерді дамыту болып табылады. Яғни, ұйым кең мәселелермен ауқымды айналысады. ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санап, толық қауіпсіздікті нығайтуға жәрдем ете отырып, оның үш өлшемі: әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемі қызмет етеді [2,69 б].
Еуропалық елдердің бәрін, АҚШ-ты, Канаданы, Орталық Азия мен Кавказ сырты мемлекеттерін қамтитын 56 мемлекет ЕҚЫҰ-ның қатысушылары болып табылады. Төменде ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің толық тізімі беріледі: Австрия, Албания, Америка Құрама Штаттары, Андорра, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Қазақстан, Қасиетті Тақ, Құрама Корольдік, Қырғызстан, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Бұрынғы Югослав Республикасы Македония, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланды, Норвегия, Өзбекстан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сан-Марино, Сербия, Словак Республикасы, Словения, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чех Республикасы, Швейцария, Швеция, Эстония [6].
Осы тарауды қорытындылай келе, халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Қазақстан ЕҚЫҰ, БҰҰ тағы басқа халықаралық ұйымдармен байланыста болады. ЕҚЫҰ - қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым. Ол бүгінде Солтүстік Америкада, Еуропада, Орталық Азияда миллиардтан астам адам өмір сүріп жатқан 56 мемлекеттің басын қосып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы ең ірі, бірегей халықаралық ұйым болып табылады және халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды рөл ойнайды.

2.1 Қазақстанның Халықаралық ұйымдарға мүшелік етуі
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміздің БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында 46224 қарарға сәйкес Ұйымның жаңа мүшесі болып қабылданды.
Қазақстан БҰҰ-на мүше мемлекет ретінде болғандықтан 1992 жылдың күзінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясына алғаш қазақстандық делегация қатысты. Бұл сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықаралық саясат жөнінде сөз сөйледі.
1992 жылдан бері Қазақстан тек халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі болып ғана қоймай, сонымен бірге өзінің лайықты орнын тапқан бастамашыл ел ретінде қалыптасты. БҰҰ шеңберіндегі ұсынған Қазақстанның негізгі халықаралық бастамаларын атап өтер болсақ:
* Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің шақырылуы (Азия кеңесі, АӨСШК);
* БҰҰ қамқорлығымен Орталық Азиялық бітімгерлік батальонының құрылуы;
* бір плюс бір формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгерлік күштер қорының құрылуы;
* Орталық Азияда превентивтік(ілгері) дипломатия жөніндегі аймақтық орталық штаб-пәтерінің Алматыда құрылуы;
* БҰҰ-ның Орталық Азия экономикасына арналған Арнайы Бағдарламасы;
* 29 тамыздың Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық күн болып бекітілуі [2,63-64 бб].
Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне 1992 жылғы 30 қаңтарда мүше болып енді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Бұл кезде дүниежүзілік қоғамдастық та тарихтың еркімен қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған жас мемлекетпен сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге мүдделі болды. Осыны ескере отырып, еліміз сыртқы және ішкі саясатта теңдестірілген амал-көзқарастар пайдасына саналы түрде таңдау жасады. Қазақстанның Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне мүше болуы көпжақты әріптестік, экономика мен қоғамды ырықтандыру стратегиясының басы болды. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ы тарихынан алатын орнын бірнеше кезеңге бөліп айтуымызға болады. Ықпалдасу іргетасының қалану кезеңі болған 1992-1997 жылдары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның 1992 жылғы Хельсинки, 1994 жылғы Будапешт, 1996 жылғы Лиссабон саммиттерінің жұмысына қатысты. ЕҚЫҰ Министрлер Кеңесінің жыл сайынғы отырыстарына Қазақстан атынан сыртқы саясат ведомствосының жұмысына парламентарийлер белсенді қатысып отырады. 1992 жылдың 8 шілдесінде Қазақстан Республикасының ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, сол жылдың 23 қыркүйегінде Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қоюы ықпалдасу іргетасының қалану кезеңіндегі елеулі оқиғалар болды [2,72б].
1994 жылы Будапешт саммитінің қорытындысы бойынша, одан әрі институттандыру мақсатында Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым болып қайта құрылды.
Біздің еліміз үшін 1994 жылғы желтоқсандағы Будапешт қаласында өткен саммит өте маңызды. Ол мынадан көрінді: саммитте үш ядролық держава - Ресей, АҚШ және Ұлыбритания - Қазақстанның қауіпсіздік кепілдіктері туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін құрмет тұту, оған қатысты күш қолдану саясатын пайдаланудан бас тарту, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасы ядролық қару қолданылатын шабуылға ұшыраса немесе шабуыл қаупінің объектісіне айналса, онда Ресей, АҚШ және Ұлыбританияның Қазақстанға тиісті көмек көрсету жөнінде шұғыл іс-шаралар қолданатындығы сияқты міндеттемелер айтылды [3].
1995 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-ға тікелей қатысуын қамтамасыз еткен, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінің іргетасы қаланды.

Батыстың жетекші елдерінің Ұйымға кіруге шақыруы Қазақстанда еуропалық қауіпсіздіктің тең құқылы және бөліну сызықтары жоқ жағдайлардағы жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған қадам ретінде қабылданды.
1995 жылы Ташкенттегі офисімен ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік Бюросы ашылды. 1999 жылы ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы Орталығы ашылды, сосын ол 2007 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы болып қайта құрылды. Орталықты қазір Елші Александр Кельчевски (Франция) басқарады.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы идея 2003 жылы айтылған болатын. Соңғы жылдарда осы бастаманы іске асыру жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілді. Қазақстанға басқару және ірі халықаралық жобаларға басшылық жасау тәжірибесін үйреніп, алдағы төрағалықтың басымдықтарын нақты айқындау қажет болды.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттер ішінен ЕҚЫҰ-ға төрағалық лауазымына Қазақстанды тағайындау туралы шешім, Мадридтегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-мәжілісінде 2007 жылғы 29-30 қарашада қабылданды. Бұл, ең алдымен, демократиялық қоғамды құрудағы және нарықтық экономиканы ырықтандыруға біздің еліміздің нақты жетістіктерін мойындау болатын. ЕҚЫҰ-ға тарихында, оған тұңғыш рет, Еуроазиялық, мұсылман халқы басым мемлекет басшылық жасады. Өйткені, ЕҚЫҰ-ға төрағалықты, негізінен, Еуропа елдері, Еуроодаққа кіруге үміткер мүшелер атқарған болатын. Осының барлығы, қазақстандық миссияның ерекше маңызды екендігін көрсетті.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық жолында, елдің ішкі саяси жүйесін реформалауда, ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы ретте, Қазақстан Президенті былай деп атап көрсетті: Қазақстанның демократиялық құндылықтар жолын берік ұстануына, сайлау, саяси партиялар, БАҚ, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамаларды одан әрі жетілдіруге бағытталған аса маңызды негізгі қадамдарға баруы дәлел болады [7,159-160 бб].
Соңғы бірнеше жыл бойында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бірқатар ірі шараларын өткізді, олардың арасында:
* Адам саудасына қарсы күрес - өңірлік жауап атты өңірлік Орталықазиялық конференция (Астана, 2006 ж. 18-19 мамыр);
* Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт бойынша ІІІ шолу конференциясында Қазақстанның төрағалық етуі (Вена, 2006 ж. 29 мамыр - 2 маусым);
* ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі Мәдениетаралық, дінаралық және этникааралық түсінік атты Кеңесі - Толеранттық жөніндегі кеңес (Алматы, 2006ж. 12-13 маусым);
* Минасыздандыру саласындағы сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық атты өңірлік семинар (Алматы, 2007ж.26-27 наурыз);
* ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының 17-ші жылсайынғы сессиясы (Астана, 2008 ж. 29 маусым - 3 шілде);
* Басқалар [5].
2006 жылы Бельгияда қараша айында Бельгия патшалығында өткен парламенттік делегациясының отырыс кезінде, Бельгия сенатының төрағасы, ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының өкілі Анн Мари Лизин және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстанды сайлау мүмкіндігі талқыланды [8,21 б ].
2007 жылы ұйымның қатысушы мемлекеті Испанияның Қазақстанды қолдауы Қазақстан үшін өте маңызды елеулі оқиға болды. Испания Испания екі мемлекет ісін қадағалау және Орталық Азиядағы ұйымның саясатын қадағалау жөніндегі мәселелерді ЕҚЫҰ-ның күн тәртібінде атап өткен.
2009 жылы Француз Республикасының сенатының төрағасы Кристиан Понселе ЕҚЫҰ Қазақстанның төрағалық етуін қолдайтынын, Қазақстан Республикасының Парламенті сенатының төрағасы орынбасары Көпеев мырзамен кездесуінде атап айтты. Грецияның сыртқы істер министрлігінің ЕҚЫҰ жөніндегі мәселелермен айналысатын департаменттің директоры Хараламбос Мессинис мырза, қазақ халқының жоғары мәдениеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, Хараламбос Мессинис мырза болашақта Грецияның Қазақстанмен экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуды көздеп отырғандығын айтты [9,288 б].
Дегенмен, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуіне Америка Құрама Штаттары және Ұлыбритания мемлекеттері қарсылық көрсетті. Қазақстанның гуманитарлық себет деңгейінде болуына байланысты, Қазақстанның ЕҚЫҰ төраға болуына қарсылық туды.
Қазақстан - бұрынғы КСРО республикаларының ішінен ЕҚЫҰ төрағалығы лауазымын иеленген тұңғыш ел. Қазақстан төрағалығының ұраны төрт Т -ға саяды - траст (сенім), традишн (дәстүр), транспаренси (ашықтық), толеранс (толеранттылық). Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы бейнемәлімдемесінде былай деп атап көрсетті: біріншісі, бір-бірімізге деген сенімді білдіреді, бұған бәріміз мұхтажбыз. Екіншісі - ЕҚЫҰ-ның негізін салушы қағидалар мен құндылықтар жолын ұстану. Үшіншісі - халықаралық қатынастарда қосарланған стандарттар мен ажыратушы сызықтан ада, барынша ашықтық пен танспаренттік. Қауіпсіздік сынағы мен қауіп-қатерді еңсеруге бағытталған сындарлы ынтымақтастық. Ең соңында, төртінші - қазіргі әлемде ерекше маңызға ие болып отырған, мәдениетаралық және өркениетаралық сұхбатты нығайту жөніндегі ғаламдық трендтің көрініс беруі [10; 7,162 б].
Қазақстан Еуразия кеңістігінде орналасқан қызметімен тығыз байлансыта болуға тырысады. 2005 жылғы Любляна қаласында өткен Сыртқы істер министрлігінің жиналысы сессиясында Қ.Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстанды төраға ету жайлы өте орынды сөз айтты: 2009 жылда қабылданатын ЕҚЫҰ-ның төрағалығының міндеттемелерін жоғары жауапкершілікпен және зор ынтамен орындауды аса зор мәртебе деп таниды деген болатын. Ал 2006 жылдың желтоқсан айындағы Брюссель қаласында өткен Сыртқы істер министрлігінің жиналысының сессиясында Қазақстан мемлекеті ЕҚЫҰ басқаруға әбден күші жетеді. Біз экономика реформалары, саяси қайта құрылулардың, демократиялық бағалы түбірдің, жоғарғы заңды тиімді қадағалау мәселелері бойынша жеткізген жетістіктер негізінде ұсынысты жасап отырмыз. Бұл аталған министрлік кездесуде біз Қазақстанды ЕҚЫҰ төрағалық ету ұсынысын 2011 жылға ауыстыру шешімімен келіспейміз деген болатын [11,576 б, 8,22 б].
Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуге қарсы болған ойларды ескеру қажет. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының ішкі саясатына және көпжақты қарым-қатынасына аса көңіл беру қажет. Болашақта ЕҚЫҰ-ның орталық азиаттық векторын Қазақстан дамытуы мүмкін. Ол үшін Орталық Азия мемлекеттері үшін, бірыңғай стратегияны ойлап табу қажет. Бұл мәселелерге қол жеткізу үшін, қазақстандық дипломатия әлеуетінің тәжірибесі жеткілікті болуы тиіс [12,21-22 б].
Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қорытындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңғы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕҚЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕҚЫҰ-на төрағалық ету -- бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің басымдықтары қатарына мынадай мәселелер жатады:
oo ЕҚЫҰ кеңістігінде демократиялық институттарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-қимылды жалғастыру;
oo ЕҚЫҰ-ның барлық мемлекеттерінің транзит-көлік әлеуетін, еуразиялық континентаралық көлік дәліздерін дамыту, экологиялық проблемаларды шешу;
oo Қазақстанның бейбітшілікті, қауіпсіздікті және ядролық қарусыздануды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, сенім білдіру шаралары мен өңірлік қауіпсіздікті нығайту;
ЕҚЫҰ қызметіндегі қауіпсіздіктің әскери емес аспектілерін, атап айтқанда, лаңкестікке, экстремистікке, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, қару-жарақ және ЕҚЫҰ-ның әріптес елі - Ауғанстанды қалпына келтіру. Қауіпсіз, тұрақты және гүлденген Орталық Азияны құру үдерісінде өңірдің тартымдылығын, оның ішінде экономикалық тартымдылығын арттыруда ЕҚЫҰ-ның әлеуеті мен құралдарын пайдалану маңызды міндет болып табылады [2,74-75бб].
Сонымен, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на жетекшілік етуі ТМД, Орталық Азия, түркі тілдес мемлекеттер үшін мынадай бірқатар жағдайларға ықпал етуі мүмкін:
oo ұйымға мүше елдердің төрағалыққа тең дәрежеде екенін байқатумен қатар, мүше елдердің (әсіресе, ТМД) саяси белсенділігін арттырады;
oo саяси белсенділік Орталық Азия аймағындағы елімізге оппонент немесе бәсекелес елдердің, өз мемлекеттердің ішкі саяси құрылымында өзгерістер жасауға ұмтылдырады, яғни оң имидж қалыптастыру мақсатында демократиялық нышандар мен құндылықтар көптеп байқалуы мүмкін;
oo Орталық Азияға қатысты Батыс елдерінің стереотипті көзқарастарының өзгеруіне және аймақта орналасқан мемлекеттердің өзара да саяси ойынның күшею мүмкіндігінің артуы;
oo Орталық Азия аймағына қатысты ұйым және шетелдер тарапынан да экономикалық белсенділіктің (инвестиция тарту) арту мүмкіндігі;
oo Аймақ тұрақтылығын сақтау барысында саяси, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздіктерді қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді және осы ретте туристік саясаттың кең дамуына жол ашылады;
oo Аймақта энергетикалық және туристік саясаттың интенсивті іске асуы транзиттік магистраль мен транспорттың жолға қойылуына себепші бола отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттырады;
oo Аймақтағы экологиялық ахуалдың оң шешімін табу ықпалдығы;
oo ОА халқы негізінен ислам дінін ұстанатындықтан, Батыс елдерінің жалпы мұсылман әлеміне оң жаңаша бетбұрыстың болуы күтіледі.[10,22 б]
2010 жылы 29-30 маусымда, Астанада, Бейбітшілік және келісім сарайында өткен, толеранттылық және кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейдегі, ЕҚЫҰ конференциясы, қазақстандық төрағалық қамқорлығындағы, осы саладағы басты халықаралық іс-шара бола алды. Ұлтаралық қатынастар саласындағы шиеленісті бәсеңдетуге арналған күш-жігерді жандандыру жөніндегі, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға жасалған ұсыныстар, форумның қорытындысы болды [7, 171 б].
ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, қазақстандық төрағалықтың маңызды іс-шараларының бірі болды. Ол Іле Алатауының етегінде, Алматыға жақын жерде 2010 жылғы 16-17 шілдеде өтті. Бұл кездесу 2009 жылғы Корфу аралында ЕҚЫҰ сыртқы істер ведомствалары басшыларының бейресми жағдайда басын қосқан, гректердің төрағалығы салып берген ізгі дәстүрлердің жалғасы болды.
Кездесу бейресми сипатта болса да, онда Ванкуверден Владивостокқа дейінгі ауқымды кеңістіктегі, қауіпсіздік пен ынтымақтастық саласындағы өзекті тақырыптар талқыланды.Егер дәйекті келісімдер туралы айтар болсақ, кездесуге қатысушылар, Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Хельсинки құжатының, басты қағидаларын және оның игі мақсаттарын, одан әрі жалғастыруды өздерінің нақты міндеті санайтындығын дәлелдеді. Қазақстандық төрағалық, кездесуге қатысушылардың бірауызды пікірімен, жемісті деп бағаланды. ЕҚЫҰ саммитін жыл аяғына дейін Астанада өткізу туралы келісім кездесудің аса маңызды нәтижесі болды.
2010 жылғы 3 тамызда ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары Сыртқы істер министрлері кеңесі, осы аса ірі халықаралық ұйымның Саммитін, 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткізу туралы қорытынды шешім қабылдады.
ЕҚЫҰ елдері лидерлерінің кездесуі, Хельсинки Қорытынды актісінің 35 жылдығын, Париж хартиясының 20 жылдығын және екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуының 65 жылдығын атап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz