Саңырауқұлақтардың топырақ түзілудегі маңызы



Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

І. Саңырауқұлақтар әлеміне жалпы сипаттама . . . . . . . . . 4

1.1. Топырақтағы саңырауқұлақтардың биомассасы мен олардың
өзара қарым.қатынасы . . . . . . . . . . . . . . . . 8

1.2. Саңырауқұлақтар түрлері:
1) Миксомицеттер . . . . . . . . . . . . . . .9
2) Хитридиомицеттер . . . . . . . . . . . . . . . . 10
3) Оомицеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
4) Зигомицеттер . . . . . . . . . . . . . . . . 12
5) Қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер . . . . . . . 13
6) Базидиомицеттер . . . . . . . . . . . . . . . .16
7) Жетілмеген саңырауқұлақтар . . . . . . . . . . . . . . 17
8) Топырақ ашытқылары . . . . . . . . . . . . . . 18

1.3. Саңырауқұлақтардың өсімдік қалдықтарын ыдыратуда және
топырақ түзілудегі ролі . . . . . . . . . . . . . . . 19

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . .21

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . 22

Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
Саңырауқұлақтардың (Mycophyta) 100000-дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофиль болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бірклеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену ерекшеліктеріне қарай не спорофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларыан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.
Саңырауқұлақтардың көптеген түрлерінің әсерінен әртүрлі ашу процесі (спирттік ашу, лимон қышылдық ашу т.б.) жүреді, көбі қышқыл ортада , кейбірі бейтарап не аз сілтілі ортада да дами алдады; дамуына ең қолайлы жылу 20-25 С , ал 2-40 С-та дами алатындары да бар. Топырақта тіршілік ететін саңырауқұлақтар өсімдік қалдықтарын ыдыратып, минералды заттарға айналдырады, ағаш сүрегі қалдықтарын шірітеді.
Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий немесе грибница деп аталады. Мицелий гифа деп аталатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады. Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозадан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады: төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының – целлюлозаға жақын углеводтардан және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады, крахмал ешқауытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы ұшы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі.
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көп жағдайда матасып жалған ұлпа- плехтенхима түзедіү Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзіледі. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.
Пайдаланылған әдебиеттер


1. Шоқанов Н. Микробиология, Алматы «Санат» 1997ж., 266бет.

2. М.Құлдыбаев Ауылшаруашылығы микробиологясы,
Алматы «Білім» 1994ж.

3. К.Д.Пяткин, Ю.С.Кривошин Микробиология Москва, 1981г, 78стр.

4. Звягинцев Д.Г. Почва и микроорганизмы , Москва, МГУ, 1987г.


5. Звягинцев Д.Г., Зенова Г.М. Экология актиномицетов,
Москва, Геос., 1999г.

6. Бабьева О.П., Зенова Г.М. Биология почв, Москва, МГУ, 1989г.

7. Заварзин Г.А. Лекции по природоведчекой микробиологии, Москва, Наука , 2003г.


8. Под.ред. Звягинцева Методы почвенной микробиологии и биохимии, Москва, МГУ, 1991г.

9. Зенова Г.М. Почвенные актиномицеты, -М,7 Изд-во МГУ, 1992г.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Саңырауқұлақтардың топырақ түзілудегі маңызы

Мазмұны

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ 3

І. Саңырауқұлақтар әлеміне жалпы сипаттама _ _ _ _ _ _ _ _ _
4

1.1. Топырақтағы саңырауқұлақтардың биомассасы мен олардың
өзара қарым-қатынасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ 8

1.2. Саңырауқұлақтар түрлері:
1) Миксомицеттер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _9
2) Хитридиомицеттер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ 10
3) Оомицеттер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ 11
4) Зигомицеттер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ 12
5) Қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер _ _ _ _ _ _ _
13
6) Базидиомицеттер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _16
7) Жетілмеген саңырауқұлақтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ 17
8) Топырақ ашытқылары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ 18

1.3. Саңырауқұлақтардың өсімдік қалдықтарын ыдыратуда және
топырақ түзілудегі ролі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ 19

Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _21

Пайдаланылған әдебиеттер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ 22

Қосымша _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ 23

Саңырауқұлақтар әлеміне жалпы сипаттама

Саңырауқұлақтардың (Mycophyta) 100000-дай түрі белгілі. Бірқатар
белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың
клеткаларында хлорофиль болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері
бірклеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді.
Қоректену ерекшеліктеріне қарай не спорофиттерге, не паразиттерге
жатқызады. Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен
қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде
өмір сүреді және солардың клеткаларыан өзіне қажетті заттарды сорып
қоректенеді.
Саңырауқұлақтардың көптеген түрлерінің әсерінен әртүрлі ашу процесі
(спирттік ашу, лимон қышылдық ашу т.б.) жүреді, көбі қышқыл ортада ,
кейбірі бейтарап не аз сілтілі ортада да дами алдады; дамуына ең қолайлы
жылу 20-25 С , ал 2-40 С-та дами алатындары да бар. Топырақта тіршілік
ететін саңырауқұлақтар өсімдік қалдықтарын ыдыратып, минералды заттарға
айналдырады, ағаш сүрегі қалдықтарын шірітеді.
Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий немесе грибница деп
аталады. Мицелий гифа деп аталатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды,
сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғары
сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы клеткаларға
бөлінген болады. Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка
қабықшасы целлюлозадан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының
қабықшасының құрамы біршама күрделі болады: төменгі сатыдағыларының
қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының – целлюлозаға
жақын углеводтардан және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан
тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және
клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май
тамшылары жиналады, крахмал ешқауытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы ұшы
арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі.
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көп жағдайда матасып
жалған ұлпа- плехтенхима түзедіү Одан келешегінде жыныстық спора дамитын
жемісті дене түзіледі. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны
буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды
жерлерде өседі.
Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі
өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер.
Сапрофитті саңырауқұлақтар клетканың целлюлозды қабықшасын және лигнинді
бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана жануарлардың
қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттері өзіне қажетті қоректік заттарды тірі
организмдердің клеткаларынан сорып қабылдайды.
Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде
кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлармен адамдардың паразиттері.
Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде , ал
екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың
балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір
сүруі жиі байқалады. Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал
бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың қайыңның, қарағайдың, шыршаның және емен
ағашының түбінде, рыжиктердің қарағайлы және шыршалы ормандарда,
подосиновиктердің көк теректің түбінде өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда
ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арсында тығыз
байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Симбиоз түзілуден немесе
селбесіп өмір сүруден өсімдіктердің екеуіне де пайдалы жағдай қалыптасады.
Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен оның ішіне өтеді.
Мицелийлер топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды сорып алады
да, оларды ағаштардың тамырларына жеткізеді. Сонымен мицелий ағаштардың
тамыр түктерін алмастырады. Ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің
қорегіне және жемісті түзуге қажетті органикалық заттарды алады.
Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктермен балдырларға
қарағанда басқаша қоректенеді. Саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл
болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді.
Саңырауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Бұл жағдайда
саңырауқұлақтардың мицелийлері органкалық заттардың бір бөлігін сумен бірге
сорып қабылдайды, ал екінші бөлігін өздері өсіп тұрған жердегі ағаштардың
тамырларынан алады. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда
болады. Мысалы, қыналар, микориза.
Көбеюі. Саңырауқұлақтарда жыныс процесі редукцияға ұшыраған, соған
байланысты оларда вегетативті және жыныссыз көбеюдің түрлері ерекше көп.
Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы; артраспоралары (
оидийлері) арқылы- қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған
бөлігі; хламидос- поралары арқылы- қабықшалары қалың болып келетін
клеткаларға ыдырайтын гифалар; бүршіктенуі арқылы- гифаларында клешегінде
бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.
Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады:
зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін
спорангиоспоралары; ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтидесінде экзогенді
жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.
Кейбір саңырауқұлақтардың өмірлік циклында жыныссыз споралардың
түзілуінің бірнеше формалары кездеседі.
Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің
бірнеше формалары болады: изогамия, гетерогамия, оогамия , зигогамия.
Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін бсынан өткізеді, содан
соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар немесе спорангиоспорасы бар
қысқаша гифа береді. Өсер алдында зигота мейоз жолымен бөлінеді. Көптеген
төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірі гаплоидты фазада (n) өтеді, тек
зигота ғана диплоидты болады (2n).
Жоғары дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің
формасы ерекше болып келеді: гаметангиогамия – сырт құрылыстары
әртүрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға
бөлінбеген заттарының қосылуы ; самотогамия – вегетативті гифаның
екі клеткасының қосылуы; сперматизация – аналық
жыныс органының қозғалмайтын клеталарымен (спермациямен)
ұрықтануы . Ядролар әдетте бірден қосылмайды. Қарама-қарсы жыныстық
белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып
дикариондар түзіледі. Дикариондардың саны оларды түзетін
ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі. Біраз
уақыттар өткеннен соң дикарионның ядорлары қосылады да
диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен
бөлінеді де, гаплоидты ядролар береді. Олардың әрқайсысы
жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғарғы
сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық
фаза алмасып келіп отырады: гаплоидты, дикарионды және
диплоидты. Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады,
ал өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды
фазаларда өтеді. Жыныстық көбею спораларының екі типі
бар: 1) аскоспоралар, эндогендік жолмен ерекше клеткаларда –
қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте дикарионның
ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз және митоз
процестері арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының
екіншісі – базидиспоралар, олар экзогендік жолмен, көп
жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында пайда болады.
Бұл да дикарионның ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз
процесі арқылы іске асады. Саңырауқұлақтарда жыныстық
споралардың түзілуі әдетте олардың өмірлік циклының аяқталуын
көрсетеді.
Сонымен, қоректену ерекшелігіне байлансты пластидтердің
болмауы, гифаларының қабықшаларында хитиннің болуы,
артық қор заттары ретінде гликогеннің жиналуы
саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады . Өсімдіктер мен
жануарлардан саңырауқұлақтар гифалардан тұратын вегетативтік
денесі арқылы және өмірлік циклында гаплоидты және диплоидты
ядролық фазаларынан басқа үшінші – дикарионды фазасының
болуымен айқын ажыратылады.
Мицелийлері бірнеше тәулік және көп жыл тіршілік
қабілетін сақтайтын түрлері де бар. Споралары ондаған жыл
бойы өну қабілетін жоймайтын түрлері де кездеседі.

Классификациясы. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді:
хитридиомицеттер класы (Chytridiomycetes), гифохитромицеттер класы
(Hyphochytriomycetes), оомицеттер класы (Oomycetes), зигомицеттер
класы (Zygomycetes), аскомицеттер класы (Ascomycetes), базидиомицеттер
класы (Basidiomycetes), жетілмеген саңырауқұлақтар класы
(Deuteromycetes). Алғашқы төрт кластың өкілдері төменгі сатыдағы
саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері көлденең
перделері арқылы жекелеген бөліктерге бөлінбеген немесе
мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері
жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың
гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге
бөлінген (көп клеткалы) болып келеді.
Қазақстанда 4000 астам түрі белгілі және бұлардың 150-
дей түрі төменгі сатыдағы, 920-сы қалталы, 1030-ы
базидиялы, 1900-і жетілмеген саңырауқұлақтар.

Миксомицеттер (Myxomyceta)

Кілегейлілер, кілегейлі саңырауқұлақтар – саңырауқұлақ тәрізді
хлорофилсіз микроскоптық организмдер (грекше myxa – кілегей
және mykes – саңырауқұлақ , Mycetozoa , Myxothallophyta ) .
Миксомицеттердің 400-дей, оның ішінде Қазақстанда 100-ден астам
түрі белгілі . Вегетативті сатысы диплоидты , көп ядролы
протоплазмалық кілегейі – плазмодия . Репродуктивтік сатысы –
қабықты спора . Әрбір спорадан екі жіпшелі , қабықсыз , қозғалғыш
бір клетка дамиды . Бұл клетка бірнеше рет бөлініп , өзгермей-ақ
немесе жіпшесін жоғалтып, зигота құратын гамета қызметін
атқаратын зиготалар қосылып плазмодий түзе
бастайды , кейін плазмодий түгелдей немесе
бір бөлігі ашық реңді спорангиге айналады . Мысалы ,
әдетте шіріген ағаш немесе ормандағы тағы басқа өсімдіктер
қалдықтарында , ылғалды жерлерде дамиды.
Миксомицеттердің көпшілігі сапрофиттер, кейбір түрі қолдан
өсірілетін өсімдіктердің ауру қоздырғышы.
Миксомицеттердің кейбір қасиеттері жағынан
саңырауқұлақтарға ұқсас , дамудың белгілі бір циклінде амебаға
тән қасиеттер , яғни жалған аяқтар байқалады. Олар
жай бөліну арқылы көбейеді. Қолайлы жағдайда олар амебаға
ұқсас клеткаға айналады. Жеміс денесі спораларда
түзіледі. Осындай кейбір клеткалар бір-бірімен қосылып, зигота
түзеді. Мұның ішінде
өсімдік паразиттері бар.

Саңырауқұлақтардың өсімдік қалдықтарын ыдыратуда
және топырақ түзілудегі ролі

Саңырауқұлақтар табиғаттағы зат алмасу процесінде ерекше орын алады.
Олар органикалық заттарды ыдыратып, минералдық заттарға айналдырады.
Әсіресе өсімдіктердің қалдықтарын шірітіп, топырақта қарашіріндінің
түзілуін қамтамасыз етеді.
Актиномицеттер де топырақтың белсенді бір организмі болып есептеледі.
Олардың жан-жаққа таралған шашыранды жіпшелері болғандықтан, кейде екінші
сөзбен сәулелі саңырауқұлақтар деп те атайды. Олар спора түзетін микробтар.
Актиномицеттердің жіпшелерін мицелий деп атайды. Сонымен қатар топырақта
актиномицеттерге туыстас- проактиномицеттер, микромоноспора ,
микобактериялар кездеседі. Актиномицеттер метатрофты организмдерге жатады.
Тіршілік ету кезінде олар құрамында көміртегі мол органикалық қосылыстарды
пайдалануға бейімделген. Актиномицеттер ауасы бар, бейтарап реакциялы
топырақта тіршілік етеді.
Актиномицеттерді лаборатория жағдайында топырақта біраз мерзім
сақтауға төзімді келеді. Олардың тіршілігінде топырақта болатын түрлі
витамин ,ауксин, және басқада заттардың зор маңызы бар. Бұл заттардың аз
ғана мөлшерінің өзі олардың тіршілігін қуаттайды. Соның нәтижесінде егілген
өсімдіктер де жақсы өсіп дамиды. Н.А.Красильниковтың байқауынша, қалың қар
астындағы топырақта да микробиологиялық процестер үздіксіз жүріп жатады.
Қыс кезінде басқа жыл маусымына қарағанда топырақта актиномицеттердің де
жақсы өсіп дамитыны анықталған. Спора түзуші бацилдар мен актиномицеттер
көбінесе топырақтың терең қабаттарында кездеседі. Мұндай құбылысты біз қара
және сұр топырақтардан көбірек байқаймыз.
Микроскоптық саңырауқұлақтар топырақта басқа организмдерге қарағанда
анағұрлым көп тараған. Бұлардың барлығында да вегетативтік дене мицелий
бар. Әдетте топырақта кездесетін саңырауқұлақтарды жоғары және төменгі
сатылы деп ажыратады. Сонда төменгі сатыдағылары клеткаларының аралық
қаланшасы болмайды, яғни бір клеткалы болады. Үлпілдек колонияның шетінде
споралар орналасқан, ол көбінесе жыныстық жолмен өседі.
Топырақты саңырауқұлақтарды көбіне көміртегін, органикалық
қосылыстарды ыдыратудан алады. Олар аэробты, яғни ауалы жерде тіршілік
етуге бейімделген. Ылғалы тапшы жерлерде де өсе береді. Топырақ
реакциясының микроскоптық саңырауқұлақтар үшін бейтарап болғаны жөн.
Микроскоптық саңырауқұлақтар қышқылды реакциясы бар солтүстік
топырақтарында көптеп кездеседі. Дегенмен топырақтың беткі жағында
органикалық заттар көбірек ыдырағанда микробтардың басым көпшілігі
бактериялардан тұрады.
Микроскоптық саңырауқұлақтардың таралуында белгілі бір географиялық
заңдылықтың барлығы байқалады. Мәселен мукор саңырауқұлағы солтүстік
аймақтар топырағында едәуір мөлшерде кездеседі. Ал бұған керісінше
оңтүстік топырағында фузариум, аспергиллус топтары көп таралған. Қара
топырақтың сортаңдану барысында пенициллум туыстас саңырауқұлақтардың
аспергиллус туыстарын ығыстырып шығарады. Тундра топырағының бір
грамында саңырауқұлақтар мицелийінің 4 миллиграмы табылған. , қылқан
жапырақты орман топырақтарында 1мг, ал оңтүстік аймақтың топырағында 0,4-
0,7мг. Оңтүстік топырақтарында Aspergillus , солтүстік топырақтарында
Penicillum молырақ. Ал солтүстік топырақтары Fusarium туысына
жататындарға, оңтүстік топырақтарына қарағанда кедейлеу. Қазіргі кезде
табылған саңырауқұлақтарға қарап, топырақтың типтерін анықтауға мүмкіндік
бар.
Ашытқыш саңырауқұлақтар (дрожжылар) тундра топырағында кездесетін
қына мен шымтезектерде көп табылған. Ал орманды жерлер топырағында
дрожжылар ағаш асты төсеніштерінде көп кездеседі. Топырақтың минералданған
қабаттары дрожжыларға бай келеді.
Шөл және шөлейт жерлер топырағында және онда өсетін өсімдіктер
бойында дрожжылар едәуір дәрежеде болады. Олардың көпшілігі спора
түзгіштер.
Стрептомицеттер (актиномицеттер) солтүстік топырақтарында аз болса,
оңтүстік топырақтарында олардың саны тез өседі. Солтүстік топырақтарында
органикалық заттар баяу ыдырайды, микробтардың да белсенділігі нашар
болады. Жалпы актиномицеттер барлық аймақтар топырақтарында кездесе
береді, ал оңтүстік топырақтары олардың түрлеріне бай келеді.
Топырақ түзілу процесін саңырауқұлақтар көмегімен клетчатканың
ыдырауының зор маңызының барлығымен түсіндіруге болады. Өсімдік
қалдықтарының көпшілігі осы клетчаткадан тұрады. Солтүстік топырақтарында
клетчатканы Dematium және Penicillum туысына жататын өкілдер ыдыратады.
Ал тайга топырағында клетчатка ыдыратушы – Cellvibrio
туысына жататын микробтар. Клетчатка ыдыратушылардың белсенділігі ортадағы
азот қоректік затына байланысты. Мәселен, солтүстік топырақтары азотқа
кедей, онда негізінен саңырауқұлақтар тіршілік етеді. Ал оңтүстік
топырақтарында клетчатканы жедел ыдыратушылар азот қоректік затын көп
мөлшерде қажет етеді.Топырақта жеке тіршілік ететін, атмосфера азотын
сіңіре алатын кейбір актиномицеттер мен саңырауқұлақтардың сүзінділері
бірқатары өсімдіктердің кейбір түрлерінің жақсы өсіп дамуына көмектеседі.
Гиберелла және фузариум саңырауқұлақтарынан өсімдіктердің жақсы өсіп,
дамуына себеп болатын химиялық таза заттар, мәселен, гибереллин және сол
текті заттар алынады. Ауру күріш өсімдігінен алынған гибериллиннің
1мл сұйықтағы 0,01мг-ы бұршақ өсімдігінің өсуін жақсартады.

Топырақтағы саңырауқұлақтардың биомассасы мен
олардың өзара қарым-қатынасы
Актиномицеттер немесе сәулелік саңырауқұлақтар топырақта, суда,
көңде кең таралған. 1кг топырақта актиномицеттердің саны 15-36 млн . Ал
жалпы биомассасы 500-700кг құрауы мүмкін. Сәулелі саңырауқұлақтар
негізінен топырақтың беткі қабаттарында мекендейді. Актиномицеттер өзінің
табиғаты жағынан ірі мицелилерді құрайды. Олар бактериялар сияқты бір
клеткалы организм болып табылады. Олардың көбісі споралар арқылы көбейеді.
Актиномицеттер табиғатта органикалық және минералдық заттардың үлкен
айналымына қатысады. Олар өздерінің антогонистік қасиеттерінің арқасында
микроб ценоздарының қалыптасуына үлкен әсер етеді. Актиномицет клеткасының
бактерия клеткасынан өзгешелігі клеткасында ұзын жіпше гифтер, торланған
мицелиі немесе ұрық тұқымы болады. Актиномицет гифтерінде нуклеотидтер көп
болады. Актиномицеттерге тән қасиет химиялық табиғаты әртүрлі пигменттер
мен заттардың бояллуы. Бояулар спораны, ауа және субстратты , мицелийді
бояуы мүмкін. Олар ортаның түсін де өзгертеді. Сәулелілер аэробтық және
анаэробтық бола алады.
Симбиоздық қарым-қатынастар өсімдіктер мен микроскоптық
саңырауқұлақтар арасынан жиі кездестіреміз. Мұны микориза деп атайды.
Микориза микроскоптық саңырауқұлақтар ішінде ауру тудырмай ,
өсімдіктермен бірлесіп тіршілік етуге бейімелген. Бұларға 1881 жылы
Польша ғалымы Ф.И.Каменский ашқан микоризалық саңырауқұлақтар жатады.
Бұларға денесінде хлорофилі бар болетус туысына жататын жіпше мицелийлі
микроскоптық саңырауқұлақтар жатады. Морфологиялық ерекшеліктеріне қарай
микоризаның сыртқы (эктотрофты) және ішкі (эндотрофты) түрі болады. Сыртқы
микоризада саңырауқұлақтар тамыр ішіне енбей, өсімдік тамырларының
сыртында ісінді сияқты қабықша түзіп, оның айналасын қоршап алады. Ал
ішкі микоризада олар өсімдік клеткаларының ішіне енеді де, сол
жерде жіпшелер түзеді. Эктотрофты микоризаны жай көзбен көруге болады.
Өйткені олар шоғырланған жерде ақ, қара, сұр немесе қоңыр дақтар пайда
болады. Бұлардың жіпшелері тамыр жіпшелерінің арасына орналасады да, ол
жерде ешқандай морфологиялық өзгерістер жасай алмайды.
Эндотрофты микоризалар эктотрофтыларға қарағанда жиі кездеседі.
Оларды микроскоппен ғана көруге болады. Әдетте саңырауқұлақтар өсімдік
тамырларының ұлпаларына ерте көктемде, жұмсақ кезінде еніп алып,
тіршілік етеді. Сонымен қатар бұл екеуінің аралығында орналасқан аралық
(эндо-эктотрофты) микоризалар да бар. Олардың жіпшелері кейде тамыр
клеткаларына еніп кетеді. Қазіргі ғылыми жұмыстардың нәтижелері
микоризалық құбылысты - симбиоздық құбылыс деп қарауға мүмкіндік береді.
Өсімдік саңырауқұлақтарды қантпен, витаминдермен және басқа да әзірге
табиғаты белгісіз заттармен қамтамасыз етеді. Ал саңырауқұлақтар өсімдіктің
қоректенуін жақсартады. Олар топырақтан қоректік заттарды жіпшелері
арқылы өсімдікке алып береді.
Микоризалық саңырауқұлақтардың жіпшелері өсімдік тамырларынан
едәуір қашықтыққа дейін таралады да, сол жерлердегі қоректік минерал
заттарды өз бойына ерітінді күйінде сіңіруге және ылғалды ұзақ
уақыт сақтап тұруға қабілеті мол.
Саңырауқұлақтар тамырлар айналасындағы органикалық азот
қосылыстарын ыдыратып, өсімдіктерге азот заттарын өндіріп береді.
Мұндайда аммонификация құбылысынан пайда болатын амммиакты өсімдіктер
бірден сіңіре алады.
Микоризалық саңырауқұлақтар өсімдіктерге топырақтан фосфор
қосылыстарын алуға көмектеседі. Мәселен, қарағай көшеттерінде
микоризалық саңырауқұлақтар болмаған жағдайда , олар фосфор қоректік
затына өте мұқтаж болады. Ал микоризалық саңырауқұлақтар бар жерде
тапшылық байқалмайды. Саңырауқұлақтар да өсімдік тамырларында өсіп-өнеді.
Олар тамырдан бөлінетін көміртегі қосылыстарымен қоректенеді. Кейбір
жағдайда осы микориза саңырауқұлақтары өсімдік үшін зиянды
организмдерге де айналып кетуі мүмкін.
Микоризаның болуы топырақ факторларына: ылғал, ауа, температура
режимдері топырақ реакциясы, қоректік заттар мөлшеріне тағы
басқаларға тікелей байланысты. Зерттеулерге қарағанда, ағаш текті
өсімдіктерде кездесетін эндо- және эктотрофты микоризалар көбінесе
топырақтың РН 4-ке тең, ауа режимі жақсы, ыдырамаған қарашірікке бай,
азот пен фосфоры аз жерінде көбірек таралған.
Симбиоздық қарым-қатынастың ең бір көрнектісі қыналар. Олар
кейбір микроскоптық саңырауқұлақтар мен көк жасыл балдырлардың өзара
бірлесіп тіршілік етуінен құралған организм. Саңырауқұлақтар негізінен
тіршілік ортасынан минералды заттар мен суды сіңіреді, мұны пайдаланып
көк жасыл балдырлар ауадағы немесе саңырауқұлақтардың тыныс алуынан
бөлінген көмірқышқыл газынан органикалық заттар түзеді. Соның
нәтижесінде бұл екі организм бірігіп тіршілік етеді де тіршіліктің өте
қолайсыз жағдайларына төзімді келеді.
Жер шарындағы өсімдіктердің басым көпшілігі микотрофты. Олардың
кейбіреулері облигатты микотрофты, яғни микроскоптық саңырауқұлақтар
жоқ жерде өсе алмайды, жеміс те бермейді, қалғандары факультативті, яғни
саңырауқұлақтар бар-жоғына қармастан, өсіп дами алатын өсімдіктер.
Целлюлоза бактериялары клетчатканы түрлі қанттар мен
органикалық қышқылдарға айналдарады, ал азотобактер клетчатканы өзі
ыдырата алмағандықтан қанттармен қоректенеді. Осының нәтижесінде бұл екі
организм де топырақта өніп-өсіп, оның құнарлылығын арттыруға
көмектеседі.
Табиғи қарапайымдылар, коловраткалар және нематодтармен
қоректеретін жыртқыш саңырауқұлақтар деп аталатын биологиялық топ бар
екені мәлім. Әрине бұлардың жыртқыштық қасиеті эволюциялық дамуы
барысында қалыптасқан. Бұларға 1935 жылы Америкада Дречслер тапқан
зоофагелес саңырауқұлағы жатады. Олардың жан-жаққа тараған гифтерінен
шырышталған, жабысқақ зат бөлінеді. Оған амеба немесе түрлі
нематодтар жабысып қалады. Бұдан басқа жоғары сатыдағы
саңырауқұлақтар арасынан мониалесті атап өтуге болады. Оларда арнаулы
шырышты қармауыш торлар болады. Кейде ол торға ірі жұмыр құрттар да
түсіп, буынып қалады. Құрттар өлген соң саңырауқұлақ оның денесіне
өзінің гифін жіберіп, сора бастайды да, ақыр аяғында тек қуыс қалдырады.
Қазір ғылым бұл саңырауқұлақтарды егін түсіміне зиянды түрлі құрттарға
қарсы қолдану шараларын іздестіруде.
Сонымен қатар топырақта тіршілік еткенде өсімдіктердің
тұқымының өнгіштігін, өскіннің бірқалыпты жетілуін тежейтін, сөйтіп
дақылдың түсімін кемітетін саңырауқұлақтар да бар. Мәселен , фузариум
саңырауқұлағы жүзім жапырағын сарғайтып, зақымдайтын кейбір улар бөлетіні
анықталды. Ал пенициллум саңырауқұлағы топырақта көп өніп өскенде
астықтұқымдас өсімдіктерді уландырып, өсуін тежейтіні байқалады.

Топырақ ашытқылары

Ашытқылар деген термин ашыту процесіне байланысты 1680 жылы Левенгук
ашытқыларды және жалпы микроорганизмдерді бірінші болып ашты. Ашытқылар
морфологиялық және физиологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ түзілу факторлары және жағдайлары
Азоттың пайда болу циклы
Іле Алатауының терістік беткейінің геологиялық қүрылымы мен геоморфологиялық сипаттамасы
Топырақ және оның құнарлығы туралы ұғым
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
Топырақ картасын құрастыру
Саңырауқұлақтардың морфологиясы
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері
Пәндер