Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ . . . 4
1. 1. Орман қоры жерлерінің түсінігі . . . 4
1. 2. Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері . . . 6
2. ОРМАН ҚОРЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ . . . 12
2. 1. Орман қоры жерлерінің құқықтық маңызы . . . 12
2. 2. Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі . . . 16
2. З Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің "Қазақстан-2030" деп аталатын бағдарламасында: "Қазақстан 2030 жылы мөлдір суы және таза ауасы бар, жасыл мемлекет болуы керек", - деп атап көрсетті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін 2030 жылға дейінгі республикамыздың орман қорының тұрақты даму Стратегиясы және 1998-2000 ж. ж. арналған жоспар қабылданды. Стратегияның негізгі міндеті еліміздің аумағындағы ормандарды 5, 1% арттыру [1] .
Бүгінгі күні республикамыздьң 11439, 8 мыңға немесе жалпы аумақтың 4, 2% ормандар алып жатыр, оньң 50% шөлді далаларды эрозиядан сақтайтын сексеуіл ормандар құрайды [2] .
Орман қоры жерінің жалпы көлемі 26216, 4 мың га. Табиғи орман алқаптары 12427, 8 мың га, ал жасанды орман алқаптары 901, 1 мың га. Орманды өңірі Қазақстан аумағының 4, 6 % құрайды [3] .
Орман қоры өзіне тән табиғи қасиеттеріне байланысты, адамдардың өмірлік мүдделері мен тығыз байланысты экологиялық, экономикалық және мәдени-сауықтыру қызметтерін атқарады.
Ол қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға белсенді түрде қатысатын табиғи объект.
Орман қорының өсімдік, жануарлар дүниесінің, жер және су ресурстарын бір бүтін табиғи кешен етіп біріктіруі, оның экологиялық қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.
Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады. Қорғаныш ормандар жел жылдамдығын 35-40% кемітеді, ыстық күні ауа температурасын 6-8 градусқа төмендетіп, оның ылғалдылығын 9-10 есе арттырады, сондай-ақ қорғаныш ормандар қоршаған ортаны құм мен шаңнан сақтайды. Су қорғайтын ормандар өзен, көл, өзендердің су режимін реттейді. Ормандар құрғақшылықпен күресудің анағұрлым тиімді, ал кейбір жағдайда жалғыз мүмкіндік болып табылады.
Орман қорының жағдайының күрт нашарлауына, сондай-ақ кеткен уақыттың қателіктері: табиғат пайдалану саясатының кемшіліктері, шапшаң қарқынды шаруашылық жүргізу, табиғат ресурстарын пайдалануда ғылыми негіздерді ескермеу, себеп болып отыр. Көп жылдар бойы елімізде орман қорының көп нысаналы мақсатына қарамастан, ол ең алдымен ағаш шикізатының негігі қайнар көзі ретінде пайдаланылып келді. Орман қорының экологиялық мақсаты дұрыс бағаланбай, оны бір жақты пайдалану нәтижесінде, орман қорына орны толмас зиян келді.
Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алып жатыр. Республикада ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негiзгi себептерi - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруi мен айнала қоршаған ортаның ластануы. Орманды қорғау бiздiң мiндетiмiз.
Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады.
Ормандардың егiстiк алқаптарын қорғаудағы да рөлi зор. Орманды жерде топырақтың, су және жел эрозиясы болмайды. Ал, ормансыз жердiң топырағы кеуiп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшiн де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын да қасиетi бар. Мысалы: бiр гектар орман бiр күнде 220-280 кг. көмiр қышқыл газын сiңiрiп, 180-200 кг оттек бөлiп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.
Орман сонымен қатар денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендерi, т. б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес. Сирек өсiмдiктердiң қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесiп, отап, құрылыс материалы үшiн пайдалануды азайту керек. Қазiрдiң өзiнде Iле шыршасы, самырсын, шетен, ырғау, торанғыл, долана, шырғанақ, емен, т. б. ағаштары қорғауды қажет етiп отыр. Әсiресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты - жасанды жолмен орман қорын көбейту.
Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауiптi нәрсе - өрт. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар - орман зиянкестерi, кемiрушiлер, ұсақ жәндiктер, өсiмдiк аурулар паразиттер, санырауқұлақтар мен вирустар. Зиянкестердiң кесiрiнен құрылыс материалдары үшiн дайындалатын ағаштардың 45 пайызы сапасыз болып шығады. Кей жылдары жүздеген гектар ормандағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келедi. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте қоршаған орта мен барлық тiрi ағзалар үшiн ұқыптылықты қажет етедi.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ
1. 1. Орман қоры жерлерінің түсінігі
Қазақстан бойынша орман қоры республика жерiнiң 9, 7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгiнсек, бұл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде, 647 орман өртi болып, әрбiр өрттiң зардап шектiрген жерiнiң ауқымы 18, 9 гектар болып келедi. Осы екi жыл iшiнде болған орман өртiнен кем дегенде үш жүз мың гектар орман алқаптары бүлiнген. Бүгiнгi күнге Қазақстан бойынша сексеуiл орман қорының көлемi 5, 4 млн гектар болып отыр. Кейiнгi он жылда сексеуiл өспе ағаштарының жалпы ауданы 591, 2 мың гектарға көбейдi. Бұл негiзiнен сексеуiл ормандары аумағында ағашы кесiлген жерлерде, сексеуiлдiң табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздiгiнен жетiлу барысында тұрақты тексеру, бақылау. Ормандану дәрежесiнiң төмендеуiне жол бермеу мақсатында, орман қоры жерлерiне сексеуiл тұқымдарын себу арқылы оның көлемiн арттыру iске асады. Сексеуiл ормандарының молаюына Қазақстан Үкiметiнiң 1999 жылғы 29-шы сәуiрдегi «сексеуiл ормандарын сақтау» туралы қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуiл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орналастыру жұмыстары жүргiзiлген.
1997-1999 жылдардағы Семей өңiрi мен Павлодардағы, Ертiс жағасындағы болған орман өрттерi салдарынан Ертiс жағасындағы қарағайлы ормандардың 230 мыңнан астам гектары құрып кеттi.
Ғарыштық және жер бетi зерттеулерiнiң нәтижесiнде, бұл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестерiмен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шеккен.
Ендi осы аймақтарда ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жатқызуға Үкiмет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орман күзету ерекше режим бойынша жүргiзiледi.
Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңiрi мен Павлодар облыстарында толық түрде орналастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Жоғарыда атап өткендей орман өрттерiнің көбеюiне байланысты ағашты рұқсатсыз кесу де белең алды.
Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар, біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі.
Екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын ағаш, детрит, гумус түрінде зат шоғырланған ең қуатты жүйе.
Үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор.
Төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы.
Бесіншіден, орман - шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигеналық тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.
Орманды ел арасында тоғай деп те атайды. Орман биологиялық тұрғыдан қарағанда өте күрделі организм. Онда өздерінің өсу заңдылықтары мен ерекшеліктері бар - ағаштар, бұталар, шөптер, аңдар мен құстар, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі - ағаштар мен бұталардан құралады. Бірақ кез келген ағаштар мен бұталар орман бола бермейді. Тек бір-біріне жақын орналасқан, бір-біріне әсер етіп, өсіп тұрған ортасына ықпал жасайтын, соның арқасында өздері де өзгеріп тұратын ағаштар мен бұталар тобы орман болып есептеледі.
Орман пайда болған жерлерде шөптің құрамы өзгеріп, сирейді. Далалық шөптер орман ішінде өсуге бейімделген шөптерге орын береді. Ағаш ішінде түскен жапырақтар, сынған бұтақтар, қабықтар, өсімдік дәндері, өлген жәндіктер мен басқа қалдықтар бірте-бірте көбейе келе қордаға айналып, орман топырағының құнарлуына әсерін тигізеді.
Орман көлеңкелі, көбіне, тымық, жазда салқын, қыста салқын болады. Ағаш ішінің жарықтығы да өзгеше. Оның құрамына, тығыздығына, биіктігіне байланысты жерге жететін жарық мөлшері 5-10 пайыздан 50 пайызға дейін өзгереді. Ағаш жапырақтары көмір қышқылын жұтып, оттегін бөліп шығарады. 1 гектар жердегі орман сағатына 2 кг. дейін көмір қышқылын жұтады. Бұл 200 адамның 1 сағатына бөліп шығаратын көмір қышқыл газына тең.
Денсаулық үшін қарағайлы орманның пайдасы ерекше. Қарағайдың қылқанды жапырақтары мен діңі нерв, тыныс жолы мен өкпе, жүрек пен қантамырларының аурулары сияқты көптеген науқастарға шипалы заттар бөліп шығарады.
Орманды алқаптарда ауру тудыратын микробтар аз болады. Қаланың ауасымен салыстырғанда мұндай бактериялар 300 есеге кем болады. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесiндегi тазалықпен бiрдей болады. Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды. Жердiң тозуын болдырмайды. Орман су көздерiн қорғау қызметiн де атқарады. Ауылшаруашылық жерлерiн жолдарды құм, шаң басудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына қажеттi құнды материал ағаш бередi. Ормандар дәрiлiк, тағамдық, техникалық өсiмдiктер жемiс-жидектер, саңырауқұлақтар өседi. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Қазақстандағы орман қорының жерi 21, 2 млн. гектар, оның iшiнде ағашты алқап 9, 1 млн. гектарға жетедi. Орманнан жылына 2-2, 4 млн метр³ ағаш даярланады. Қазақстан Республикасы жылына шамамен 11 млн метр³ дейiн ағаш өнiмдерiн тұтынушыларға жеткiзедi. Қазақстан ормандары негiзiнен табиғатты қорғау қызметiн атқарады. Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнiмдерiнiң басым көпшiлiгi шетелдерде (Ресейде) сондықтан елiмiзде орманды қорғау, молайту және тиiмдi пайдалану өте өзектi экологиялық әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң бiрi болып табылады. Орман қорын қорғаудың және тиiмдi пайдаланудың басты мәселесi - оны ұдайы, үдемелi жаңғыртып отыру. Әсiресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзiмде қалпына келетiн табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсiру, қорғау ұзақ мерзiмдi бағдарламалар мен жоспар жүзеге асырылуы тиiс. Орманда әр жылдық ағаштар өседi. Яғни, ағашты өсiруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнiмдерiн пайдалану процестерi үздiксiз қайталанып отырады. Ағашты даярлау, кесу, тасу жұмыстарын ұкыпты жүргiзу керек. Бұл жұмыстар ағаштың өсуiне нұқсан келтiрмеу тиiс. Ағаш кесу жұмыстары, орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгiленедi.
Ағаш қоры кешендi түрде пайдалану тиiс, яғни тек ағаш даярлау үшiн ғана емес оның басқа да қызметтер мен үлесiмдi пайдаланылуы тиiс. Ағаш қорын кешендi пайдалану деп - ағаштың өзiн ғана емес, басқа бөлiктерiн (бұтақтарын), түбiрiн, қабығын пайдалана бiлу керек. Орман қорын тиiмдi пайдалану қорғау экономикасы орманды өсiру құнын қорғау шығындарының тиiмдiлiгiн талап етедi. Орман қорын бағалау мынандай қажеттiлiктерден туындайды:
Орман қоры ұлттық байлық болып табылады. Орман шаруашылығы материалдық өндiрiстiң жеке саласы. Орман жерiнiң сапасына орналасу аймағына байланысты оның өнiмдерiнiң әр түрлі болуында. Орман шаруашылығының шығындары соның нәтижесiнде алынған өнiмдер арқылы толығымен қайтарылуы тиiс. Орман қорын өсiрудi, қорғауды және тиiмдi пайдалануды экономикалық ынталандыру қажет және орман қорын бүлдiрушiлер және оған зиян келтiрушiлер материалдық жауапкершiлiкке тартылады.
1. 2. Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан кейін табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастар жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында дами бастады. Республикамыздың материалдық негізін құрайтын барлық табиғи ресурстарға 1991 жылғы 16 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заңымен, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясымен мемлекеттік меншік құқығы бекітілді.
2003 жылы 8 шілдеде орман саласындағы қатынастарды реттеу мақсатымен Қазақстан Республикасының Орман кодексі қабылданды.
Кодекстің 6 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері Қазақстан Республикасының орман қоры құрайды.
Орман кодекстің жаңалығы орман қорын екі топқа бөлу, яғни мемлекеттік және жекеше орман қорларына. Кодексте олардың анықтамасы мен мазмұны көрсетілген.
Мемлекеттік орман қорына мыналар жатады:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсірілген ормандар;
2) табиғи және қолдан өсірілген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттері үшін берілген, орман өсімдіктері өспеген жер учаскелері.
3) Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желілік құрылыстардың белдеулеріндегі он метр және одан көбірек, алаңы 0, 05 гектардан астам қорғаныштық екпелері жатады.
Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен жасалған, ені он метр және одан көбірек, алаңы 0, 05 гектардан астам қолдан өсірілген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер жатады [12] .
"Орман қоры" және "орман қорының жері" деген ұғымдар өзара тығыз байланыста, сонымен қатар олардың бір бірінен айырмашылықтары бар. Орман кодексінің 8 бабына сай орман қорының жерлері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерлеріне бөлінеді. Мемлекеттік орман қорының жерлеріне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген жерлер жатады. Орман қорына мыналар кірмейді:
1) мемлекеттік орман қорының жерінен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемі 0, 05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі бұта өсімдіктер;
2) қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елді мекендер шекарасы шегіндегі жасыл желектер;
3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар кірмейді.
Қазақстан Республикасындағы барлық ормандар қорғалуға жатады. 44 бапқа сай Қазақстан Республикасындағы барлық орман су күзету, егіс-топырақ қорғау, гендік, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру және өзге де пайдалы функцияларды атқаратын қорғаныштық орман болып табылады.
Ормандардың атқаратын функцияларының басымдықтарына қарай мемлекеттік орман қоры:
- ерекше қорғалатын орман аумақтары, оның ішінде: биосфералық түрлері мен қорық-сепортерлерді қоса, мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар ормандары; мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары; мемлекеттік табиғи саябақтар ормандары; мемлекеттік қорық аймақтары ормандары; табиғаттың мемлекеттік орман ескерткіштері; орманның гендік резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелері; аса құнды орман алқаптары; жаңғақ кәсіпшілігі аймақтары; орман-жеміс екпелері; аса биік тау ормандары;
- мемлекеттік қорғаныштық орман белдеулері;
- қала ормандары мен орманды саябақтар;
- елді мекендердің және емдеу-сауықтыру мекемелерінің жасыл аймақтары;
- эрозияға қарсы ормандар;
- өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектілері жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулері;
- халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары, каналдар, магистральдық құбырлар мен басқа да желілік құрылыстардың бөліп берілген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелер;
- халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулер;
- егіс-топырақ қорғаныштық ормандар санаттарына бөлінеді. Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы;
- темір жолдар мен автомобиль жолдары бойынша қорғаныштық орманды белдеулерге жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан темір жолдарға бөлінген белдеулерге іргелес жатқан, темір жол төсемінен екі жаққа қарай бес жүз метр шегіндегі орман және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерге іргелес жатқан, жолдың ортасынан екі жаққа қарай екі жүз елу метр шегіндегі орман жатады.
Мемлекеттік орман қоры санаттарында орман пайдалануды шектеудің мынадай режимдері белгіленеді:
- қорық режимі - осы Кодексте айтылған жағдайларды қоспағанда, орман пайдаланудың барлық түрлеріне, оның ішінде ағаштарды кесуге тыйым салынады;
- тапсырыс режимі - басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға, шөп шабу мен мал жаюға тыйым салынады;
- шектеулі шаруашылық қызметінің режимі - басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға тыйым салынады.
Орман қорының әлеуметтік-экологиялық, экономикалық құндылығы, оның қоршаған ортаның сапасын жақсартуға белсенді түрде қатысатын күрделі экологиялық кешен ретіндегі, су корғайтын, қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру және басқа да көптеген пайдалы табиғи қасиеттерімен, экономиканың бірқатар салалары үшін негізгі шикізат көзі ретінде атқаратын рөлімен анықталады.
1 сәуір 2004 жылы 539 санды «Ормандарды сақтау және ормандық аумақтарды көбейту жобасындағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банк ісінің арасындағы грант бөлу ратификациясы туралы» Қазақстан Републикасының заңы қабылданды. Бұл заң және Орман кодексінің 64 бабына сай Қазақстан Республикасында барлық ормандар сақталуға және қорғалуға жатады.
Орман қорын корғау жалпы мемлекеттік міндет және ол жаратылыстану-ғылыми, биологиялық, орман-техникалық, орман-шаруашылық, химиялық, құқықтық және басқа да бірқатар әдістердің жүйесі арқылы іс жүзіне асырылады. Орман қорын қорғауды қамтамасыз етуде құқықтық-ұйымдастырушылық шаралардың әрдайым маңызы ерекше зор [13] .
Орман қорын құқықтық қорғау - заңда бекітілген, орман қорын талан - таражға салудан, заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан және басқа орман талаптарын бұзудан, сондай-ақ орман аурулары мен зиянкестерінен қорғайтын, оның ұтымды, сарқылмастай пайдаланылуы мен ұлғайта өсірілуін қамтамасыз ететін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру, техникалық және басқа да шаралар жүйесі.
Орман қоры күрделі экологиялық кешен ретінде көптеген ұрпақтарға қызмет етті және қызмет етеді. Сондықтан әрекет етіп отырған орман заңдарында қарастырылған орман қорын қорғау, ең алдымен оны ұтымды, үздіксіз, сарқылмастай пайдалануды қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Қазіргі кезде әрекет етіп отырған орман зандарының нормалары осы саладағы қатынастарды реттеуге, орман заң бұзушылықты болдырмауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Орман кодексінде табиғат объектісі және құқықтық қорғау объектісі болып табылатын орман қорын тек қорғау ғана емес, сонымен бірге сақтау мәселелері де бекітілген.
Ормандарды күзету мен сақтаудың негізгі міндеттері мыналар жатады:
1) ормандағы өрттердің алдын алу, оларды дер кезінде байқап, жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
2) мемлекеттік орман қоры аумағындағы барлық жұмыс істейтін әрі сонда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда болатын жеке тұлғалардың ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық ережелерді сақтауын қамтамасыз ету;
3) орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерін күзету;
4) орман пайдаланушылардың сүрікті түбірімен босату ережелерін және орман пайдаланудың басқа да түрлері ережелерін орындауың қамтамасыз ету;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz