Инвестициялық жобаларды бағалаудың статистикалық әдістері



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Инвестиция түсінігі және оның экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Инвестициялық жоба түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың жалпы көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Инвестициялық жобаларды бағалаудың дисконтталмаған әдістері ... ... ..17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады.Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен толықтырылмай, ал өндірістік аппараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етпеуде.
Ал отандық коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі экономиканы несиелеуге бағытталған несиелерінің шамамен 20-30%-ы орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80%-ы қасқа мерзімді несиелерді құрайды.Мұнда әлі де болса өз шешімін таппаған мәселелер аз емес.Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп көңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, ұзақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т.б. байланысты.Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің маңызы жоғары.Бұл айтылғандар да бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.
Қазіргі таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты пайдалану мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең техникалық-технологиялық алшақтықты жоюға ықпал ететін жобаларды іске асыруға бағытталған инаестициялар көлемін ұлғайту қажет. Экономикаға инвестиция тарту өнеркәсіп , ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды көздерінің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты инвестициялық жобалырдың тиімділігін анықтау және бағалаудың дисконтталмаған немесе статистикалық әдістерін зерттеу болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Инвестиция түсінігіне сипаттама беру;
- Инвестициялық жоба түсінігіне сипаттама беру;
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін анықтау.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу заты, жұмысың тәжірибелік маңызы берілген.
1-тарауда – Инвестиция және инвестициялық жоба түсініктеріжәне олардың экономикалық мазмұны сипатталады.
2-тарауда – инвестициялық жобалардың тиімділігін, олардың табыстылығын, өзектілігін баяндайды.
Қорытынды бөлімінде курстық жұмыстың түйіні баяндалады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 23-33 бб
2.Бағдарлама «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» Экономика негіздері,№6, 2006. – 29-31 бб
3.Цхай А.С. «Модели инвестиционного проектирования» Хабаршы-Вестник,№2, 2006.– 50-53 бб
4.Бохаев Д. «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері» Экономика негіздері, №6 2006. – 4-7 бб
5.Демесинов Т. «Роль инвестиционного проектирования в финансовом обеспечении банками роста экономики страны» Хабаршы-Вестник, №4 2006. – 53-56 бб
6.Бохаев Д. «Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері» Қаржы-қаражат, №5 1998. – 29-32 бб
7.Әмірқанов Ә., Тұрғұлова А.К. Қаржы менеджменті.Оқу құралы. – Алматы:2002. – 187-190 бб
8.Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: экономика, 2003. – 158-166 бб
9.Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001. – 291-305 бб
10.Байсартов Э. «Роль государства в инвестиционной сфере» Қаржы-қаражат,№6 2004. – 90-94 бб
11.Супугалиева Г.И. «Банк аясындағы инвестициялау» Хабаршы-Вестник,№3 2004. – 26-29 бб
12.Тулеубаева М.К. ҚР-ң инвестициялық қызметінің талдауы. Хабаршы-Вестник, №5 2004 – 69-71 бб
13.Шаханов Т. «Инвестиционная политика коммерческого банка»Экономика негіздері, №3 2005. – 21-23 б

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Инвестиция түсінігі және оның экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Инвестициялық жоба түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың жалпы көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Инвестициялық жобаларды бағалаудың дисконтталмаған әдістері ... ... ..17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады.Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен толықтырылмай, ал өндірістік аппараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етпеуде.
Ал отандық коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі экономиканы несиелеуге бағытталған несиелерінің шамамен 20-30%-ы орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80%-ы қасқа мерзімді несиелерді құрайды.Мұнда әлі де болса өз шешімін таппаған мәселелер аз емес.Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп көңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, ұзақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т.б. байланысты.Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің маңызы жоғары.Бұл айтылғандар да бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.
Қазіргі таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты пайдалану мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең техникалық-технологиялық алшақтықты жоюға ықпал ететін жобаларды іске асыруға бағытталған инаестициялар көлемін ұлғайту қажет. Экономикаға инвестиция тарту өнеркәсіп , ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды көздерінің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты инвестициялық жобалырдың тиімділігін анықтау және бағалаудың дисконтталмаған немесе статистикалық әдістерін зерттеу болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Инвестиция түсінігіне сипаттама беру;
- Инвестициялық жоба түсінігіне сипаттама беру;
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін анықтау.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу заты, жұмысың тәжірибелік маңызы берілген.
1-тарауда - Инвестиция және инвестициялық жоба түсініктеріжәне олардың экономикалық мазмұны сипатталады.
2-тарауда - инвестициялық жобалардың тиімділігін, олардың табыстылығын, өзектілігін баяндайды.
Қорытынды бөлімінде курстық жұмыстың түйіні баяндалады.

1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА
1.1. Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде жалпы капиталдық салынымдар деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қамсыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін [1.,5б.].
Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана көңiл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда, инвестициялар жалпы ұлттық өнiм өндiрiсiне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек кұралдарын енгiзумен байланысты өндiрiстi кеңейту және жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады.
Бiрақ осы кезге дейiн экономикалық тақырыптағы әдебиеттерде инвестиция деген ұғымға алуан-түрлi түсiнiктер беру орын алып келдi. Көптеген авторлар күрделi қаржы мен инвестициялардың бiр-бiрiнен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбiреулерi инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымыньң кезкелген түрi деп есептейдi.
Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П. Журавлева, И.Ю. Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да кұрал-жабдықтарды өндiрiске енгiзе отырып, өндiрiстi кеңейту және жаңарту iсiне жұмсалатын шығындар деп есептейдi [2., 64 6]. Бұл жерде негiзгi және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары тағы да басқа факторлар есепке алынбады.Осыған дейін белгілі болғандай инвестиция бүгінгі күнде халықаралық кәсіпкерлік құрамында маңызды рөл атқарады.Тікелей инвестицияның ерекшелігі болып оның басқа кәсіпорындық әдістерге қарағанда өзіндік тұрақтылығында болмақ.Тікелей шетелдік инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде экономикалық басқа нысаналармен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланылған етуде, ноу-хау, басқарудың алдыңғы қатарлы әдістері және маркетингті дамытуға қолайлы.Онымен бірге қарызды өтеуде қаржы жинақтауда керек.
Кәсіпорынның капиталы- қосылған құнның бөлігі түріндегі капитализация ретінде түсіндіріледі.Ол екіге бөлінеді:Тікелей инвестициялар- елдің экономикасына инвестордың жеке тәуекелімен салынған шетел капиталы.Портфельдік инвестиция - қаржылық құралдардың тиімді капитал түрінде салынуы. Мысалы акция және облигация сол сияқты бағалы қағаздар. Оспанов М.Т және Мұхамбетов Т.И өзінің жұмыстарында былай деп жазады. Шетелден келетін капитал ағымы 3 канал бойынша жүзеге асырылады: Дамуға ресми көмек; экспорттық кредиттер; кәсіпорынның капиталы.Дамуға ресми көмек ол мемлекеттің құзырына тиелі және 2-ге бөлінеді:техникалық және қаржылықЭкспорттық кредиттер бір немесе бірнеше жобалармен байланысты.Бұл тауарды немесе қызметті экспорттаушы елден сатып алу шартымен берілген кредиттер.Шетелдік инвестициялар- өз еркімен әртүрлі формада бір мемлекеттен екінші мемлекет территориясындағы кәсіпорынға салынған шетел капиталы. Қарастырылған инвестициялардың барлық түрлерiн төмендегi 1 - сурет бойынша жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады. Инвестицияның ұсынылған жіктеуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.

Инвестицияның түрлері
Инвестициялау объектісіне әсер ету дәрежесіне байланысты
Инвестициялау объектісіне әсер ету дәрежесіне байланысты
Меншік нысанына байланысты қалыптасу көздері
Меншік нысанына байланысты қалыптасу көздері
Негізгі капиталды жаңартудағы рөліне байланысты
Негізгі капиталды жаңартудағы рөліне байланысты
Мақсатты бағытталуына байланысты
Мақсатты бағытталуына байланысты

Материалдық активтерге жұмсалған инвестициялар
Материалдық активтерге жұмсалған инвестициялар
Мемлекеттік инвестициялар
Мемлекеттік инвестициялар
Жалпы инвестициялар
Жалпы инвестициялар
Тікелей инвестициялар
Тікелей инвестициялар

Материалдық емес активтерге жұмсалған инвестициялар
Материалдық емес активтерге жұмсалған инвестициялар
Таза инвестициялар
Таза инвестициялар
Шетелдік инвестициялар
Шетелдік инвестициялар
Портфельді инвестициялар
Портфельді инвестициялар
Жеке инвестициялар
Жеке инвестициялар
Жарамсыздықтың орнын толтыратын инвестициялар
Жарамсыздықтың орнын толтыратын инвестициялар
Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар
Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар

Сурет - 1
Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей түрде бөлiп қарайды:
- Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады.
- Жекеменшiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды. Мұндай мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы инвестицияларды бiр сөзбен отандық инвестициялар деп те атайды.
- Шетелдiк капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады.
Инвестицияның ұсынылған жіктеуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.

1.2. Инвестициялық жоба түсінігі және оның түрлері

Кез келген инвестициялық қызметтің түрі,оған капитал жұмсау немесе инвестициялау барысында арнайы инвестициялық жобаның болуына талап етеді.
Жоба-бұл мүліктік объектілерді және техникалық үдерістерді жүзеге асыруға қажетті материалдық-қаржылай еңбекпен және инвестициялық мақсаттарға жету бойынша жұмыс жүргізу үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық құжаттардың пакетін, сондай-ақ олардың орындалуымен байланысты басқару шешімдерін және шараларын қамтитын, көздеген мақсатқа немсе нәтижеге жетуге бағытталған жүйе болып табылады.
Инвестициялық жоба- қаржылық нәтижесі пайда алу, материалдық-мүліктік нәтижесі жаңа өндірісті құру немесе стратегиялық мақсаттарға жету мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңарту, қалпына келтіру,өндірісті кеңейту қаражат салу, қаржы құралдары мен материалдық емес активтерді сатып алу және пайдалануға бағытталған жүйелі түрдегі шаралар жиынтығын білдіреді.
Инвестициялық жобаларға тұрғын үй, құрылыс,үй объектілерін салу жобасы, инвестициялық портфельді қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеу жобалары, жаңа техника мен озық технологияларды игеру жобасы,кәсіпорындарды қайта құру және кеңейту жобалары,кинофильмдерді шығару жобалары, аймақты қамту және т.б. жатады.
Инвестициялық жобаның мақсаты-белгілі бір уақыт аралығында қалған нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Кез келген жобаны қаржыландыру мен несиелеуге инвесттиция жұмсау жекелеген тәуекел түрлерімен анықталады.Сондықтан инвестицияны жұмсамас бұрын жоба жүргізу қажет.Жобалық жұмыс маңызды болып табылады,себебі инвестицияны тиімді пайдалану оған тікелей байланысты.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
1) Жобаның қалыптасуы. (кей уақытта "идентификациялау" термині қолданылады). Бұл кезеңде кәсіпорынның жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына анализ жасап, кәсіпорынның арықарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Анализдің нәтижесі бизнес идеясы түрінде толтырылып, кәсіпорынға неғұрлым маңызды есепттерін шешуге бағытталған. Бұл кезеңде идеяның жүзеге асуындағы неғұрлым көбірек көндіретін аргументациялар бар болу керек. Кәсіпорынның арықарай дамуында бірнеше идеялар пайда болу мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалылығымен және іске асатындығымен ұсынылса, онда өңдеудің соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін осымен қатар бірнеше инвестициялық жобалар өңделеді.
2) Жобаны өңдеу (дайындау). Жобаның бизнес идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген - тиянақты шешім қабылдауға болады дегенше оны(яғни бизнес-идеяны) әрі қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жобаның жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және т.б. бірте-бірте нақтылануы мен жетілуі талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның кейбір есептерін шешу үшін шығатын ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып келеді. Жобаның сәтті іске асуы жобалық анализдеу процессінде пайда боллатын мәліметтерді дұрыс өңдей алуына және шығатын ақпараттардың шынайығының дәрежесіне тәуелді екенін түсіну керек.
3) Жобаның экспертизасы. Жобаның іске асуының алдында оның квалификацияланған экспертизасы - жобаның өмір-сүру циклының керекті кезеңі. Егер жобаның қаржыландырылуы негізінде стратегиялық инвестордың қаржысымен(несиелік немесе тікелей) іске асса, онда инвестордың өзі экпертизаны жүргізеді, мысалы болашақта жобаны іске асыру процессінде ақшасының көп бөлігін жоғалтуынан гөрі бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмасына кететін ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалау мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өзінің құралдарының басымдылығымен іске асыруын жоспарласа, онда жобаның экспертизасы жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де керекті.
4) Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Бұл жерге іскерліктің барлық түрінің орындалуына көз салынады және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдарының мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты шығатын инвестицияны жабу үшін жобамен өндірілетін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салынған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
5) Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында және жобаны орындау процессі кезінде жүргізіледі. Бұл іскерлік түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялары мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысын алу болып келеді. Ұқсас салыстырулардың нәтижесінде жобаны құрастырушылардың құнсыз тәжірибесі қалыптасады және оны құрастыру кезінде мен басқа жобаларды іске асырғанда қолдануға мүмкіндік береді.
Барлық инвестициялық жобаларды төрт түрге бөлуге болады:
* тәуелсіз;
* өзара шектеуші;
* өзара толықтырушы;
* өзара ықпал етуші.
Инвестициялық жобалар басқалардың жүзеге асуы әсер етпеген жағдай да ол тәуелсіз болып табылады.
Өзара шектеуші-бұл жоба кезінде басқа бір жоба әсерінен басқалардың жүзеге асырылу мүмкіншілігі болмайтын жобалар.
Инвестициялық жобалар бір уақытта қабылданса, немесе кері қайтарылса-олар өзара толықтырушы болып табылады.
Өзара ықпал етуші-бұл жоспарланған жобаның жүзеге асырылу әсерінен қосымша тиімділік әкелетін жобалар.
Кез келген инвестициялық жоба оның жүзеге асырылуымен және табыс алу мақсатымен байланысты қарастырылады.Сондықтан алға қойылған мақсаттардың жүзеге асырылу кезеңі инвестициялық жобаның өмірлік циклі деп аталады.Инвестициялық жобаның өмірлік циклі-жобаны жүзеге асырудан бастап аяқталуға дейінгі уақыт аралығы.Сонымен қатар, кез келген инвестициялық жоба оны дайындау,іске асыру барысында үш кезеңді басынан өткізеді:
инвестициялау алдындағы
инвестициялау
жаңадан құрылған объектілерді игеру және пайдалану.
1-кезең.Инвестициялау алдындағы кезеңде жобалау объектісінде кәсіпорынның болашақ мүмкіндіктері зерттеледі.Инвестициялар туралы шешімдер алдын ала қабылданады.
Мемлекеттік-кешендік сараптама бойынша республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын, заңға сәйкес мемлекеттің қолдауын талап ететін, үкімет кепілдігіне шетелдік несие арқылы жүзеге асырылатын,заңға сәйкес мемлекеттің қолдауын талап ететін,үкімет кепілдігіне шетелдік несие арқылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар жатады.Құжаттарды тексеру нәтижесінде экспорттық қорытынды шығарылады, яғни инвестициялық жобаға
* экономикалық;
* теникалық;
* қаржылық және әлеуметтік баға беріледі.
Бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктері талданады.
Инвестициялау алдындағы кезеңнің өзі үш сатыдан тұрады:
инвестицияға қажетті ресурстарды іздестіру;
жобаны алдын ала дайындау,яғни оның жобалық сметасының құжаттарын дайындау;
жобаны жасауды аяқтау және оның
техникалық,экономикалық,қаржылық тиімділігін қабылдау.
Сондай-ақ,бұл кезеңде келесідей шаралар жүзеге асырылады:
инвестициялық санаға жобалық идеялардың ауысу мақсатымен
инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау
жобаның жағымды және жағымсыз жақтарын көру мақсатында техника
экономикалық дайындық жүргізу
жобаның нақты артықшылықтарын анықтау мақсатында бизнес
жобаның бөлімдерін құру
жобаның сараптамасын жасау.
2-кезең.Инвестициялау кезеңі.Бұл жобаны таңдап алуды,объектінің модельдері мен сызбаларын дайындауды,құнды толық,дәл есептеуді қамтиды.Бұл сатыда қаржылық,заңнамалық ұйымдастыру негізі,құрылтай құжаттары дайындалады.Басқарудың ұйымдастырылу құрылымы,техника мен технология таңдалады және маркетингтік зерттеу жүргізіледі.
Инвестициялау кезеңі де үшш сатыдан тұрады:
келісім жасау,тендер жұмыстарын ұйымдастыру
құрылыстық,монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру
жоба бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау.
Шаралары:
инвесторлармен,жабдықтаушылармен,ме рдігерлермен жүргізілетін
мәмілелердің,келісімшарттардың қорытындыларын жасау
тартылған инвестицияның көлемін анықтау
құрал-жабдықты монтаждау
жер учаскесін алу
өндірістің бас жоспарын дайындау
мамандарды қабылдау және оқыту
маркетинг жүргізу
3-кезең.Үшінші кезеңде құрал-жабдықтарды дайындау, орналастыру, іске қосу және инновациялық жұмыстар жүргізіледі.Сонымен қатар,құрылыс материалдарын,мүліктерді сатып алу, қызметкерлерді жалдау мен құрылыстық-монтаждық реттеу жұмыстары,сондай-ақ дайын объектілерді пайдалануға беру жүзеге асырылады.
Жаңадан құрылған объектілерді игеру және пайдалану кезеңі де үш
сатыдан тұрады:
монтаждау
өндірісті іске қосу
жобаны аяқтау және пайдалануға беру
Шаралары:
өндіріс мониторингі,яғни нақты мәліметтерді жоспарланған мәліметтермен салыстыру
теріс жақтарды табу және олардың себептері.
Инвестициялық талдаудың маңызды құрамдас бөлігі іс-әрекеттің тиімділігін бағалау болып табылады. Оның қажеттілігі экономиканың ресурстарды шектеу туралы негізгі қағидасымен байланысты: Адамның талаптары шексіз, ал оларды қанағаттандыратын ресурстар шектеулі [1., 115б.].
Қазіргі кездегі инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістерін екі топқа бөлуге болады:
* қарапайым немесе статистикалық;
* дисконттау әдістері.
Инвестициялардың тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістеріне инвестициялардың сатылу мерзімін есептеуді және табыстың нормасын қарапайым есептеп шығаруды жатқызуға болады.

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
2.1.Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың жалпы көрсеткіштері
Тиімділік дегеніміз нәтижені шығындарға салыстыру. Бірінші көз қарас тиімділік туралы анықтамаға бұл сұрақтын күрделілігін көрсетпейді. Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтау кезінде шығындарды дұрыс есептеу мен қоғамдық еңбек нәтижесін анықтау дұрыс есептеудің нәтижесіне жету жслдары болады.
Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігінін мәні қоғамдық еңбек өнімділігін жоғарлатуда берілген, яғни өнімнің құңын төмеңдетуде. Кәзіргі қоғамда капиталдық салымдардын тиімділігі екі аспектіден тұрады - экономикалық және әлеуметтік.
Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің аспектісін анықтау кезінде шығындар (негізгі және қосымша) толығымен өндірушіде де тұтынушыларда да есепке алынуы тиіс.
Жалпы экономикалық тиімділік тиімділіктін (эффект) капиталдық салымдарға қатынасы.
Жалпы көрсеткіштерге келесі көрсеткіштерді жатқызуға болады: капиталдық салымдардын өтелу көрсеткіші, яғни салынған қаражаттардын өтелу (қайтарылу) мерзімін білдіреді, және капиталдық салымдардың үлесі, яғни капитал салымдылығын білдіреді ( өнімнің, қызметтің, жұмыстын бір тенгесіне келетін ресурс мөлшері).
Аталып кеткен көрсеткіштерден басқа бағалау көрсеткіштер жиынына келесілер жатады: еңбек өнімділігі; қор қайтарылымы; өнімнің өзіндік құны; өнімнің сапасы мен техникалық деңгейі; өнімнің, қызметтің, жұмыстын материал - және энерго сиымдылығы; жоба қуатын игеру ұзақтылығы; әлеуметтік тиімділігің әлеуметтік нормалармен салыстырудағы көрсеткіштер; еңбек жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты көрсеткіштер. Капиталдық салымдардың тиімділігін есептеуде инвестициялық емес факторлаға байланысты тиімділіктерді (эффект) шегеру керек. Мысалы, бұрындағы жобалардын өндіріс қуаты немесе еңбекті ұйымдастыруды алдында енгізіген шаралары, кәсіпорынның сменалығын жоғарлату, өндіріс пен еңбекті прогрессивті басқару және ұйымдастыру формаларын игеру, сонымен қатар капиталдық салымдарды қажет етпейтін шаралар.
Инвестициялардын әлеуметтік нәтижесін бағалау дегеңіміз адамнын құқығын, әлеуметтік жағдай нормасын, стандартын сақтайтын жоба.
Жұмыскерлерге жақсы еңбек ету мен дем алу жағдайларын жасау жөнінде, оларды азық түлікпен, тұрғын үймен және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар міңдетті болғанымен жеке бағалануға жатпайды.
Жобаларда орын табуы тиіс инвестициялардын әлеуметтік нәтижелердің негізгі түрлері:
- аумақта жұмыскерлер орнының өзгеруі;
- жұмыскерлердің тұрғындық және мәдениет - тұрмыстық жағдайларының жақсаруы;
- жұмыскерлердің еңбек жағдайының жақсаруы;
- өндірістік персонал құрылымының өзгеруі;
- халықтын тауралармен жабдықталуы (отын - энергетикалық кешенінің жобалары үшін - отын мен энергия; аграрлық сектор мен азық түлік кәсіби жобалары үшін - азық түлікпен және т.б.);
- жұмыскерлер мен қоғамның жалпы денсаулығы;
- халықтын бос уақытысының экономиясы.
Әлеуметтік нәтижелердің құңдылығын бағалауда олардын жеке маныздылығы есептеледі. Жобаның әлеуметтік нәтижесіне жетуге керекті шығындар (мысалы, жұмыссыздыққа немесе уақытша еңбек қабілетін жоғалтумен байланысты төленетін пособия шығыны), тиімділікті есептеуде жалпы қолданылады және әлеуметтік нәтижеге құндылық баға беруде қолданылмайды.
Жұмыскерлердің еңбек жағдайымен қанағаттаңдырылығын бағалау үшін социолгиялық сұраныс берілгендері қолданылуы мүмкін.
Жобаны іске асыру кезінде жұмыскрелердін тұрғын және мәдениеттік - тұрмыстық жағдайларын жақсартумен байланысты қосымша шығындар пайда болуы мүмкін. Мысалы, оларға төлемсіз негізінде немесе женілдікпен тұрғын үйлер беру, әлеуметтік - тұрмыстық манызы бар объектілер салу. Осы объектілерді салуға кеткен, сатып алуға жұмсалған шығындар жоба бойынша шығындар көлеміне жатады және тиімділікті есептеуде қолданылады.
Осы объектілерден түскен кірістер (тұрмыстық қызметтен түскен кіріс, жалға беруден түскен кіріс және т.б.) жобаның нәтижесінде есептеледі. Сонымен қатар тұрғын үйлер нарығындағы бағалар өзгерістері де есепке алынуы тиіс.
Инвестициялық мазмұндағы шешім қабылдаудың негізі инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау болып табылады. Инвестицияның экономикалық тиімділігін жалпы және жекелей анықтауға көптеген шет ел ғалымдары (Беляев В.А., Беренс В., Дмитриев Я.В., Завлин Д.Н., Карпов В.Г., Лимитовский И.А., Схилидзе Д.Н., Чистов Л.М., Хавранек П.Н. және т.б.) зерттеді [2., 100б.].
Уақыт параметірі ескерілуіне немесе ескерілмеуіне байланыссыз инвестициялық қызметтерді зерттеуде қолданылатын критерилерді келесі екі топқа бөлуге болады:
А) Дисконттауға негізделген
В) Есептеуге негізделген
Бірінші топтағы критерийлерге жатады: таза келтірілген құн (NPV), таза терминалдық құн (NTV), инвестициялар рентабельділігінің индексі (PI), пайданың ішкі нормасы (IRR), инвестицияның дисконтталған өтелу мерзімі (DPP). Ал, екінші топқа келесі критерийлер жатады: инвестициялардың өтелу мерзімі (PP), инвестициялардың тиімділік коэффициенті (ARR).
Енді, жоғарыдағы аталған инвестициялық жобаларды бағалау әдістерінің критерийлерін ауқымырақ қарастырайық.
1.Таза келтірілген құнды есептеу әдісі.
Бұл әдістің негізінде компания иелерінің басты мақсаттары жатыр, яғни фирманың құндылығын көтеру, бұл оның нарықтық құнының сандық бағасын көрсетеді. Алайда, инвестициялық жобалар бойынша шешімдерді қабылдау жиі компания иелерімен емес, оның басқарма жұмысшыларымен ойластырылып іске асады. Сондықтан бұл жерден көретініміз, меншік иелері мен басқарманың мақсаттары бәсекелес, яғни ішкі фирмалық келіспеушіліктер ескерілмейді.
Бұл әдіс бастапқы инвестициялар көлемі мен жоспарланған мерзімде оның әкелетін дисконтталған таза ақша ағынына қатынасымен анықталады. Ақша қаражаттарының ағыны уақыт бойынша бөлінетін болғандықтан, ол "r" мөлшерлемесі бойынша дисконтталады. Ол инвестициялаған капиталға келетін жыл сайынғы қайтару пайызынан туындайды және оны аналитик (инвестор) өз бетінше тағайындайды.
Мысалы, мынандай болжам жасалынды, n жыл ағымында инвестиция (с) жұмсалынады, ол бойынша жылдық табыс көлемі Р1,Р2, ... . Рn.. Дисконтталған табыстардың жалпы жиналған мөлшері (PV) және таза келтірілген құн (NPV) сәйкесінше келесі формулалармен есептелінетін болды:
(1)

(2)

Жоғарыда атап көрсетілгендей кез-келген компанияның барлық іс-әрекеті мақсатқа жету үшін орындалады. Компания иелері тұрғысынан NPV критериіне төмендегідей экономикалық түсінік беруге болады:
Егер NPV0, онда жобаны қабылдау кезінде компанияның құны төмендейді, яғни компания иелері шығынға ұшырайды.
Егер NPV=0, онда жобаны қабылдау кезінде компанияның құны өзгеріссіз қалады, яғни оның иелерінің қаржылық жағдайы бір қалыпта қалады.
Егер NPV0, онда жобаны қабылдау кезінде компанияның құны, сонымен қатар иелерінің қаржылық жағдайы өседі.
NPV=0, болған жағдайды ауқымырақ қарайық. Бұл жағдайда, шын мәнінде, компания иелерінің жағдайы өзгеріссіз қалады, алайда, алдында атап өткенімдей, инвестициялық жобаларды басқарушы персонал жиі қабылдайды, сонымен қатар бұл жағдайда менеджерлер өз таңдауына ие болады. Алайда, NPV=0 тұжырымы оң нәтижеге де ие болады- жобаны іске асырғанда өндіріс көлемі өседі, яғни компанияның ауқымы өседі.
Компанияның ауқымының өсуі жағымды жағдай болғандықтан (мысалы, менеджерлер жағынан мынандай көзқарас: ірі компанияда жұмыс істеген пристижді, сонымен қатар, еңбекақысы да көп жағдайларда жоғары), жоба қабылданады.
Жылдар бойынша табыстылықты жоспарлағанда мүмкін болғанша осы жобаға байланысты барлық өндірістік және өндірістік емес түсімдер түрлерін ескеру керек. Жобаны іске асыру кезеңінің соңында құрал-жабдықтардың немесе босатылған айналым құралдарының құны ретінде қаражаттардың түсімі болжанады, олар сәйкес кезеңнің табысы ретінде есепке алынады.
Келтірілген формулалар арқылы есептеу өте қиын, сондықтан дисконттау бағаларына негізделген бұл және басқада әдістерді қолдану үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаларды талдау формалары
Инвестициялық жобаларды талдау
Инвестициялық жобаның қаржылық бағалау нормалары
Инвестициялық жобаны енгізудегі күтілетін табыстың анықталуы
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау
Жобаны талдаудың экономикалық тиімділігі
Пәндер