Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі



МАЗМҰНЫ



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың теориялық аспектілері
1.1 Қаржылық институттардың мәні, қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қаржылық инстиуттардың түрлері мен сфералары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.3 Банктік емес несиелік мекемелердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2. ҚР.дағы қаржылық институттар қызметтерін талдау
2.1 Банктік емес ұйымдардың қызметтерінің реттелуіне шолу ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Арнайы мамандандырылған қаржылық . несиелік институттар қызметтеріне талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Халықаралық қаржылық.несиелік қаржы институттар қызметіне талдау...25

3.Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың песпективалары

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады. Ал, инвестициялық қызметті ұлғайтуда қаржылық институттардың орны мен рөлі зор.
Инвестициялық нарықтағы ірі капитал салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, шетелдік қаражаттарды игеруге, тауар және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарык қатынастары субьектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Өндірісті жандандыру, оның құрылымын қайта құру және әрі көтеруді инвестициямен қамтамасыз ету ең алдымен қаржылардың отандық және шетелдік көздеріне сүйенуді нарық қатынастарына көшу деңгейін және даму ерекшеліктерін ескере отырып, белгілеуді қажет етеді.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты - экономиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және бар жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
Осы аталған заңға сәйкес келесідей инвестициялық преферанциялар қарастырылған:
1. Инвестициялық салықтық преференциялар;
2. кеден баждар салудан босату;
3. мемлекеттік заттай гранттар беріледі. Инвестициялық салықтық преференциялар тіркелген активтерге салынатын инвестициялардын көлеміне қарай белгіледі, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлін анықтай отырып, тақырыпты зерттеу.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:
- қаржы институттарының мәнін, түрлерін;
- қаржы институттарының атқаратын қызметіне тоқталу;
- банктік емес қаржылық институттардың қызметтерін;
- банктік емес ұйымдардың қызметтерінің реттелуін зерттеу.
- Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлін анықтай отырып, тақырыпты толық зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы.Кіріспеден 3 бөлімнен,қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен құралады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. ҚР Конституциясы
2. ҚР Салық кодексі, 2011 ж.
,3. ҚР-нің Қаржы министрлігінің Қазыналық Депортаменттің бұйрығымен бекітілген, жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен қаржыландырылатын ұйымдардағы 27.01.1998 ж. N 30 нұсқаулық
4.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2005 жылғы Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы
5.«Қаржы – қаражат»- «Қазақстан қаржылары»
6.Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Алматы- 2007;
7.Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы – 2011;
8. Кадерова Н.Н. Финансирование и кредитование инвестиций. – Алматы. - 2009г.
9. Искаков Ұ.М. Қаржы нарығы мен делдардары .- Киев.: Ника – Центр;2009.- 591 с.
10. Нурсеит Н.А. Привлечение сбережений в финансовую систему страны//Банки Казахстана.-2012.-№12.-с.27-43.
11.Асилова А.С. «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу»
12. http://www.imf.org/
13. http://sk.kz/

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: "Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі"

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың теориялық аспектілері
2. Қаржылық институттардың мәні,
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қаржылық инстиуттардың түрлері мен
сфералары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .7
1.3 Банктік емес несиелік мекемелердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2. ҚР-дағы қаржылық институттар қызметтерін талдау
2.1 Банктік емес ұйымдардың қызметтерінің реттелуіне
шолу ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Арнайы мамандандырылған қаржылық - несиелік институттар қызметтеріне
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттар қызметіне талдау...27

3.Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың песпективалары

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..35

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және
дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең
алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану
болып табылады. Ал, инвестициялық қызметті ұлғайтуда қаржылық
институттардың орны мен рөлі зор.
Инвестициялық нарықтағы ірі капитал салымдарын қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға, шетелдік қаражаттарды игеруге, тауар және қызмет
көрсетуді үлкен тиімділікпен нарык қатынастары субьектілерінің
сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Өндірісті жандандыру, оның
құрылымын қайта құру және әрі көтеруді инвестициямен қамтамасыз ету ең
алдымен қаржылардың отандық және шетелдік көздеріне сүйенуді нарық
қатынастарына көшу деңгейін және даму ерекшеліктерін ескере отырып,
белгілеуді қажет етеді.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты - экономиканың дамуы үшін
қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана
отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен
жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және бар жұмыс орындарын сақтауға,
сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып
табылады. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар
беру болып табылады.
Осы аталған заңға сәйкес келесідей инвестициялық преферанциялар
қарастырылған:
1. Инвестициялық салықтық преференциялар;
2. кеден баждар салудан босату;
3. мемлекеттік заттай гранттар беріледі. Инвестициялық салықтық
преференциялар тіркелген активтерге салынатын инвестициялардын көлеміне
қарай белгіледі, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Инвестициялық нарықтағы қаржылық
институттардың орны мен рөлін анықтай отырып, тақырыпты зерттеу.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:
- қаржы институттарының мәнін, түрлерін;
- қаржы институттарының атқаратын қызметіне тоқталу;
- банктік емес қаржылық институттардың қызметтерін;
- банктік емес ұйымдардың қызметтерінің реттелуін зерттеу.
- Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлін
анықтай отырып, тақырыпты толық зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы.Кіріспеден 3 бөлімнен,қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен құралады.

1.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҚТАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Қаржылық институттардың мәні, қызметтері

Инвестициялық нарық кең мағынада ел экономикасын қажетті
қаражатпен қамтамасыз етудің тетігін білдіреді.Осы мәселені шешу үшін
қаржылық институттардың орны мен мәні зор.Олар қаржы нарығында инвестордың
мүддесін қорғау мақсатында және ақша-қаражаттарды тартудың есебінен,әрі осы
ақша қаражаттарды тартуды әртараптандыруды ескере отырып,инвестицияның
есебінен тәуекелді азайту мақсатында жұмыс істейді.
Атқаратын қызметіне қарай қаржылық институттарды келесідей
жіктеуге болады:
• Реттеуші
• Инвестициялық-коммерциялық
• Арнайы мамандырылған
• Кепілдіндіруші
• Кәсіби
• Даму институттары
Қазақстан Даму Банкі АҚ (Бұдан әрі Банк) 2001 жылдың мамырында
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Даму Банкі туралы
Қазақстан Республикасының заңы шығарылды.Осы заңға сәйкес ерекше құқықтық
мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкі құрылды.
Қазақстан Даму Банкі АҚ бұл ел экономикасына инвесторды тартуға
қолдау жасау және өңдеуші өнеркәсіптерге,өндірістік инфрақұрылымның дамуына
мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарлату және жетілдіру
мақсатында құрылған қаржылық институт. Қазақстан Даму Банкі өз қызметін
2001 жылдың 1 сәуірінен бастаған.
Қазақстан Даму Банкінің меншікті капиталының мөлшері 2008 жылдың
1 мамырындағы жағдай бойынша 96,45 млрд.теңге,активтері 308,04 млрд.теңгені
құрады.Қызметінің басынан бастап 2008 жылғы 1 мамырға дейін Банк тобы жалпы
сомасы 7 млрд. Доллар болатын 195 инвестициялық жобаны,лизингтік және
экспорттық операциялырды бекітті,оның ішіндегі банктың қатысуымен 2,9
млрд.долларды құрады.
Банктің ұстанымы:
Қазақстанның отын және минералдық шикізатты сатудан
тәуелділігі,өнеркәсіптің,металлурги ялық инфрақұрылымдық және өңдеуші
салаларында инвестициялық белсенділік ел экономикасының шикізаттық
ресурстары нарығындағы өзгерістерге әсерін тигізеді.Сондықтан Ел басшылығы
экономиканы радикалды реформалауға қадам басып,Қазақстанның шикізат
тәуелділігінен шығуына мақсат қойды.
Банктің орны:
• Өңдеуші өнеркәсіп,өндірістік және көлік инфрақұрылымы;
• Ұзақ мерзіммен қамтылған ірі(5 млн.АҚШ долларынан асатын) көлемді
капиталы бар инвестициялық жобалар;
• Қазақстандық тауар өндірушілер өнімінің экспортына жәрдем көрсету.
Банктің міндеттері:
1) Инвестициялық жобаларға орта мерзімді(5 жылдан 10 жылға дейін)және
ұзақ мерзімді(10 жылдан 20 жылға дейін) несие беру;
2) Қазақстандық өнімді жеткізуші резидентке де,қазақстандық өнімді
сатып алушы резидент еместерге де қарыздарды беру жолымен бірлесіп
қаржыландыру;
3) Басқа несие институттары беретін қарыздар мен несиелер бойынша
кепілдік берілген міндеттемелерді беру;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық
жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру.
Банктің инвестициялық басымдылықтарына сәйкес келетін жобалар үшін
Банк келесідей қызметтерді ұсынады:
• Орта мерзімді(5 жылдан 10 жылға дейін)және ұзақ мерзімді(10
жылдан 20 жылға дейін) несие беру,оның ішінде:
• Жобаларды бірлесіп қаржыландыру және қайта қаржыландыру;
• Жобаларды жобалық қаржыландыру

1.2 Қаржылық инстиуттардың түрлері мен сфералары

Парабанктiк жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуi барысында
жаңадан қалыптасып, ендi ғана бiртiндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды
сипаттайды.
Банктiк емес мекемелердiң немесе парабанктiк мекемелердiң банктерден
айырмашылығы - олар бiрiншiден, клиенттердiң белгiлi бiр түрiне ғана қызмет
етсе, екiншiден, банктiк операциялардың жекелеген түрiлерi бойынша қызмет
көрсетедi.
Кейбiр экономикалық әдебиеттерде парабанктiк жүйенiң iшiндегi несиелiк
мекемелерге ломбардтарды, несиелiк серiктестiктердi, несиелiк қоғамдарды
және одақтарды жатқызады.
Ломбардтар – бұл жылжитын мүлiктердi кепiлге ала отырып, қысқа мерзiмге
ссудалар беретiн несиелiк мекеме.
Тарихта ломбардтар өсiмқорлық несие беретiн жеке меншiк кәсiпорын
ретiнде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлiк, оның
iшiнде бағалы металлдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа)
кепiлге алып, тұтыну несиесiн беру болып табылады. Олардың ссудалары
негiзiнен қысқа мерзiмге (30 күнге дейiнгi мерзiмге) кепiлге салатын мүлiк
құнының 50-80( мөлшерiнде берiледi. Кепiлге алып ссуда берумен қатар, олар
клиенттердiң құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негiзде кепiлге
салынған мүлiктердi сатумен айналысады.
Несиелiк серiктестiк - өз мүшелерiне несие-есеп айырысу қызметiн
көрсету мақсатында құрылған несиелiк мекеме.
Несиелiк серiктестiктердiң жарғылық капиталы пай қосу және мiндеттi
кiру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшелiктен
шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелiк серiктестiктердiң мүшелерiне
кооперативтер, жалгерлiк кәсiпорындар, банктер, шағын және орта бизнес,
жеке тұлғалар кiредi. Несиелiк серiктестiктердiң басты пассив
операцияларына – салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив
операцияларына – ссудалық, комиссиондық, сауда-делдалдық операциялары
жатады.
Несиелiк серiктестiктiң бiр түрiне – ауыл шаруашылығы несиелiк
қоғамдары жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және
мамандандырылған банктер, үкiмет құрылымдары, жеке және заңды тұлғалар бола
алады. Олардың басты қызметi - ауыл шаруашылығына несие-есеп айырысу
қызметiн көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу
шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелiк
серiктестiктерiнiң клиенттерiне шаруа қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ
ауыл шаруашылық кәсiпорындары жатады. Негiзгi операциялары: қысқа және орта
мерзiмге ссудалар беру және салымдар қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл
шаруашылық несиелiк серiктестiктердi ұйымдастырудың басты ерекшелiгi -
олардың қызметiнiң бiрқатар салық жеңiлдiктерiне ие болуы, атап айтсақ
табыс салығынан босауы, сондай-ақ оған үлес қосушыларға да салықтық
жеңiлдiктер болады.
Несиелiк одақтар – бұл белгiлi бiр жеке тұлғалардан немесе ұсақ
несиелiк мекемелерден ұйымдастырылатын несиелiк кооперативтер.
Олар екi негiзгi типте болуы мүмкiн:
1) қысқа мерзiмдi тұтыну несиесiн беру мақсатында кәсiби немесе
аумақтық белгiлерiне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған;
2) еркiмен қосылған дербес несиелiк серiктестiк түрiнде, мысалы ссуда
жинақ серiктестiктерi, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және т.б.
Несиелiк одақтардың капиталдары олардың мүшелерiнiң қосатын үлесiнен
және пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен қалыптасады.
Негiзгi операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды
шығару; өзiнiң мүшелерiне қамтамасыз етiлген ссудалар беру, вексельдердi
есепке алу; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар; кеңес беру және
өз мүшелерiне аудиторлық қызмет көрсету.
Қазақстанда банктiк емес мекемелердiң мынадай түрлерi дамып отыр:
- ломбардтар;
- несиелiк серiктестiктер;
- микрокредиттiк ұйымдар;
- жинақтаушы зейнет ақы қорлары;
- пошта-жинақ мекмелерi;
- ипотекалық компаниялары.
Соның iшiнде қазiргi кезде ломбардтық мекемелер мен несиелiк
серiктестiктер кеңiнен дамып келедi.
ҚР ұлттық банктiң 1997 жылғы 29 тамыздағы N 314 “Ломбард туралы”
ережесiне сәйкес, ломбард – банк болып табылмайтын, µлттық банктiң берген
лицензиясы негiзiнде операциялар мен қызметтердi жүзеге асыратын заңды
тұлға.
Ондай операцияларға мыналар жатады:
• ломбардтық операциялар: тез iске асырылатын бағалы қағаздар мен
жылжымалы мүлiктердi кепiлге алып, қысқа мерзiмдi несие берудi
сипаттайды;
• бағалы металлдардан (алтыннан, күмiстен, платинадан, платина тобындағы
металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металлдар және асыл
тастардан тұратын зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау,
есепке алу, сақтау және сату;
• сейфтiк қызметтер: клиенттердiң бағалы қағаздарын, құжаттарын,
құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтiк жәшiктердi,
шкафтарды, бөлмелердi жалға беру қызметтерiн көрсетедi;
• келiсiм-шарт мерзiмi iшiнде жалға берiлген мүлiкке жалға берушiнiң
меншiк құқығын сақтай отырып, ол мүлiктi жалға беру;
• заң талаптарына сәйкес кепiлге алынған мүлiктi сату.
Ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына жеке және заңды
тұлғалар жатады. Мемлекет өзiнiң өкiлеттi органдары арқылы оған құрылтайшы
болуы мүмкiн.
Ломбард кез келген ұйымдық-құқықтық формада (ашық акционерлiк қоғамнан
басқа) құрылып, өз қызметiн жүзеге асырады.
“Несиелiк серiктестiк туралы” ҚР заңына сәйкес, несиелiк серiктестiк –
бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен
қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттiлiктерiн қанағаттандыру
мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерiктi түрде бiрiгуiнiң нәтижесiнде
құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР µлттық банкiнiң лицензиясы
негiзiнде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Несиелiк серiктестiктердiң мынадай түрлерi болады:
1) несиелiк-депозиттiк серiктестiк - заңды тұлғалардың депозиттерiн
қабылдау мүмкiндiгi бар мекеме.
2) ауыл несиелiк серiктестiгi - өзара несие беру үшiн, оның
қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерiктi түрде жеке және
заңды тұлғалардың өзара бiрiгуiнiң нәтижесiнде құрылған, банктiң
жекелеген операцияларының түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлға.
3) несиелiк серiктестiк – коммерциялық ұйым.
Несиелiк серiктестiк және ауыл несиелiк серiктестiгi ҚР
заңдылықтарындағы ерекшелiктерiне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада
құрыла алады:
• коммандиттiк серiктестiк;
• толық серiктестiк;
• жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
• акционерлiк қоғам.
Өткен жылы елiмiзде несиелiк серiктестiктер туралы заңмен қатар,
“Микрокредиттiк ұйымдар туралы” заң қабылданды. Бiрақ мұндай ұйымдар әзiрге
дами алмай отыр.
Микрокредиттiк ұйымдар – бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдарды
болып табылады.
Жинақтаушы зейнет ақы қорлары екi түрге: мемлекеттiк және жек меншiк
болып бөлiнедi. Қазiр 16 зейнет ақы қоры болса, оның 1-уi мемлекеттiк,
қалғандары - жеке меншiк зейнет ақы қорлары.
Жинақтаушы зейнет ақы қорлары жұмыс жасайтын адамдардың жалақысынан
белгiлi мөлшердегi аударымдарды жинақ ретiнде қабылдап, оларды зейнет
жасына жеткенде берiп отырады. Олардың активтерiн басқаратындарды “Зейнет
ақы қорларының активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар” деп атайды.
Бұл ұйымдар олардың активерiн белгiленген нормативтерге сәйкес әр түрлi
бағыттарды орналастырып, оларды табыстар алады. Сөйтiп, ондай табыстарды
зейнет ақы қорында жинағы бар салымшылардың шотына есептейдi.

1.3 Банктік емес несиелік мекемелердің түрлері

Несие ісі – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды
орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді
білдіреді.
Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық
айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі
банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді
қарастырудан бұрын бізге банк және банктік қызмет ұғымын білу қажет.
Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін,
депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік
Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және баскд елдердің банктер туралы
зандарында бекітілген. Ал, Германия мен Францияда банк немесе несиелік
мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда-саттық,
лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген
мекемені айтады. Сондай-ақ, оларда банктік емес мекемелерге депозиттер
қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б.
заңмен тыйым салынады.
Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік жүйеге мекемелерді
жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған
қаржы мекемелерінің депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер
қатарына жатқызады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы заң күші бар Жарлығының 1-бабында,
банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет
министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізуімен
және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі
лицензиясының болуымен анықталады.
Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми
мәртебесі болмаса банк деп аталуға тиіс емес.
Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материалдық
өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше.
Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем
құралдарын өндіреді.
Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте
банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 ж. жүзеге асырылған.
Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай
делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет
етуші капиталдарға айналдырады.
Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта ғасырлық
айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген жөн.
Банк ұғымы Италияның апсо (айырбас орын, ақша үстелі) деген сөзінен
шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда
болған. XII ғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды.
XV ғ. ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды.
Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір
елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің
қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін
ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады. Нәтижесінде тарихта
сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады.
Сегменттелген құрылым кейбір несиелік мекемелер түрлерінің операциялық
қызмет сферасы мен қызметтерін қатаң заңды түрде бөлуді дұрыс санайды.
Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапонияда қалыптасты. Онда депозиттерді
қабылдауға және қысқа мерзімді несиелер беруге байланысты банктік
операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығару және
оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет
түрлері (сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер және т.б.)
ажыратылған.
Әмбебаптық құрылымда жекелеген операциялар түрлері мен қаржылық қызмет
көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несиелік
мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай
әмбебап “қаржылық универмагтар”, супермаркеттер типтері Францияда,
Швецарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің
кейбір буындарының операциялары және мамандануы арасында шекара болмайды.
Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, кептеген банктік
операциялармен айналысады.
АҚШ-та барлық несие-қаржы мекемелерін депозитгік, яғни ақшалай
қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік
емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары (зейнет ақы-
жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полюстерін сату және т.б.)
рұқсат етілген деп бөледі.
Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері,
қарыз-жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар; депозиттік еместерге –
сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы инвестициялық
компаниялары, ақша нарығының басқа да қорлары жатады.
Банктер – атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты екі
негізгі типке бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық дегеніміз – айналысқа ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) құқығы
берілген орталық банктер. Кейбір елдерде оларды ұлтгық, халықтық, резервтік
деп атайды. КСРО-да ондай банк Мемлекеттік деп, Қазақстанда – Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті –
айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату, банк
жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып
келеді. Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғары буыны болып табылады.
Мемлекет эмиссиялау құқығын тек бір ғана банкке (Орталық) береді, себебі
ақшаны эмиссиялау құқығын бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын
реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа банктер иелене алмайтын, ірі
қаражатты иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан, бюджеттік
қаражаттардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге
және олардың қызметтеріне жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда
эмиссиялық банк Ұлтгық банк болып табылады, ал қалған банктер, оның
ішіндегі коммерциялық банктер, – эмиссиялық еместерге жатады. Олардың
айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиентерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең
маныздысы: уақытша бос ақшалай каражаттар, халық жинақтары мен қорларын
тарту; несиелеу; қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар. және т.б.
Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі
емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтеді және
клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырады. Бұл, әмбебап
несиелік мекемелер. Соңдай-ақ, жоғарыда айтып өткендей өз клиенттеріне бір-
екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған манданған банктер бар. Банктердің
мамандануының басқа типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана
(мысалы, биржалық, коммуналдық банктер) қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан
мамандаңуы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық
бейнеленеді, себебі ол міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете
отырып, активтер мен пассивтерінің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен
жұмыс жасауды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Ондай типтерге
инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б,
жатады.
Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай
қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа
да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге мамандаңады.
Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан
кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал
болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады, бірақ
олар технологиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.
Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып,
ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады, Бұл банктер
пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да
бағалы қағаздарды құрайды.
Салалық және аумақтық банктердің мамандану дәрежесі олардың активтері
мен пассивтерін құрау ерекшеліктері бедгілі бір мөлшерде олардың қызмет
аумағына, сондай-ақ клиенттерінің шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру
ерекшеліктерімен байланысты болып келеді.
Банктік қызмет сұрақтары бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер
мен толықтырулар еңгізу туралы 1997 ж. 11 шілдедегі Қазақстан
Республикасының заңы банктерді: депозиттік және инвестициялық деп бөлуді
альш тастады.
Мамандандырылған несие-қаржы мекемелері кез келген елдің несие
жүйесіңің маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында
ғана қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы:
сауда жинақ мекемелері инвестициялық қорлар және компаниялар, өзара көмек
беру кассалары, ломбардтар және т.б, Бұл мекемелер өздерінің бастапқыдағы
дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орыңдаған. Ал,
қазіргі кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға жәңе
компанияларға қызмет көрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара
бәсекеге түседі, яғни коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер
арасыңдағы айырмашылық жоғалады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы
бұл мекемелер банктік нарыққа еніп келеді.
Мамандандырылғаң несие-қаржы мекемелері ипотекалық және тұтыну, сол
сияқты ауыл шаруашылық несиелері саласында кең ауқымда тарауда. Олар
халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау бағалы қағаздарды
орналастыру және т.б. айналысады.
Кейбір арнайы несие институттары Қазақстан аумағында революцияға дейін
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС – НЭП) жылдарында және ауыл шаруашылығын
ұйымдастару тұсыңда несиелік серіктестіктер өзара несие беру қоғамы
несиелік одақтар және т.б. түрінде болған. Қазір банктік емес мекемелерге
өзара көмек беру кассаларын, ломбардтарды, сондай-ақ шаруа қожалығы
бірлестіктерін ірі агроөнеркәсіп бірлестіктерін, қаржы-есеп айырысу
орталықтарын жатқызуға болады.
АҚШ-та банктік емес несие-қаржы институттарға: өзара жинақ банктері,
қарыз-жинақ бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар, зейнетақы
қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады. Бұл институттардың барлығы
негізінен халықтан қаражат жұмылдыра отырып, оларды ипотекалық және тұтыну
несиелеріне пайдалануға маманданған.
Өзара жинақ банктері өзара біріккен кәсіпорындар түрінде құрылады. Олар
халық салымдарын жұмылдыра отырып, оларды жылжымайтын мүлік туралы актілер
мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды. Сондай-ақ,
коммерциялық және тұтыну қарыздарын береді.
Қарыз-жинақ бірлестіктері – халықтың қаражатына қаттысты салымдық
операцияларды жүргізумен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға
(активітің 23-ін тұрғын үй сатып алуға) пайдаланады.
Несиелік одақтар – кәсіподақтардың, ірі кәсіпорын-дардың, шіркеулердің
ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері. Ресурстары
акцияларды сату есебінен құралды. Олар көбінесе өз мүшелеріне ұсақ қарыздар
беруге пайдаланылады.
Сақтандыру компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары айналысып жүргендей
операциялармен шұғалданады. Олардың пассивтері сақтандыру жарнамаларынан
және активтік операциялардан түскен табыстардан кұралып, оларды сақтандыру
пассивтеріне төлем төлеуден басқа ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және
тұрғын үй құрылысын кепілдікке салынған

2. ҚР - ДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНТИТУТТАР ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Банктік емес ұйымдардың қызметтерінің реттелуіне шолу

Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының 2012 - 2020
жылдарға арналған даму стратегиясы индустриалы0-инновациялық, әлеуметтік-
экономикалық және Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша өзге де
салалардағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын ескере отырып әзірленді
және оның миссиясын, пайым көкжиегін, стратегиялық бағытын, онжылдық
кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

Дамудың стратегиялық бағыттары
Өзінің пайымына қол жеткізу және миссиясын іске асыру үшін Қор үш
стратегиялық бағыт бойынша іс-қимыл жасайды:
1. Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру;
2. Ұлттық экономиканың әртараптандырылуына және жаңғыртылуына қатысу;
3. Әлеуметтік жауапкершілік.
Қор әрбір стратегиялық бағыт шеңберінде қызметтің негізгі көрсеткіштерін
пайдалана отырып қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тұрақты мониторингін
жүргізетін болады.

1-кесте. Күтілетін нәтижелер
Көрсеткіш 2011 ж. 2015 ж. 2022 ж.
1-стратегиялық бағыт: Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру
1 Таза кірістің өсуі, 2010 120% 140% 250%
г.=100%
2 EBITDA margin (ЕДБсіз) 17,8% 19,9% 27 %
3 Корпоративтік басқару 56,2 75 85
рейтингі
4 Инновациялық даму рейтингі24,85 100 100
5 Персоналдың тартылу 60% 68%
дәрежесі
6 Кадрлардың жыл сайынғы 14% көп емес
тұрақтамауы
2-стратегиялық бағыт: Ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға
қатысу
7 Қор компанияларының елдің ҮИИДМБ Стратегиялық
стратегиялық құжаттары шеңберінде жоспар-2020
шеңберінде белгіленген белгіленген шеңберінде
мақсатты көрсеткіштерге мақсатты белгіленген
қол жеткізу дәрежесі көрсеткіштергемақсатты
(5-қосымшаны қара) қол жеткізу көрсеткіштерге
дәрежесі қол жеткізу
дәрежесі

8 Өз капиталының 12,8% 13%-дан төмен 14%-дан төмен
рентабельділігі емес емес
коэффициенті (ROE)
(ЕДБсіз)
Сатып алынған тауарлардағы
жергілікті қамту үлесі 60%
1-кестенің жалғасы

9 34% 66%-дан кем
емес
10 Жұмыстардағы, 62% 90% 93%-дан кем
қызметтердегі жергілікті емес
қамту үлесі
3-стратегиялық бағыт: Әлеуметтік жауапкершілік
11 Өндірістегі жазатайым нд 0 0
оқиғалардың саны 0

Қазақстанның Даму Банкі АҚ (бұдан әрі – ҚДБ АҚ) негізгі міндеті орта
мерзімде экономиканың басымды салаларындағы жаңғырту мен әртараптандыруға
жәрдемдесу үшін жеке меншік сектордың шикізаттық емес кәсіпорындарына орта
және ұзақ мерзімді кредит беру саласында елдің жетекші қаржы институтының
ұстанымын сақтау болады. Ұзақ мерзімді жоспарда, 2022 жылға қарай ҚДБ АҚ
Қор тобы компаниялары және Үкімет үшін ірі инфрақұрылымдық және
индустриялық жобаларды бағалау және қайта құрылымдау бойынша елдің жетекші
институтына айналады.

Аталған мақсаттарға жету үшін ҚДБ АҚ-ың басымды қаржыландыру салалар
тізімі айқындалып, кредит берудың ең аз сомасы көтеріледі және қаржы
орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚДБ АҚ-ны капиталдандыру
жүргізіледі.
Бенчмарк ретінде ҚДБ АҚ үшін осыған ұқсас даму банктері арасында елеулі
тәжірибесіне және жоғары көрсеткіштеріне байланысты Бразилия даму банкі
(бұдан әрі – BNDES) таңдап алды.

2-кесте.Бразилия даму банкі көрсеткіштері

Көрсеткіш (2011 ж.) Өлшем бірлігіҚДБ АҚ BNDES

ROA % -1,8 4-5

ROE % -7,1 13,4
Кредиттік қоржындағы NPL үлесі
(проблемалық кредиттер) % 32 0,14

Қаржыландырудың орташа құны (2010 ж.) % 4-5 7

Қор мынадай көрсеткіштер бойынша ұзақ мерзімді кезеңде ҚДБ АҚ қызметінің
тиімділігін бағалайтын болады:
1) өнеркәсіптің басым салаларындағы жобалар және стратегиялық жобалар
бойынша (инвестицияларды) игеру көлемдерінің жыл сайынғы өсу – 2022 жылға
қарай ҚДБ АҚ несие қоржынында өңдеуші өнеркәсіп пен инфрақұрылымдағы
жобалардың кемінде 90%-ды құрайды;
2) қызметтің шығынсыздығын қамтамасыз ету – капиталдың рентабельділігі
кемінде 6%-ды құрайды;
3) қаржылық орнықтылықты және несиелік қоржын сапасын қамтамасыз ету –
проблемалық кредиттер бойынша провизиялар деңгейі несиелік қоржынға 10%-дан
аспайтын басқа елдердегі даму институттары қызметінің нәтижелерімен
салыстырылатын болады. Бұл ретте ҚИҚ АҚ-ға ҚДБ АҚ-ның проблемалық
жобаларын беру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ
Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ (бұдан әрі – Даму АҚ) орта мерзімді
кезеңде шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік
бағдарламалардың басты операторы ретінде айқындалады және 2022 жылға қарай
Қазақстанның кәсіпкерлігін қолдау шараларының негізгі операторы және
ықпалдастырушысы ретінде қалыптасады.
Бенчмарк ретінде Даму АҚ үшін Сингапурдағы жеке меншік секторды дамыту
және қолдау жөніндегі агенттік – SPRING Singapore болады.

3-кесте. SPRING Singapore

Көрсеткіш Өлшем Даму SPRING
бірлігі КДҚ АҚ Singapore
Қолдау (қаржылық және қаржылық емес)
көрсетілген ШОБ субъектілерінің саны - 19624 3491

Құрылған жұмыс орындарының саны - 5252 15895
млн. АҚШ
Қаржылық көмек көлемі доллары 898 2700
Қолдаумен (қаржылық және қаржылық емес)
жұмыс істеп тұрған ШОКС қамту үлесі % 1,2 2,3

Экономиканы әртараптандыру міндеттеріне жәрдемдесу үшін Даму АҚ қызметі
мынадай бағыттарға шоғырландырылатын болады:
1. Кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істеп тұрған субъектілерінің санын және
даму әлеуетіне ие ШОБ субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін
қамтамасыз ету жолымен жұмыс орындары санын ұлғайтуға жәрдемдесу.
2. Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде экономиканың
шикізаттық емес секторында кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу және ШОБ-тың
инновациялық деңгейін, техникалық қайта жарақтандырылуын арттыруға
жәрдемдесу.
3. Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының 4-бағыты бойынша ШОБ
субъектілерінің кәсібилігін арттыру және халықты кәсіпкерлікке тарту; ШОБ
субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін ақпараттық-талдау
және консультациялық қызметтер көрсетудің қашықтық құралдарын енгізу;
4. Қазақстанның барлық өңірлері үшін кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау
инфрақұрылымын дамыту, мониторингті жүзеге асыру және ШОБ секторын
дамытудың тұрақты талдамалық зерттеулерін жүргізу.

2.2 Арнайы мамандандырылған қаржылық - несиелік институттар қызметтеріне
талдау

Экономиканың жекелеген салаларында қызмет ететін қаржы институттарына
несиелік серіктестіктер, ломбардтар, қаржылық компаниялар және т.б. жатады.
Қаржылық нарықта елеулі орынды белгілі бір шаруашылық субъектілерін
қаржыландыру мен оларға қызмет көрсету мақсатында құрылған банк болып
табылмайтын заңды тұлғаны білдіретін несиелік серіктестіктер алады. Олар өз
қызметтерін ссудалық және басқа да банктік операцияларды жүргізуде елдің
тиісті мемлекеттік органы берген лицензия негізінде жүзеге асырады. Мұндай
мемлекеттік өкілетті орган ретінде елдің орталық банкі шығады. Жекелей
алғанда, Қазақстанда мұндай орган ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Несиелік
серіктестіктер төмен пайыздар арқылы жеке тұлғаларына салымдарын тарта
алады. Сонымен қатар, олар шағын бизнестің шаруашылық субъектілеріне немесе
жеке тұлғаларға қысқа мерзімге үлкен емес сомаларда несие беруге
мүмкіндіктері бар.
Құрылтайшылық келісімшарт негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік
формасында құрылған олар өз жарғысына сәйкес қызмет етеді. Несиелік
серіктестіктің қатысушыларының саны 3-тен кем болмауы керек, олар оның
міндеттемелері бойынша жауап береді және олар енгізген міндетті салымдар
мен қосымша жарна құны серіктестіктің қызметімен байланысты зияндар
тәуекелін көтереді.
Несиелік серіктестік өз міндеттері бойынша барлық мүлкімен жауап береді
және өзінің қатысушыларының міндеттері бойынша жауап бермейді.
Ол коммерциялық ұйым бола отырып, тиісті мемлекетті органның лицензиясы
негізінде жекелеген банктік және басқа да операцияларды орындайды. Несиелік
серіктестіктер мүлкіне меншік құқығы негізінде ие болады және ол оның
қатысушыларының міндетті төлемдері мен қосымша жарналары, олар алған
табыстар, сондай-ақ ҚР заңнамасымен тиым салымбаған басқа да көздер
есебінен қалыптасады.
Несиелік серіктестіктерді мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы өндірісін
несиелеу үшін тиісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы валюталық нарық дамуының негізгі тенденциялары
Қазақстан даму банкінің қызметі жəне инвестициялық жобаларды несиелеуі
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мәні, мақсаттары, құралдары
Банктердің нарықтық экономикадағы ролі
Мемлекеттің инвестициялық саясаты
Ипотекалық несие нарығының субъектілері
Ипотекалық несиелеудің экономикалық мәні мен ерекшеліктерін анықтау
Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы
Төлем балансы және оның мәні
Инновациялық экономиканың институттарының даму перспективасы
Пәндер