Ақпарат және информатика. Ехсеl электрондық кестесі



ЖОСПАРЫ:
1. Ақпарат ұғымы, түрлері
2. Экономикалық ақпарат
3. Мәліметтердің негізгі құрылымы
4. Файлдық кұрылым
5. Информатика пәні мен оның мәселелері
6. Компьютерлерді жүйелеу
7. Ехсеl электрондық кестесі
8. Excel. де мәліметтерді өңдеу
9. Excel. де диаграммаларды тұрғызу
Ақпарат ұғымы, түрлері
Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын ғылыми ұғым.
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Сонымен ақпарат — бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Информатикада ақпаратты 2түрін қарастырады:
• Аналогтік, яғни кез-келген уақытты және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат;
• Үзілісті; яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытты және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал.
Ақпараттың қасиеттері. Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілермен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы (қабылдағыш) көзқарасынан анықтайтын қасиеттер. Ақпараттың аталған қасиеттері:
Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет.
Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.
Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Ақпараттық жүйелер теориясы. Байшоланова Қ. С. ; Алматы – 2002.
2. “Информатика” Байжұманов М.Қ., Жапсарбаев Л.Қ. Алматы 2004жыл.
3. Информатиканы оқыту әдістемесі. Халықова К. З. Алматы: «Білім» - 2000
4. Интернет сайттары
5. Қазақ тілі терминдерінің ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника; Алматы:«Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
6. Қазақ энциклопедиясы, 10 том.
7. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.

Ақпарат және информатика. Ехсеl электрондық кестесі



Орындаған:
Тексерген:

Атырау - 2012
ЖОСПАРЫ:
1. Ақпарат ұғымы, түрлері
2. Экономикалық ақпарат
3. Мәліметтердің негізгі құрылымы
4. Файлдық кұрылым
5. Информатика пәні мен оның мәселелері
6. Компьютерлерді жүйелеу
7. Ехсеl электрондық кестесі
8. Excel- де мәліметтерді өңдеу
9. Excel- де диаграммаларды тұрғызу

Ақпарат ұғымы, түрлері
Ақпарат (лат. informatio -- түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын ғылыми ұғым.
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Сонымен ақпарат -- бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Информатикада ақпаратты 2түрін қарастырады:
* Аналогтік, яғни кез-келген уақытты және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат;
* Үзілісті; яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытты және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал.
Ақпараттың қасиеттері. Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілермен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы (қабылдағыш) көзқарасынан анықтайтын қасиеттер. Ақпараттың аталған қасиеттері:
Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет.
Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.
Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.
Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде ақпараттық шуыл болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.
Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.
Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.
Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.
Ақпараттың ішкі қасиеттерінің маңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады.

Экономалық ақпарат
Экономикалық ақпарат - экономика және оны басқару аясында туындайтын, сондай-ақ осы аяны зерделеу нәтижесінде жасалатын мәліметтер, деректер. Экономикалық ақпарат макроэкономикалық үдерістерді, еңбек,тауар мен капитал қозғалысын, нарықтың, өндіріс пен тұтынудың жай-күйін көрсетеді. Статистикалық, өндірістік-экономикалық, коммерциялық, іскерлік, жағдаяттық, банкілік, биржалық, анықтамалық (соның ішінде, салық, баға, тариф туралы), ғылыми-экономикалық, нормативтік (экон. аядағы құқықтық қатынастарды реттейтін), т.б. экономикалық ақпарат түрлеріне ажыратылады.
Экономикалық ақпараттың аталмыш түрлерінде айқын шекара жоқ. Айталық, "іскерлік ақпарат" ұғымы серпінді қатарлар, үлгілер мен бағалаулар түрінде экономикалық және статистикалық ақпаратты (сандық экономикалық, демографиялық, әлеуметтік) қамтуы мүмкін; коммерциялық ақпарат компаниялар, фирмалар, олардың бірлестіктері туралы, сондай-ақ баға, компанияның қаржылық жағдайы, олардың байланыстары, мәмілелері, өнімдері, т.б. туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін; биржалық және қаржылық ақпаратта валюталардың бағамы, есептік мөлшерлемесі, бағалы қағаздардың баға белгіленімі, инвестиция, баға туралы мәліметтер қамтылуы мүмкін. Статистикалық ақпаратта мемлекеттік статистика, халық санағының деректері, серпінді қатарлар, әлеуметтік зерттеулердің, қоғамдық пікірді сұрау салу жолымен анықтаудың нәтижелері қамтылады.
Банк ақпараты мәліметтердің кең ауқымын біріктіреді, олар: банкілердің беделін бағалайтын ақпарат, банк жұмысында пайдаланылатын анықтамалық ақпарат - клиенттер мен серіктестердің мекен-жайлары, шоттары, т.б.; биржалық және қаржылық ақпарат бағалы қағаздардың баға белгіленімі, түрлі банкілердегі валюта бағамы туралы ағымдағы және ретроспективті ақпараттан тұрады; мамандандырылған ақпарат; жалпы мақсаттағы коммерциялық ақпарат мекенжай-анықтамалық деректерді, негізгі басшылар туралы мәліметтерді, жалпы қаржылық мәліметтерді - жарғылық қорлардың, активтердің мөлшерін, т.б. қамтиды.
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер тұтынушыға экономикалық ақпаратты дәстүрлі кітаптар, дүркіндік, жалғаспалы басылымдар, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстар туралы есептер түрінде де, электронды сақтауыштардағы деректер қоры түрінде де береді. Саралап келгенде бәрі тұтынушының ақпаратты қажетсінулерінің ерекшеліктерімен, оның кәсіптік мүдделерінің шеңберлігімен, қажетті оңтайлылық пен белсенділік дәрежесімен, ақпараттық жүйеге тікелей жүгінумен, ақыр соңында оның техникалық мүмкіндіктерімен айқындалады.

Мәліметтердің негізгі құрылымы
Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш қағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік қасиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.
Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардың жиынтығынан тұрады:
:: мәліметтерді жинау;
:: мәліметтерді қалыптастыру;
:: мәліметтерді сүзгілеу;
:: мәліметтерді сұрыптау;
:: мәліметтерді топтастыру;
:: мәліметтерді архивтеу;
:: мәліметтерді қорғау;
:: мәліметтерді тасымалдау;
:: мәліметтерді түрлендіру.

Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және иерархиялық.
Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бірмәнді анықталған реттелген кұрылым. Сызықтық құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.
Кестелік құрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесін еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандарының нөмірімен анықталады.
Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады. Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның төбесінен берілген элементке дейінгі жолмен анықталады.

Файлдық құрылым

Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған.
Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы қажет, және арасына нүкте қойылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтілуі. Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кеңейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:
Мәтін.dос - Word редакторында жазылған мәтіндік файл;
Кесте.xls - Excel процессорында дайындалған файл;
Сурет.bmp -- графиктік файл;
Мәліметтер.mbd -- Ассеss мәліметтер базасында әзірленген файл.
Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштың (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталогтарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады.

Информатика пәні мен оның мәселелері
Информатика -- есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.
Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады:
:: есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;
:: есептеу техникасы кұралдарының программалық жасақтамасы;
:: аппараттық және программалық жасақтамалардың құралдары;
:: аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары.

Аппараттық және программалық кұралдармен адамның өзара қарым-қатынасының әдістері мен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Информатиканың негізгі мәселесі - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.
Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінің құрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады:
:: есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері);
:: есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);
:: программалау (компьютерлік программаларды даярлау әдістері);
:: мәліметтерді түрлендіру;
:: ақпаратты қорғау;
:: автоматтандыру;
:: стандарттау ( әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес аппараттық және программалық құралдар арасындағы, мәліметтердің берілу пішімі арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету).

Компьютерлерді жүйелеу
Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым-қатынаста болатын кұрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.
Компьютерлер қолданылуына қарай мынандай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.
1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт -- РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:
:: бұқаралык дербес компьютер (Consummer РС);
:: іс дербес компьютері (Оffice РС);
:: ықшам компьютер (Мobil РС);
:: жұмыс бекеті (Workstation РС);
:: ойын ДК (Enteraiment РС).
Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің кұрамында байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktor), ықшам (notebook), қалталық (palmtop) деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан компьютерлерге арналған құралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі аппараттық платформа бар: ІВМ РС және Арріе Масhintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.
Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар.
Бұл оқу құралы ІВМ РС платформасына жататын дербес компьютерлерді, олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын окып үйренуге арналған.

Ехсеl электрондық кестесі
Microsoft Еxcel - IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
Жұмыс кітабы. Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз.
Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 - тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы, ал Е25 - оң жақ төменгі бұрыштары. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
Сан
Формула
Мәтін

Excel- де мәліметтерді өңдеу
Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды. Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернесін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.
Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолданылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім. Әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Информатика пәні дәрістер кешені
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы ақпарат
Еxcel – де программалау
Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясында тапсырмаларды жүйелеу
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Информация, информатика
Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері 050111- информатика мамандығы бойынша
Информация және информатика сабағынан дәрістер
Пәндер