Қаржылық инвестиция табыстылығы және тәуекелділігі


КІРІСПЕ
Қаржылық қатынас кез-келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтык экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Курстық жұмыс өзектілігі . Қазіргі заманғы экономика жүйесін ауыстыру кезеңінде, ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктерінің шектеулі жағдайында, үкіметтің іс-әрекет бағдарламасы негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін , сыртқы капиталды тарту және пайдалану проблемалары өте маңызды орын алады. Республика экономикасының дағдарысын жеңу тек мемлекет иелігінен алу ғана емес, сонымен қатар, құрылымдық-инвестициялық өзгерістермен де тығыз байланысты, оның ірі және маңызды субъектісі мемлекет болып табылады. Осыған байланысты үкімет органдарының алдында ұзақ мерзімдік инвестициялық бағдарлама жасау мәселесі туындайды.
Инвестициялық белсенділікті күшейту мәселесі қаржы ағындарын қалыптастыру және пайдалануды оңтайландырумен тығыз байланысты. Бұл міндеттің бірнеше ұйымдық шешімі бар. Олардың бірқатары Қазақстан экономикасының құрылымында өз орындарын енді тапты: бұл консорциумдар, корпорациялар, концерндер, ассоциациялар, инвестициялық-қаржы компаниялары мен қорлар, қаржы одақтары, сауда-өнеркәсіптік және банкілік бірлестіктер. Қазақстан үшін болашақты ұйымдық нысан қаржы-өнеркәсіптік топтарды құру болып табылады. Нақ осылар экономиканың құрылымдық қайта құрылуын жандандыру мен олардың тиімділігін арттырудың елеулі резервтеріне ие. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, біріктірілген корпорациялық құрылымдар, атап айтқанда, қаржы-өнеркәсіптік топтар өнеркәсіпке инвестицияларды ынталандырудың тиімді нұсқаларының бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Қаржылық инвестициялардың табыстылығы мен тәуекелін қарастыра отырып, тақырыптың мәнін ашу.
Зерттеудің міндеттері: Курс жұмысының мақсатына байланысты мынадай міндеттер қарастырылды:
- қаржылық инвестицияның мәнін;
- қаржылық инвестицияның артықшылығын, өзгешелігін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының шетелдік инвестицияларды тартудағы мүмкіндіктерін айқындау;
- Қазақстан Республикасының қаржылық инвестициялардың табыстылығы мен тәуекелін қарастыра отырып, тақырыпты зерттеу.
Зерттеу объектісі ретінде - “Қазпошта” АҚ-ның қаржылық қызметі туралы мәліметтер.
Курстық жұмыстың құрылымы: үш бөлімнен, кіріспе және қорытынды мен қосымшалардан құралады.
Бірінші бөлімде, қаржылық инвестицияның қызметінің мәнін ашып, ерекшеліктеріне тоқтадым. Сонымен қатар, шетел инвестициялық қызметін қарастырдым.
Екінші бөлімде, бағалы қағаздар және олардың табыстылығы мен тәуекелділігіне талдау жасадым. Талдау жүргізу үшін мысал ретінде «Қазпошта» АҚ-ды қарастырдым.
Үшінші бөлімде, қаржылық инвестициялар табыстылығын басқару және тәуекелді төмендету жолдарын қарастырдым.
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Қаржылық инвестициялардың мәні, қалыптасуы және құрылу тәртібі
«Инвестиция» ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бұл мәселелені шешу үшін тиісті қаржы институттары құрылады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.
Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттарын әртараптандыруды ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қауіпті азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені ол өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылардың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ, бұл қорлар инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салудың көздері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т. б.
Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам формасында құрылады, кез келген заңды және жеке тұлға оның акционері бола алады.
Қазақстан экономикасы капиталдарды салудың тартымды объектісі болып табылады. Біріктірілген корпорациялық құрылымдар капитал салу объектісін де, инвестицияларды жүзеге асырудың қаржы тетіктерін де және олар бойынша барлық есеп айырысуларды және ең бастысы осы салымдардың сенімділігінің кепілдіктерін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның маңызды элементін білдіреді. Бұл кепілдіктерді төрт топқа бөлуге болады:
- мемлекет кепілдігі - тіркеудің ерекше тәртібі, ерекше мемлекеттік тізілім;
- олардың аумағында біріктілген корпорациялық құрылымдарға кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар орналасқан билік органдары мен аймақтар басқармаларының кепілі біріктірілген корпорациялық құрылымдар, жер қатынастарын құруға ниет білдіру келісімі;
- мүліктік құқықтардың кепілзат кепілдігі - салмақты көлем, жоғары таратушылық;
- келісімшарт кепілдігі - тұтас алғанда біріктірілген корпорациялық құрылымдардың экспорттық бағыты.
Қаржылық инвестиция дегеніміз- бұл субъект табыс алу, инвестициялық капитал өсімін немесе басқадай пайда алу мақсатында иемденетін активтер. Қаржылық инвестиция есебі «Қаржылық инвестиция есебі» бухгалтерлік есеп стандартымен реттемеленеді. Қаржылық инвестицияға, сондай-ақ пайдалануға (эксплуатацияға) жатпайтын жылжымайтын мүліктің де қатысы бар.
Қаржылық инвестицияны стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақты инвестициямен қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
- қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау;
- жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;
- материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми - техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
- жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық қатынастарын) анықтау т. с. с.
Қаржылық инвестицияны сатып алу барысында (брокерлік сыйақы, банк қызметі) сатып алумен байланысты шығындарға инвестиция құнын қосып құралатын сату құны бойынша бағаланады.
Сатып алған сәтке дейінгі кезец үшін есептелетін проценті де қосылатын құн бойынша қаржылық инвестицияны сатып алу есепте сатьш алушының сатушыға процентпен төленген көлемге кемітілген сату құны бойынша көрінеді. Құнды қағаздардағы инвестицияны жабу кұны арасындағы айырмашылықты (жеңілдік немесе сатып алу барысында пайда болған сыйлықақы) инвестор оны иеленген кезең ішінде өтейді (амортизациялайды) .
Қаржылық инвестиция мыналарға жіктеледі:
• Қысқа мерзімді - баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде, не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде анықталады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар сомасы (сумма уценки) бір ғана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған (жеткіліксіз) кезде оның кеміген сомасы залалға жатады.
Қаржылық инвестицияны босатып алу барысьшда сатудан түскен табыс пен баланстық құн арасындағы айырмашылық, шығындарды (брокердің немесе дилердің қызметі) шегеруде табыс немесе шығын ретінде танылады. Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған болса, немесе ағымдағы құн бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы қабылданған есеп саясатына сәйкес бөлінбеген табысқа жатады.
Қаржылық инвестицияны қысқа мерзімді бағалау категориясына аудару барысында болатын нәрселер:
• егер қысқа мерзімді инвестициялар ағымдағы сату құнының төмен бағасы бойынша ескерілетін болса, онда ол сату және баланстық құнның төмен бағасы бойынша алынады;
• егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы құн бойынша ескерілетін болса, онда ол баланстық құн бойынша болады.
Егер инвестициялар бұрын қайта бағаланған болса, онда оны қайта бағалаудан түскен соманы аудару барысында есептен шығарып тастау керек. Бұл инвестиция бойынша бұрын жасалған қайта бағалау табыс ретінде танылады.
Қысқа мерзімді инвестицияны ұзақ мерзімділік категориясына көшіру мыналармен жүзеге асырылады:
а) ағымдағы сату құнының төмен бағасымен;
ә) егер ол бұрын осы құнмен көрінген болса, ағымдағы құнмен.
Сонымен бірге сонда да инвестициялық климатты айындайтын басты факторлардың бірі салық және кеден режимдері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Салық және кеден режимдері Қазақстанның экономикасына инвестициялау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл ретте Қазақстан Үкіметі республиканың экономиканың шикізатқа жатпайтын секторына сыртқы да, ішкі де инвестицияларды ынталандыру үшін барлық қажетті алғышарттарды жасады. Үкіметтің фискальдық саясаты Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылға арналған стратегиясын ойдағыдай және дәйекті іске асыруға бағытталған.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығынын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.
Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни олардың халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады, ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
- валюталық нарық;
- құнды қағаздар нарығы;
- несие капиталы нарығы (ақша нарығы) ;
- асыл металдар нарығы (алтын нарығы) .
Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субъектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашанда ірі капитал салымен керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент - деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.
Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.
Мемлекеттік құнды қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
- Ұлттық жинақ облигациялары.
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ) .
- Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ) .
Муниципалды құнды қағаздар - бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат - құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу және тағы басқалар болып табылады.
Кооперативтік құнды қағаздар - шаруашылық субъектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар - деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.
Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.
1. 2 Қаржылық инвестициялардың табыстылығы мен тәуекелділігінің мәні мен маңызы
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы - бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы - ол құруға, кеңейтуге, қайта құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығыстар деп түсіндіруге болады. Шынын айтқанда, тауар - материалдық босалқы қорлардың өзгерістері көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғаласын түсіндіреді. Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз байланысты. Инвестиция - бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны. Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфелдік және аннуитеттік болып бөлінеді. Венчурлік капитал - үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік. Тікелей инвестициялау - шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады. Портфельдік инвестициялар - портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтерболып есептеледі.
Аннуитеттік - тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді. Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайда тұрақтандару, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 1999 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тару көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленді.
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Жеке инвесторлар Мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және қызмет көрсетуді сұраныстарымен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік пошлиндер жағынан едәуір жеңілдіктер беруге тиіс. Қазақстан үкіметі 1996 жылы 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін, су ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, шұағын және орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді. Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестицияларымен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде республикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр.
Күрделі қаржы өндірісті дамытудағы инвестицияның негізі ретінде бұл жаңадан салынатын құрылысқа, кеңейтуге, қайта құруға, техникамен қайта жабдықтау және қолданыстағы өндірісті қолдауға, сол сияқты тауар - өндірістік қосалқы қорлар жасауға, айналым қаржыларының өсуіне және материалдық емес активтерге қаржы жұмсау.
Күрделі қаржы - капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі. Олар жасауға және негізгі қорларды ұдайы жыңғартуға бағытталған шығындар. Күрделі қаржы кәсіпорынның тіршілік етуінің қажетті жағдайы болып табылады.
Күрделі қаржы құрамына кіретіндер: құрылыс - монтаж жұмыстарына кететін шығындар; негізгі қорларды сатып алуға жұмсалатын шығындар (станоктар, машиналар, жабдықтар) ; ғылыми-зерттеу, жобалау - іздестіру жұмыстарының шығындары, т. б. ; еңбек ресурстарын инвестициялау; басқадай шығындар.
Күрделі қаржыларды пайдаланудың маңызды бағыттары мыналардан тұрады: - жаңа құрылыстар, яғни жаңадан игерілетін алаңда жаңа кәсіпорындар салу;
- қолданыстағы кәсіпорындарды екінші және кейінгі кезеңдерде салу арқылы оларды кеңейту, қосымша цехтар мен өндірісті іске қосу, әлдеқашан жұмыс істеп тұрған негізгі және көмекші цехтарды кеңейту;
- қайта құру немесе жаңғырту, яғни кәсіпорынның қызмет процесіндегі жаңа құрылысты салусыз немесе қолданыстағы негізгі цехтарды кеңейтусіз жүзеге асырылатын іші нара немесе толық өндірісті қайта жалғастыру;
- қолданыстағы кәсіпорындарды техникамен қайта жабдықтау, яғни жаңа техниканы, технологияны игеру, механизациялау, автоматтандару, тозған жабдықтарды қайтадан жаңғырту арқылы кейбір өндіріс участкелерін және агрегаттардың техникалық деңгейін арттыру. Күрделі қаржыны мемлекет тарапынан қаржыландыру келешекте сөзсіз азая бастайды, бірақ олардың көлемінің кемуін кәсіпорынның меншікті қаржы есебінен толықтыруға болады. Ол үшін кәсіпорындарға мемелекет тарапынан тиісті жағдайлар жасау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz