Домбыра туралы аңыз-әңгіме


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Домбыра философиясы»

Орындаған:.

Тексерген:

Атырау - 2012

ЖОСПАРЫ:

Домбыра тарихы Домбыраның түрлері Домбыраның сипаттамасы Домбыра туралы аңыз-әңгіме

Домбыра -қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол - қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған, домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

Домбыра тарихы

Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз.
Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Домбыра бойында байқала бермейтiн пәндiк сапаларды айқындай түседi. Сахна төрiнде орындаушының еркiндiк қалпы туралы ой қозғалады және құлағын бұрап келтiру кезiнде байқалатын адамның төрт түрлi психологиялық мiнезiн ашатын құбылыстар сөз болады.

Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткiздi. Күй мен оның әңгiмесi қоса өрiлiп, домбыра мен аңыз қатар өрбiдi. « . . . Алғашқы рулық замандағы бiр адам (батыр, мерген) аңда немесе жорықта жүрiп, өзiнiң басынан кешкен бiр оқиғаны руластарына айтып беруi мүмкiн. Бұл жай әңгiме. Оны естiген адамдар ендi басқа бiреулерге айтады, айтқанда өз жанынан желi қосуы да мүмкiн. Ал одан естiген кiсi тағы бiреуге айтады, ол да өзiнше баяндайды. Сөйтiп, алғашқы жай әңгiме хикаяға, бiрте-бiрте аңызға айналады. Бiраз уақыт өткен соң ол аңыз бiршама көркемделiп, әпсана-хикаятқа айналуы мүмкiн. Мiне, бұл өмiр шындығына тiкелей қатысы бар . . . » дейдi белгiлi ғалым С. Қасқабасов. Аңыз әңгiменiң рухын күй сарыны күшейте түссе, күйлердiң сарыны аңызды әсерлеп жеткiзуге ықпал ете алады. .
Профессор С. Қасқабасов: « . . . Бәйтеректiң басына ұя салған Самұрық (не Алып қарақұс) кейiпкердi аспан әлемiне алып ұшады, я болмаса жер бетiне шығарады . . . зәулiм бәйтерек бейнесi - қазақ жағдайына сәйкес космостық ағаштың өзгерген түрi. Мұны қазақтардың айдалада өсiп тұрған жалғыз ағашты қадiр тұту салтынан да көруге болады» дегендi айтады. Бәйтерек ағаш киелi домбыра аспабы арқылы адамдарға музыкалық-эстетикалық әсер бередi. Аспаннан нәр алу космостық ұғымды бiлдiредi. Сол космос арқылы адамдар музыка тудырады. Космостан бәйтерекке, бәйтеректен адамға берiлуi де мүмкiн. Бұл ойымызды Ш. Уәлихановтың мына пiкiрi қуаттай түседi. «Жапанда өсiп тұратын жалғыз ағаш, немесе бұта қадiрленiп, оның басына түнейдi. Оның қасынан өтiп бара жатып, адамдар ағаштың бұтақтарына шүберек байлайды, ыдыс тастайды, тiптi құрбандыққа мал шалады, я болмаса аттың жалын түйiп тастайды». Бәйтерек ағаш басына барып, сиыну арқылы олар өздерiне қуат жинайды. Сезiнген сезiмдерiн домбыра аспабы арқылы музыкалық-эстетикалық әсемдiк сұлулығын бiр-бiрiне бiлдiредi. Ол бәйтерек жаратылысының эстетикалық болмысының жоғарылығымен iштей байланыс табады.

XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән - жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.

Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екенін көрсетсе керек.

Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге бірнеше ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.

Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.

Домбыраның түрлері

Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.

Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 - 9, әрі кеткенде 14 - 15-ке жетеді, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т. б.

Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде:

  • ән мен күй домбырасы
  • торсық
  • тұмар
  • кең шанақты (екі нұсқасы)
  • балдырған
  • балашық
  • үш ішекті
  • қуыс мойын
  • оркестр домбыралары ж/е т. б.
Домбыраның сипаттамасы

Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік) . Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек) .

Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т. б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы домбыра аспабымен тікелей байланысты.

Домбыра - тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен, Әміре Қашаубаев, М. Ержанов, Ж. Елебеков, Ғ. Құрманғалиев, Қ. Байбосынов т. б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

Домбыра туралы аңыз-әңгіме

Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi. Домбыра аспабының философиясын ашуда аңыз-әңгiмелердiң желiсiне сүйенуге болады. «Ертеде бiр хан қызының кедей жiгiтпен көңiл жарастырғанын сезiп қалады да, жiгiттi дереу дарға астырады. Екi қабат болып қалған қыз мезгiлi жетiп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпiр егiз баланы көз көрмес, құлақ естiмес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып iлiп кетедi. Сәбилердiң көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегi тоқтаған нәрестелермен бiрге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгiме халық арасында жата ма, оны естiген қыз егiзiн iздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбiне келiп, демалады. Құлағына күмбiрлеген сарын естiледi. Қайдан шығатын әуен екенiн бiлгiсi келiп ағаш үстiне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетедi. Ағаш, түбiнен басына дейiн iшi қуыс екенiн көредi. Екi басында бұтақтан-бұтаққа керiлiп қалған iшектердi көредi. Екi iшек самал желмен тербелiп, одан әуен шығады екен. «Егiз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған iшегi бостау, шығысқа қараған iшегi қаттылау керiлген екен. «Астыңғы iшек - жiңiшке дауысты қызым Зарлық, ал үстiнгi iшек - бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екi iшекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен» дейдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домбыра философиясы
Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ән-күй бағдарламаларында домбыра күйлерін пайдалану процесі әдістері
Домбыра құрылымы
Фольклорлық музыка аспаптары
Дәстүрлі күйшілік өнер
Халық музыкасы
Күй – қазақ халқының рухани азығы ретінде
Қазақтың күй өнері
Мектеп бағдарламасы шеңберінде аспаптық музыканы қолданудың әдіс-тәсілдері
КҮЙ САЗЫ, КҮЙШІ ӨНЕРІ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz