Шағын кәсіпкерлікті дамыту



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
I. Кәсіпорын: түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.1. ҚР.сы өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
II. Шағын кәсіпкерлікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Шағын кәсіпкерліктің дамуының кедергілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
III. Шағын кәсіпорындарды несиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы несиелендірудің рөлі ... ... ... ... ... ... ..14
3.2. Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі проблемалар ... ... ... ... ... .15
IV. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
4.1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе

Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік – экономикалық мәні зор екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.

Шағын кәсіпкерлік субьектілері кез келген мемлекет экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерлік үлесіне ІЖӨ 40% дан 60% келеді. Қазақстанда бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен, сол себепті еліміздің басшылары шағын бизнес дамуына, республикадағы бизнес ортаның жетілуіне үлкен назар аударуда. Мемлекет және бизнестің тығыз қарым қатынасының негізінде әлеуметті-кәсіпкерліктер одағымен (ӘКО) құрылған, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемелекеттік бағдарламасы жүзеге асуда.

Қазақстанда 2011 жылдың 1 қараша айының көрсеткіштері бойынша, нарықта белсенді түрде жұмыс жасап жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны - 697 104. Оның – 73 004 заңды тұлғалар, 451 594– дара кәсіпкерлер (ДК) және 172 506- шаруа қожалықтары. Осы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны - 2 574 549, оның ішінде заңды тұлға қызметкерлері – 1 419 106, дара кәсіпкер қызметкерлері – 726 501, шаруа қожалықтары қызметкерлері – 428 942 адам. Шағын және орта кәсіпкерліктердің өнім шығарылымы бойынша - 6 755 114, оның ішінде заңды тұлғалар – 5 768 774, дара кәсіпкерлер - 474 599, шаруа қожалықтары - 511 741 млн.тенге.
Пайдаланылған әдебиет
1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
2. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2
3. http://www.kaz.stat.kz/DIGITAL/BIZNESS_REGISTR_KZ/
4. http://kk.wikipedia.org/wiki/
5. 2007 ж. 12 қаңтардағы № 224-III ҚР-ның Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы
6. http://e.gov.kz/wps/portal/
7. http://www.damu.kz/7372

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Шағын кәсіпкерлікті дамыту

Орындаған:
Тексерген:

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
I. Кәсіпорын: түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. ҚР-сы өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
II. Шағын кәсіпкерлікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Шағын кәсіпкерліктің дамуының кедергілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
III. Шағын кәсіпорындарды несиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы несиелендірудің рөлі ... ... ... ... ... ... ..14
3.2. Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі проблемалар ... ... ... ... ... .15
IV. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
4.1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Кіріспе

Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік - экономикалық мәні зор екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.

Шағын кәсіпкерлік субьектілері кез келген мемлекет экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерлік үлесіне ІЖӨ 40% дан 60% келеді. Қазақстанда бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен, сол себепті еліміздің басшылары шағын бизнес дамуына, республикадағы бизнес ортаның жетілуіне үлкен назар аударуда. Мемлекет және бизнестің тығыз қарым қатынасының негізінде әлеуметті-кәсіпкерліктер одағымен (ӘКО) құрылған, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемелекеттік бағдарламасы жүзеге асуда.

Қазақстанда 2011 жылдың 1 қараша айының көрсеткіштері бойынша, нарықта белсенді түрде жұмыс жасап жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны - 697 104. Оның - 73 004 заңды тұлғалар, 451 594 - дара кәсіпкерлер (ДК) және 172 506- шаруа қожалықтары. Осы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны - 2 574 549, оның ішінде заңды тұлға қызметкерлері - 1 419 106, дара кәсіпкер қызметкерлері - 726 501, шаруа қожалықтары қызметкерлері - 428 942 адам. Шағын және орта кәсіпкерліктердің өнім шығарылымы бойынша - 6 755 114, оның ішінде заңды тұлғалар - 5 768 774, дара кәсіпкерлер - 474 599, шаруа қожалықтары - 511 741 млн.тенге.
2012 жылдың 1 қараша айының көрсеткіштері бойынша, нарықта белсенді түрде жұмыс жасап жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны - 754 706. Оның - 70 097 заңды тұлғалар, 516 209 - дара кәсіпкерлер (ДК) және 168 400 - шаруа қожалықтары. Осы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны - 2 551 572, оның ішінде заңды тұлға қызметкерлері - 1 368 645, дара кәсіпкер қызметкерлері - 815 872, шаруа қожалықтары қызметкерлері - 367 055 адам. Шағын және орта кәсіпкерліктердің өнім шығарылымы бойынша - 6 395 888, оның ішінде заңды тұлғалар - 5 336 755, дара кәсіпкерлер - 648 408, шаруа қожалықтары - 410 724млн.тенге.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметтерінің көрсеткіштер құрылымы

өткен жылғы тиісті күнге пайызбен

2012 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда өнім шығарылымы (салғастырмалы бағаларда) 0,8%-ға төмендеді, субъектілер саны 1,6%-ға, жұмыспен қамтылғандар саны 3,3%-ға өсті.[3]

I. Кәсіпорын: түсінігі, түрлері
Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңи тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңи тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңи тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын - серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар,коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.
Аралас кәсіпорын - меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны - меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңи тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары - акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, кеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б.
Бірлескен кәсіпорын - екі не одан көп елдің заңи тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилі мен әдістерін алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.
Венчурлік кәсіпорын - ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісімшарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын.Еншілес кәсіпорын - заңи тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. Жалгерлік кәсіпорын - кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік. Жалгерлік кәсіпорын тіркелген сәттен бастап заңи ұйым құқығына ие болады. Ол жалға берушіге жалға алынған мүліктің құнынан есептелетін пайыз немесе тұрақты сома түрінде жалгерлік төлем төлейді. Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер төленгеннен кейін шаруашылық қызметтен алынған пайданы дербес иемденеді. Жекеше кәсіпорын - азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңи тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісімшарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны басқару органдарының өкілеттіктерін шектеу жолымен бақылауға құқылы. Ол таза пайдадан өз пайдасына аударым(дивиденд) мөлшерін дербес белгілей алады.Коммерциялық кәсіпорын - заңи тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі. Концессиялық кәсіпорын - мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын. Корпоративтік кәсіпорын - меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңи субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын.Кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары - шектеулі жауапкершілік және қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы.Көлік кәсіпорыны - жеке және заңи тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңи тұлға.
Муниципалдық - мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады. Тікелей шет елден қаржыландырылатын кәсіпорын - бейрезидент бірліктердің бақылауындағы кәсіпорын, бейрезиденткорпорациялардың филиалдары, шет мемлекеттердің немесе бейрезидент бірліктер топтарының бақылауындағы корпорациялар, белгілі бір экономикалық аумақта ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бейрезидент кәсіпорындардың бейкорпоративтік бөлімшелері.
Унитарлық кәсіпорын - өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады. Шаруашылықты жүргізу құқықтары негізінде құрылған унитарлық кәсіпорынды өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады. Оның жарғысын осы орган бекітеді, жарғылық қорының (шаруашылық серіктестіктердегідей немесе акционерлік қоғамдардағыдай жарғылық капитал емес) мөлшерін айқындап, жасақтайды. Унитарлық кәсіпорынның басшысын мемлекеттік немесе муниципалдық орган тағайындайды және ол осы органға есеп беріп тұрады.Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Егер унитарлық кәсіпорын мүлкі оралымды басқару құқығы негізінде құралса, онда ол қазыналық кәсіпорын болып табылады. Унитарлық кәсіпорын өзінің қарамағындағы мүлікті дербес иеленеді, пайдаланады, билейді, бірақ бұл орайда мүлікті меншіктенуші кәсіпорынға тиесілі мүліктің сақталуын бақылайды. Ол мүлікті меншіктенушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Ұжымдық кәсіпорын - мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді. Қызметкер салымының құрамына оның мемлекеттік немесе жалгерлік кәсіпорынның мүлкіне салған сомасы мен оның ұжымдық кәсіпорын құрылып, жұмысын бастағаннан кейінгі мүліктің көбеюіне қосқан үлесі кіреді. Салымға еңбек ұжымы мен кәсіпорын бағынатын орган арасындағы келісімде жұмыс нәтижелерін басшылыққа ала отырып айқындалатын мөлшерде пайыз есептеліп төленеді. Кәсіпорын таратылған жағдайда бюджетпен, банктермен және басқа несиегерлермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктен қызметкерге оның үлесі (салымның құны мен табыстың бөлігі) төленеді. Шағын кәсіпорын - жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы(өнеркәсіпте өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады.Шетелдік кәсіпорын - жарғылық қоры түгелімен шетелдік қаржылардан құралған кәсіпорын (ұйым). Ірі кәсіпорын - сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.
1.1. ҚР-сы өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар - есеп беру жылы жұмыскерлердің тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын,өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілген заңды тұлғалар.
Шағын кәсіпорын кәсіпорындары - мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):
* жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға дейін;
* активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
* мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:
* толық серіктестік;
* сенім серіктестігі;
* жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
* қосымша жауапкершілікті серіктестік;
* өндірістік кооператив.
Шағын кәсіпкерліктің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:
* белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;
* жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;
* уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың басты мақсаты кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету негiзiнде шағын және орта бизнес ұстанымдарын кеңейту және нығайту болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
oo бизнес пен мемлекеттiң әрiптестiгiн нығайту;
oo шағын және орта кәсiпкерлiктi жедел дамыту үшiн жағдайлар жасау;
oo жеке кәсiпкерлiк пен мемлекеттiң тиiмдi өзара iс-қимылы;
oo жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдауды қалыптастыруға жаңа ұстанымдар әзiрлеу. [4]

2012 жылғы 1 қарашадағы тіркелген заңды тұлғалардың мөлшерлілігі бойынша ірі кәсіпкерлік - 1 %, орта кәсіпкерлік - 5 % , шағын кәсіпкерлік - 94 %. [3]

II. Шағын кәсіпкерлікті дамыту

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы және олардың қызмет тиімділігін арттыру еліміздегі бірқатар маңызды мәселелердің оң шешімін табуына өзіндік ықпалын тигізеді. Бұл оның экономикадағы рөлінің жоғары болуымен де тығыз байланысты. Шағын кәсіпкерлікті дамыту тек экономикалық тиімділікті ғана емес әлеуметтік тиімділікке де айтарлықтай ықпал етеді.

Шағын кәсіпорын
дардың қызмет етуінің алғашқы жылдарында төмендеген салық ставкаларын қолдану
Қызмет түріне байланысты табысқа салықтың сараланған (дифференн) ставкасын белгілеу
Қазақстандағы шағын
бизнесті дамыту факторлары
Басқа да факторлар
Салық жүйесін жетілдіру

Қаржы-несие механизмін жетілдіру
Кәсіпорындарды тіркеу процедурасын жеңілдету
Шағын кәсіпорындар құру үшін мемлекет тарапынан берілетін несиелер мен субсидиялар
Біріңғай салық заңдарын құру мен салық салудың ықшамдалған жүйесін кеңінен қолдану
Сақтандыру механизмін қолдану
Жеделдетілген амортизациялар мен лизингті қолдану
Шағын кәсіпорын
дарға инвестициялар тарту және салық жеңілдіктерін беру
Шағын кәсіпорын
дарды несиелейтін арнайы қорлар мен институттарды құру
Аймақтық модульді кәсіби оқыту орта
лығының жұмысын жандандыру
Меншікті бизнесін ашу мақсатында жұмыссыздарды өзіндік жұмыс басты-
лыққа кеңінен тарту
Шағын кәсіпорын
дарды дамыту бойынша жергілікті аймақтық бағдарла-маларды дамыту және жұмыссыздарға бизнес-тренингті жүргізуді дамыту
Депрессияланған аймақтарда жұмыс істеп, жаңа жұмыс орнын құрып отырған шағын кәсіпорын субъектілеріне қосымша жеңілдіктер көрсету

Сурет 1 - Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары

2.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі - бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын қорғау жөніндегі заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.
Импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның босаған алаңдарында шағын бизнес кәсіпорындарын орналастыру арқылы тауарлардың жаңа түрлерін өндіру жөнінде ұсыныстар кәсіпорын бағдарламаларына енгізілуі тиіс.
1. Шағын кәсіпкерліктің сыртқы ортасының факторларын басқару дегеніміз - шағын кәсіпорынның қызметіне аса қажетті сыртқы ортаның жаңа элементтерін (мысалы, ірі және кіші бизнес арасындағы кооперациялық байланыстар жүйесі) құрып, бүгінгі күнге дейін қалыптасқан факторларының озығын жетілдіру және келеңсіздеріне тосқауыл қою.
2. Жекелеген шағын кәсіпорындарға тікелей қолдау көрсету - арнайы инфрақұрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
oo қаржылық институттар (шағын кәсіпкерлікті қолдау қорлары, арнайы банктер, қаржы сақтандыру қорлары);
oo лизинг компаниялары;
oo бизнес-инкубаторлар, технопарктер, кластерлер, өнеркәсіп компаниялары және тағы басқалары;
oo шағын кәсіпкерлікті дамытудың агенттіктері мен орталықтары;
oo технологияларды тарату орталықтары;
oo ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері;
oo оқу орталықтары;
oo бухгалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, маркетингтік, көлік және басқа да қызметтер көрсету жөніндегі арнайы фирмалар, мамандар таңдауға жәрдемдесетін агенттіктер.
3. Қолдау жүйесінің ұйымдастырылуы мен жетілдірілуі-қолдау көрсетудің нақты стратегиялық бағыттарын анықтаумен тығыз байланысты. Қолдау жүйесін ұйымдастыруда мемлекеттік бақылау құрылымдары мен олардың қызметіне бақылау жасаудың тәртібін белгілеп алудың маңызы ерекше. Жүйенің басым бағыттарын ырғақты дамыту арқылы кең қанатты интеграциялық өркендеуге қол жеткізуге әбден болады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің жоғарыда қарастырылған үш деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Республикалық деңгейдегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары құқықтық нормативтік және әдістемелік көмек көрсетіп қоймай, аймақтық, және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс.
Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамыту шараларын жетілдіру үшін:
oo салықтық есеп қағидалары мен төлеу процедуралары, салық салу базасын, салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістерді жылына бір реттен жиі емес мемлекеттік бюджетті қабылдауға байланысты енгізуді шектеу және оны күнтізбелік жыл басына енгізу;
oo қаржы операцияларын қолма-қолсыз есеп айырысу жөніндегі барлық қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;
oo несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Ұсақ бизнес
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Пәндер