Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту



Мазмұны


Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы 4
1.1 Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті
қажеттілігі 4
1.2 Мемлекеттік реттеудің міндеттері, объектісі және әдістері 6
2 Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту 9
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. 9
2.2 Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту 13
3 Мемлекетті экономикалық бағдарламалау 17
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 23
Кіріспе


Курстық жұмыстың мақсаты – еліміздің экономикасын реттеу нысандары мен әдістерін талқылау. Сонымен қатар, экономиканы реттеу үшін шетел инвестицияларымен қалай жұмыс істеу керек екендігі, оны сырттай бақылау, шетел капиталдарын тарту.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. Экономиканы мемлекеттік реттеудің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.
Қолданылған әдебиеттердің тізімі


1 Еңбекке ынталандыру мен ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі //Халықаралық ғылыми-тәжірибелік видео-конференция материалдары. ХБУ. -Алматы, 2006. – 0,44 б.т.
2 Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру
жүйесін дамытудың бағыттары //Қаржы-қаражат журналы. –Астана: 2006, №3-4. – 0,46 б.т.
3 Өндіріс тиімділігін басқарудың маңызды элементі фирма қызметінің нәтижесін бағалау //Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: «Тұран» университеті, 2006. – 0,34 б.т.
4 Экономикалық ынталандыру жүйесінің қағидаларын әзірлеуді сапалы экономикалық өсу тұрғысынан қамтамасыз ету //Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Астана: Д.А.Қонаев атындағы Университет, 2006. – 0,39 б.т.
5 Ғылыми-техникалық прогресті экономикалық ынталандыру принципі өндіріс тиімділігін арттыру факторы //Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет, 2006. – 0,14 б.т.
6 «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау
//Экономикалық «Аль-Пари» журналы. - Алматы, 2007. - №1. – 0,38 б.т.
7 Қазақстан кәсіпорындарында материалдық ынталандыруды ұйымдастыру //Информациялық-аналитикалық «Саясат» журналы. - Алматы, 2007. - №4. – 0,44 б.т.
8 Экономическое стимулирование повышения эффективности
производства //Международный ежеквартальный научно-экономический журнал «Реформа». - Бишкек, 2007. – 0,41 б.т.
9 Микроэкономика. Садыков Е.Т., Алматы, Экономика баспасы, 2008 жыл, 114 бет
10 Экономиканы мемлекеттік реттеу. Торегожина М.Б., Алматы, Экономика баспасы, 2009
11 Инфляцияны ырықтандыру және экономиканы тұрақтандырудың әлемдік тәжірибесі, Қазақстан практикасы. Шелекбай Ә.Д., Алматы, Экономика баспасы, 2009 жыл
12 Окутаева С.Т. Мировая экономика. Курс лекций. Астана, 2006.
13 Женсхан Д., Карипова А. С. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Әдістемелік нұсқаулар. Астана, 2006
14 Мұрсалова Х.Н. Экономикалық теория негіздері. Тест тапсырмалар жинағы. Астана, 2010 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Экономиканы мемлекеттік реттеу

Орындаған:
Тексерген:

Мазмұны

Кіріспе
3
1
Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
4
1.1
Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті
қажеттілігі
4
1.2
Мемлекеттік реттеудің міндеттері, объектісі және әдістері
6
2
Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту
9
2.1
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
9
2.2
Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту
13
3
Мемлекетті экономикалық бағдарламалау
17

Қорытынды
22

Қолданылған әдебиеттердің тізімі
23

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты - еліміздің экономикасын реттеу нысандары мен әдістерін талқылау. Сонымен қатар, экономиканы реттеу үшін шетел инвестицияларымен қалай жұмыс істеу керек екендігі, оны сырттай бақылау, шетел капиталдарын тарту.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. Экономиканы мемлекеттік реттеудің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.


1 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік
реттеудің тұжырымдамасы

1.1 Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі

Мемлекеттік реттеу ғылыми негізделген тұжырымдамасыз мүмкін емес. Тұжырымдама экономиканың басымдылығы мен мақсатын - дағы саясатқа негізделу тиісті

Мемлекеттік билік
Экономикалық
саясат
Әлеуметтік-
экономикалық
мақсаттар
Халық шар-
уашылығы
мақсаттары
Экономиканы
реттеу
Мемлекеттік
реттеу
Нарықтық
реттеу
Макроэкономика
Микроэкономика
Экономика

2-сурет Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы

2-суретте белгіленген байланыстар экономиканы мемлекеттік тартудың тұжырымдамаларының мәнін ашып көрсетеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы - бұл макроэкономикалық, құрылымдық - инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық моделін және жоспарлы басымдылығын оңтайлы пайдалану кезіндегі сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру бойынша тиімді және практикалық бағытын әзірлеу.
Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру кезінде төмендегілерді анықтау қажет:
- басымдық мәсәлелері;
- мемлекеттік реттеудің сипаты мен деңгейіне сәйкес келетін, құралдардың жиынтығы.
Мына негізгі сегіз құралды атап өтеміз:
1 болжау және стратегиялық жоспарлау;
2 қаржылық-бюджеттік реттеу;
3 салықтық реттеу;
4 ақша-кредиттік реттеу;
5 бағалық реттеу;
6 кедендік-баж реттеуі;
7 нормативтік-трафиктік реттеу;
8 әкімшілік-құқықтық және лицензиялық реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті.
Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм - елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.
Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары болды.
А.Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүлде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық еркіндік беру қажет,- деп есептеді.
Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі - рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау - монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты. Кейнсиан революциясы барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді деп есептеледі.
Сөйтіп, экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. Экономиканы мемлекеттік реттеудің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.

1.2 Мемлекеттік реттеудің міндеттері, объектісі және әдістері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері - бұл автоматты турде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу саясатынын мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау мен капртал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар өсіріледі.
Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, экономиканы мемлекеттік реттеудің міндетті - экономиканың қызып кетуіне жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда - салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдылық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермелейді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.
Экономика мемлекеттік реттеудің объектісі-капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу - бұл нарықтық экономика көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатнастарды қалыпты қолдау. Бұл қатнастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынастар ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының , салық түсімнң төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне және қауіпті әлеметтік нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар: инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта бағамының көтерлуі мен төмендеуі, (валюталық дәлізді анықтау), халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
- қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық
аумағындағы саясат;
- ақша саясаты;
- табыстарды реттеу саясаты;
- әлеуметтік саясаты;
- баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;
- сыртқы экономикалық реттеу;
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша-кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,
дисконттық саясат);
- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға
міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
- мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік
міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты
операциялары.

2 Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын
тарту

2.1 Мемлекеттік реттеудің шет елдік тәжірибесін елімізде қолдану

Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.
Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі - сыртқы несиелер.Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.
Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі - таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.
Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.
Пайдасыз келісім шарттар жасау, қорлардың шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды, білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.
Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау.
Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері анықталуы керек: оның пайдасы мен шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы.
Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.
Жобаны мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық пен басымдыққа ие жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда, келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында, қарыз алушы кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу қажет.
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие. Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі-сыртқы несиелер.
Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.
Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі - таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.
Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.
Пайдасыз келісім шарттар жасау, қорлардың шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды, білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.
Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау.
Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері анықталуы керек: оның пайдасы мен шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы.
Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.
Жобаны мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық пен басымдыққа ие жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда, келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Мемлекеттік шешім
Инвестициялардың жалпы сипаттамасы
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі
Инвестициялық қатынастарды халықаралық- құқықтық реттеу
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
Пәндер