Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі


Кіріспе
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясаты нысанында пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында түрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.
Міне, осында менің курстық жұмысымның өзектілігі жатыр. Қаржы саясаты өте маңызды болып табылады және мемлекетті реттеуде негізгі орындардың бірін иеленеді. Жоғарыда айтып кеткендей, қаржы саясаты макроэкономикалық ықпал етудің бірден бір құралы. Ел ішіндегі және сол елдің сыртқы жағдайлары осы қаржы саясатына тікелей байланысты. Ол әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру мақсатында қаржы қатынастарының аясын реттеп отырады. Қазіргі кезде көп адам әлі «қаржы» мен «қаржы саясаты» ұғымдарын және олардың халық өмірін реттеудегі алатын орнын түсіне қоймайды. Мұнымен қатар барлық адамдар экономикалық тұрғыдан көздері ашық болуы керек. Оған қоса қаржы саясатының нысандары біздің тұрмысымыздың барлық жақтарын қамтып, өмірімізге тікелей араласып отырады. Демек, қаржы саясатының ерекшеліктері мен оның әдіс-құралдары мен нысандарын жетік білуіге тиіспіз. Сол себепті «қаржы» және «қаржы саясаты» ұғымдарына терең талдау жасау керек. Осыған байланысты курстық жұмысымның өзектілігі туындайды.
Демек, курстық жұмысымның мақсаты - қаржы саясаты мен оның рөлі жайындағы ақпараттар мен мәліметтерді қолдана отырып, осы тақырыпты толығымен бейнелеп көрсету.
Курстық жұмысымның міндеті - қаржы саясаты аясында болып жататын қатынастарды жүйелі түрде талдап, оның әдістері мен нысандарына сипаттама беру және осы аталып отырған саясаттың экономикадағы рөлін баса көрсетіп, айқындап беру.
Осы курстық жұмысты жазу барысында мәліметтердің қайнар көзі ретінде мынадай оқулықтарға жүгіндім: С. Кұлпыбаев, Қ. Қ. Ілиясов ағаларымыздың 2005 жылғы «Қаржы» оқулығы, А. Д. Үмбеталиев, Ғ. Е. Керімбек «Салық және салық салу», ал орыс әдебиеттерінен Балабанов А. И., Балабанов И. Т. «Финансы», Берлин С. И. «Теория финансов» және т. б. Негізгі әдебиет ретінде С. Құлпыбаев пен Қ. Қ. Ілиясов атты отандық ғалымдарымыздың оқулығын пайдаландым.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттары - ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттары бар. Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай - күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Фискалдық саясат мақсаты ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
І Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
1. 1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары
Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның иақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесіңде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады. Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешсді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы бес бағьптың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттгің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезендері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Үзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық жөне әлеуметтік да-мудың басты бағыттарында шоғырлаңдыруды қажет етеді.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың жөне басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, өйткені қоғам қаржы саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, объективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржы қатынастары дамуының өзінің айрықшалықты заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады. Экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекетгің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді. Тек ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу оның салыстырмалы дербестігінің объективті экономикалық қатынастар тәуелділігіне ұласпауының кепілі. Экономикалық дамудың тәжірибесі қаржы саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға ұрындыратының, қоғамдық дамудың міндеттерін іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.
Қаржы саясаты ғылыми зерттемелерге негізделсе және ғылыми тәсілдеме қаржы саясатының нақтылы қаржы қатынастарынан үзілмейтіндігіне қызмет етсе, онда қаржы саясаты прогрессивті болуы мүмкін.
Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді, демек, қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2) дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қогамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі жөне сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т. б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Қаржы саясатын нақты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау қажет. Олар қоғам дамуының өрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық жөне қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Қаржы ресурстарының көлеміне белгіленген және жұмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы саналылығының айғағы болып табылады және шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қолдап отырылуы тиіс. Бұл маңызды талапты сақтамау бюджет тапшылығының, мемлекеттік борыштың пайда болып, көбеюіне, инфляциялық процестерге ұрындырады.
Кезең ерекшелігін есепке алу оның алдыңғы шаруашылық және қаржы құрылысының тәжірибесін, жаңа тенденциялар мен прогрессивті қүбылыстарды, дүниежүзілік тәжірибені мұқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы кезеңнің ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен қажеттіліктерін есепке алу негізінде қаржы саясатын дер кезінде өзгертіп отыру алдыда түрған мәселелсрді неғұрлым қысқа уақытта жөне ең аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен байланысты. Фискалдық саясат салық төлемдерін алу, "қоғамдық тауарларды" өндіру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу жөне қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.
Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі. Экономикалық циклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Икемсіз фискалдық саясат экономикалық циклдің түрлі фазаларындағы
өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылатын автоматты немесе «кіріктірме тұрақтындырғыштың» іс-әрекетін қажет етеді. Сондай-ақ бюджет тапшьшығына қатысты фискалдық саясатты ажыратады.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени омірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды. Олар:
- экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның өлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
- экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын түжырымдау.
- белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып, іс жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады. [1]
1. 2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарыңда қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т. б. Сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-тендікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мүндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:
- Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке алу.
- Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық багдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі қүрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады. Ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
- Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, үлттық топтары-ның мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.
- Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылган заңнамалық жүйенің болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық қүрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мөселелер шешіледі:
- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейін реттеу;
- өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың қүқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;
- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкіп өндірістік арақатысын реттеу;
- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма келемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.
Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мүндай шарттарға мыналар жатады:
а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта қүру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;
б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, зандағы
ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік
беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы тендігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту.
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніңцегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интефациялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік қүқықтарының және т. б. Еркін кедергісіз ауысу мумкіндігі.
Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жүмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.
Қаржылық реттеудің турлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, кор-порация шегіндегі және т. б. ) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте -қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта-тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда - сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар - қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады. Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді әдістерді жасады. Салық салуда - салықтар-дың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде - шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану, амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аудары-латын аударымдардың нормативтері, әлуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бүл реттеушілер ақша (қолма-қол және Қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп мөлшерлемесі мен үлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктағы ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіліктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады.
Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіліктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бүған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жагы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дорежесі болып табылады.
Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыз-дық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен ба-ғалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.
Реттеудің ішкі шаруашылықтық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz