3-12 ғасырлардағы Қытай
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. III . V ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 III ғасырдағы Қытай қоғамының әлеуметтік . экономикалық құрылысы...5
1.2 Қытайдың көшпелі көршілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Феодалдық қатынастардың орнай бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2. VI.XІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1 VI.XІІ ғасырлардағы Солтүстік Қытайдың ішкі . сыртқы жағдайы және Cун әулетінің билігі кезіндегі аграрлық қатынастың, қала мен қолөнерінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 X.XII ғ. бірінші жартысындағы Қытайдың ауыл шаруашылығы мен капиталистік қатынастардың қалыптаса бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3 VI.XII ғасырлардағы Қытай мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Тарихнамалық шолу: Қытай ғалымы, тарихшы және филолог Ван Го-Вэй, Ван Цзинь-ан түркі тайпалары туралы ертеде жазылған қытай деректеріне және Орталық Азияда болған қытай саяхатшыларының естеліктеріне ғылыми түсініктемелер жасады. Ол өзінің «Ортағасырлық Қытай» атты мақаласында «Қытайдың көшпелі көршілері жаулап алу арқылы өз жерін кеңейтіп, мәдениетін одан әрі дамтып отырды» делінген.
1585 жылы Мендоса құрастырған Қытай туралы еңбек жарияланды, онда «VII ғасырдың аяғына дейін Қытай сырткы басқыншылық саясат жүргізді, ал VIII ғасырдың бірінші жартысында басып алған жерлеріндегі билігін сақтап қалуға тырысты» деген.
1618 жылы И.Петлиннің Қытайға саяхатының қолжазбаларында «VI ғасырда, үш ғасырға жуық бөлінуден кейінгі Қытайдың қайта бірігуі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірде феодалдық қатынастардың орнығуындағы маңызды фактор болды» деген.
Зерттеудің өзектілігі. Қытай - Азия құрлығындағы ең ірі мемлекет, сондай ақ, жан саны мен жер көлемі жағынан да бүгінгі өркендеу үстіндегі мәдениеті мен экономикасы тұрғысынан да дүниедегі іргелі елдер қатарынан орын алып отыр.
Қытай халқы жоғарғы рухты үлгі мен және кеңес елінің қарулы тәжірибиесімен өз елінде тәуелсіздік пен демакратиялық құрылыс орнату үшін жасаған күресі үлкен халықаралық маңызға ие. Бұл жұмыстың өзектілігі Ортағасырлық Қытай тарихына, мәдениетіне, шаруашылығы мен ішкі және сыртқы саясатына анықтама бере отырып, өзекті мәселелерді қарастыру болып табылады. Қытайдағы көркем әдебиет, сурет өнері, философия, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың есімдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр. Әсіресе, философия саласын алсақ, ежелгі Қытай Жер шарында алғаш қалыптасқан философия ошақтарының біріне жатады.
Ұсынылған курстық жұмыстың мақсаты – Ортағасырлық Қытай туралы, оның саяси дамуы және мәдениетін зерттеп, толық мәлімет беру
Курстық жұмыстың мақсатынан туындаған міндеттер:
III ғасырдағы Қытай қоғамының әлеуметтік – экономикалық құрылысын;
Қытайдың көшпелі көршілерін;
VI-XІІ ғасырлардағы Солтүстік Қытайдың ішкі – сыртқы жағдайын;
Cун әулетінің билігі кезіндегі аграрлық қатынастың, қала мен қолөнерінің дамуын;

Қолданылған әдебиеттердің тізімі
1. Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы, Алматы 2009
2. Н.Сейдім. «Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында мемлекеттік
3. К.Ш.Хафизова. «Китайская дипломатия в Центральной Азии». Алматы, «Жеті
4. Қ.Тоқаев. «Даудың үлкені - жер дауы. Қытаймен шекара туралы
5. Бергер Я., Михеев В. Китай: социальные вызовы развитию// Общество и экономика. – 2005. - №1
6. БИКИ. №121, 23 октября 2004 г
7. БИКИ, №39, 7 апреля 2005 г.
8. Вельяминов Г.М. Международное экономическое право и процесс. Академический курс: Учебник. М.: Волтерс Клувер, 2004.
9. Гатина Г.Ф., Мерзликин В.А., Щукина Н.Н. Мировая экономика. М.: ИНФРА-М; Пермь: Перм. гос. техн. ун-т, 2001.
10. Чжунго цзинцзи неибао, 2004. 10 февраля
11. «Қазақстан Республикасымен Қытай Халық Республикасының арасындағы біріккен декларация»/Егемен Қазақстан
12. Ян Хиншун,Материалдық ойы Ежелгі қытайдың, М., 1984.-181 б.
13. История китайской философии.М., 1989.-552
14. Древне китайская философия.Эпоха Хань .М., 1990
15. История Китая с древнейших времен до наших дней. – М.: Наука, 1974.
16. История Китая. Учебник. – М., 1998. – 199 – 242 бб.
17. История Востока. Т.2. Восток в средние века. – М: “Восточная литература” РАН, 1995. – 67 – 83, 157 – 173 бб.
18. Малявин В.В. Китай в XVI-XVII вв. Традиция и культура. М., 1995.
19. Жақыпов А.Н. Қытай Халық республикасы: оқулық –Алматы: 2005. 278бет
20. Востоковедение. М., 1998, № 3. Очерки истории Китая. Под ред. Шан Юэ. М., 1959
21. Алдабек Н.Ә. Қытай тарихы: оқулық. –Алматы: 2007. 300бет

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. III - V ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.1 III ғасырдағы Қытай қоғамының әлеуметтік - экономикалық құрылысы...5
1.2 Қытайдың көшпелі көршілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Феодалдық қатынастардың орнай бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2. VI-XІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...18
2.1 VI-XІІ ғасырлардағы Солтүстік Қытайдың ішкі - сыртқы жағдайы және Cун әулетінің билігі кезіндегі аграрлық қатынастың, қала мен қолөнерінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 X-XII ғ. бірінші жартысындағы Қытайдың ауыл шаруашылығы мен капиталистік қатынастардың қалыптаса бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3 VI-XII ғасырлардағы Қытай мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе
Тарихнамалық шолу: Қытай ғалымы, тарихшы және филолог Ван Го-Вэй, Ван Цзинь-ан түркі тайпалары туралы ертеде жазылған қытай деректеріне және Орталық Азияда болған қытай саяхатшыларының естеліктеріне ғылыми түсініктемелер жасады. Ол өзінің Ортағасырлық Қытай атты мақаласында Қытайдың көшпелі көршілері жаулап алу арқылы өз жерін кеңейтіп, мәдениетін одан әрі дамтып отырды делінген.
1585 жылы Мендоса құрастырған Қытай туралы еңбек жарияланды, онда VII ғасырдың аяғына дейін Қытай сырткы басқыншылық саясат жүргізді, ал VIII ғасырдың бірінші жартысында басып алған жерлеріндегі билігін сақтап қалуға тырысты деген.
1618 жылы И.Петлиннің Қытайға саяхатының қолжазбаларында VI ғасырда, үш ғасырға жуық бөлінуден кейінгі Қытайдың қайта бірігуі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірде феодалдық қатынастардың орнығуындағы маңызды фактор болды деген.
Зерттеудің өзектілігі. Қытай - Азия құрлығындағы ең ірі мемлекет, сондай ақ, жан саны мен жер көлемі жағынан да бүгінгі өркендеу үстіндегі мәдениеті мен экономикасы тұрғысынан да дүниедегі іргелі елдер қатарынан орын алып отыр.
Қытай халқы жоғарғы рухты үлгі мен және кеңес елінің қарулы тәжірибиесімен өз елінде тәуелсіздік пен демакратиялық құрылыс орнату үшін жасаған күресі үлкен халықаралық маңызға ие. Бұл жұмыстың өзектілігі Ортағасырлық Қытай тарихына, мәдениетіне, шаруашылығы мен ішкі және сыртқы саясатына анықтама бере отырып, өзекті мәселелерді қарастыру болып табылады. Қытайдағы көркем әдебиет, сурет өнері, философия, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың есімдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр. Әсіресе, философия саласын алсақ, ежелгі Қытай Жер шарында алғаш қалыптасқан философия ошақтарының біріне жатады.
Ұсынылған курстық жұмыстың мақсаты - Ортағасырлық Қытай туралы, оның саяси дамуы және мәдениетін зерттеп, толық мәлімет беру
Курстық жұмыстың мақсатынан туындаған міндеттер:
oo III ғасырдағы Қытай қоғамының әлеуметтік - экономикалық құрылысын;
oo Қытайдың көшпелі көршілерін;
oo VI-XІІ ғасырлардағы Солтүстік Қытайдың ішкі - сыртқы жағдайын;
oo Cун әулетінің билігі кезіндегі аграрлық қатынастың, қала мен қолөнерінің дамуын;
oo X-XII ғ. бірінші жартысындағы Қытайдың ауыл шаруашылығы мен капиталистік қатынастардың қалыптаса бастауы;
oo Қытай мәдениетінің дамуын зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі.
I БӨЛІМ. IІІ -- XI ғасырлардағы Қытай
0.1 III ғасырдагы Қытай қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылысы.
Б.з.д. 206 -- б.з. 220 жылдары Қытайда Хань әулеті билік құрды. Бұл кезде құл иеленушілік қоғамның ішінде феодалдық қатынастар туа бастады. Ол қатынастардың орнауы ұзақ уақытқа созылды.
Феодализмге өту процесс біздің заманымыздың ІІ-ғасырында Хань империясын үлкен дағдарысқа ұшыратты:
oo экономика құлдырады;
oo үкімет әлсіреді;
oo сыртқы саясатта сәтсіздіктер бірінен кейін бірі жалғасты.
Бұрыннан келе жатқан мемлекеттік тәртіп бұзылды, әлеуметтік кұрылым ыдырады [1, 78б].
II ғасырдың аяғына карай император іс жүзінде биліктен айырылды. Жергілікті ел тұтқалары мен қолбасшылар елдің жекелеген аудандарында өз биліктерін нығайтып, бір-бірімен үздіксіз соғысып жатты.
Үш патшалық кезіне қарай жергілікті өкімет биліктерінің ішінде де құрылымдық өзгерістер орын алды.
Ұзаққа созылған ішкі соғыстардың барысында империялық шенеуніктік әкімшіліктің орнына провинциялык бекзаттардан шыққан әскери және саяси жетекшілер үстемдік жағдайға ие болды.
Өз позицияларын сақтап калған облыстар мен округтердің басшылары да өз әскерлерін жасактап алып, халықтан жиналатын салықты жиі-жиі өздері сіңіріп кетіп отырды.
Вэйдің (кейінірек басқа патшалықтар) орталык өкіметі бұл жағдайды шенеуніктерді мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа жүйесінің көмегімен өзгертуге тырысты. Ол жүйе "деревнялық категориялар" деп аталды.
Арнайы бөлінген уәкілдер жергілікті жерлердегі үміткерлердің қадір-қасиеттерін ерекше "категориялар" бойынша бағалауға тиіс болды.
Бірақ бұл жүйе тиімді болмады да, жергілікті бекзаттардың өз қалаулыларын тағайындау құралына айналып кетті.
Үш патшалыктың ішкі тұрақсыздығы олардың арасындағы өзара соғыстармен онан әрі шиеленісе түсті.
Ақырында Вэй патшалығы жеңіске жете бастады. 263 ж. ол Шу. ал 280 ж. -- У патшалықтарын бағындырып, өзіне қосып алды. Ел бір патшалыққа бірігіп, Цзинь империясы деп аталды. Оның негізін Сыма Янь қалады.
Оның билігі де әскерге және жекелеген ақсүйектерге арқа сүйеді. Өз билігінің тірегін нығайту мақсатымен Сыма Янь 20-ға жуык облыстарды өз туыстарына үлестіріп берді.
Олар тез байып алып, Сыма Янь өлген соң (290) өзара соғыса бастады. Ол соғыс "сегіз князь бүлігі" деп аталды. Небәрі 10 жылдансоң елдегі тұрактылық пен бірлік кайта бұзылды.
Талас-тартыстар мен төңкерістер 306 жылға дейін созылып, елді саяси-экономикалық дағдарысқа ұшыратты.
Бұл қалжырау елді IV ғасырдың басында Қытайдың солтүстік және батыс аудандарына басып кірген көшпенді және жартылай көшпенділер тайпаларының оңай олжасына айналдырды.
IV ғасырдың басында Қытайға ғұндар шапқыншылығы күшейді. Ғұндардың 5 тайпасының өкілдері шаньюй деп аталған жоғары басшы сайлайтын.
Шаньюйлер Қытай императорларының қыздарына үйленіп, олардың үлкен ұлдары қытай императорларының сарайында тәрбиеленетін.
Қытайдағы өкімет билігі әлсірей бастаған соң 308 ж. ғұндардың Лю Юань деген шаньюйі Хань патшасы деп жарияланды.
311 ж. ғұндар Лоянды, 316 ж. -- Чанъаньды алды. Цзинь императоры тұтқынға түсті. Енді ғұн әскер басшыларының арасында ала ауыздық туып, жікке бөліну басталды.
Шаньюй Лю Юаньнның бір ұрпағы Қытайдың солтүстік-батысында Үлкен Чжао мемлекетін кұрды. Ши Лэ деген әскер басшысы Лоянның шығысында Кіші Чжао мемлекетін құрды.
Ғұндардың бұл екі патшалығының арасындағы күрес 324 ж. Кіші Чжаоның жеңісімен аякталды.
Ғұндар шапқыншылығы нәтижесінде Қытайдың солтүстігінде Цзинь билігі жойылды. Ол әулеттің билігі орталык және оңтүстік-шығыс аудандарда ғана сақталды.
Янцызы өзенінің оңтүстігіне қоныс аударуға мәжбүр болған Цзинь әулетінің өкілдері Шығыс Цзинь (317 -- 420) деп аталған мемлекет құрып, билік жүргізді.
Осы кезден бастап елдің саяси тарихы екі жарым ғасыр бойы солтүстік және оңтүстік болып бөлінуі жағдайында өтті. [2, 64 б].
0.2 Қытайдың көшпелі көршілері.
IV ғасырдың 60 - жылдары Қытайдың солтүстік-батысынан көшпелі сяньбиліктер басып кірді. Олардың ішіндегі күштілері муюн мен тоба тайпалары болды.
367 ж. тобалықтар солтүстік-шығыс Қытайда өз билігін орнатты. Ол 534 жылға дейін өмір сүріп, Солтүстік Вэй мемлекеті деп аталды.
Солтүстік-батыста Қытайға тибеттіктер шабуыл жасап, Ганьсу, Шэньси, Нинся провинцияларын басып алды. Олар Цинь деп аталған мемлекет құрды.
383 ж. Фэйшуй өзенінде олардың әскері Оңтүстік Қытай әскерімен соғысып, жеңіліп қалды.
Сөйтіп, солтүстікті кайтарып алу мүмкіндігі жүзеге аспай қалды. 420 ж. Цзинь әулеті кұлап, кейінгі 160 жыл ішінде оңтүстікте 4 әулет бірінен соң бірі билік кұрды.
ІІІ-ғасырдың 60 -- 80 жылдарындағы Қытайды біріктіру үшін жүргізілген күрес кезінде халық көп қырылып кетті. 100 жыл ішінде қытай халқының саны 50 -- 56 миллионнан 16 миллионға дейін азайып калды.
Солдаттар мен буцюй деп аталған жалдамалы қорғаушыларына байлар шағын жер үлестерін бөліп берді. Ірі жер иелері өз иеліктерінде биньке деп аталган үй-жайы жоқ кедейлер мен кэху деген кірмелердің еңбегін пайдаланды. [3, 85 б].
280 ж. Сыма Янь жер иелігін, аграрлык жүйені езгерту жөнінде жарлық шығарды. Ол жарлық бойынша жер -- мемлекет меншігі болып саналды. Бірақ ол жерлерді пайдага асырып, салык жинап отыру үшін феодалдарға бөліп беріп отыратын болды.
16 мен 60 жастын арасындағы еңбекке жарамды еркектер мен әйелдер дин деп аталған негізгі салык төлеушілер болды. Олар көлемі 70 мудан тұратын толық үлес алды.
Үлесі үшін салық төледі және жылына 20 күн қазына пайдасына мемлекет жерінде тегін енбек етті.
Әр еңбекке жарамды адамға өзінің толык үлесінен баска кіші үлес деп аталған 50 му мемлекет жері берілетін. Ол жерден түскен өнім қазынаға өткізілетін.
Вэй патшалыгының Сыма Лан деген шенеунігі жер реформасының жобасын ұсынды.
Жоба барлык бос жатқан жерлерді императордың (мемлекеттің) меншігі деп жариялады, ол жерлерді үлестерге бөліп, мемлекетке тәуелді шаруалармен қоныстандыруды көздеді.
Бұл жоба жүзеге аспай калды, ол үшін кажетті саяси алғы шарттар -- орталықтандырылған күшті өкімет билігі калыптасқан жоқ еді.
Солтүстік Қытайдағы тобалықтар кұрған мемлекетте де феодалдык қатынастар қалыптаса бастады. [4, 19 б].
477 -- 485 жылдардағы жарлықтармен үлестік жүйені пайдалану тәртібі бекітілді. Жер мемлекет меншігі деп жарияланды.
Император ол меншіктің ең жоғарғы иесі деп көрсетілді. Қазынаның жері шаруаларға үлес ретінде бөлініп берілді. Ол үлес егістік, өндірістік (бау-бақшалық) және үй-жайлық участоктерден тұрды.
Егістік үлес 15 пен 70 жас аралығындағы жұмысқа жарамды шаруаларға уақытша пайдалануға берілді. Ол үлес белгілі бір мерзімде қайта бөлініп тұратын болды;
oo Сатуға;
oo сатып алуға;
oo жалға беруге тыйым салынды.
Үлес иесі жұмысқа жарамай қалса, қайтыс болса, өкімет ол үлесті басқа біреуге беретін.
Қосымша үлес -- әрбір жұмысқа салынатын малдың басына қарай берілді.
Өндірістік (бау-бақшалық) үлес әкеден балаға мұра ретінде қала берді. Тек ол үлесті өңдеп отыратын жан басы қалмаса ғана өкімет баска біреуге беріп отырды.
Бау-бақшалық (өндірістік) үлесті сату, сатып алу заңға сәйкес жүргізілді; рұксат -- жер аздык, немесе көптік етіп жатса берілді. Үй-жайлық участок өмір бақилық берілетін.
Солтүстік Вэйдің аграрлық заңы мен практикасында сақталған жерді пайдалану тәртібі тең жер жүйесі деп аталды.
Ең үлкен жер үлесінің көлемі 120 мудан аспауга тиіс болды. 485 жылгы низамда (декрет): жер жеткілікті болып жатса, басқа жерге көшуге болмайды, -- делінді.
Жер салығы үш түрлі болды:
oo егістік жерден егінмен, өндірістік (бау-бақшалық) жерден -- матамен немесе жіппен өтеу және еңбекпен өтеу салықтары;
oo Сыма Яньннің реформасынан айырмашылық -- салыктың басты түрі еңбекпен өтеу емес, оброк, яғни азық-түлік салығы болды.
oo Мұрагерлікпен өтейтін салық шаруалардың белсенділігін арттырып, мол өнім алуға ынталандыра түсті.
Қытайды біріктіру үрдісін Гуаньлун тобы деп аталған әскери-саяси топ білдірді [5, 96 б].
581 ж. осы топтың көрнекті өкілі, солтүстік Қытайдағы әскер басшысы Ян Цзянь тақты басып алып, Суй әулетінің (581 -- 618) негізін калады.
589 ж. Ян Цзянь Солтүстік және Оңтүстік Қытайды өзіне бағындырды. Ол Вэнди деген атпен император деп жарияланып, 581 -- 604 жж. билік кұрды.
Оның мұрагері Ян Гуан (605 -- 617) билік құрған кезде Қытай Корея мен Вьетнамдық Вансуан мемлекетіне қарсы басқыншылық соғыстар (611 -- 614) жүргізді.
Соғыс ауыртпалығы карапайым салық төлеуші халыққа түсті. Олар өз наразылықтарын көтерілістер аркылы білдірді. Көтерілістің негізгі ошақтары Шаньдун, Хэбей, Хэнань болды.
Суй әулетінің билігі ұзак болмады. 618 ж. шыққан тегі жағынан жартылай түрік Ли Юань деген Солтүстік Қытай әкімі империядагы билікті басып алып, жаңа Тан әулетінің негізін калады. Бұл әулеттің билігі 907 жылға дейін созылды.
Ли Юаньның баласы Ли Ши-минь (Тайцзун деген атпен белгілі) билік құрған (626 -- 649) кезде, яғни 628 ж. ел біріктірілді.
630 ж. Қытай Шығыс Түрік кағанатын талқандады. Сұлтан Селим тұтқынға түсті. Қағанаттың біраз жері Тан империясының кұрамына қосылды.
634 жылы жаңа құрылған Тибет мемлекеті Чанъаньға елшілік жіберді. Бірақ соның артынша тоғандықтар үшін екі елдің арасында соғыс басталып кетті.
Тибет әскері бірнеше рет Сычуанға басып кірді. Соғыс 647 ж. тоқтады. VII ғасырдың аяғында тибеттіктер Ұлы Жібек Жолына шабуыл жасап тұрды.
Қытай әскері жеңіліп қалып отырды.
882 жылгы келісім бойынша Қытай өзінің Тибеттегі ыкпалынан айырылды.
645 ж. үйғыр әскері Шэньсиге шабуыл жасады. Қытай әскері оған тойтарыс берді.
VII ғасырдың екінші ширегінде орталык билікті өз ықпалында ұстап отырған Гуаньлун тобы оппозициялық әскери-саяси топтардың қарсылығына тап болды. Ол топтардың ішіндегі күштісі Шаньдун тобы еді.
Оның мүшелері жаңадан байып келе жатқан қарапайым халықтың ішінен шыққан кызметкерлер болатын.
Екі топтың теке-тіресі Ли Ши-минді тектік тізімді қайта қарауға мәжбүр етті.
Жоғары лауазымды қызметке тағайындалу үшін мемлекеттік емтихан тапсырып, конкурстан өту тәртібі енгізілді.
Енді шыкқан тегіне қарай емес, білімі мен қабілетіне, іскерлігіне қарай қызметке қабылдау ережесі бекітілді. Шенеуніктер 9 категорияға бөлінді. Әр категория өз дәрежесіне сай жер үлесін иемденді [6, 83 б].
Орталықтандырылған өкімет 6 министрліктен тұрды. Жергілікті жерлерді губернаторлар басқарды.
Облыстар округтерге, округтер-ауылдарға бөлінді. Ауылдың өзі 5 үйден тұратын аулаға (линь) бөлінді. 5 аула бір лиді құрады.
Империяның экономикасының негізін жақсы дамыған ауыл шаруашылығы қалады. Ол елдің көптеген аудандарында жасанды суару жүйесі аркылы дамып отырды.
605 -- 617 жылдар аралығында сонау б.з.д. VI ғасырда салына бастаған Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығындағы Ұлы Каналдың (кытайша Юньхэ, ягни Көліктік өзен.
Тунсяннан Ханьчжоуға дейінгі аралықта. Ұзындығы 1782 км.) 1000 шақырымдық желісі қазылды. Ирригациялык жүйе кеңейе түсті.
Тыңайтқышты қолдану, жерді өңдеу мен егістікті күтуді жетілдіру -- өнімді арттырды.
Қытайлықтар өте жоғары сапалы темір өндірді; ол темірден жасалған еңбек құралы тек ауыл шаруашылығының ғана емес, сондай-ақ қолөнерінің, құрылыс ісінің, кеме жасаудың, сән бұйымдары мен қару-жарақ жасаудың жетіле түсуіне зор үлес қосты.
VII -- VIII ғасырларда Қытай, әсіресе Араб халифатымен, Индиямен, Сиаммен және Вьетнаммен қызу сауда жүргізді.
Жібек жолы арқылы Қытай Орта, Солтүстік, Батыс Азия елдерімен де сауда қатынасын орнатты.
657 ж. Су Дин-фан басқарған Қытай әскері Батыс Түрік қағанатын талқандады. Бұл соғыста Қытай ұйғырлармен одақтасты.
Батыс кағанаттың қайта өрлеуі көпке созылмады. Ол 679 ж. екінші Шығыс қағанатпен одақтаса отырып шабуыл жасаған Қытай әскерінен толық жеңілді.
Осы жеңістен кейін қытайлықтар:
oo Ташкентті (Шаш) Ши-Го;
oo Таразды -- До-ло-сы;
oo Шу-Қорағаты өзендерін -- Шуан-Хэ;
oo Алматыны -- Тяо-Лин;
oo Жоңғар кақпасын -- Хин-Лас деп атай бастады.
Қытайлыктарды Батыс Қағанаттан 751 ж. арабтар куып шықты. [7, 93 б].
1.3 Феодалдық қатынастардың орнай бастауы.
Феодалдық топтардың өзара қырқысуларының шиеленісуі нәтижесінде Ли Чжи (650 -- 683) императордың тұсында сарай төңкерісі болып, билікті оның әйелі У Цзя -- Тянь басып алды да, 684 жылдан 705 жылға дейін билік құрды.
Ли Чжиді қолдайтын Гуаньлун тобын биліктен қуды; 690 ж. өзін Аспан асты елінің иесі деп жариялады. Тан әулетін Чжоу әулеті деп ауыстырды.
705 ж. билікке Ли Сянь келген соң әулеттің Тан деген аты қайта калпына келтірілді.
Сюаньцзун император (713 -- 756) билігі кезі -- Тан империясының гүлдену кезі болды.
754 жылғы халық санағы елде 9 млн. 610 мың отбасы бар екендігін көрсетті. Еңбекке жарамды, салық төлеуге міндетті адамдардың саны 52 млн. 880 мың болды.
755 ж. Ішкі Монғолияның біраз бөлігін, Шаньси мен Хэбейді басқарып отырған Ань Лушань Сюаньцзунге қарсы көтеріліске шыкты. Ол көп өтпей империяның екі астанасын -- Лоян мен Чанъаньды басып алды.
Сюаньцзун Сычуаньға қашты. Ань Лушань өзін император деп жариялады.
Бірақ Тан әулеті құламай, аман қалды. Оны көтерілісшілер арасындағы алаауыздық құтқарып қалды.
Ань Лу-шаньға қарсы оның билігін мойындағысы келмегендер бірлесіп күреске шықты. Оларға көмекке негізінен ұйғырлардан құрылған жалдамалы әскер көмекке келді [8, 52 б].
757 ж. Ань Лу-шань өлтірілді. Енді бүлік Ши Сы-миннің басшылығымен онан әрі жалғасты.
763 жылы көтеріліс толық басылды. Әулет таққа кайта отырды. Бірақ империя мен оның өкіметі әлсірей бастады.
763 ж. тибеттіктер империяның астанасы Чанъаньды талқандады.
VIII -- IX ғасырларда Қытайға ұйғырлар қауіп төндіріп тұрды. 840 ж. ұйғырларды Енесай қырғыздары талқандаған соң ғана бұл қауіп жойылды.
Дегенмен Шығыс Түркістанның солтүстігінде ұйғыр иеліктері сақталып қалды. Оның астанасы Бишбалык болды.
Ұйғырлар Қытайдың ішіндегі феодалдык өзара қырқысуларға бұрыннан араласып келе жатқан болатын.
Империяның әлсіздігін біліп отырған ұйғырлар оның шекарасын жиі-жиі бұзып өтіп тұратын.
Олар өздерін империя ішінде басқыншылар сияқты ұстайтын. Олар астана - Чанъаньда да өздерін дөрекі ұстап, халықтың үрейін ұшыратын.
Ұйғырлар Қытайдан Орта Азияға баратын керуен жолын өз бакылауында ұстады. 843 -- 847 жж. Қытай ұйғырларды талқандап, олардың қаупінен біржолата кұтылды.
Қытайға ұйғырлар қаупінен де зор қауіп оның солтүстік-шығысындағы көршісі кидандерден төнді.
Кидандердің тайпалық одағы Батыс Монголия мен Маньчжурияның біраз бөлігін мекендейтін. Кидандар IX ғасырдың аяғында күшейді.
916 ж. кидандардың Елюй руынап шыққан көсемі Аноки (Амбиган) өзін император деп жариялады. 937 жылдан бастап Елюй әулетінің аты да мемлекеттің аты сиякты, Ляо деп аталды.
Апоки (926 ж. өлді) мен Ляоның кейінгі басшылары Солтүстік Қытайдын саяси өміріне араласып отырды. Билік үшін күресуші Қытай феодалдары кидандардан көмек сұрап отырды. Ақысына жібек мата, жер берді. Осылай казіргі Хэйбэй меп Шаньси провинцияларынын аумағындағы 16 округ Пекин, Датун, т.б. қалаларымен кидандардың қол астына көшіп кетті. Пекин -- Ляо империясының астанасына айналды. [9, 72 б].
Қытай халқы Кидандарка бағына коймады, керісінше оларға карсы көтеріліске шығып отырды. Кайфынның билеушісі Чай Жун кидандарға қарсы жорық бастады. Ляо мемлекетіне қарсы соғыс елге зор ауыртпалық әкелді.
Чай Жун қайтыс болғаннан кейін 960 ж. ұлан өзінің қолбасшысы Чжао Куан-иньді император деп жариялады. Ол қидандарға қарсы жорықты тоқтатты. Кайфыннын феодалдары, әскер, қала халқы өзара қырқысуларды тоқтатуды, елдің бірігуін қалап, жаңа ел басыта қолдаушылық көрсетті.
VIII ғасырдың 30- жылдары Тан империясының 6 кодекстен тұратын заңдары құрастырылып, 763 ж. салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Енді салық мүлкінің мөлшеріне, байлығына қарай салынатын болды.
780 ж. бірінші министр Ян Яньның ұсынысы бойынша бұрынғы үлестік шаруалар атқаратын үштік міндеткерліктерді жою туралы заң қабылданды. Ол заң ірі жер иелеріне қарсы бағытталды.
Мемлекеттік аппарат жерді қайта бөлуден, шаруаларды жер үлесімен қамтамасыз етуден бас тартып, шаруалар мен жерді жұтып қоюмен күресуді тоқтатты.
Енді салық бір көрсеткіш бойынша ғана - мүліктің мөлшеріне, жердің көлеміне қарай салынатын болды. Салык төлеушінің жасы мен жұмыска жарамдылығы есепке алынбады. Барлық халық (аулалар) жер иеліктерінің мөлшеріне карай 9 категорияға бөлінді. [10, 69 б].
Ян Янь реформасы деп аталған бұл заң бұрын салықтан босатылғандарды немесе жасырынып жүргендерді салық төлеушілер қатарына қосып, айрықша есепке алды.
Салык төлеушілер қатары қала тұрғындарының, яғни саудагерлер мен колөнершілердің, шенеуніктердің есебінен өсе түсті.
Салық төлеудің екі кезеңі белгіленді: жазда және күзде. Салык ақшамен де төлене алатын болды. Мұндай тәртіп қуатты үйлер мен помещиктердің берекесіне тиген ауыр соққы болды.
Ян Янь реформасы жерді сату-сатып алу еркіндігін бекітті. Бұл реформа үлестік жүйенің кұлдырауын, жерге жеке меншіктіктің орнау жеңісін мойындау болды. Бұл реформадан кейін елде жүз жылдай уақытқа тыныштық орнады.
Сөйтіп, VIII ғасырдың 80-ші -- IX ғасырдың 70-жылдары Тан империясының экономикалық даму, гүлдену жылдары болды. Империяның халқының саны 60 миллионға жетті.
IX ғасырдың соңғы ширегіне карай ел ішінде өкіметке қарсы наразылық қайта өсе бастады. Ол наразылык ақыры көтеріліске әкеліп соқты.
874 ж. Қытайдың солтүстік шығысында шаруалар көтерілісі басталды. Оны алғаш тұз сатумен айналысатын ұсак саудагер Ван Сянь Чжи басқарды. Көтерілісшілер Шаньдун провинциясының біраз қалаларын басып алды. Шаруалардың жеке отрядтары көп ұзамай үлкен армияға бірікті.
878 ж. кезекті бір шайқаста көтерілісшілер армиясының қолбасшысы Ван Сянь-чжи қаза тапты. Енді басшылық оның орынбасары Хуан Чаоның қолына көшті.
Көтерілісшілер аймақтарды бірінен соң бірін алып, қарсыластарын қатаң жазалап отырды. [11, 137 б].
Байлардың, шенеуніктердің жерлерін тартып алып, мал-мүлкімен қоса кедейлерге үлестіріп берді.
Шаруалар армиясы елді солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп, тіке шабуылмен үлкен сауда қаласы Гуанчжоуды (Кантон) алды. Көтерілісшілер өздерінің күшін толықтырып алып, солтүстіктегі астана -- Чанъань қаласына қарай жорыққа шықты.
Көтерілісшілер қатарында бұл кезде 500 мың адам бар еді. Көтерілісшілер қалаға таянып қалған кезде императордың әскері де, өзі де астанадан қашып кетті. 881 ж. 10-қаңтарда астананы басып алған көтерілісшілер Хуан Чаоны император деп жариялады.
Хуан Чао ауыр салықты жойды, кедейлер мен көтеріліске қатысушыларға императордың қамбасынан астық бергізді.
Көтерілісті басу үшін император солтүстіктегі көшпенділерді көмекке шақырды. [12, 95 б].
Хуан Чаоның әскері 883 ж. 20-мамырда Чанъань қаласынан қуылды. 884 ж. Хуан Чао қаза тапты да, көтеріліс негізінен басылды. Онан әрі көтеріліске Хуан Чаоның жиені Хуан Хао басшылық жасады.
Бұл көтеріліс 901 ж. толығымен басылып, елде тыныштық орнай бастады. Көтеріліс кезінде көптеген феодалдар мен шенеуніктер қырылды, олардың жерінің бір бөлігі шаруалардың қолына өтті.
Көтеріліс Тан әулетінін билігін әлсіретті. Көтерілістен кейін бұл әулеттің билігі бүкіл Қытайды бірдей қамтымады. 907 ж. Тан әулеті тақтан тайдырылды. Сол жылы Чжу Вэнь сарай төңкерісін жасап, соңғы Тан императорын құлатты. Осы жылдан бастап тарихқа бес әулет және он патшалық деген атпен енген кезең бастал-ды. Ол 960 жылға дейін созылды.
Бұл кезде солтүстік Қытайдың шаруашылығы қалпына келтіріліп, халқының саны өсті, қаражат жағдайы жақсарып, әскери күші нығайды. 954 жылдан бастап кейінгі Чжоу әулеті елді өз кол астына біріктіруге кірісті.
Бес әулет пен он патшалық кезеңі -- қытай қоғамының ерте феодализмнен дамыған феодализмге өту кезі болды.
960 ж. Қытай Сун әулетінің (960 -- 1279) қол астына біріге бастады. Ол әулеттің негізін Чжоу патшалығының талантты қолбасшысы Чжао Куан инь (927 -- 976) қалады. Жаңа әулеттің астанасы алғаш Бянь (казіргі Кайфын), кейін -- Шығыстағы Ханчжоу қаласы болды.
993 -- 997 жылдары жаңа әулетке қарсы Ван Сяо-бо, Ли Шуань және Чжан Юя басқарған көтерілістер болды. [13, 49б].
1.4 IІІ -- XI ғасырлардагы Қытай мәдениеті.
Ерте орта ғасырлардағы Қытай мәдениеті өз заманының ең озық мәдениеті болды.
XI ғасырда Қытайда 2 мыңнан астам қала болды. VIII ғасырдың басында Қытайда Астанахабаршысы, Столичный вестник атты газет шықты. Ол XX ғасырдың басына дейін шығып тұрды.
Қытайлықтар математиканы, астрономияны, жағырапия мен тарихты жақсы окып, үйренді.
Олар IX -- X ғасырларда компас пен оқ-дәріні ойлап тапты.
VIII ғасырда Қытайда Ханьлин академиясы ашылды. Ортағасырлық Қытайдың жылнамалары өте көп болды.
Тек Сун империясынан 960-1279 500 томдық жылнама калды. Қытайда жүз мыңдаған қолжазбалары бар көптеген үлкен кітапханалар болған.
Орасан зор елді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz