Спутник байланыс желісіндегі ақпаратты қорғаудың маңыздылығы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1 Ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі станцияларының қолжетімділігінің техникалық талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Бірінші қазақстандық жерсерігін ұшыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Спутник байланыс желісін дамыту мақсатында ғарышқа ұмтылу ... ... ... ..

ІІ. Эксперименттік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 Спутник байланыс желісіндегі «Қазақтелеком» АҚ кәсіпорынның қызметі ...
2.2 «Қазақтелеком» АҚ қызметінің даму келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 «Қазақтелеком» АҚ қызметін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Спутниктік байланыстың желілік, желістік және каналдар типтері ... ... ...
2.5 Спутник байланыс желісіндегі ақпаратты қорғаудың маңыздылығы ... ... ..

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Алғы сөз: «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атты ел халқына Жолдауынан
Елбасы осы сөзінді елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, техникалық жетістіктерге орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы телефон, 1895 жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс почта және электрлік Байланыс болып бөлінеді. Почта Байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады.
Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі — факсимильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің көшірмесі,фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ, Байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф Байланыссы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі.
Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған. Сәйкестілік,сілтеме,байланыстарды редакциялау кезінде — символ/символ, символ/адрес немесе адрес/адрес типінің сәйкестілігі; кибернетикалық жүйе жайында — әсер, ықпал; мәліметтерді қашықтан өндеу желісіндегі мәліметтерді жеткізу құралдарының жиынтығы; объектілер арасындағы қатынас; программалық модульдердің әрекетгестік механизмі; гипермәтіннің белгіленген элементі; сол элементті тышқанмен басқару арқылы мәтіннің басқа бөлігіне ауысу; желілердегі байланыс түйіні; екі байланыс торабын жалғастыру жабдығы.
Байланыс құралдары қазіргі кезеңдегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады.Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейді.
Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел — АҚШ. Оның үлесіне дүниежүзінлегі телефон жүйелерінің 2/5-сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады: Нью-Йорктің Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі желілер санымен бірдей.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Аесэль Генри. Маркетинг: Принципы и стратегия. Учебник для вузов. М., ИНФРА-М., 1999 г.
2. Амблер Т. Практический маркетинг. Издательство "Питер", 1999-400 с. (серия "Теория и практика менеджмента")
3. Аникеев С.Н. Методика разработки плана маркетинга: Сер. "Практика маркетинга". - М.: Фолиум, 1998 г.
4. Ансофф И. Стратегическое управление. М.: - Экономика, 1989.
5. Афанасьев М.П. Маркетинг: стратегия и практика фирмы. М.: Финстатинформ. 1998.
6. Баззел Р., Кокс Д., Браун Р. Информация и риск в маркетинге: Пер. с англ. М.: Финстатинформ. 2000.
7. Бауэр Р., Коллар Э., Тан В., Управление инвестиционным проектом: опыт IBM. М.: - ИНФРА-М, 1995.
8. Болт Д., Руководство по управлению сбытом, М.: Экономика, 1991
9. Блэк С., Паблик Рилейшнз: Что это такое? АСЭС-Москва, 1990.
10. Волгин В. Автомобильный дилер, М.:Ось-89, 1997
11. Гаврилин Ю.Ф. Маркетинг. Челябинск: ЧГТУ. 1995.
12. Голубков Е.П. Маркетинг: стратегия, планы, структура. - М.: Дело, 1995 г.
13. Голубков Е.П. Маркетинг: выбор лучшего решения. - М.: Экономика, 1993 г.
14. Герчикова М.А. Практический менеджмент. - М.: - 2000 г.
15. Гуров В. Интернет для бизнеса. М.: - , 1997.
16. Друкер П., Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы, М.: - Book chamber international, 1992.
17. Данные предприятия АО «Адал» по состоянию за 2002-2004 год.
18. Голубкова Е.П. Маркетинг: выбор лучшего решения. М.: Экономика. 2000.
19. Горовой А.А., Сорокин В.В. Российский директор в рыночной экономике: практический маркетинг для руководителей промышленных предприятий. - М.: Экономика, 1998 г.
20. Дорошев В.И. Введение в теорию маркетинга. Учебное пособие. М., ИНФРА-М., 2003 г.
21. Жан-Жак Ламбен. Стратегический маркетинг. Европейская перспектива Гольцов А. Принципы организационного построения стратегического маркетинга на промышленном предприятии. //Маркетинг, № 6, 1996 г.
22. Завьялов П.С., Демидов В.Е. Формула успеха: Маркетинг (сто вопросов - сто ответов о том, как эффективно действовать на внешнем рынке). М.: Международные отношения. 1991.
23. Завьялов П.С. маркетинг в схемах, рисунках, таблицах: Учебное пособие. М., ИНФРА-М,, 2000 г.
24. Ковалев А.И. Войленко В.В. Маркетинговый анализ.-М.: Центр экономики и маркетинга, 1998 г.
25. Котлер Ф. основы маркетинга: Пер. с англ. - М.: "Ростингер", 2000 г.
26. Котлер Ф. Основы маркетинга: Пер. с англ. М.: Прогресс. 1990.
27. Кретов И.И. Маркетинг на предприятии: практическое пособие. М.: Финстатинформ. 2001.
28. Маркетинг: Учебник/ А.Н. Романов, Ю.Ю. Корлюгов, С.А.
29. Красильников и др.; Под ред. А.Н. Романова. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ 1996.
30. Маркетинг: Учебник для ВУЗов. Н.Д. Эрмашвили. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 - 623 с.
31. Академия рынка. Маркетинг: Пер. с фр. М.: Экономика. 1999.
32. Маркетинг. Сборник: Пер. с англ. М.: Прогресс. 1984.
33. Хлусов В.П. основы маркетинга. М., "Издательство ПРИОР", 2000 г.
34. Эванс Дж., Берман Б. Маркетинг: Сокр. пер. с англ. М.: Экономика. 2002.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

0.1 Ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі станцияларының қолжетімділігінің техникалық талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1.2 Бірінші қазақстандық жерсерігін ұшыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Спутник байланыс желісін дамыту мақсатында ғарышқа ұмтылу ... ... ... ..

ІІ. Эксперименттік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Спутник байланыс желісіндегі Қазақтелеком АҚ кәсіпорынның қызметі ...
2.2 Қазақтелеком АҚ қызметінің даму келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қазақтелеком АҚ қызметін жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.4 Спутниктік байланыстың желілік, желістік және каналдар типтері ... ... ...
2.5 Спутник байланыс желісіндегі ақпаратты қорғаудың маңыздылығы ... ... ..

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Алғы сөз: Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атты ел халқына Жолдауынан
Елбасы осы сөзінді елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, техникалық жетістіктерге орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы телефон, 1895 жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс почта және электрлік Байланыс болып бөлінеді. Почта Байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады.
Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі -- факсимильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің көшірмесі,фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ, Байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф Байланыссы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі.
Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған. Сәйкестілік,сілтеме,байланыстарды редакциялау кезінде -- символсимвол, символадрес немесе адресадрес типінің сәйкестілігі; кибернетикалық жүйе жайында -- әсер, ықпал; мәліметтерді қашықтан өндеу желісіндегі мәліметтерді жеткізу құралдарының жиынтығы; объектілер арасындағы қатынас; программалық модульдердің әрекетгестік механизмі; гипермәтіннің белгіленген элементі; сол элементті тышқанмен басқару арқылы мәтіннің басқа бөлігіне ауысу; желілердегі байланыс түйіні; екі байланыс торабын жалғастыру жабдығы.
Байланыс құралдары қазіргі кезеңдегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады.Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейді.
Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел -- АҚШ. Оның үлесіне дүниежүзінлегі телефон жүйелерінің 25-сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 910-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады: Нью-Йорктің Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі желілер санымен бірдей.
20 ғасырдың басында Қазақстанда 250 почта-телеграф пункті болды. Электр Байланысның техника құралдары мен телевизияны пайдалану 1950 -- 1960 жылдары басталды. Осы кезеңге дейін республикалық байланыс құралдарының негізін бағаналы желілер мен коммутациялық қондырғылар құрады. 1950 жылы Алматыда 800 нөмірлік АТС, 1956 -- 1957 жылдары Алматы, Қарағанды, Өскемен қалаларында тұңғыш телевизия орталықтары салынды. 1960 -- 1975 жылдары қалалардағы АТС-ті автоматтандырудың үлес салмағы 97%-ке жетті. 1966 жылы Қазақстанның батыс және оңтүстік облысы арқылы өткен Мәскеу-Ташкент Байланыс кабелі желісінің құрылысы аяқталды. Бұдан соң Новосибирск -- Алматы, Самара -- Атырау -- Жаңа Өзен кабель магистральдары, 1967 жылы "Орбита" ғарыш қабылдау станциясы іске қосылды, халықаралық телефон байланысын автоматтандыру басталды. 1972 жылы Алматыда Қазақстанды КСРО-ның 120 қаласымен байланыстыратын АРМ-20 халықаралық автоматты телефон станциясы іске қосылды. 20 ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы Байланыс желілері телекоммуникацияның цифрлы жүйелері негізінде өзгертіле бастады. Республикадағы халықаралық телефон байланысы 2 жер үстілік телепорттар арқылы жүзеге асырылады. Республикада халықаралық телефон байланысы 1992 жылы Алматыда және 1995 жылы Ақмолада Жер серігі телеайлақтары арқылы қамтамасыз етілді. Халықаралық автоматты коммутациялық станциялар С-12 жүйесіндегі цифрлы станциялармен ауыстырылды. Аумағы зор, халқының орналасу тығыздығы әркелкі, кабель желілерін тартуға болмайтын қиын жерлері көп Қазақстанда ғарыштық спутник арқылы байланыс аса тиімді. 20 ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда байланыстың телефакс, ұялы радиобайланыс, пейджинг, транкинг, интернет сияқты жаңа түрлері пайда болды. Республиканың 7 облыс орталығында 7000 абонент ұялы байланыс, 12 ірі қаласында 5000 абонент дербес радиошақыру (пейджинг) қызметін пайдаланып келеді. 1996 -- 1997 жылдары пайдалануға берілген Ақмола -- Қарағанды талшықты-оптикалық желі Қазақстандағы халықаралық цифрлы Байланыс торабының негізін қалады. 1998 жылы республикадағы халықаралық телефон каналдарының ұзындығы 43 млн 363 мың км-ге жетті. Республика қалаларында жалпы сыйым. 1.856.997 нөмірлік 637 АТС, ауылдық жерлерде жалпы сыйымд. 573945 нөмірлік АТС-тер жұмыс істеді.
Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа үлгілерін іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон стансылары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды
Жұмыстың мақсаты - қызмет көрсету саласындағы спутниктік қызметтерді жоспарлау мен басқарудың әдістемелік негіздерін зерттеу және игеру, нашар жақтарын айқындау, оларды талдау және әзірлеу болып табылады.
Ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі станцияларының қолжетімділігін анықтау. Қазақстан спутниктік байланыс желісінің қазіргі таңда атқарып жатқан қызметтерінің адам баласына қаншалықты дәрежеде қажеттілігін ашу болып табылады. Ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі станцияларының қолжетімділігінің осы Техникалық талаптары (бұдан әрі - Техникалық талаптар) техникалық пайдалануын және транпондерлерін жалға беру бойынша қызметтерді көрсетуді ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы қамтамасыз ететін KazSat-2 ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі станцияларының (бұдан әрі - СБЖС) қолжетімділік тәртібін айқындау дипломдық жұмыстың басты мақсаттарының бірі.
Зерттеу объектісі: Қазақтелеком АҚ болып алынады.
Зерттеу іс-әрекеті: Қазақтелеком АҚ кәсіпорынындағы спутниктік қызметті ұйымдастыру аспектілері болады.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшлардан тұрады.

І Әдеби шолу
1.1 ҒАРЫШ АППАРАТЫНА СПУТНИКТІК БАЙЛАНЫСТЫҢ ЖЕРДЕГІ СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

Ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі станцияларының қолжетімділігінің осы Техникалық талаптары (бұдан әрі - Техникалық талаптар) техникалық пайдалануын және транпондерлерін жалға беру бойынша қызметтерді көрсетуді ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы қамтамасыз ететін KazSat-2 ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі станцияларының (бұдан әрі - СБЖС) қолжетімділік тәртібін айқындайды.
Бұл Техникалық талаптарда келесі түсініктер қолданылады:
Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы - Республикалық ғарыштық байланыс орталығы АҚ (бұдан әрі - Ұлттық оператор).
Өтініш беруші - Ұлттық оператордың мекен-жайына транспондерлерді жалға алу өтінімімен жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
Мониторингті басқару орталығы - техникалық сүйемелдеу мен спутниктік ресурсқа бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық оператордың құрылымдық бөлімшесі;
СБЖС ғарыш сегментіне қол жетімділігі - Ұлттық оператормен берілетін, спутниктік байланыстың жердегі станцияларының транспондерлерге қосылуының (кем дегенде бір СБЖС KazSat сериялы спутниктерінің орбиталық позициясына бағыттағы қуатты сәулелендіру режімін орнату) техникалық мүмкіндігін растайтын құжат (рұқсат қағаз);
СБЖС рұқсат беру рәсімі - СБЖС ғарыш сегментіне қолжетімділігіне рұқсат алуға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-техникалық жұмыстарының кешені.
Өтініш берушінің СБЖС сынау жүргізу тәртібі: Бірінші сынаудың мақсаты СБЖС параметрлерінің Өтініш берушінің спутниктік байланыс қызметін көрсетуге ұсынған өтінімінде (Техникалық талаптарға көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеру болып табылады және СБЖС бөлек параметрлері Өтініш берушімен төлқұжатқа енгізіледі VSAT желілерінің типті СБЖС үшін Өтініш берушінің қарауы бойынша таңдаулы дербес сынау жүргізілуі мүмкін.
СБЖС радиожабдықтарын дербес сынау Өтініш берушінің өз бетімен KazSat сериялы спутниктердің орбиталық позициясының бағытына қарай сәулелендірмей жүргізіледі.

Сынаудың екінші кезеңі: Екінші сынаудың мақсаты МБО техникалық құралдарының көмегімен тестіленетін СБЖС антенна параметрлері мен жоғары жиілікті сипаттамаларын тексеру болып табылады. Сынау сынаудың типтік бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Сынауды жүргізудің оперативті басқаруын МБО операторлары жүзеге асырады, ол үшін Өтініш берушімен ұйымдастырылған, МБО мен сыналатын СБЖС арасында байланыс арнасы қолданылады. Байланыс арнасы барлық сынаулар кезінде жұмыс жасап тұруы қажет. Байланыс бұзылған жағдайда сынау үзіледі, ал СБЖС таратқышы бірден өшеді. Байланыс қалпына келтірілгеннен кейін ғана сынауды қайтадан бастау мүмкін болады. Уақытты үйлесімдеу және СБЖС жәненемесе Өтініш берушінің қызметкерлерінің сынауға дайын болмау себебінен рұқсат беру рәсімін жүргізу барысында кезектің туындауын болдырмау мақсатында МБО операторлары бұл рәсімді өзге келісілген уақытқа жылжыта алады немесе келесі Өтініш берушілердің СБЖС жоспарлы рұқсаттарды жүргізе алады.
Геостационарлық орбитадағы KazSat сериялы спутниктердің орбиталық позицияларына бағытталған қуатты сәулелендіру режімінде әрбір СБЖС шығуы МБО операторының командасы бойынша ғана жүзеге асырылады. KazSat сериялы спутниктердің орбиталық позициясына дәлденген СБЖС сынау басталғанға дейін таратқыш шығыс қуатты сәулелендірмеу режімінде болуы қажет. СБЖС сынау кезінде KazSat сериялы спутниктерінің орбиталық позициясының бағытындағы сәулелендіру режімі Өтініш берушінің СБЖС таратқышында сынау тікелей жүріп жатқан кезде ғана қосылуы қажет.
СБЖС спутникке алғашқы шығуы: Ғарыш сегментіне Өтініш берушінің СБЖС қолжетімділігі МБО рұқсаты бойынша және МБО операторының басқаруымен жүзеге асырылады. Спутникке шығар алдында Өтініш берушінің СБЖС техникалық қызметкері қабылдау және тарату жабдықтарын тексеруі, спутникке бағыттау координаттарын нақтылауы, станция антеннасының маяк бойынша немесе МБО мониторинг станциясынан бақылаушы модульденбеген тасымалдауыш бойынша дәл бағыттауын жүргізуі, сондай-ақ қабылдау мен таратуға сынау сигналдарының жұмыс поляризациялары мен жиіліктерін тексеруі қажет. Өтініш берушінің СБЖС қуатты сәулелендіру режімінде спутникке бірінші шыққанда Өтініш берушінің техникалық қызметкері келесі тәртіпті ұстануы керек:
1. СБЖС антеннасының спутникке дәл бағытталуына көз жеткізу;
2. өлшеу үшін бөлінген жиілік жолағында БҚТК шығысынан орынсыз сигналдардың қабылданбауына көз жеткізу;
3. жалпы пайдалану арнасы немесе қызметтік байланыстың бөлінген арнасы бойынша МБО операторымен қызметтік байланыс орнату;
4. МБО операторының командасы бойынша қажетті жиілікті және тасымалдаушы сынау сигналының БИСҚ орнату;
5. таратқышты МБО операторының командасы бойынша ғана және алғашқы кезеңде БИСҚ белгіленген номиналынан 10 дБ төмен деңгейде қосу;
6. сигнал жиілігі мен қуатын, таратқыштан шығардағы жанама және жолақтан тыс сәулелендіру деңгейін қадағалау;
7. МБО операторының бақылауымен БИСҚ номиналды мәнін белгілеу;
8. өлшеудің аяқталуы бойынша СБЖС таратқышын сөндіру.
Өлшеулер нәтижелерін рәсімдеу: Өтініш берушінің СБЖС жабдықтарының сипаттамаларын өлшеуді аяқтағаннан кейін сынау хаттамасы жасалады. Сынаудың аяқталуы бойынша хаттамаға енгізілген деректердің негізінде Өтініш беруші осы сәйкес рәсімделген СБЖС паспортын жасайды. VSAT (Very Small Aperture Terminal) желісінің типтік абоненттік СБЖС үшін бір паспорт толтырылады, ал бұл СБЖС орналасқан жерлері мен сәйкестендіру нөмірлері МБО-ға бөлек тізіммен жіберіледі.
Типті СБЖС тобы дегенде қабылдау-тарату жабдықтарының конфигурациясы мен сипаттамалары бірдей СБЖС түсіндіріледі:
1. жасаушы және антенна жүйесінің диаметрі,
2. қабылдаутаратуға жұмыс жиіліктерінің жолағы,
3. БИСҚ максималды мәні,
4. ЖС (GT) беріктілік мәні,
5. қабылдаутаратуға антеннаны күшейту коэффиценті,
6. шығарушы және таратқыштың қуаты.
7. модем моделі мен шығарушысы.
Сынауларды талдау (сынаулар нәтижелері оң болған жағдайда) және Өтініш берушінің МБО-ға СБЖС паспортын ұсыну нәтижелері бойынша Ұлттық оператор ғарыш сегментіне осы СБЖС қолжетімділікке рұқсатты рәсімдейді және рұқсаттың бір данасын Өтініш берушіге жібереді, екінші данасын хаттамамен бірге МБО-да сақтайды. Ғарыш сегментіне қолжетімділікке рұқсаттың көшірмесі Шартқа қоса беріледі және Ұлттық операторда сақталады.
Өтініш берушінің СБЖС өлшеу нәтижелері осы көрсетілген техникалық талаптармен сәйкес келмеген жағдайда Ұлттық оператор Өтініш берушіні келісілген күнде және уақытта қайтадан сынау қажеттілігі туралы хабардар етеді, ал Өтініш беруші СБЖС қайтадан өлшеулерге дайындайды. Ғарыш сегментіне СБЖС қолжетімділікке рәсімделген рұқсаттың болуы осы СБЖС пайдаланумен спутниктік байланыс арнасын пайдалануға енгізу үшін негіз болып табылады. СБЖС аппаратурасын (антенналар жәненемесе таратқыш құрылғылар) ауыстырған немесе қосымша жабдықтаған жағдайда Өтініш беруші қайтадан рұқсат беру рәсімін жүргізудің қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін МБО-ға ақпарат береді.
БИСҚ сигналының жиілігін қолдау тұрақтылығы: Өлшеулердің мақсаты 24 сағат бойы СБЖС жиілігінің тұрақтылығын және тасымалдаушысының БИСҚ тексеру болып табылады. Өлшеу уақыты өзара келісім бойынша өзгертілуі мүмкін.
СБЖС өлшеу аппаратурасының ұсынылып отырған үлгілік құрамы:
1. қуат өлшеуіш (бұдан әрі - ҚӨ);
2. жиілік генераторы (бұдан әрі - Ген.).
БИСҚ тұрақтылығын және СБЖС тасымалдаушысының жиілігін өлшеу сызбанұсқасы көрсетілген.
Іс-қимылдардың сабақтастығы:
1. Жиіліктің ауытқуын және Өтініш берушінің СБЖС қолдауының тасымалдаушысының БИСҚ қолдауының дәл еместігін өлшеу бір мезгілде жүргізіледі;
2. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы СБЖС антеннасын спутникке маяктың сигналының ең жоғары деңгейі бойынша дәл бағыттауды жүргізеді;
3. Өтініш берушінің СБЖС МБО операторының нұсқауы бойынша спутниктің бағытына бастапқы сәтте МБО операторы белгілеген номиналдан 10 дБ төмен деңгейде модульденбеген тасымалдаушы (бұдан әрі - CW) сәулесін шығарады. Тасымалдаушының деңгейін көтеру МБО операторының командасы бойынша ғана жүзеге асырылады;
4. МБО операторы қабылдауда СБЖС тасымалдаушысының сәуле шығаруын бақылайды;
5. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы МБО операторының бақылауымен БИСҚ тасымалдаушысының номинал мәнін белгілейді. Тасымалдаушының белгіленген деңгейін егер осындай мүмкіндік болса Өтініш берушінің қызметкерлер құрамы таратқыштың шығуына бағытталған тармақтаушы арқылы қосылған қуат өлшеуіші бойынша бақылауы да мүмкін;
6. МБО операторы БИСҚ және Өтініш беруші СБЖС тасымалдаушы жиіліктің спутниктен қабылдаудағы номинал мәндерінің өзгерулерін қабылдау бойынша МБО-ның техникалық құралдарымен автоматты тіркеуді жүзеге асырады;
7. Өтініш берушінің техникалық қызметкерлер құрамы өлшеулер аяқталғаннан кейін МБО операторының нұсқауы бойынша СБЖС таратқышын ажыратады;

1.2 БІРІНШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖЕРСЕРІГІН ҰШЫРУ

Бірінші қазақстандық ЖҚЗ (жерді қашықтықтан зондтау) жерсерігін ұшыру 2013 жылдың 4-тоқсанына жоспарланып отыр деп хабарлайды Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі.
Бірінші қазақстандық ЖҚЗ (айыру қабілеті орта) жерсерігін ұшыру Ресейдегі Ясный ғарыш алаңынан 2013 жылдың 4-тоқсанына жоспарланып отыр,-делінген жерсерігін ұшыруға арналған халықаралық семинардың алдында таратылған баспасөз хабарламасында.
Екінші ЖҚЗ (айыру қабілеті жоғары) жерсерігін ұшыру 2014 жылы Куру фрнацуз ғарыш алаңынан ұшыру жоспарланып отыр.
Қазақстан жерсерігімен зымыран тасығыштар Байқоңырдан неге ұшырылмайды деген сауалдарына жауап берген Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев айыру қабілеті жоғары жерсерігінің құпия жабдығы бар, сондықтан француздық тарап оны франциздық Гвианада ғарыш айлағы аумағынан ұшыруды өтінді деп түсіндірді.

Ғарыштық ұшырулардың қазіргі нарығы тұрақты дамуды басынан кешіріп отыр. Forecast International бағалауы бойынша, соңғы бірнеше жылда тоқтаусыз төмендеген әлемдік ғарыштық ұшырулар нарығындағы белсенділіктің бейнебір жоғарылау үрдісі байқалады -- орташа есеппен жылына 5%. Тұтастай алғанда, сараптамалық бағалау бойынша, таяу 10 жылда ҒА шығару бойынша орташа жылдық ұсыныс 1300 - 1500 тоннаны құрайтын болады.
Қазіргі кезде ұшыру қызметтеріне сұраныстың өсуі жағдайында туындап отырған РТ қуаттарының тапшылығын сарапшылар жылына 200 - 350 тонна деп бағалап отыр. Бұдан әрі ғарыштық ұшыруларға деген сұраныс заманауи спутниктік телекоммуникациялық жүйелерге (байланыс, Интернет, цифрлі теледидар, жаңа мультимедиялық сервистер) артып келе жатқан сұраныспен байланысты болатындығы күтілуде.
Ұшыру нарығын талдау 1990 - 2007 жылдар аралығында жыл сайынғы РТ ұшыру көлемі 2 есеге төмендеп кеткендігін көрсетіп отыр. Осы уақыт аралығында нарық ауыз толтырып айтарлықтай бірнеше құлдырауды бастан кешірді (1990 - 1991 жж. -- 25%-дық төмендеу, 2000 - 2001 жж. -- 25%-дық төмендеу), солардың нәтижесінде ол 1990-шы жылдардағы-деңгейге-де жете алмады (орташа есеппен жылына 82 ұшыру). 2001 жылдан бастап ұшыру нарығы азғана жоғары көрсеткіштермен (орташа есеппен жылына 60 ұшыру) терең тұралау сатысында болды.
Сурет -- 1990 - 2008 жылдардағы ғарыштық ұшыру динамикасы

Талданып отырған әлемдік нарықтың 18-жылдық кезең тұрғысынан ғарыштық нарықтың ұшыру сегментін дамыту динамикасы көрсетіп отырғандай, ғарыштық экономика тікелей жалпыәлемдік экономикалық үрлстерге байланысты емес, бірақ саяси факторларға тәуелді: 1990 жылғы 25%-дық төмендеу, шындығында, КСРО коллапсына, геосаяси бәсеңдеу және әскери белсенділіктің түсуіне байланысты болды, 2001 жылғы 25%-дық төмендеу, АҚШ бастауымен ғаламдық терроризмге қарсы компанияның басталуымен, қауіпсіздік факторының артуы, әскери-қорғаныс саласына қуатты қаржы, ағындарымен байланысты туындады.
Дегенмен 1997 - 1998 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарыстары кезеңінде ұшыру сегменті ешбір құлдыраусыз қалыпты дамуын көрсетті, ал 2007 - 2008 жылдардағы кешенді(қаржылық,ипотекалық,азық-тү ліктік және энергетикалық) әлемдік дағдарыс шеңберінде тұрақты өсім байқалды.
Атап айтқанда, 2006 жылдан бастап ұшыру сегменті жылына орташа есеппен 5% жүйелі өсу сатысын басынан өткерді, және-де күтілгендей, 2008 жылдың қорытындысы бойынша ұшыру саны 70 есеге артқан. Қазіргі кездегі өсу себебі ретінде сарапшылар ескі ҒА ауыстыру немесе жаңа ҒА ұшыру арқылы спутниктік қуаттардың артуын қажет ететін телекоммуникациялар, байланыс және мультимедия нарығының дамуын тап көрсетеді: қай жағдайда болмасын ҒА орбитаға жеткізу үшін ұшыру қызметтері қажет болады.
Келесі себебі, соның салдарынан ғарыштық қызметін дамытып отырған мемлекеттер саны өсіп отырған (қазіргі таңда 80 жуық ел) ғарыштық (ең алдымен, спутниктік) технологиялардың өсіп келе жатқан қолжетімдігі, екінші жағынан шаруашылық-экономикалық ақпараттандыру ғарыштық технологияларды тәуелсіз иеленуге тырысатын көптеген мемлекеттерді (қалған елдер қандай да бір себеппен үшінші елдердің ғарыштық қызметтерін коммерциялық негізде пайдаланады) спутниктер сатып алуға және соған сәйкес ұшыру операторларының қызметіне жүгінуге мәжбүрлейді.
Қай жағдайда болмасын, қазіргі кезде әлемде ракеталық-ғарыштық технологиялары бар 8 ғана мемлекет (Ресей, АҚШ, Еуропалық одақ, Украина, ҚХР, Үндістан, Израиль, Жапония), олардың ішінде 3 ел коммерциялық ұшыру қызметтерін белсенді түрде көрсетіп отыр, ал тағы 3 ел оларды кей кездері және өте аз көлемде көрсетеді. Ғарыштық қызметін жүйелі түрде дамытып отырған 80 ел шеңберінде РТ ұшыруға тапсырыстар қоржынын толтыру перспективалары аса оптимистік тұрғыда және көз жетерлік болашақта ұшыру сегментінің 5% және орташа мерзімді перспективада 10 - 15% өсуіне кепілдік береді, бұл 2012 - 2014 жылдардан кейін ұшыру қуаттарының туындаған тапшылығының орнын толтыра алатын жаңа буынның жаңа ракеталық-ғарыштық кешендерінің (оның ішінде, Ангара РТ тобы) байланысты.
Сараптамалық деректер бойынша, тоғызжылдық перспективаға арналған жиынтық көлем 40, 5 млрд. АҚШ долл. көлемінде күтілуде. Болжамға сәйкес, ұшыру қызметтеріндегі жоғары сұранысқа коммерциялық құрылымдар (49,8%), олдан кейін азаматтық мақсаттағы тапсырыстар 28,9% көлемінде, және 21,2% құрайтын әскери құрылымдар тапсырыстар көлемі ие болады. Осылайша, аса қажетті, демек аса табысты, коммерциялық ұшырулар секторына бағдарланған тиісті маркетингтік стратегия құру мақсатқа лайық болып табылады.
Сондай-ақ ұшыру сегментінің таңданарлық өсу перспективаларымен қатар тез арада шешуді қажет ететін кейбір проблемалар да бар, оларды шешпеген жағдайда әлемдік ғарыш саласына көптеген қиыншылықтарға тап болуға тура келеді:
* таяу жылдарда ғарыштық ұшырулар санының күрт өсуі кезіндегі ғарыштық тәуекелдерді сақтандырумен айналысатын сақтандыру компаниялары капиталының ықтимал жетіспеушілігімен, және соның салдарынан сақтандыру жинақтарының жалпы-деңгейінің өсуімен;
* стратегиялық шешімдер қабылдайтын, компаниялардың қызметін жылдарға алдын ала белгілейтін жоғары менджментке қойылатын жоғары талаптармен.
Ұшыру қызметтеріне тапсырыс берушілердің басты талаптары тұтастай алғанда жоғары бәсекелес бизнестің классикалық жағдайлары болып табылады: ұшырудың тиімді құны және ұшырудың ең аз тәуекелі, РТ сенімділігі мен тиімділігі, келісім-шарттар айтылған уақыт талаптарын анық орындау.
Осыған байланысты, коммерциялық бағдарланушылық, жедел әрі икемді маркетингтік тактика, жоғарыда аталған талаптар мен сұраныс шарттарын қатаң орындау, тиімді қызмет ететін РТ және ғарыштық инфрақұрылым болғанда нарықтың осы секторына кіру (мысалға, Қазақстанның орташамерзімді перспективада БӘЙТЕРЕК ҒРК РТ-мен кіруі) және бәсекелестікті әбден мүмкін етеді.
Ұшыру нарығын талдау көрсетіп отырғандай, 2007 ж. РЕСЕЙ барлық жүзеге асырылған әлемдік ұшырулар үлесі шамамен 37% құрайтын жалпы ұшырулар саны бойынша (26 және 68) біріншілікті сақтап қалды. Бұл ретте 12 және 26 ұшыру шетелдік тапсырыс берушілер үшін, 14 ұшыру РФ ғарыштық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды және 6 ұшыру экипаждар мен жүктерді, АҒС жеткізуді орындады. Қазіргі кезеңде РФ ракета жасау саласында шындығында көшбасшы болып отыр, бұл оған ұшыру қызметтері нарығында бірінші орынды сақтап қалуға мүмкіндік береді. Нарықтың осы сегментіндегі РФ күрделі сәттілік факторы қолайлы географиялық орны мен қуатты технологиялық потенциалы бар қазақстандық Байқоңыр ғарыш алаңын ұзақ мерзімге жалға алу болып отыр. Ресейлік РТ ұшыруды артып келе жатқан коммерцияландыру және олардың бүгінде белгілі бір табыстар әкеп отырғанына қарамастан, перспективада басқаша тактика қолданып отырған оның бәсекелестеріне қарағанда РФ бәсекеге қабілетті жалпы ғарыштық қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін шетелдік тапсырыс берушілерге бағдарлануы.
Зерттеліп отырған кезеңде әлемдік ұшыру қызметі нарығында ЖАПОНИЯ өзінің ғарыштық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2 ұшыруды жүзеге асыру арқылы алтыншы орынға жайғасты. Қазіргі таңда белгілі бір себептермен Жапонияның ракета жасау саласы уақытша құлдырауды басынан кешіріп отыр, бұл ұшыру қызметтеріне кері әсерін тигізеді.
Ұшыру нарығы мен бәсекелестік сипаты құрылымын өзгертуде баға саясатын өзгертетін және тұтынушылық секторға қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтетін ракета жасау саласындағы жаңа перспективалы әзірлемелер маңызды фактор болып табылады.

1.3 СПУТНИК БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ҒАРЫШҚА ҰМТЫЛУ

Ғарыш қызметін дамытудың салалық бағдар - ла - масы және 2010-2014 жылдарға арналған Қазақ - станды индустрияландыру картасына сәйкес Ұлт - тық ғарыш агенттігі Kazsat спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру жобасын іске асыруда. Осы жоба шеңберінде Kazsat-2 ақпара - тының жұмысын қамтамасыз ету және Kazsat-3 ғарыш аппаратын ұшыру, ғарыш аппараттарын ре - зервтік жерүсті басқару кешенін құру жұмыстары - ның сәтті атқарылып жатқанын айтып өтуге болады.
Қазіргі уақытта KazSat-2 спутнигінің транспондерлерін ұсыну бойынша қызмет көрсетуге 8 ұйыммен шарт жасалды. Жалпы, шарттық міндеттемелер бойынша KazSat-2 спутнигінің ресурсын жүктеу 43,17 пайызды құрайды.
Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен KazSat-2 спутнигіне қазақстандық байланыс операторларының ауысу жоспар-кестесіне сәйкес спутниктің жүктелуі жылдың соңына дейін 48,5 пайызды құрауы тиіс.
Меншікті байланыс спутниктік жүйесін құру, Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтама - сыз ету және шетелдік байланыс спутниктері ресурстарын жалға алғаны үшін жылына шамамен 35-40 млн. доллар көлемінде жұмсалатын қаражат - ты үнемдеу мақсатында KazSat-2 жобасын қар - жы - ландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Осы қаражат 7-8 жылдың ішінде 115 млн. АҚШ доллары көлемінде ақталып шығады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері өткен 20 жылда саяси, экономикалық және технологиялық мүмкіндіктер болмағандықтан, ғарыш қызметімен айналысуда белсенділік таныта алмады. Кейінгі 5 жыл ішінде Елбасының қолдауымен Ұлттық ға - рыш агенттігі құрылғаннан бері қарқынды жұмыс - тарды жүргізу қолға алынуда. Әрине, ғарыштық жобалардың іске асырылуы қомақты қаржы мен ұзақ уақытты талап ететіні анық. Бірақ, бұл жобалар іске асқан кезде, басқа салалардың да дамуына сеп болып, ел экономикасына қыруар пайда әкеліп, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелеріне де септігін тигізері сөзсіз. Әлемдік экономиканың болжауында ғарышқа жұмсалған әр доллар 6-7 доллар өсім болып кіретіні ескеретін жәйт болар. Осы себепті әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғарыш саласын дамытуға қаржы аяп жатқан жоқ.
Қазақстандағы енді жетіліп, дұрыс жолға түсе бастаған спутник байланыс желісін дамыту мақсатында ғарыш қызметі еліміздің индустриялық-инновациялық тұрғыдан дамуына, технологиялық революцияның жаңа толқынының туындауына, қоғамды жаңа дәуірлік өзгерістерге бейімдеуші негізгі күштердің бірі болып отырған халықты ақпараттандыру ісінің жетілуіне қомақты үлес қоса алатын маңызды салалардың бірі болып табылады. Осы саланың тарихы мен бүгінгі жағдайын, даму бағыттары мен болашақта алар орнын анықтау, бұл дипломдық жұмыстың маңызды бір болігі болып саналады.
Елімізде ең жақсы дамып отырған ғарыш айлағы Байқоңыр ғарыш айлағы болып саналады. Онда жасалынып жатқан жұмыстардың барлығы елімізгекөптеген мөлшерде пайдасын тигізуде. Ғарышқа спутниктік байланыстарды орнату арқылы жан-жақтан ақпарат алмасып, дүние жүзі елдерімен байланысқа түсіп ақпараттар қорғалынып жатыр.
- Байқоңыр ғарыш кешені өткен ғасырдың еншісіне жазылған адамзат баласының теңдесі жоқ жетістіктерінің бірегейі десек артық болмас. Әлемдегі ең ірі Байқоңыр ғарыш кешенін көпшілік - Жердің бірінші ғарыштық айлағы деп мойындайды.
1955 жылғы 12 ақпанда бұрынғы Кеңес Ода - ғы - ның Министрлер Кеңесі Қызылорда облысының Қазалы және Қармақшы аудандары аралығында Р-7 зымыранын (алғашқы континентаралық зымыран) сынау полигонын құру туралы №292-181 қаулы қабылдап, сол жылы жаңа полигонның - ғарыш кешенінің іргетасы қаланды.
Алғашында полигонның атауы құпиялықты сақтау мақсатында Ташкент-90, Қызылор - да-50, Заря, Тайга нысаны деп аталса, Кеңес Одағы Қорғаныс министрлігінің 5-ші ғылыми-зерттеу-сынау полигоны кейіннен Байқоңыр ғарыш кешені деген атауға ие болды. Бұл жылдарда Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысының салдарынан болған қиыншылықтардан әлі де айыға қоймаған еді. Әйтсе де, ғылыми-техникалық прогресті дамыту және ел қорғанысын нығайту мақсатына жұмсал - ған күштің нәтижесінде әлемдегі ең бірінші, ең үлкен, ең қуатты ғарыш айлағы Байқоңыр салынды.
Байқоңыр ғарыш кешені бұрынғы Кеңес Ода - ғы республикалары азаматтарының, оның ішінде Қазақстанның да орасан зор еңбегінің жемісі.
Байқоңырдан 1957 жылы 4 қазанда жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды, 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин Восток ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырдан Марсқа және Шол - панға алғашқы автоматтандырылған планета - аралық стансалар, Салют, Мир орбиталық стан - салары, халықаралық ғарыш стансасының барлық құрылымдары әртүрлі мақсаттағы жердің жасанды серіктері ұшырылды, барлық кеңестік ғарышкерлер және шетелдік ғарышкерлердің көпшілігі ғарышқа осы Байқоңырдан аттанды.
Ұшқыш-ғарышкерлер, алғашқы қазақ ға - рышкері, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкі - ров және тәуелсіз еліміздің тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Ресей батыры, Қазақстан Рес - публикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев та үш мәрте ғарышқа осы Байқоңырдан аттанды.
Сонымен бірге, Байқоңыр КСРО мен оның одақтастарының зымыран-ядролық қалқаны болды, онда континентаралық баллистикалық зымырандар сыналып, ел тыныштығын күзетіп әскери кезекшілікте тұрды. Байқоңыр ғарыш айлағы жарты ғасырдан астам уақыт ішінде ғарыш ке - ңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың бастауына айналды.

1994 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Бай - қоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағи - далары мен шарттары туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылып, Байқоңыр кешені Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы шарт бойынша Ресей Федерациясына жалға берілді. Аталған шарт бойынша Ресей Федерациясы Байқоңыр кешенін пайдаланғаны үшін еліміздің бюджетіне жылына 115 млн. АҚШ долларын төлейді.
Сонымен қатар, бүгінгі күні Ресей Федерациясы ғарыштық, мақсаттық, халықаралық, коммер - циялық бағдарламалар шеңберінде Байқоңыр кешенінің пайдаланылатын нысандарын: старттық, техникалық, құрастыру-сынау жайларын, ғарыш жанармайы кешендерін және т.б. жетілдіру жұ - мыстарын жүргізіп отыр. Сонымен бірге, біз стра - тегиялық әріптесіміз Ресеймен бірлесіп Бай - қоңырда Бәйтерек ғарыштық-зымыран кешенін құру жұмыстарын жүргізуге де келіскен едік. Демек, Байқоңыр ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де пайдасы зор.
Әлем бойынша алғанда ғарыш саласын дамытудың қазіргі жағдайы қалай? Бұл іспен қандай елдер шұғылданады? Олардың қандай қызықты, тиімді бағдарламалары бар? Ғарыш саласындағы бәсекелестік қалай өріс алуда? Деген сұрақтар төңірегінде қарастырсақ:
- Қазіргі таңда ғарыш қызметі байланыс, геология, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қор - ғау, қорғаныс және қауіпсіздік сияқты түрлі салаларда қажет болатын және мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Дүние жүзіндегі ғарыш қызметі, оның ғылыми-өндірістік базасы жаһандық экономиканы дамытудың әмбе - бап заңдылықтары мен үрдістеріне бағынатын, табиғи қызмет атқаратын сала болып қалыптасты.
Өмірдің өзі ғарыштық құралдарды кеңінен пайдаланбай жаһандық проблемаларды шешу мүмкін емес екендігін дәлелдеді. Әлемдік тәжірибе жоғары технологиялық индустрияның негіздерін құрудың тиімді жолдарының бірі ғарыш қызметін дамыту, елдің ғарыштық бағдарламасын іске асыру және ғарыш технологияларын өнеркәсіптік өн - діріс - ке енгізу болып табылатынын көрсетті. Сон - дықтан да адамзаттың ғарышты зерттеуі, игеруі өте маңызды.
Дүние жүзінің жетекші елдерінің экономикасында ғылымды қажетсінетін, ресурстарды сақ - тай - тын технологиялар мен өндірістер рөлін арттыру үрдісі байқалып отыр. Біздің еліміздің де ілгері дамуы үшін ғарыш саласының стратегиялық мәні аса жоғары.
Әлемдегі ғарыш державаларының қатарына Ресей, АҚШ, Франция, Украина, Қытай, Үндістан, Жапония, және Израиль сияқты елдер кіреді. Бұл елдер әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамас - тан, ғарыштық бағдарламаларды одан әрі дамы - туға қыруар қаражат бөліп, өздерінің ғарыш саласындағы елеулі орнын иеленуде. Яғни, бұл ғарыш саласына жұмсалатын қаражаттың бірнеше есе артық қайтарымы болатынын дәлелдесе керек.
Олай болса, біз де еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш индустриясы кластерінің құрылуы мен дамуына, маңызды жобалардың іске асуына және әлемдік ғылыми-техникалық кеңістікке енуге жол ашатын толыққанды отандық ғарыш саласын жасауымыз қажет.
- Ұлттық ғарыш агент - тігі Мемлекет басшысы Нұр - сұл - тан Назарбаевтың 2007 жыл - ғы 27 наурыз - да - ғы Жарлы - ғымен құрылды. Бұл Қазақ - станның ғарыш саласын дамы - тудағы жаңа кезеңді белгілеп берді. Қазіргі таңда, Қазға - рыш Елбасы мен Үкі - меттің жан-жақты қолдауының арқа - сын - да осы саланы сапалы құ - рып, жоғары технологиялы секторды қалыптастыруға бағыт - талған жобаларды дәйек - ті іске асырып отыр.
Ғарыш қызметінің страте - гия - лық бағыттары Қазақстан Республикасын үдемелі ин - дус - триялық-инновациялық да - мы - тудың мемлекеттік бағдар - ла - масына енгізілген. Онда ға - рыш саласына қатысты елдің Индустрияландыру картасына енген төрт ірі жобаны іске асыру көз - делген. Олар: KazSat байланыс және ақпарат тарату жүйе - сін құру; Жерді қашық - тық - тан зонд - таудың ғарыштық жүйе - сін құру; Байқоңыр ға - рыш ай - лағында Бәйтерек ғарыш-зымы - ран кешенін құру; Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру.
Бүгінгі таңда осы ауқымды әрі маңызды жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мәсе - лен, былтырғы жылдың шіл - де айында Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған KazSat-2 ғарыш аппаратын Қазақстан тарапы 2011 жылдың 25 қарашасында толық пайдалануға қабылдап алды. Бүгінгі таңда отандық спутник қалыпты жағдайда өз мақсатына сай жұмыс атқаруда. Қазіргі уақытта 8 ірі қазақстандық оператор өз жұмысын Kazsat-2 спутнигі арқылы іске асырып отыр. Сондай-ақ, 2014 жылы KazSat-3 жер серігін ұшыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта KazSat-4 жер сері - гін де жасаудың уақыты келіп қалар, өйткені бұл үл - гідегі кешеннің тиімді әрі сапалы жұмыс атқа - руы үшін орбитада кемінде 3 жер серігінің болуы қажет.
Ал, Бәйте - рек ғарыш-зымыран кешенін құру Қазақ - с - танның ұлттық мүддесі үшін стратегиялық маңызы бар дүние. Экологиялық жағынан таза Бәйтерек ғарыш-зымыран кешенін салу - үлкен болашағы бар жоба. Бұл жоба арқылы нақты жетістіктерге қол жеткізуге бола - ды. Мәселен аталмыш жоба көнерген нысандарды жаңарту арқы - лы Байқоңыр ғарыш айлағын сақтап қалу, Бай - қо - ңыр ғарыш айлағын біртін - деп Қазақстанға өткізу - ді қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелерді шешуге тікелей ықпал етеді, Қазақстанның эколо - гиялық пробле - ма - ларын еңсеруге үлкен көмегін тиігізеді. Сонымен қатар, Бәйтерек жобасы Қа - зақстанның Байқоңыр ғарыш айлағына нақты енуін және әлемдік коммерциялық ұшыру рыногына кіру мүмкіндігін, зымырантасығыштарды әзір - леу және ұшырудың технологиялық операцияларына тікелей қатысуын қамтамасыз етеді.
Өкінішке қарай, Бәйтерек ғарышзымыран ке - шенін құру мәселесі жобалық кезеңнен аспай тұр. Жобаның басты проблемасы оны одан әрі қаржыландыру мәселесінде болып отыр. Соңғы рет Ресей тарапы ұсынған техникалық-экономи - ка - лық негіздеме бойынша жобаның құны жеті есеге өсіп, 1 млрд. 640 млн. АҚШ долларын құрады. Сон - дай-ақ бұл кешен ұшуға тиіс Ангара зымы - рантасығышының негізгі сипаты жасалынбай, оны ұшыратын қондырғыны құру және пайдалануға беру мерзімі де нақты анықталып белгіленбей отыр. Бұған қоса, бұл жобаны іске асыруда барлық шығындарды Қазақстан жағына арту мәселесі туындап отыр. Өйткені, Ресей тарапы жобаны бір - лесіп қаржылан - дыруға қаржы тапшылығынан бара алмайтыны мәлім болды. Бұл мәселе бірнеше рет Қазғарыш пен Роскосмос деңгейін - де талқыға салынды. Қазіргі таңда қа - лып - тасып отырған жағдайға сәйкес, Қа - зақс - тан мен Ресей арасында жоғары дең - гейде саяси шешімдер қабылдау қажеттігі туындауда. Әрине, бұл жерде ел мүддесі басты назарда тұруы тиіс.
Сонымен қатар, 2013 жылы қабілеті орта Жерді қашықтықтан зондтау аппаратын, 2014 жылы қабілеті жоғары Жерді қашықтықтан зондтау аппаратын іске қосу жоспарланып отыр. Бұлар да жо - ғары технологияның барлық жетістіктерінің алғы шебінде жүрген шетелдік компаниялардың пәр - менімен жасалуда.
Бұл жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-техно - ло - гиялық базасын дамытудың ма - ңы - зы зор. Біз осы межелі мін - деттерді уақытылы әрі тиімді жү - зеге асыру арқылы отандық ғарыш қызметінде оң нәтиже - лер - ге қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз.
- Ең алдымен, Есілдің сол жағалауында құрылысы қарқын алып жатқан ірі нысан жөнінде айтып өткен жөн. Осыдан үш жыл бұрын, 2010 жылы 3 шілдеде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Франция Үкіметі өкілдерінің қатысуымен Қа - зақстан Республикасы Ұлттық ғарыш орталығы - ның құрылы - сы ресми түрде басталып, сол жерге естелік белгі орнатылған болатын. Ұлттық ғарыш орталығы мега-жобасының шеңберінде ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-техноло - гиялық бюросы, Жерді қашықтықтан зондтау ға - рыш жүйесінің жерүсті сегменттері, жоғары дәл - дікті навигация жүйелері, Қазғарыштың әкімшілік ғимараты, басқа да әлеуметтік нысандар сияқты ғарыш инфра - құрылымының нысандары бой көтереді.
Осы жобаны іске асыруда стратегиялық әріптес ретінде 2009 жылы ғарыш саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - француз компаниясы EADS Astrium таңдалды. Сондай-ақ, осы компания ғарыш аппараттарын, пайдалы жүктеме бөлшекте - рін және ғарыш техникасының элементтерін жинау және сынау үшін жоғары технологиялық кә - сіпорын - ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру жобасын іске асыруға қатысады.
Жалпы, Қазақстан мен Францияның ғарыш саласындағы стратегиялық әріптестігі Елбасының 2008 жылғы маусымдағы Францияға сапарынан бас - тау алды. Ғарыш аппараттарын құрастыру-сы - нау кешенін жалпы жобалау келісім-шарты Қазақстан Ғарыш Сапары ұлттық компаниясы АҚ-пен EADS-Astrium жетекші француз ком - паниясының арасында 2009 жылы маусымда Ле Буржеде өткен Халықаралық авиағарыш салонында жасалды. Франция президентінің Қазақстанға 2009 жылғы қазан айындағы мемлекеттік сапары кезінде 24 құжатқа қол қойылса, соның төртеуі ғарыш қызметі саласына қатысты болды. Қазақ - стан Республикасы мен Француз Республика - сының арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақ - саттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ын - тымақтастық туралы келісім Қазғарыш пен Франция Ұлттық ғарыштық зерттеулер орталығының арасындағы негізгі құжат болып табылады.
Сонымен қатар, отандық ғарыш саласы ин - фра құрылымдарының қатарында Алматы қаласын - дағы Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығын ерекше атап көрсетуге болады. Оның құрамына В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты, Ионосфера институты, Ө.М. Сұл - танғазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институты, Ғарыштық техникалар мен технологиялар институты сияқты төрт ғылыми-зерттеу институттары кіреді.
Ақмола облысы Ақкөл қаласында отандық байланыс және хабар тарату спутниктерін жерден бас - қару кешені орналасқан. Осы жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар
Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілері
Компьютерлік желілер және онда графикалық ақпараттарды тасымалдау
Казнет
Ақпараттық технологиялар. Желілер
Оптикалық талшықтардың сипаттамасы
Оптикалық қорғау құралдары
Ақпаратты қорғау бойынша дәрістер
Автоматты реттеу теориясының негізгі түсініктері
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
Пәндер