Қарақұмық селекциясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
АГРОНОМИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
«ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «ҚАРАҚҰМЫҚ СЕЛЕКЦИЯСЫ»
Қабылдаған:
Орындаған:
АСТАНА 2014
ЖОСПАР
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Морфобиологиялық ерекшеліктері
- Генетикасы
- Селекция бағыттары мен мәселелері
- Бастапқы материал
- Селекция әдістері
- Қорытынды
КІРІСПЕ
Өсімдік селекциясы - адамзат тарихындағы елеулі жетістіктердің бірі деуге болады. Қазіргі кезде қолданыста жүрген өсімдіктердің көпшілігі адамның жүздеген, мыңдаған жылдар бойы оларды жақсартуының нәтижесі.
Селекцияның алдында бірінші кезекте шешімін табуды қажет ететін міндеттердің бірі ретінде жоғары өнімді, сұламалыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді, өнім сапасы жоғары, интенсивті технологиялармен өсіруге бейім сорттар шығару тұр.
Қарақұмық - бағалы және маңызды азық-түлік дақылы. Басқа жармалық дақылдардың ішінде азық-түліктік құндылығы бойынша ол бірінші орынды иеленеді. Азық-түліктік мақсатқа ол негізінен жарма түрінде, шамалы мөлшерде ұн түрінде қолданылады. Қарақұмық жармасы жеңіл қорытылатын ақсылдарға, майларға, минералды заттар мен дәрумендерге бай. Ол жоғары калориялығымен, жақсы дәмдік сапасымен ерекшеленеді және диетикалық қасиеттері бар.
Қарақұмық шамамен 2, 5 мың жыл бұрын Азияның шығыс бөлігінде ылғалды аудандарында мәдени өсімдік ретінде қалыптасқан. Қазақстанда ол өткен ғасырдың 60-жылдарында (тың игеру жылдары) кең тарады. Негізгі егістігі Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған және орташа астық өнімі тиісінше - 3, 5-6, 7 ц/га құрайды. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында сортсынау телімдерінде оның астық өнімі 13, 5-19 ц/га дейін жетеді.
Қарақұмықтың өнімділігі жоғары емес және жыл сайын ауытқиды, оны қанша күтіп баптағанмен қолайсыз жылдары 2-3 ц/га дейін өнім береді, қолайлы жылдары ол көрсеткіш 10-12 ц/га дейін барады. Қарақұмық үшін қолайсыз жылдар тозаңдану жүрмей, тұқым аз байланатын салқын және дымқыл жылдар болып табылады. Қолайлы жылдар болып жаз ыстық және жауын-шашын жеткілікті ылғалды жылдар саналады.
Дүние жүзінде жыл сайын қарақұмық 3, 5 млн гектар егістікте өсіріледі. Қазақстанда соңғы 10 жылда орта есеппен 70 мың га алқапта өсіріліп, орташа астық өнімі шамамен 5 ц/га болды.
Морфобиологиялық ерекшеліктері
Мәдени қарақұмық - бір жылдық шөптесін өсімдік, сабағы борпас және бұтақты, биіктігі 30-150 см, қолайлы жағдайларда сабақта 10-12 бұтақтар қалыптасады. Жапырақтары үшбұрышты жүрек немесе жебе пішінді болып келеді де төменгілері ірі, ал жоғарғы бөлігіндегілері біршама ұсақ. Тамыр жүйесі алғашқы кіндік тамыр мен одан тараған ұзын бүйір тарамдарынан және жеткілікті ылғалды жылдары сабақтан төменгі бөлігінен түзілетін екіншілік қосалқы тамырлардан құралған. Тамырлары топырақтың 70-90 см тереңдігіне дейін бойлауға қабілетті, алайда олардың негізгі массасы жоғары құнарлы қабатта (25-30 см) орналасады.
Қарақұмықтың гүлдері қосжынысты, ақ, қызғылт немесе қызыл түсті және айтарлықтай хош иісті. Олар шоқгүл гүлшоғырына жинақталған, жоғарғы бөлігінде қалқан немесе жартылай шатыр қалпында болады. Бір өсімдіктерде ұзын аналықтар мен қысқа аналықтар, ал екіншілерінде ұзын аналықтар мен қысқа аталықтар қалыптасады (диморфизм құбылысы) . Аталықтар мен аналықтардың пісіп-жетілуі әркелкі. Бір өсімдікте 500 және одан да көп гүлдер қалыптасады.
Жемісі - үшқырлы жаңғақ, 1000 санның массасы 18-32 г. Қарақұмық өсімдіктерінің 10-15% гүлдері ғана жеміс салатындығы дәлелденген.
Ұзын бағаналы аталықтардың ұзын аналықтарға және қысқа бағаналы аталықтардың қысқа аналықтарға құйылуынан жеміссалу үдерісі жақсы жүреді (легитивті тозаңдану), ал әркелкі генератитві түзілімдерден шамалы ғана жеміс қалыптасады да, өнім төмен болады (иллегитивті тозаңдануда) .
Қарақұмық жылу сүйгіш өсімдіктер қатарына жатады. Оның тұқымдары 7-8ºC топырақ температурасында өне бастайды, алайда өскіндердің дамуы 15-30ºC аралығында жақсы жүреді. Оның егін көгі бозқырауға сезімтал және -2-3ºC ауа температурасында жарақаттанады, ал -4ºC-да өсімдіктер мүлде опат болады. Гүлдену-жеміссалу кезеңінде қарақұмық жоғары температураға өте сезімтал, өз кезегінде ол жемістердің түзілуіне теріс әсерін тигізеді. Бұл кезеңдегі ауаның оңтайлы температурасы 19-25ºC аралығында және салыстырмалы ылғалдылығы 50%-дан кем болмағаны жөн.
Қарақұмық - ылғалсүйгіш дақыл. Бір өлшем құрғақ зат қалыптастыру үшін тарыға қарағанда 3 есе, арпа мен бидайға қарағанда 2 есе артық ылғал шығындайды. Оңтайлы температурада оның егін көгі топырақтың 20-30% ылғалдылығында пайда болады. Қарақұмықтың ылғалға ең жоғарғы қажетсінуі (50-60%) гүлдену-жеміссалу кезеңінің алғашқы екі-үш аптасына сәйкес келеді. Транспирациялық коэффиценті 500-600 бірлікке тең.
Қарақұмық жеміс салу кезеңінде жарыққа талабын күшейте түседі. Бұл ерекшелікті тұқымның себу мөлшерін белгілегенде ескеру қажет. Тұқымның артық мөлшері себілгенде олардың өзін-өзі көлеңкелеуі байқалады және астық өнімі күрт төмендейді.
Қарақұмық қысқа күннің (16-18 сағат) өсімдігіне жатады. Вегетациялық кезеңі 70-85 күндей, сорттарына қарай өзгереді және қысқа күн жағдайларында ол қысқарады. Ауа температурасы 25ºC-тан жоғарылағанда және топырақ ылғалдылығы 24%-дан төмендегенде тозаңдану мен тұқым байлау нашарлайды, өсімдіктің өнімділігі төмендейді.
Гүлдеу биологиясы . Қарақұмық өсімдігінің гүлдеуі егін көгі шыққаннан соң бір айдан кейін басталып, 5-6 аптаға созылады. Алғашқы болып төменгі гүлшоғырдың гүлдері ашылады. Ақырындап гүлдеу үрдісі сабақтың жоғарғы бөлігі мен бұтақтарда жүре бастайды. Төменгілері жоғарыға қарағанда ұзағырақ гүлдейді: 12-29 күн аралығында. Әр кезекті гүлшоғыр 1-4 күн аралықпен гүлдей бастайды.
Кең қатарлап сепкен жағдайда 800-ге жуық гүл ашылады, оның жартысына жуығы негізгі сабақта орналасқан, ал қалғандары - бұтақтарда. Тозаңдану жүрмейтін оқщаулағыштарда өсімдік 2000 гүлге дейін құрастырады.
Тозаңдануы. Қарқұмыққа гетероморфты сәйкессіздік тән. Сәйкессізідік реакциясы s -генімен бақыланады. Қалыпты тұқым байлау легитимді тозаңдану жағдайында ғана ( ss × Ss ) жүзеге асады.
Танаптық жағдайда тозаңдану аралар мен басқа да жәндіктер арқылы жүреді.
Қарақұмық гүлінің гетеростильді құрылысы бірнеше тозаңдану түрлерін қалыптастырады: легитимді (ұзынаналықты өсімдік пен қысқасының айқас тозаңдануы немесе керісінше), иллегитимді (гүл құрылысы бірдей өсімдіктердің айқас тозаңдануы) және өздігінен тозаңдану. Бұл тозаңдану түрлерінің әрқайсысында әртүрлі тұқым байлау деңгейі байқалады. Қолайлы ауа-райы жағдайында үйлесімді (легитимді) тозаңданғанда байланған тұқымдар саны 40%-дан асады, ал иллегитимді тозаңдану типінде жекеленген тұқымдар ғана байланады. Өздігінен тозаңдануда ұзынаналықтыларға қарағанда қысқалары көбірек тұқым байлайды.
Қарақұмықтың үйлесімділігіне температура жағдайлары әсерін тигізеді. Өздігінен тозаңданғанда ауа температурасын төмен болса (12ºC) тұқым байлауды жоғарылауына мүмкіндік болады. Ал, жоғары температурада (35ºC-тан жоғарылағанда) үйлесімді тозаңданудың өзінде тұқым байлау деңгейі төмендейді.
Генетикасы
Мәдени қарақұмықтың диплоидты түрлерінде 2n=16, ал мәдени қарақұмық негізінде алынған тетраплоидты сорттарында 4n=32 хромосома жиынтығы бар.
Хромосома жиынтығының біркелкілігіне қарамастан (2n=16), қарақұмықтың диплоидты түрлерінің арасында хромосомалар мөлшері бойынша айырмашылықтар анықталған. Барынша ірі хромосомалар мәдени қарақұмықта (6, 97-3, 78 мкм) , кішіректері татар қарақұмығында (3, 3-2 мкм) .
Қарақұмықтың кариотипінде жеке хромосомалардың морфологиясы анықталған. Қарақұмықтың тұқым қуалайтын белгілерін зерттеу сәйкессіздік құбылысымен күрделі, бірінші буын будандарын өздігінен тозаңдандырудан ұрпақ алуды қиындатады. Сондықтан мұндай будандарды белгілерді бақылайтын аллельді гендер мен олардың санын орнату үшін талдаушы будандастыруға тартуға жиі тура келеді.
Төмендегі кестеде монофакторлы тұқым қуалауды көрсететін белгілер келтірілген.
Тұқым қуалаудың моногенді сипаттағы белгілері
d (determinant)
ag (aplegrum)
gc (green corolla)
br (branch)
S -сәйкессіздік гені
dd -гомозиготалы рецессив
DD -гомозиготалы доминант
agag - гомозиготалы рецессив
AgAg - гомозиготалы доминант
gcgc - гомозиготалы рецессив
GcGc - гомозиготалы доминант
brbr - гомозиготалы рецессив
BrBr - гомозиготалы доминант
ss - гомозиготалы рецессив
Ss -гетерозигота
Шамалы боймен детерминантты тип
Шексіз боймен қарапайым тип
Жапырақтың ашық жасыл реңі
Жапырақтың қарапайым мутантты емес реңі
Жасыл гүлді форма
Гүлдің қарапайым мутантты емес реңі
Бір сабақты (бұтақтанбайтын) форма
Қарапайым бұтақтанатын форма
Ұзынаналықты форма
Қысқааналықты форма
Бұлардың арасында рецессивтер: шамалы боймен детерминантты тип, жапырақтың ашық жасыл реңі, жасыл гүлді форма, гүлдің ұзынаналықты формасы. Бұлардан басқа қысқасабақтылық, тұқымның қанатсыздығы мен ұзартылған формасы да рецессивті тип болып табылады. Қарақұмықта гүлшоғырының түсі полимерия түрімен ұрпаққа беріледі. Қызыл және ақ гүлді формаларды будандастырғанда бірінші будан ұрпағында гүлшоғырынң күлгін түсі байқалады, ал екінші буданда ажырау байқалады 15:1.
Қарақұмықта S сәйкессіздік генінің құрылымына байланысты зерттеулер жоғары қызығушылық тудыруда. S -гені суперген болып табылып, тығыз байланысқан 5 субгеннен тұрады: G - аналық мойнының ұзындығы, Is - аналық мойнының сәйкесіздік реакциясы, Iр - тозаңның сәйкессіздік реакциясы, Р - тозаң дәндерінің көлемі, А - аталық биіктігі.
Селекционерлер қарақұмықта гетеростилді формалармен салыстырғанда жоғары самофертильділігімен ерекшеленетін гомостилді формалар кездесетініне назар аударып отыр. Олардың табиғаты бірдей емес және әртүрлі жолмен пайда болатыны анықталған: не мутация нәтижесінде, супергендегі аллельдердің кроссинговері болуы да мүмкін, не S-геннің модификатор гендерінің аллельдері өзгеруі нәтижесінде. Ұзынаналықты мен қысқааналықты өсімдіктерді будандастырғанда шығу тегі әртүрлі формаларда гомостилия белгісі әртүрлі тұқым қуалайды.
Селекция бағыттары мен мәселелері
Өндіріске қарақұмықтың суаруға, көктемде себуге, кеш себуге ерте және орташа пісетін сорттары қажет. Интенсивті технологияларды қолдану осы мақсаттарға жарамды сорттарды шығаруды қажет етеді.
Гектарынан 3 т дән беретін, сонымен қатар жоғары ақуызды (15-16%) жарманың шығуын 75% шамасында қамтамасыз ететін интенсивті типтегі сорттарды шығару - селекцияның актуалды мәселелерінің бірі.
Қарақұмықтың интенсивті типті сорттарының параметрлері:
- жоғары потенциалды өнімділік, оңтайлы вегетациялық кезең, шектеулі түптенумен қоса жергілікті жағдайларға экологиялық қабілеттілік;
- тыңайтқыштың көтеріңкі дозасына жоғары төзімділік (60-90 кг/га және одан көп) .
Осыларға байланысты биіктігі щамалы, буынаралықтары қысқа, нашар түптенетін формаларды іздестіру керек. Қарақұмық сорттары ылғал мен жылу, азот пен хлордың тапшылығына сезімтал болғандықтан, тұрақты өнімділікте жатып қалмайтын жоғары дәнді формаларды іріктеу бірінші реттік маңызға ие. Жоғары түптену мен түпкі гүлшоғырларының жоғары орналасуы, біркелкі пісу механикаландырылған егін жинау үшін өте маңызды. Қарақұмық селекциясында төмендегі негізгі белгілерді басшылыққа алады:
Өнімділік. Жоғарыда айтылғандай, бұл көрсеткіш белгілі бір алаңдағы өсімдіктің жалпы саны және өсімдіктегі тұқымның саны мен массасына тәуелді. Өсімдікте тұқым саны жоғары болса, дәндердің ұсақ болатыны байқалған, ал ірі дәнділерде тұқым саны азырақ, бірақ 1000 дән массасы жоғары болады. Қара топырақты емес зоналар үшін жоғары өнімділігімен ерекшеленетін тез және орташа мерзімде пісетін сорттар жарамды. Екпе сүрі танапқа себілген тез пісетін сорттар 2 т/га дейін дән өнімділігін қаматамасыз ете алады.
Өнім сапасы (1000 дәннің массасы, тегістілігі, жарманың шығуы, ақуыз мөлшері) өнімділіктен кем емес маңызға ие. Қарақұмық дәнінің технологиялық құрамына дәннің ірілігі, пішіні және қауыздылығы әсер етеді. Ірі, тегіс дәндерді аршығанда жарманың шығуы жоғарылайды. Жақсы сорттарға жоғары тегістілік (90%) тән және оларда жарманың шығуы 75% шамасында. Бұл талаптарға Татар ауыл шаруашылық ҒЗИ, Бүкілодақтық астық-бұршақ және жармалық дақылдар ҒЗИ-ның сорттары сай келеді. Қарақұмық дәнінің қауыздылығы 18-24% аралығында ауытқиды. Ол 18-20% аспауы керек, бірақ диплоидты сорттарға қарағанда тетраплоидтыларда қауыздылық бірнеше пайыз жоғары болады.
Қарақұмық топырақ-климат жағдайлары әртүрлі аудандарда өсірілетін болғандықтан вегетациялық кезеңнің ұзақтығы маңызды болып табылады. Қара топырақты емес зоналар үшін вегетациялық кезеңі 90-100 күн және одан жоғары болатын кеш пісетін сорттар жарамсыз. Осы және басқа аймақ жағдайларына негізінен орташа және тез пісетін сорттар сәйкес келеді. Қайталап себуге де көктеу мен гүлдеу кезең ұзақтығы 18-24 күн болатын, бұтақтану аймағында буын саны көп болмайтын, тез пісетін сорттар керек. Скороспелая 81 сортын екпе сүрі танапқа сеуіп, күздік дақылдарды себуге болатындай 1-5 тамызда жинап алуға болады.
Механикаландырылған жинауға жарамдылығы өсімдіктің жатып қалмауымен, дәндерінің шашылуға төзімділігмен, біркелкі пісуімен, түпкі гүлшоғырларының жоғары орналасуымен байланысты. Жатып қалмауына селекция жұмыстарын жүргізу үшін қарақұмықтың қысқасабақты формалары таңдалады: Майская сортынан Орловский карлик, Аэлит сортынан Надежда, Калининская сортынан Короткостебельная 1.
Қарақұмық ұзақ аязды көтере алмайтындықтан, ал тұқымдары температурасы төмен топырақта өнбейтіндіктен селекцияда оның суыққа төзімділігі бақыланады. Гүлдеу мен тұқым байлау кезеңіндегі төменгі температура өсімдіктің дәнділігіне кері әсерін тигізеді. Егін көгі 10-12ºC орнына 7-8ºC-та пайда болып, өсімдік температураның 2ºC төмендеуін көтеру үшін дақылдың суыққа төзімділігін жоғарылату негізгі мәселе болып отыр.
Бұл дақыл жәндіктермен де тозаңданатын болғандықтан селекцияда қарақұмық гүлдерінің шірне өнімділігі де есепке алынады. Жоғары шірне өнімділігімен Нектарница, Искра сорттарын атап өтуге болады.
Аурулар мен зиянкестерге төзімділігі. Қарақұмық басқа дәнді дақылдарға қарағанда аурулар мен зиянкестермен аз зақымданады, алайда егістерде бітелер кездесіп, әртүрлі вирусты мозаика, жапырақтардың дақтылығы, солу мен шірік аурулары байқалып жатады.
Бастапқы материал
Қарақұмықтың БРӨШИ коллекциясы жергілікті және селекциялық сорттар мен үлгілерден 2000 нөмірге жуық деп есептеледі. Мәдени қарақұмықтың екі түршесі бар: vulgare және multifolium. Соның ішінде кең тараған vulgare түршесі төрт экотипке бөлінеді. Ылғал мен жылуға жоғары талабымен және күшті дамуымен Үнді, Қытай, Жапониядан тараған, вегетациялық кезеңі 110-130 күн болатын көпжапырақты қарақұмық ерекшеленеді. Беллоруссиядан жеткен қарақұмықтың вегетациялық кезеңі 65-70 күнді, Сібірден 70-90 күнді құрайды. Солтүстік үлгілер мен сорттар ерте піскіштігімен ерекшеленеді (Скороспелая 81, Калининская, Енисейская) .
Қарақұмық үлгілері бір-бірінен дәндерінің ірілігімен өзгешеленеді: 1000 дәннің массасы 18-41 аралығында ауытқиды. Біршама ірі дәнді формалар Жапония, Қытайда, сонымен қатар тетраплоидтылар арасында кездеседі. Сібір, Белоруссия жақтан тараған солтүстік үлгілер мен диплоидты үлгілер ұсақ дәнділігімен ерекшеленеді. Ірі дәнділік көбею коэффициентін төмендетіп, өсіп-жетілу жағдайларына талаптың жоғарылауына себеп болатыны байқалған. Солтүстік жағдайларда топырақтағы қоректік заттар мен ылғалдың жетіспеуінен ерте піскіштікке табиғи сұрыптау шектелетіндіктен, ірі дәнділікті ерте піскіштікпен үйлестіру селекция әдістерінде қол жетімді бола бермейді. Ірі дәнділігімен азиялық сорттар мен үлгілер, әсіресе, жиекті қарақұмық ерекшеленетінін айта кеткен дұрыс.
Қарақұмықтың қиын сұрыпталатын белгісіне тұқымның қауыздылығы жатады. Ол бір сорт өсімдіктерінің өзінде 12-ден 33% аралығында ауытқуы мүмкін. Кең тараған Богатырь сорты 20%-ға жуық қауыздылыққа ие. Әдетте, жоғары қауыздылық тетраплоидты сорттарға тән. Бұл белгіге аймақтық жағдайлар, жемісқаптың қалыңдығы мен тұқым қанатының ені әсер етеді. Жіңішке қауызды үлгілерге Аромат, Демская, Нектарница сорттарын жатқызуға болады.
Дәндердің шашылуы да тетраплоидты мен диплоидты формаларда әртүрлі болып келеді. Шашылуға жоғары төзімділік тетраплоидтыларға, ал диплоидтылардан Богатырь, Сумчанка, Калининская сорттарына тән.
Жатып қалуға төзімділік шығыс-азиялыққа қарағанда, еуропалық сорттарда төменірек, сонымен қатар қысқа сабақтылар мен детерминантты формалар және жиекті қарақұмық төзімді келетіні анықталған.
Механикаландырылған жинауға маңызды белгілердің бірі бірінші гүлшоғырының биік орналасуымен Аврора сорты ерекшеленеді.
Негізгі белгі - жоғары өнімділікте ірі дәнділігімен, жоғары тегістілігімен және жарманың мол шығуымен сипатталатын селекциялық сорттар ұсынылады. Алғаш боп кең аудандастырылған орташа мерзімде пісетін Богатырь сорты жоғары созылмалық қасиетке ие. Кейіннен осы сорттың қатысуымен Шатиловская 4, Шатиловская 5, Орловчанка, Бирская 3 және басқа сол сияқты сорттар алынды. Скороспелая 81 сорты - вегетациялық кезеңінің қысқалығымен, Чишминская - құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді, ал Шатиловская, Прикамская, Казанская крупнозерная, Майская, Идель, Краснострелецкая сорттары ірі және тегіс дәнді, жарманың шығуы да жоғары.
Минчанка, Искра, Большевик 4 сияқты тетраплоидты сорттардың көктемгі аязға, жатып қалуға және дәндерінің шашылуына төзімділігі жоғары, дәндері ірі, бірақ диплоидтыларға қарағанда қауыздылығы біршама жоғары болады.
Инцухт жолымен алынған табиғи және жасанды мутант формалар жоғары қызығушылық тудырады: қысқасабақтылар, шектеулі бұтақтанумен, гомостилді, жатып қалуға төзімді, пісіп жетілу кезінде сабақтар мен жапырақтардың ерте құрғауына, қысқа буынаралықтарымен, шағын габитусымен, минералды тыңайтқыштарды белсенді сіңіруге қабілеттілігімен және т. б. Мутанттардың көбі Каменец-Подольский ауыл шаруашылық институында шығарылған.
Селекция әдістері
Қарақұмық селекциясының бастапқы кезеңдерінде жаппай сұрыптауды қолданды. Алайда қазіргі уақытта бұл дақылмен жұмыс жасағанда будандастыру, физикалық және химиялық мутагендер, полиплоидия және басқа да әртүрлі сұрыптау әдістерін бір-бірімен үйлестіріп қолданады.
Будандастыру және оның техникасы . Будандастыруды жүргізу үшін өсімдіктерді түтікшеге себеді. Гүлдеу басталғаннан кейін ыдыста будандастыруда аналық ретінде қолданатын ұзынаналықты өсімдіктерді қалдырады. Ерте байланған тұқымдар мен салбыраңқы гүлдерді пинцетпен алып тастайды. Ыдысқа ұзын аталықтарды (1, 2-1, 3 м) қойып, өсімдікті бөзбен оқшаулайды. Басқа ыдыста будандастырудың аталық сыңары ретінде қызмет ететін қысқа аналықты гүлдері бар өсімдіктерді қалдырады. Оқшаулағаннан кейін келесі күні таңертең тозаңқаптар ашыла бастағанда қысқа аналығы бар гүлдерді пинцетпен үзіп алып, ақырын аналық өсімдіктің аналығына басады. Нәтижесінде, будандық ұрпақтардың максималды мөлшерін қамтамасыз ететін үйлесімді тозаңдану жүзеге асады.
Индуциялық мутагенез . Бұл әдіспен жұмыс жасау үшін әр сорттың 5000-нан кем емес тұқымы керек. Радиациялық мутагенез негізінде Аэлита, Лада және Галлея сорттары шығарылған. Химиялық мутаген 0, 006% концентрациясымен тұқымдарды өңдеу арқылы Орбита сорты шығарылған. Этиленимин мен гамма-сәулеленуді үйлесімді қолданып виктория сортының тұқымдарын өңдеу арқылы ірі дәнді Подолянка сортын алуға мүмкіндік туған.
Қарақұмықта мутанттарды алуда лазерлі сәулеленуді де сынайды. Гүлшанағының ашылу қарсаңында қысқа аналықты өсімдіктердің тозаңқаптарын мутагендермен өңдеу және олармен ұзын аналықты өсімдіктерді тозаңдандыру жаңа мүмкіндіктер береді.
Қарақұмық селекциясында мутагендерді қолдану тәжірибесі бұл әдістің тек қана тиімді емес, сонымен қатар аз уақытта жақсы нәтижелер бере алатыны көрсетті.
Полиплоидия . Мәдени қарақұмықта табиғи тетраплоидтар аз кездеседі. Жасанды тетраплоидтарды алуда алғашқы жұмыстарды кеңес зерттеушілері А. Р. Жебрак пен В. В. Сахаров жасады.
Тетраплоидтарды алу үшін бір күндік өскіндерді 0, 05-0, 1% концентрациялы колхициннің судағы ерітіндісімен бір күн ішінде өңдейді. Бұл әдісті доза мен өңдеу уақытысына қарай түрлендіруге болады. Гетерозисті будандардың өнген тұқымын өңдеу жақсы нәтиже береді.
Тетраплоидты сорттар 1000 дән массасының (30-40 г) және қауыздылығының (27-28%) жоғарылығымен, жатып қалуға және суыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Автополиплоидия қарақұмықта гүл, тұқым, тозаңды дәндердің көлемінің ұлғаюымен, саңылауларды тұйықтаушы жасушаларда хлоропласттардың санының өсуімен сипатталады. Бұлардың барлығын тетраплоидтарды анықтауда қосымша белгілер ретінде қолданады. Хромосома санын есептеу плоидтық деңгейін соңғы бағалау үшін қажет.
Биотехнология әдістері. Селекциялық тәжірибеде кейде жасыл қалемшелерді қолдану жолымен қарақұмық өсімдіктерін клондауға тура келеді. Жоғарғы қалемшелер мен жапырақтардың үшінші қабатындағы қалемшелер жақсы тамырланады.
Көбінесе қарақұмықты жасанды қоректік орталарда, ДРЛ-400 сияқты лампасы бар жасанды климатты камераларда гүлдеу кезеңіндегі 16 сағаттық фотопериодпен өсіреді. Ыдысқа үш өсімдік орналастырады. Отырғызуды өнген дәндермен жүргізеді.
И. М. Суриков пен В. М. Мазур қарақұмық тұқымын (перикарписіз) B 5 жасанды қоректік ортасында (2% сахароза, ауксин мен цитокинин, В 1 , В 6 , РР ферменттерінің қосындысымен 0, 7% агар, ) өсіруді жүзеге асырды. 3-5 күннен соң каллус түзілуін байқаған. Оларды 26 күннен соң көшіргеннен кейін бүршіктер пайда болған. Авторлардың пікірінше, бұл әдісті каллусты культура регенеранттар алуға мүмкіндік беретіндіктен құнды генотиптерді көбейту үшін қолдануға болады.
Сұрыптау әдістері . Қарақұмықпен жұмыс жасағанда сұрыптау әдісін таңдау үшін белгілердің ауытқу деңгейін, оларды зерттеу сипатын, гетерозис ықпалын білу маңызды болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz