Операторлар және ішкі программалар (Delphi программалау ортасы)
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және объектілі – бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі (“классикалық”) процедуралық программалау тілдері-Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер- ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері- Borland C++ for Windows, Object Poscal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.
Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша , ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегіне және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі Q Basic программалау тілі негізінде Windows операциялық жүесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру, экрандық). Олар , әсіресе, Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез , қуатты тіл.
Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп атайды). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компонеттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компонеттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компонеттер кітапханасы (VCL , Visual Component Library) деп атайды . Компонеттер панеліне топ – тобымен жинақталған, жүздеген класстарға тиісті, стандартты компонеттер бар. Пайдаланушы жаңа компонет дайындап, оны осы понелге қосуына да болады.
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып прграмма дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдасиыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р – кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляциялайды . Осы себепті, қазіргі кезде ол дүние жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компеляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан 10 еседен артық, бір минутта шамамен 120 мың жолдан асады.
Delphi 2 түрде дайындалған: біріншісі - күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін (Delphi Client - Server), екіншісі – қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрі . Ол тек маман программалаушылар емес, барлық Delphi – мен жұмыс істеушілерге

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Операторлар және ішкі программалар (Delphi
программалау ортасы)
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері
көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық,
логикалық және объектілі – бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы,
дәстүрлі (“классикалық”) процедуралық программалау тілдері-Фортран, Бейсик,
Паскаль, логикалық тілдер- ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды
дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік
нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі
– бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері-
Borland C++ for Windows, Object Poscal және визуальды Microsoft Visual
Basic, Borland Delphi.
Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды
ретімен орындау бойынша , ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң
логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған
болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның
жұмысы негізінен оқиғалар тізбегіне және түрлі объектілердің осы оқиғаларға
жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі Q Basic
программалау тілі негізінде Windows операциялық жүесін басшылыққа алып
құрылған (Visual- көзбен көру, экрандық). Олар , әсіресе, Delphi
программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез
, қуатты тіл.
Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі
процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда
қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows
ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп
атайды). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге
болады. Компонеттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы
программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын
компонеттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні
өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын
негізгі кітапхананы визуальды компонеттер кітапханасы (VCL , Visual
Component Library) деп атайды . Компонеттер панеліне топ – тобымен
жинақталған, жүздеген класстарға тиісті, стандартты компонеттер бар.
Пайдаланушы жаңа компонет дайындап, оны осы понелге қосуына да болады.
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген
операторларды пайдаланып прграмма дайындау, программа мәзірін құру,
анимация, мультимедия процестерін ұйымдасиыру, OLE технологиясын
пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және
т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы
Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р – кодқа емес,
бірден машиналық кодқа компиляциялайды . Осы себепті, қазіргі кезде ол
дүние жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компеляциялау жылдамдығы
Паскальда компиляциялаудан 10 еседен артық, бір минутта шамамен 120 мың
жолдан асады.
Delphi 2 түрде дайындалған: біріншісі - күрделі қосымшаны бірлесіп
дайындаушылар үшін (Delphi Client - Server), екіншісі – қалған
программалаушылар үшін (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып,
қысқартылып алынған түрі . Ол тек маман программалаушылар емес, барлық
Delphi – мен жұмыс істеушілерге арналған . Әдетте пайдаланатыны – екінші
түр.
Delphi-ді Паскаль программалау тілімен жұмыс істеген адамдардың меңгеруі
көп қиындық келтірмейді. Бірақ, прграммалауды үйрену үшін объект, оқиға,
қасиет түсініктерімен еркін танысып, онда компонеттерді пайдалану және
түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
Delphi-де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі кластарға, компонеттерге
меншіктелетін қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу программаларын
құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады.
Delphi программалау ортасы
1.1 Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы
Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы:
Іске қосу-Программалар-Borland Delphi 7 → Delphi 7
Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді (1.1-сурет)
1.1-сурет. Delphi ортасы
1- Delphi 5-тің негізгі терезесі;
2- Форма (Form1);
3- Обьект инспекторы терезесі (Object Inspector).
Жалпы, ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де
іске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол
алғашқыда көрінбейді.
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі
және компоненттер палитрасы енгізілген (1.2сурет). Негізгі мәзір
пунктерінде (ішкі мәзірлерге) Delphi-де
1.2-cурет Delphi-дің негізгі
трезесі
жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген
негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Стандартты түймелер:
-New (Жаңа);
-Open (Ашу);
-Save (Сақтау);
-Open Progect (Проектіну ашу);
-View Form (Форманы көрсету);
-Run (Іске қосу);
-Pause (Үзіліс);
-Add file Project (Проектіге файл қосу), т.б.
1.2. Проект. Форма.Қасиеттер. Қасиеттер терезесі
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма –
программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі.
Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен)
көрінеді (1.1 сурет). Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол
екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша
форманы кеңейту не қысу қиын емес.
Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер
(форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access
берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген
түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына
орналастырылған.
Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару
үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың және формаға енгізілетін компонеттердің (компоненттер
жөнінде келесі тақырыптарды қараңыз ) түрлі қасиеттері бар (оларды
компонент "паспорты" деп те атайды).
Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар обьектінің
түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды.Мысалы, форма
қасиеттерінің мәндері –форма тақырыбының мәтіні, өлшемі,экранда орналасуы,
түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес
мәндер меншіктеліп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау
оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі
Обьект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді
инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес обьектіні (форманы не формада
орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор
терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған обект атауы да жазылып қойылады.
Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1.1-
суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties
(Қасиеттер) және Events ( Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға
енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады(1.1-
сурет). Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға
сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.
Форма
қасиеттері:
Name (Атау) ─ формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің
(компоненттердің) негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі
кезінде ол объктіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің ормаға
автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form 1) өзгертіп, басқа
атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды
мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма квадрат теңдеуді шешуге
пайдаланатын болса, Form 1 орнына KvTend атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер
терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса
болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.
Font (Шрифт) ─ формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны
таңдап, оң жағында көрінген көп көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде
сұхбаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді (1.3─ сурет). Терезеден,
әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Times Kaz, 10),
OK түймесін шерту керек.
1.3- Шрифт таңау терезесі
Caption (Тақырып, бетіне жазу) ─ форма терезесінің тақырыбына
енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption
қасиеттеріне тақырып үшін Form 1 енгізіліп қойылған. Оны "Redactor" не
басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты
(қасиет мәні енгізілген соң КҚ (каретканы қайтару , енгізу) клавишін басып
қойған жөн).
Cоlor (Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң
жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің
бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер)
терезесі ашылады. Тізімді көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес
түске боялып қойылады.
Width (Ен), Height (Биіктігі) – пиксель өлшем бірлігімен берілген
форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан
кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).
Объект қасиетін программа (программалық код) ішінде орнату да мүмкін.
Мысалы, форма тақырыбы щрифтінің өлшемін 14 ету үшін программаға
Form1.FontSize := 14 меншіктеу операторын енгізуге болады.
Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде
таңдап, F1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Ол
түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін “Сократ 97” сияқты
арнайы дайындалған программаны пайдаланған жөн (мұндай программаны
орнатылса, оны пайдалану қиын емес).
Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object
Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де
көрінеді.
Ескерту. Жаңа проект іске қосылған кезде алдымен Delphi Direct
терезесі іске қосылуы мүмкін. Терезеден Delphi News бумасын таңдау
жеткілікті.
1.3 Оқиғалар. Програмалық код терезесі.
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы
басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға
компонент орнату, форманы не формада орналыстырған компоненті тышқан арқылы
шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға –
программаның жұмыс істеу кезінде объект жағдайының өзгеруі.
Delphi-де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер
палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін
шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады (1.5.4-тақырыпты қараңыз).
Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті. Мысалы, формаға
байланысты оқиғалар саны – 35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер терезесінің
Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында On
префиксі (қосымшасы) тіркестіліп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендігін
білдіретін белгі.
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
On Click – тышқан түймесін бір рет басу;
On Dbl Click- тышқан түймесін екі рет басу;
On Down – клавишті басу;
On KeyUp – басылған клавишті босату;
On Mouse Down – тышқан түймесін басу;
On Mouse Up – тышқан түймесін босату;
On Mouse Move – тышқан көрсеткішін жылжыту;
On Greate – форманы екі рет шерту, т.б.
Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады : алғашқыда автоматты
түрде project1 атау берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas
атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналыстырылған. Модульге
оқиғаларға сәйкес іс- әрекеттерді орындайтын программа мәтіні
(процедуралар) енгізіледі (олар 1.4-тақырыпта кең түрде қарастырылған).
Программа мәтінін программалық код деп, терезені прогаммалық код терезесі
не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. 1.1- тақырыпта
ескертілгеніндей , Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында
көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері :
- форманы жабу ( жабу түймесін шерту);
- код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту.
Терезе белсендірулері
түрде ашылады да ,онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді. Оның
тақырыбы нүкте арқылы бөлінген класс және процедура атауларынан тұрады
(1.5-сурет), т.б.
Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту
үшін F12 клавишін басу жеткілікті. 1.5-суретте көрініп тұрғаны – код
терезесіне енгізілген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланаысты құрылатын
процедура оқиғаны өндеуіш не оқиғаны өндеу процедурасы делінеді.
Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Pocedure атау ( Sender : TObject);
сипаттау бөлімі
begin
поцедура денесі
end;
мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін
анықтайды.
Терезенің сол бөлігінде – браузер терезесі. Онда код
терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығаруға болады
1.5- сурет. Редактор терезесі. Онда көрінген процедура дайындамасы
1.4. Программа құрылымы. Негізгі модуль. Модуль.
Әдіс
Кез келген программа program сөзінен басталатын проект файлы мен бір
не бірнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль
ішінде енгізіледі. Проект файыл dpr, модуль pas кеңейтіліуі бойынша
сақталады. Проект файлын негізгі модуль деп аталады. Негізгі модульдің
мазмұны проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi іске қосылған кезде
оны ол автоматты түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше
жағайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгізудің қажеті жоқ..
Негізгі модуль (проект):
program Project1;
uses
Forms,
Unit 1 in ‘Unit1. pas’{Form1};
{$R*.RЕS }
begin
Application. Initialize;
Application.Create Form (Tform1, Form1);
Application. Run;
end.
мұндағы,
Project1- негізгі модуль (проект) атауы. Проектіні дайындап, жаңа атау
бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses (қолдану) – Турбо Паскальдағы сияқты, қызметші сөз. Оның соңына
программада пайдаланылатын стандартты (кітапханалық) Forms модулі мен
Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктеген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-
ден соң оның қайсы модульдік файлда құрылатыны (in ‘Unit1.pas’) және онымен
байланысты форма атауы көрсетіледі ({Form1}).
{$R*.RЕS}- нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегімен
дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы,
шартбелгілер (пиктограммалар) сақталған файылды және т.с.с. пайдалану
керектігін көрсетеді ( файылдың кенейтіліуі - .res );
Вegin- end операторларының аралығына енгізілген соңғы бөлім –
қосымшаның алғашқы жүктелуін қамтамасыз ететін әдістер ( Delphi- де
арнайы іс-әрекетті орындайтын процедура, функция және командалар әдістер
делінеді):
Application.Initialize – қосымша объектісін инициалдау ( программаны
алғашқы рет дайындау) әдісі;
Application..Create Form- проект құрамына енетін форманы дайындап,
экранда көрсерту әдісі (сreate-құру);
Application.Run- программаны іске қосу ды қамтамасыз ету әдісі.
Delphi- де әдістің командалық түрде жазылуы:
Обьект.Әдіс
Мысалы, Application.Initialize – Application объектісінің Initialize әдісін
орындау.
Кейбір жағдайда бөлімге проект сақталатын бума атын меншіктеу
командасын қосып қою да мүмкін, т.б.
Жалпы, Delphi–де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі
модульді орындаудан басталады.
Модуль – түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған программа бөлімі.
Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметші сөзінен басталып, соңына әдеттегідей
нүкте үтір (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi–дің
модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған кезде
модуль дайындамасы да автоматты түрде құрылады:
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, Sys Utils, Classes,
Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
type
TForm 1 = class(TForm)
Private
{Private declarations}
public
{Public declarations}
end;
var
Form 1: TForm 1;
Implementation
{SR *. DFM}
end.
Интерфейс (interface) бөлімі interface кілттік сөзімен басталады да,
оған келесі бөлімдер енгізіледі: uses – Турбо Паскальда пайдаланатын бөлім
сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлімге пайдаланушы
дайындаған модуль атауын кірістіріп қою да мүмкін. Одан әрі, Delphi
дайындаған форма muni сипатталады (онда өрістер, қасиеттер, компоненттер
сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар
(программа элементтенрі) жарияланады, т.б).
Private (жеке, дербес) бөліміне тек ағымдық модульге тиісті
элементтер енгізілуі мүмкін (элемент - өрістер, әдістер, қасиеттер мен
оқиғалар); Public (көпшілік) бөлімінің ішінде ағымдық модульге қол
эеткізуге болатын кез келген программа не модульдің көрінетін элементтері,
облыстары енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын
ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрінеді.
Implementation (іске асыру, орындау) бөліміндегі {SR*. DFM} - .dfm
кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульді оған
сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерінің
мәндері жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерінің
де сипаттамаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector
терезесінде көрінеді). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тілінде
қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаны
өңдеуіш процедуралардың тақырыптары модульдің интерфейс бөлімінде автоматты
түрде жазылып қойылады, мысалы, 3. 7. 4, 3.11 – тақырыптарда өңделетін
арнайы информация үшін толық модульдер құрылған.
Кейде модульдің соңында инициалдау (initialization) бөлімі
енгізіледі. Бөлім модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер беріп),
программаны дайындау үшін қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлім басқаруды
программа денесіне беруден бұрын орындалады. Бөлім нұсқауларын begin және
end кілттік сөздерінің арасына енгізу керек. Жоғарыда көрсетілген сияқты,
бөлім толтырылмаса, begin сөзі жазылмай, оған тек end. Сөзі енгізіледі. Ол
– модульдің соңын білдіретін кілттік сөз.
1.5. Берілгендерді енгізу және шығару
1.5.1. Берілгендерді енгізу. InputBox функциясы.
Типті түрлендіру функциялары
Delphi-де айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Турбо Паскальда
пайдаланылатын Read (оқу) операторы жоқ. Пограммада ол үшін басқа
тәсілдердің қолданылуы мүмкін:
1) меншіктеу командасы;
2) енгізу терезесін пайдалану;
3) форманың Edit компоненті өрісін пайдалану.
Меншіктеу командасының программада жазылуы әдеттегідей, мысалы, х :
=4.7;.
Енгізу терезесі Delphi – дің стандартты Input Box функциясының
терезесі. Программада Input Box (енгізу қорабы) функциясын пайдалану
командасының жазылу үлгісі:
айнымалы:= Input Box(‘тақырып’,’түсініктеме’,’м ән’)
мұндағы,
айнымалы– мәні енгізу терезесіне енгізілетін жолдық типті
айнымалы атауы (Input Box функциясының мәні әр кезде жолдық
(String) типті. Мән меншіктелетін айнымалы (х) программада х:
string; түрінде сипатталуы тиіс);
тақырып –енгізу терезесінің тақырыбы ретінде жазылатын мәтін;
түсініктеме –енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме
мәтін;
мән – енгізу терезесі көрінген кезде оның енгізу өрісінде
көрінетін мәтін. Әдетте оны бос символдық етіп енгізеді. Мысалы,
х:= 4.7 меншіктеу командасын Input Box функциясын пайдаланып,
мынадай түрде беруге болады:
х := Input Box(‘Аргумент мәні’, ‘x=’ ,
”)
Команданың орындалу барысында көрінетін терезе 1.6-суретте
көрсетілген. Терезенің енгізу өрісіне 4,7 мәнін енгізіп, ОК
түймесін шерту керек (не КҚ клавишін басуға да болады).
Ескерту. Windows-тың күйге келтіріліп қойылуына байланысты
нақты сан әдеттегідей үтір (,) арқылы бөлініп енгізілуі мүмкін.
Ол меншіктелетін айнымалы (х) жолдық типті болғандықтан, қажет
болса, оны сандық типті етіп түрлендіру керек.
Стандартты типті түрлендіру функциялары:
1.1 - кесте
Функция Орындайтын іс - әрекеті
StrToFloat(x) Кескіні жолдық типті болатын х
нақты санын қалпына келтіру
FloatToStr(x) х нақты санын жолдық типті ету
FloatToStrF(x,f,s,o) х нақты санын форматты жолдық
типке түрлендіру. Мұндағы f-
формат (кескіндеу форматы). Ол
көбінесе ffGeneral не ffFixed
түрінде жазылады;
s-барлық цифрлар саны (дәлдік);
о- ондық нүктеден соң жазылатын
цифрлар саны (ондық дәлдік),
мысалы,
StrToInt(x) FloattostrF(x,ffFixed,7,3);
Кескіні жолдық типті х бүтін
IntToStr(x) санын қалпына келтіру;
Х бүтін санын жолдық типті ету
(IntToStr-- Integer to String,
т.с.с.).
Ескерту. 1.FloatToStrF функциясының форматын (f) ffExponent түрінде
жазуға болады.Ол санды экспонеттік етіп дөңгелектейді.
2.Delphi-де Турбо Паскальда қолданылатын Str(x,s) және оған кері Val
(s,x,code) типті түрлендіру процедураларын да пайдалану мүмкін. Мысалы,
x=25 болса, Str (x,s) процедурасының орындалу нәтижесі: s=’25’; s=’54’
болса Val(s,x, code)процедурасының орындалу нәтижесі :x=54, code=0.
1.5.2. Берілгендерді шығару. ShowMessage процедурасы
Delphi-де берілгендерді ShowMessage (мәліметті көрсету) процедурасының
терезесіне шығаруға болады. Процедураның (оператордың) жазылу түрі:
ShowMessage(s);
Мұндағы s-жолдық типті өрнек. Егер ол сандық типті болса, оны жолдық типке
түрлендіру үшін s аргументінің орнына типті түрлендірудің сәйкес функциясын
енгізу керек. Мысалы, s нақты типті сан болса, оны шығару терезесінде
көрсету операторының мынадай турде жазылуы мүмкін:
ShowMessage(FloatToStr(s)); не
ShowMessage(FloatToStrF(s,ffgeneral ,7,3));
Жүйе соңғы операторды оқып шығып, жеті цифрдан тұратын нақты санды
символдық типте шығару терезесінде көрсетеді.
1.5.3. Қарапайым пограмма құру
Процедуралар оқиғалық және жалпы (оқиғаға байланыссыз) болып екі түрге
бөлінеді. Программа олардың жиынтығынан тұруы мүмкін. Қарапайым жағдайда ол
бір процедурадан ғана тұрады.
Мысал. х=4,8 үшін у=2х+53 функциясының мәнін есептеу керек. х мәні Input
Box терезесі арқылы енгізілсін, у мәні ShowMessage терезесінде көрсетілсін.
1. File-New Application командасын беріп, жаңа проект ашу.
Form1 терезесі көрінеді.
2.Форманы екі рет шерту. Unit1.pas атаулы модуль құрылады да,
код терезесінде OnCreate оқиғасын өңдеуіш процедурасының
дайындамасы көрінеді. (1.7-сурет)
.
1.7-сурет. Код терезесі
Дайындаманы қасиеттер терезесін пайдаланып орнату:
Дайындаманы орнатудың екінші тәсілі де бар:
– Form1-дің қасиеттер терезесінен Events (оқиғалар) қосымша
бетін ашып ,On Create оқиғасын таңдау ;
-оның оң жағына FormCreate атауын енгізіп, КҚ пернесін басу.
Код терезесінің бірінші жолында көрінгені процедура тақырыбы. Мұндағы:
Procedure - процедураның басталуын білдіретін кілттік сөз:
TForm1.FormCreate - форманы екі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz