Көліктегі қылмыстардың сипаттамасы және түрлері



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Көліктегі қылмыстардың сипаттамасы және түрлері

1.1.КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ...5
1.2. КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7



2. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚҰРАМЫ

2.1 КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ОБЪЕКТИВТІ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ...20
2.2 КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СУБЪЕКТИВТІ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... .24
2.3 КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27




ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе

Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi. Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi[1].
Көліктегі қылмыстар жаңа Қылмыстық кодекстің 12 - тарауында орналасқан. Бұрынғы Қылмыстық кодекске қарағанда бұл тарауда көліктің барлық түрлері – темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай, не басқада механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы қауіпсіздігін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылығы жинақталып берілген.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелеріне қарсы қылмысқа қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде бұзып көліктің бірқалыпты қызмет етуін бұзатын, соның нәтижесінде заңда көзделген зардаптардың орын алуына жол беретін іс-әрекеттер жатады.
Көлік қылмыстарының топтық объектісі болып жол қозғалысы қауіпсіздігінің және көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі – жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарының нақты түрін (темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай) пайдалану ережелері, ал қосымша тікелей объектісі – кейбір құрамдар үшін адамның өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болуы мүмкін.
Қылмыстың заты – темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай және басқа да механикалық көлік құралдары.
Объективтік жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің 12-тарауындағы қылмыстардың көпшілігі әрекет немесе әрекетсіздікпен, зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстардың тұрады (материалдық құрам). Тек қана екі түрлі қылмыс құрамы (305, 306-баптар) құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелері сан қилы, үнемі өзгертіліп, жаңартылып отырылады. Бұл ережелер арнаулы заңдарда немесе заңға бағынышты нормативтік актілерде көрініс тапқан, мұндай заңдарға – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының жол қауіпсіздігі туралы заңы, Қазақстан Республикасының темір жол жарғысы, Су кодексі, Әуе кодексі, Қазақстан Республикасындағы жол жүру ережелері және тағы басқалар.
Көліктегі қылмыстарды дұрыс саралау үшін осы қылмыстың заты болып табылатын көлік құралдарының түріне дәлме-дәл анықтама берудің маңызы ерекше. Көлік деген ұғым жалпылама ұғым, оның құрамдас бөліктеріне, заңда айтылғандай – темір жол, әуе және су көлігі және автомобиль көлігі жатады[2].
Көліктегі қылмыстардың нақты құрамдары өздерінің объективтік, субъективтік белгілері бойынша бір-бірімен оқшауланады, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, осыған орай осы құрамдары жеке-жеке талдау арқылы олардың заңдылық табиғатын толық сипаттауға мүмкіндік туады.
Қылмыс субъективтің жағынан жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық жол – көлік оқиғасы орыннан кетіп қалу.
Қылмыстың обьективті жағы – әрекетсіздіктен, соған байланысты орын
Көлік құралдарын сапасыз жөндеу оларды техникалық ақауларымен пайдалануға, көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланысын.
Қатынас жолдары – рельстер, шпалдар, ұшу аландары, жол
Көлік құралын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсызыққа келтіру
Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс
Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу
Негізінен қорытындылай келгенде курстық жұмыстың ең басты бағыты көліктегі қылмыстардың нақты құрамдары өздерінің объективтік, субъективтік белгілері.
Бүгінгі таңда қаламызда жол-көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты көше, қала көшелеріндегі абыр-сабыр жағдайында өтуге рұқсат етілмеген тұстардан былай қарап отырсақ, жол үстіндегі белгілерге сенімсіздік танытып жатыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз. – Алматы:Юрист,2012.-36б.
2 Борчашвили И. Ш. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Құқығы. Ерекше бөлім: Оқу құралы. - Қарағанды : ҚарЗИ, 2003. - 240 с.
3 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. Өңделген толықтырылған, 2- басылымы. - Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 560 б.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (1997 ж., 16 шілде, N 5167) (2011.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
5. 1994 жылғы 21 қыркүйегіндегі «Көлік туралы» Заңы (кейіннен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);
6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. – Алматы: ЖШС “Издательство “Норма-К”, 2004. – 648 б.
7. 1996 жылғы 15 шілдесіндегі Қазақстан Респубикасының «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» Заңы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Көліктегі қылмыстардың сипаттамасы және түрлері

1.1.КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ...5
1.2. КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚҰРАМЫ

2.1 КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ОБЪЕКТИВТІ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ...20
2.2 КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СУБЪЕКТИВТІ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... .24
2.3 КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе

Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi. Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi[1].
Көліктегі қылмыстар жаңа Қылмыстық кодекстің 12 - тарауында орналасқан. Бұрынғы Қылмыстық кодекске қарағанда бұл тарауда көліктің барлық түрлері - темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай, не басқада механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы қауіпсіздігін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылығы жинақталып берілген.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелеріне қарсы қылмысқа қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде бұзып көліктің бірқалыпты қызмет етуін бұзатын, соның нәтижесінде заңда көзделген зардаптардың орын алуына жол беретін іс-әрекеттер жатады.
Көлік қылмыстарының топтық объектісі болып жол қозғалысы қауіпсіздігінің және көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі - жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарының нақты түрін (темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай) пайдалану ережелері, ал қосымша тікелей объектісі - кейбір құрамдар үшін адамның өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болуы мүмкін.
Қылмыстың заты - темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай және басқа да механикалық көлік құралдары.
Объективтік жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің 12-тарауындағы қылмыстардың көпшілігі әрекет немесе әрекетсіздікпен, зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстардың тұрады (материалдық құрам). Тек қана екі түрлі қылмыс құрамы (305, 306-баптар) құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелері сан қилы, үнемі өзгертіліп, жаңартылып отырылады. Бұл ережелер арнаулы заңдарда немесе заңға бағынышты нормативтік актілерде көрініс тапқан, мұндай заңдарға - Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының жол қауіпсіздігі туралы заңы, Қазақстан Республикасының темір жол жарғысы, Су кодексі, Әуе кодексі, Қазақстан Республикасындағы жол жүру ережелері және тағы басқалар.
Көліктегі қылмыстарды дұрыс саралау үшін осы қылмыстың заты болып табылатын көлік құралдарының түріне дәлме-дәл анықтама берудің маңызы ерекше. Көлік деген ұғым жалпылама ұғым, оның құрамдас бөліктеріне, заңда айтылғандай - темір жол, әуе және су көлігі және автомобиль көлігі жатады[2].
Көліктегі қылмыстардың нақты құрамдары өздерінің объективтік, субъективтік белгілері бойынша бір-бірімен оқшауланады, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, осыған орай осы құрамдары жеке-жеке талдау арқылы олардың заңдылық табиғатын толық сипаттауға мүмкіндік туады.
Қылмыс субъективтің жағынан жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық жол - көлік оқиғасы орыннан кетіп қалу.
Қылмыстың обьективті жағы - әрекетсіздіктен, соған байланысты орын
Көлік құралдарын сапасыз жөндеу оларды техникалық ақауларымен пайдалануға, көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланысын.
Қатынас жолдары - рельстер, шпалдар, ұшу аландары, жол
Көлік құралын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсызыққа келтіру
Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс
Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу
Негізінен қорытындылай келгенде курстық жұмыстың ең басты бағыты көліктегі қылмыстардың нақты құрамдары өздерінің объективтік, субъективтік белгілері.
Бүгінгі таңда қаламызда жол-көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты көше, қала көшелеріндегі абыр-сабыр жағдайында өтуге рұқсат етілмеген тұстардан былай қарап отырсақ, жол үстіндегі белгілерге сенімсіздік танытып жатыр.

1. Көліктегі қылмыстардың сипаттамасы және түрлері

1.1.КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Біздің қоғамымыз жол-көлік оқиғаларының теріс салдарынан қорғауда әртүрлі шараларды қолданумен қатар қылмыстық-құқықтық шараларды да жетілдіруді талап етеді. Бұл күрес кешенді сипатқа ие және мынадай бөліктерден құралған: адам - автомобиль - жол. Осындай жүйе жалпылай қолдауға ие болған деп есептеледі де, осы мәселемен айналысатын ғалымдардың қазіргі кездегі зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады. Қазіргі кезекіде жолда жүрудің мәселелерін шешуді қамтамасыз ету автожолдардың сапалылығына, көлік құралдарының техникалық жағдайларына, жүргізушілердің психологиялық, моральдық және басқа да қасиеттеріне ғана емес, жол қозғалысының дамуына қарай дамып, жетілдіруі қажет нақты құқықтық негізге және оған қатысушыларға байланысты[3].
Көліктегі қылмыс мәселелерінің маңыздылығының бірі көліктік қылмыстар туралы жалпы түсінікке теориялық және заңды анықтама беру болып табылады, себебі осы қылмыстық әрекеттер тобының ғылыми негізделген жүйесін құру, оның ішкі құрылымын ашу мүмкін емес. Көліктік қылмыстар түсінігін анықтаудың негізіне олардың қозғалыс қауіпсіздігі мен көлік құралдарын пайдалану салаларында қоғамдық қатынастарға қол сұғатындығы жатуға тиіс. Бұған көлік құралдарының жұмысын апатсыз жағдайда жүзеге асыру ғана емес, адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны экономикалық, техникалық, әлеуметтік және құқықтық сипаттағы шаралармен қорғауды қамтамасыз ету жатады.
Көліктік қылмыстар дегеніміз - жол қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалануда қоғамдық қатынастарға қол сұғушылық нәтижесінде зиянды зардаптардың орын алуын немесе орын алу мүмкіндігін қарастыратын, қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттер(әрекет немесе әрекетсіздік). Осы анықтама сөз болып отырған қылмыстық қол сұғудың өзіне тән сипаттарын дәл көрсетіп отыр.
Барлык көліктік қылмыстар үшін олардың тектік объектісі ортақ болып табылады. Ал қылмыстық әрекеттердің төтенше саналуандығына келетін болсақ, бұл жағдай оларды жүйелеуге еш бөгет болмайды, себебі көліктік қылмыстардың бірігуінің басты жағдайына осы саланың бір тарауы қарастыратын - адамның әртүрлі көлік түрлерімен өзара әрекеттістікке түсуі болып табылады. Б.А. Куринов көлік қылмыстарды жүйелеуде тектік объектіден басқа олардың объективтік жақтарының (мұндай қылмыстар көлік құралдарын қолдану арқылы жасалады), субъективтік жақтарының (кінәнің кінәлі түрі), субъект белгілерінің ұқсастықтарын ескеруді ұсынады, себебі көп жағдайда көлік құралдарын басқарған тұлғалар көлік жұмысының қалыпты, қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті болған.
Қылмыстың тікелей объектісі - жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарының нақты түрін (темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, тролебус, трамвай) пайдалану ережелері, ал қосымша тікелей объектісі - кейбір құрамдар үшін адамның өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болуы мүмкін.
Қылмыстың заты - темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай және басқа да механикалық көлік құралдары.
Объективтік жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің 12-тарауындағы қылмыстардың көпшілігі әрекет немесе әрекетсіздікпен, зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстардың тұрады (материалдық құрам).

1.2. КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Көліктегі қылмыстар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа көлік құралдарын пайдалануға байланысты әрекеттер жатады. Бұл: темір жол, әуе, немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу - ҚР ҚК 295-б., көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу - ҚР ҚК 296-б., жол көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу - ҚР ҚК 297-б., кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі - ҚР ҚК 305-б., ұшудың халықаралық ережелерін бұзу - ҚР ҚК 306-б.
Екінші топты көліктің қалыпты жұмыс істеуіне қатысты қол сұғулар құрайды. Оларға мыналар жатады: көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақаулармен пайдалануға шығару, мас күйінде адамды көлік құралын жүргізуге жіберу - ҚР ҚК 298-б., көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру ҚР ҚК 299-б., көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу - ҚР ҚК 300-б., поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату - ҚР ҚК 302-б., магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану, немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу - ҚР ҚК 303-б., труба құбырларын зақымдау немесе қирату - ҚР ҚК 304-б [4].
Темір жол, әуе,немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу - ҚР ҚК 295-бабы. Темір жол, әуе,немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жауапкершілік ҚР ҚК 295-бабымен белгіленеді.
Қарастырылып отырған қылмыстың объектісіне жол қозғалысы және нақты механикалық көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар жатады. Профессор Н.И. Загородниковтың пікірінше нақты қылмыстың тікелей объектісіне темір жол, су немесе әуе көліктерінің қалыпты жұмысы жатады. Бұл ұстаныммен келіспеген профессор Б.А. Куринов тікелей объектісіне темір жол, су немесе әуе көліктерінің қозғалысы саласындағы қауіпсіз жұмысын жатқызады, себебі көліктің қалыпты жұмысы түсінігін көліктің қозғалысы саласындағы қауіпсіз жұмысына қарағанда кең мағынада түсінуге болады.[2]
Мұнда қосымша объект ретінде жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығы немесе мүліктің сақталуы есептеледі.Себебі жол қозғалысы немесе теңіз болмаса өзен көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы нәтижесінде экологияға да зиян келетіні белгілі (өзен ағыстарының, теңіз бетінің мұнаймен, жанар-май заттарымен ластануы, балықтардың өлуі және т.б.).
Қылмыстың затына көліктердің әр түрлері жатады. ҚР ҚК 295-бабындағы ескертпеген сәйкес көлік деп темір жол, теңіз, өзен және әуе көлігі құралдарының барлық түрлері, оның ішінде шағын өлшемді теңіз және өзен кемелері есептеледі.
Су жолы көлігіне - (теңіз, және өзен көлігіне) жолаушылар таситын, ғылыми-зерттеушілік, көліктік, өндіруші (балық, шаян, аулаушы және т.б.), қайта өндіруші (жүзетін базалар мен зауыттар), көмекші (буксирлер және т.б.), техникалық (су түбін тереңдетуші, су түбін тазартушы снарядтар, кабель орнатушы және т.б.), құтқарушы, спорттық кемелер, соның ішінде әуе жастықшаларымен, су асты қанаттарымен жүзетіндер жатады.
Бұған басты двигателінің қуаты 75 (а.к.) аспайтын теңіз және өзеннің шағын кемелері және валдық сыйымдылығы 80 регистрлік тоннадан аспайтын өздігінен жүзбейтін кемелер, азаматтардың иелігіндегі (двигательдерінің қуатына қарамастан) моторлы кемелер, желкенді кемелер, 100 килограмм және одан да жоғары салмақтағы жүкті көтеретін қайықтар, байдаркалар мен үрлемеді қайықтарды да жатқызуға болады [2].
Әуе көлігіне - азаматтық авиациялар кемелері (ұшақтар, тік ұшақтар), сондай-ақ басқа да әуеде ұшу құралдары (гидроұшақтар, аэростаттар, дирижабльдер, планер, дельтапландар және т.б.) жатады.
Бұл қылмыстың объективтік жағы мынадай үш міндетті белгілерден тұрады: а) нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесін бұзатын іс-әрекеттер б) әрекет немесе әрекетсіздік); в) қылмыстың зардабы - адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі; г) іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланысы арқылы сипатталады. Осы белгілердің бірі болмаса ол тұлғаның іс-әрекетінен қылмыс құрамын анықтауға мүмкіндік бермейді. ҚР ҚК 295-бабының диспозициясы бланкетті болғандықтан, іс әрекеттердің белгілерін шешу үшін темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің осы салада белгіленген ережелері басшалыққа алынуы тиіс. Заң шығарушының мұндай шешім қабылдауы темір жол, су, әуе және автомобиль көліктерін ұдайы жетілдіріп отыратындығы көліктің сол түрлерінің қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің күшінде бар қылмыстық заңмен кезінде қамтылмайтын тиісті ережелерінің де өзгеріске сөзсіз ұшырайтына байланысты [3].
Олар сүйенетін аса маңызды нормативтік актілерге Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1994 жылғы 21 қыркүйегіндегі Көлік туралы Заңы (кейіннен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген); 1996 жылғы 15 шілдесіндегі Қазақстан Респубикасының Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы Заңы (кейіннен өзгертілген) жатады. Көліктік қатынастарды реттейтін бұлардан басқа нормативтік актілерге мыналарды жатқызуға болады [5] :
* Темір жол көлігінде - Қазақстан Республикасының темір жолдарының жарғысы, Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдаланудың ережелері, Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы, поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау және басқалары;
* Су жолы көлігінде - Кемелерді соқтығысуын болдырмаудың халықаралық ережелері, Кемелерді техникалық пайдаланудың ережелері, Қазақстан Республикасының теңізде саудамен жүзуге байланысты кодексі және т.б.;
* Әуе көлігінде - Қазақстан Республикасының әуе кодексі, Қазақстан Республикасының әуе жолдары бойынша жолаушыларды, қол жүгін және жүк тасымалдау ережелері, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын жүргізу бойынша нұсқау, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында әуе көлігін техникалық пайдалану бойынша нұсқау және т.б.
ҚР 295-бабы бойынша тұлғаны жауаптылыққа тарту үшін оның тарапынан ереже бұзушылық пен орын алған қоғамқа қауіпті зардаптардың арасындағы себепті байланыста анықталуы керек және де себепті байланысты тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігіне ғана қатысты емес, зиянды зардаптардың орын алуына тікелей себепкер болған, қауіпсіздіктің тиісті ережелерінің бұзылуының өзіне қатысты анықтаулуы керек. Қылмыстың құрамы құрылымы жағынан материалдық үлгіде қарастырылған, сондықтан заңда аталған қоғамға қауіпті зардаптардың орын алуы кезінен бастап аяқталған қылмыс болып есептеледі. Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-дәрігерлің сараптау жұмыстары тағайындалуы тиіс.

Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерінің бұзуы - ҚР ҚК 296-бабы

Қылмыстық кодекстің 296-бабының 1-тармағы бойынша автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, кінәлі жауапты болады.
Бұл қылмыстың тікелей объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық маңызы зор екенін атай кеткен дұрыс, себебі объект қылмыстың басқа құрылымдылық бөліктерімен бірге әр қылмыстың өзіне тән ерекшелігін анықтайды немесе оған залал келтіретін, басқа жанама құрамдардан шектеудің басты және объективтік белгісі болып табылатын нақты қоғамдық қатынас әрекеті. Қарастырылып отырған қылмыстың тікелей объектісі туралы заң әдебиеттерінде бірегей пікір жоқ. Профессор С.Я. Булатов автокөлік қылмыстардың объектісіне еңбек тәртібі мен қозғалыс қауіпсіздігін жатқызған болатын.
Қылмыс объектісіне берілген осы бір анықтамалардың, біздің ойымызша, жетіспеушілік жағы көп. Азаматтардың өмірі мен денсаулығының, мүлікті сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатынастар осы қылмыстың тікелей объектісі бола алмайды, себебі, көрсетілген құндылықтар жол-көлік қылмыстары кезінде үнемі залалға ұшырай бермейді. Адамдардың өмірі мен денсаулығы, мүліктер көптеген қылмыстардың объектісі болып табылады. ҚР ҚК 296-бабының диспозициясында көрсетілген көлік құралдарына автомобильдердің барлық түрлері (автобустар, жеңіл және жүк машиналары), мотокөлік (мотоцикл, мотороллер және т.б.), электр көлігі (трамвай, троллейбус), тракторлар мен басқа да өздігімен жүретін машиналар (скреперлер, грейдерлер, асфальт төсегіш, жол тегістеуші, экскаваторлар, өздігімен қозғалатын крандар және т.б.) жатады. Көліктер үшін екі негізгі белгілер тән: 1) көлік құралдарының өздігімен жүргізілуі, яғни олар ішкі жану двигателінің жұмыс көлемі 50 куб.см аспайтын, немесе басқа да түрлердің (электрлі, булы, газды және т.б.) двигательдерінің күшіне сәйкес келуіне қарай қозғалысқа келеді; 2) олардың қозғалысы Жолда жүру ережелерімен реттеледі[2].
Объективтік жағынан ҚР ҚК-тің 296-бабында көзделген қылмыс үш міндетті белгілердің болуымен сипатталады: а) жол қозғалысы мен көлік құралдарын пайдалану ережелерінің бұзылуы; б) заңда көзделген зиянды зардаптардың болуы; в) аталған ережелерді бұзу мен сол ереже бұзушылықтың нәтижесінде орын алған зиянды зардаптардың арасындағы себепті байланыстың болуы.
Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы - жылдамдықты арттыру, көшенің қиылыстарынан өту кезінде кезек сақтамау, басып озудың ережелерін бұзу, артқы жүру кезінде ереже сақтамау, жолдың сол жағына шығып кету сияқты болуы мүмкін.
Бұл қылмыстың құрамы - материалды үлгіде қарастырылған, яғни жауаптылық кінәлінің жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуынан зиянды зардаптар (денсаулыққа ауыр немесе орташа зиян келтіруімен) орын алған жағдайда ғана болуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі - жасы 16-ға толған, заңда көрсетілген зиянды зардаптардың орын алуына әкеп соқтырған, жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда қылмысты түрде бұзған жеке тұлға бола алады. Әскери қызметкерлер мен әскери мәнндеттілер жаттығу жиындары кезінде аталған қылмыстың субъектісі бола алмайды. Субъективтік жағынан қарастырылып отырған қылмыс кінәнің абайсыз жасалған түрімен сипатталады. Себебі жолда жүру ережесі мен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу міндетті түрде заңда қарастырылған зардаптардың болуымен қарастырылады, ал жүргізушінің осы ережелерді бұзуына қатысты психикалық қатынасы кінәлілік ретінде қарастыруға болмайды. Мұндағы субъектінің кінәсі қылмыстық-құқықтық жағынан қылмысты менмендік немесе қылмысты немқұрайлық арқылы жасалған болып есептеледі. Менмендікпен жасалған қылмыс түріндегі іс-әрекетті жасау кезінде субъект жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерінің бұзылуының қоғамға қауіпті зардаптардың орын алуы мүмкін екендігін алдын-ала біледі, бірақ жеіңлтектікпен оларды болдырмайтынына сенеді. Бұл менім, мысалы, жүргізудегі, тәжірибеге, жолды жақсы білетіндікке және т.б. негізделеді.

Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу - ҚР ҚК 297-бабы.
Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі - өмірі қауіпті жағдайда болып, аман қалу шараларын қолдану мүмкіндігінен айырылған жәбірленушіге қажетті көмектің дер кезінде көрсете алмайтындығында. Осының нәтижесінде зардаптың ауыртпалығы күшейе түсіп, көбінесе ол адам өліміне әкеп соқтырады.
Нақты механикалық көлік құралдарының қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы қоғамдық қатынастар - қарастырылушы қылмыстың объектісі болып табылады. Жәбңңрленушінің өмірі мен денсаулығы немесе мүліктің сақталуы - қосымша объект. Жәбірленушіге көмек көрсету жүргізушінің мүмкіндігі бола тұра, өзінің жол қозғалысы ережесін қылмысты түрде бұзуы нәтижесінде болған жол - көлік оқиғасының оның кетіп қалуы - қылмыстың объективтік жағын құрайды. Қылмыс құрамы материалды және ҚР ҚК 296-бабында көрсетілген зиянды зардаптардың орын алуы сәтінен бастап аяқталған қылмыс болып есептеледі. 16 жасқа толған тұлға қылмыстың субъектісі болып табылады.
Қылмыстың субъективтік жағы - кінәні қасақана түрінің болуымен сипатталады. Айыпты жол көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шегушінің саналы түрде көмек көрсетпейді, зиянды зардаптардың болу мүмкіндігі алдын ала біледі, олардың орын алуына жол береді немесе соны қалайды. [3]

Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақаулармен пайдалануға шығару, мас күйінде адамды көлік құралын жүргізуге жіберу - ҚР ҚК 298-бабы.
Қаралып отырған іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беруші құралдарн немесе басқа да көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, оларды техникалық ақаулармен пайдалануға шығару, сондай-ақ мас күйінде адамды көлік құралын жүргізуге жіберу көліктің қызмет етуіне қауіп төндіруі, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін шынайы қауіп туғызуы сияқты фактілердің өзі көбіне ауыр зардаптарға әкеп соғуынан тұрады.
Нақты механикалық көлік құралдарының козғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы қоғамдық қатынастар бұл талқыланатын баптың объектісі болып табылад. Қосымша объект - жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы немесе мүліктің сақталуы.
Бұл қылмыстың объективтік жағы төмендегі белгілерден тұрады:
А) көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын немесе басқа да құралын сапасыз жөндеу; ә) көлік құралдарының күйіне жауапты тұлғаның техникалық ақауы бар көлік құралын көпе-көрінеу пайдалануға; б) қоғамға қауіпті зардаптар; в) олардың арасындағы себепті байланыс.
Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, дыбыс беру немесе байланыс құралдарын немесе басқа көлік құралдарын жөндеуші 16 жасқа толған тұлға - қылмыстың субъектісі болып табылады.
Қарастырылған қылмыстың субъективтік жағы - кінәнің абайсыз түрінің болуымен сипатталады (менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет - ҚК-тің 21 бабы)
ҚК 298-бабымен көзделген бұл қылмыс - материалдық құрамдар қатарына жатады. Бұл нормада көрсетілген қоғамға қауіпті зардаптардың кез-келгенііні орын алуы қылмыстық жауаптылыққа ұшыратады. Қылмыстық кодекстің 298-б. 2-т. көрсетілген субъектісі меншік түріне қарамастан көлік иелері немесе иеленушілері болып табылады.

Көлік құралын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру - 299-бабы.
Заң бұл әрекетті көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлік жабдықтарын қасақана бұзу, зақымдау немесе өзге де тәсілмен пайдалануға жарамсыз күйге келтіру, сондай-ақ көлік коммуникацияларына тосқауыл қою, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, не ірі көлемде залал келтіруге не көлік пен байланыстың қалыпты жұмысы бұзылуына әкеп соқса осы бапта қарастырылатын қылмыс деп анықтайды.
Қылмыстың тікелей объектілері механикалық көлік құралдарының нақты түрінің қозғалыс және оларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберіндегі қоғамдық қатынастар жатса, қосымша объектісіне адамның өмірі мен денсаулығы немесе мүліктің сақталуы жатады.
Қылмыстың заты - Қылмыстық кодекстің 298-бабындағы көрсетілген заттармен ұқсас. Бұл қылмыстың затына темір жол, теңіз, өзен вокзалдары, әуежайлар, причалдар және т.б. бола алмайды.
Қылмыстың объективтік жағы оның диспозициясында көрсетілген баламалы әрекеттер және солардың нәтижесінде болған залалдардан тұрады.
Қылмыстың құрамы - материалды және аталған әрекеттерді жасағаны үшін кінәлілерді жауаптылыққа тарту үшін зиянды зардаптар орын алуы қажет. Көлікпен байланыстың қалыпты жұмысының бұзылуы түріндегі зардаптар деп - көліктің кешігуін немесе кешігу қаупінің болуын, поездардың қозғалу графигінің бұзылуын, кемелердің тұрып қалуын, ұзақ уақыт байланыстың болмауын, айлақтардың кемежайлардың немесе өзге де құрылыстардың зақымдануын түсіну керек.
Бұл қылмыстық субъективтік жағы кінәнің екі нысанымен сипатталады. Кінәлінің қоғамдық қауіпті әрекетке (бұзуға және т.б.) психикалық қатынасы тікелей ниетпен жасалған түрге жатса, зардаптар - абайсызда жасалған болады.
Қылмыстың субъектісі - Қылмыстық кодекстің 15-б. 2-т. сәйкес кез-келген есі дұрыс 14-ке толған адам.

Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу - ҚР ҚК 300-бабы.
Қоғамдық қауіптілігі көрсетілген ережелерді сақтамау көліктердің әрекеттерін бұзады да, ол жол апаттарына әкеп соғады, адамдардың өліміне немесе олардың денсаулығына залал келтіруге қауіп төндіруден тұрады.
Қылмыстың тікелей объектісіне - жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігінің шарттары, қосымша объектісіне - адамдардың өмірі немесе денсаулығы жатады.
Қылмыстық кодекстің 300-бабының диспозициясы көлік құралдары туралы айтып, оның түрлерін нақтыланмағандықтан, қылмыс затының осы кең ұғымда қолданылуы темір жол, су, әуе, автомоторы көліктерде, соның ішінде арба көліктеріндегі қозғалысқа қатысушылар мен жолаушылар, жүргіншілердің ережелерді бұзуының барлық жағдайлардын қамтиды.
Объективтік жағынан бұл қылмыс көрсетілген ережелерді бұзу мен зардаптардың арасындағы себепті байланыстардың болуымен, әрекет немесе әрекетсіздікпен сипатталады. Бұл жерде сөз қозғалыс немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты ережелерді бұзу туралы болып отыр.
Қылмыстың құрамы - материалды, ол ҚК 300-бабы 1-т. қарастырылған залалдардың (денсаулыққа ауыр зиян келтіру), 2-т. - абайсызда кісі өлімінің, 3-т.бойынша - абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлімінің болуынан бастап аяқталған деп саналады.
Қылмыстың субъективтік жағы - абайсыздықпен жасалған қылмыспен сипатталады. Оны жасаған адам жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігін бұзу нәтижесінде қоғамға қауіпті залалдар туатынын алдын-ала біледі, бірақ оған немқұрайлы қарап, оған жол бермеуіне сенеді.
Талданып отырған қылмыстың субъектісіне ҚР ҚК 295 және 296-баптарында көрсетілген адамдардан басқа жолаушылар, жүргіншілер және басқа қозғалысқа қатысушылар (велосипедшілер, мал айдаушылар, арба көлігін айдаушылар) жатады. Кейбір жағдайларда жауапкершілік көлік құралдарының жүргізушілеріне де түседі. Мысалы, темір жол, басқа да жол құрылғыларын пайдалануға жарамсыз күйге келтіру, жолдың адамдар өтетін жеріне үлкен жүкті тастап кету және осы норма қарастыратын басқа да салдарлар үшін жауапкершілікке көлік құралдарын жүргізушілер ҚК 300-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату - ҚР ҚК 301-бабы.
Поезды стоп-кранмен не ауа тежегіш магистралдарын ажырату жолымен немесе өзге әдіспен қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату, егер бұл кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, кінәлі Қылмыстық кодекстің 301-бабымен жауапқа тартылады.
Аталған қылмыстың қоғамға қауіптілігі - поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату темір жол көлігінің қауіпсіз жұмыс істеуіне қатер төндіріп, поездардың жүру кестесінің бұзылуына, вагондардың, локомотивтердің, т.б. қозғалғыш бөліктерінің уақытынан бұрын тозуына әкеп соқтыратындығында.
Қылмыстың тікелей объектісіне қозғалыс және темір жол көліктерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар жатады. Қосымша объектісіне жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығы немесе мүліктің сақтығы.
Талданып отырған қылмыстың объективтік жағына қоғамға қауіпті әрекеттен, орын алған зиянды зардаптардан және бұл әрекеттер мен аталған зардаптардың арасындағы себепті байланыс жатады.
Өз бетінше тоқтату деп ешбір қажетсіз, негізсіз жүріп келе жатқан поезды темір жол жұмысшыларының (машинист, поезд бастығы, вагон проводниктері және т.б.) рұқсатынсыз тоқтатуды айтамыз.
Құрамы жағынан қылмыс - материалды, өз бетімен поезды тоқтатуға жауапкершілік адам өлімі немесе өзге ауыр зардаптар орын алған жағдайда ғана көзделеді. Өзге ауыр зардаптардың қатарына: бір немесе бірнеше жәбірленушілердің денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтіру; адам өлімі; ірі көлемде залал келтіру; жол құрылыстарын, көлік құралдарын зақымдау; көлік қозғалысының ұзақ уақытқа тоқтап қалуы; тасымалданушы жүктердің жойылуы немесе зақымдануы және т.б. жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс екі нысандағы кінә түрімен сипатталады: іс-әрекет жөнінде қасақаналық, ал одан туындайтын зардап жөнінде абайсыздық. Аталған зардаптарға қатысты ниет болған жағдайда кінәлінің жауаптылығы тиісінше жағдайларда жеке адамға немесе жеке меншікке қарсы жасалған қылмыс ретінде ҚР ҚК 299-бабы бойынша жауаптылыққа тартылады.
Бұл қылмыстың субъектісі - темір жол көлігінің жұмысшысы болып табылмайтын, 16-ға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Көліктегі қылмыстар түрлері
Қылмыстың тікелей объектісі - нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесі
Көлік қылмыстарының алдын алу мәселелері
Көлік қылмыстарының қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Көліктегі қылмыстар туралы
Көліктегі қылмыстардың алдын алудың өзекті мәселелері
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық сипаттамасы
Пәндер