Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I.Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен мазмұны
1.1 Бюджетаралық қатынас және бюджет саясаты туралы түсінік ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Бюджетаралық қатынастың принциптері, реттеу нысандары ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Шет елдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

II.Қазақстандағы бюджетаралық қатынастарға талдау
2.1 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджетаралық қатынастың орны мен
Рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Бюджетаралық қатынастарды реттеу саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 2009.2011 жылдарға бюджетаралық қатынастар жүйесіне талдау ... ... ... ... ..17

III.Бюджетаралық қатынастарды қамтудағы мәселелері және оны шешу жолдары
3.1 Бюджетаралық қатынастарды дамытудағы өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ...20
3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қосымшылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.27
КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы жағдайында Қазақстан Республикасында бірқатар қаржы-экономикалық, бюджеттік үдерістерді нығайту және әрі қарай дамыту бюджетаралық қатынастарды жетілдірусіз мүмкін емес. Нақты теория негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесін түбегейлі қарастыру талап етіледі.
Нарық қатынастарының тұрақты дамуы барысында мемлекеттік бюджеттің рөлі де өзгереді. Мемлекеттік бюджеттің мағынасы көбінесе экономиканың әр түрлі буынындағы табыстарды шоғырландыру мүмкіндіктерімен, экономикалық саясаттың және одан тыс бағыттарымен оның орталықтандырылған бөлінуімен жиі байланыстырылады. Жаңа бюджет және салық саясатын жүзеге асырудың алғы шаралары әр түрлі бюджет деңгейлерінде шоғырландырылатын қаржы ресурстары мөлшерінің оңтайлы жағдайы және әрбір деңгейдің бюджетінен қаржыландырылатын шығындар көлемі және билік деңгейлері арасындағы бюджетаралық қатынастардың іс-әрекетке қабілеттілік механизмін жасау болып табылады.
Қазіргі кезде жүріп жатқан Қазақстан Республикасындағы терең саяси – экономикалық қайта құрулар ұстанымпазды және бюджетаралық қатынастар жүйесін құру мен бюджет құрылғысының проблемаларын шешуге дәлелді көзқарастарды жасау және бюджет жүйесін реформалауға бағытталған белгілі бір шаралар жиынын жүргізу қажеттілігін шарттады. Бюджетаралық қатынастар жүйесі арқылы жүзеге асатын бюджет мәселелерін шешу бойынша әдіснамалық ұсыныстар мен теориялық зерттеулердің негізделуі өз уақытында және маңызды болып көрінеді.
Қазіргі бюджет-салық саясатының бірден бір басты мәселесі болып республикалық және жергілікті бюджеттердің табыс базасын кеңейту мен нығайту, қолданыстағы салықтар мен төлемдерді қысқарту арқылы салық ауыртпалығын төмендету, салық салудың халықаралық тәжірибесінің үдемелі әдісіне жақындау болып табылады.
Тұтастай алғанда Қазақстандағы әр түрлі билік деңгейлері арасындағы қаржы-бюджет қатынастарының жүйесі көптеген өзгертулерге қарамастан, толығымен тұрақты дамушы нарықтық экономикаға сәйкес келмейді. Бұл жағдайдағы маңызды мәселе биліктің орталықсыздандырылуы.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы бюджетаралық қатынастардың принциптері мен реттеу нысандырмен теориялық жағынан толық танысу, ұғыну және де келешекте өз жұмыс тәжірибемде қолдану.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегі мәселелерді қарастыру керек:
- бюджетаралық қатынас және бюджет саясатын мәні мен мазмұның айқындай;
- бюджетаралық қатынастың принциптері, реттеу нысандарын зерттеу;
- шет елдердегі бюджетарылық қатынастар саясатымен танысу;
- Қазақстандағы бюджетаралық қатынастарға талдау жасау, мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджетаралық қатынастардың орны мен рөлін айқындау;
- Бюджетаралық қатынастардың реттеу саясатын қарастыру;
- Бюджетаралық қатынастардың дамуындағы мәселелерді зерттеу;
- Бюджетаралық қатынастардың дамуын жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмысты жазғанда қаржы-бюджет механизмі, бюджет құрылығысы мен бюджетаралық қатынастар жүйесінің теориялық және тәжірибелік аспектілерінің дамуы көрнекті авторлар еңбектерін пайдаландым, атап айытқанда К.К. Ильясов, В.Д. Мельников, С.М.Найманбаев,С.С.Сартаев, Л.У.Мырзабай, Д.Тлеужановалар және тағы басқалар.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР-сы ‡кіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты //Егемен Қазақстан.-2006.-25 шілде.-б 5-6
2. Әпсәләмов Н. Ә. , Исабеков Қ., Сұлтанов ¤. Экономикалық теория негіздері: Оқу құралы.-Алматы: Ғылым, 1999.-570 б.
3. Нәдіров М.Н. Шет мемлекеттер қаржылары: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2006.-240 б.
4. ¤тебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет: Оқулық.-А.: Экономика, 2006.-320б
5. Сартаев С.С. Найманбаев С.М. Бюджеттік құқық. Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы , 2006.-360 б.
6. Махмутова М. Совершенствование механизма межбюджетных отношений в Казахстане.-Алматы: 2001.-30б.
7. Мырзабай Л.У. Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедураның орны мен рөлі //Альпари.-2004.-№1.-64-68 б.
8. Мырзабай Л.У. Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден бір қайнар көзі //Альпари.-2004.-№4.-100-103б.
9. Оңалтаев Д.О. Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру. Автореферет.-2006.-30б.
10. Тлеужанова Д.А. Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы салықтардың реттеушілік механизмін жетілдіру. Автореферат.2006.-24б.
11. Тлеужанова Д. Бюджетаралық қатынастардың тұжырымдамалық негіздерін реттеуш салықтар көмегімен оңтайландыру //Қаржы қаражат.-2003.-№4.-59-64
12. ¤ткен жылғы бюджеттің атқарылуы, биылғы бюджеттің өзгерістері қаралды //Егемен Қазақстан.-2006.-21 маусым.1-2 б
13. Ілиясов Қ.Қ. Қаржы: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы:2005.- 552 б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I.Нарықтық экономика жағдайындағы бюджетаралық қатынастардың мәні мен
мазмұны
1. Бюджетаралық қатынас және бюджет саясаты туралы түсінік ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Бюджетаралық қатынастың принциптері, реттеу нысандары ... ... ... ... ... ... .8
2. Шет елдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

II.Қазақстандағы бюджетаралық қатынастарға талдау
2.1 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджетаралық қатынастың орны мен
Рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...13
2. Бюджетаралық қатынастарды реттеу саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3. 2009-2011 жылдарға бюджетаралық қатынастар жүйесіне талдау ... ... ... ... ..17

III.Бюджетаралық қатынастарды қамтудағы мәселелері және оны шешу жолдары
1. Бюджетаралық қатынастарды дамытудағы өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ...20
3.2 Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..24

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қосымшылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26-27

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы жағдайында Қазақстан
Республикасында бірқатар қаржы-экономикалық, бюджеттік үдерістерді нығайту
және әрі қарай дамыту бюджетаралық қатынастарды жетілдірусіз мүмкін емес.
Нақты теория негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесін түбегейлі қарастыру
талап етіледі.
Нарық қатынастарының тұрақты дамуы барысында мемлекеттік бюджеттің
рөлі де өзгереді. Мемлекеттік бюджеттің мағынасы көбінесе экономиканың әр
түрлі буынындағы табыстарды шоғырландыру мүмкіндіктерімен, экономикалық
саясаттың және одан тыс бағыттарымен оның орталықтандырылған бөлінуімен жиі
байланыстырылады. Жаңа бюджет және салық саясатын жүзеге асырудың алғы
шаралары әр түрлі бюджет деңгейлерінде шоғырландырылатын қаржы ресурстары
мөлшерінің оңтайлы жағдайы және әрбір деңгейдің бюджетінен
қаржыландырылатын шығындар көлемі және билік деңгейлері арасындағы
бюджетаралық қатынастардың іс-әрекетке қабілеттілік механизмін жасау болып
табылады.
Қазіргі кезде жүріп жатқан Қазақстан Республикасындағы терең саяси –
экономикалық қайта құрулар ұстанымпазды және бюджетаралық қатынастар
жүйесін құру мен бюджет құрылғысының проблемаларын шешуге дәлелді
көзқарастарды жасау және бюджет жүйесін реформалауға бағытталған белгілі
бір шаралар жиынын жүргізу қажеттілігін шарттады. Бюджетаралық қатынастар
жүйесі арқылы жүзеге асатын бюджет мәселелерін шешу бойынша әдіснамалық
ұсыныстар мен теориялық зерттеулердің негізделуі өз уақытында және маңызды
болып көрінеді.
Қазіргі бюджет-салық саясатының бірден бір басты мәселесі болып
республикалық және жергілікті бюджеттердің табыс базасын кеңейту мен
нығайту, қолданыстағы салықтар мен төлемдерді қысқарту арқылы салық
ауыртпалығын төмендету, салық салудың халықаралық тәжірибесінің үдемелі
әдісіне жақындау болып табылады.
Тұтастай алғанда Қазақстандағы әр түрлі билік деңгейлері арасындағы
қаржы-бюджет қатынастарының жүйесі көптеген өзгертулерге қарамастан,
толығымен тұрақты дамушы нарықтық экономикаға сәйкес келмейді. Бұл
жағдайдағы маңызды мәселе биліктің орталықсыздандырылуы.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы бюджетаралық қатынастардың
принциптері мен реттеу нысандырмен теориялық жағынан толық танысу, ұғыну
және де келешекте өз жұмыс тәжірибемде қолдану.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегі мәселелерді қарастыру керек:
- бюджетаралық қатынас және бюджет саясатын мәні мен мазмұның айқындай;
- бюджетаралық қатынастың принциптері, реттеу нысандарын зерттеу;
- шет елдердегі бюджетарылық қатынастар саясатымен танысу;
- Қазақстандағы бюджетаралық қатынастарға талдау жасау, мемлекеттік қаржы
жүйесіндегі бюджетаралық қатынастардың орны мен рөлін айқындау;
- Бюджетаралық қатынастардың реттеу саясатын қарастыру;
- Бюджетаралық қатынастардың дамуындағы мәселелерді зерттеу;
- Бюджетаралық қатынастардың дамуын жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмысты жазғанда қаржы-бюджет механизмі, бюджет құрылығысы мен
бюджетаралық қатынастар жүйесінің теориялық және тәжірибелік
аспектілерінің дамуы көрнекті авторлар еңбектерін пайдаландым, атап
айытқанда К.К. Ильясов, В.Д. Мельников, С.М.Найманбаев,С.С.Сартаев,
Л.У.Мырзабай, Д.Тлеужановалар және тағы басқалар.

I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙДАҒЫ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МӘНІ МЕН
МАЗМҰНЫ
1.1. Бюджетаралық қатынас және бюджет саясаты туралы түсінік

Бюджеттік процестегі жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттер
деңгейлері арасындағы қатынастарды бюджетаралық қатынастар деп есептейді.
Бюджетаралық қатынастар республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу,
бекіту, атқару, сондай-ақ бюджеттік процесс ауқымындағы орталық және
жергілікті мемлекеттік билік органдарының бюджеттік құзыретін (құқықтарын)
нақтылы айқындау және бекіту, олардың құқықтарын, міндеттерін және
жауапкершіліктерін сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының тиісті
мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының
арасындағы (бюджеттік) қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Бюджетаралық қатынастар бюджеттік жүйенің қаржылық ресурстарын пайдалану
және басқару тиімділігін арттыруды нысаналайды, сондай-ақ әкімшілік-
аумақтық құрылыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігін
арттыруға қолайлы жағдай жасауды көздейді.
Сонымен, республикалық және жергілікті бюджеттердің бюджеттік процестегі
өзара қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.
Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің
бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіктерді шектеу, тұрақты
және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін
анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттеріненен
төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған
шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты
шығындардың орнын толтыру, қайтымды арқылы және ақысыз негізде уақытша
көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік
деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды
біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық
билік органдары арасында пайда болатын, экономикалық-құқықтық қатынастар.
Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктерді мынадай:
- біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік
үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;
- екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы
қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.
Бюджет жүйесі – мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық
нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік
принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету
маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.[8,
10]
Бюджетаралық қатынас – мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі.
Саяси тұрақты қоғамды және өнімі өспелі ұлттық экономиканы құру аумақаралық
айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық
қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады:
- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін
жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және
заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату;
- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіктерге бара-бар
шығындар шамасын негіздеу;
- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және
анықтауды көздетін кірістерді тарату.
Бірден ескеретін маңызды жайыт, бюджеттік процесте республикалық
бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен өзара
тікелей қатынастарына жол берілмейді.
Мәселен, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджетінің бюджеттік процесс ауқынымындағы басқа облыстық бюджеттермен,
республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерімен өзара қатынастарына, сондай-
ақ бюджеттік процесс ауқымындағы аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)
бюджеттерінің бір-бірімен өзара қатынастарына тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен орталық мемлекеттік органдар және
облыстардың жергілікті атқарушы органдары заңнамада көзделген жағдайларды
есепке алмағанда, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
бюджеттік процесіне араласа алмайды.
Бюджетаралық қатынас мән-жайына орай шығыстарды немесе түсімдердің
жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру тек Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесі – ол басқару субъектілерінің
әрекеттесуін реттейтін бас механизмдерінің бірі, яғни республикалық пен
облыстық, облыстық пен аудандық билік деңгейлері арасындағы өзара әрекеті.
Олар әр түрлі бюджеттердің кірістері мен шығындарын қалыптастыруда
пайдаланады және солар арқылы мемлекет бюджеттік өзара байланыстар мен
бюджеттік ағындарды тағайындайды және бір ортаға топталған ресурстарды
таратады.
Бюджетаралық қатьнастар жүйесі заңмен айқын тағайындалған мемлекеттік
басқару деңгейлері арасындағы өкілеттік пен фукнцияларды және бюджеттердің
әр деңгейі бойынша шығындарды жіктеу, халыққа қызмет көрсетудің бірыңғай
стандарттарын қамтамасыз ету, түсімдерді бюджет деңгейлері арасында
бірыңғай тәртіпке бөлу және бюджетааралық қатынастарды анықтайтын
әдістердің бірлікті және ашық болуына негізделеді. Сонымен қатар бұл жүйе
келесі негізгі мақсаттарды шешуін қамтамасыз етуге тиісті:
- мемлекет көрсететін қызметтер минимумын елдің барлық аумағындағы
барлық азаматтарға кепілдемелі қамтамасыз ету;
- бюджеттердің барлық деңгейінің өзін-өзі қаржы жеткіліктілігін
қамтамасыз ету;
- бюджет деңгейлері арасындағы қаржылық ағындарды ретке келтіру;
- аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқалыпты деңгейін
қамтамасыз ету.
Қаржылық сияқты, бюджеттік қатынастар да тікелей қатысушысы
мемлекеттік бюджетке, қаржы санатын тұтастай ерекшелейтін осындай жалпы
қасиеттер тән. Қаржылық сияқты, бюджеттік қатынастар да тікелей қатысушысы
мемлекет болатын беру үдерісінде пайда болады, әрдайым ақшалай түрде іске
асырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
арналған мақсатты ақша қорларынының қалыптасуы мен пайдалануына себеп
болады.Мемлекеттік бюджет әрқашан да әлеуметтік сала мен экономиканың
дамуына әсер етуші маңызды құрал болып келді. Оның көмегімен мемлекет,
ұлттық табысты қайта бөлуді іске асыра отырып, қоғамдық өндірістің
құрылымын өзгерте, шаруашылық етудің нәтижесіне әсер ете, әлеуметтік
жаңартулар енгізі алады.
Қаржы жүйесінің орталық буына болатын бюджет оның экономикалық
табиғаты мен қоғамдық бағытталуымен шартталған қоғамдық өндірістің аумақтық
және салалық үйлесімдерін реттеуге кең мүмкіндіктер алады.
Нарықты экономиканың тұрақты дамуы жағдайында мемлекеттік бюджет өз
рөлін жоғалта алмайды және жоғалтпауы тиіс. Қоғамдық өндіріске бюджеттің
ықпалының әдістерінде өзгерістер болуы мүмкін. Бұл өзгерістер бюджет
қатынастарын түбегейлі қайта құру мен жаңа қағидалы бюджет механизмін
қалыптастыру керек.[4, 64]
Бюджет қатынастары – мемлекетпен, халық, мекемелер, кәсіпорындар
арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ,
онда бір жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекемелер мен халық қаражаттарын
ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің
мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және
коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы
реттеу қызметіне пайдаланады.

1.2. Бюджетаралық қатынастың принциптері, реттеу нысандары

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес бюджетаралық
қатынастар келесі принциптерге негізделеді:
- облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің
республикалық бюджетпенен, аудан бюджеттерінің облыс бюджетімен
арақатынастарындағы теңбе-тендік;
- түсімдерді шектедің келесі критерийларын сақтай отырып оларды тиімді
бөліп тарату;
а) сыртқы факторлардың әсерінен тәуелді емес және тиянақты сипаттағы
салықтық емес түсімдерді төмен тұрған бюджеттер бойы бекіту;
ә) мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер үшін төлем түрдегі
салықтық және салықтық емес түсімдер осы қызметтерді қаржыландырған
бюджеттің кірістеріне есепке алынады;
б) қайта бөлу сипаты мен бір қалыпты емес жайғастыру салықтық базасы бар
салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлері бойынша бекіту;
в) салықтар мен басқа да міндетті түрдегі төлемдерді ең жоғары дәрежеде
жиналуын қамтамасыз ету бюджет деңгейі бойынша бекіту;
г) айқын аумақтық байлауы бар салықтық база бойынша жиналатын салықтарды
жергілікті бюджеттер артынан бекіту;
- ҚР әкімшілік-аумақтық бірліктерінің минималды бюджеттік қамтамасыз ету
деңгейлерін теңестіру;
- Жергілікті атқарушы органдарының мөлшерлес деңгейдегі мемлекеттік
қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
- Мемлекетік қызметтерді неғұрлым тиімді және нәтижелі өндіру мен
көрсетуді қамтамасыз ету мүмкіншілігі бар билік деңгейі бойынша бюджеттік
қызметтерді бекіту арқылы оларды атқарудың максималды тиімділігі мен
нәтижелігі;
- Бюджеттік қызметтер сапасын жоғарлату мен олардың қажеттілігінің
есебін жақсарту мақсатпен сол қызметтерді атқаруын бюджет жүйесінің
неғұрлым төмен деңгейіне жүктеу арқылы бюджеттік қызметтерді
көрсетудеңгейін оларды алушыларға максималды жақындату;
- Әрбір бюджет деңгейінің алынған ресми трансферттер мен несиелерді
тиімді және мақсатты пайдалануына жауапкершілігі.
Бюджеттік кодексте бюджетаралық қатынастырды реттеу формалар түрлері
ретінде келесілер көрсетілген:
- республикалық бюджет пен облыс, республикалық маңызы бар қала мен
астана бюджеттері арасында – ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер;
- облыстық бюджет пен аудан, облыстық маңызы бар қала бюджеттері
арасында - ресми трасферттер, бюджеттік несиелер мен кірістер бөлу
нормативтер.
Бюджеттік реттеу бюджет ресурстарының нақты ағындарын есепке алумен
бірге іске асырылады. Бюджеттік ағындар бюджеттік ресурстарды пайдалану
бағыттарына байланысты жоғары көтерілуші ағын мен төмен түсуші ағындарға
бөлінеді. Жоғары көтерілуші ағын арқылы республикалық бюджет кірістері
қалыптасады, ал төмен түсуші ағын жоғары тұрған бюджеттен төменгі
бюджеттерге қаржылық ресурстардың қосымша түсімдерін қамтамасыз етеді.
Сондықтан, әр ағынның қалыптасу қажеттілігіне байланысты оларды реттейтін
нақты механизмдері анықталады.
Бюджет қаражаттарының жоғары көтерілуші ағынын реттеу механизмдері
мемлекеттің салық саясатында анықталады және салықтық заңнамаларда
бекітіледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу формаларын анықтағанда
бюджеттердің әрбір деңгейлері бойынша салықтық потенциал, аймақтар бойынша
бюджеттік мұқтаждықтарын объективтік бағалау нәтижелері, бюджеттік
нормативтер және халықты мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз етудің
бірыңғай стандарттары есепке алынады. Ал бюджетаралық қатынастарды
реттеудің нақты формалары орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес
тағайындалады.
Төмен түсуші ағын қозғалысын реттеу әр түрлі бюджеттік субсидиялау
әдістерін (субвенция, дотация, бюджеттік несие, ресми трансферттер)
пайдалану арқылы іске асырылады.
Дотация – ақшалай қосымша көмек – ол жоғары тұрған бюджеттен томенгі
тұрған бюджеттер тапшылығын теңгеру үшін мығым тағайындалған шараларды
қаражаттандыруға берілетін ақша құралдары.
Несиелік бюджет ресурстары – ол жоғары тұрған бюджеттен төменгі
бюджеттерге несие түрде пайызбен немесе пайызсыз міндетті қайырылатын
ақша құралдары. Бюджеттік несиелер заңнамалар мен бекітілген ережелерге
сәйкес тек қана инвестициялық жобаларды іаке асыруға беріледі.
Ресми трансферттер – ол гранттардан басқа ақысыз және қайтарылмайтын
бюджет түсімдері немесе бюджет шығындары.
Кірістерден алынатын пайыздық бөлектеулер нормативтері бірыңғай әдістеме
пайдалану арқылы тағайындалады. Оларды есептеу әдістерін жергілікті
мемлекеттік билік органдары жасайды, себебі, кірістер бөлу нормативтері тек
қана бюджет жүйесінің облыс және аудан деңгейлері арасында қолданылады.
Төмен тұрған бюджеттерге қаржылық жәрдем көрсетудің бірыңғай әдістерін
қолдану арқылы елдің әр түрлі аймақ тұрғындары мемлекеттік қызмет
тұтынуының стандарттық бірыңғай деңгейін қамтамасыз ету көлбеулі
(горизонталды) бюджеттік теңестірудің маңызы болады. Сондықтан көлбеулі
бюджеттік теңестіру механизмі аумақтар бойынша мемлекеттік қызмет
тұтынудың деңгейі мен әрбір билік деңгейі үшін сол қызметтердің ұүның
теңестіру тиіс. Мұндай механизмнің әр түрлі әдістер пайдалануына
негізделеді.
Ең көп таралған әдіс – ол ресми трансферттер механизімін пайдалану. Олар
жалпы сипаттағы трансферттер, мақсатты ағымдағы трансферттер және дамуға
арналған мақсатты трансферттерге бөлінеді. Мақсатты трансферттер мен
несиелік ресурстар жергілікті атқарушы органдармен тек қана олардың
мақсатты емес белгілеулеріне сәйкес пайдаланады. Қаржылық жыл бойы
пайдаланбаған немесе мақсатты емес белгілеулерге пайдаланған мақсатты
трансферттер мен несиелік ресурстар сомалары міндетті түрде жоғары тұрған
бюджетке қайтарылады.
Жалпы сипаттағы ресми трансферттер манында бюджеттік субвенциялар мен
бюджеттік алып тастау болады. Бюджеттік субвенциялар ретінде республикалық
немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома көлемінде жоғары тұрған
бюджеттен төменгі бюджетке берілетін қаржы құралдары табылады. Олардың
көлемдері жыл сайын абсолюттік сомамен тиісті жергілікті бюджеттің
түсімдері мен шығындары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Жалпы
сипаттағы ресми трансферттер жергілікті бюджеттерді бюджет қаражаттарымен
қамтамасыз ету мен стандарттық деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуге
тең фискалдық мүмкіншілік беруді көлбеулі теңестыруга бағытталады.
Жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемін есептеу әдісі, бюджеттік
субвенциялар және бюджеттік алып тастаудың төлем тәртібі мен мерзімі үш
жылға Қазақстан Республикасының ‡кіметі бекітеді. Жалпы сипаттағы ресми
трансферттер көлемін есептеуде мемлекет бақылап реттей алмайтын аймақтар
арасындағы объективтік ерекшеліктер есептеледі.[4,67]
Мақсатты ағымдағы трансферттер манында жоғары тұрған бюджеттен төменгі
бюджетке берілетін бюджеттік алып тастау немесе субвенциялардан басқа бөлек
бір ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға арналған бекітілген
сома көлеміндегі ресми трансферттер қарастырылады. Оларды тек қана
мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар мен ‡кімет немесе
жергілікті атқарушы органдардың қорынан қаражатталатын шараларды
орындауға беруге болады.
Дамуға арналған мақсатты трансферттер болып жоғары тұрған бюджеттен
томенгі бюджеттерге республикалық немесе облыстық инвестициялық жобалар
мен бағдарламаларды іске асыруға берілетін бекітілген сомалар көлеміндегі
ресми трансферттер табылады.
Кейбір бюджеттің өз кірістері мен басқа да бюджеттік реттеу құралдары
жетпегенде оларға ағымдағы шығындарын өтеу үшін ақысыз және қайтарымсыз
негізде дотация ретінде бюджет қаражаттары беріледі. Ал, егерде бюджетке
немесе заңды тұлғаға ашықтан-ашық мақсатты шығындарын өтеуге ақысыз және
қайтарымсыз негізде бюджет қаражаттары берілсе, онда олар субвенция болып
есептеледі.

1.3 Шет елдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты

Барлық елдерде бюджет пен мемлекеттік органдарды қаржыландыруға қажетті
қаражаттарды шоғырландыру үшін ғана қажет емес, сондай-ақ мемлекетте
тұрақтылықты қолдауға аймақтар арасындағы табыстарды ішінара қайта бөлу
үшін де қажет.
Мемлекетің ауқымы мен өзіндік ерекшелігі елде көп деңгейлі басқару
жүйесін құруды қажет етеді. Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ¦йымының
қалыпты бюджет әдістемесіне сәйкес басұарудың үш деңгейі бар: орталық,
аймақтық (Америка Құрама штаттарында штаттар, Швейцарияда кандондар,
Канадада провинциялар, Жапонияда префектуралар және т.б.) және анағұрлым
ұсақ әкімшілік-аумақтық құрылымдар біріккен жергілікті органдар. Әрбір
басқару деңгейінің өз бюджеті болады және олар өздерінің бюджеттік
өкілеттілігінің шеңберінде әрекет етеді. Нақты тұжырымдалған нормаларға
негізделген әр түрлі билік деігейлері бюджетінің дербес қызмет етуі және
олардың өзара қатынасы бюджетаралық қатынастар негізін құрайды.
Барлық деңгейлер бюджетінің өзара әрекет етуі және барлық елдегі бюджет
жүйесінің біртұтастығы бюджет жүйесі деңгейлері арасындағы салықтардың
қайта бөлінуі есебінен қамтамасыз етіледі. Жекелеген бюджет деңгейлері
арасындағы салықтарды бөлуге тәсілдер әр түрлі болып келеді.
Бюджеттік реттеу салдарынан әр түрлі бюджет жүйесі деңгейінің өзара
әрекеттері жүзеге асады.
Бюджеттік реттеудің әдістері болып: бюджет жүйесіне енетін жекелеген
бюджет түрлері арасындағы шығыстарды бөлу; жекелеген бюджет түрлерінің
бекітілген табыстарын белгілеу; бюджетаралық дотация; бюджетаралық
несиелендіру.
Бюджеттік реттеудің әлемдік тәжірибесінде көптеген елдер теңестіруші
қорларды пайдаланады. Әдетте, олар орталық бюджетке қосылады, бірақ та
кейбір елдерде, мысалы Данияда аумақтық биліктермен жеке құрылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді тұтынуды теңестірудің классикалық мысалы
болып бөлудің жапондық формуласы болуы мүмкін. Мамандардың ойынша,
күрделігі бойынша оның ұқсастығы жоқ. Орталық бюджеттен аумақтық
биліктермен (префектурамен, жергілікті биліктермен) алатын жеңілдетілген
теңестыруші трансферт мынаған тең:
Т = қ – t
Мұнда, Т – теңестіруші трансферт,
Қ- базистік қаржы қажеттіктері,
t- базистік қаржылық табыстар.
Бұл жерде базистік қаржы қажеттіктері, сондай-ақ базистік қаржылық
табыстар базалық кезеңге аумақ бюджетінің нақты орындалуымен ешқандай
ортақтығы жоқ.

Көптеген елдер теңестіру формуласын пайдалануда нақты бюджет шығыстарын
көрсетуден бас тартады.Өйткені, ол қаржы қажеттіктерінің көлемімен сәйкес
келмейді. Сондай-ақ, теңестіруші трансферттер аумақтық билік құзыреті
шегіндегә шешімдерді қабылдау үдерісіне араласпауы, әр түрлі деңгей
бюджетінің дербес қызмет етуінің бұзылуы ұстанымпазды маңызыды болып
саналады. Мақсатты және сондай-ақ теңестірүші трансферттер әдетте осы
қаражаттардың шығындалуын орталықтың бақылауын күшейтумен жүргізіледі.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінің
ұзақ мерзімді баланстануын және дербестігін жоғары бюджеттерден субвенция,
субсидия, трансферттер және қаражат бөлудің басқа формаларын бөлу көмегімен
төменгі деңгейдегі бюджеттерге қаржылық көмек көрсету негізінде емес, ең
бірінші салықтық бөлулер әдістерімен қамтамасыз ету қажет.
Германия тәжірибесіне көңіл аударуға болады. Мұнда жерлердің жанбасылық
салықтық кірістерін теңестыру процесі, жерлердегі тұрғындар санына
байланысты қосылған құнга салық бөлігін жерлер арасында бірыңғай формула
бойынша таратудан басталады (жерлердегі бір тұрғынға есебімен). Бұл белгеле
деңгейде сол немесе басқа жерлердің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік
береді. Нәтижесінде, әрбір жерде бөлінген қосылған құн сомасы мен сәйкес
аумақтарда жиналатын немесе таратуға жатқызылатын салықтың жалпы көлемі
арасындағы қатынасты қарастырса, онда алынған проценттік үлестер барлық
жерлер үшін бірдей емес, дифференциалды болады. [7,12]
Жоспарлы директивалық қаржы саясаты экономиканы басқарудың әкімшілік-
әкімшілік жүйесімен жүретін елдер қолданады. Мемлекеттік меншікке
негізделген мемлекетті басқарудың жоспарлы жүйесі экономикалық, әлеуметтік
өмірдің, сонымен қатар қаржылық саланың барлығын тікелей директивалық түрде
басқарып отырады.
Бұл жағдайларда қаржы саясатының мақсаты – мемлекеттік жоспарға сәйкес
қаржылық ресурстардың мемлекетке жинақталуын жоғары деңгейде қамтамасыз
ету.
Әлемдік тәжірибеде жиналатын салықтарды бөлу проблемаларын шешудің үш
жолын ұсынады: 1) салықтарды алу бойынша өкілеттілікті шектеу және оларды
белгеле билік деңгейіне бекіту; 2) салық салу базасын бірігіп пайдалану; 3)
салықтарды үлестік бөлу.
Салықтарды және салықтық өкілеттіктерді шектеу мәні, мемлекеттегі
биліктің әрбір деңгейі өзінің салықтарын жинауға және тағайындауға толық
құқық және жауапкершілік алатындығына негізделеді. Бұл кезде билік
деңгейлеріне тиісті салықтарды алуға жәнепайдалануға ғана емес, сонымен
қатар салықтар мөлшерлерін бекітуге және салық салу базасын анықтауға
құқылы болады.

II. ҚАЗАҚСТАНДА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ТАЛДАУ

2.1. Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджетаралық қатынастың
орны мен ролі

Бюджетаралық қатынастары – мемлекетпен, халық, мекемелер, кәсіпорындар
арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ,
онда бір жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекемелер, мекемелер мен халық
қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне
жұмылдырады және өзінің мемлекетік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ
коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және
тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр
түрлі болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру және қаражаттандыру;
мемлекеттік инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің қорғаныс салаларының
айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайта құруына
әсер ету. Мұнда кіріс немесе шығыс баптарын ұлғайту немесе азайту қатынасы
саяси кеудемсоқтыққа байланысты елдің халықпен айла-шарғы жасау қаупі
туындайды. Осыған орай, бюджет саясатының қалыптасуы, оның іске асуының
бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана байланысты
емес, сондай-ақ саяси кеудесоқтықты көрсетеді.
Егер, бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы заңдылықтарының
анықталуы негізінде емес, ал ол көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер
нәтижесінде анықталады, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі
өзгеру үстінде болады, яғни тек экономикалық саланың қайта қалыптасуы
нәтижесінде ғана емес, сондай-ақ биліктің осы немесе өзге саласының
жағдаяттық пайымдауынын.
Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып бюджет саясаты
табылады, ол салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік
белсенділік деңгейіне мемлекетің әсерін көрсетеді.
Мемлекеттік бюджет санатына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, бірақ та
қаржының қасиеттері шегінен шықпайды, бірақ сонымен қатар оны қаржы
қатынастарының басқа буындары мен салаларын ерекшелейтін айырмашылықтарға
ие. Бұл жерде біз құндық бөлудің айырмашылықты саласы ретінде мемлекеттік
бюджетті сипаттайтын ерекшеліктреге келесілер жатады:
- мемлекеттік бюджет мемлекет құзырындағы ұлттық табыстың бір бөлігін
оқшаулаумен және барлық қоғамның, оның жекелеген мемлекеттік-аумақтық
қалыптасуының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында пайдаланумен
байланысты қайта бөлу қатынастарының ерекше экономикалық түрі болып
табылады;
- бюджеттің көмегімен ұлттық табыстың, яғни ұлттық байлықтың халық
шаруашылығы салалары, ел аумақтары, қоғамдық қызмет салалары арасында
қайта бөлунуі жүреді;
- қаржының басқа буындарына қарағанда бюджеттік қайта бөлу құнының
үйлесімі көбіне, жалпы кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттіліктерімен
және қоғам алдында оның әрбір тарихи даму сатысында тұрған
мәселелермен анықталады.
Қазіргі кезде орталықтандырылмаған қаржы қатынастары саласындағы
өзгерістер, олардың орталықтандырылған қаржы жүйесіне қайта құру
қажеттелігін анықтайды және құрылуы екі өзара байланысқан мәселелерді
шешуді болжайтын жаңа бюджет механизмін қалыптастырады. Біріншіден,
нарықтық жүйені құрумен шаруашылық жүргізудің базистік негіздеріне
түбегейлі өзгертулер қажет; екіншіден, мемлекеттік билік қызметінің қатаң
құқықтық реттеу мен олардың қоғамның экономикалық мүдделеріне бағынуы
қажет.[8, 23]
Мемлекеттік бюджет әрқашан да әлеуметтік сала мен экономиканың дамуына
әсер етуші маңызды құрал болып келді. Оның көмегімен мемлекет, ұлттық
табысты қайта бөлуді іске асыра отырып, қоғамдық өңдірістің құрылымын
өзгерту, шаруашылық етудің нәтижесіне әсер ете, әлеуметтік жаңаратулар
енгізе алады.
Мемлекетік бюджеттің халық шаруашылығы үйлесімдерін реттуге белсене
қатысудың объективті негізі болып, оның мемлекетке қоғамдық өңдірістің өсу
мәселелеріне жауап беретін үлесімді салалық және аумақтық ақша қорларын
құруға мүмкіндік беретін бөлу қызметі табылады.
Нарықтық экономиканың тұрақты дамуы жағдайында мемлекеттік бюджет өз
рөлін жоғалта алмайды және жоғалтпауы тиіс. Қоғамдық өңдіріске бюджеттің
ықпалының әдістерінде өзгерістер болуы мүмкін. Бұл өзгеріске бюджет
қатынастарын түбегейлі қайта құру мен жаңа қағидалы бюджет механизмін
қалыптастыру керек.
Барлық елдерде бюджет тек мемлекеттік органдарды қаржыландыруға қажетті
қаражаттарды шоғырландыру үшін ғана қажет емес, сондай-ақ мемлекетте
тұрақтылықты қолдауға аймақтар арасындағы табыстарды ішінара қайта бөлу
үшін де қажет.
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы әсер етеді. Экономикаға
тұтастай әсер ету құралы ретінде бюджеттің бөлі және бақылау қызметі
осыдан көрінеді. Бюджет бюджет саясатының негізгі құралы ретінде
мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық буындарын біріктіреді. ‡лкен қаржы
ағындарымен басқарудың қажеттілігі осымен шартталған.

2.2. Бюджетаралық қатынастарды реттеу саясаты

Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейкесті және
күрделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтың экономикалық маңызы мен қызметі
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Мемлекеттік бюджеттің құрылуының жалпы сипаты
Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік саясат
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Бюджет мәні, оның экономикалық мазмұны мен функциялары
Жергілікті басқарудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет кірістерінің жүйесі
Бюджеттік процесс: оның кезеңдері
Пәндер