Бағалы қағаздар нарығы және оның экономикада қалыптасуы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

I. Бағалы қағаздар нарығы және оның экономикада қалыптасуы

  1. Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі . . . 4

1. 2 Бағалы қағаздар, оның мәні, жіктелуі және түрлері . . . 6

1. 3 Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығынын құрамдас бөлігі

II. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы

2. 1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы . . . 12

2. 2 Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі. …. 14

2. 3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері . . . 16

ІІІ. Бағалы қағаздар нарығын жетілдіру және дамыту жолдары

3. 1 Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі

3. 2 Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері

3. 3 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының жетілдіру жолдары

Қорытынды … . . . 22

Қолданылған әдебиеттер . . . 23

Қосымша

КІРІСПЕ

Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндегіең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.

90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері - халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық - экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:

  • эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздаар шығаратын шаруашылық субъектілері;
  • инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері - заңды және жеке тұлғалар;
  • бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар.
  • инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, және тағы басқа қорлар;
  • қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.

Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.

Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғаны айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғарғы білімді мамандар дайындау - уақыт талабы.

Курстық жұмыстын мақсаты мен міндеті Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайын білу.

Алға қойған мақсатқа жету үшін төмендегілерді қарастырамыз:

  1. Бағалы қағаздардың мәні мен түрлерін аңықтау, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы.
  2. Қазіргі кездегі бағалы қағаздар нарығы және қор нарығындағы банктің іс-әрекеті.
  3. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының болашағы мен проблемаларын зерттеу.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті. Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры - акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады.

I. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДА ҚАЛЫПТАСУЫ

  1. Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі

Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттік инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережемен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.

90-шы жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдіргендей нарықты қатынастарды одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталда, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жеке меншік иелері - халықтың меншігіне айналдыруы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының патенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігін алу және жеке меншіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделтті. Мемелекеттік кәсіпорындарды акционерлі қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіншілігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктен алудан гөрі, тиімді жағдайда лауға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруымен шұғылданады.

Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық-экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:

  • эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын

шаруашылық субъектілері;

  • инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ақытша бос ақша әне жеке

тұлғалар;

  • бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер,

диллерлер, инвестициялық басқарушылар және т. б. ;

  • инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т. б. қорлар;
  • қор биржалары, депозиторийлер, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.

Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.

Бағалы қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды кағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпарация капиталын бөлісуге қақалақ беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке-дара мекемелер арқылы сатылады. Сондай-ақ құнды қағазды шығарушылардың да, инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазга ақша құйған жеке адамдар) сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал ол қағаздың болошақ өтілуіне байланысты. Бағалы қағаздың бағасы қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық, жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғұрлым көп түсірсе инвестордың алатын үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығынға оотырып қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы мүмкін. Сондықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар болып акционерлердің қалт жібермейтін тірлігінің бір саласы. Облигация - сатып алған жеке адамдардың инвестордың эмитентке берген карызы іспетті. Инвестор облигацияны сатып алу арқылы қарызға ақша құяды, ал эмитент алдағы уақытта оның қарызын өсімімен қайтарады деген сөз. Үкімет орындары да облигация шығарып, кәдімгі салықтан түсетін табыс сияқты оны да мемлекеттік маштабындағы мәселелерді шешіп отырған, ұйымдардың мұқжатына жұмсайды. Сонымен, бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді. Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті. Бұл ақпар кейде инвесторға түсетін 3 айлық немесе жылдық есептің негізінде тумақ. Бағалы қағаз саудасын қолма-қол жеткізуге биржа көбіне брокерлер жалдайды да, одан түскен пайдадан жалақы төлеп тұрады. Сол сияқты бұл іске диллердің тартылуы мүмкін. Бұлардың екеуі де делдалдар, айырмасы диллер жалақы алмайды, түскен пайдаға белгілі мөлшерде еншілер. Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры - акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады. Әрине азаматтар ақшасын кәсіпорындарына өздері салуына да болады, бірақ инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) одан гөрі тиімдірек, қызметкерлері коньюнктураның құйтырқысын жақсы біледі, оның үстіне олар облигацияны анағұрлым арзанға алуы мүмкін. Бүгінде Қазақстан үкіметі көптеген кәсіпорындарын дотация арқылы және болымсыз процентпен несие ұстап отыр. Ертең олар жекеменшікке ауысқанда соларға кеткен қаржы әлеуметтік салаларды қамтамасыздандыруға жұмсалмақ. Сондықтан елдің экономикасын көтеруде бағалы қағаздың маңызы зор.

1. 2 Бағалы қағаздар, оның мәні, жіктелуі және түрлері

Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлеріне акция түріндегі бағалы қағаздар, облигациялар, вексельдер және бағалы қағаздардың басқа түрлері кіреді. Соның ішінде акция - үлесті немесе меншікті куәлндыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екніші нарықта сатуына болады. Акцияны шығару мына жағдайда болады:

  • меншікті акциаландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
  • бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
  • жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.

Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жәй және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады. Акция бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.

Акция бірнеше түрге жіктеледі, бір жағынан бір акционерден басқа беруге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жәй және артықшылықты акция деп екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында берілген акцияларды ғана шығара алады.

  1. Атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция.
  2. Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция.
  3. Жәй акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты девиденттер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушімен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.
  4. Артықшылықты акциялар (немесе преференционалды) - меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгілеген мөлшерде неғұрлым нақты дивидент төлеуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.

Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттеген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционарлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару - қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған шығынына тең болады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен, бұл екі бағалы қағаздардың бірін-бірінен түбегейлі өзгешіліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңызы мыналар:

  1. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады.
  2. Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді.
  3. Басқа несие беруші сияқты, облигация несиесінің дауыс беру құқы жоқ.
  4. Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады.

Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан қиылып алынатын талонды айтады.

Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді. Облигациялардың қамтамасыз етілуі деп оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтерін немесе мүліктерін салуды айтады. Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Қамтамасыз етілмеген облигациялар - жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда эмитеттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемелері.

Облигацияның рейтингі - олардың инвестициялық сапасын арнаулы фиралардың бағалауы. Әдетте, облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады. АҚШ-та, мысалы «Стэндарт энд пур» және «Мудиз инвесторз сервис» компаниялары рейтенг анықтаумен шұғылданады. Мудиз компаниясы облигацияны бағалауды төменгі түрде жүргізеді:

  • Ааа- өте жоғары сапа;
  • Аа- жоғары сапа;
  • А - ортадан жоғары сапа;
  • Ваа- орта сапа;
  • Ва- алыпсатарлық элементтері бар;
  • В - инвестицияға қажет белгілері жоқ;
  • Саа- төмен сапа;
  • Са- белгілі бір мөлшерде алыпсатарлық;
  • С - ең төмен сапа.

Ең жоғарғы рейтингілі облигациялар «инвестициялық класты» деп аталады. Төменгі рейтингілі облигациялар «алыпсатушылық» деп есептеледі.

Вексельдер өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель пайда болады.

Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.

Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуды ертеден келе жатқан ең басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны бір сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25 пайызын құрайды) . Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын аө\зайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.

Вексель несиені өтемеу қауіпімен байланысты болғандықтан, ол вексель берушіге шамалы болса да, сенім болғаны соң төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ал вексель иемденуші серітестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар, ол өте маңызды, оның төлеу уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігін де бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылдаған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы, нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.

Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:

  • Біріншіден, , яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
  • Екіншіден, оныңдауыссыздығы, яғни қарызды қандай жағдайда алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
  • Үшіншіден, , яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады.

Қолдану өрісіне қарай, вексель жәй және аудармалы вексель деп екіге бөлінеді. Жәй вексель айналысы төрт сатыдан тұрады:

  1. вексельді сатып алушы сатушыға береді;
  2. сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді (вексель берушіге) ;
  3. сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынады;
  4. сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді - вексельді өтейді.

Жәй вексельді пайдаланғанда тек екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қарастырмай-ақ белгіленген уақытта вексель иемденушісіне қарызын өтейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ.Р. қаржы нарығы
Капитал нарығы экономикалық негізгі нарықтың бірі ретiнде
Капитал нарығы
Туынды бағалы қағаздар
Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздардың түрлері
Құнды қағаздар нарығының түсінігі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz