Коммуникация жүйесі түсінігі


“ Коммуникация жүйесі түсінігі ”
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Жарнама ерекшеліктері:
- қоғамдық сипаттама алады;
- үгіттеуге қаражат қабілеттілігі бар сатушы жарнама өзінің хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады;
- мәнерлік - түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады;
- иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады.
Жарнаманың атқаратын қызметтері
- экономикалық бернесі - сұранысты қалыптастыру, өтімді ынталандыру, тұтынушыларға тауарларды алғызуды тездету арқылы "сату - алу" үдерісін тездетеді;
- ақпараттық бернесі - тұтынушыларды өндірушілер және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етеді;
- коммуникациялық бернесі - маркетинг зерттеулері кезінде қолданатын сауалдама, тұтынушылар пікірлерін жинау, тауар өтімін талдау арқылы жарнама рынокпен және тұтынушымен қайтара байланысын қамтамасыз едеті;
- бақылау бернесі - рыноктағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді;
- түзетім бернесі - өткізу саясатын және жарнама қызметін ұтымды жағына өзгертуге мүмкіндік жасайды;
- сұранысты басқару бернесі - нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсер тигізу жолдарын табуға мүмкіндік ашады.
Жарнама түрлерінің негізгі белгілері
Мақсатты аудиторияның
түріне қарай
Тауар жарнамасы - тауарға сұранысты қалыптастыратын және оған ынталандыратын жарнама.
Фирма (фирма беделі) жарнамасы - кәсіпорынның жағымды көрсететін жарнама.
Тікелей жарнама - жеке тұлғаға арналған жарнама.
Жанама жарнама - көпшілікке арналған жарнама.
Көз жарнамасы (баспа және сыртқы жарнамасы) .
Акустикалық жарнама (радиожарнама) .
Иіс сезу қабілетіне әсер ететін жарнама (хош иісті буклет немесе с. с. заттар арқылы)
Жарнама әрекетін жүргізудегі негізгі сатылары
Маркетинг жүйесіндегі жарнама қызметі біркатар сатыларға бөлінген кұрамдас үдеріс ретінде сипатталады.
Жарнама қызметін жүргізудегі негізгі сатылары
Жарнама мақсаттары кәсіпорын қабылдаған жалпы маркетинг және коммуникациялық стратегияларына сәйкес анықталады. Ол мақсаттарды екі үлкен топқа белуге болады:
1) тауарды өткізу саласына байланысты мақсаттар - сату көлемін молайтуға және тұтынушылардың тауарды сатып алуын ынталандыруға арналады;
2) коммуникация саласына байланысты мақсаттар - нақты идеяларды хабарлауға, кәсіпорынның бейнесін қалыптастыруға, тұтыну әдетін ыңғайлы өзгертуге бағытталады.
Жарнама мақсаты негізінде жарнамалық жариялау шешімдерін қабылдау тәсілдері анықталады. Алдымен үсынатын тауардың ерекше қасиеттері талданып, соның ішіндегі тұтынушыларға аса маңыздыларының тізімі жасалады. Одан кейін жарнамалық жариялаудың қандай мақсатты аудиторияға арналуын нақты анықтау керек.
Жарнамалық жариялауды дайындаған кезде мына мәселелерді шешу қажет:
1) жарнамалық жариялаудың құрылымын;
2) жарнамалық жариялаудың түрін;
3) жарнамалық жариялаудың бет-бейнесін. Жарнамалық жариялаудың құрылымы АIDА (Attention - назар, Interest - қызығу, Desire - ықылас, Action - әрекет) талаптарына сәйкее болуы қажет. Дұрыс құрастырылған хабарландыру тартымды да қызықты болады. Ол хабарландыруды адам қайтара оқуы, немесе көруі мүмкін. Хабарландырумен түгел танысып, жарнама объектінің дәлелдігіне толық сенсе, тұтынушы тауарды сатып алуы мүмкін.
Жарнамалық жариялаудың түрі тауарды тұтынушыға көрсету әдісіне : байланысты. Көрсету әдістерінің бірнешесі болады. Олар: тауардың ұнатымды жақтарымен клиенттердің пікірлерін игеру, қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауардың жағымды қасиеттерін анық және дәлелді көрсету, нақты жағдайда тауарды қолдану тәсілдерін көрсету, тұтынушының көңілін көтеру үшін әзіл-сықақ т. б. жағдай жасау.
Жарнамалық жариялаудың бет-бейнесі көзделген ойды тұтынушыға ауызша не жазбаша түрде жеткізуі керек. Жарнамада бес түрлі атқарымдық бет-бейнесін айыруға болады:
- ресми іскерлік;
- ғылыми түрде кәсібилік;
- жариялымдық;
- әдеби тілмен сөйлеу;
- дөрекі тілмен сөйлеу.
Жарнамалық жариялауды дайындаумен бірге жар құралдарын таңдау мәселелері де шешілуі қаже тарату құралдарын тандау кезінде мына сұрақтарға қажет болады:
Жарнама тарату құралдары анықталғаннан кейін қажет қаржы көлемі есептеледі.
Жарнама қаржы көлемі анықталғанда келесі факторлар есепке алынады:
- болжаған өткізу рыногының көлемі мен мөлшері;
- кәсіпорын маркетинг кешеніндегі жарнаманың ролі;
- тауардың өмір кезеңдері;
- бәсекелестердің жарнама шығындары;
- өзінің қаржы мүмкіндіктері.
Жарнама қаржысы коммуникация кешенінің жалпы шығындары сметасына енгізілуі тиіс.
Дәрежелі жарнама көптеген шығындарды талап етеді. Сондықтан жарнама қызметінің тиімділігін бағалау жұмысы өте маңызды орын алады. Оның өзі мынадай мүмкіндіктерді береді:
- жарнаманың пайдалылығы туралы ақпарат береді;
- әрбір жарнама тарату қүралдарының нәтижелілігін көрсетеді;
- әлеуетті тұтынушыларға жарнаманың оңтайлы әсер ету шарттарын анықытауды.
Жарнаманы тарату құралдары
Қазіргі кезде жарнама тарату қүралдарының көптеген түрлері қалыптасқан.
а) пошта хаттары, баспа материалдары
б) пошта арқылы видеокассеталар, видео-дисктер
а) анықтамалар, каталогтар
б) пресс-релиз, баспасөз хабарламасы
в) буклет
г) анықтама
а) газеталар
б) журналдар
а) радиожарнама
б) тележарнама
а) үлкен габариттік плакат
б) газжарығы құрылымдар
в) роллер г) мультивизио плакаты д) электронды панносы
а) кино және видеофильмдер
б) слайд-фильмдер
а) транспорт сыртындағы жарнама
б) транспорт салонындағы плакаттгю және хабарландырулар
а) витрина
б) тауар қорабы
в) зат таңбасы
г) назар аударуға арналған жазулар, таңбалар ("ай-стоппер")
а) көрме және жәрмеңке
б) компьютер жарнамаеы
в) кәдесый
г) купон, лотерея
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz