Педагогтың кәсіби-әдістемелік дайындығын дамыту мәселелері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PHD ДОКТАРАНТУРА ИНСТИТУТЫ
2. 4МОӨЖ
Ғылыми әдістемелік жоба
№9
ТАҚЫРЫБЫ:
«ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
»
ОҚЫТУШЫ: п. ғ. д., профессор Халитова И. Р.
МАГИСТРАНТ: Бертаева А. С.
АЛМАТЫ 2013
Ғылыми әдістемелік жобаның мазмұны
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Отанымызда білімді ойдағыдай жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. Соның нәтижесінде қазіргі таңда педагогикалық мамандық иелерінің кәсіби- әдістемелік дайындығын жетілдіруге жақсы жағдайлар жасалуда. Аймақтың білім беру жүйесін тұрақты дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін базалық ғылыми-әдістемелік орталықтар ашылуда. Ең бастысы, өңірде педагог кадр дайындау ісі заман талабына сай орнығып келеді. Иә, қазір жоғары оқу орындарына, оның ішінде жас ұрпақ тағдыры сеніп тапсырылған педагог мамандығын әзірлеуге қойылатын талап күн санап күшейіп келеді. Жалпы, педагогтар үнемі кәсіби- әдістемелік дайындығын жетілдіріп отыруы қажет. Бұл - уақыт талабы. Заманауи әдіснамалық негізде жергілікті жердегі білім басқармаларымен жоғарғы оқу орындары ынтымақтастықта кадр дайындау ісі өз жемісін беруде.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықта - ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты- саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті.
Жобаның мақсаттары мен міндеттері
Мақсаттары:
- Білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
- Педагогтардың кәсіби-әдістемелік құзыреттілігі мен психологиялық-педагогикалық мәдениеттік деңгейін жоғарылату.
- Болашақ педагогты кәсіби дайындау барысысын көрсету
Міндеттері:
- Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық ұжымның күшін біріктіру
- Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының қызметін педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағыттау.
- Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктерін практикаға енгізу.
Негізгі бөлім
Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема - жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Қазіргі заманғы педагогтар информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Елбасымыз Н. Назарбаев: «Педагог қауымының алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті- білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру. - адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Қазіргі заман мұғалімі - рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.
Педагогтардың кәсіби-әдістемелік білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің жаңа əдіс- тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі білім беру ордаларына ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде педагогтың кәсіби-әдістемелік білімін көтеруіне жұмыс орнында жағдай жасау керек. Ол үшін ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан да белгілі бір әдісті немесе іс шараларды іске асырмас бұрын педагогтың кәсіби-әдістемелік жұмысының мазмұнын анықтаған жөн. Ол үшін педагогтың жалпы мәдениеттілік даярлығы, әдістемелік, зерттеушілік, кәсіптік адамгершілік, тәрбиелік мәдениеті, диагностикалық жəне басқару мәдениетінің жиынтығы арқылы кәсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, оның кәсіби-әдістемелік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн. Жақсы мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Педагогтар күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының андай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.
Болашақ педагогты кәсіби дайындау барысы
Соңғы жылдары қоғамның ашықтығы мен ондағы қайта құрулар, еліміздің экономикасын дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Себебі, әлемнің жетекші елдері білім беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын, оның нәтижесіне қарап бағалайды. Осыған байланысты, білім берудің негізгі мақсаты, студенттердің алған білім, білік және дағдыларының негізінде, өзін-өзі дамытуға, ғылыми педагогикалық зерттеулерге, ғылыми конференциялар мен семинар, олимпиадаларға қатысуға, мағлұматтарды өз бетінше табуға, талдауға және ұтымды пайдалануға, өз ісін дұрыс атқаруға үйрету болып табылады.
Бұл, әрине, табысты жұмыс істей алатын іргелі білімі бар, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, оның өзгермелі талаптарына бейімделген, шығармашылық қабілеті жоғары педагог кадрларын дайындауды керек етумен қабат, жаңа бағдарламалар құруды, жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды керек етеді. Осыған байланысты, өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, болашақ педагогтың кәсіби дайындығының сапалық деңгейін көтеру мәселесіне арналған зерттеу жұмыстары көбейе бастады.
Әдістемелік дайындық, болашақ педагогтың кәсіби дайындығының ажырамас бөлігі болып табылады және оның кәсіби қызметінде атқаратын іс-әрекеттерінің әдістемелік аспектілеріне сәйкес, шешетін оқыту міндеттерінің ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік маңызға ие. Мектепте өтілетін әрбір нақты пәнді (физика, математика, химия, астрономия және т. б. ) оқытудың кез келген сатысында, шектес ғылыми білімдердің интеграциялануы мен әртүрлі педагогикалық ахуалдарда, оның арнайы міндеттерін, принциптерін, мазмұнын, формалары мен әдіс-тәсілдерін айқындау мен тағайындау арқылы оқытудың тиімді жолдарын талдау, анықтау және негіздеумен қамтамасыз ету әдістемелік дайындықтың басты функциялары болып табылады. Бұл жерде, педагогтың кәсіби дайьшдығының әдістемелік аспектісінің міндеті оқыту жолдарын негіздеу және таңдаумен шектеліп қана емес, сонымен қатар, студенттерді оқу-танымдық процестің сан-алуан әдіс-тәсілдеріне үйрету және олардың іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруды жүзеге асыру, яғни ғылыми педагогикалық зерттеулерге, ғылыми конференциялар мен семинар, олимпиадаларға дайындау мен қатыстыру екендігін ескерте кетейік.
Студенттердің кәсіби-әдістемелік дайындығы мынадай негізгі компоненттерден: бағыттылық, сәйкес білім, білік пен дағдылардың жиыны, дамыған логикалық ой-өріс пен сана-сезім, тұлғаға тән қабілеттер мен қасиеттер, іс-әрекеттерді атқару тәжірибелерінен құралады. Осы аталған компоненттерді қалыптастыру мен дамыту болашақ педагогтың кәсіби-әдістемелік дайындаудың басты мақсатын құрайды.
Бұл мақсаттарды, қоғам мен заманның, кез келген қазіргі білім беру жүйесінің болашақ педагогтың шығармашылық потенциалын, мүмкіндігін қалыптастыру мен дамыту талаптарына сай дәлдеу және толықтыру, педагогты жоғарғы педагогикалық оқу орнында кәсіби-әдістемелік дайындаудың вариативтілігі тұрғысынан қарағанда да аса тиімді екендігі байқалады.
Оқыту заңдылықтарының негізін қарастыруда, біз оны жүзеге асырудың, білім беру жүйесінің әртүрлі сатыларына және оның негізгі міндеттеріне (оқу курсы, жеке тарауды өтудің әдістемесі, кәсіби дайындық дәрежесін дамыту жүйесі және т. б. ) тәуелділігі ескерілетін, мынадай деңгейлерін бөлдік:
- оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары;
- қарастырылатын оқу материалының құрылымы мен мазмұны;
- оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың құрылымдық сипаты;
- оқу курсының мақсаттары мен негізгі міндеттерінің құрылымы.
Қазіргі кезеңде, болашақ педагогты кәсіби дайындау барысында, осы деңгейлер жүйесін жүзеге асыру, негізінен, студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әдістері мен формалары деңгейінде жүзеге асырылады. Бұл, әрине, педагогты кәсіби-әдістемелік дайындауды тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін объективті және субъективті факторлардың көп түрлілігін, көп жақтылығын есепке алуда жеткілікті емес. Педагогты теориялық және әдістемелік дайындау процестерінің интеграциялануы, оны кәсіби іс-әрекетке дайындаудың вариативтілігін, жоғарыда аталған деңгейлердің барлығында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық оқу орындарында болашақ педагогтың кәсіби дайындығының трансформациялануын, философиялық, педагогикалық және психологиялық идеялар мен заңдылықтардың негізінде іске асыратын, басты педагогикалық құралдар мыналар болып табылады:
- болашақ педагогтың кәсіби-әдістемелік дайындауда, оның оқу - танымдық іс-әрекетінің циклдік принципін жүзеге асыру;
оқу мазмұнына, педагогты кәсіби қызметке дайындығын қамтамасыз ететін, әдіснамалық білімдер мен біліктерді енгізу;
- арнайы және әдістемелік пәндердің құрылымын анықтауда, теориялық және кәсіби-әдістемелік білім, біліктер мен дағдылардың сатылығы мен қалыптасу мерзімін, оқу курсының қатаң сызықты кұрылуына жол бермейтін, оқу материалының маңыздылығы мен күрделілігінің біртіндеп артып отыруын қамтамасыз етілуін ескеру;
- оқытудың әрбір сатысының міндеттерін айқындау және оны орындау арқылы болашақ педагогтың аналитикалық, шығармашылық және рефлексивтік қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ету.
Сонымен, философиялық, психологиялық, педагогикалық арнайы және әдістемелік жұмыстар мен әдебиеттерге жан-жақты жүргізілген талдау мен сараптаулардың нәтижесінде, жоғары кәсіби білім берудің педагогикалық теориялары мен концепциялары әдіснаманың қазіргі жалпы ғылыми деңгейінде жүйелілік, қарекеттік және тұлғалық келістерге негізделетіні айқындалды. Оқытудың нақты концепцияларын тағайындау (әдіснаманың дербес ғылымилық деңгейі) осы келістердің өзара әсерлесу дәрежесімен, қатынастарымен, соның ішінде, айрықша, мақсаттарымен анықталатыны байқалды.
Педагогтың кәсіби-әдістемелік дайындығын жүзеге асыру осы келістердің жетекші, бір-бірін өзара толықтыратын идеяларын пайдалануға; студенттердің белсенділігі мен дербестігін өзіндік жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдердің негізінде дамытуға; оқу материалының мазмұнын беруді және оны ұйымдастыру формаларын таңдауды ғылыми негізде жүзеге асыру есебінен студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін, олардың келешек мектепте атқаратын кәсіби қызметіне адекватты ұйымдастыруға; болашақ педагогтың кәсіби бағытталуын анықтайтын және жүзеге асыратын мотивациялық шеңберін кеңітуге негізделеді.
Болашақ педагогты кәсіби дайындауда, бұл идеяларды жүзеге асырудың негізгі шарты ретінде, студенттердің белсенді әрі жемісті оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетпен айналысуын қамтамасыз ететін, оқу-танымдық және әдістемелік тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін құру, теориялық білімдерін кеңейтуді мақсат тұтатын, оларды еркін қолдануға үйрететін арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру саналады. Әрине, осының негізінде оқытудың дифференциалдық және жекелендіру формалары мен түрлері камтамасыз етіледі. Қазіргі кезде, қоғам мен заманға лайық педагог дайындаудың тиімділігін арттырудың жолдарын тағайындау, құралдарын анықтау жоғары оқу орындарының оқытушыларының практикасында да жүзеге асырыла бастады. Еліміздің әртүрлі аймақтарында өтіп жатқан республикалық, халықаралық конференциялардағы оқыту әдістемесіне арналған материалдарға жасалған талдаулар мен талқылаулар, осы аталған мәселелерді шешудің негізгі бағыттарының қатарына мыналар кіретінін көрсетті: оқу материалының теориялық жалпылануын арттыру; студенттерді келешек кәсіби қызметіне қажетті әдіс-тәсілдерді еркін қолдануга үйрету; студенттерде арнайы және әдістемелік пәндердің материалдары мен зерттеу әдістерін құрылымдық тұрғыда жүйелеу біліктерін қалыптастыру.
Осы аталған талаптарға сәйкес, болашақ педагогтың кәсіби қызметке дайындық деңгейін дамытудың әдістемелік жүйесі өзінің құрылымы, функциясы және құралатын элементтерінің функциялары мен өзара байланыстары арқылы сипатталады. Педагогикалық университтер мен институттарда болашақ педагогты кәсіби қызметке дайындаудың әдістемелік құраушысының жетекші функцияларының қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- болашақ педагогтың кәсіби қызметіне ізденімпаздық, шығармашылық көзқарас қалыптастыру (мотивациялық-құндылық функциясы) ;
- педагогтың өзінің кәсіби қызметін тиімді, әрі табысты атқаруға қажетті іргелі теориялық, кәсіби-әдістемелік және әдіснамалық білімдер мен біліктер комплексін, жиынын қалыптастыру (оқыту, бақылау және әдіснамалық функциялар) ;
- болашақ педагогтың сана-сезімін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру (дүниетанымдық функция) ;
- педагогтың, іздену-эвристикалық, оқу-зерттеу деңгейлеріндегі, практикалық кәсіби іс-әрекет, қызмет тәжірибесін қалыптастыру (кәсіби- практикалық функция) .
Осыларға сәйкес педагогтың кәсіби қызметке дайындаудың әдістемелік жүйесінің құрылымы, шартты түрде, мынадай негізгі үш компоненттен: мақсаттардан; құралдардан және алынған нәтижелерден құралуы тиіс.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ педагогтың кәсіби-әдістемелік дайындау жүйесінің мақсаттары, олардың иерархиялық кұрылымын бейнелейтін, компоненттік құраушылары мен өзара байланыстары тұрғысынан ашылуы тиіс. Мақсаттардың құрамын анықтауда, іс-әрекеттік келістің талаптары жетекші деп саналып, қалыптасатын іс-әрекеттердің терминдері арқылы тұжырымдалуы тиіс. Бұл кезде, мақсаттардың амалдық компоненттері ретінде педагогтың теориялық, кәсіби-әдістемелік дайындықтарының элементтері алынады. Бірақ, іс-әрекеттердің жеке элементтерін жүзеге асыру белгілі білімдер мен біліктер жиынын игеруді талап ететіндіктен, олардың тізімі іс-әрекеттердің түрлері мен элементтерін нақтылайды.
Тұлғалық келіс тұрғысынан, адамның бойындағы бұрыннан қалыптасқан рухани және мәдени-құндылықтарды есепке алмай, кез - келген іс-әрекетті орындау мүмкін емес. Сондықтан, мақсаттардың амалдық комплексі, жиыны тұлғада сапалық қасиеттер қалыптастыру мақсаттарымен; бағыттылық; логика; ойлау; сана-сезім және т. б. толықтырылуы керек. Осы аталған талаптар, педагогикалық университеттер мен институттарда болашақ педагогты кәсіби қызметке дайындаудың әдістемелік жүйесіндегі мақсаттар компонентін құруда жүзеге асырылады. Ұсынылып отырған әдістемелік жүйенің негізгі міндеті, болашақ педагогтың кәсіби-әдістемелік іс-әрекеттерінің сан-алуан элементтеріне сәйкес және оларды ғылыми негізде ұйымдастырудың мүмкіндіктерін ескеру арқылы анықталды.
Кәсіби-әдістемелік іс-әрекеттердің элементтері мұғалім, оқушы және информацияның арасындағы өзара әсерлесулердің мүмкін болатын түрлерімен анықталады. Бұл жерде педагогтың келешекте атқаратын қызметінің мынадай негізгі түрлері: оқу-әдістемелік жұмысы, студенттердің танымдық, ізденімпаздық іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға бағытталған және өз бетінше білімін толықтыруы мен өзіндік оқу-зерттеу жұмыстары қарастырылуы тиіс.
Педагогтың кәсіби кызметке дайындығын дамытудын әдістемелік жүйесінің негізгі мақсаттарының амалдың компоненттерінің құрамына, оларға өзінің ұстаздық қызметін жемісті атқаруға қажетті білімдер мен біліктер; студентердің сабақтан тыс жұмыстарының сан алуан түрлерін еркін қолдануды жүзеге асыруды және оны әдістемелік негізде дайындауды игеруін қамтамасыз ететін, оқу-әдістемелік білімдер мен біліктер жиыны; оқу-танымдық, ізденімпаздық және шығармашылық іс-әрекеттерге жұмылдырудың әдіс-тәсілдері, жолдары және т. б. ) ; оқытудың әдістерін, тәсілдері мен құралдарын ғылыми негізде жетілдіріп отыру және оқу процесінде туындаған түрлі ахуалдарда оларды сауатты қолдануға мүмкіндік беретін арнайы біліктер енгізілді.
Ғылыми және практикалық маңызы жоғары жалпы психологиялық-педагогикалық теорияларда, оқытуды ұйымдастыру мен басқарудың негізі болып табылатын, күрделі динамикалық жүйелердегі процестер мен күйлерді оптимизациялау және реттеу идеялары жүзеге асырылады.
Біз, өз зерттеуімізге байланысты, студенттерді оқушылардың оқу-танымдық және әдістемелік біліктерін қалыптастыруға дайындау мәселесін қарастырайық. Мысалы, оқу процесінде студенттер білімін толықтырумен қабат, оны игерудің тиімді тәсілдерін меңгеруі қажет. Бұл, көптен бері зерттелініп келе жатқан мәселе және көп жағдайда, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырумен тығыз байланыста қарастырылады. Әрине, бұл біліктер оқытушының келешек қызметінде ауадай қажет, себебі, заман талабына сай, студентердің кәсіби дайындауда, оларды тұтынатын еңбек әлемінде, ғылымда, техникада және экономикада қандай өзгерістер мен ағымдар туып жатқанын ескеріліп отыруы тиіс. Осыған сәйкес, жоғары оқу орындарында өзінің келешек кәсіби қызметіне және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тез бейімделетін, өздігінен білімін толықтыра алатын, өзін-өзі дамытатын, өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын сапалы мамандар дайындалуы қажет. Олай болса, болашақ мұғалімді дайындауда, оның іргелі теориялық және әдістемелік дайындығына басты назар аударылып, ұстаздык қызметтің шығармашылық сипаты ескерілуі керек /3/
Біздің зерттеу проблемамыз, педагогты кәсіби даярлау процесіндегі орнын анықтау үшін, психологиялық дайындықтың барлық түрін, ескеруді талап етеді. Сонымен қатар, психология ғылымының, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетке дайындық күйінің пайда болуы мен даму шарттарына қоятын талаптарын білу де өте маңызды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz