Қазақстанның Болон процесіне енуі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы - еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж. ) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. [1]

Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат түтады. Болон процесінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сыйқұрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресмизаңдық тұрғыда Болон процесі Батые Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. [3]

1999 жылдың 19 маусымында, Болон қаласында өткен арнайы конференцияда 29 еуропалық елдердің министрлері «Еуропалық жоғары білім аймағы» декларациясын басқаша Болон декларациясын қабылдауы, Процестің ресми басталуы болып саналады. Болон процесіне басқада елдердің қосылуына болады. Кейіннен үкіметаралық кездесулер Прагада (2001), Берлинде (2003), Бергенде (2005), Лондонда (2007), Лувенде (2009), Будапешт-Венада (2010) өткізілді. Қазіргі таңда Болон процесі 47 елді біріктіруде.

Болон процесі - жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

  • Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;
  • ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;
  • жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу;
  • академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;
  • білім сапасын бақылау;
  • студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;
  • нәтижелерге және оқытуға бағытталу - Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.

Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттік орталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз, оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек. [4]

Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы жоолардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар.

Болон процесі - еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.

БОЛОН ПРОЦЕСІ - жоғары бімнің біртұтас еуропалық кеңістігін құру мақсатында Еуропа елдерінің білім жүйесін жақындастыру және гармонизациялау процесі.

Болон процесінің негізгі мақсаттары:

- жоғары бiлiмнiң еуропалық аймағы - бұл азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіншілігін жоғарлату мақсатында ұтқырлығын дамытудағы маңызды бағыт;

- еуропаның зияткерлік, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық потенциалын құру және нығайту; еуропалық жоғары мектептің әлемдегі мәртебесін жоғарлату;

- басқа білім жүйелерімен студенттерге, қаржыға, ықпалға күресу мақсатында еуропалық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; ұлттық жоғары білім жүйелерінің жоғары салыстырылымдылығы мен сәйкестілігіне жету; білім сапасын арттыру;

- еуропалық сана қозғалтушысы болып қарастырылатын, еуропалық мәдени байлықты дамытудағы универстеттердің маңыздылық орнын жоғарлату.

Болон процесіне қосылу

Болон процесіне елдер ерікті негізде, тиісті декларацияға қол қоюы арқылы қосылады. Олар өзіне, кейбірі мерзімдермен шектелген, нақтылы міндеттемелерді жүктейді:

• 2005 жылдан бастап Болон процесiне қатысушы елдердің ЖОО барлық бiтiрушiлерiне бакалавр және магистр дипломдарына бiртұтас үлгiлі еуропалық қосымшаларын тегін беруді бастау;

• 2010 жылға дейін ұлттық білім жүйелерін Болон декларациясының қағидаларына сай реформалау.

Болон процесін басқару құрылымы

Болон процесін дамыту және құрылым жөніндегі барлық сұрақтарға шешім қабылдайтын жоғары орган, екі жылда бір жиналатын, қатысушы елдердің министрлер мәжілісі болып табылады. Министрлер мәжілістері арасында Болон процесінің басқарушы органы болып Болон жұмыс тобы (Bologna Follow-up Group) болып саналады, оның құрамына әр елдің 2-3 өкілі кіреді, әдетте біреуі тиісті министрліктен және біреуі елдің академиялық бірлестігінен. Болон жұмыс тобына сол мерзімде Еуроодақта төрағалық ететін елдің өкілі төрағалық етеді. Топ Болон процесі сұрақтарына қатысты халықаралық тақырыптық семинарлар кестесін бекіту, кезекті министрлер мәжілісіне ақпарат жинақтау, мәжіліске енгізу алдында қатысушы елдердің баяндамаларын талқылаумен айналысады және т. б.

Қазақcтанның Болон процесіне қосылуы

Болон процесінің толыққанды қатысушысы болып 2010 жылдың наурызында Қазақстан Болон декларациясына қол қойды. Қазақстанның Болон процесіне қатысуының негізгі мақсаты - европа біліміне қолжеткізуді кеңейту және оның сапасын көтеру.

Болон процесіне қосылу Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының негізгі бағыттары мен артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне ену ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке қабілеттілігі қарқынды түрде өсуіне себепкер болады. Қазақстан өзіне алған міндеттемелері бойынша 2020 жылға дейін келесі іс-шаралар атқарылуы тиіс: «ашықтылықты» қамтамасыз ету, біртипті білім циклдерін кең ауқымды тарату арқасында барынша жоғары түрде салыстыру, бірыңғай білім несиелерінің жүйесін енгізу, алынып отырған біліктілікті арттыру мамандықтарының бекітілген қалыптарының бірдей болып келуі және екіжақтылығын қабылдау, мамандардың білім сапасын қамтамасыз ететін дамыған құрылымдарды құру және т. б. [3]

Еліміздің жоғары білім беру жүйесі Болон процесіне қосылуына орай Жоғары оқу орындарында бірқатар өзгерістер болды. Осындай жаңашыл өзгерістер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғашқылардың бірі болып қолға алынды. Қазіргі кезде Болон процесінің стандарттары зерттеліп, олар білім беру жүйесіне қарқынды енгізілуде. Оқу процесіне енгізіліп, іске асырылып жатқан осындай жаңа құбылыстардың артық-кем тұстарын саралаудың алдында Болон процесінің мән-мазмұнын жете түсініп алған орынды деп санаймыз.

Сонымен, Болон процесі дегеніміз - Еуропа елдерінің ортақ білім жүйесін құруды мақсат етіп, Италияның Болонья қаласында Еуропаның 29 мемлекетінің білім министрлері қол қойған декларация. Аталған құжат қол қойылған қаланың атауына орай, Болон процесі атауына ие болған.

Процесс 2010 жылы мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуді көздеуде:

● жоғары білімнің Еуропа аймақтық ортақ кеңістігін қалыптастыру. Бұл азаматтардың осы елдер арасында ешбір кедергісіз жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді;

● Еуропаның интеллектуалдық, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыру және нығайту; әлемде еуропалық жоғары мектептің беделін арттыру;

● еуропалық жоғары оқу орындарының басқа білім беру жүйелерімен салыстырғанда, бәсекеге қабілеттілігін күшейту; ұлттық жоғары білім беру жүйесінің сәйкестігіне, жоғары білімнің сапасына қол жеткізу;

● университеттердің еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы орталық ролін күшейту, бұл ретте университеттер еуропалық сананың ордасы, әрі жалғастырушысы ретінде қаралады.

Басқа елдер Болон процесіне ерікті түрде қатыса алады. Декларацияға қол қою арқылы олар өздері орындауы тиіс міндеттемелер алады. Бұл міндеттемелердің бірқатары мынадай мерзімдермен шектелген:

● 2005 жылдан бастап. Болон процесіне қатысушы елдердің жоғары оқу орнын бітіруші барлық түлектеріне бакалавр және магистр дипломдарына бірдей үлгідегі тегін еуропалық қосымша беру;

● 2010 жылға дейін Болон процесінің негізгі талаптарына сәйкес, ұлттық білім беру жүйесін реформалау.

Енді Болон процесінің негізгі өлшемдеріне келейік. Олар мыналарды қамтиды:

● Жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі;

● ECTS академиялық несиелері;

● ЖОО студенттерінің, оқытушылары мен басқарушыларының академиялық икемділігі (ортақ білім кеңістігі бойынша еркін жүріп-тұруы) ;

● дипломға еуропалық қосымша беру;

● жоғары білім сапасын қадағалау;

● біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

Болон процесінің ұсынбалы өлшемдеріне мыналар жатады:

● ортақ еуропалық бағалау;

● студенттердің белсенді түрде қатысуы;

● тұрмысы нашар студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету;

● өмір бойы білім беру.

Болон процесінің факультативтік өлшемдеріне төмендегілер жатады:

● білім мазмұнын дайындық бағыттары бойынша үйлестіру;

● студенттердің өз таңдаулары бойынша іріктеліп алынған курстар арқылы оқыту;

● модульдік жүйе;

● қашықтан оқыту, электрондық курстар;

● студенттер мен оқытушылардың академиялық рейтингтері.

Міне, Болон процесінің негізгі өлшемдері осылар. Сонымен бірге, бұл процесс жоғары оқу орындарының автономдылығын қуаттайды.

Сонымен Болон процесінің негізгі мақсаты ортақ білім кеңістігін құру арқылы, Еуропа елдерінің ұлттық білім беру жүйесіне өз серіктес жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген ең үздік тәжірибелерді, озық ғылыми жаңалықтарды, дарынды студенттер мен білікті мамандарды тарту. Бұл студенттердің, оқытушылардың, басқарушы қызметкерлердің осы кеңістік аясында еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беру арқылы іске асырылады. Соның нәтижесінде біртұтас Еуропа әлемдік «білім нарығында» тартымдылыққа, басымдыққа ие болады.

Қазақстанда Болон процесіне қосылу мәселесі 2003 жылдан басталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж. Қүлекеевтің 2003 жылғы 8 қазандағы № 661 бұйрығымен Болон процесінің аспектілерін оқып-үйрену жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобына Қазақстандық кәсіптік жоғары білім жүйесінің еуропалық білім кеңістігіне енуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Еуропа кеңесінің, ЮНЕСКО-ның жұмыс топтарымен, өзге де құрылымдарымен және басқа ұйымдармен байланыстарды қамтамасыз ету жүктелді. Жұмыс тобының құрамына Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстанның іргелі жоғары оқу орындарының ректорлары кірді.

Жұмыс тобының атқарған іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Болон процесіне кіру туралы декларацияға қол қойды. Бұл Қазақстанның бұдан былайғы жерде әлемдегі білім беру кеңістігінен оқшауланбай, Болон процесіне қатысушылардың қабылдайтын шешімдеріне өз ықпалын жасауға мүмкіндік алатынын білдіреді.

Қазақстанның бұл процеске қатысуы қандай қажеттіліктен туды деген мәселеге келсек, мынадай жәйттерді атаған орынды. Біріншіден, Қазақстанның білім жүйесі Ресейлік білім жүйесінің бір бөлшегі ретінде қалыптасқан.

Екіншіден, Қазақстанның Еуропалық Одақпен қарым-қатынасы жақсы. Сыртқы экономикалық байланыстары да дұрыс жолға қойылған. Бұл байланыстардың негізінен жоғары білімді адамдар арқылы жүретіні мәлім. Сондықтан да, аталмыш жүйенің сырын жақсы білетін мамандардың қарым-қатынас жасауы жеңіл болады.

Үшіншіден, жаһандану кезеңінде оқшаулану қиын, әрі бұл қажет те емес. Оның әсері тимей қоймайды. Осы себепті аталған процеске қатысып, оның қабылданатын ортақ шешімдеріне белгілі бір дәрежеде ықпал ету тетіктерін ойластырған орынды.

Төртіншіден, Еуропа елдерінің ғылыми-техника саласында, білім беру жүйесінде көптеген артықшылықтарға ие екендігі талас тудырмайтын ақиқат. Бұндай озық тәжірибеден үйренудің қажеттігі мен тиімділігі қарсылық туғызбайды деп ойлаймыз. Сонымен бірге, Қазақстанның бұрыннан қалыптасқан ғылыми зерттеулер жүргізу, оқыту бойынша озық дағдыларын, ғылыми және педагогикалық мектептерін, қалыптасқан дәстүрлерін Болон принциптерімен үйлестіре отырып жүргізуге болатынын атап айтқан жөн.

Қазіргі кезде Болон процесінің барлық аспектілері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мүмкіндігінше ісжүзіне асырылуда. Әрине, нарықтық заманмен бірге жастардың, қоғамның алға қойған мақсат-мұраты өзгергенін есепке алсақ, бұл процестің бізге тиімді жерлері көп деп есептеуімізге болады. Жастарды біз әдебиет тарихын, көркем шығарманы оқытуда уақытты тиімді пайдалануға үйретеміз. Ғылым мен білім сапасын арттыру үшін жастарды жан-жақты болуға дағдыландыру қажет. Бос уақыттарын басқа тілдерді үйренуге жұмсауы керек. Бұл процестің жастарды, оқытушыларды басқа елдерге жіберу, білім тәжірибе алмастыру аспектісі өте дұрыс ойластырылған деп есептеймін. Сонда ғана әлем әдебиетінде болып жатқан өзгерістерге шынайы баға беріп, өз әдебиетімізді дамытып, әдеби үдеріске салмақты сараптама жасай аламыз. Біз болашақ ғаламдық әдебиеттегі теориямен қаруландырып, ең алдымен, білім сапасына көңіл бөлгеніміз жөн. Қазіргі таңда университетте Болон процесі аспектілерінің сыртқы қалпы іске асырылып жатыр, бір қалыпқа түскен соң, барлық аспектілер іс жүзінде орындалады деген сенімдеміз. Болон процесіне қосылудағы мақсатымыз оның пайдасына ортақ, зарарынан қашық болуға ұмтылу болса игі деп білеміз. [4]

Еуропа елдері біздегі стандартқа «жерік»

Сөз жоқ, білім мейлінше әрі іркіліссіз дами түсуі тиіс. Білте шамның жарығындай біліміңмен технологиясы заңғарланған мына заманда көретінің - запыс. Бір байқағанымыз, әсіресе, соңғы жылдары әлемде білімді арттыруға деген құлшыныс ерекше. Осы орайда тіпті үзеңгілес елдер бір-біріне керегелерін кере ашып, терезелерін теңестіріп жатыр. Жас елміз ғой, осы уақытқа дейін жиған-терген ілім-білімімізбен халықаралық алаңдарға жүрексіне аттасақ та, артынша «ат жалын тартып мінген екен» деп, озық елдер деп жүргендеріміз бізбен де иық тірестіре бастады. Бұл - кеңестік дәуірден қалған білім жүйесін «жүгендеп» тастағысы келіп жүргендердің назарына. Ол жүйенің де өзіндік артықшылықтары бар. Мәселен, білім мен тәрбиенің қатар жүруі. Қайта Еуропа елдері осы стандартқа «жерік» болып қалған сыңайлы. Енді сол қадірінен айырылса да, қасиетін жоғалтпаған жүйені жаңа заманға икемдей отырып, өзіміздің ұлттық инновацияға негіздесек тіптен жақсы болар еді. Өкінішке қарай, ұлттық құндылықтарымыз жаһандық үдерістің көлеңкесінде қалып, тарылып барады. Кеңес дәуірі қанша жыл жасаса, қазақтың дәстүрлі мәдениеті сонша жыл тар қапаста жатып, жылап көріскенімізде енді тегі еуропалық стандарт ойлантуға мұрша бермей дедектетуде. Азғана уақыттың ішінде бір елдің үлкені мен кішісі бір-біріне ұқсамайтын екі дүниенің адамы болып шыға келді. Ал сөз болып отырған еуропалық үлгі бізді жарға жыға ма, әлде биікке жетелей ме, оны уақыт көрсетеді.

Жалпы, біз еуропалық үлгі деп нені айтып отырғанымызды оқырман түсінген болар деп ойлаймыз. Ол - «Болон» процесі. [5]

Білім жүйесінің «жүйкесі» жұқарып кетпесе игі

Негізі, Қазақстандағы еуропалық стандарттың қарлығашы - ҰБТ. Көп ұзамай неміс үлгісіндегі классикалық университет үлгісінен англо-саксондық тәсілге көштік. Оның артын ала келген кредиттік технология да тез «жерсініп» үлгерді. 12 жылдық білім үлгісін де «үкілеп» қойдық. Енді «Болон» үдерісін енгізбекпіз. Жүк ауыр. Осының барлығы - біздің елдегі білім жүйесінің басында отырған әр министр енгізген бір-бір жаңалық. Бір айта кетерлігі, ешбірі де қоғамның бірауыздан қолдауына ие бола алмады. «Болон» үдерісінің де көрген күні - осы. Айтары бар көп азамат бұған қарсы. Алайда шегінер жол жоқ. Қазақстандық кейбір ЖОО Ұлы Хартияға қол қоюға дайын. Әйтеуір, дауға қалған білім жүйесінің «жүйкесі» жұқарып кетпесе игі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болон процесі
Болон процесінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Мейірбике ісі мамандығы
Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар
Болон процессі
Педагогиканың ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы
Қазақстандағы білім беру жүйесін модернизациялау бағыттары
Қазақстанның Болон жүйесіне қосылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz