Ауданындағы тарихы, мәдени ескерткіштердің қысқаша анықтамасы



Жоспар:

1. Тарихы
2. Ауданындағы тарихы, мәдени ескерткіштердің қысқаша анықтамасы
3. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАНДАРҒА ҚОЙЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ . БЕЛГІ
4. Пайданылған әдебиеттер
Тарихы
Шиелі ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиуымының Жарлығымен 1928 жылы қыркүйек айында құрылған. Ауданның жалпы жер көлемі 3 426 915 га. Оның ішінде, мал жайылымы – 1 397 329 га, суармалы жер – 52 348 га, шабындық – 11 337 га.
Шиелі ауданы-ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаҺары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені «Таңбалы тас» тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты «Телікөл» де осы өңірде. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке –Қызылқұм.
ХХ ғасыр әлемдік дамуда небір ғылыми ашылулардың куәсі болса, Шиелі жерінің азаматтары да өздерінің жаңа дәуірдегі 79 жылдығы кезінде ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының куәсі болды.
ХІХ ғасырдың соңында орыс армиясының Сыр бойын басып алғаннан кейін орыс көшпенділерінің келуі, 1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы өңірдің бет бейнесін өзгертумен бірге халық санасының оянуына да ықпал етті. Орыс генералы Скоблев атындағы поселке 1919 жылдың 19 майында Шиелі атауына ие болды. Ғасыр басындағы алғашқы онжылдықта Шиелі халқы Қызылқұмнан түйемен сексеуіл дайындап, Орта Азия мен Ресейге жіберсе, кейін тар табан теміржолдың салынуы нәтижесінде жұртшылық теміржол вагондарымен даңқты Сыр жігерлерін (сексеуіл) жан-жаққа жөнелте бастады. Алғаш «Таштоп», кейін ЛЗУ атанған мекемелер осы қажырлы істердің айғағы. Шындығында, мұның өзі бір кездері егін мен мал шаруашылығы, жеміс пен жидек өсірумен шұғылданған халықтың өркениетке деген ұмтылысының бір көрінісі болды. Жергілікті халық жоңышқа өсіруді кең көлемде қолға алып, Түркістан әскери округіне жоңышқа дайындаудың базасына айналды. Алғаш коммуналар мен ұжымдық шаруашылықтардың құрылуы барша жұрттың отырықшы елге айналып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз қалады. Шиелі ауданының өткен ғасыр басындағы алғашқы адымы осылайша басталған-ды.
1929-1930 жылдары аудан мақта, күріш, арпа, сұлы егумен айналысып, төрт түлік малды көбейтті. Шиелі өңірінде сауатсыздықты жою, білім мен ғылымға деген ұмтылыс көрініс тапты. Жаңадан мектептер салынып, малшылар мен диқандардың балаларының білім алуына жағдай жасалынды. Халықтың денсаулығын сақтау жөнінде де жаңа бағдарламалар жүзеге асырыла бастады.
Шиелі өңірінде өзінің занкешті еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев болды. Осындай тұлғалардың жойқын тегеуріні Шиелі алқабында сонау соғыс қарсаңында, 1940 жылы 14 мың кетпен қатысқан Шиелі каналының қазылуы еді. Толағай еңбектің нәтижесінде Сырдың жарты арнасындай болған осы бас канал қазіргі бүкіл Шиелі аймағы су жүйелерінің бастауындай болды. Халықтың нанға қол жеткен сәті шын мәнінде осы кезеңнен басталды. 1947 жылы Ыбырай Жақаевтың, мұнан соң Ким Ман Самның, кейіннен Шиелілік 38 Еңбек Ерінің жоғары еңбек марапатына ие болуы аудан көлемінде ғана емес, жалпы Сыр бойына егіншілікке бет бұрудың нәтижесі еді. Сол бастама 1960 жылдардан бері өрісі кеңіп өркен жайған жас Жақаевшылар қозғалысына ұласты.
Пайданылған әдебиеттер
1. Әдебиет – Қазақ Совет Энциклопедиясы Алматы 1977 ж, 46-бет
2. “Сыр елінің” энциклопедиясы
3. М.А. Белокопытова, М.С.Васильева, И.А.Тютюнников “Кызылординская область”
4. Ішкі саясат бөліміндегі ауданның төлқұжаттары
5. “Өскен Өңір” газеті
6. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі мағлұматтар
7. Ауданның экологиялық және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мағлұматтары
8. “Шежірелі Шиелі” кітабы
9. Атамекен

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Тарихы
2. Ауданындағы тарихы, мәдени ескерткіштердің қысқаша анықтамасы
3. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАНДАРҒА ҚОЙЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ - БЕЛГІ
4. Пайданылған әдебиеттер

Тарихы
Шиелі ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиуымының Жарлығымен 1928
жылы қыркүйек айында құрылған. Ауданның жалпы жер көлемі 3 426 915 га. Оның
ішінде, мал жайылымы – 1 397 329 га, суармалы жер – 52 348 га, шабындық –
11 337 га.
Шиелі ауданы-ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі
мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаҺары, теріскейінде
Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан
бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені Таңбалы тас тұр.
Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты Телікөл де осы өңірде. Батысы
облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке
–Қызылқұм.
ХХ ғасыр әлемдік дамуда небір ғылыми ашылулардың куәсі болса, Шиелі
жерінің азаматтары да өздерінің жаңа дәуірдегі 79 жылдығы кезінде
ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының куәсі болды.
ХІХ ғасырдың соңында орыс армиясының Сыр бойын басып алғаннан кейін
орыс көшпенділерінің келуі, 1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының
салынуы өңірдің бет бейнесін өзгертумен бірге халық санасының оянуына да
ықпал етті. Орыс генералы Скоблев атындағы поселке 1919 жылдың 19 майында
Шиелі атауына ие болды. Ғасыр басындағы алғашқы онжылдықта Шиелі халқы
Қызылқұмнан түйемен сексеуіл дайындап, Орта Азия мен Ресейге жіберсе, кейін
тар табан теміржолдың салынуы нәтижесінде жұртшылық теміржол вагондарымен
даңқты Сыр жігерлерін (сексеуіл) жан-жаққа жөнелте бастады. Алғаш
Таштоп, кейін ЛЗУ атанған мекемелер осы қажырлы істердің айғағы.
Шындығында, мұның өзі бір кездері егін мен мал шаруашылығы, жеміс пен жидек
өсірумен шұғылданған халықтың өркениетке деген ұмтылысының бір көрінісі
болды. Жергілікті халық жоңышқа өсіруді кең көлемде қолға алып, Түркістан
әскери округіне жоңышқа дайындаудың базасына айналды. Алғаш коммуналар мен
ұжымдық шаруашылықтардың құрылуы барша жұрттың отырықшы елге айналып,
аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз қалады. Шиелі ауданының
өткен ғасыр басындағы алғашқы адымы осылайша басталған-ды.
1929-1930 жылдары аудан мақта, күріш, арпа, сұлы егумен айналысып,
төрт түлік малды көбейтті. Шиелі өңірінде сауатсыздықты жою, білім мен
ғылымға деген ұмтылыс көрініс тапты. Жаңадан мектептер салынып, малшылар
мен диқандардың балаларының білім алуына жағдай жасалынды. Халықтың
денсаулығын сақтау жөнінде де жаңа бағдарламалар жүзеге асырыла бастады.
Шиелі өңірінде өзінің занкешті еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын
шығарған даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев болды. Осындай тұлғалардың жойқын
тегеуріні Шиелі алқабында сонау соғыс қарсаңында, 1940 жылы 14 мың кетпен
қатысқан Шиелі каналының қазылуы еді. Толағай еңбектің нәтижесінде Сырдың
жарты арнасындай болған осы бас канал қазіргі бүкіл Шиелі аймағы су
жүйелерінің бастауындай болды. Халықтың нанға қол жеткен сәті шын мәнінде
осы кезеңнен басталды. 1947 жылы Ыбырай Жақаевтың, мұнан соң Ким Ман
Самның, кейіннен Шиелілік 38 Еңбек Ерінің жоғары еңбек марапатына ие болуы
аудан көлемінде ғана емес, жалпы Сыр бойына егіншілікке бет бұрудың
нәтижесі еді. Сол бастама 1960 жылдардан бері өрісі кеңіп өркен жайған жас
Жақаевшылар қозғалысына ұласты.
Аудан өзінің даму тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің
ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді. 2000 жылғы Сыр бойындағы он
ғасыр адамдарының бесеуі Шиеліліктер: М.Шоқай, Ы.Жақаев, Ш.Есенов,
Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаевтардың болуы тарлан саясаткер, даңғайыр диқан,
зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын тәрбиелеуде бұл өлкенің
белгілі орын алатындығын дәлелдесе керек.
Аудан әкімдігі ұрпақтар сабақтастығы мен аға ұрпақ жолын жалғастыру,
қазақ халқының ұлттық дәстүріне сай өскелең ұрпақ тәрбиелеу, елді, жерді
қастерлеу тұрғысында соңғы жылдары ықпалды жұмыстар атқарып келеді. 1997
жылы Қорқыт баба кітабының кеиіпкері Оқшы ата мазарында жатқан Алаштың
әулие тұлғаларына ас берілсе, аудан орталығында әулие баба есімімен мешіт
ашылды. Оны Елбасы Н.Назарбаев келіп көріп, шын ризашылығын білдіріп,
батасын берген еді. Мұнан кейін де жезтаңдай әнші Н.Бекежановтың 2005 жылы
116 жылдығы аталып өтті. Мәдениетті қолдау жылы қарсаңында аудандық
мәдениет Үйі күрделі жөндеуден өтіп, оның айналасына гүлзарлар отырғызылып,
хауыз атқылады. Еліміздің Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісінің 55 жылдығы
құрметіне Жеңіс аллеясы жасалып, Мұстафа Шоқай ескерткіші орнатылды.
Орталық алаңнан Отан соғысында қаза тапқандар мемориалына дейін жан –
жағына ағаш егіліп, көше күрделі жөндеуден өтіп, абаттандырылды.
Аумақтық әкімшілік бөлінісі: 1 кент және 22 ауылдық округтерінен
тұрады.
Аудандағы 40 елді – мекенде барлығы 75 823 адам тұрады. Оның ішінде
кент орталығында 28 990 адам, ауылдық елді – мекендерде 46 833 адам тұрады.
Олар, 21 ұлт өкілінен құралған. Аудан тұрғындарының негізін 96,4 пайызын
қазақ, 1,7 пайызын орыс, 1,3 пайызын кәріс ұлтының өкілдері құраса, қалған
0,6 пайызын басқа ұлт өкілдері құрайды.
Аудан бойынша 44 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар
археологиялық, архитектуралық, монументтік және тарихи ескерткіштер болып
бөлінген. Ескерткіштердің көпшілігі Сарысу өзенінің бойында және Телікөл
аумағына орналасқан.
Аудан халқына 1 аудандық мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйлері мен
19 ауылдық клубтар, 2 кинотеатр, 5 халықтық ұжымдар, 1 мәдени қызмет
көрсету кешені, 32 мемлекеттік жүйедегі кітапханалар, 2 музей мәдени қызмет
етуде.
Ауданда 40 мектеп (оның 32 орта, 5 негізгі, 3 бастауыш) жұмыс
істейді. Олардың 16 – сы типтік жобада, қалғандары ыңғайластырылған
ғимараттарда орналастырылған.
2005 – 2006 оқу жылында мектеп бітіруші 1266 оқушының 988 ұлттық
бірыңғай тестілеуге қатысып қорытындысы аудан бойынша орта болып 63 пайыз
болды. 36 оқушы 100 баллдан жоғары, 4 оқушы Алтын белгі иегері атанды. 4
оқушы үздік аттестат иесі атанды.
13 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектептен тыс мекеме (Әуез мектебі және
оқушылар үйі) бар.
Ауданда 23 СТК – дан бөлек 4 саяси партия өкілдіктері, 8 ҮЕҰ, 3
кәсіптік одақтар ұйымдары, 6 діни бірлестіктер бар.
2006 жыл басы Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланған
Н.Ә.Назарбаевты 11 қаңтар күні Ұлықтау рәсіміне арналған М.Шоқай атындағы
орталық алаңда Ел және Елбасы тақырыбымен өткізілген саяси – көпшілік
акциямен басталса, жыл көлемінде ұйымдастырылған облыстық, аудандық
деңгейдегі бірқатар қоғамдық – саяси, мәдени көпшілік шаралармен жалғасын
тауып, жыл соңы ел Тәуелсіздігінің 15 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 20
жылдығы аясындағы шараларға ұласты.
Жыл көлемінде саяси партиялар, ҮЕҰ өкілдері мен діни бірлестіктердің
және жастар ұйымдарымен бірлесіп дөңгелек үстелдер, семинарлар, акциялар
түріндегі 5 облыстық, 25 аудандық деңгейдегі қоғамдық – саяси, мәдени –
көпшілік шаралар өткізілді.
2005 жылы аудан бойынша 4 млрд 97 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі
өндірілген болса, 2006 жылы 6 млрд 306 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі
өндірілді. Оның ішінде тау-кен өндірісі 3 млрд 753 млн, өңдеу өнеркәсібінің
өнімі 2 млрд 396 млн теңге болды.
Өткен жыл біздің ауданымыз үшін қазіргі заман талабына сай көптеген
өзгерістер мен жаңартулары мол жемісті жыл болды.
Аудандағы негізгі өнеркәсіп ошағы болып саналатын Қазатомпром
ұлттық атом компаниясының №6 кен басқармасы өндірісін ұлғайтып Иіркөл кен
орнында жаңа өндіріс орнын ашуды қолға алды. 2006 жылы басталған жаңа
құрылыс орнына ауданнан 100 адам жұмысқа орналасты.
Алдағы уақытта ауданның экономикасына зор үлес қосатын ванадий
өндіруді қолға алып отырған Балауса ЖШС 2006 жылы дайындық жұмыстарына
кірісті. Бүгінгі күнге атқарылған жұмыстар көлемі келешегінің үлкен екеніне
сенім ұялатады. Өткен жылдан бері осы мекемеге ауданнан 137 адам жұмысқа
орналасты. Толық қуатымен жұмысқа қосылған кезде 1000 жұмыс орыны ашылады
деп күтілуде.
Құрылыс материалдары өндірісіне инвестиция салып 2006 жылдан жұмысын
бастаған Казвернал ЖШС құрал-жабдықтарын орналастыруда. Қиыршық тастың
бірнеше фракциясы, әктас, карбид өндірістері салынады. Толық қуатымен
жұмысқа қосылған кезде 200 жұмыс орыны ашылады.
2004 жылы жұмысын бастаған полиэтилен құбырын шығару заводы
өндірісін ұлғайтып келеді. 2005 жылы 829 млн теңгенің өнімін шығарған болса
2006 жылы жаңадан 2 линияны іске қосып 1 млрд 507 млн теңгенің өнімін
шығарды. Бір жылда өнім көлемін 81,8 пайызға өсірді. Бұл заводта 75 адам
жұмысқа тартылған.
Сұлутөбе ауылдық округінде 2006 жылы жұмысын бастаған СКЗ-37
күйдірілген кірпіш шығару заводының іске қосылуы сол аймақтағы тұрғындарды
жұмыспен қамтудың тиімді жолы болып отыр. Бүгінгі күні аталған өндірісте
100 адам жұмыс істейді. Өнімдерінің сапасы жоғары. Ақтөбе, Павлодар
облыстарына сұраныстары бойынша өнімдерін жіберуде. Аудандық әкімдікпен
келісім бойынша аудан тұрғындарына күйдірілген кірпішті 30-35 пайызға
арзанға сатуда.
Аудан тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында
Қазатомпром -Демеу жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен аудан
әкімдігі арасында екі жақты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бағытында
өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылған. Келісімге сәйкес Қазатомпром-
Демеу серіктестігінің қаржыландыруымен Демеу-Глозес арнайы киім тігу
фабрикасы іске қосылды. Тігін фабрикасында 80 адам, негізінен әйел адамдар
жұмыспен қамтылды. 2007 жылы фабрика өндірісін ұлғайтып тағы да 70 жұмыс
орыны ашылады. Сонымен қатар келісімге сәйкес Көкшоқы мөлтек ауданында
медициналық емдеу орыны ашылды. Жаңа үлгідегі спорт кешендері құрылыстары
салынуда.
Патима Маханбет шұжық және тұшпара цехтарын ашып аудан халқына
қызмет көрсетуде. 60 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, 10 млн теңге несие
алу арқылы өнім түрін және көлемін ұлғайтуда.
Жеке кәсіпкер Данелян Артем көк өністерді консервілеу цехын іске
қосып, өңделетін өнімді жергілікті дихан шаруалардан алып отыр
“Сыр суы” серіктестігінің директоры Қыдырәлив Берік өндірісті одан
әрі дамыту бағытында несие серіктестігінен 10 млн теңге алып жұмыс жасауда.
Сұраныстың көбейуіне байланысты өнім түрлерін әр түрлі ыдыстарда
тұтынушыларға ұсынып отыр. 25 адам жұмыспен қамтылған.
Осы күнге дейін аудан халқының негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы
болып келсе алдағы уақытта өнеркәсібі дамыған аймаққа айналудың
алғышарттары жасалды.
Ауыл шаурашылығы саласында да табыстарымыз жылдан жылға өсу үстінде.
2005 жылы 3 млрд 348 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген
болса 2006 жылы 3 млрд 479 млн теңгенің өнімі өндірілді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының қатары көбейіп
келеді.
2005 жылы 233 млн 109 мың теңгенің өнімі өңделсе, 2006 жылы 533 млн
860 мың теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өңделді. Өнім өңдеу көлемі көбейіп
бір жылда 2,3 есеге артты.
Егін шаруашылығындада 22866 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары
орналастырылды. 9200 гектар күріштен 40 мың тонна сыр маржаны жиналды.
Егіншілеріміз 19300 тонна картоп, 15150 тонна көкөніс, 26900 тонна бақша
өнімдерін өндірді. Көкөніс бақша өнімдерімен аудан халқын толығымен
қамтамасыз етіп, сонымен қатар облыс орталығы, еліміздің орталығы мен
солтүстігіндегі бірнеше қалалардың базарларына алып барды.
Ауданда күріш егуге тартылған инвестиция көлемі өсіп келеді. 2006
жылы 427 млн 500 мың теңге болды. Негізгі инвесторларымыз Дихан күріш
компаниясы жаңа технологияға қажетті техникалармен жабдықталған машина-
трактор станциясын жасақтауды жалғастыруда. Күрішшілеріміздің алдында көп
жылдардан бері егіліп келе жатқан ескі сорттарды өнімділігі жоғары, жаңадан
шығарылған интенсивті күріш сорттарымен алмастыру міндеті тұр. Күріш егуге
инвесторлар қатары көбейіп Дихан күріш компаниясына Ақорда,
Облмонтажстрой жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қосылды.
Үкімет тарапынан егін шаруашылығына 2004-2005 жылдары 20-24 млн
теңгеден жеңілдетілген несие беріліп келген болса, 2006 жылы 63 млн 111 мың
теңге қайтарымсыз субсидия беріліп отыр.
Мал шаруашылығы саласында да алға басушылық бар, мал басы барлық
түрінен өсіп отыр, ірі қара мал, қой мен ешкі 6 пайыздан аса өсті.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру ұлғайды.
Мал тұқымын асылдандыру жалғасуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінен
аттестат алған 2 асыл тұқымды қой өсіретін, 2 асыл тұқымды түйе өсіретін
шаруашылықтар бар.
“Бірлестік” серіктестігі төрағасы Жолдас Ембергенов.4837 бас қой. 2
млн 621 мың теңге субсидия алған. Асыл тұқымды “Сұрқандария сұр”қойы
“Аққұм” шаруа қожалығының төрағасы Аңламасов Қыпшақбай 2642 бас қой.
967 мың теңге субсидия алған Асыл тұқымды “Сұрқандария сұр” қойының
қозылары
“Аруана” шаруа қожалығындағы асыл тұқымды айыр өркешті түйелер -135
бас. 461 мың теңге субсидия алды. Төрағасы Абамүсілім Өмірәлі
“Жүсіп” шаруа қожалығында асыл тұқымды дромедар түйесі-103 бас.
878 мың теңге субсидия алған. Төрағасы Өмірбек Жүсіпов.
“Шиелі-Авангард” серіктестігі директоры К.В.Хван. Асыл тұқымды
“Әулиеата” сиырларының саны 173 басқа жетіп отыр. Әр 100 аналықтан 75 бұзау
алынып, 1 бастан 2600 кг сүт сауылған
Аудан экономикасына инвестиция тарту өсуде. 2005 жылы аудан
экономикасына 1 млрд 520 млн теңге инвестиция салынған болса, 2006 жылы 2
млрд 946 млн теңгеге жетіп, екі еседей өсіп отыр.
Экономикамыздың өсуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі құрылыс
саласының өркендеуі. Күрделі құрылысқа 2005 жылы 1 млрд 521 млн теңге
жаратылса, 2006 жылы 2 млрд 336 млн теңгеге жетіп 53,6 пайызға өсті.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру де өсу үстінде. 2003-2005 жылдары жас
мамандарға 200 үй салынып берілді. 2006 жылы ауданда көлемі 7476 шаршы метр
болатын 70 тұрғын үй пайдалануға берілді
Елді мекендерді Жиделі топтық су құбырына қосу жұмыстары жалғасуда.
Шиелі кентінде 36 км су құбыры пайдалануға берілді, 2007 жылы 34 км су
құбыры пайдалануға беріледі. 21-Бекет, Жансейіт, Ортақшыл ауылдарына сапалы
ауыз су жеткізілді.
Таза суды аудан орталығы мен елді мекендерге толық қамтамасыз ету үшін
43 км III-кезеңнің ішкі су жүйелері құрылысына және елді мекендердің бас су
қоймалары құрылысына, жоба сметалық құжаттар (ПСД) дайындауға қомақты қаржы
қажет.
Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 2005 жылы 15 млн 941 мың теңге
бөлінсе, 2006 жылы 17 млн 575 мың теңге қаржы қаралып толығымен игерілді.
2005 жылы 2651 жеке тұлға 632 млн 400 мың теңге несие алған болса
2006 жылы 4383 жеке тұлға 916 млн теңге несие алып тұрмыс деңгейлерін
жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысуға жаратылды.
2005 жылы 1563 кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеген болса олардың
қатары 2006 жылы 1718-ге жетті. 2005 жылы олардың өндірген өнімі мен қызмет
көрсетулерінің көлемі 1 млрд. 218 млн. теңге болса, 2006 жылы 2 млрд. 258
млн. теңгеге жетіп бір жылда 85,5 пайызға өсті. Кәсіпкерлерден бюджетке
түскен салық көлемі де 172 млн. теңгеге жетіп жылдық өсімі 25,2 пайыз
болды.
Жалпы бюджет кірісінің болжамы 858 млн 326 мың теңгеге жоспарланып 912
млн 289 мың теңге болып 106,3 пайызға орындалды.
Бюджет кірісінің ұлғайғаны негізінен орта және шағын кәсіпкерліктің
үлесінің артуы есебінен. Мысалы 2002 жылы орта және шағын кәсіпкерліктен
түскен салық мөлшері 11,4 пайыз болса, №6 кен басқармасы өндірісінен
42 пайыз болған.
Ал 2006 жылы тиісінше шағын кәсіпкерліктің үлесі 27,1 пайыз, №6 кен
басқармасы 25,8 пайызды құрап отыр.
Аудан бойынша жаңа жұмыс орындар ашу арқылы, жұмысқа орналасушылар
санын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін 1,1 пайызға дейін азайтуға қол
жеткізілді. 2006 жылы жаңадан 924 жұмыс орыны ашылып, 1161 адам тұрақты
жұмысқа орналасты.
Шиелі кентіндегі №48, 1-Май ауылындағы №40, Сұлутөбе ауылындағы №41
мектептердің құрылыстары басталды. Аталған мектептердің құрылыстары
үстіміздегі 2007 жылы толығымен бітіп, пайдалануға беріледі.
Ауданда 2005 жылы 1170 телефон нүктесі орнатылды. 2006 жылы да бұл
жұмыстар жалғастырылып бүгінгі күні 5 ауылдан басқа жерде телефон байланысы
орнатылды. Телефон байланысы жоқ ауылдарға 2007 жылы АТС орнатуды
Қазтелеком өзінің міндетіне алып отыр.
Осы жылдың қорытындысымен жуырда ғана облыстағы аудандар мен
Қызылорда қаласының әкімдерінің кәсіби қызметін рейтингілік бағалау арқылы
сараптағанда оның нәтижесімен біздің аудан қызметінің деңгейі алғашқы, яғни
ІІ орынға көтерілді. Десек те, бұл жетістіктер өзінің өсу жылдарында 40
Еңбек Ерін шығарған бірден-бір ауданның, оның жігерін намысына жаныған
жасампаз халқының шырқау шыңы емес. Алар асуларымыз алдымыздағы жылы да аз
болмайды деп жоспарлануда. Оған ауданымыздың жер – су жағдайлары,
географилық орналасуы мен климаттық қолайлылық, ең бастысы адами фактор –
кадрлық әлеует, қай салада болмасын білімі мен біліктілігі саналы
жуапкершілік пен іскерлік қабілетке ұштасып жатқан атпал азаматтарымыздың
болуы толық мүмкіндік береді.
Үстіміздегі жылы ауданда жаңа өндіріс орындарын ашу, оны әрі қарай
дамыту және инвациялық технологияларды ендіру бағытында сондай – ақ, кент
және ауылішілік жолдарды жөндеу, телефонизация, елді – мекендерді таза ауыз
сумен қамтамасыз ету мен күрделі құрылыста ауқымды істер жалғасын табатын
болады.

Сарысу

Сарысу – Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Шымкент облыстары жері
арқылы ағатын, ұзындығы 761 км өзен, су жиналу алқабы – 81600 шаршы км.
Жезқазғаннан оңтүстікке қарай бағыт алып, құмды шөлейт сары даланы басып
өтіп, Телкөлге жетіп құяды. Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты
бөлігі. Ахмет Ишан Оразайұлының (1861-1927жж) кесенесінен 5 км-дай жоғары
Көкжиде деген жерден айқындалып, Телкөлге дейін жалғасады. Сарысудың осы
аралықтағы бойын Кеңестер Үкіметі кезінде Тартоғай, Сұлутөбе, 1 Май,
сырдария, Қазақстанның 30 жылдығы қаракөл қой совхоздары мен Гигант
колхозының малшылары жайлайтын. Шаруашылықтары тарап, ұсақ шаруа
қожалықтары советтік дәуірдегі іргелі шаруашылықтарымен мал саны жағынан
теңесе алмағандықтан, бұл жайылымдықтар қазір бос қалды десе де болады.

Сарысу – сәуір, мамыр айцындағы жауын-шашын кезінде суға мролығады да,
жазда суының деңгейі күрт төмендеп, тұздылығы артады. Телкөлге құярлығында
су мөлшері 0,10 текше см. мөлшерінде.

Мұстафа Шоқай ескерткіші.

Қазақ елінің бүкіл өмірінің арман мақсатына айналдырған Мұстафа
Шоқайға туған жері Шиелі ауданы орталығында 1998 жылдың 22 наурызында
ескерткіш орнатылды. Бұған Мұстафа Шоқай қоры, оның президенті облыстық
жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Базарбай Атабаев үлкен көмек
көрсетті. Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан әкімі Жарылқасын Тұрабаев,
жазушы Оразбек Сәрсенбаев, Қазақстан Республикасы көші-қон департаментінің
бастығы Алтыншаш Жағанова, Шоқай әулетінің ұрпақтары мен аудан орталығының
тұрғындары қатынасты.

Шахмардан Есенов ескерткіші.

1998 жылдың 22 сәуірінде Шиелідегі Көкшоқы мөлтек ауданында академик,
Лениндік сыйлықтың лауреаты, Кеңестер Одағы кезіндегі Қазақ ССР-нің
геология министрі Шахмардан Есеновке көше аты беріліп, ескерткіш мүсіні
орнатылды. Ш.Есенов Қызылорда облысының Шиелі өңірінен уран кенішінің
игерілуіне үлкен мұрындық болған азамат еді.

Шиелі каналы.

Шиелі өңірі егіншілікке аса қолайлы болғандықтан, әрі халықты
отырықшылыққа бейімдеуді мақсат тұтқан Қазақстан үкіметі Шиелі өңірін
суландыруды күн тәртібіне қойды. 1940 жылы Шиелі каналының құрылысы
басталды. Оған бүкіл облыс көлемінен 2,5 мың кетпенші қатынасты. Жер
қазатын жеті техника іске қосылды. Жұмыс күндіз-түні тоқтаусыз жүргізіліп,
45 күнге жоспарланған жұмыс ауқымы 27 күнде толық аяқталды.

Бестам.

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Жиделіарық елді-мекенінен 4 км-
дей теріскей беттегі қала орны. Филология ғылымының докторы, этнограф,
түріктанушы ғалым Ә.Қоңыратбаев Бестам қаласын оғыздар дәуіріне ҮІ-ҮІІІ
ғасырға жатқызады. Қала негізінен Сыр бойындағы оғыздар елінің қолбасшысы
Оқшы атаға қару-жарақ соғу үшін темір қорытумен айналысқан. Мұнда түрлі
сыр, бояу шығарылған дегенді айтады. Сондықтан қала Сырлытам деп аталуы
әбден мүмкін. Ал Бестам атауы қаланың 1800 жылдан кейін тууы мүмкін. Қала
Қаратаудың Шәулімше (Зәулімше) сілемінің етек шалғайына орналасқан. Содан
ел ішінде:

Бестам биік ендеше, Бестам биік.

Шәулімшіден көрінер қашқан киік, - деп басталатын жыр қалған. Осы
өңірдегі көне көздердің айтуынша Бестам қаласының орнында екі-үш қабатты
үйдің биіктігіндей көк мұнаралы бес там болған. Қаланың бұрынғы атауын
білмейтін ел, осыдан барып Бестам аталып кеткен. Осы сәулет өнерінің
керемет ескерткіші кешегі Ұлы Октябрь революциясының құдайсыздандыру
кезеңінде бұзылып, жермен-жексен етілген. Ә.Қоңыратбаевтың Бестам металл
қорыту орны болған деген пікірін Шиеліде тұңғыш ашылған өлкетану
мұражайының директоры А.Әміровте қуаттайды. Ол өз зерттеулеріне сүйеніп,
мұнда металл қорытатын пештердің болғанына дәлел келтіреді. Бұл жөніндегі
деректерді Шиелі аудандық Өскен өңір газетінің 1970 жылдардағы
басылымдарынан кездестіруге болады. Ал журналист З.Жайлыбаев
Ә.Қоңыратбаевтың металл қорыту туралы пікірін қолдағаны мен қала ХІ-ХІІ
ғасырда өмір сүрген деген болжамын көлденең тартады. Қала сол кездері
Сырдария бойына Сығанақ шаһары сияқты орналасқан. Дарияның сол кездегі
арнасы Нәнсай деп аталады. 1219 жылы Жошы Сығанақты басып алуы үшін
дарияның арнасын өзгертіп, қаланы сусыз қалдырамын деген ниетпен 100 сан
түменіне арық қаздырып, дария арнасын аунатқан. Бұл қазіргі теміржол
бойындағы Түменарық станциясының маңында болған. Маңғолардың қаланы сусыз
қалдырып, жаулап алу әдісі бұл тарихта бірінші рет емес еді, Таңғұттарды да
олар осылай жеңген еді. 1219 жылға дейін Қаратуды етектей ағып, Жалағаш
өңірінде ғана Аралға қарай бұрылатын дарияның Қызылқұм қойнауына аунап
кетуі осы Жошы түмендерінің әрекеті. Шиелі өңіріндегі Нәнсай Жалағаш
тұсында Ақсай деп аталады.

Бестам қаласының жанында Қоғалы деген көл болған. Ол Бестам қаласының
көне тұрғындары Есентемір деген рулы елдің жазғы жайлауы болатын. Сол
есентемірліктер Бестам қаласының қақпасына былай деп жазып: Есентемір
деген ел едік, Есебі жоқ көп едік. Есебін тауып жемедіңдер,

“Енді есектің қасасын жеңдер” - деп көшіп кетіпті деген сөз бар.
З.Жайлыбаев мұны сол маңғол шапқыншылығынан кейін салық жинау
ауыртпалығынан туған оқиғаға балайды. Қалай дегенде де Бестам жете
зерттелмеген және ол тек шағын кәсіпке бейімделген қала ғана болған ба
деген болжам ұялайды. Өйткені, Сыр бойын зерттеген В.В.Бартольд
М.Ю.Якубовский, Толстов және отарлаушы патшалық Ресейдің генералы
Крестовскийдің Орта Азия мен Сыр бойындағы қалалар жайлы 1898 жылы баспадан
шыққан Таңдамалы очерктер жинағында Бестам жөнінде бір сөз айтылмайды.
Советтер Одағы кезінде яғни, 1970 жылдары егіске жарамды жерлерді
инженерлік жүйеге келтіріп, мелиорациялау үшін кең көлемді жұмыс
басталғанда Бестам қаласының қонысы түгелдей тегістеліп кетті. Тек қала
орнынның бірен-саран төмпешіктері ғана оның бұрын тарихи қоныс болғандығын
білдіргендей.

Н.Бекежанов ескерткіші

Шиелі ауданы орталығынан шығысқа қарай 10 км жерде Н.Бекежанов
(бұрынғы Коммунизм кзы) ұжымшары орналасқан.

1990 жылы қойылған ескерткіш үлкен тау тасына (4 х 1,80м)
отырғызылған. Биіктігі шамамен 3 м, ені 1,80 м. Іші гипстен құйылып, сырты
мыс қаңылтырмен қапталған.

Музей қызметкерлерінің күшімен ескерткіш өте жақсы жағдайда сақталып
тұр.

Ауданындағы тарихы, мәдени ескерткіштердің қысқаша анықтамасы

РАБАТ 1-5
Орта ғасыр дәуірі
ЕРТЕДЕГІ НӘНСАЙ АРЫҒЫ
Орта ғасыр дәуірі

Рабат 5 бекінісі 1 Май ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым
қашықтықта, биік дөңде орналасқан. Ортасына төрт аяқ ағаштан биік белгі
орнатқан, айналасында күйген кірпіш сынықтары жатыр. Бұрын мұнара болған.
Рабат 4-3-2-1 де дөң басында орналасқан. Айналасында кірпіш сынықтарынан
басқа белгі жоқ. Рабаттардың биік дөңде орналасып, мұнара орнатқанына
қарағанда, Сыр бойына шапқан жау әскерін алыстан қарап, елге хабар беру
үшін пайдаланған орындарға ұқсайды. Бұл Рабаттардың барлығы Қызылорда –
Шымкент трассасының солтүстік жағын бойлай орналасқан.

Ертедегі Нәнсай арығы.

Рабат 5 бекіністің төменгі жағында Нәнсай арығының ескі арнасы жатыр.
Арнада су болмағандықтан ішіне құм көшіп, сексеуіл – шырпылар өскен.
Нәнсайды суы бар кезінде көрген көнекөз қариялар болмаса, дөп басып арнаны
тауып бару өте қиын.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАНДАРҒА ҚОЙЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ - БЕЛГІ

Сол кездегі аудандық партия комитетінің бірінші секретары
С. Шаухаманов бас болып, 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығы құрметіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мезолит және неолит ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Баянауыл ауданының археологиялық ескерткіштердің мәдени - танымдық туризмнің нысаны болу мүмкіндігін талдау
Қарағанды облысының географиясы
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Оңтүстік өңіріндегі тарихи ескерткіштер
Тарих ғылымдарының докторы
Орталық Қазақстан темір дәуірінде
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
Жұмыстың мақсаты Қазақстанның жеті кереметімен танысу
Экскурсиызық іс-әрекеттің теориялық астары мен жүргізу әдістеріне талдау
Пәндер