«KEGOC» АҚ сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі


Мазмұны

Кіріспе . . .
3
: 1
Кіріспе . . .: «KEGOC» АҚ туралы жалпы мағлұмат . . .
3: 4
: 1. 1
Кіріспе . . .: «KEGOC» АҚ-тың міндеті, пайымы, стратегиялық мақсаты . . .
3: 4
: 1. 2
Кіріспе . . .: Компанияның халықаралық ынтымақтастығы . . .
3: 5
: 1. 3
Кіріспе . . .: Еншілес және бағынышты ұйымдар . . .
3: 7
: 2
Кіріспе . . .: Өндірістік қызмет . . .
3: 9
: 2. 1
Кіріспе . . .: Метрологиялық қамтамасыз ету . . .
3: 9
: 2. 2
Кіріспе . . .: Қызметтер көрсету . . .
3: 10
: 3
Кіріспе . . .:

Экономикалық және операциялық қызмет . . .

3: 12
: 3. 1
Кіріспе . . .: Тарифтік саясат . . .
3: 14
: 3. 2
Кіріспе . . .: Сатып алу қызметі . . .
3: 16
: 3. 3
Кіріспе . . .: Электр энергиясын сатып алу-сату операциясы . . .
3: 16
: 3. 4
Кіріспе . . .: Тәуекелдерді басқару . . .
3: 17
: 3. 5
Кіріспе . . .: Қызметкерлерді басқару . . .
3: 18
: 3. 6
Кіріспе . . .: Менеджменттің біріктірілген жүйесі . . .
3: 21
: 3. 7
Кіріспе . . .: Тұтынушылардың қанағаттанушылығы . . .
3: 23
: 3. 8
Кіріспе . . .: Ішкі аудит қызметі . . .
3: 23
: 4
Кіріспе . . .: Қоршаған ортаны қорғау . . .
3: 25
: 5
Кіріспе . . .:

Денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігі . . .

3: 27
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 29
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3: 30


Кіріспе

Электр энергиясы нарығы екі деңгейден тұрады: көтерме және бөлшек сауда нарығы.

Жүйелік оператор, өңірлік электр желілік компаниялар мен электр тораптарын иеленуші өзге де ұйымдар табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте барлық қатысушылардың нарыққа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Электр энергияны өндіру, жеткізу және тұтыну кезінде туындайтын қатынастар электр энергетикасында тиісті шарттармен реттеледі.

Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының атқарымдық құрылымына:

  • орталықтандырылмаған электр энергиясының сатып алу, сату нарығы (электр энергиясын сатып алу, сатудың екіжақты шарттары) ;
  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы, мұнда электр энергиясын сатып алу, сатудың қысқа мерзімді, орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) негіздегі мәмілелері жасалады;
  • нақты уақыт режиміндегі теңгермелі нарық, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергиясы жүйесінде операциялық тәулікте болатын электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты және шарттық көлемдері арасында операциялық тәулікте туындаған сағаттық теңсіздіктерді физикалық және қаржылық жағынан реттеу мақсатында жұмыс істейді;
  • жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы, мұнда мемлекеттік стандарттармен белгіленген ҚР БЭЖ жұмысының сенімділігі мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін ҚР БЭЖ Жүйелік операторы жүйелі қызмет көрсетуді және нарық субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

Электр энергетиканың көтерме сауда нарығында энергия өндіруші ұйымдар энергия жабдықтаушы ұйымдар мен көтерме тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асырады. Тұтынушылар көтерме сауда нарығына ұлттық және (немесе) аймақтық электр тораптарына шығуы кезінде қатысуы мүмкін, электр энергиясын сатып алу көлемі орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 МВт кем емес және коомерциялық есепке алудың автоматтандырылған әрі телекоммуникация жүйесінің Жүйелік операторға ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

Электр энергетиканың көтерме сауда нарығында энергия өндіруші және энергия жабдықтаушы ұйымдар бөлшек сауда тұтынушылары электр энергиясын сатуды жүзеге асырады.

  1. «KEGOC» АҚ туралы жалпы мағлұмат

1. 1 «KEGOC» АҚ-тың міндеті, пайымы, стратегиялық мақсаты

«KEGOC» Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.

Компанияның міндеті - қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс сенімділігі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету.

Пайымы - «KEGOC» АҚ 2025 жылы әлемдік деңгейдегі Компания және аймақтық деңгейде электр энергетика саласындағы құзыретті орталық болады.

Негізгі стратегиялық мақсаты - «Ғаламдық экономикада компанияның бәсекеге қабілетті болуы».

Негізгі стратегиялық мақсат жоғары деңгейлі мақсатты жүзеге асыру арқылы орындалады:

  1. Қазақстанның БЭЖ сенімділігі және сапалы қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің талаптарын орындау;
  2. Жүйелік оператор қызметін орындау саласы бойынша мықты компания деңгейіне жету;
  3. Компанияның негізгі бизнесті дамыту есебінен акционерлік құнының тұрақты өсуі, ҰЭТ өткіндік әлеуетін пайдалану тиімділігін жоғарылату, Қазақстанның БЭЖ экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды жасау;
  4. Корпоративтік басқару деңгейі бойынша салада, Қазақстан мен ТМД-да жетекшілікті қамтамасыз ету.

Негізгі қызмет түрлері:

  1. Электр энергиясын аймақтық деңгейдегі тораптар бойынша жеткізу;
  2. Электр энергиясын тораптарға жіберу және өндіруде техникалық диспетчерлеу;
  3. Электр энергиясын өндіру және тұтынылуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету.

«KEGOC» АҚ қызметтерінің Қазақстан Республикасының «Табиғи монополия туралы» заңымен реттелуімен байланысты жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады.

Аймақтық маңызы бар электр станциялары - бұл аумақтармен біріктірілген, электр энергиясын АЭК тораптары арқылы өткізуді жүзеге асыратын және энергия жеткізу ұйымдары (ЭЖҰ), сондай-ақ жақын қалаларды жылумен жабдықтайтын ЖЭО.

1. 2 Компанияның халықаралық ынтымақтастығы

Электр энергетикасы саласында шетелдермен және ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда «КЕGОC» АҚ біріктіруді тереңдету тетіктеріне және электр энергетикасын дамытудың үйлестірілген стратегиясын әзірлеуге, нәтижесінде Еуразиялық кеңістікте басқа да электр энергиясының нарығымен біріктірілуі тиісті Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерімен жалпы электр энергиясының нарығын құруға басты көңіл аударады. Осы бағыттағы жұмыстар шетелдердің қатысуымен ықпалдас бірлестіктермен және жобалармен жүргізілуде.

Жалпы энергетикалық нарық үшін технологиялық негізі Достастық мемлекет-қатысушыларының энергия жүйесінің қосарлас жұмыстары болып табылады және мемлекеттің энергия жүйесіндегі Ұлттық жүйелік оператордың келісілген өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде ТМД елдері энергия бірлестіктерінде ТМД мемлекет-қатысушылар энергия жүйесінің, сонымен қатар Балтық елдері энергия жүйесінің қосарлас жұмыстар үшін 11 бірлестік біріккен.

«КЕGОC» АҚ ТМД Электр энергетика кеңесінің (ТМД ЭЭК), Дүниежүзілік энергетика кеңесінің (ДЭК), Еураазиялық экономикалық қоғамдастығы (ЕуроАзЭҚ), Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру бойынша жұмыс тобының және Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кедендік одағы, сонымен қатар өзара тиімді ынтымақтастық және электр энергетиканы дамыту саласына бағытталған басқа да қоғамдастық пен бірлестіктердің қызметтеріне қатысады.

2010 жылдың қыркүйегінде ДЭК Қазақстандық комитетінің төрағасы «КЕGОC» АҚ-тың бірінші басшысы А. М. Сәтқалиев бастаған делегация Дүниежүзілік энергетика кеңесінің Атқарушы Ассамблеясы және Монреаль қаласында (Канада) өткен 21-ші Халықаралық Энергетикалық Конгресс жұмыстарына қатысты. Кездесу, дөңгелек үстел, отырыс кезінде ДЭК Қазақстандық комитетінің ағымдағы қызметтері, Орталық Азия аумағында ДЭК қызметтерін кеңейту мүмкіндіктері, «ДЭК ғаламдық әріптестіктері» және 5-ші KAZENERGY Еураазиялық форум бағдарламасы, басқа да мәселелер талқыланды. ДЭК Қазақстандық комитетінің төрағасы А. М. Сәтқалиев Конгресте өткен «Энергетика салалары жетекшілерінің дүниежүзілік саммитіне», ДЭК ұлттық комитетінің төрағаларымен және энергетика министрлері мен басқа да Конгресске қатысқан өкілдермен өткен дөңгелек үстелге атсалысты. ДЭК ұйымдастырған арнайы отырысында Еуропа үшін БҰҰ және ЕҚДБ экономикалық комиссиясының «Орталық пен Шығыс Еуропа және Орталық Азияның электр энергетикасына тартылған инвестиция бойынша жоғары деңгейдегі сұхбат» баяндамасында Қазақстандағы электр энергетикасын дамытудың ағымдағы жағдайы және «КЕGОC» АҚ тәжірибесіне ұлттық электр тораптарын жаңғырту мен дамыту жобасын жүзеге асыру мәселелері тыңдалды.

2010 жылы «КЕGОC» АҚ ТМД ЭЭК-нің Углич (Ресей) және Киев (Украина) қаласында өткен 37-ші және 38-ші отырысына қатысты. Отырыс кезінде энергетика саласында ТМД мемлекет-қатысушылар ынтымақтастығы жөніндегі құжаттар барысы талқыланды. ТМД ЭЭК Атқарушы комитетінде электр энергетика саласында Үйлестіру кеңесі мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысумен ТМД мемлекет-қатысушыларының өзара байланыстар және ынтымақтастығы стратегиясын орындау бойынша жұмыс жалғасуда.

Электр энергетика саласындағы ЕуроАзЭҚ қызметінің басым бағыты жалпы энергетикалық нарықты қалыптастыру болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс ЕураАзЭҚ Интеграциялық комитеті шеңберінде жүзеге асырылуда.

2010 жылы «КЕGОC» АҚ өкілдері халықаралық шарт жобаларын келісу жөніндегі ЕуроАзЭҚ мүше елдердің үкіметтік сарапшыларының мәжілісіне қатысты: «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында электр энергиясының орнын ауыстыру жағдайлары туралы хаттама», «Баға белгілеу және тариф саясаты негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласында табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім».

2010 жылы «КЕGОC» АҚ өкілдері Орталық Азияның Үйлестіруші Электр энергетикалық Кеңесі (ОА ҮЭК) Үйлестіру комиссиясының және ОА ҮЭК отырыстарына қатысты. Мұнда негізінен Орталық Азияның Біріккен Энергия жүйесінің (БЭЖ) 2010 жылғы өткен вегетациялық жұмыс қорытындысы және алдағы 2010-2011 жылдың күзгі-қысқы кезеңіндегі күтілетін жұмыс тәртібі, энергия жүйелері арасында жиілікті (қуатты) реттеу жөніндегі қызметтеріне және ОА мен Қазақстанның Оңтүстік аймағының БЭЖ апатқа қарсы автоматты жаңғыртуда техникалық тапсырмаларды қалыптастыру жөніндегі келісім-шарттарды ресімдеу мәселелері талқыланды.

«КЕGОC» АҚ, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар жөніндегі министрліктің (ИЖТМ) және Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің (ТМРА) өкілдері 2010 жылдың шілде айында Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия), 2010 жылдың қыркүйек айында Бішкек қаласында (Қырғыстан) өткен ОААЭҚ энергетика саласы бойынша Үйлестіруші комитетінің (ЭСҮК) жұмыстарына қатысты. ЭСҮК отырысы кезінде ОААЭҚ энергетика бойынша энергетика саласында энергетикалық инфрақұрылым және сауда жөніндегі диагностикалық зерттеулер туралы есебімен жұмыс жоспары қаралды.

2010 жылдың қыркүйек айында «KEGOC» АҚ және АҚШ Сауда мен даму жөніндегі агенттігінің (АТР США - USTDA) арасында гранттар беру жөніндегі екі келісімге қол қойылды. Гранттық келісімнің талаптарына сәйкес бірінші гранттың қаражаты «Мемлекетаралық Кемин-Алматы 500кВ ЭЖЖ құрылысының», «Шульба ГЭС -Ақтоғай - Талдықорған - Алма 500кВ желісі құрылысының» техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) жасауға пайдаланылады. Екінші гранттың қаражаты электр жеткізу желісінің мониторинг және диагностика жобасы бойынша техникалық жәрдем көрсету қызметіне бағытталады.

2010 жылдың қазан айында «KEGOC» АҚ қызметкерлері АҚШ Сауда және даму жөніндегі агенттігінің шақыруы бойынша «дарынды торап» (Smart Grid) технологиясын ендіру және дамыту бойынша АҚШ-пен тәжірибе алмасты, АҚШ Энергетика департаментінде, электр энергетиканы реттеу жөніндегі Федералдық комиссиямен, электр жабдықтарын дайындайтын Ұлттық қауымдастығымен кездесулер өткізді, қызмет көрсетуші персоналсыз тұрақты жұмыс жасайтын «Allegheny Energy» компаниясының 500 кВ-тық қосалқы станциясын аралады, синхрофазорам (North American Synchro Phasor Initiatives - NASPI) бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты. АҚШ компаниясы электр энергиясын жеткізу саласындағы, Қазақстанның энергетика жүйесінде болашақта қолданылуы мүмкін электр тораптарын автоматтандыру және басқарудың озық технологияларын ұсынды.

«KEGOC» АҚ 2004 жылдан ««EURELECTRIC» Электр энергетика өнеркәсіп кеңесі» Халықаралық қауымдастығының мүшесі болып табылады.

1. 3 Еншілес және бағынышты ұйымдар

«KEGOC» АҚ қызметтерін қамтамасыз ету бойынша басқару және шаруашылық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2001 жылы коммерциялық емес ұйым ретінде «KEGOC-СЕРВИС» Мекемесі құрылды. «KEGOC» АҚ Басқармасы 2010 жылдың қарашасында «KEGOC-СЕРВИС» мекемесін тарату жөнінде шешім қабылдады. Қазіргі кезде тарату комиссиясы жұмыс жасауда.

2002 жылдың маусымында «Энергоинформ» мекемесі құрылды - коммерциялық емес ұйым, заңды тұлға мәртебесіне ие. «Энергоинформ» мекемесі құрылтайшының («KEGOC» АҚ) қызметтерін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қосымша міндеттерді жүзеге асыру мақсатында құрылды. «Энергоинформ» мекемесі біратаулы акционерлік қоғам ретінде 2010 жылдың 20 қарашасында қайта құрылды. Қазіргі кезде 100% акция «KEGOC» АҚ тиесілі. Жарғылық капиталы 70 650 000 теңгені құрайды.

Негізгі қызмет түрлері:

  • тараптық ұйымдардың электр тораптары жабдықтарын пайдалануына қызмет көрсету;
  • тауарлық-материалдық босалқы қорларды өткізу;
  • заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

«Батыс транзит» АҚ - Солтүстік Қазақстанды Ақтөбе облысымен біріктіруде аймақаралық электр жеткізу желілерінің құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес 2005 жылдың қарашасында құрылды және тіркелді. Құрылыстың қажеттілігі электр энергетика саласын дамыту барысында республиканың батыс аймағында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Ақтөбе облысында электр энергетика тапшылығы мәселесін шешу мақсатында пайда болды. «KEGOC» АҚ-на 20% акция, қалған 80% акция "Мехэнергострой" ЖШС-не тиесілі.

Негізгі қызмет түрлері:

  • барлық тұрпаттағы және кернеудегі электр қосалқы станциялары мен электр жеткізу желілерін пайдалану, жөндеу, қайта құру, құрылысы;
  • электр энергетикасын жеткізу бойынша қызметтер көрсету;
  • құрастыру, дәнекерлеу және электр техникалық жұмыстар;
  • құрылыстық, жер жөндеу-құрылыстық, әрлеу және құрастыру жұмыстары;
  • электр станцияларының құрылысы;
  • іске қосу-ажырату жұмыстары;
  • заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.


2 Өндірістік қызмет

2. 1 Метрологиялық қамтамасыз ету

«KEGOC» АҚ-ның метрологиялық қызметінде 19 тексеру зертханалары жұмыс істейді, олардың оны электр көлемдерін өлшеу құралдарын тексеру құқығына, тоғызы қысым мен температураны өлшеу құралдарын тексеру құқығына, сегізі қысым мен температураны өлшеу құралдарын тексеру құқығына аккредиттелген.

Пайдаланылатын өлшеу құралдарының жалпы саны ЖЭТ филиалдарында 29 819 бірлікті құрайды, соның ішінде электр энергиясын санауыштар 2820 бірлік, бақылау аймағында 2741 санауыштар тұр. Метрологиялық қызметтердің тексеру зертханалары 319 бірлігіндегі көлем бірлігінің бастапқы эталондарымен және 60 бірліктегі тексеру қондырғыларымен жарақтандырылған. Метрологиялық қамтамасыз ету аймағында электр энергиясын есепке алудың 2064 өлшеу кешендері тұр, олардың құрамына 6120 тоқты өлшеу трансформаторы және 1545 кернеуді өлшеу трансформаторлары кіреді. Өлшеудің жұмыс құралдарын тексеру бойынша толық өндіріс жұмыстары үшін өлшеу құралдарының айналым жұмыс көлемі жеткіліксіз - 180 бірлікке жуық (манометрлер, 0, 2 дәлдік класының санауыштары, қайта құру өлшеуіштері 7KG) .

Есептік кезеңде СМиС зертханаларында мердігерлік тәсілмен 4707 өлшеу құралдарын тексеру ұйымдастырылды.

СМиС зертханаларында 9630 өлшеу құралдары тексерілді.

Электр энергия санын өлшеудің сенімділігі мен дәлдігін қамтамсыз ету үшін 2010 жылы кернеуі 6-220 кВ 89 фаза өлшеу трансформаторына мердігерлік тәсілмен тексеру ұйымдастырылды.

Өлшеу құралдарының 4168 бірлігіне техникалық қызмет көрсету жүргізілді, мердігерлік тәсілмен 144 бірлікке ТҚ жүргізілді.

«KEGOC» АҚ филиалдарының метрология және өлшеу жүйесінің қызметі қосалқы станцияларды жаңғырту жобаларына белсенді қатысты. 2010 жылы 23 қосалқы станция электр энергияны есептеу жүйесімен жаңғыртылды. 324 санауыш және 23 мәлімет жинаушы құрылғылар арнайы шкафтарға ауыстырылды SCADA жүйесі 7KG тұрпаттағы 480 қайта құру өлшеуіштері бекітілді және бағдарламалар орнатылды.

Мемлекетаралық электр энергия ағындарын өлшеудің дәлдігін жоғарылату мақсатында «Мемлекетаралық электр энергия ағындарын есепке алу тәртібі» мемлекетаралық құжаттардың талабын орындау және Қазақстан Республикасының электр тораптары тәртібі мемлекетаралық 500 кВ электр жеткізу желілерінде 0, 2 дәлдік класы ток өлшеуші трансформаторын бекітумен электр энергиясын есепке алу тәсімін өзгертулер орындалды.

2010 жылы электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) өнеркәсіптік пайдалану жалғастырылды. Аталған электр энергиясының өлшемдері электр энергиясының барлық нүктелерінен 71 қосалқы станцияларының деректерін жинаудың әр құрылғысына келіп түседі.

2. 2 Қызметтер көрсету

2010 жылы көтерме сауда нарығының субъектілеріне жасалған шарттар мен тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес толық көлемде жүйелік қызметтер көрсетілді.

2009 жылдан ауысқан және 2010 жылы жасалған тұтынушыларға қызмет көрсету, электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының жалпы саны 518 болды, соның ішінде:

  • аймақтық электр тораптары компанияларына электр энергиясын
  • жеткізу бойынша - 11;
  • тікелей тұтынушылар үшін электр энергиясын жеткізу бойынша - 208;
  • техникалық диспетчерлеу бойынша - 82;
  • электр энергиясын тұтыну-өндіру теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша - 178;
  • электр энергиясын сатып алуға - 16;
  • қуаттылықты резервте сақтау бойынша - 1;
  • жеткізушілерден сатып алу қызметінен - 20;
  • Ресей Федарациясынан нақты жоспарлыдан электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосы ауытқуының сағаттық көлемін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу - 1;
  • Ресей Федарациясына нақты жоспарлыдан электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосы ауытқуының сағаттық көлемін өтеу мақсатында электр энергиясын сату - 1.

2010 жылы «KEGOC» АҚ қосымша шарт жасады және жаңа тұтынушыларға қызмет көрсетті: «ФСК ЕЭС» ААҚ, «ТрансЭнергоСоюз» ЖШС, «Karaganda energy» ЖШС, «Central Asia Cement» ЖШС.

Компания тұтынушыларына 2010 жылдың 1 тамызына дейін негізгі қызметтер бойынша (электр энергиясын жеткізу, техникалық диспетчерлеу) ТМРА бұйрығымен бекітілген тариф бойынша қызмет көрсетті. Компания қызметтерінде алғаш рет 2010 жылдың 1 тамызынан кейін электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтеріне бірыңғай тариф белгіленген.

2010 жылы «KEGOC» АҚ электр энергиясын жеткізудің Ресей Федерациясының энергия жүйесі үшін мемлекетаралық өткінді есепке алғандағы нақты көлемі - 34 697, 3 млн. кВт/сағ құрады, оның ішінде:

1-ші тоқсан - 8171, 7 млн. кВт/сағ,

2-ші тоқсан - 7573, 7 млн. кВт/сағ,

3-ші тоқсан - 8438, 6 млн. кВт/сағ,

4-ші тоқсан - 10513, 3 млн. кВт/сағ.

2010 жылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсетудің нақты көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 4359, 1 млн. кВт/сағ немесе 14, 4% артты. Электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсетудің нақты көлемінің өсу себебі жаңа тұтынушы «ФСК ЕЭС» ААҚ (Ресей Федерациясы) пайда болуы және Ресей-Қазақстан-Ресей деңгейінде мемлекетаралық транзитін жүзеге асыруы, ол жеткізудің жалпы өсуінен 65, 7%, сондай-ақ электр энергиясын жекелеген тұтынушылардың тұтынуы құрады. Бұдан басқа қызметтер көлемінің артуы Қазақстан Республикасы электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушылар қатары тұтыну көлемінің жоғарылауымен көрінеді: «Казфосфат» ЖШС 541, 4 млн. кВт/сағ немесе 63, 7 %; «ҚарағандыЖылуӨткізу» ЖШС 119, 1 млн. кВт/сағ немесе 51, 0%; «Темиржолэнерго» 947, 0 млн. кВт/сағ немесе 45, 4%; «Астанаэнергосбыт» ЖШС 135, 3 млн. кВт/сағ немесе 42, 2 %.

Осы кезде электр энергиясын тұтынудың және көтерме сауда нарығының жекелеген субъектілерінің жеткізу көлемі төмендеуі байқалды, атап айтқанда: «Екібастұз МАЭС-1» 1096, 2 млн. кВт/сағ немесе 55, 2%; «Ақтөбеэнергожабдықтау» ЖШС 195, 4 млн. кВт/сағ немесе 32%; «Алматыэнергосбыт» ЖШС 700, 7 млн. кВт/сағ немесе 29, 7%; «ҚостанайЭнергоОрталық» ЖШС 66, 1 млн. кВт/сағ немесе 8, 3%.

Техникалық диспетчерлеу. 2010 жылы техникалық диспетчерлеу бойынша жалпы қызмет көлемі 75986, 7 млн. кВт/сағ құрады, оның ішінде:

1-ші тоқсан - 20603, 3 млн. кВт/сағ,

2-ші тоқсан - 17264, 3 млн. кВт/сағ,

3-ші тоқсан - 17120, 1 млн. кВт/сағ,

4-ші тоқсан - 20 999 млн. кВт/сағ.

Техникалық диспетчерлеу бойынша жалпы көрсетілген қызмет көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 4375, 6 млн. кВт/сағ немесе 6, 1% өскен.

Бұл өсім энергия өндіруші кәсіпорындардың тораптарында іздестіру және босатудың жоғарылауымен Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр тұтынуының артуымен байланысты.

Тораптарда электр энергетикасын босату көлемінің артуы мынадай энергия өндіруші кәсіпорындарда байқалды: «ЕМАЭС-2 станциясы» АҚ - 928, 2 млн. кВт/сағ немесе 21, 9%; «Алматы электр станциясы» - 829, 6 млн. кВт/сағ немесе 20, 8 %; «Екібастұз МАЭС-1» - 1327, 8 млн. кВт/сағ 13, 6 %; «ССТӨБ» АҚ 112, 9 млн. кВт/сағ немесе 9. 7%.

Осы кезде мына кәсіпорындарда өнім көлемі төмендеді: «АрселорМитталТемиртау» АҚ 561, 3 млн. кВт/сағ немесе 23, 2%; «3-Энергоорталык» АҚ 80, 6 млн. кВт/сағ немесе 10, 4%; «Қазақстан Алюминиі» АҚ 57, 3 млн. кВт/сағ немесе 2. 7%.

Электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру. 2010 жылы электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтердің нақты көлемі - 138349, 8 млн. кВт/сағ құрады, оның ішінде:

1-ші тоқсан - 37797, 8 млн. кВт/сағ.

2-ші тоқсан - 31749, 6млн. кВт/сағ.

3-ші тоқсан - 30570, 4млн. кВт/сағ.

4-ші тоқсан - 38232, 1млн. кВт/сағ.

2009 жылмен салыстырғанда теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 9584, 3 млн. кВт/сағ немесе 7, 4% артты. Электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемінің өсу себебі Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын жалпы іздестіру және тұтынуының жоғарылауы болып табылады.

Сурет-1


  1. Экономикалық және операциялық қызмет

Кірістер. 2010 жылдың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жалпы шоғырландырылған кірістері 50, 2 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 35%-ға немесе 13, 0 млрд. теңгеге көп.

Негізгі қызмет бойынша кірістер 44, 4 млрд. теңге, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 11, 7 млрд. теңгеге көп. Тарифтерді өсіру есебінен қосымша 5, 2 млрд. теңге алынды. Электр энергиясын жеткізу жөнінде көрсетілген қызметтер көлемінің 14, 4%-ға, диспетчерлендіру - 6, 1%-ға, электр энергиясын өндіру тұтынуды теңгерімдеу - 7, 4%-ға артуы есебінен Компанияның кірістері 2, 5 млрд. теңгеге өсті.

Бұдан басқа, «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ-мен жасалған шарттарға сәйкес 2010 жылдың мамыр-желтоқсан айларында теңгерімсіздіктерді қарымталау мақсатында электр энергиясын сатудан 1, 3 млрд. теңге сомасында, транзиттік электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтен 2, 7 млрд. теңге сомасында кіріс алынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр энергия станциясы
Жұмыстың нәтижесін бағалау мәселесі
Қазақстан Республикасында ұлттық компаниялардың дамуын басқару
Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
KEGO ААҚ персоналының еңбекақысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу
Компанияның меншікті капиталы: құрамы, құру технологиясы мен көздері
Электр жүйесі. Энергожүйе
«компания капиталының құрылымын оңтайландыру»
Қызметті әзірлеудегі сапа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz