Ежелгі үйсіндердің әлеуметтік экономикалық қатынастар


Ғұндар. б. з. б. I мыњжылдықта қазіргі Моњғолиянын оңтүстігіндегі Ордостан Қаспий өњіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін тегі мен этникалыќ кұрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстыњ біршама ортақтығы, этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің қ±рылуына әкеп соќты. Олардың уақыты жағынан алғашќылары сюнну (ғүндар) болды. Б. з. б. III ғасырдың аяғында ќытай деректемелерінде пайда болған сюнну (ғұн) атауы тегі әр түрлі тайпаларды біріктірген және Тыныќ мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-т±ра таралып отырған саяси к±рылымға ќатысты болды.
Сюнну этнонимінің мазмұны мен наќты ќалай айтылатыны әзірше айқын емес. Зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, оның ежелгі қытайлыќ транскрипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюннуларга сабақтастығын сактап калған ғүн-болғар аќсүйектерін сипаттай келіп, оларды трунове, ягни трупдар деп атайды. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапкыда «ғұн» тайпаларының аќсүйектеріне арналып айтылса, сюнну (хунну), яғни трундар ғ±ндар деп саналмѓанын білдірмейді. Трун және ғүн терминдері бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде ќолданылған, олардың таралған аудандары ор түрлі болғанымен ғүн термині әлдек-айда мол қауымды білдірді.
Ғүндардың жоғарғы билеушісін кытай авторлары шаньюй деп атайды. Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Моде шаньюй басқарды. Моде билік еткен алғашқы жылдардыњ өзінде-ақ Кьітайдын, шекаралық аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Моде әскери-саяси куаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы кешіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденін, алдында бас иіп, онымен «тыныштық және туыстык туралы шартка» кол коюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сыйлық» ретінде салык төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салыкты үнемі төлеп т±рды.
Шығыста Меде «шығыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның ќ±рамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алкаптарында мекеңдеген сянь-би және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпа ларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде ќазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жаткан ау-мақ ғұн шаньюйлерінің кол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтұстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты.
Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорыќтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли еддерін бағындырғанын хабарлайды. Текске
Әдебиеттері:
1. Жауымбаев С.У. Қазақстан археологиясы Қарағанды, 2004
2. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алма-Ата, 1963
3. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Журмаганбетов Т. Археология Казахстана. Алматы, 1993
4. Жауымбаев С.У. Горное дело и метулларгия бронзового века Сарыарки. Караганда, 2001
5. Исмагулов О.И. Населения Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970
6. Жауымбаев С.У. Горное дело и метулларгия бронзового века Сарыарки. Караганда, 2001
7. Исмагулов О.И. Населения Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970
8. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1979

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 22 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




Жоспары:
1. Этникалық және саяси тарихы
2. Ежелгі үйсіндердің әлеуметтік экономикалық қатынастар
3. Үйсіндер мен ғұндардың материалдық мәдениеті
4. Ќањлылар
5. Археологиялық ескерткіштер
Ғұндар. б. з. б. I мыњжылдықта қазіргі Моњғолиянын оңтүстігіндегі
Ордостан Қаспий өњіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін тегі
мен этникалыќ кұрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстыњ біршама ортақтығы, этникалық
жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі
бірлестіктердің қ±рылуына әкеп соќты. Олардың уақыты жағынан алғашќылары
сюнну (ғүндар) болды. Б. з. б. III ғасырдың аяғында ќытай деректемелерінде
пайда болған сюнну (ғұн) атауы тегі әр түрлі тайпаларды біріктірген және
Тыныќ мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал
кейіннен одан әрі батысқа да ара-т±ра таралып отырған саяси к±рылымға
ќатысты болды.
Сюнну этнонимінің мазмұны мен наќты ќалай айтылатыны әзірше айқын емес.
Зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, оның ежелгі қытайлыќ транскрипциясы
гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп
жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюннуларга сабақтастығын
сактап калған ғүн-болғар аќсүйектерін сипаттай келіп, оларды трунове, ягни
трупдар деп атайды. Егер осылайша, трун деген сөз бастапкыда ғұн
тайпаларының аќсүйектеріне арналып айтылса, сюнну (хунну), яғни трундар
ғ±ндар деп саналмѓанын білдірмейді. Трун және ғүн терминдері бір ғана
этникалық-саяси қауым жөнінде ќолданылған, олардың таралған аудандары ор
түрлі болғанымен ғүн термині әлдек-айда мол қауымды білдірді.
Ғүндардың жоғарғы билеушісін кытай авторлары шаньюй деп атайды. Б. з. б.
206 жылы ғұн тайпаларын Моде шаньюй басқарды. Моде билік еткен алғашқы
жылдардыњ өзінде-ақ Кьітайдын, шекаралық аудандарына жорықтар жасап оған
күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Моде әскери-саяси куаты басым Хань
әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы кешіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас
тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденін, алдында бас иіп,
онымен тыныштық және туыстык туралы шартка кол коюға мәжбүр болды, бұл
шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын
сыйлық ретінде салык төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салыкты үнемі
төлеп т±рды.
Шығыста Меде шығыс ху тайпаларын бағындырды, ал оның ќ±рамына, шамамен
алғанда, Керулен және Онон алкаптарында мекеңдеген сянь-би және ухуань
тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпа ларына қарсы
жорықтар жасады. Бұл кезде ќазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан
Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жаткан ау-мақ ғұн шаньюйлерінің кол
астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар
Байкалдан арғы оңтұстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты.
Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорыќтары туралы
да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және
солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь
және Синьли еддерін бағындырғанын хабарлайды. Текске берілген түсініктемеде
әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады,
сірә, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса
керек.
Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғ±ндар Алтай тайпаларын түгеддей дерлік
бағындырды, бірақ олар бүл аумаќты толыќ қоластына қаратқан жоқ. Қалай
дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де,
археологиялық материалдар да көрсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста
да қызу қимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Моде көршілеріне қарсы өз
бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы т‰ктерін (князьдарын)
юедилерге қарсы жорықка аттандарды. Ғұндардың атты әскерлері Чжанье-
Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ±шыратты және сонымен бірге
ғұндардың ќалыптасып жатқан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті
бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: Аспанның
рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып,
жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе багындырып, (өз билігін) нығайтты.
Лоулань, ‡сун, Хуцзе және оларға шектес 36 -үлес (князьдік) сюннулерге
каратылды. Олардың бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды.
Бұл құжат ете маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. Отыз алты
мемлекет деп ќазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьдіктер, яғни
жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер
айтылған. Тарихи жазбалардың (Ши цзи) авторы Сыма Цянь юедилердің толық
талќандалғаны туралы хабарды қ±п алып, бұл орайда б. з. б. 177 жылы
қытайларға юедилердің (юечжилердін) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан
батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген.
Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны
талқандағаннан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да
тарала бастайды.
Сірә б. з. б. 177 жылы сюнну-ғұндардын Тынық мұхиттан Каспий теңізініњ
жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдін атты әскері күшімен
бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы
юедилердін бағындырылғанына күмән жок, нақ сол сияќты Лоулан, ‡сун және
Хуцзэ бірлестіктерінің гоедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Б±л
этникалық-саяси атаулардың географиялыќ орны онша айқын емес. Қазіргі
ќартаға Лобнор ауданындағы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті
сәйкес келеді. Қытай жазбаларындағы басқа деректердің уцзесімен
теңестірілген Хуцзе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр
атауынан шығуы мүмкін. Ол ‡сун және Цзянь-кунь елдерінің арасында, яғни
шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда
орналасќан деп саналады. И. X. Дворецкийдің пікірінше, аргиппейлер дегең
сөз ертедегі гректерше арғымақ, т±лпар дегенді білдірді, демек, наќ сол
±ғымға жақын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы
тұрғыдан алғанда, ер-тедегі қытай тілінің жоғарыда аталған
транскрипцияларын түркілердің арғымак немесе айғыр дегең сөздерімен
салыстыру дұрыс сияқты.
Ғұндар бірлестігіне шыккан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалыќ-саяси
ќұрылымдар кірген. Конфедерацияның ќоғамдық өміріне бір орталыќќа бағынғысы
келмейтін ќуатты күштер, кең-байтак жердің әр түрлі аудандары арасында
берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады.
Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн ќоғамындағы фратрия аралық үйымныњ ерекше
түрі болуы арќылы орнаған.
Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзогамиялык
билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген:
Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды; оларда ең атаќты
тармаќтар да нақ осы үш әулет. Бұл орайда сол қанатты құрайтын Хуянь руы
ең атаќтысы болған, ал Лань және оған еншілес Сюйбу оң қанат болған. Бір
кызығы, шаньюйлік Люаньти руы атаќты ру деп аталмаған. Ал Хуянь мен Лань
шаньюймең ќ±дандалы туыс болған. Біздің заманымызға жақындағанда ќұдандалы
туыстыќ біраз әзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-ти деп
атала бастады, басқа ақсүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және Лань
аталған. Осы тµрт әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте
шаньюймен ќұдандалы туыс еді. Онда б±дан әрі былай делінген: Хуянь руы
сол (яғни шығыс және үлкен) ќанат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс
және кіші) қанат болды. Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы
алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ен атақтысы енді Дугэ
(Туглаг) руы болып шығады, ол ењ батыр және ұлығы болды, сондықтан
шаньюйлер солардан шыкты. Олардың атаќты тµрт руы Хуянь руы, Сюйбу руы,
Лань руы, Цяо (Цтолинь) руы болды, біраќ ең атаќтысы — Хуянь руы, одаң
канцлерлер, сол және он ќанаттағы жичжулер шыққан. Уакыт өте келе шаньюй
руының белгісіз рудан ең ержүрек болуы негізінде ен ұлыќ руға айналған
эволюциясы ерекше кµрінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір кезенде сол кезде-аќ
болған ер адам жағынан мұраға ќалатын принципті көрсеткен еркек
(патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық ұйым
қалыптасќан болса керек.
Б. з. б. I ғасырдың орта шенінде-аќ сюнну ќоғамы өзінің вассалдық
иеліктерінен айрылумен бірге байырғы ќ±рамында екі топқа — Хуханьешаньюй
бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылык еткен солтүстік топтарға бөлінді.
Оњтүстік сюннулер Ордос аумағында мекендеп ќалды да, солтүстік сюннулер ез
тайпаластарының кысымымен Саян мен Байќал өңіріне ығысты, яғни солтүстік
пен батысқа қоныс аударды.
Б. з. б. 49 жылы Чжичжи кµрші князьдікке дипломатиялық сапарға кеткен
Хуханьенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арќылы
конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әрекет жасады. Алайда оның күші
жетпейтін еді. Шежірешінің айтқанындай, Чжичжидің өзі сюннуде күшпен нығая
алмайтынын білді. Ол ‰сун гуньмосы Уцзютудан көмек сұрады, бірақ соңғысы
оның елшісінің басын алып, Чжичжиге шабуыл жасауға 8000 атты әскер жіберді.
Чжичжидің атты әскері ‰сундердің отрядын талқандады, бірақ одақтассыз
қалған Чжичжи оңтүстік ғұндардың жерінен кетуге мәжбүр болды. Одан әрі
деректемеде б±л және одан кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: Чжичжи
‰сун әскерінің көп екенін, өз елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін
орналастырды да, усундерге лап қойып, оларды тас-талќан етті; солтүстікке
бет бұрып, Удзеге соққы берді, Уцзе бағынды. Чжичжи өз әскерінің көмегімен
батыста Цзянькуньді қиратты, ал солтүстікте Данлинді бағындырды. Үш
князьдікті бағындырған соң ол бірнеше рет Усунге әскер жіберіп, әдетте оны
жеңіп жүрді.
Цзянькунда (Минуса ойпаты) Чжичжи өз ордасын күрып, сол жерден батысқа
беттегең козғалысын жалғастырмақшы болды. Чжичжидің армиясы ол кезге қарай
қарақшы күшке айналып, оның қиратқыш күші бағындырылған князьдіктерге де,
қатардағы қауым мүшелері сюннулерге де бірдей жайсыз тиді. Қалай дегенмен
де, деректемеде сол жылдарда Хуханье-шаньюй халќы көбейді... сөйтіп ол
Чжичжиден ќєуптенбей, өзін өзі корғай алатын еді. Оњтүстік сюннулер саны
Чжичжи-ден бөлініп шықкан көшпелілер және бағынған князьдіктер тарапы-нан
көрінеу ќарсылыќ жасауы есебінен өсті.
Енді күдіретті Хуханьенің кенеттен шабуыл жасауынан қорықкан Чжичжи
батыска қашып құтылу жолын іздестірді, оған апаратын жол усундер жерінен
өтетін еді. Ол соларға қарсы күресу үшін күш жинап, одан соң Канцзюй
(Кангюй) жерін жаулап алмакшы болды. Ќангюйлер князінің ќангюйлермен араз
‰йсіндерге ќарсы күресу үшін кенеттен Чжичжимен бірігуді ‰йсынуы оның
ниетін өзгертті.
‡йсіндер.
‡йсіндер — Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық
бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты ‡йсін
князінің шекарасы деп атайтынын ескерсек, ‰йсундердің шығыс шегі бір
кездерде Бесбалык ауданы арќылы еткен деген қорытынды жасау керек. ‡йсіндер
иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен.
Қаратаудын, шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. ‡йсіндер
иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы— Қызыл Анғар
каласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.
Чжан Цянның (б. з. б. II ғ.) хабарлауына карағанда, ‰йсіндердің б±рын
мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, м±ның шындыққа
жанаспайтыны анық.
‡йсін терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың
иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның казіргі айтылуы казақ
этнонимдерінің бірі — ¥лы жүз казақтарының басты этникалык компоненті болып
табылатын тайпаның өзін атайтынындай үйсін сезіне сәйкес келеді. Біркатар
зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі
деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің
диалектілік н±сқаларының бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме
айтылады, ал оның транскрипциясының дәстүрлі ертедегі қытайша түрі ќазіргі
ќытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған.
‡йсін терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар.
Қазір ‰йсін деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман, яғни
асман, аспан делініп айтылған деп жорамалданады. Б±л айтылғандарды ‰йсін
гуньмосына күйеуге берілген кытай ханшасынын хатындағы: Менің үйім мені...
Аспан Еліне... күйеуге берді деген сөздер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан
алғанда, көк тіреген таулар дегенді білдіретін тянь-шань деген сµздің езі
де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап әту маңызды.
‡йсіндердің ертедегі этникалыќ-саяси тарихына байланысты оқиғалар
жеткілікті зерттелмеген.

‡йсіндер туралы алғашқы хабарлар б. з. б. II ғасырдың аяғында пайда
болады. Қытай императорының сарайындағылар сюннуларға ќарсы күресте одаќтас
іздеп, Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жіберген. Чжан Цяньды сюнну-
ғұндар т±тқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол
кейіннен қашып шығып, Жетісуға барады, усундер туралы алғашқы хабарды еліне
сол жақтан апарған. Оның кезінде ‰йсіндер арасында сэ (сақтар) тармағы
мен юечжилер мекендеген. Юечжилер туралы хабарлар Чжанье ауданындағы
сюннулерден алынғандықтан, Чжан Цянь усундердің езі де бүрын Цилянь-шань
мен Дуньхуан аралығында мекендеген деген қорытынды жасаған. Қазіргі
деректер бойынша, усундер Жетісуды ќосќанда неғ±рлым байтақ аумаќты алып
жатќан. Қытай усундердің сюннулерге Ордоста соќќы беруін қалады. Бүл
пікір ‰йсіндердің нақ сол Чжан Цянь жазып альш, кейіннен шежіреге
енгізілген генеалогиялық анызынын редакциясында да µз керінісін тапќан.
Оның айтуынша, усундердің билеушісін бір кезде көршілері юечжилер µлтірген
де, оныњ қаншык қасқыр мен қарға күзетіп жалғыз калған ±лы есейген шағына
дейін шаньюй ордасында тәрбиеленген. Ер жеткен соң гуньмо әкесін өлтіргені
үшін кек қайтаруға шаньюйден рұќсат сұрап, юечжилерді талқандапты-мыс. Өз
кезегінде Орта Азия юечжилерінің аман ќалған бөлігі баска тайпалармен
одақтасып, б. з. б. 140 жылы Грек-Бактрия мемлекетін талқандаған.
Сірә, ‰йсіндерде үштік жүйе болса керек. Сюннулер сияќты, олар да үш
белікке: сол ќанат, орталыќ және оң қанат болып бµлінген (олардың
әрқайсысында он мыңнан жауынгер болған).
‡йсіндер бірсыпыра уаќыт бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелді
болғандықтан, соңғы этноним белгілі бір уакыт бойы ‰йсіндердің өзін де
тасасында ұстап келген деп санауға болады. М±ны грек-рим жазушыларынын
ертедегі ғүндар туралы хабарлары дәлелдейді. Мәселен, ғ±ндар туралы
хронологиялық жағынан алғаш рет Страбонның айтқандарында Бактрия патшалары
өз иеліктерін серлер мен фаундарға дейін жайды делінген. Тегінде, Грек-
Бактриясының иеліктері бір кезде Тарым ойпатының батыс шегінен әріге
созылып жатса керек, демек, бұлайша салыстыру тарихи-географиялык тұрғыдан
даулы.
Кейінгі уаќыттағы ‰йсіндер тарихы сақтармен және юечжилермен байланысты.
Грек-рим авторлары енді ғүн-‰йсіндар жайында айтады.
Ғұндар атауынын, ‰йсіндерге де таралғанына карамастан, олардың этникалық
туыстығы туралы айтуға берік негіз жоќ, дегенмен мұны толық бекерге
шығаруға болмайды. Сюннулердің тілі әзірше белгісіз. Зерттеушілер қазіргі
уаќытта сюннулер тілін ежелгі түрік тіліне бәрінен де жақын алтай тобының
тіліне жатќызуға бейім.

2. Ежелгі үйсіндердің әлеуметтік экономикалық қатынастар
Мал шаруашылыѓы.
‡йсіндер шаруашылығының даму ерекшелігіне көбіне-көп Жетісудың
географиялык жағдайы себеп болды. Мұндағы ерекшелік сол, классикалық
егіншілік немесе көшпелі мал шаруашылығы аудандарынан өзгеше мұнда мал
шаруашылығы егіншілікпен ұштастырыла жүргізілді, ал көшпелі тұрмыс салты
жартылай отырыќшылыќпен ұштасты.
‡йсіндердін шаруашылығы туралы жазбаша деректемелердін мәліметтері үздік-
создық және олардың шаруашылығының бағытын бір жағынан ғана көрсетеді.
Ежелгі заман авторларының ‰йсіндердің шаруашылығы мен тұрмысына берген
сипаттамасы малға азық пен су іздеп, бір жерден екінші жерге кешіп жүреді
деп барынша қысқа кайырылады. Бүл — көшпелі және мал шаруашылығымен
айналысатын халықтардың көпшілігі үшін дәстүрлі және ортақ тұжырым. Алайда
ол усундер жөнінде онша дәл емес.
Ертедегі Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы бірнеше кезеңнен әтті.
Оның алғашкы кезені б. з. б. II мыңжылдықтың бірінші жартысынан бастап қола
дәуіріндегі тайпалардың үй жанындағы бақташылық мал шаруашылығы болды. Б.
з. б. IX—VIII ғасырларда ғана ол кешпелі мал шару-ашылығына айналды. Бұл
кезенде жайылымдар мен су кездерін маусымдыќ, пайдалану ќалыптасты, табында
алысқа көшуге және қыс кезінде тебіндеп жайылуға мейлінше бейімделген қой
мен жылқы басым болды. Мұндай жайылымдык-көшпелі жүйе тұрақты сипат алды.
Ғасырлар бойы қоныста-рдың, қыстаулардың және жерлеу қүрылыстарының белгілі
бір жерлерде орналасуы нақ осыны дәлелдейді. Сан алуан үлгідегі
ескерткіштерден тұратын үлкен зираттар мен көп кабатты қыстау-ќоныстар
осылайша пайда болды. Атап айтқанда, усундер заманынан бастау алған осындай
зираттар әсіресе Жетісудағы ќыстаулы аймақтарда кәп кездеседі.
Ежелгі ‰йсіндердің ќоныстары мен кабірлерінен табылған мал сүйектерінін
қалдықтарына жасалған статистикалық талдау оларда қандай мал табындары мен
малдың қандай түліктері болғанын айырып білуге мүмкіндік береді. Өз
кезегінде, мал түліктерінің осындай арасалмағына ќарап, мал шаруашылығының
формасы туралы және тайпалардың түрмыс салты туралы қорытынды шығаруға
болады.
Ақтас-2 (Шығыс Жетісу) және Луговое-холм (Батыс Жетісу) ќыстау-
ќоныстарын қазғанда алынған остеологиялық материал ‰йсіндердегі малдыњ
түліктік ќұрамы мал есіруге негізделген жартылай кәшпелі шаруашылыќќа тән
екендігін көрсетеді.
Луговое-холм қонысындағы ірі қараның (33,1%) және Ақтас қыстау
қонысындағы қой (48,4%) мен жылќыныњ, (32,7%) проценті назар аудартады. Мал
түліктерінің мүндай арақатынасы шығыс ‰йсіндеріне қарағанда батыс Жетісу
‰йсіндеріне көбінесе отырықшылық тән болғанын айқын көрсетеді. Мұндай
айырмашылық Талас және Шу өзендерінің аңғарларындағы отырықшы егіншілікке
жарамды жазыќ жерлердің ерекшеліктерінен, сондай-ақ Орта Азия мен Оңтүстік
Қазақстанның егіншілік орталықтарының батыс Жетісуға ықпалынан туындайды.
Бүкіл Жетісу ‰йсіндерінің мал ќұрамында үй малдарынын барлық түрлері: қой,
жылкы, сиыр, ќос µркешті түйе, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп
отыр.
Хань әулеттік хроникаларында ‰йсіндерде жылќы шаруашылығының дамығаны
атап µтілген. Байларындағы жылқы саны бес мыңға дейін жеткен, ал үлы және
кіші гуньмолардың жасағы 30 мың атты әскерден тұрған. Усун гуньмолары қытай
ханшаларына ұйленген кезде сөз байласу сыйы ретінде мындап жылкы мен ќашыр
айдатып жібереді екен. Таулы аудандарда қашырлар жүк артатын көлік ретінде
пайдаланылған. Жетісуда асыл тұқымды жүйрік жылқы өсірген кµрші елдердің
білгірлері оларды төзімділігі мен жұйріктігі үшін бағалап, Даванның
қантерлі аспан аттарынан кейінгі орынға қойған. Бір ғажабы, ‰йсіндердін
жылќысы батыс шек деп аталған. Теңлік обасынан табылған, салт аттының
суреті салынған алтын қаптырмалардан ‰йсін жылқысынын т±қымын білуге
болады. Ол бейнеге караға-нда, б±лар ірі де биік, бұлшык етті, басы үлкен,
ќұйрык-жалы өрілген немесе күзелген болып келетін жылқылар. Усун жылқысының
Теңлік қаптырмаларындағы бейнесі б. з. б. I мыңжылдықтың аяғындағы — б. з.
I мыңжылдығының басындағы бізге мәлім (Ашурнасирпал мен Ашурбанипалдың
аңшылық бедерлеріндегі, Персепольдегі мидиялық және сириялык
бедерлеріндегі, Иранның күміс табақшаларындағы сасанилер патшаларының аң
аулау көріністеріндегі) Евразия жылқылары бейнелерінің бәрінен де дерлік
ерекше.
‡йсін жылқысының бейнесі Персеполь бедеріндегі саќ жылќысына және
Сібірден табылғаң (Петр коллекциясы) алтын ќаптырмада суреті салынған,
жыртқыш аң ж±лмалап жатқан жылқы бейнесіне көп жағынан ұќсас келеді. Бұл
бейнелердің бәрінде де аттардың кекілі мен жалын әсемдеудің ±қсастығы,
олардың дене бітімі мен бастарын бейнелеуде ұқсастыќ таңғаларлыќ.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы ‰йсіндер шаруашылығынын, негізгі түрі
болды. Кейінгі кезде де ол экономикада өзінің жетекші рөлін сақтап ќалды;
шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жуйесі жетілдіріліп
отырылды.
Егіншілік және отырықшылық. Ақтас ќыстау-ќонысын қазып ашқанда
‰йсіндерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер
өндеу құралы — тас кетпендер және егін жинау ќ±ралы — қола ораќ (сынығы).
Тастан жасалған дәнүккіштер өсімдік тағамының түрақты тамақ қүрамына
кіргенін айқын көрсетті. Мәселен, Ақтас қыстау-ќонысының үйлерінде 11 бүтін
дәнүккіш және 15 дәнүккіштің сынықтары табылған; олардың бәрі де ұзаќ уақыт
пайдаланудан әбден тозған.
Актас қыстау-ќонысының төңірегін зерттеген кезде ‰йсіндерде қарапайым
суармалы егіншілік болғандығының белгілері байқалды. Мұнда арықтардың және
аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өнделген шағын танаптардың
іздері табылды, бұларда, шамасы баќша дақылдарын өсірген болуы керек.
Өнделген алаптар су µздігінен ағып баратын жерлерде орналасќан;
арықтардыњ арнасы жердің табиғи көлбеулігін есепке ала отырып жүргізілген.
Қарапайым суарма жүйелерінің мұндай іздері Жонғар Алатауы, Шолақ (Іле
аңғарында) және Шу-Іле {Шу аңғары) тауларының қойнаулары мен баурайларында,
Қырғыз Алатауының (Талас аңғары) солтүстік баурайларында да кездеседі.
‡йсіндерде бақша егу егіншіліктің бір түрі ғана болып қоймайды. Егер тас
кетпендер бақша даќылдарын күтуге жүмсалса, қола орақтар дәнді дақылдарды
оруға пайдаланылған. Ол кезде қандай дәнді дақылдар өсірілгенін аныктайтын
деректер әзірше аз. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны
Солтүстік Қырғызстанның ‰йсіндер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы
дақылдардың дән ќалдыќтары дәлелдейді.
Жетісудың жерасты суына қаныққан сарғылт-сұр топырағы дәнді дақылдар
еккен кезде суаруды ќажет етпейді, артық ылғал тек зиянды болуы мүмкін.
Жетісуда суармалы егіншілік ќана емес, сонымен ќатар тәлімі егіншілік те
дамыған деп топшылауға болады. Жауын-шашынның біршама көп болуы, топырақтың
табиғи ылғалы жаќсы болуы жағдайында тәлімі егіншіліктің енімі тұсімді
болған. Сірә, егіске пайдаланылған жер келемі шағын болса керек, өйткені
егіншілік ќұралдарының (кетпен) сипаты егіс келемін ұлғайтуға мүмкіндік
бермеген.
Ежелгі ‰йсіндерде егіншілік пен отырықшылық болғаны жазбаша
деректемелерде айтылған. Мәселен, хань тарихшысы Бань Гу былай деп жазады:
‰йсін гуньмосына үзатылған ќытай ханшасына қызмет ететін сарай әйелі Фынь
Чигу астанасында немесе оның төңірегінде тұратын ‰йсіннің отырыќшы
шонжарларына сыйлықтар үлестірген.
Хэ Цю-Тао ежелгі деректемелерге сүйене отырып, ежелгі ‰йсіңдер жер
өндемеген, бірак ағаш егетін болған деп жазады. Ханьшудьт түсіндіруші
Янь Ши-Гу — б. з. VII ғасырдың тарихшысы — ағаш егеді деген сөз ағаш
отырғызады деген сөз — деп, бұл хабарды дәлелдей түседі. Тарихшы Суй Сун
‰йсіндер су мен шөп іздеп жүретін (көшетін) болса да, дегенмен ќалалары
мен қала төңірегіндегі мекендері болған деп тура айтады. Ертедегі қытай
деректемелеріне сенбеуге негіз жоқ. Ресми тарихнама империяның солтүстік
және батыс тайпалар жөніндегі дәстүрлі ұлыдержавалық саясатынан туындап,
олардың даму кезеңін бөліп көрсеткеннен гері, кешпелі мешеулігін атап
көрсетуге неғұрлым бейім болды.
Мәселен, отырыкшылыќ пен егіншілік ертедегі усундерде біздің
заманымыздың алғашќы ғасырларында-ак болған деуге негіз бар, ал б. з. ІІІ—V
ғасырларында, сірә, бау-баќша шаруашылығы, тәлімі егіншілік түрінде оның
ілгері дами түскені өзінен-өзі түсінікті.

3. Үйсіндер мен ғұндардың материалдық мәдениеті
Ежелгі ‰йсіндердің материалдык мәдениеті жеткілікті дәрежеде толыќ
зерттелген. Жетісудағы, негізінен алѓанда Іле аңғарындағы ќоныстар мен
ќорымдарды ќазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар ‰йсіндердіњ т±рѓын
жайларыныњ сипатын, олардыњ, ішкі көрінісін елестетуге, керамиканың
эволюциясы мен негізгі үлгілерін зерделеуге, ‰йсін тайпаларынын, еңбек
қ±ралдары мен ќаруларын білуге мүмкіндік туғызды.
Жерлеу қүрылыстары мен олардыњ хронологиясы
Ертедегі ‰йсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы
ќабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және
жалпак ќоршаулар түріндегі кұрылыстар болып табылады. Әдетте, ќ±рылыстардыњ
екі үлгісі де бір қорымның құрамынан кездеседі. Кейде ќоршаулар жеке ќорым
ќ±райды, біраќ м±ндай реттер біршама аз. Тек бір ғана ќоршаула-рдан тұратын
оќшауланған ќорымдарды оп-оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда бүлар:
Қалқан-1, Үнгіркора-2, Бесшатыр-4, Аќшоќы-3, Аќтасты-5 (Кеген өзенінін
аңғары), Өсек-2 (Өсек өзенінің аңғары). Батыс Жетісу мен солтүстік
Ферғанада Шығыс Жетісумен салыстырғанда м±ндай ќорымдар өзірше белгісіз.
Көп жылдық ќазба ж±мыстарының көрсеткеніндей, бұл ескерткіштердіњ сыртқы
түріндегі айырмашылык олардыњ этникалык және мәдени тегіндегі айырмашылықты
білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғ±рпы мен қоса салынған саймандар жөнінен
олардың бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Әдетте, үйіндісіз ќоршаулар
неғұрлым ертедегі дәуірлердің сарќыншаќтарымен байланыстырылады, сондыќтан
олардағы хронологиялыќ белгілер айкын ажыратылады. Алайда біздің
байкауларымызда ондай т±жырымдарды дұрыс деуге салмаќты дәлелдер жоќ.
Сонымен, үйінді обалардан түратын корымдар усундердің жерлеу
кұрылыстарын сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады.
Обалар зираттың тәңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген. Обалар жазык
далаларда — топырактан, өзен аңғарларында — сары топырактан немесе өзеннің
малта тастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топыраќтан, ќиыршак
тастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі:
диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін
жер бетінен сәл көтеріліп жаткан үйіндісіз шагын обаларға дейін кездеседі.
‡йсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдыќтарыныњ
байлыгы жµніннен үш топка: үлкен, орташа және кіші топтарға бөлуге болады.
Белгілі ќорымдардыњ басым көпшілігіндегі оба ќ±рылысында усундердің кабірге
орнатќан ескерткіштері қ±рылысыныњ екі үлгісі — үйінді мен ќоршау үштасып
отырады. Әр түрлі нүскалары кездеседі, бірақеңжиі кездесетіндері: 1}
үйіндіастындағы ќоршаулы обалар; 2) үйінді сыртындағы ќоршаулы обалар,
яғни ќоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір ќашыќтыќќа орналасады;
3) үйіңді үстіңдегі ќоршаулы обалар. Соңғыларының н±скалары: үйіндіні
түбінен ќоршап т±ратын қоршау, жиегіндегі ќоршау жєне биік басындағы
қоршау. Оба үйіндісіне екі-үш ќоршау салынған реттер де мәлім, олар
концентрикалык жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3, Акшокы-4), бірак
үйінді астында бірнеше ќоршауы бар обалар әлдеќайда жиі кездеседі (Калқан-
І).
Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар
үлгісіндегі ќабір ќ±рылыстары көпшлік жағдайда - доңгелек, кейде төрт б±рыш
(шаршы, тік бүрыш), сирек болса да сопаќша түрде болып келеді. Жер бетіне
немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен ќойтастарлы бір катар немесе бір кабат
етіп жай ғана ќалай салу жолымен ќоршауларға алдын ала ойластырылған түр
беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғүрлым ±саќ сыныќтары пайдаланылса,
олардың биіктігі мен ені бірнеше ќабат етіп каланган. Өзен аңғарларында
коршауларды калауға өзеннің үлкен малта тастары ќолданылған. Ќоршаулардың
биіктігі мен ені орта есеппен алғанда тиісінше 0,5—0,6 м және 0,2-0,3 м.
¤сек ќорымында (Өсек өзенінің сол жағалауы, Жоңғар Алатауының оњтүстікетегі
ірі жентек тастар ќырынан көміліп тік бұрышты және дөңгелек коршаулар
тұрғызылған.
Ертедегі ‰йсін ќорымдары тек ќана ќыстау-қоныстардың маңына, тау
етектеріне, шатќалдардан жазыққа шыгар жерлерге орналаскан. ‡йсіндер
ќоныстануды ±нататын жер бедері ќорымдарды олардың мәдениетіне тән
меридианалдык тізбекте жоспарлауды аныќтап берді. Ќыстау-ќоныстар тау
шатќалдарының түбіне орналасқандыктан, зираттар тау езендері мен
жылғаларынын жарќабаќтарына салынған. Мұның өзі ќабір ќ±рылыстарының өзара
орналасуы судың солтүстіктен оңтүстікке және керісінше ағу бағытына ќатаң
сәйкес келіп отырды. Алайда ертедегі ‰сін ќорымдарының ерекше жоспарлануың
жер бедсрі туғызған деген түжырым бір ќорым ќұрамындағы обалардың әрбір
тізбегінің бір руға немесе үлкен өулетке жататындығы туралы әдебиетте бар
ќағиданың дұрыстығын әсте де теріске шығармайды. Ол былай т±рсын, біздегі
жаңа материалдар, әсіресе Кетпентау етегіндегі Аќтасты қорымдарынын тобы
рудың немесе үлкен әулеттің ыдырауына ќарай корымдардың жоспарлаңуы ќалай
өзгеретіндігін айќын дәлелдейді: үсаќ тізбектер үзіледі; шағын әулетке
тиесілі әрбір ќыстау-ќоныстыњ жанынан µз зираты пайда болады; жүйесіз
орналасқан үйінділерден т±ратын көлемді ќорымдар кездеседі, оларды, сірә,
енді қандас туыстыќ байланыстары бойынша емес, ќайта аумаќтық-шаруашылық
мүдделері бойынша біріккен ±жымдар тастап кеткен болса керек.
Аќырында, кейінгі жылдарда археологиялық әдебиет беттерінде дұрыс
баяндалмай келе жатқаң бір жайға тоќталып кету ќажет. Ол қорымдарды
жоспарлаудағы және үйінділер ќоршауларының орналасуындағы µзгерістерді
обаныњ мерзімін аныќтайтын белгілер деп қарастыруға әрекет жасау. Біздіњ
Жетісудың ертедегі кезі жөніндегі біліміміздің қазіргі сатысында А. Н.
Бернштамның пікірін даусыз д±рыс деп санауға болады; оның пікірінше белгілі
бір қорымдарды қазып, мерзімін белгілейтін материал алғанға дейін-аќ сақ-
‰йсін мәдениетіне жататындығын анықтаушы белгі оларда обалардын тізбек
бойынша орналасуы және ќабір ќ±рылыстарының қ±рылымында үйінділер мен
қоршаулардың үштасуы болып табылады.Біз сақтар мен ‰йсіндердің кезіндегі
мәдениет туралы жалпы сөз еткен кезде осы көзќарастың д±рыс екенін атап
көрсетеміз. Біраќ олар ескерткіштерді кезең-кезең бойынша хронологиялық
топтаудың өлшемі, мәдениеттің сатылық эволюциясын аныктаушы емес.
‡йсіндердің белгілі ќорымдарының бәріндегі ќабір ќ±рылыстарыныњ
қ±рылымдарын салыстыру қо-ршаулардың үйінділерге ќарай орналасуының әр
түрлі нұсқалары ‰йсмін мәдениеті дамуының барлыќ кезендеріне тән екенін
көрсетеді. Сірә, әр түрлі нұсќаларды ертедегі ‰йсіндердін діни көзќарасы
болып табылатын єлдебір рєсімдік-магиялык ұғымдар туғызған болса керек.
Қорымдардыњ жоспарлануындағы езгерістер де мерзімін дәл анықтайтын белгі
бола алмайды. Біріншіден, жоғарыда айтқанымыздай, обалардың ерекше
орналасуыы жер бедері қалыптастырған. Екіншіден, үйінділердің тізбектеле
орналасуы ‰йсін мәдениетінің неғүрлым алдынғы кезеңіне, рулык байланыстар
әлі де күшті болған кезге тән болған; ал олардың ыдырауына байланысты, яғни
неғүрлым соңғы кезенде үйінділері жүйесіз орналаскан қорымдар пайда болады.
Сондықтан біз қорымдардың топографиясы мен қабір құрылыстарының ќ±рылымы
олардың мерзімін белгілеудің қосалқы өлшемі ғана бола алады, ал соларға
ғана негізделген т±жырымдар мен топтаудың ќандайы болса да қатерлерге
ұрындырмай қоймайды және олар жасанды ќ±рылымдар деп саналуға тиіс деген
тұжырымға тоқталамыз. Мүндай қателерге мысалдар аз емес. Бегазының (Орталык
Ќазаќстан) таќтатас қоршауларын Байкал сыртындағы тақтатасты молалармен
немесе Ноин-Ула қималарын Пазырық обаларынын қималарымен және т. б.
салыстыру сәтсіз болғаныњ еске сала кетейік.
Бүкіл халық үшін ортаќ жерлеу ғ±рпы компоненттерінің бірі ретінде
ертедегі ‰йсіндердің табыну ќ±рылыстары олардың діни дүниетанымының тікелей
кµрінісі болып табылады. Біртіндеп күрделілене түскенімен, діни түсініктер
негізінен алғанда айтарлыќтай өзгерістерге ұшырамады ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар
Үйсіндердің этникасы
Экономикалық қатынастар
Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
Халықаралық экономикалық қатынастар жайлы
Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы
Халықаралық экономикалық қатынастар
“Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде”
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы мәлімет
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь