Бәсекелестік



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. БӘСЕКЕЛЕСТІК

1.1 Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері
1.2 Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері
1.3 Өнімнің бәсекелестік қабілетін талдау

ІІ. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Электр жабдықтарының өндірістік қуатын есептеу ... ... ... ... ... ...
2.2 Электр жабдықтырдың капитал шығынын анықтау ... ... ... ... ... ...
2.3 Еңбек пен еңбек ақы қорын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Қызметкерлердің саның анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Жинақтау бөлімшесінің қызметкерлерінің еңбек ақы қорын есептеу
2.6 Өнімнің өзіндік құнын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.7 Жабдықтарды пайдалану және ұстап тұрудағы шығындар ... ... ... ...
2.8 Жобаланатын электр жабдықтардың экономикалық тиімділігі ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу экономикалық жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Жекелей алғанда "Өнімнің бәсекелестік қабілеті" ұғымы кең қолданысқа түсті. Өнімнің сапа және бәсекелестік қабілеті мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде. Өнімнің бәсекелестік қабілеті ұғымында негізінен оған нарықта сәтті өндірілуі мен таратылуына жағдай жасайтын барлық шарттар қарастырылады. Кей кездері бәсекелестік қабілет ұғымы тек экономикалық объект қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар сапаны бағалау сипатында қолданылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып, өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау әдістемесін меңгеру.
Соған байланысты өнімнің бәсекелестік қабілеті – бұл тұтынушылардың өнімге қоятын техникалық-функциялық, экономикалық ұйымдастырушылық деңгейін сипаттайтын талаптардың жиынтығы. Бәсекеге қабілетті өнім болып тек қана әртүрлі табиғи көрсеткіштерді иеленетін және бәсеке жағдайында нарықта өз орнын иеленетін тауар ғана саналады.
Кез келген өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек. Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстан Республикасы үшін үлкен маңызға ие. Соған байланысты отандық тауарлардың шетел тауарларына бәсеке бола алатын деңгейге жеткізу алған қойған мақсаттардың бірі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру нарықта өнім өндірудің негізгі шешуші факторларының бірі болатыны сөзсіз. Өнімнің бәсекелестік қабілеті сапа белгісімен қоса тұрғын халықтың өмірі үшін қауіпсіз және экологиялық таза өнім ұғымында қарастырады.
Тауардың бәсекеде жеңіске жетуі оның техникалық-экономикалық көрсеткіштері мен тауар өндірудегі технологиясынық сапасына және қолдану қасиеттеріне (сенімділігі, төзімділігі) байланысты болады. Ал соңғы кездері, әсіресе, тауардың айналадағы ортаға зиянсыздығына, кейбір эргономикалық, жалпы гигиеналық, антропометрикалық, психологиялық және басқа да талаптарға сәйкестігіне бас назар аударылуда. Бұған қоса, шетке шығарылатын тауарлар міндетті стандарттық сапаға сәйкес келуі тиіс.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Оразалы Сәбден «Бәсекелестік экономикасы»
2. Баймуратова У. «Национальная экономическая система», Алматы, Ғылым, 2000ж.
3. Логистика. Учебное пособие под рук. Б.А. Аникина М., ИНФРАМ, 1999ж.
4. Мырзалиев Б.С. «Экономикалық теория», Алматы 2006ж.
5. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы 2003ж.
6. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы 1996ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. БӘСЕКЕЛЕСТІК

1.1 Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері
0.2 Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері
0.3 Өнімнің бәсекелестік қабілетін талдау

ІІ. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Электр жабдықтарының өндірістік қуатын есептеу ... ... ... ... ... ...
2.2 Электр жабдықтырдың капитал шығынын анықтау ... ... ... ... ... ...
2.3 Еңбек пен еңбек ақы қорын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Қызметкерлердің саның анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Жинақтау бөлімшесінің қызметкерлерінің еңбек ақы қорын есептеу
2.6 Өнімнің өзіндік құнын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.7 Жабдықтарды пайдалану және ұстап тұрудағы шығындар ... ... ... ...
2.8 Жобаланатын электр жабдықтардың экономикалық тиімділігі ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу экономикалық жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Жекелей алғанда "Өнімнің бәсекелестік қабілеті" ұғымы кең қолданысқа түсті. Өнімнің сапа және бәсекелестік қабілеті мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде. Өнімнің бәсекелестік қабілеті ұғымында негізінен оған нарықта сәтті өндірілуі мен таратылуына жағдай жасайтын барлық шарттар қарастырылады. Кей кездері бәсекелестік қабілет ұғымы тек экономикалық объект қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар сапаны бағалау сипатында қолданылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып, өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау әдістемесін меңгеру.
Соған байланысты өнімнің бәсекелестік қабілеті - бұл тұтынушылардың өнімге қоятын техникалық-функциялық, экономикалық ұйымдастырушылық деңгейін сипаттайтын талаптардың жиынтығы. Бәсекеге қабілетті өнім болып тек қана әртүрлі табиғи көрсеткіштерді иеленетін және бәсеке жағдайында нарықта өз орнын иеленетін тауар ғана саналады.
Кез келген өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек. Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстан Республикасы үшін үлкен маңызға ие. Соған байланысты отандық тауарлардың шетел тауарларына бәсеке бола алатын деңгейге жеткізу алған қойған мақсаттардың бірі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру нарықта өнім өндірудің негізгі шешуші факторларының бірі болатыны сөзсіз. Өнімнің бәсекелестік қабілеті сапа белгісімен қоса тұрғын халықтың өмірі үшін қауіпсіз және экологиялық таза өнім ұғымында қарастырады.
Тауардың бәсекеде жеңіске жетуі оның техникалық-экономикалық көрсеткіштері мен тауар өндірудегі технологиясынық сапасына және қолдану қасиеттеріне (сенімділігі, төзімділігі) байланысты болады. Ал соңғы кездері, әсіресе, тауардың айналадағы ортаға зиянсыздығына, кейбір эргономикалық, жалпы гигиеналық, антропометрикалық, психологиялық және басқа да талаптарға сәйкестігіне бас назар аударылуда. Бұған қоса, шетке шығарылатын тауарлар міндетті стандарттық сапаға сәйкес келуі тиіс.
Тауардың бәсекеге төзімділігін бағалағанда оның сату немесе сатып алу бағасы қарастырылады. Осыған қатысты мына жайттар ескерілгені жөн: нарықты және ақырғы тұтынушылардың сұранысын зерттеудің сапасы, тауарды нарыққа жеткізу мен оны сатуды ынталандырылып отыру, жарнама және тауардың өмірлік цикілін есепке алуға байланысты жүргізілетін жұмыстың тиімділік дәрежесі, баға стратегиясын таңдап алудың дұрыстығы, тауар өткізу мекемелері мен тауардың қозғалу бағаттарын белгілеу кезінде тауардың бәсекелік артықшылығы мен кемшіліктерін (маркетингтік құрастырушыларды) анықтау.
Экономикалық көрсеткіштер тұрғысынан қарағанда тауардың бәсекеге төзімділігі оның қолданысқа түсіуіне дейін жұмсалған шығындарға қатысты алғанда пайдалы немесе пайдасыз (залалды) екеніне қарап анықталады.
Тауардың өтімділігі мен бәсекелік дәрежесін оны өндіретін, жеткізу және оны сатумен айналысатын фирмалардың, сондай-ақ коммерциялық және сауда саласындағы мамандардың имиджі (тауардың, кәсіпорынның, елдің т.б. тіпті сол тауарды шығаратын мемлекеттің халықаралық деңгейдегі беделі) айқындайтыны белгілі.
Тауардың бәсекелік деңгейін анықтайтын деректер мен факторлар жинақтала келіп, тауардың тұтыну бағасын белгілейді. Бұл - тек тұтынушының тауарды сатып алатын бағасы ғана емес. Ондай баға тауардың қолданылу процесіндегі тиімділігі мен тауарлық таңбасының қадірлі дәрежесі жағындағы түсініктерді де қамтып отырады. Баға жөнінде саудаласу барысында, яғни тауардың сату немесе сатып алу бағалары белгіленетін тұста алдағы уақыттардағы қолданылу процесіндегі тиімділігі мен тауарлық таңбасының қадірлі дәрежесі жағындағы түсініктерді де қамтып отырады. Баға жөнінде саудаласу барысында, яғни тауардың сату немесе сатып алу процесіндегі тауардың тиімді немесе тиімсіз жақтарын мүмкіндігінше көрсетуге ұмтылады. Әрине, әсіресе, тауар сатушы өз өнімінің экономикалық артықшылығы мен құндылық жағына баса назар аудару тенденциясын берік ұстанады.
Өнім сапасын тұтыну құнымен байланысты және соған байланысты қасиеттерді қанағаттандыру деңгейі мен шегі арқылы анықтылады және өнім сапасы өнімнің бәсекелестік қабілеті механизмінің түп өзегі болып табылады. Бірақта қатысты төмендеу өнім сапасы, төмен бәсекелестік қабілеттің болуын толығымен сипаттамайды.
Бәсекелестік қабілеттің нақты мәні мен тек қана өндіруші өз тауарын нарыққа шығарып және ол тауар басқа бәсекелестердің тауар алмастыратынына бәсеке бола алатын жағдайда ғана ашылады.
Көптеген индустриалды дамыған елдер компаниялары өнімнің бәсекелестік қабілетін ішкі нарықта шешуге тырысады, өйткені болашақта өз тауарын сыртқы нақты тарату мүмкіндігіне толық сенімді болады.
Кез келген тауар ішкі нақты бәсекеге қабілетті, ал сыртқы нарықта бәсекелес қабілеті төмен болуы әбден мүмкін. Соған байланысты сомалық көрсеткіштердің өзгеріссіз, өнімнің бәсекелестік қабілеті кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Ол нарық конъктурасының өзгерісіне жарнама және т.б. тауарға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар негізінде жүзеге асады.

1. БӘСЕКЕЛЕСТІК

1.1. Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері

Нарықтық экономиканың басты принципі - тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік - бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік - бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік - бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері - бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі - жұмысшылар жалдайды, үшіншісі - акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно - жалғыз, полия - сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы - бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
1. Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
2. Монополиялық бәсеке - нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен роль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
3. Олигополия - мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго - көп емес, азғантай; полия - сату.

Өнімнің бәсекелестік қабілеті - бұл оның нарықтағы сәттілігін анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндық сипатының жиынтығы. Бұл тауарға сәйкес нарық шарттарымен, тұтынушылардың техникалық, эстетикалық сипаттарымен қоса сапасы бойынша, сонымен қатар оны таратудағы экономикалық және коммерциялық жағдайларын сипаттайтын күрделі категория, көп функциялы ұғым.
Өнімнің бәсекелестік қабілеті қатысты өлшем болып табылады және нарықта бәсекеге түсетін тауарларды салыстыру нәтижесінде көрінуі мүмкін.
Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау және болжау - бірнеше этаптардан тұратын күрделі жұмыс. Алғашқы этапта бәсекелестік қабілеттің мақсаты анықталады. Нақты шарттарға тәуелді олар келесідей болуы мүмкін:
* бірнеше кәсіпорындар арасында өнімнің жағдайын анықтау;
* нарықта өнімді таратудың перспективасын бағалау;
* өнім көрсеткіштерін анықтау; Оған бәсекелестік қабілет деңгейін анықтауға қажетті қажеттіліктер;
* өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру бойынша іс-шараларды жасау;
* тауарға баға тағайындау;
* нақты нарықта тауармен жұмыс істеу стратегиясын таңдау;

Екінші этапта өнімге талаптар қарастырылады. Оған ақпарат тұтынушылардың талаптары мен сұранысы негізінде талдау жасалынады. Келесі этап - өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалауға қажет параметрлерді қарастыру. Барлық параметрлер өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалауда үш үлкен топқа бөлінеді:
1. нормативтік
2. техникалық
3. экономикалық.

Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау процесінде келесідей принциптерді ескеру қажет:
* нарық субъектілерінің мақсаттары мен құралдарының қарама - қарсылығы;
* нарық сегменттерінің әртүрлі ерекшеліктерін ескеру;
* зерттеу кезеңдерінің нарық конъктурасы;
* нарық субъектілерінің рационалды мінез-құлқы.
бейнелейді. Мақсаттар мен құралдардың принципі өнімнің бәсекелестік қабілетін басқаруда аталған категорияның екі аспектіде қарастыруды белгілейді. Бәселекестік қабілетті басқару және бағалау процесінде екі нарық қатынасының субъектілерінің (тұтынушы мен өндіруші) қөзқарасын ескеріп, олардың өзара байланысын қарастыру керек. Өндіруші үшін маңызды параметр шығын деңгейі болса, ал тұтыну үшін маңызды параметр болып, өнімнің тұтынушылық қасиеті табылады.
Тұтынушы мен өндіруші қатынас арасындағы байланыс ақша, тауар, айырбас процесінде мақсаттар мен құралдар қарама - қарсы матрицасын
Өнімді сатып алуды жетілдіру мақсатында тұтынушы үшін оның сапасын иелену болып табылады. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін факторлар құнын тұтынушы бағасы түрінде көрсетуге болады. Әрбір тұтынушы нақты өнімді таңдағанда тұтыну қасиеттерінің деңгейімен оған кеткен иелену мен қолдану шығындарының арасындағы қолайлы қатынасқа ұмтылады. Соған байланысты әрбір шығын бірлігіне жоғары тұтыну тиімділігін алады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін өлшеу үшін Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттерінде кең қолданылатын тұтынушы қажеттіліктерін қанағатттаныру индексі қолданылуы мүмкін.

Субъектілер
Бәсекелестік қабілет факторлары

Сапа
Баға
Өндіруші
1. Өнімді өндіру процесінің сапасы (құрал)
3.Өнімді өндіруге байланысты шығындар
Тұтынушы
2. Өнім сапасы (мақсат)
4.Тұтынумен байланысты шығындар (құрал)

Сызба 1.Бәсекелестік қабілетін бағалау процесіндегі мақсаттар мен құралдарының қарама - қарсылық матрицасы

Өндіруші қөзқарасы мен өнімнің пайдалылығы екі шығын бағалы факторлармен анықталады. Кез келген өндіруші ұзақ мерзімді перспективада таратылған өнім бағасы мен оның өндіру шығындары арасында максималды айырмашылық мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты өндіруші үшін алғашқы міндеттерінің бірі болып аталған өнімнің жоғарғы пайдалылық деңгейі туралы ой қалыптастыру болып табылады. Өндіріс процесінің сапалы деңгейі өндірістік - технологиялық көрсеткіштерін бейнеленіп, өнім сапасында байқалады және өндірушінің негізгі мақсаты пайда алуды қанағаттандырады.
Соған байланысты өнім нарықтың екі субъектісі үшін де тұтынушы мен өндірушіге пайдалы қасиеттер жиынтығын бейнелейді.
Нарықтың әртүрлі сегменттерінің ерекшеліктерін есепке алу принципі.
Нарықтық қатынастар тәжірибесінде негізделген және тұтынушыларды бірлік қоғам ретінде бейнелейтін шарт.
Олар бір қасиетті бір тауарға әртүрлі әсер етеді. Тұтынушы сатып алуды іске асырғанда өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды сатып алуға ұмтылады.
Әрбір сатып алушының сатып алуы кешенді фактор негізінде жүзеге асады. Тұтынушы таңдауы, талғамы біркелкі болуы мүмкін емес. Оған байланысты әрбір тұтынушы өнімнің бәсекелестік қабілетін өз деңгейінде бағалайды. Сондықтан абсолютті бәсекеге қабілетті идеясы жоқ.
Бірақта жиынтық сұраныс белгілі бір тұтынушылар топтамасында тауардың сапасы мен бағасы шеңберінде қалыптасады. Тұтынушылар психологиялық, мінез - құлық аспектісін талдай отырып бірнеше адамның бір өнім туралы әртүрлі ой қалыптасатыны сөзсіз.
Қолайлы сегмент ретінде 20% тұтынушы иеленетін өнімді сатуды іске асырған жөн.
Соған байланысты өнім бәсекелестік қабілеті әртүрлі сегменттерде әртүрлі болады. Тұтынушылар өз сегменті бойынша өнімнің жетістіктері мен кемшілігін өздігінше бағалайды. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз ету үшін тұтынушылар сегментациясын дұрыс жүргізу керек.
Нарық конъюктурасының тұрақтылық принципі. Өнімнің бәсекелестік қабілеті - белгілі бір кезеңге және нақты нарық сегментіне байланысты түсінік. Өнімнің сапалық және құндық өзгерісі кезінде бәсекелестік қабілеті үлкен тербеліспен өзгеруі мүмкін.
Бәсекелестік қабілетті бағалау кезінде негізгі параметрлердің ішкі сәйкессіздігін болдырмау үшін тауардың пайдалығын психологиялық аспектілер негізінде зерттеу керек. Мысалға өндірушінің өндіру мүмкіндігі мен тұтынушының сатып алу қабілеттілігі және т.б. нарықтық конъюктурасының өзгеріссіз болуын анықтайтын негізгі фактор сипатында тұтынушының табысы мен шығындар құрылымы болуы мүмкін.
Бірақта аталған жағдай ішкі және сыртқы ортаны аз өзгерістерде экономикалық моделдерді қалыптастыру үшін ақпараттарды жинақтайды.
Нарық субъектісінің рационалды мінез - құлық артықшылық принципі. Нарықтық қатынастардағы әр субъектінің мінез - құлқына негізделген. Тұтынушы мен өндіруші алдын ала анықталған мақсатта рационалды өзара байланысты болады. Олардың байланысын әлеуметтік қажеттіліктер мен оларды қанағаттандырумен түсіндіріледі. Аталған модель көп мөлшерде өндірушімен жүзеге асады. Кез келген кәсіпкер өнімнің өзіндік құннан жоғары сатуға тырысады. Соған байланысты кәсіпорын бәсекелестік ортада өз бәсекелестерін жеңуге жол ашады. Кез келген өндіріуші қолда бар ресурстар мен жоғары пайда түсіруге тырысады. Ортадағы кез келген іс - шаралар өнімнің сапасын жоғарлату немесе төмендету қосымша пайда алуға бағытталған.

1.2. Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері

Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау кезінде нормативтік параметрлердің әдістемелік есебінде индексті енгізумен қамтамасыз етіледі. Ол екі мағынады болады бірнеше нөл. Тауардың міндеті стандарттарға, шарттарға сәйкес болғанда индекс бірге тең. Жалпы көрсеткіш нормативтік параметрлер бойынша бірлік көрсеткішінің әрбіреуін бейнелейді:

JНП = Пqi (1)
мұндағы: JНП - нормативтік көрсеткіштер бойынша жалпы индекс
qi - нормативтік параметрлер бойынша бірлік көрсеткіш
t - бағаларды көрсететін нормативтік параметрлер саны
П - нәтиже
Соған байланысты кез келген бірлік көрсеткіштер де соған тең. Бұл аталған тауардың бәсекелестік қабілетінің төмендігімен сипатталады. Бәсекелестік қабілетті бағалаудың екі топтағы параметрлері болып тауардың техникалық сипаттамасы табылады.
Нарықтық зерттеулер фирмаға тұтыну мен қандай қасиеттер қажет екенін анықтайды. Сан бойынша бір техникалық параметрлердің жалпы параметрге мөлшерін көрсетеді.

(2)
мұндағы: Тei - i параметрлері бойынша техникалық көрсеткіш
t Ні - талданатын тауардың i параметрінің өлшемі
t эі - жалпы тауардың i параметрінің мөлшері
Аталған формула бойынша тауардың барлық техникалық параметрін есептеге болады, яғни олардың қуаттылығын, сыйымдылығын, сенімділігін және т.б. Техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіштерді қабылдау үшін бірлік көрсеткіштерді сомалау керек.
JT п = ∑ T ei * Li (3)
мұндағы: Jтп - техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш
Тei - i параметрі бойынша бірлік техникалық көрсеткіш
Li - жалпы параметрі бойынша коэффициент
п - бәсекелестік бағаланатын техникалық параметрлер саны
Бұл формулада мәселе бірлігін техникалық параметрлерінің анықталған мәнімен байланысты.
Үлкен мәнге ие объектілер талдаудағы негізгі көрсеткіштерге жатқызылады. Бұл жағдай екінші деңгейлі көрсеткіштерді алуға жағдай жасайды. Олар нарықтағы тауар үшін маңызды болап табылады. Бірақта тұтынушылар көрсеткіші көп тиімділік әкелетінін ескеру керек.
Бәсекеге қабілетті бағалауда маңызды рөлді таңдаушылар тобы мен олардың көрсеткіштерін қалыптастыру иеленеді. Тауар тұтынушыларды 100% қанағаттандыру керек. Таңдаушылар тобы келесі талаптарға жауап беруі керек.
oo аталған тауар тобын сипаттайтын көрсеткіштер бір мәнді иелену керек
oo бір нарық сегментіне жату керек
oo аталған тауарды бағалау кезінде нарықта болу керек
Бәсекеге қабілетті бағалау мақсатына сәйкес тәуелді тауарлар алынуы керек:
oo нақты нарықта тұрақты таратылатын
oo тұтынушылар санын көп иеленетін перспективалық тауар.
Базалық үлгіні талдаған кезде нарықтық конъюктураның өзгерісіне мән беру керек. Параметрлерді бағалайтын үшінші топқа экономикалық көрсеткіш жатады. Топтық экономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін талданатын тауардың тұтыну бағасы мен бәсекелес тұтыну бағасын салыстырады.
(4)
мұндағы: J эП - экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш
Ц n - тауарды тұтыну бағасы
Ц nэ - талданатын тауардың тұтынатын бағасы

Тауардың тұтыну бағасы сату нарықтық бағасымен анықталады:

Ц ni = Цpi + ∑ З экс і

мұндағы: Црі - тауардың нарықтық бағасы
∑ Зэкс і - тауардың сомалық шығыны

Осы формулаға сәйкес тұтыну бағасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бәсекелестік деңгейі жоғары. Яғни тұтынушы салыстыратын тауардың біреуін иеленуге мүмкіндігі бар.
Техникалық нормативтік экономикалық көрсеткіштер бойынша кешенді көрсеткіш есептелінеді.

Кк = Jнп *Jтп
Jэп

мұндағы: Кк - талданатын тауар бәсекелестігі коэффициенті немесе иеленуі
Jнп - нормативті параметр бойынша топтық көрсеткіш
Jтп - техникалық параметр бойынша топтық көрсеткіш
Jэп - экономикалық параметр бойынша көрсеткіш

Бәсекелестік коэффциент негізінде талданатын тауардың бәсекелестік қабілеті туралы шешім қабылданды. Егерде Кк 1 болса, бәсекелестік қабілет төмен. Кк = 1 тең көрсеткіш, Кк 1 бәсекелестік қабілет салыстырмалы түрде жоғары. Егерде Кк 1 болса, онда өндіріске және аталған тауарды нарыққа шығару туралы шешім қабылдайды. Егер Кк 1 болса, онда техникалық - экономикалық іс - шаралар жүргізу керек.
Бәсекелестік қабілетті жоғарлату мақсатында көптеген компаниялар беншмакинг - бағытын қолданады. Беншмакинг - бұл бәсекелес тауарымен өз тауарларын оның сапасын жоғарлату үшін жүргізілетін процесс.
Бәсекелестің күшті, әлсіз жақтарының стратегиясын, мақсатын білу тек қана олардың қызметін емес, сонымен қатар бағаны төмендету, таратуды ынталандыру, нарыққа жаңа тауар шығару жағдайына көз қарасын білу керек.

Бәсекелестік қабілеттің шарты келесідей түрде бейнеленеді:

мұндағы: Э - пайдалылық
З - өндіру және тарату шығындары
К - бәсекелестік қабілет коэффициенті.

1.3 Өнімнің бәсекелестік қабілетін талдау

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте - бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалығы тек маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалығы болса, ал өнімнің сапалығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі ретінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын өзін - өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдалынады:
өлшеуші әдіс (аспаптар, приборлар көмегімен);
тіркеу әдісі - бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік - құқықтық, стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін.
есептеу әдісі - өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді.
органолептік әдіс - адам мүшесін сезу - көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, дағдылығына және қабілеттілігіне байланысты;
социологиялық әдіс - өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
сарапшылық әдіс - мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.
Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланылады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:
* сұрыптылығы;
* маркасы;
* жүктелімі;
* пайдалы заттың мазмұны; өнімнің дүние жүзілік стандартына сай үлесі, т.б.
Жеке көрсеткіштер тым әртүрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу, сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруна мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім нарықта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандырылатын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттаныушылық леңгейіне жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.
Сонымен тауарға бәсекенің жарамдылығы, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы тиімділігі ұқсас тауар - бәсекелестер ерекшеленеді.
Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандары:
Бірінші тәсіл. Техника бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі - бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мұндай формуламен анықталады:
БТ = БС + ШТ (8)
мұнда: БТ - сатылу бағасы
БС - тұтыну бағасы
ШТ - бұл өнімді тұтынушылардың шығындары.

Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.
Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техникалық деңгейін жеке сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер мына формуламен анықталады:

КК = ККЭ * ККТ * ККС (9)

мұнда, КК - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырудың теориялық мәселері
Аймақтық экономиканын бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және бағалау
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Бәсекелестік үшін қолданылатын ақпараттық технологияларды дамыту
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Нарықтық механизміндегі бәсекелестік
Мінез бәсекесінің ерекшелігі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру
Нарықтық механизм
Қазақстан Республикасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру
Пәндер