Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КIРIСПЕ

1-Бөлім. Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық негіздері

1. 1. И

1. 2 Отандық өндірістің инвестициялық ахуалын талдау

1. 3 Шетелдік капитал инвестицияның негізгі қайнар көзі ретінде

2-Бөлім Қазақстан Республикаксының инвестициялық тармымдылығы және оның перспективасы

2. 1 Еліміздің инвестициялық қал-ахуалы, мәселелері және оларды шешу жолдары

2. 2 Қазақстан Республикаксындағы шетелдік инвестицияны келтіру процесін жетілдіру жолдары.

2. 3 Қазақстан Республикаксындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігі

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша


КIРIСПЕ

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн: жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу; инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

Әрбiр мемлекеттiк iшкi құрылымының дұpыc дамуы өсуге алып келедi.

Ал бiздiң елдегi инвестициялық хал-ахуал қандай соны жаза отырып, әр түрлi

экономикалық оқулықтарды және әдістерді қолдана отырып шешiм қабылдау керектігін, кәсiпорынның ic-әрекетiне инвестициянық әcepi, Қазақстандағы инвестициялық климат қандай, Әлемдегi инвестициялық тенденциялар қалай болған, соларды жазып көрсеткім келдi.

Қазақставн тәіелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда шетел инвестициясын тарту республиканың инвестициялық процесінің жедел әрі тиімді дамуының бірден бір жолы болып табылады. Шетелдік инвестицияларды тарту отын энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өңдеу өнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты басты салаларда құрылымдық -инвестициялық саясатты жүргізу қаржының жетіспеушілігімен ішкі нарықты тұрақтандырумен байланысты.

Инвестициялық саясат елдің стратегиялық экономикалық мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент. Экономиакалық реформаларға сәйкес халықаралық капиталмен инвестиция тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфиляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыруға және өндірістік құрылымдық өзгерістерге септігін тигізуде. Шетел инвестицияларының Кен өндіру өнеркәсіптеріне келіп түсуі Қазақстан экономикасының шикізат секторын дамытуға жағдай жасайды. Республиканың өнеркәсіп құрылымында шикізат кешенінің үлесі 65% -ті құрайды. Мемлекет саясаты осы сектордағы шикізат ресурстарын ұлғайту мақсатында инвестиция тартуды, қосымша ынталандыруды жақсартуға негізделеді.

Экономиканың тепе -теңдік дамуын қамтамассыз ету үшін мемлекеттің экономикалық басым секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып шикізаттық емес саланың дамуына да қолдау жасайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.

Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден шетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын жедел жетілдіруге және оның өндірістік өндірістік мүммкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екішіден шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар шаумен қатар капиталдық бәсекелестікте мыңдаған еңбекпен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

Аталған мәселелерді, соның ішінде, еліміздің инвестициялық хал-ахуалы қандай, Кәсіпорынның, отандық өндірістің іс-әрекетіне инвестицияның әсері, Қазақстандағы инвестициялық климаты және әлемдегі инвестициялық жағдай қалай болған, солар кеңінен тоқталып, ашып көрсеткім келді.

Диплом жұмысының мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен және қортындыдан тұрды.

Диплом жұмысының негізгі бөлімі екі бөлімнен. Бірінші бөлімде, шетел инвестицияларын тартудың жалпы теориялық және метадологиялық мәселелері қарастырылып, талданған. Оның әлеуметтік-экономикалық мәні, ел экономикасына әсері мен Қазақстан тәуелсіздіген жариялаған күннен бастап республика экономикасындағы күрделі өзгерістердің болуымен байланыстырыла отырылып жазылды.

Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмірі барлық ұлттардың қарым -қатынасының тиімділігінің тереңдеуіне алып келді. Бұл жағдай капиталдың өзара қозғалысының дамуы нәтижесінде әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарда анық байқалады. Сонымен қатар әртүрлі елдердің арасындағы ірі трансұлттық компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандыру мен елдердің экономикалық өзара байланысуының тереңдеуіне әкелуде. Қазіргі уақытта Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеден бөлектенген болашағы жоқ сондықтан, дүние жүзілік капитал қозғалысына енуі үлкен жетістіктерге жеткізіп отыр деуге болады.

Жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстанның инвестициялық қал -ахуалы мәселелері, оларды шешу жолдары және шетелдік инвестицияларлың ұлттық экономикаға тиімділігі қарастырылған. Бүгінде Қазақстан Республикасының ашық рыног экономикаға енуі саяси және экономикалық біржүйелілікте беталыспен келеді. Бұдан Республика президенті мен үкіметінің ел экономикасына капиталдың құйылудың ынталандырудағы іс әрекеттерінен, қолданып жатқан іс шараларынан көруге болады. Сонымен қатар қазақстанда инвесторлардың жұмысына жағымды әсер ететін бірқатар макро экономикалық саясаттар жүргізілуде.

Инвсетициялық климатты жақсарту, жаңа инвестицилар тарту және оларды дамытуға мемлекеттік қолдау жүйесін күшейту Қазақстан саясатының басымдылық бағыты болып табылады. Нәтижесінде мемлекетіміздің халықаралық бәсекелестік қабілеті ел экономикасына тартылған шетел инвестициясымен оның табиғи байлықты игерудегі орнын анықтайды. Мұнан шығатын қортынды жаңа шетел инвестицияларының тартылуымен Қазақстан болашағы ондағы инвесторлвр тұтынуының қанағаттану дәрежесіне тәуелді екенін көрсетеді.

Жалпы диплом жұмысы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актiлерi мен мерзiмдi баспасөз материалдарынан, осы заманғы экономикалық әдебиеттерден, ғылыми-зерттеу институттарының

статистикалық ақпараттарының мәліметтерінің көмегіне негізделіп жазылады.


1 бөлім. Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық

негіздері

1. 1 Инвестицияньң әлеуметтiк-экономикалық мәні

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі бұрын соңғы болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайларда да бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптаспаған экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етті, ал оны жүзеге асыру күрделі де ауыр процесс екені белгілі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеден бөлектенген болашағы жоқ, сондықтан республиканың дүние жүзілік капитал қозғалысына енуі үлкен жетістіктерге жеткізіп отыр деуге болады.

Әлемдік тәжірибе дәлелденгендей, капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмірі барлық ұлттардың қарым-қатынасының теңдігінің тереңдеуіне келтіреді. Бұл жағдай капиталдың өзара қозғалысының дамуы, әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарда жақсы білінеді.

Бір өнеркәсібі дамыған елдің, басқа елге капитал шығаруының өсуі, халықаралық еңбек бөлнісінің тереңдеу заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі заман өндірісіне ҒТП-ң әсер етуі одан әрі күрделілікті көбейте түсуде. Өнімнің соңғы нәтижесін беретін өндірістер, қазіргі кезде әртүрлі елдерде орналасқаны белгілі. Сондықтан өндірістің халықаралық мамандандырылуы мен кооперациясының дамуы одан әрі дами бермек.

Капитал табиғаты ол бір елде қозғалмай жата алмайды. өнеркәсібі дамыған елдердің ірі компаниялары ұлттық шеңберден өтіп, трансұлттық сипат алады. Әртүрлі елдердің кәсіпорындары бар, ірі трансұлттық компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандандыру мен кооперацияның қалыптасуының тездетілуіне жеделдеуіне әкеліп соғады. Сондықтан трансұлттық компания капитал қоғалысы негізінде елдің экономикалық өзара байланысын тереңдететін фактор.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шаруашылық ісінде “шетелдік инвестиция” терминін пайдаланудың ұқсас еместігі әртүрлі айтыс-тартысты жағдайға соқтырады. Соның кесірінен оны реттеуге көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді.

Бұл категорияны талдағанда бұған қаржы салудың мынадай түрлерін жатқызуға болады:

а) материалды заттай - яғни, түрліше өндіріс салаларында тауар өндіруге, қолданылатын құрал-саймандар, станоктар, механизмдер.

б) қаржылық-бұған, несие-қаржылық қызмет және бағалы қағаздармен жұмыс жасау.

в) ой еңбегінің өндірісті басқару тәжірибесін, мамандар дайындау, лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді жасау “коу-хоу” және бұған букіл шетелден әкелінген капитал жасайды.

Шетелдердегі әртүрлі экономикалық мектептер шетел инвестицияларын түрліше анықтайды. Ғылыми деңгейде және күнделікті өмірде бұл жөніндегі түсініктер біркелкі емес. Мысалға, экономиктердің айтуынша “инвестиция сөзі барлық уақытта экономикадағы пікірдегідей мағына бере алмайды. ” Біздің ойымызша, “таза инвестициялау” немесе капиталдың қалыптасуы, қоғамдағы нақты капиталдық ғимарат, құрал-сайман, материалдық өндірістік қор және т. б. таза өсуі есептеледі. Тұрғын адам пікірінше”инвестициялау” - ол жер сатып алса, айналыстағы бағалы қағаздар немесе меншіктің басқа түрлері. Ал экономистер үшін трансперттік (волютаны немесе алтынды 1 елден 2-ші елге аудару) іс-әрекеттер. Біреу инвестициялағанды басқа біреу рейнвестициялайды.

Дж. Кейнс өзінің “жұмыспен қамту, процент ақша туралы жалпы теория” еңбегінде инвестицияны “бағалы капиталды мүліктің негізгі, айналмалы, өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі” деп анықтама береді.

Э. Дж. Долан және Д. Е. Мендсей өздерінің “Рыноктан микроэкономикалық үлгі кітабында инвестицияны экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдық” яғни адамдардың жасаған өндіріс құрал-жабдықтарының ұсынылған санының көлемінің көбейіп өсуі- деп анықтала береді.

Варсей И. және Цовентлу Д. “Инвестиция” термині өте кең тараған. тұрмыстың дәрежеде инвестицияны үй, көркемөнер еңбектерін, асыл-әсемдік бұйымдарды сатып алу ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар инвестиция деп акция, облигация салынған затқа берілетін қарыздарды айтады. Кәсіпорындарда машиналарға қаржы, құрал-жабдықтар инвестицияланады- дейді.

В. Фельзенбаумның айтуынша, “инвестиция” түсінігі нақты инвестиция аталатын мәні бойынша “күрделі қаржы салу”, “қаржылықты” портфельді инвестиция, яғни акцияға, облигацияға және басқа бағалы қағаздардың меншіктің тікелей табыс алуға байланысы бар бөлігіне қаржы болу деп түсіндіріледі.

В. В Бочаровтың пікіріне “Инвестицияға белгілі бір кезең ішінде инвестициялық қызметтің соңғы өнімінің және меншік түрінің өзгеру процесінің тек тіркеп есептеуі ғана емес оның өсіп дамуы ретінде түсінген дұрыс дейді. Демек пайдалануға болмайтын бөлігі”- дейді.

Инвестицияның анықтамасы ғылыми әдебиеттерде сан алуан. “Жекешелендіру және инвестициялық еңбектерінің жиынтығы” жұмысының авторлары инвестицияны әртүрлі (материалдық және материалдық емес) активтерге бухгалтерлік болаттың сол жағына қарсы ресурстарын салу ретінде қарайды. “Инвестицияның -қаржылық жинағы” кітабында инвестиция деп ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалған ақша қаржысын, яғни күрделі қаржыны ұлғайтуды айтады.

Р. Кареновтың терминдік сөздігінде инвестиция деп мүлік заттардың барлық түрлері, кәсіпкерлік обьектері және басқа қызметтерге жұмсалған нәтижесінде табыс қалыптасатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізетін ойды көздеген құндылықтар. Бұл құндылықтарға автор ақшаны, құнды қағаздарды, мүліктерді, мүлікке құқықты, авторлық құқықты, нау-хау, яғни өнеге-тәлім және өндірістік тәжірибе тұрғысында әзірлеген техникалық және технологиялық сауда, коммерциялық т. б. бөлімдер жиынтығы жатқызады.

Біздің ойымызша инвестиция туралы кең тараған ұғым күрделі қаржы салу. Мысалғы: “Экономикалық теория негізін” белорусь авторлары қор жинау процесі тек инвестиция және күрделі қаржы арқылы жүзеге асады деп есептейді. Инвестиция дегеніміз - жаңадан жасауға және бұрынғы кәсіпорындарды қайта жаңартуға жұмсаған шығындар жиынтығы.

Бұл категорияны белгілі “экономикс” кітабының авторлары Кэмбелл Р, Макконелл және Стекли Р, Брюл анықтамасы бойынша. Инвестиция дегеніміз-өндіріске жұмсалған шығын, қор жинау және материалдық қорды ұлғайту, яғни шын мәнінде өндірістің барлық шығыны мен қорының бөлігі.

Ғалымдардың көпшілігі тек инвестицияның мәніне және оның мақсаты мен бағытына көп көңіл бөледі.

К. Бочарев инвестиция деп тұтынуға жарамаған және пайдалануға болмайтын табыстың бөлігін айтады. Инвестициялық ресурстар инвестициялық қызметтің нақты обьектіне жұмсалады, сол арқылы күрделі құндылықтардың табыс әлеуметтік тиімділігік ретінде қаралады.

Г. И. Рузавин және В. Т. Мартинов өте маңызды ойды инвестиция күрделі қаржының қалыптасумен байланысты ақша капиталына қарағанда капиталдың (күрделі қаржының) табиғи ұлғаюы деп көрсетеді.

Шетелдік инвестиция туралы бірегей пікірдің болмағанын ескере отырып инвестицияның қарым-қатынаста әртүрлі жақтар өзара келісімге қол қойып бекіту кезінде әртүрлі инвестицияға жататыны туралы анықтап алады.

Дүние-жүзінде қолданып жүрген заңдарға сәйкес инвестицияға кең көлемдегі сөз түсінігі ретінде материалдық инвестиция және басқа да құнды заттардың табыс табу үшін ақыл-ой еңбегін қосқанда кәсіпкерлік және басқа да құралдармен қызмет түрлері жатады. Біздің ойымызша инвестицияны анықтауды оның мәнінің сипаттамасы ғана емес сонымен қатар оның бағытының мақсатында қарастыру керек.

Сонымен инвестицияға мыналар жатады: ақшалай қаржылар, мақсатты банктар салымдар, пайлар, акция, облигация және басқа да бағалы қағаздар қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, технологиялар, машиналық тауар белгілері, пайдалануға, табиғат байлықтарына, бағалы ой еңбегіне, авторлық құқыққа т. б.

Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге деге шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.

Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді:

Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар болып - кәсіпорындардың өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат, құрылыс және құрал-жабдықтары саналады.

Тұрғын үйлер құрылысы инвестициялары - тұру үшін алынған үйге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.

Сақтық қор инвестициясы - фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын, оның ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімді қамтиды.

Сондай-ақ практикада инвестиция деп капиталдың екі бағытта пайдалануын айту қабылданған:

Нақтылы инвестиция - материалдық активтерге қаржы жұмсау;

Қаржылық инвестиция - құнды қағаздарға қаржы жұмсау.

Инвестицияның бірыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыда зардап шегүде. Әртүрлі ой-толғамдарға жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, ода Қазақстандық заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барлық қызыметтің қатысушыларына бұл нормативтік актінің реттеуші болуына жағдай тур еді.

Белгілі болып отырғандай кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалуда: тікелей инвестициялар және портфельді инвестициялар.

Тікелей инвестиция - тікелей өндірістік кәсіпорындарңа жасалынған инвестициялауды сипаттайды.

Портфельдік инвестиция - пайда табу үшін инвестордың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздарын сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайта бөлуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша слады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдың ішкі құйылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, эканомика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшүдің спецификалық жағдайы - отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады.

Инвесторлар стартегиялық және портфельдік болып бөлінеді. 50 пайыз плюс бір акциясы бар стратегиялық инвестор қожайын боламын деп үміттенеді. Барлық үміт стратегиялық инвесторда, себебі ол мүдделі, қаржыны салған да және ол қауіп-қатерді азайтуға тырысады, мемлекет де оған сенім артады. Портфельдік инвестордың үміттерге стратегиялық инвесторда болады. Порфельдік инвестор үшін акция - пайданы бөлісуге қатысудың мүмкіндігі болып табылады. Осыған байланысты мемлекет стартегиялық инвесторға тәуелсіз немесе соның атына өз акция пакетін бере алады.

Портфельдік инвесторға - инвестициялық қорларға - 51 пайыз жұмыскерлерге он пайыз, қалғаны стратегиялық инвесторларға. Портфельдік инвестицияны дамыту үшін жарнамалық немесе ашықтық, өтімділік және жергілікті органдарға: банктерге, заңдарға деген сенім қажет, сондай-ақ ашықтық - ақпараттар инвесторларға дер кезінде жетіп отырылулары тиіс. Нарықтық ақпарат және компаниялардағя кәсіпорындардың есеп берушлуктері өте сенімді болуы тиіс.

Инвестициялық қызметте маңызды орынды инвестор алады. Инвестор бұл өзінің ақша қаржысын, мүліқтің және ой еңбегіндегі құндылықтарды инвестициялық жобаға және оны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін заңды және жеке тұлға

Инвестор болып:

  • мемлекеттік және белгілі аумақтың мүліктерге немесе мүліктің құқыққа ие мекемелер;
  • азаматтар, соның ішінде шетелдік тұлғалар;
  • кәсіпорын, кәсіпкерлік бірлестік және басқа заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар;

Инвестициялық процестің екінші қатысушысы болып тапсырыс беруші есептеледі. Тапсырыс беруші инвесторлар және инвестициялық жобаны үш есе асыруға инвесторлармен куәландырылған рұқсат берген кез келген заңды және қабілетті тұлға бола алады. Бұл жағдайда тапсырыс беруші егер басқадай мәселелер олар - арасында шартты қаралмаса инвестициялық жобаның басқа кәсіпкерлік және басқа қатысушылар ісіне араласуына болмайды.

Егер тапсырыс беруші инвестор болмаса инвестиция мен мүліктерді иемдену, пайдалану, басқару үлесі құқығын шартты көрсетілген кезең күші бар заң көлемінде бөлісіп қолданады.

Инвестициялық процеске үшінші қатысушылар - бұлар инвестициялық қызметтің обьектілерін пайдаланушылар. Олар инвестиция қызмет обьектерін пайдаланушы инвестролармен қатар басқа жеке заңды тұлғалар, мемлекеттік және жергілікті мекемелер, шетелдік мемлекет, халықаралық ұйымлар болады.

Инвестициялық қызметтің субьектілері (адамдар және әлеуметтік топ) инвестициялық қызметке қатысушылардың екі немесе одан да көп қызметтерін үйлестіріп атқаруға құқы бар.

Инвестициялық қызметтің обьектілері: барлық салалар мен халық шаруашылығы көлеміндегі жаңадан және жетілдірілген негізгі қорлар мен айналмалы қаржылар, бағалы қағаздар, мақсатты ақша салымдары, ғылыми-техникалық өнімдер, меншікті басқа обьектілері, сонымен қатар мүліктің құқық пен интеллектуалды меншік құқығы, яғни заңмен тиым салынбаған қызметтің барлық түрі есептеледі.

Нақтылап қарағанды экологиялық санитарлы және де басқа заңмен бекітілген талаптарға сәйкес келмейтін обьектілерді инвестициялауға тиым салынады. Басқаша айтқанда азаматтар мен заңды тұлғаларға мемлекетке зиян келтіруге тиым салынады.

Біздің ойымызша инвестициялық қызмет мынадай негізгі принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

  • өмірде қолданылып жатқан заңға қайша келмейтін инвестициялық қызметке заңды тұлғалар мен азаматтар, қоғамдық ұйымдардың басқармалары мен мемлекеттік билік мекемелері кедергі жасап араласпауы керек;
  • инвестициялаудың өз еркімен болуы;
  • меншік және қызмет түрлеріне қарамастан;
  • инвестициялық қызметке қатысушылардың тең құқығы;
  • инвестициялық қорғалуы;
  • инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолдарын еркін заңдауға;
  • инвестициялық қызметті жүзеге асырудағы азаматтар мүддесі мен құқығын бұзбай сақтау.

Инвестициялық қызмет оның бағытты қаржылық сипат алуы мүмкін. Бұндай жағдайды қаржылық инвестиция алушыға облигацияға және басқа құнды қағаздармен қатар банктік дипозиттерге (сақтауға салынған ақша қоры) салынған түрінде жүзеге асырылады.

Инвестициялық қызмет инвестор арқылы жүзеге асырылады. Инвестор обьектерін, бағыттарын, инвестициялық көлемі мен тиімділігін өз еркімен алынады. Сонымен қатар инвестицияны жүзеге асыруда өзіне қажетті, қабілетті, заңды тұлғаларды шартты немесе көбіне конкурсты әдіспен қызметке алуға құқығы бар. Инвестордың инвестицияға өкілдігі мен тың нәтижесін шарт арқылы жеке заңды тұлғаға және де мемлекеттік және жергілікті мекемелерге заңды белгіленген тәртіп бойынша бере алады.

Инвестор инвестиция обьектерін және нәтижесін иемденуге, пайдалануға және басқаруға құқығы бар. Сонымен қатар сауда қызметтерін жүргізуге әртүрлі кәсіпорындарға қайта және қосымша капитал салуға, бағалы қағаздар және капитал қосудың басқа түрлеріне яғни Қазақстан Республикасы территориясында алынған табысқа құқығы бар.

Инвестициялық қызметтер субьектілері арасындағы қатынас олардың өздері арасындағы жасалған шарт бойынша анықталады. Шарт инвестициялық қызметтегі субьектілер арасындағы өндірістік-шаруашылық және басқа қызметтерді реттейтін ең басты құжат болып саналады. Бұл жерде мемлекеттік мекемелердің араласуына жол бермейді. Шарт өз қызметін инвестициялық қызметтің бүкіл мерзімінде күшін жоймайды. Егер шартты жасасып болғаннан кейін серіктестер жағдайын нашарлататын заң тәртібінде өзгерістер пайда болған жағдайда шартты өзгертуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
“Либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
Мұнай- газ өндіру кәсіпорындарының инвестициялық қызметі
Аймақтағы инвестициялық іс-әрекетті басқару
Тауарөндірушілердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру
Заманауи мемлекетіндегі инвестициялардың ролі
Инвестициялар мәні, маңызы және түрлері
Дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануы және инвестициялық процесс
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz