Windows server атты операциялық жүйелер тобы


Кіріспе

Берілген рефератта «Желілік әкімшілік ету» курсын игеру үшін базалық құрал ретінде алынған Windows Server атты операциялық жүйелер тобын таңдаудың себебін қарастырамыз; берілген жүйенің функциональді мүмкіншіліктері мен редакциясына қысқаша шолу жасалынады. ; оперциялық жүйені қолмен орнатудың жолы толық көрсетіледі.

Ақпараттық технологиямен байланысқан кез келген курсты жоспарлауда теориялық бөлігі мен практикалық бөліктерін, лабораториялық бөліктерін нақты байланыстыра отырып жасау қажет, яғни аппаратық платформа, операциялық жүйе, ақпараттар базасы жүйесіне және т. б. байланыстырылған.

Бағдарламалық - аппараттық платформаны таңдауда бүкіл бір факторлар қатарымен санасу қажет:

  • Осы ЖОО-да бар аппараттық кешен және бағдарламалық қамтамасыз ету(БҚ) ;
  • Жетіспей тұрған жабдықтар мен БҚ -ны сатып алу құны;
  • Коппоративті сектордағы осы немесе басқалай платформалардың таралуы;
  • Сәйкес аймақта осы технология мамандарына сұраныс;
  • Осы ЖОО-дағы оқытушылардың тәжірибелілігі мен мамандылығы

Бұл оқулықтың авторларының көзқарастары бойынша Windows Server 2000/2003 операциялық жүйелер тобы желілік әкімшілік етудіің әр - түрлі аспектілерін игеруде әмбебап платформа бола алады дейді.

  1. Кез келген білім беру мекемесінде Windows Server 2000/2003 операциялық жүйелер тобын орнатудың талаптарына жауап беретін компьютерлік сыныптар бар.
  2. Бұл жүйе білім беру мекемелеріне неше түрлі лицензиялық жеңілдікті бағдарламалары арқасында жол ашық. Мысалы Academic Open License-тен MSDN Academic Alliance-ге жейін, және Microsoft IT Academy (одан басқа жүйенің қысқаша курстарға арналған 120 немесе 180 беттік тегін түрлері де бар ) .
  3. Windows 2000/2003 операциялық жүйелері көптеген ақпараттық корпоративтік жүйенің негізі болып саналады, және де операциялық жүйенің ақпараттар базасы бойынша желілік әкімшелелік етушілерге тұрақты сұраныс бар.
  4. Windows Server жүйесі нақты түрде барлық желілік қызметтер іске асқан әмебеп платформа іспетті, яғни 1- бөлімде көрсетілген Active Directory каталогтар қызметі, желілік инфрақұрылымдар қызмет (DNS, DHCP, WINS, маршрутизация және алысталған рұқсат ), файлдар мен басып шығару қызметі, веб - жариялау және т. б. Осындай жолмен аз шығындану арқылы бүкіл негізгі желілік қызметтерді игеретін білім беру платформасын құрып шығуға болады.
  5. Microsoft корпорациясы ЖОО-дық оқытушыларды дайындау үшін партнерлік бағдарламарды іске асырады, онда вуз оқытушылар жеңілдетілген бағамен Windows Server-де желілік әкімшілік етуші курсын үйренеді.

Жоспарлау

КІРІСПЕ

1 «ЖЕЛІЛІК ӘКІМШІЛІК ЕТУ» КУРСЫН ИГЕРУ ҮШІН БАЗАЛЫҚ ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ АЛЫНҒАН WINDOWS SERVER АТТЫ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ТОБЫ.

1. 2 WINDOWS SERVER 2000/2003 ЖҮЙЕСІНІҢ ФУНКЦИОНАЛЬДІ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН РЕДАКЦИЯСЫНА ШОЛУ.

1. 3 WINDOWS SERVER 2003 STANDARD EDITION.

1. 4 WINDOWS SERVER 2003 ENTERPRISE EDITION.

1. 5 WINDOWS SERVER 2003 DATACENTER EDITION.

1. 6 WINDOWS SERVER 2003 WEB EDITION

2 ЖҮЙЕНІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОРНАТУ ЖОСПАРЛАУЫ.

2. 1 ЖҮЙЕНІ ОРНАТУ ЖӘНЕ ОНЫ БАСТАПҚЫ БАПТАУ.

2. 2 ОРНАТУ РЕЖИМІН ТАҢДАУ.

2. 3 ЖҮЙЕНІҢ ДИСТРИБУТИВ САҚТАУШЫСЫН ТАҢДАУ

2. 4 ЖҮЙЕНІ ОРНАТУ БАРЫСЫ.

2. 5 ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ЖИНАУ ЖӘНЕ КОНФИГУРАЦИЯСЫНА АНАЛИЗ ЖАСАУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1
« Желілік әкімшілік ету» курсын игеру үшін базалық құрал ретінде алынған Windows Server атты операциялық жүйелер тобы.

Windows Server тобын жүйесін базалық желілік платформа ретінде қолданатын «Желіге әкімшілік ету » курсы түрлі желілік қызметтерді игеруде және әкімшіліктендіруде көптеген практикалық білім мен дағды береді.

Бұл оқулық теориялық бөлім мен тәжірибелік тапсырмаларды орындауды игеруде базалық құрал ретінде Windows Server 2003 (орысша нұсқасы) операциялық жүйесін қарастырады. Бүкіл теориялық бөлімдер мен лабораториялық тапсырмалар Windows Server 2003 материалдарынан дайындалған. Егер сіздің білім беру мекемеңізде базалық жүйе Windows Server 2000 болса, онда ешқандай аса үлкен өзгертудер қолданбай-ақ осы оқулықтың материалдарын берілген платформада да қолдануға болады. Әрі қарай Windows Server әмбебап термині оқылық мәтінінде көп кездесетін болады. Егерде қайсібір кезде нақты бір нұсқасына тоқталатын болсақ, ол алдын ала ескертіледі.

1. 2 Windows Server 2000/2003 жүйесінің функциональді мүмкіндіктері мен редакциясына шолу.

Windows Server жүйесін орнату, баптау және қолдану нақты инсталляция орындау қажет міндеттерге тәуелді болады. Microsoft корпорациясы жүйенің ұқсас міндеттерін серверлер «рөлі» түріне біріктірді. Барлық рөлдерді «Сервер баптау мастері» немесе «Осы серверді басқару» мастерлерін қосқан кезде көруге болады.

Осы рөлдерді қарастырып өтелік:

  • Файлдық серверлер (файлдарға рұқсат беретін және оларды басқаратын сервер; бұл рөлді таңдау сізге көрсеткіштеу мен квотирлеу параметрлерін тез баптауға мүмкіндік береді) ;
  • Басып шығару сервері (желілік принтерлерге қосылуға рұқсат беретін және принтердің басып шығару кезегімен принтердің драйверлерін басқаратын сервер; бұл рөлді таңдау принтерлер драйверлер параметріе тез баптауға мүмкіндік береді ) ;
  • Қосымшалар сервері ( Web - XML қызметі, Web - қосымшалары орындалатын сервер; серверге бұл рөлді бекітсеңіз, онда автоматты түрде IIS, COM+ и Microsoft . NET Framewor орнатылады; және өз тілігңіз бойынша Microsoft FrontPage кеңейтілуін, сонымен қатар ASP. NET - ті қосуға немесе алып тастауыңызға болады) ;
  • Пошталық сервер (РОРЗ (Post Office Protocol 3) және SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) негізгі пошталық қызметтер істейтін сервер, осылардың арқасында пошталық РОРЗ-домен клиенттері әлектрондық поштаны жібере және қабылдай алады, бұл рөлді ьаңдай отырып сіз поштанмен алмасу доменын анықтайсыз және пошталық жәшіктер жасай аласыз) ;
  • Терминалдар сервері (терминальдік қызмет ретінде істейтін, клиенттік компьютерлерге арналған міндеттерді орындайтын сервер; бұр рөлді таңдау қосымша сервері режимінде істейтін терминалдар қызметін орнатуға әкеп соғады) ;
  • Алысталған енуге рұқсат сервері/ виртуальді жекеменшік желінің сервері(телефон қосылыстары мен виртуальді жекеменшік желі(virtual private network, VPN) арқылы қосылуды басқаратын және желілік трафиктің маршрутизациясын іске асыратын сервер) Бұл рөлді таңдау кезінде алысталған рұқсат(Routing and Remote Access Server Setup Wizard) пен маршрутизация жасау серверінің баптау мастерін іске қосасыз; алысталған рұқсат пен маршрутизация параметрлерінің көмегімен тек қана шығатын қосылулар, шығатын және кіретін қосылулар немесе түгелдей сырттан кіріп-шығуға тыйым салуға болады;
  • Каталогтар қызметі (Бақылаушы домен Active Directory - сервері үшін каталогтар қызметі жұмыс істейді және онда каталогтар ақпараты сақталады; сонымен қатар домен бақылаушысы каталогты іздеу мен желіге кіруге жауап береді; бұл рөлді таңдағанда серверге DNS және Active Directory орнатылады) ;
  • Домендық атаулар жүйесі (IP-адрестердегі компьютер атауларын білетін және керсініше істей алатын DNS қызметі қосылған сервер, бұл рөлді таңдағанда серверде DNS орнатылады және DNS - сервердің баптау мастері іске қосылады) :
  • Түйіндерді динамикалық баптаудың хаттамасының сервері (DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) қызметі қосылған сервер, желідегі түйіндерге автоматты түрде IP-адрестерді бекітуге жол береді; бұл рөлді таңдағанда серверде DHCP қызметі орнатылады және облыс жасау мастері іске қосылады) ;
  • Windows Internet Naming Service сервері (NetBIOS есімдерін IP-адрестерге айналдыра алатын немесе керісінше жасай алатын WINS (Windows Internet Name Service) қызметі қосылған сервер, рөлді таңдау WINS қызметін орнатуға әкеледі) ;
  • Мультимедиа-хабарлау ағынының сервері (Интернетке немесе желідегі басқа жүйелерге мультимедиалық ағындарды жеткізетін сервер; осы рөлді таңдау Windows Media қызметін орнатуға әкеледі; бұл рөл тек қана Standard Edition және Enterprise Edition нұсқаларында ғана бар)

Microsoft Windows Server 2003 - ДК-ге арналған ең қуатты ОЖ. Онда алғашқы рет Windows 2000 да пайда болған жүйе мен әкімшілік етуді басқарудың ең бір жаңа құралдары қолданылған. Мінеки, олардың кейбіреулері:

  • Active Directory - кеңейтілген және машстабталған каталогтар қызметі, онда домендерді(Domain Name System, DNS) атаудың стандартты Интернет қызметіне негізделген кеңістіктер атаулары қолданылады.
  • IntelliMirror - орта параметрлері мен қолданушылар ақпаратының айналы бейнесін жасай алатын конфигурациялау құралы, және де орнатудың орталық әкімшіліктендіруі мен бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету;
  • Terminal Services - терминал қызметі, ол Windows Server 2003 - тің басқа жүйелерін басқару мен жүйеге жойылған енуді қамтамасыз етеді;

Windows Script Host - қолданушының жеке тіркелуші жазбасын жасау және журналдар оқиғасының есебі сияқты көп таралған міндеттерді автоматтандыратын Windows сценарилер сервері.

Windows Server 2003-інің басқа да мүмкіншіліктері өте көп болса да дәл осы төрт әкімшіліктендіру міндеттері орындау үшін өте маңызды. Аса маңызды дәреже Active Directory(бұл туралы келесі бөлімдерде толығырақ сөз қозғалады) - ге қатысты, сондықтан да Windows Server 2003 жүйелік әкімшілік етушінің жұмысы жемісті болу үшін осы қызметтің өту барысы мен құрылымын әбден игеруі өте қажет.

Windows Server 2003 қауіпсіздік жүйесінің архитектурасы да әкімшілік міндеттердің шешудің әдістерісмен өте тығыз байланысты. Active Directory және әкімшіліктендіру шаблондары компания серверлері мен барлық жұмысшы станцияларға қауіпсіздік параметрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда сіз тек жекелеген компьютерлерді емес, бүкіл кәсіпорынның түгелдей ақпараттарын қорғауды баптай аласыз.

Серверлер рөлі жүйенің түрлі редакцияларында әр-түрлі іске асады. Windows Server 2003 ОЖ-нің редакцияларын санап өтейік және оларға қысқаша мінездеме беріп өтейік.

1. 3 Windows Server 2003 Standard Edition. Сенімді желілік оперциялық жүйе, желілік қызметтердің базалық жиынын іске асырушы, желідегі басқа жүйелерге қызмет көрсету мен ресурстар үшін жасалынған, ірі ұйымдарың ірі мен кіші бизнес кәсіпорындарына ең дұрыс таңдау болып табылады.

1. 4 Windows Server 2003 Enterprise Edition. Кластерлер қызметін қолдауды қамтамасыз ете отырып Windows Server 2003 Standard Edition -дің мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Онда сонымен қатар Intel Itanium атты 64-разрядты процессоры қолданады, «ыстық» ауыстыру мүмкіншілігі бар оперативті жады және біркелкі емес жадыға рұқсат(nonuniform memory access, NUMA) . Бұл нұсқа х86 процессорымен 32 Гбайт оперативті жадыға дейін қолдауға шыдайды, Itanium процессорымен 512 Гбайт оперативті жады және де 8 орталықты процессорды қолдай алады. Кез келген кәсіпорынның жалпы ИТ - талаптарына жауап беруге жасалынған, қосымшаларға арналған, веб - қызмет және желілік инфрақұрылымдарға да, сонымен қатар жоғары сенімділікті, өнімділікті қамтамасыз етеді, және экономикалық көрсеткіштері де жоғары.

1. 5 Windows Server 2003 Datacenter Edition. Ең өнімді Windows-сервер. Бұл нұсқа одан да күрделірек кластеризациялы және оперативті жадының үлкен көлемдерімен жұмыстай алады, яғни х86 процессорымен 64 Гбайтқа дейін және Itanium процессорымен 512 Гбайтқа дейін . Datacenter Edition де жұмыстауға ең аз дегендегі процессорлар саны - 8, ал ең көп дегенде - 32 болады. Жоғары деңгейлі рұқсаттау мен масштабтануды қажет ететін, жауапты бизнес-қосымшаларға арналып жасалынған.

1. 6 Windows Server 2003 Web Edition. Бұл редакция веб-сервер ретінде жұмыстауға арналған( Web - түйіндер мен Web - қосымшаларды ашқанда Web қызметін қосу үшін) . Осы міндеттерді орындауы үшін бұл нұсқаға Microsoft . NET Framework, Microsoft Internet Information Services (IIS), ASP. NET және желіге біркелкі тиелуді бөлетін функциясы қосылған. Көптеген басқа функциялар, жекелеп айтқанда Active Directory мында жоқ. Windows Server 2003 Web Edition нұсқасы 2 Гбайт оперативті жады мен екі процессорды қолдай алады.

Барлық нұсқалар бірдей базалық функциялар мен әкімшіліктену ортасын пайдаланады. Яғни бұл оқулықта жазылған әдістемені, Windows Server 2003-тің қай нұсқасымен жұмыс істеп отырсаңыз да еркін пайдалануыңызға болады. Есіңізде борлсын, Web Edition нұсқасында Active Directory жоқ, сондықтанда осы нұсқамен жұмыс істеп тұрған серверді домен бақылаушысы қылып қоюға болмайды. Бірақ, әйткенмен ол Active Directory доменінің бір бөлігі болуы мүмкін.

Жеке рөлдерді орындау мен желілік қызметтерді қолдаудағы бұл редакциялардың айырмашылығы 2. 1 Кестесінде ашық көрсетілген.

2. 1. Кестесі
2. 1. Кестесі: Қызмет компоненті, рөлі немесе аспаптарды қолдау
Web Edition
Standard Edition
Enterprise Edition
Datacenter Edition
2. 1. Кестесі: Процессорлардың ең аз саны
8
2. 1. Кестесі: Процессорлардың ең көп саны
2
4
8
32
2. 1. Кестесі: Оперативті жадының ең үлкен көлемі (ГБ)
2
4

32( x86 процессорымен істейтін серверлер үшін)

512(Itanium процессорымен істейтін серверлер үшін)

64(x86 процессорымен жұмыс істейтін серверлер үшін)

512(Itanium процессорымен істейтін серверлер үшін)

2. 1. Кестесі: Қосылған "ыстық " жадыны қолдауы
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Факстар қызметі
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі:

Macintosh қызметі

үшін

Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Жойылған орнату қызметі (RIS, Remote Installation Services)
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Домен бақылаушысы рөлі
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Домен мүшесі, сервері
Иә
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Сертификаттардың қызметтері (PKI, Public Key Infrastructure)
Жарым-жарты
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Терминалдар қызметі
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі:

Remote Desktop Protocol

Орталығын басқару

Иә
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Виртуальді жекеменшік желіні қолдау (VPN, Virtual Private Networking )
Жарым-жарты
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Internet Authentication Service қызметі (IAS)
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Желілік көпірлерді қолдау (network bridging)
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Интернетке кірүге жалпыға бірдей рұқсат (ICS, Internet Connection Sharing)
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Желінің шамадан тыс тиелуін теңестіру (NLB, Network Load Balancing)
Иә
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Кластерлер қызметі (Cluster Service)
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Кластердегі түйіндердің ең көп саны
8
8
2. 1. Кестесі: Веб-жариялау қызметі (IIS, Internet Information Services)
Иә
Иә
Иә
Иә
2. 1. Кестесі: Мультимедиа- хабарлау ағынының қызметі (Windows Media Services)
Иә
Иә
Иә

« Желіге әкімшілік ету » курсын игергенде жаттығулар жасау үшін ыңғайлы реадкция ол Standard Edition редакциясы саналады.

2 Жүйені дайындау және орнату жоспарлауы.

Серверді (немесе бернеше серверлерді) дайындау мен орнатуды жоспарлауда кез келген компания немесе ұйымның ИТ - қызметшілеріне бүтін бір мақсаттар кешенін шешіп алуы қажет:

  1. әрбір серверге жүктелген міндеттер жиынтығын анық тау (желілік инфрақұрылым сервері, каталогтар қызметі сервері, файл/басып шығару сервері, алысталған рұқсат сервері, электрондық пошта сервері, ақпараттар базасы сервері және т. б. )
  2. сервермен жұмыстайтын қолданушылар саны мен рөлдерінен, болжамалы түрде серверге түсетін күшті анықтау ;
  3. алынған ақпаратқа қарап сервердің аппараттық конфигнурациясын анықтау (процессорлар саны мен типі, оперативті жадының көлемі, дискілік жүйешенің параметрі, желілік адаптерлер және басқалар) және операциялық жүйенің (Standard, Enterprise, Datacenter, Web) редакциясын анықтау;
  4. Орнату барысы мен жүйе параметрін жоспарлау (өткен нұсқасынан жүйеге өзгертулер қалдырыла ма немесе жаңаша орнату, дискілік жүйешені қалай конфигурациялаймыз, желілік параметрлерін анықтау және т. б. )

2. 2 кестесінде Windows Server 2003 жүйесін орнатуда қойылатын ең төменгі талаптар көрсетілген, (4-5) ақпарат көздерінен алынған.

2. 2. Кестесі
2. 2. Кестесі: Аспаптық компоненттер
Web Edition
Standard Edition
Enterprise Edition
Datacenter Edition
2. 2. Кестесі: Процессорға ұсынылған жиілік (МГц)
550
550
773
773
2. 2. Кестесі: Ұсынылған оперативті жады көлемі (МБ)
256
256
256
1024
2. 2. Кестесі: Орнату үшін қажет болатын дискідегі бос кеңістік (ГБ)
1, 5
1, 5
1, 5
1, 5

Бұл тек қана жүйені орнату мен оны іске қосу үшін ғана қойылатын талаптар екендігін айтып қояйық, бұл талаптар жүйеге түсетін салмақ есептелмегендегі кезі. Бұл параметрлер компьютерлерге аспаптық конфигурациялауды жоспарлау кезінде лабораториялық жұмыстар өтетін кабинетте жұмыстайтын «Желіге әкімшілік ету» курсын жүргізетін оқытушыларға бағыт бағдар беретін болады. Конфигурафияны жоспарлау кезінде серверге түсетін нағыз күшті анықтау үшін компанияларға Нақты рөлдерді орындайтын серверді жоспарлайтын арнайы нұсқауларды пайдалануы қажет.

2. 1 Жүйені орнату және оны бастапқы баптау.

Сервер орындайтын рөлдер мен оынң аспаптық конфигурациясы, жүйе редакциясы анықталған кейін серверге операциялық жүйені орнатуды бастауға болады.

Егерде орнату Windows Server жүйесінің бұрынғы нұсқасының үстіне жүріп жатса, онда алдын -ала келесі жұмыстарды міндетті түрде жасау қажет:

  1. бұл серверде өңделетін және сақталып тұрған ақпараттың барлығының резервтік көшірмесін жасап алу;
  2. Егерде істемейтін серверде «айналы» дискілік конфигурациялар бар болса оларды «сындыру» қажет;
  3. Үздіксіз қорек беру көзінің серверге қосылып тұрған кабелін үзіп тастау;
  4. Соңыра өзбетімен орнатылған барлық бағдарламалық қамтамасыз етуді жою. (Әсіресе бұл дискілік кеңістікті қысатын бағдарламаға, және антивирустық бағдарламаларға қатысты )

Орнату барысының толық түрі 4 - 5 оқулықтарда жазылған. Ал осы әдістемеде біз процестердің маңызды кезеңдеріне ерекше көңіл бөліп, тоқталып өтейік.

2. 2 Орнату режимін таңдау.

Windows Server жүйесін орнатуды үш режимнің біреуінде орындауға болады:

  • Қолдан орнату, яғни әкімшілік етуші орнату барысында жүйені орнату мастерінің барлық сұрақтарына жауап береді;
  • Жартылай автоматтандырылған орнату, (әкімшілік етушінің ең аз қатысуымен іске асады)
  • Автоматты орнату

Ал осы әдістемелікте біз қолмен орнатуды толық қарастырамыз.

2. 3 Жүйенің дистрибутив сақтаушысын таңдау

Бағдарламаны орнатуды әр-түрлі сақтаушыларда әр -түрлі әдіспен сақталған дистрибутивтан бастауға болады. .

  • CD - орнатушыдан (компьютерді осы дискіден қосқан кезде) ;
  • CD - орнатушыдан (берілген серверде басқа артылған жүйесі барда) ;
  • Осы сервердің қатқыл дискісіндегі дистрибутивтен ;
  • Желіде жатқан дистрибутивтен

Алғашқы әдіс ешқандай жүйе орнатылмаған жаңа серверде орнату болған кезде, немесе бар жүйені жойып оның орнына жаңаша орнату мен қатқыл дискіні басқаша бөліктер мен томдарға бөлу қажет болғанда қолайлы әдіс.

Қалған әдістердің барлығы дерлік орнатылып тұрған жүйені өзгертуде немесе көпнұсқалы компьютер жасау үшін жүйені қатқыл дискінің басқа бөліктеріне орнату қажет болғанда жағдайларда ғана қолданамыз(Бұл жағдай бір компьютерлік сыныпта әр-түрлі курстар оқитын оқу орындарында кездесуі мүмкін ) .

2. 4 Жүйені орнату барысы.

  1. Жүйені орнату мастерін іске қосу

Егерде орнату компьютерді жүктегенде CD - орнатушыдан жүріп жатса, онда қосылған менюден әкімшілік етуші жүйе редакциясын (Standard, Enterprise, Web) таңдауда керек редакцияны таңдап алып, ары қарай жүйені мәтіндік кезеңмен орнатуды бастайды.

Егер орнату жұмыстап тұрған жүйеде өтіп жатса (жүйені жаңарту немесе қатқыл дискінің басқа бөліктеріне орнату жүріп жатса) , онда алдымен орнату мастеріне апартын жолды табу қажет, (ОЖ-нің қажетті редакциясының дистрибутивінен I386 атты буманы(папканы) тауып алу қажет ) осыдан кейін мастерді (файл winnt32. exe) іске қосамыз. Мысалы, егер жүйе компьютердің қатқыл дискінің бөлігінде жатқан дистрибутивтен орнатылып жатса, онда ол бумаға апартын жол келесідей болуы мүмкін:

D:\Server\RUSSIAN\STANDARD\I386

Орнатушы мастерді операциялық жүйенің әкімшілік етуші құқы бар тіркелу жазбасынан қосу қажет екенін есте сақтаңыз.

2. 5 Жүйе туралы ақпарат жинау және конфигурациясына анализ жасау

Бұл кезеңде орнатушы мастер жүйені жаңарту қажет пе, немесе тек қана жанадан орнату ма соны тексереді де, әкімшілік етушіге керекті нұсқаны ұсынады 2. 1 суреті :

Бейнелеуді үлкендету

2. 1 суреті

Одан кейін жүйені орнатудың кілтін(Product Key) сұрайды (2. 2 Суреті) . Суретте шартты түрде алынған кілт тұр, ал нақты орнату кезінде әрбір оқу орнының өз кілті болады.

Бейнелеуді үлкендету

  1. Суреті

Одан соң орнатудың қосымша параметрлерін беру қажет (2. 3 суреті) . CD -ден орнатқан кезде «Қосымша параметрлер»(Допольнительные параметры) пернесін басып, «Орнатушы компакт-дискіден барлық файлдарды көшіру» параметрі тұсында қанашаны (галочка) қоюды ұсынамыз (бұл әрі қарай жүйеге жаңа компоненттерді қосқан кезде компакт-дискіні пайдаланбау үшін қажет, яғни барлық қажетті файлдар компьютердің қатқыл дискісіне көшіріліп алынады) .

  1. Суреті

Одан соң файлдық жүйені қолдану жөнінде сұрақ беріледі(2. 4 суреті) . Жүйе ұсынған нұсқаны қалдыруды ұсынамыз.

2. 4 Суреті

Одан әрі мастер сізге интернеттен жүйенің жаңартуларын жүктеуді ұсынады. (2. 5 сурет) . Жүйенің әдетте «Жаңартылған файлдарды жүктеу » деген нұсқаны ұсынғанына қарамастан біз «Бұл қадамды өткізіп жіберу» дегенді таңдауды ұсынамыз.

2. 5 суреті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көптапсырмалы операциялық жүйе
Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
Компьютерлік операциялық жүйелер
Операциялық жүйелер тарихы
Программалық жабдықталу
Желілік бағдарламалау
Операциялық жүйе туралы
Linux операциялық жүйе
Windows операциялық жүйесінің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz