PHP синтаксисінің негіздері


Кіріспе

Реферат PHP синтаксисінің негіздеріне арналған. Инструкцияларды бөлу, тәсілдері тұжырымдарды жасау, айнымалылар, костанталар, және деректер типтері, операторлар қарастырылады. Мысал - хаттың нобайын жасау.

Біз PHP тілінің синтаксисінің негізгі элементтерін оқып-үйренуді бастаймыз. Инструкцияларды бөлу, тәсілдері тұжырымдарды жасау, айнымалылар, костанталар, және деректер типтері, операторлар қарастырайық.

Мысал ретінде электронды хаттың нобайын жасау есебін шығарайық. Оның мәні келесіде: айталық, сізде қандай да бір хабарлама бар, және оны бірнеше адамға жіберуіңіх керек. Ол үшін сіз хабарлама мазмұнын қамтитын және ішінде өзгеріп отыратын параметрлер (потенциалды қабылдаушыға байланысты) қатары бар үлгіні жасайсыз.


Жоспарлау

КІРІСПЕ

1 НЕГІЗГІ СИНТАКСИС

2 ИНСТРУКЦИЯЛАРДЫ БӨЛУ

3 ТҮСІНДІРМЕЛЕР

4 АЙНЫМАЛЫЛАР, ТҰРАҚТЫ ШАМАЛАР, ОПЕРАТОРЛАР

5 ДЕРЕКТЕР ТИПТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ


1 Негізгі синтаксис

PHP синтаксисіне қатысты бірінші білу керек болатын нәрсе - оның HTML-кодқа қалай енгізілетіндігі, бұл кодтың PHP тілінде жазылғандығын интерпретатордың қалай білетіндігінде. Алдыңғы лекцияда біз бұл туралы айттық. Қайталап айтып жатпаймыз, тек мысалдарда жиі жағдайларда <?php ?> нұсқасын және кейде <? ?> қысқартылған нұсқасын қолданатынымызды атап өтейік.

2 Инструкцияларды бөлу

PHP тіліндегі программа (және де кез-келген басқа тілдегі программа) - бұл командалар (инструкциялар) жиыны. Программаны өңдеушіге (парсер) бір команданы басқасынан айыра білу қажет. Ол үшін арнайы символдар - бөлушілер қолданылады. PHP-де инструкциялар Си немесе Perl тілдеріндегідей бөлінеді: әрбір өрнек нүктелі үтірмен аяқталады.

Сонымен қоса «?>» жабушы тегі де инструкция соңын білдіреді, сондықтан оның алдына нүктелі үтір қойылмайды. Мысалы, келесі екі код үзінділері эквиавалентті:

<?php

echo "Hello, world!"; // нүктелі үтір

// команда соңында

// міндетті

?>

<?php

echo "Hello, world!" ?>

<!-

"?>" тұрғандықтан нүктелі үтір қойылмайды -->

3 Түсіндірмелер

Әдетте программаларды жазу кезінде кодқа қандай да бір түсіндірмелерді (комментарийлер) жасау қажеттілігі туындайды, олар кодтың өзіне ешқандай әсерін тигізбейді, тек оны түсіндіріп қана қояды. Бұл үлкен программаларды жасау кезінде және егер бір программаны бірнеше адам жазған жағдайда маңызды. Программада түсіндірмелер болған кезде оның кодын түсіну оңайырақ болады. Оның үстіне, есепті бөліктерге бөліп шешетін болсақ, шешімнің аяқталмаған бөліктеріне де олар туралы кейін ұмытып кетпеу үшін түсіндірме жазып кеткен ыңғайлы. Барлық программалау тілдерінде программа кодына түсіндірмелер қосу мүмкіндігі қарастырылған. PHP түсіндірмелердің бірнеше түрлерін қолдайды: Си, С++ және Unix қабықшасы стилінде. // и # таңбалары бір жолдан тұратын түсіндірмелердің басталуын білдірсе, /* және */ таңбалары сәйесінше көп жолдан тұратын түсіндірмелердің басы мен аяғын білдіреді.

<?php

echo "Менің атым Вася";

// Бұл С++ стиліндегі бір жолды түсіндірме

echo "Менің Фамилиям Петров";

/* Бұл көп жолды түсіндірме.

Мұнда бірнеше жол жазуға болады.

Программа орындалған кезде

мұндағы жазуларға мән берілмейді. */

echo "Мен PHP тілін INTUIT. ru сайтынан оқып үйренемін";

# Бұл Unix қабықшасы стиліндегі түсіндірме

?>

Мысал 2. 1. PHP-де түсіндірмелерді қолдану(html, txt)

4 Айнымалылар, тұрақты шамалар, операторлар

Кез-келген тілдің маңызды элеменнтері айнымалылар, тұрақты шамалар және осы айнымалылар мен костанталарға қолданылатын операторлар болып табылады. Осы элементтердің PHP-де белгіленуі мен өңделуін қарастырайық.

Айнымалылар

PHP тілінде айнымалы доллар таңбасымен басталып, содан соң оның аты жазылады. Мысалы:

$my_var

Айнымалының аты регистрге сезімтал, яғни $my_var және $My_var айнымалылары әртүрлі болып табылады.

Айнымалылардың атаулары басқа да PHP атауларының ережедеріне сәйкес: дұрыс айнымалының атауы әріптен немесе астын сызу белгісінен басталып, әрптерлің, цифрлардың немесе астын сызу символдарының кез-келген санымен аяқталуы тиіс.

PHP 3-те айнымалылар мәні бойынша меншіктеледі. Яғни сіз айнымалыға өрнекті меншіктеген кезде оригинал өрнектің барлық мәндері осы айнымалыға көшіріледі. Бұл, мысалы, бір айнымалыға басқа айнымалының мәнін меншіктеген соң бірінің мәнінің өзгеруі екіншісінің мәніне әсер етпейтінін білдіреді.

<?php

$first = ' Text '; // $first айнымалысына

// ' Text '

// мәнін меншіктейміз

$second = $first; // $second айнымалысына

// $first айнымалысының

// мәнін меншіктейміз

$first = ' New text '; // $first мәнін

// ' New text '

// мәніне

// өзгертеміз

echo "first атты айнымалы" .

"тең $first <br>";

// $first мәнін шығарамыз

echo " second атты айнымалы " .

"тең $second";

// $second мәнін шығарамыз

?>

Пример 2. 2. Мән бойынша меншіктеу (html, txt)

Бұл скрипттің жұмыс нәтижесі келесідей болады:

first атты айнымалы тең New text

second атты айнымалы тең Text

PHP 4, бұдан басқа, айнмалыларға мәндерді меншіктеудің тағы бір әдісін ұсынады. Айнымалыға сілтеме бойынша мәнді меншіктеу үшін бұл мәннің аты болуы керек, яғни ол қандай да бір айнымалымен келтірілген болуы керек. Бір айнымалының мәні басқа айнымалыға сілтеме бойынша меншіктелетінін нұсқау үшін, бірінші айнымалының алдына & амперсанд белгісін қою қажет.

Жоғарыда қарастырған мысалды қайта қарастырайық, тек first айнымалысына second айнымалысының мәнін сілтеме бойынша меншіктейміз. :

<?php

$first = ' Text '; // $first айнымалысына

// ' Text '

// мәнін меншіктейміз

$second = &$first;

/* $first айнымалысына $second

арқылы сілтеме жасаймыз.

Енді бұл айнымалылардың мәндері

ылғи сәйкес болады.

*/

// $first мәнін

// ' New text '

// мәніне

// өзгертейік

$first = ' New text ';

echo " first атты айнымалы " .

"тең $first <br>";

// екі айнымалының мәндерін шығарайық

echo "second атты айнымалы" .

"тең $second";

?>

Мысал 2. 3. сілтеме бойынша меншіктеу (html, txt)

Бұл скрипт келесіні шығарады:

first атты айнымалы тең New text

second атты айнымалы тең New text

Яғни $first айнымалысымен бірге $second айнымалысы да өзгерді.

Тұрақты шамалар

Тұрақты шамаларды, яғни скрипттің орындалуы кезінде мәндері өзгермейтін шамаларды сақтау үшін костанталар қолданылады. Мұндай шамалар ретінде математикалық константалар, парольдер, файлдарға жолдар және т. б. бола алады. Константаның айнымалыдан негізгі айырмашылығы оған бір реттен артық мән меншіктеуге болмайды және оны жариядаған соң оның мәнін жоққа шығаруға болмайды. Оның үстіне, костанталарда доллар таңбасы қойылмайды және оны жай мәнді меншіктеумен анықтауға болмайды. Константаны қалай анықтау керек? Ол үшін арнайы define() функциясы бар. Оның синтаксисі мынадай:

define("Константа аты",

"Костанта мәні",

[Регистрге сезімтал болмау] )

Үнсіздік бойынша константалардың атаулары регистрге сезімтал. Әр константа үшін мұны өзгертуге болады, ол үшін Регистрге сезімтал болмау аргументінің мәнін True мәнді етіп көрсету керек. Константалар аттарын жоғарғы регистрде жазылады деген келісім бар.

Константаның мәнін оның атын нұсқау арқылы алуға болады. Айнымалылардан айырмашылығы, константа атының алдына $ белгісі қойылмайды. Оның үстіне костантаның мәнін алу үшін параметр ретінде константаның атын беріп, constant() функциясын қолдануға болады.

<?php

// PASSWORD константасын

// анықтаймыз

define("PASSWORD", "qwerty") ;

// регистрге тәуелсіз

// 3. 14 мәнді PI со константасын анықтаймыз

define("PI", "3. 14", True) ;

// PASSWORD, яғни qwerty константасының

// мәнін шығарады

echo (PASSWORD) ;

// бұл да qwerty мәнін шығарады

echo constant("PASSWORD") ;

echo (password) ;

/* password мәнін және

біз регистрге тәуелді PASSWORD

константасын енгізгендіктен

ескерту шығарады. */

echo pi;

// 3. 14 шығарады, себебі PI костантасы

// анықтама бойынша регистрге тәуелсіз

?>

Мысал 2. 4. PHP-дегі константалар (html, txt)

Біздер айтқан қолданушылар жариялайтын айнымалылардан басқа, PHP-де интерпретатор өзі анықтайтын константалар қатары бар. Мысалы, __FILE__ константасы дәл қазір орындалып жатқан программа файлының аты мен оған деген жолды сақтайды, __FUNCTION__ функция атын, __CLASS__ - класс атауын, ал PHP_VERSION - PHP интерпретаторының нұсқасын сақтайды.

Операторлар

Операторлар айнымалылар, константалар және өрнектермен түрлі амаладрды орындауға мүмкіндік береді. Біз өрнектің не екенін әлі айтқан жоқпыз. Өрнек деп мәні бар кез-келген нәрсені айтуға болады. Айнымалылар мен константалар өрнектердің негізгі және ең қарапайым формалары. Өрнектермен орындауға болатын көптеген операциялар (және оларға сәйкес операторлар) бар. Солардың кейбіреулерін толығырақ қарастырайық.

Кесте 2. 1. Арифметикалық операторлар
Кесте 2. 1. Арифметикалық операторлар: Белгіленуі
Аты
Мысал
Кесте 2. 1. Арифметикалық операторлар: +
Қосу
$a + $b
Кесте 2. 1. Арифметикалық операторлар: -
Алу
$a - $b
Кесте 2. 1. Арифметикалық операторлар: *
Көбейту
$a * $b
Кесте 2. 1. Арифметикалық операторлар: /
Бөлу
$a / $b
Кесте 2. 1. Арифметикалық операторлар: %
Бөлуден қалдық
$a % $b
Кесте 2. 1. Арифметикалық операторлар: Кесте 2. 2. Жолдық операторлар
Кесте 2. 1. Арифметикалық операторлар: Белгіленуі
Аты
Кесте 2. 1. Арифметикалық операторлар: .
Конкатенация (жолдарды қосу)
Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары
Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: Белгіленуі
Аты
Сипаттамасы
Мысал
Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: =
Меншіктеу
Оператордың сол жағындағы айнымалыға оң жақтағы қандай да бір операциялардың орындалуы нәтижесінде алынған мән немесе оң жақтағы айнымалының/константаның мәні меншіктеледі.

$a = ($b = 4) +5;

($a=9, $b=4)

Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: +=
Қысқарту. Айнымалыға санды қосады және содан соң оған алынған мәнді меншіктейді

$a += 5;

($a = $a + 5 өрнегіне эквивалентті; )

Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: . =
Конкатенация және меншіктеу операцияларының комбинациясын қысқарған түрде білдіреді (алдымен жол қосылып, содан соң алын ған жол айнымалыға жазылады)

$b = "Бәріне ";

$b . = "сәлем";

($b = $b өрнегіне эквивалентті. "сәлем"; )

: $b="Бәріне сәлем"

Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: Кесте 2. 4. Логикалық операторлар
Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: Белгіленуі
Аты
Сипаттамасы
Мысал
Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: and
Және
$a және $b ақиқат (True)
$a and $b
Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: &&
Және
$a && $b
Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: or
Немесе
$a немесе $b -ның ең болмағанда біреуі ақиқат (екеуі де болуы мүмкін)
$a or $b
Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары:
Немесе
$a $b
Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: xor
Шығарушы немесе
Айнымалының бірі ақиқат. Олардың екеуі де ақиқат болады деген жағдай есепке алынбайды.,
$a xor $b
Кесте 2. 3. Меншіктеу операторлары: !
Инверсия (NOT)
Гер $a=True, онда !$a=False және керісінше
! $a
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: Белгіленуі
Аты
Мысал
Сипаттамасы
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: ==
тең
Айнымалылардың мәндері тең
$a == $b
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: ===
Эквиваленттілік
Айнымалылардың мәндері мен типтері тең
$a === $b
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: !=
теңсіздік
Айнымалылардың мәндері тең емес
$a != $b
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: <>
теңсіздік
Айнымалылардың мәндері эквивалентті емес
$a <> $b
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: !==
Эквивалентті емес
Айнымалылар эквивалентті емес
$a !== $b
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: <
Үлкен
$a < $b
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: >
Кіші
$a > $b
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: <=
Кіші немесе тең
$a <= $b
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: >=
Үлкен немесе тең
$a >= $b
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: Кесте 2. 6. Инкремент және декремент операторлары
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: Белгіленуі
Аты
Сипаттамасы
Мысал
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: ++$a
Пре-инкремент
$a-ны бірге арттырады және $a -ны қайтарады

<?

$a=4;

echo "4 болуы керек:" . $a++;

echo "6 болуы керек:" . ++$a;

?>

Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: $a++
Пост-инкремент
$a-ны қайтарады, содан соң $a-ны бірге арттырады
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: --$a
Пре-декремент
$a-ны бірге кемітеді және $a -ны қайтарады
Кесте 2. 5. Салыстыру операторлары: $a--
Пост-декремент
$a -ны қайтарады, содан соң $a-ны бірге кемітеді
5 Деректер типтері

PHP сегіз жай деректер типтерін қолдайды.

Төрт скаляр тип:

  • boolean (логичкалық) ;
  • integer (бүтін) ;
  • float (жүзбелі үтірлі) ;
  • string (жолдық) .

Екі аралас тип:

  • array (массив) ;
  • object (объект) .

Және екі арнайы тип:

  • resource (ресурс) ;
  • NULL.

PHP-де айнымалылардың типтерін анық жаңарту қабылданбаған. Мұны интерпретатор программаның орындалуы кезінде айнымалының қолдану контекстіне байланысты өзі жасаған жөн. Айтылған деректер типтерін ретімен қарастырып өтейік.

Boolean типі (булевтік немесе логикалық тип)

Бұл қарапайым тип мәннің ақиқаттығын өрнектейді, яғни мұндай типті айнымалылар тек екі мәнді қабылдай алады - ақиқат TRUE немесе жалған FALSE.

Булевтіе типті анықтау үшін TRUE немесе FALSE кілттік сөздері қолданылады. Екеуі де регистртәуелсіз.

<?php

$test = True;

?>

Мысал 2. 5. Логикалық тип (html, txt)

Логикалық айнымалылар түрлі басқарушы конструкцияларда (циклдар, шарттар және т. б., олар туралы толығырақ сөз келесі лекциялардың бірінде болады) қолданылады. Сонымен қоса кейбір операторлар (мысалы, теңдік операторы) да логикалық типке ие бола, яғни тек екі мәнді (ақиқат және жалған) қабылдай алады. Олар, сонымен қоса, басқарушы конструкцияларда қандай да бір шарттарды тексеру үшін қолданылады. Мысалы, шартты конструкцияда оператор немесе айнымалы мәнінің ақиқаттығы тексеріледі және нәтижеге байланысты қандай да бір әрекеттер орындалады. Мұнда шарт ақиқат немесе жалған болуы мүмкін, мұны айнымалы мен логикалық типті оператор көрсетеді.

<?php

// '==' операторы теңдікті тексережі

// және булевтік мәнді

// қайтарады

if ($know == False) { // егер $know

// false

// мәнін қабылдаса

echo "PHP-ді оқып-үйрен!";

}

if (!$know) { // жоғарыда көрсетілгенмпен тең

// яғни

// $know false мәнін қабылдай ма

// деген шартты тексеру

echo "PHP-ді оқып-үйрен!";

}

/* == операторы $action айнымалысының мәні "PHP-ді оқып-үйрен" жолымен сәйкес келу шартын тексереді. Егер сәйкес келсе, онда true қайтарады, әйтпесе - false. Егер true қайтарылған болса, онда фигуралы жақшалардың ішіндегі амалдар орындалады. */

if ($action == "PHP-ді оқып-үйрен")

{ echo "Оқып-үйренуді бастады"; }

?>

Мысал 2. 6. Логикалық типтің қолданылуы (html, txt)

Integer (бүтін) тип

Бұл тип Z = { . . . , -2, -1, 0, 1, 2, . . . } бүтін сандар жиынының санын белгілейді. Бүтін сандар ондық, он алтылық немесе сегіздік санақ жүйесінде қалауымызша алдына «-» немесе «+» таңбасын қою арқылы көрсетіле алады. .

Егер сіз сегіздік санақ жүйесін пайдалансаңыз, сіз санды нольден бастауыңыз керек, ал он алтылық жүйені пайдалану үшін санның алдына 0x белгісін қою керек.

<?php

# ондық сан

$a = 1234;

# теріс сан

$a = -123;

# сегіздік сан (ондық жүйеде

# 83-ке эквивалентті)

$a = 0123;

# он алтылық сан (ондық жүйеде

# 26-ға эквивалентті)

$a = 0x1A;

?>

Бүтіннің көлемі платформаға тәуелді, әйткенмен, максималды мәні екі миллиардқа жуық. (бұл 32-биттік таңбалық) . Таңбасыз бүттін сандарды PHP қолдамайды.

Егер сіз бүтін типтің шегінен шығатын санды анықтасаңыз, ол жүзбелі нүктесі бар сан ретінде интрепретациияланады. Дәл солай егер сіз жұмыс нәтижесі бүтін типтің шегінен шығатын сан болатын операторды пайдалансаңыз, оның орнына жүзбелі нүктесі бар сан қайтарылады.

PHP-де бүтін сандарды бөлу операторы жоқ. 2/1 амалының нәтижесі жүзбелі нүктесі бар 0. 5 саны болады. Сіз санды бүтін мәнге келтіре аласыз, ол оны кіші жағына қарай дөңгелетеді, немесе мәнді стандартты ережелер бойынша дөңгелектейтін round() функциясын қолдануға болады. Айнымалыны нақты типке түрлендіру үшін айнымалының алдына қажетті типті жақшаның ішінде көрсету керек. Мысалы, $a=0. 5 айнымалысын бүтін типке түрлендіру үшін (integer) (0. 5) немесе (integer) деп жазу керек, немесе қысқарған жазуды қолдану керек (int) (0. 5) . Типтерді мұндай ұстаным бойынша анық келтіру мүмкіндігі деректерддің барлық типтері үшін бар (әрине, бір типтің мәнін басқа типке әрқашан келтіру мүмкін емес) . Біз типтердді келтіруддің барлық ұсақ-түйегіне тереңдемейміз, себебі PHP мұны өзі контекстке байланысты автоматты түрде жасайды.

Тип float (жүзбелі нүктесі бар сандар)

Жүзбелі нүктесі бар сандар (екілік нақтылығы бар немесе нақты сандар) келесі синтаксистердің кез-келгенімен анықтала алады:

<?php

$a = 1. 234;

$b = 1. 2e3;

$c = 7E-10;

?>

Жүзбелі нүктесі бар санның көлемі максимум ереже бойынша ~1. 8e308 болғанымен платформаға тәуелді.

Тип string (жолдар)

Жол- символдар жиыны. PHP-де символ байтпен тең, бұл 256 түрлі символдар бар екендігін білдіреді. Сонымен қоса, бұл PHP-дің Unicode кірістірілген қолдаудың жоқтығын білдіреді. PHP-де жжолдардың өлшеміне шектеу қойылмайды, сондықтан олардың ұзындығы туралы бас қатырудың қажеті жоқ.

PHP -де жол үш түрлі әдістермен анықталуы мүмкін:

  • Бірлік тырнақшалардың көмеігмен с;
  • Екілік тырнақшалардың көмегімен;
  • heredoc-синтаксиспен.
Бірлік тырнақшалар

Жолды анықтаудың ең қарапайым әдісі - оны бірлік тырнақшалардың «'» ішіне алу. Бірлік тырнақшаларды жолдың ішінде қолдану үшін басқа тілдердегідей оның алдына кері қисық сызық белгісін «\» қою керек, яғни экрандау керек. Егер кері қисық сызық бірлік тырнақшаның алдында тұру керек болса, оны екі рет қою керек: «\\'».

Егер бірлік тырнақшаның ішіндегі жолдың ішінде кері слэш «\» кез-келген басқа символдың алдындда кездесетін болса, онда ол қарапайым символ ретінде қарастырылып, басқалары сияқты шығарылады. Сондықтан кері қисық сызықты егер ол жолдың соңында, жабушы тырнақшаның алдында тұрса ғана экрандау қажет.

PHP-де кері қисық сызықтан басталатын симводар комбинациялар қатары бар. Оларды басқарушы тізбектер деп атайды, және олардың арнай мәндері болады, олар туралы кейін айтатын боламыз. Міне, басқа екі синтаксистерден айырмашылығы, бірлік тырнақшалардың ішіне алынған жолдарда кездесетін арнай символдарға арналған айнымалылар мен басқарушы тізбектері өңделмейді.

<?php

echo 'Сонымен қоса жолдарға

жаңа жолдың символын осылай қоя аласыз

өйткені бұл қалыпты жағдай болып табылады';

// Шығарады: ' шығару үшін

// оның алдына қою керек \

echo '\ шығару үшін' оның алдына ' .

'ней қою керек \\';

// Шығарады: Сіз жойғыңыз келеді ме C:\*. *?

echo 'Сіз жойғыңыз келеді ме C:\\*. *?';

// Шығарады: Бұл жаңа жолды: \n

// кірістірмейді

echo 'Это не вставит: \n новую строку';

// Шығарады: $expand айнымалысы сонмен қоса

// $either қойылмайды

echo $expand айнымалысы сонымен қоса $either' .

'қойылмайды';

?>

Мысал 2. 7. Басқарушы тізбектерді қолдану (html, txt)

Екілік тырнақшалар

Егер жол екілік тырнақшалардың ішіне алынған болса, PHP басқарушы тізбектердің үлкен бөлігін таниды. Олардың кейбіреулері 2. 7-кестеде келтірілген: 2. 7.

Кесте 2. 7. Басқарушы тізбектер
Кесте 2. 7. Басқарушы тізбектер: Тізбек
Мәні
Кесте 2. 7. Басқарушы тізбектер: \n
Жаңа жол (LF немесе 0x0A (10) в ASCII)
Кесте 2. 7. Басқарушы тізбектер: \r
Каретканың қайтаруы (CR немесе 0x0D (13) в ASCII)
Кесте 2. 7. Басқарушы тізбектер: \t
Горизонталды табуляция (HT немесе 0x09 (9) в ASCII)
Кесте 2. 7. Басқарушы тізбектер: \\
Кері қисық сызық
Кесте 2. 7. Басқарушы тізбектер: \$
Доллар белгісі
Кесте 2. 7. Басқарушы тізбектер: \"
Екілік тырнақша

Егер сіз кез-келген басқа символды экрандағыңыз келсе, кері қисық сызық та баспаға шығатынын қайталаймыз.

Екілік тырнақшаның ең маңызды қасиеті айнымалыларды өңдеу болып табылады.

Heredoc

Жолдарды анықтаудың басқа бір тәсілі - heredoc-синтаксисті пайдалану болып табылады. Бұл жағдайда жол <<< символынан басталады, содан соң идентификатор тұрады. Жол осы идентификатормен аяқталады. Жабушы идентификатор жолдың бірінші бағанынан басталуы керек. Оның үстіне идентификатор PHP-дегі басқа белгілер сияқты атау берудің ережелеріне сай болуы керек: тек әріптік-цифрлік символдарды және астын сызу белгісін қамтып, саннан немесе астын сызу белгісінен басталмауы керек. heredoc ішіндегі айнымалылар да өңделеді.

<?php

$str = <<<EOD

Бірнеше жолды қамтитын

heredoc-синтаксис көмегімен анықталған

жолдың мысалы

EOD;

// мұнда идентификатор - EOD. Төменде

// EOT идентификаторы

$name = 'Вася';

echo <<<EOT

Менің атым "$name".

EOT;

// Бұл "Менің атым "Вася""-ны шығарады

?>

Мысал 2. 8. heredoc-синтаксисті қолдану (html, txt)

Ескерту: heredoc-ты қолдау PHP 4-те енгізілді.

Array типі (массив) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
PHP тілі
Салалас құрмалас сөйлем
WEB - сайттар түрлері, жобалау кезеңдері. Бағдарламалық жабдықты таңдау
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Қазіргі Web сайттар туралы
Мейрамхана бизнесінің Web- сайтын құру
Спорт тақырыбына арналған веб - портал құру
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz