Құқық нормаларының түсінігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қоғамдағы көптеген негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады.

Әлеуметтік нормалардың негізгі түрі ретінде құқық нормасы - мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формальды анықталған мінез - құлық ережесі; Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі - құқықтық нормалар. Әлеуметтік норманың барлық сапаларын иемдене отырып, олар мемлекетпен ажырағысыз байланысы арқылы анықталатын арнаулы ерекшеліктерімен де сипатталады: көрініс табуының, бұзудан қорғаудың үлгісі ерекше болады.

Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған әрекет тәртібі. Құқықтық норма - әлеуметтік құрылым ретіндегі құқықтың бастапқы элементі, бүкіл құқықтық жүйенің негізгі түсінігі. Құқықтық норманың салыстырмалы толық түсінігін анықтау үшін, оның құрулы процесін, негізделуін, табиғатын, қасиеттерін, әлеуметтік ролін ұғыну керек.

Құқық нормасы туралы мәселе заң ғылымында даулы сұрақтардың бірі. Аталмыш дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты: құқық нормасының мазмұнын, оның құрылымдық сипаты мен құрылымдық бөліктерін жан - жақты қарастыру. Жұмыстың мақсатынан кейін, оның негізгі шешуші жолдары ретінде мынадай міндеттер қойылады:

- құқық нормасының түсінігін анықтау;

- құқық нормасының мәні мен маңызын қарастыру;

- құқық нормасын жіктеу;

- құқық нормасының құрылымын талдау;

- құқық нормасының элементтерін зерттеу;

Жұмыста ғылыми зерттеудің жалпы және жеке әдістері: диалектикалық, тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, лингвистикалық, конкретті (нақты) -әлеуметтік қолданылды. Жазбадағы көптеген ережелер, көрсетілген тұжырымдамалық мәні бар және дамудың келешегі үшін қолданылуы мүмкін.

Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

1

1. 1. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.

Құқық - күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі - қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.

Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.

Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.

Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара) .

Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) - құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады.

Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса ондай гипотезаны күрделі гипотеза дейді.

Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама гипотеза дейді.

Құқықтық норманың диспозициясы - құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық бөлшегі. Диспозиция - құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция - мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; б) бейнеленген диспозиция - мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса; в) сілтемелі диспозиция - егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса.

Құқықтық норманың санкциясы - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.

Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті - анық, б) баламалы, в) салыстырмалы.

Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) - нормативтік акт болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір, бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабына бір норма болса, бап пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, қазақстан Республикасының Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:

  1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
  2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
  3. Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.

Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің бір бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады. Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер санкцияларды білдіруге маманданған болыпкеледі.

Егерде құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды. Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс.

Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмамдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиға ғана жалғыз бір жолғы әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана орналады. Басқа жағынан алып қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері норматвитік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.

Қандай бір норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап алуға қызмет ететіндер құқықты жақсылап түсінуі, толығынан алғанда не үшін қажет болатынын анықтау, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде екендіктерін біліп алу болып табылады. Заң нормаларын жіктеуге оларды реттеуші және қорғаушы (сақтаушы) деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі, әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның мінезін, жүріс-тұрыстарын реттейді. Соның өзімен олардың мінездерін, жүріс-тұрыстары тікелей реттелетін тәрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы жауаптылықтың және субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мәжбүрлеу шараларын белгілейді. Оларды қолданудың тәртіптік реттері мен жөн-жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, жүріс-тұрыстарының реттелуін жанамалай түрде жүргізілетін іспетті болады. Сонымен алдын-ала қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына байланысты құқық қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары, әкімшілік құқық қорғау нормалары деп, қылмыстық құқық қорғау нормалары деп сараланады. Нақ осы аталған сараларының нормалары негізінен алғанда қоғамдық қатынастарды сақтап, қорғауға маманданған болып келеді 32 .

Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмамдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиға ғана жалғыз бір жолғы әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана орналады. Басқа жағынан алып қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері норматвитік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.

Реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп көрсетілген нормалардың қайсысы болса да осы көрсетілгендердің сипатына жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда, қылмыстық іс қозғау, тергеушінің әрі құқығы, әрі міндеті болып табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда алдындағы қатарға жеке адамның міндеті ғана шығады. Ал басқа нормаларда олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым салуға ерекше назар аударылады.

Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалатын сипатта болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік санаттағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған адамның мінез, жүріс-тұрысы оның серіктесінің (әріптесінің) келісімімен өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. Осы тәрізді негіздерге сүйеніп факультативтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі. Ол белгілі бір жағдайларда мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік береді. Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-тұрыс нұсқаларынан біреуін ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді. Егер де норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын мейілінше толық түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарға түсуге жол берілмейтіндей етілген болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше, айқындылығы салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды және нақты жағдайларға байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде ситуациялық және баламалық деп жіктеледі. Бұлардың алғашқылары норма адресатының (арналған тағайынының) қалауын өзінің білімінше істеуді немесе істемеуді жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді. Ал екіншілері - нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі және туынды; тұрақты және уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа мадақ нормалары жатады. Бұл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын мадақтау шараларымен (санкцияларымен) дем беріп, ынталандырады. Мұндайларды тіпті, қылмыстық құқықтан да табуға болады.

Реттеу мен қорғау (сақтау) нормаларының арасынан мамандырылғандарын бөліп арнайы қарастыруға болады. Бұларға: 1) анықтамалық-пайымдылық яғни дифинитивтік нормалар жатады. Мұнда мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нышандары мен анықтамалары келтіріледі. 2) қағидаттық (принципті білдіретін) нормалар, оперативтік (жеделдікті білдіретін) нормалар актілердің күшін жоюға бағытталған. Олардың күшін жанама болған қатынастарға таратуға бағытталған және тағы сол сияқты Коллизиялық нормалар - нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар.

1. 2

Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси - экономикалық, мәдени - әлеуметтік мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әр түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым - қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар; әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық т. б. Мемлекетке қажетті қоғамдық тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.

Біз, жоғарыда құқықтың түсінігін және мазмұнын нормативистік тұрғыдан қарастырып келдік. Бұл құқықтың түсігінің, мазмұнының негізгі бағыты. Өмір тәжірибесінде біраз ғалымдар құқықтың мазмұнын кеңейтілген түрде зерттеп, түсінігін сол көлемде береді. Олардың қосымша зерттеген мәселелері: құқықтық қатынас; құқықтық сана, субъективтік құқық, құқықты қолдану, құқықты бұзушылық және жауапкершілік.
Міне, осы мәселелердің бәрін олар құқықтың мазмұнына жатқызады. Біздінше бұл дұрыс пікір. Өйткені осы қатынастардың бәрі де құқықтық нормалармен реттеліп, шешімін тауып жатады. Екінші олардың кеңірек зерттген мәселесі - құқық пен заңның, бостандық пен құқықтың арақатынасы және айырмашылығы. Құқықтық норма абстрактік түрде қарастырып іс - әрекетті кеңірек қамтиды, ал заң нақты түрде бір немесе бірнеше мәселені қамтиды. Адамдардың бостандықтары мен құқықтарын бөліп қарауға блмайды - деп түсіндіреді. Бұл пікір де дұрыс, бірақ ғылыми зерттеуде оларды жеке бөліп қарастырған жөн - анализ, синтез әдісімен зерттелсе, қорытынды тұжырым дұрыс болады.

Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі- қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді - заңды көзқарас деп атайды. Екіншісі- бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды. Ниглизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.
Заңды көзқарас көне дәірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан- жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қортынды тұжырымдар жасалады. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, ХІХ - ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесті құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттуші негізгі әлеуметтік факторлардың бір екенінпе ешкім күмән келтірмейді.
Қоғамның объективтік тарихи даму құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екеніндәлелдеп отыр. Заңды нигилизм пікірін қазір ешкім қолдамайды.

Мемелекеттік құқық арқылы өзінің жоғарғы және жергілікті органдарының жүйесін, құзырын, өзара қарым - қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы міндеттерін іске асыруы мүмкін емес. Міне, осы мәселелерді мемлекет құқық арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады. Мемлекетке қажетті қоғамдық қатынастар құқық негізінде ғана орнай алады. Бұл мемлекет пен құқықтың қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі, оның күш қуаты, абыройы мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.

1. Құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар ресми түрде қалыптастырады; әлеуметтік нормалардың басқа түрлерін қоғамдық ұйымдар қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы жоқ.

2. Құқықтық нормалардың мемлекеттің барлық аумағына, барлық халықтарына міндетті күші бар басқа нормалардың міндетті күші тек ұйымдардың мүшелерін қамтиды.

3. құқықтық нормалар жеке адамдардың және қоғамдық мүдде - мақсаттарды қамтиды; басқа нормалар жеке ұйымдардың, бірлестіктердің мақсатын қамтиды.

4. Құқықтық нормалардың орындалуын мемлекеттік органдар бақылап отырады; басқа нормаларға мемлекеттің қатысы жоқ, олардың орындалуын ұйымдар, бірлестіктер бақылайды.

2

2. 1 Құқықтық нормалардың ерекшеліктері

1) Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқықтық нормаларының мәтінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он тқрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәселелердң олардың атынан ата- анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни, бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.

2) Құқықтық норма халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық норма бекітілуі көп болған. Мысалы, коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің « Коммунистік партияның монифистері» деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған . К. Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып, отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып, бала туғызған. Әйелінен сескенген К. Маркс Ф. Энгельске сәбиді «менікі» дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды . Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана иүрагерлік берілген. Социалистік идиологияны жазу барысында К. Маркс «Коммунистік партияның манифесінде» қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.

3) Құқықтық норма қажет болған жағдайда мемлекет күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқықтық норма бұрмаланған, немесе орындамаған субъектілерге күш қолданылады, жауапқа тартады.

2. 2 Құқық нормаларының жіктелуі

Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді . Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы отбасы, әкімшілік, банк, сайлау, инвистиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық - құқықтық, әкімшілік құқықтық, азаматтық - құқықтық, және т. б. болып жіктеледі. Ал, құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді:

1) Міндеттейтін норма - бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.

2) Тыйым салушы норма - бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.

3) Құқық беруші норма - бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жұзеге асыруға байланысты құқықтарды реттейтін норма.

4) Дефинитивті норма - нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормада субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде не мағынада көрсетілмейді. Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі категорияларын анықтайды, үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде, құқық салаларында жиі кездеседі.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы қылмыстық ұғымының мына анықтама мағынасында бекіткен : « Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет ( іс- әрекет немесе әрекетсіздік ) қылмыс деп танылады»

«Неке және отбасы туралы заңның» 1-бабында некенің ұғымын, «неке ерлі- зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімді жағдайда жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ», - деген дефинициямен берілген .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Құқықтың ендігі бір белгісі мемлекеттің күшіне сүйенуі
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Құқықты қолдану. Құқық нормаларын талқылау
Құқықтың пайда болуы туралы
Құқық норманың негізгі сипаты
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқық нормаларының құрылымы
Құқық. Оның түсінігі және қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz