Сынып жетекшісі



М а з м ұ н ы

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.31
1. Сынып жетекшісінің қызметінің мазмұны және ерекшелігі ... ... ... ... ... 5.19
1.1 «Сынып жетекшісі» қызметінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.8
1.2 Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .9.12
1.3 Сынып жетекшісінің міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.17
1.4 Сынып жетекшісінің атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.19
2. Педагогикалық процестегі сынып жетекші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.31
2.1 Сынып жетекшісінің құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.21
2.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.26
2.3 Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымындағы функциясы ... ... ... ... ... .27.28
2.4 Ұстаздың (сынып жетекшінің) бойында танылатын кәсіби қабілеттері..29.31
III. Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32.38
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39.40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі — ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. «Қазақ мектептері — қазақтарға білім берудің басты құралы … біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады.» (Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясының кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт-бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр.
Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл сынып жетекші — мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз сынып жетекші тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да сынып жетекші білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни сынып жетекші шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, сонымен қатар әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыт алуы керек.
Сынып жетекші әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз міндеті мен қызметін жетік білетін, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек. Сынып жетекшінің шеберлігі — талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын [1]. Қазіргі заман сынып жетекшілеріне өз мамандығын жетік меңгеруімен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, сынып жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.
Сабаққа оқушыларды қызықтыру — сынып жетекшінің шеберлігі,
Пайдаланылған әдебиеттер:


1. WWW.halik-gazeti.kz
2. Мұсаева C. А., Бегалиев Т. Б. «Жас ерекшелік педагогикасы» Астана: Фолиант, 2006. 106 б -138б
3. Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Илбясова Р. «Педагогика» Астана: Фолиант,2010 246 б – 250 б;
4. С.Әбенбаев, Ж.Әбиев «Педагогика» Астана: Фолиант, 2009 103 б -144 б;
5. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. «Педагогика» Алматы, 2000
293 б – 298 б;
6. Қ. Сейталиев «Педагогиканың жалпы негіздері» Алматы: «Өлке» 2009 205 б – 208 б
7. А. С. Макаренко «Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары» Шығармалары. 5 том. 1960. 264 б
8. WWW.kitaphana.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі -- ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Қазақ мектептері -- қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. (Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясының кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт-бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр.
Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл сынып жетекші -- мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз сынып жетекші тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да сынып жетекші білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни сынып жетекші шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, сонымен қатар әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыт алуы керек.
Сынып жетекші әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз міндеті мен қызметін жетік білетін, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек. Сынып жетекшінің шеберлігі -- талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр деген болатын [1]. Қазіргі заман сынып жетекшілеріне өз мамандығын жетік меңгеруімен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, сынып жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.
Сабаққа оқушыларды қызықтыру -- сынып жетекшінің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер сынып жетекші оқушыларға ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, қазіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды. Міне, осыларды сынып жетекшінің шеберлігін аша түсудің тағы бір қыры деп есептеймін.
Сынып жетекші - ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан - қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды.
Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.
Мектептегі педогогикалық процестегі сынып жетекшіні әр қырынан зерттеп, оның педагогикалық шеберлігін анықтауда, мектепте алатын орнын көрсетуде, сонымен қатар сынып жетекшінің атқаратын жұмыстарымен, қызметімен және міндеттерімен танысуда Сынып жетекшінің қызметінің мазмұны және ерекшелігі тақырыбында курстық жұмысымды даярладым.
Зерттеудің обьектісі: Мектептегі педагогикалық процестегі сынып жетекші.
Зерттеудің мақсаты: сынып жетекшінің қызметімен және атқаратын міндеттерімен танысу, педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерін зерттеу.
Зерттеудің болжамы : егер сынып жетекшісінің қызметімен және оның маңызы туралы болашақ мамандар терең теориялық біліммен қаруланса, онда педагогикалық процесте жетістіктерге жету мүмкіндігі молайады.
Зерттеудің міндеттері:
+ Сынып жетекшісі қызметінің тарихын зерттеп, атқаратын қызметтерінің түрлерін анықтап білу;
+ Сынып жетекшісі жұмысының мазмұнымен және оның түрлерімен танысу;
+ Сынып жетекшінің педагогикалық процесіндегі құқықтары мен міндеттерін анықтау;
+ Сынып жетекшінің тәрбие жұмысымен танысу;
+ Сынып жетекшінің мұғалімдер ұжымындағы функциясын зерттеу;
Зерттеудің әдістері: тақырып бойынша ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау, бақылау, материалдарды сұрыптау, жүйелеу, зерттеу.
1-тарау Сынып жетекшісінің қызметінің мазмұны және ерекшелігі
1.1 Сынып жетекшісі қызметінің тарихы

Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты -мектеп оқушыларың қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуте барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы "Гимназиядағы сынып тәрбиешісі" Жарғысында ресми түрде бекітеді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты. Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің аукымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленуішілердің мемлекеттік зандарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды. Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың манызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орыңдату т.с.с.
XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы (гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне бастады.
1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет салу. музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер: қойылым (спектакль) қою, әдеби-музыкалық, би кештерін. көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды той жетекшілері деп атады. Негізгі міндет -коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиеіне көптеп кең болу. Оқушылардың бастауыш ұйымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің кызметі оқушылар және олардың ата-аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды.
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі баскару ұйымына басымдылық береді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайына болды. Ондағы себеп, балаларда ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжірибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін-өзі басқару мәселесінде мұғалімдердің ролін өз дәрежесінде бағаламау. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы мұғалімдерді оқушылар тобына -- бастауыш ұжымға бекіту, олардың міндетіне оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету (негізгі міндеті), оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын жәнс өмір жағдайын зерттеу, ата-аналарымен жұмыс істеу болды.
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші - ұстаздарға, ханымдарға өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетекшілері деп атады.
1930 жылдары отаңдық метепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушлардың жеке-дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді [2].
1934 жылы "Жалпы енбек мектебінің" Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік кызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатка ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетекшісінің қызметі де бекітілді.
1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылдаңды. Онда сынып жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың "Оқушылар ережесін" үйренуі міндеттелді.
Осыдан 1971 жылғы жаңа "Сынып жетекшісінің Ережесіне" дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады. Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұңдай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасыңда қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр. Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде
- пән мұгалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
- сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
- сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
- сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).
Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі. құкығы мен міңдеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген. Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұңдай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып жәнс мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатка ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ.

0.2 Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері.

Сынып жетекшісінің бірінші міндеті жұмыс мазмұнына байланысты. Бір мақсатқа ұмтылған, ынтымақты оқушылар коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі коллективін топтастыру жұмысы актив арқылы,түрлі комиссияларды, штабтарды құру арқылы және коллективті түрде, жұмылып атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Оқушыларды топтастыра отырып, сынып жетекшісі оқу-тәрбие міндеттерін шешуге жақсы жағдай жасайды. Сынып жетекшісі тек өзінің беделімен ғана емес сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдарымен де оқушыларға ықпал жасайды.
Балалар коллективін құру мен топтастыру - мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер коллектив құрылса кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлде қайда жеңіл болады. Оқушылар коллективін тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері әр оқушының жеке басын қалыптастырады. Сынып жетекшісі оқушылардың өз әрекеттілігі мен инициативасына сүйенеді. Тәрбиеші беделі қанша жоғары болса да, ол әрбір дұрыс ұйымдастырылған коллективтің ықпалын ауыстыра алмайды. Табысты тәрбие жұмысынсыз коллективті топтастыру мүмкін емес. Тек коллектив арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке, көзқарастарына ықпал етеді. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан коллективтің әсерімен оқушылар саяси, адамгершілік және мәдени жағынан өседі.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналардың барлық жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен ата - ананың ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып жетекшісінің ата-аналармен байланысының басты формасы сыныптың ата-аналар жиналысы. Жиналыста көптеген мәселелер қаралады. Мысалы, күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі - сынып жетекшілердің оқушылар үйіне баруы. Мақсат: Оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Сынып жетекшінің ата-аналармен ынтымақтастығының тағы бір формасы - педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру.Педагогикада жан-жақты үйлесімді дамыған, адамды тек коллективте ғана тәрбиелеуге болады дейді. Баланың жеке басы тек коллективте ғана соншалықты толық және жан-жақты дами алады. Коллектив баланың өзіндік ерекшелігін жойып жібермейтіндігі, қайта тәрбиенің сапасына, оның мазмұнына ықпал жасайды.
Ұжым - тәрбие жұмысының ең басты формасы дұрыс тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі, мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылады. Ұжымдағы тәрбиенің негізгі принцптерінің бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік қатынастарды бейнелейді.
Тәрбиенің теориялық жеке адамның қалыптасуы, ең алдымен, ол қызметте және басқа адамдармен араласу процесіндегі қатынастарға байланысты дегенді басшылыққа алады. Мектептегі алғашқы ұжымның негізгі түрі - сынып ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, сыныптан тыс үйірмелер, спорт коллетивтері.
Бастауыш ұжымның ерекшелігі - ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым - қатынас. Жалпы мектептік ұжымда оқушылардың тікелей қарым-қатынаста болуы әрқашан мүмкін бола бермейді. Кейде олар бір-бірін білмейді де. Педагогикалық ұжымның мектеп оқушыларына тәрбие ықпалы, оқушының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы сынып жетекшісі арқылы жүргізіледі. Бұл ықпалдың тиімділігі көбіне сыныптың топтасқандығына, онда ұжымдық қызметті ұйымдастыруға байланысты. Оқу жылының басынан сынып жетекшісі сынып өміріне араласып, оның белсенді мүшесіне айналуы, әсіресе ұжымды құруды алғашқы көздерінде оқушылармен бірге көбірек болуы қажет. Сонда ғана ол сыныптың жұмысына жақсы бағыт беріп, оны басқара алады, ал оқушылар оны ең жақын адамы санайтын болады.
Ұжымды ұйымдастыру жұмыстарын оқушыларын жасып, дамуы мен тәрбиелік дәрежесіне есепке алып, олардың белсенділігін және осы сынып үшін тән бәрқатар басқа жағдайларды ескере отырып жүргізу керек. Тек осы жағдайда ғана оқушыларды мақсатты ұжымға топтастыруға, оқушылардың өзін-өзі басқаруға дамытуға болады.
Ұжымдық істі ұйымдастыруда (оқу ісін тиімді ұйымдастыру, өнімді еңбекпен қоғамдық жұмысқа қатыстыру, түрлі қоғамдық тапсырмалар, ұжымдық ойын-сауықтарды ұйымдастыру, т.б.):
* Белсенділер тобын айқындау және тәрбиелеу;
* Оқушылар алдында қызықты перспективалар қою;
* Сыныпта жағымды дәстүрлерді қалыптастыру;
* Оқушыларға қойылатын талаптардың бірлігі жүзеге асырылады.
Білімнің жоғары дәрежесі - оқу - тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың ең маңызды көрсеткіші. Сынып жетекшісі оқушылардың білім сапасын көтеруге қамқорлық көрсетеді, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып нашар оқу бермеуге әрекет жасайды. Сынып жетекшісінің жұмысы туралы методологиялық нұсқау мектеп оқушыларының таным ынтасын, мүмкіндіктерін дамыту, әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мамандықты таңдату, балалардың денсаулығын қорғауға қамқорлық сынып жетекшісінің маңызды қызметі ретінде анықталған. Ал соның ішінде аталған міндетті жүзеге асыру тек педагогикалық ұжымның ғана емес, сонымен қатар сынып жетекшілерінің де күш-жігеріне негізделуі тиіс. Білімге деген құштарлықты және сүіспеншілікті оятуда, оқу сапасын арттыруды қамтамасыз етуде сынып жетекшісі көп нәрсе істей алады. Оның күнделікті назары, талабы және барысын бақылауды - үлгерімді арттырудың маңызды шарты.
Оқу процесінде саналы жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Білімнің сапасы көбінесе оқуға деген ниетке, оқуға көзқарасқа, ынта талпынысқа, шыдамдылыққа зейін қоюшылыққа, белсенділікке, инициативаға, дербестікке, білуге құмарлыққа байланысты. Осы қасиеттерді қалыптастыру, оқу еңбегінің қоғамдық мәнін түсіндіру сынып жетекшісінің жұмысында үлкен орын алуға тиісті. Ол оқушыларда білімді қажетсіну сезімін тудыруға, білімді практикада қолдана білу шеберлігінқалыптастыруға, оқудың болашағын ашып беруге тырысады.
Сабақта үлгермеушілікті туғызатын елеулі себептердің бірі - оқу жұмысын жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі мен дағдысының жоқтығы.Мұғалімдер мен сынып жетекшісінің міндеті - әрбір оқушыны оқи білуге үйрету. Әсіресе оқу жұмысындағы табандылық пен зейін жинақылығы, ойланып оқуға әділеттілігі және өз бетімен кітап оқи білу, үйге берілген тапсырманы орындауда дәйектілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеген жөн. Бұл міндеттерді сынып жетекшісі басқа мұғалімдермен бірлесе отырып шешеді. Бастысы оқу жұмысы оқушылардың жалпы дамуына ықпал жасауына бірігіп күш-жігер жұмсап, қол жеткізеді.
Үйге берілген тапсырманы дұрыс және уақтылы орындау оқудың тиімділігін арттырады. Әрбір оқушының күн режимі болғаны жөн және оның орындалуы қажет. Бұл міндетті орындауға сынып жетекшісіне ата-аналар және сынып активі көмектеседі.
Оқу жұмысында өзара көмек ұйымдастыруға сынып жетекшісіне актив және жастар ұйымдары көмектеседі. Бұл жұмыс үлгермеушіліктің, екінші жылға қалушылықтың және мектептен қалып қоюшылықтың болмауына септігін тигізеді. Сонымен қатар өзара көмек жолдастықтың, достықтың, коллективизмнің дамуына әсер етеді.
Оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін сынып жүргізужалғыз емес, өз сыныбының мұғалімдерімен бірігіп шешеді. Оқу жұмысын келісіп жүргізу, оқушыларға бірыңғай талап қою, мұғалімдердің бір-біріне көмегі оқудың және тәрбиенің сапасын арттыруға көмектеседі. Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген тәрбие бағдарламаларын жете зерттеудегі аса бір күрделі міндет педагогикалық жағынан дұрыс деп табылған ғылым негіздерінің әрбір оқушылар мен сынып жетекшісінің қол жетерліктей болуы мен ғылымилығын үлестіруді іске асыру болып отыр.
Жұмыс формалары (түрлері):
1.Эксперименттік жұмыс және ғылымит зерттеулер:
Эксперименттік алаң;
Авторлық және вариативті бағдарламаларды жасақтау және сынақтан өткізу;
Зерттеу мәселесі бойынша теориялық материялдарды оқу;
Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу;
Авторлық материалдар жасақтау;
2.Әдістемелік құжаттарды жасақтау:
Оқу жоспарлары мен бағдарламалары;
Әдістемелік нұсқауларды;
Сауалнамаларды;
Ережелерді (қойылымдар, байқаулар, көрмелер, шығармашылық жұмыстар туралы және т.б.);
Диагностикалау әдістемесін;
3.Тәрбие жұмысы бойынша:
Әдістемелік тақырыпта жұмыс жасау;
Проблемалық, үйретушілік семинарлар;
Біліктілігін жетілдіру курстары;
Тәжірибе толықтыру;
Дөңгелек үстелдер;
Жеке кеңестер;
Авторлық семинарлар;
Ашық тәрбиелік іс-шаралар;
Өзара тәжірибе алмасу;
Ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен жұмыс;
Ұстаздық жұмыс;
Жыл мұғалімі, Жыл сынып жетекшісі және т.б. кәсіби шеберліктің байқауларына қатысу;
4.Жаңашыл педагогикалық тәжірибені қорытындылау мен тарату:
Шығармашылық топта жұмыс;
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтың материалдарын жүйелеу және қорыту;
БАҚ-ғы зерттеу нәтижелерін дайындау (баяндама, кітапша, мақала, көрнекі құралдар
Жаңашыл жобалардың, шығармашылық жұмыстардың тұсаукесер рәсімі, таратылуы және енгізілуі;
Мастер-кластар, педагогикалық шеберхана;
Педагогикалық кеңесте, тамыз конференцияларында баяндама жасау;
Жылжымалы семинарларға қатысу және т.б.

1.3 Сынып жетекшісінің міндеттері

Сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
- жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
- сынып ұжымының бірлескен іс-шараларын ұйымдастырушы;
- оқушы тұлғасының қалыптасуына колайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне түзетулер жасаушы;
- сыныпта қолайлы моральдік - психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпал жасаушы [5].
I. Әлеуметтік міндеттері
Бұл - баланы қорғау, көмек көрсету, отбасымен бірігіп, баланың дамуына, оның даралық қасиеттерін қалыптастыруына жағдай жасау үшін байланыс орнату.
ІІ. Диагностикалық-әдептік міндеттері
Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.
III. Жеке - дара практикалық міндеттері
Оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлексі жатады.
1. Оқушының жеке дамуын бақылау, оның өрісін дамып, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау.
2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
3. Оқушыларды қоғамдық қатынастарға жеке дара, топтық әрекетін ұйымдастыру.
4. Оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
5. Оқушылардың тұрмыс жағдайын зерттеу.
6. Оқушылардың дамуындағы жеке мінез құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету.
7. Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде көмек көрсету.
8. Оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау.
9. Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орнату.
10. Үнемі практикада педагогика, психология мәселелеріне байланысты өзінің білімін жетілдіру.
Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
:: жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
:: сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
:: оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
:: оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
:: сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
:: оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуға тиіс. Атап айтқанда, тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, еңбек, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесіне, патриотизм, т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшінің міндеті сан алуан. Сол себепті, ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі, әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері:
oo Журналды жүргізуге;
oo Оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай- күйін бақылап отырады;
oo Сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;
oo Оқушылардың ақыл -ой қызметін ұйымдастыруда психологты шақырады;
oo Оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;
oo Әлеуметтік жағдайын зерттеп есепке алады;
oo Оқушыладың денсаулығын нығайту үшін спорт шараларына тартады;
oo Ата- аналармен дербес жұмыс жүргізеді;
oo Қабілетті балалардың ой- өрісінің өсуіне жағдай жасау:
Сынып жетекшісі нені білуі тиіс:
oo Қазақстан Республикасының "Білім туралы"заңын;
oo Бала құқықтары жөніндегі конвенцияны;
oo Балалардың жас ерекшелігіне қатысты педагогиканы, психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын, әлеуметтік педагогиканы;
oo Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
oo Педагогикалық әдеп пен шеберлікті;
Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс:
oo Оқу жылының басындағы міндеті:
oo Сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді;
oo Мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады;
oo Оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді;
oo Жарты немесе бір жылға арнап сыныптың ұжымдық жоспарын ұйымдастыру;
oo Жылдық тәрбие жоспарын жасап, тәрбие орынбасарына тапсырады:
Күн сайынғы міндеті:
:: Сынып журналына сабақта жоқ оқушыларды белгілейді
:: Сыныптағы кезекшілікті бақылауды жүзеге асырады
:: Оқушылардың киім киісін және олардың ауыстырып киетін аяқ киімі болуын бақылап отырады
:: Сыныптың өзін- өзі органдарына және сыныптағы мектептік өзін- өзі басқару органдарының өкілдеріне педагогикалық көмек көрсетеді
Апта сайынғы міндеті
* Оқушылардың күнделіктерін тексереді;
* Пән мұғалімдерінің сынып журналын жүргізуін бақылап отырады;
* Сынып сағатын және жарты сағаттық шаралардан ақпарат беру, өзара байланыста болу үшін өткізіп тұрады;
* Мектеп ішіндегі бекітіліп берілген сыныптың санитарлық жағдайын бақылап отырады;
Ай сайынғы міндеті:
:: сынып ұжымының мектеп істеріне қатысуын ұйымдастырады;
:: жол жүру ережесі және қауіпсіздік техникасы мен тіршілік қауіпсіздігі бойынша жоспарлы нұсқама жөніндегі сабақтарды өткізеді;
:: Кабинетке және сыныпқа бекітіліп берген аумаққа тазалық жұмысын жүргізеді;
:: Мектептегі кештер және басқа іс -шаралар кезінде кезекшілік етеді;( кестеге сәйкес)
:: Өз сыныбындағы педагогикалық қамқорлықты талап ететін оқушыларды үйірмелерге, секцияларға басқа бірлестіктерге қатысуын бақылайды:
Тоқсан бойындағы міндеті:
* Оқушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі медицина қызметкерлері ұсынымдарын орындалуын ұйымдастыру;
* Сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастырып отырады;
* Мектеп оқулықтарының жағдайын бақылап отырады;
* Ата -аналар жиналысын өткізеді;
* Сынып жетекшілердің семинарларына,өзге де сынып жетекшінің іс -шараларына қатысады;
* Сынып оқушыларының мектеп ережесін орындауын қадағалайды:
* Демалыс уақытындағы міндеті
* Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің демалыс кезіндегі жұмыстарына қатысады;
* Өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен,оқушылар белсенділерімен,
* ата -аналарымен бірлесіп өз сыныбында демалыс кезінде іс- шаралар ұйымдастырады:
Оқу жылының аяғындағы міндеті:
+ Сынып белсенділерімен бірге оқу жылындағы сынып қорытындысын шығару;
+ Сыныптағы оқу- тәрбие қорытындысын, талдау жасап, директордың тәрбие ісі орынбасарына есеп тапсырады;
+ Мектеп берген оқулықтарды кітапханаға тапсыртады; Сынып ішін жөндеу жұмысын ұйымдастырады;
Қазіргі қоғамымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әр ұстаз өз шеберлігін оқу - тәрбие үрдісінде жаңа педагоикалық технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс.
Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауға солай бейім. Сондықтан ұрпақ жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі оқу - тәрбие үрдісіне ендіру аса маңызды. "Ел боламын десең, бесігіңді түзе"- деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы- жасөспірімдердің саналы да өнегелі тәрбиесіне тікелей байланысты. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырғанда біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері (С.Әбенбаев Педагогика бойынша):
1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу;
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру;
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету;
4. Тәрбие процесінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу;
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс әр алуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету;
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелілігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету;
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды құрамдастарының бірі ретінде қарастыру, т.б.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері (Ш.Құрманалина Педагогика бойынша):
Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады. Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады;
Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына
және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.
Үшінші топ міндеттері -- адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.
Төртінші топ міндеттері -- жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.
Осы бастапңы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік [3].

9.2 Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері

Талдау қызметі:
:: балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
:: өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
:: оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
:: сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
:: ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
:: өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау;
Болжамдық (прогностикалық):
:: тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
:: оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;
:: ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
:: мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;
:: ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:
:: әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;
:: оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;
:: әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
:: оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
:: оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.
:: оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.;
:: өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
:: көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;
:: қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);
Коммуникативтік:
:: оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
:: "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
:: оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
:: ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:
:: баланың денсаулығы;
:: отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;
:: баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;
:: мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;
:: үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;
:: моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;
:: еңбекке көзқарасы;
:: әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы;
:: интелектуалдық дамуы;
:: саяси сауаттылығы, т.б.
Ұйымдастырушылық:
+ Түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру;
+ Оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру;
Аналитикалық:
+ Әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің функциялары
Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі
Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысына сипаттама
Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
Сынып жетекшісінің маңыздылығы. Дискуссия
Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері
Пәндер