Аллельдік гендер түсініктеме, және олардың маңызы



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Аллельді гендер
2. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Аллель - сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы (қарама-қарсы қалыптағы) белгілерiнің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы. Мысалы, асбұршықтардың сары және жасыл түс. Гендердің әрекеттесуінің екі түрі бар: аллельді және аллельді емес. Аллельді түріне толымсыз доминанттылықты жатқызуға болады. Мысалы, қызыл және ақ түсті намазшамгүлдерді өзара будандастырғанда F1-де қызғылт түсті будан алынған. Сол сияқты қызыл раушангүл мен ақ раушангүлді будандастырғанда F2-де қызғылт түсті раушангүл алынды. Бұл екі аллельді гендер А мен а-ның өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мұндай жағдайда доминантты ген рецессивті генге басымдылық көрсетеді.Ал, аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің төрт типі бар: комплементарлы, эпистаз, полимерия және көп аллельдік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://kk.wikipedia.org/
2. Молекулалық генетика негіздері Б. К. Бегімқұл - Астана : Фолиант, 2009.
3. www.google.кz

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті

Пәннің аты: Экогенетика

СӨЖ 1
Тақырыбы: Аллельдік гендер түсініктеме, және олардың маңызы

Оқытушы: Бигалиев А.Б.
Орындаған: Бектурова Ғ.

Алматы 2014ж.

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Аллельді гендер
2. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Аллельдік гендер түсініктеме, және олардың маңызы

Аллель - сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы (қарама-қарсы қалыптағы) белгілерiнің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы. Мысалы, асбұршықтардың сары және жасыл түс. Гендердің әрекеттесуінің екі түрі бар: аллельді және аллельді емес. Аллельді түріне толымсыз доминанттылықты жатқызуға болады. Мысалы, қызыл және ақ түсті намазшамгүлдерді өзара будандастырғанда F1-де қызғылт түсті будан алынған. Сол сияқты қызыл раушангүл мен ақ раушангүлді будандастырғанда F2-де қызғылт түсті раушангүл алынды. Бұл екі аллельді гендер А мен а-ның өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мұндай жағдайда доминантты ген рецессивті генге басымдылық көрсетеді.Ал, аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің төрт типі бар: комплементарлы, эпистаз, полимерия және көп аллельдік.
Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі
Толық доминанттылықта жұп геннің бір аллелі (А) екінші аллельге (а) басымдық қасиет көрсетіп, оны жарыққа шығармайды. Мысалы, Мендель тәжірбиелеріндегі бұршақтың сары түсін, тегіс пішінін анықтайтын гендер. Сондай-ақ адамның бірқатар қалыпты және патологиялық белгілеріне жауапты гендер. Мысалы қара көзділік, оңқайлық, жақыннан көргіштік, резус фактордың болуы т.б. толық доминанттылық көрсететін гендер қатарына жатады. Ал, бірінші ұрпақтажасырын күйде қалып белгілері тек екінші ұрпақта көрініс беретін гендер рецессивті делінеді. Олар: бұршақтың жасыл түсі мен кедір-бұдырлы пішіндерін, адамның көккөзділігі мен солақайлығын, қалыпты көруін, резус фактордың болмауын т.б. анықтайтын гендер. Жоғарыда аталып өткендей қазіргі кезде адамның көптеген доминантты және рецессивті гендері зерттеліп анықталды. Олардың ішіндегі кейбір гендердің әсері айтарлықтай байқалмағанымен адам популяцияларында полиморфизмге себепші болса, ал екінші бір гендер түрлі патологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін. Егер патологиялық доминантты гендер адамның тіршілік қабілетін төмендететіндей әсер көрсетсе, сұрыптаудың нәтижесінде ондай белгілер тез арада жойылады. Өйткені доминантты патологиялық белгіге ие адамның өсімтал ұрпақ қалдыру мүмкіндігі жоқ. Рецессивті гендер керісінше, зиянды болса да гетерозиготалы жағдайда жойылмай, ұзақ уақыт сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Ондай гендер тек гомозиготалы дараларда ғана көрініс береді.
Толық емес доминанттылық құбылысында доминантты аллельмен қатар рецессивті аллельдің әсері де біршама байқалып, белгілері аралық сипаттағы гетерозиготалы даралар жарыққа шығады. Өйткені әдетте доминантты аллель активтілігі жоғары ферменттің түрін, ал рецессивті аллель активтілігі төмен ферменттің синтезін анықтайды. Мұндай жағдайда гетерозиготтардағы (Аа) рецессивті аллель де (а) өз белогын синтездей отырып доминантты аллельдің (А) әсерін төмендетеді. Сондықтан доминанттылық толық дәрежесінде көрінбейді. Мысалы тауықтардың ақ және қара қауырсынды түрлерін шағылыстырса көгілдір түсті ұрпақ алынады. Осы гетерозиготалы ұрпақты өзара шағылыстырса келесі ұрпақта (Ғ2) ажырау жүріп бөлігіндей қара, көгілдір, бөлігіне тең ақ түсті тауықтар алынады. Адамда кездесетін фенилкетонурия ауруы рецессивті генмен анықталады. Ауру адамның генотипі-аа. Бұл патологиялық ген бойынша гетерозиготтарда (Аа) фенилаланингидроксилаза ферментінің активтілігі ауру гомозиготтарға (аа) қарағанда жоғары болғанымен аллельдің екеуі де доминантты қалыпты сау гомозиготтармен (АА) салыстырғанда едәуір төмен болады. рецессивті генмен анықталатын анофтальмия ауруы бар гомозиготалы адамдарда (аа) көз алмасы болмайды, ал осы ген бойынша гетерозиготтарда (Аа) гомозиготалы сау (АА) адамдарға қарағанда көз алмасы кішірейген. Сол сияқты орақ тәрізді жасушалық анемиямен ауру гомозиготтардың (ss) эритроциттері түгел дерлік өзгеріп орақ тәрізді пішінге ие болса, гетерозиготтарда (Аs) жартысы қалыпты пішінді, екінші жартысы орақ тәрізді, ал сау гомозиготтарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Модификациялаушы гендер
Бидай изоферменттерінің әр түрлігін электрофорез арқылы зерттеу
Геннің әсері
ДНҚ молекуласының радиация әсерінен бұзылулары
АДАМ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАСЫ
Селекция құбылысы
Адам популяциясының өсуі
Де Фриздің мутациялық теориясы
Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы
Гендердің өзара әрекеттесуі туралы
Пәндер