Негізгі және айнымалы капитал. Амортизация


Негізгі және айнымалы капитал. Амортизация
Мазмұны
Кіріспе
1. Негізгі және айнымалы капитал.
2. Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы.
3. Амортизация
4. Капиталдың көрсеткіштері
5. Инвестиция өндірістік қорлардың қаржыландыру көзі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Капитал дегеніміз - тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал - жабдықтары мен ақшалай жинақтары . Осы бөлімде капиталдың айналымын және түрлеріне тоқталдым. Капиталдың тұрақты және өзгермелі түрлері бар. Сонымен қатар тұрақты және өзгермелі капиталдардың негізгі және айналмалы капиталдардың қатынастары мен байланыстарын қарастырдым. Енді инвестицияға тоқталайық, инвестиция - бұл күрделі қаржының алуан түрлері. Инвестицияның экономикадағы мәні ерекше болып келеді. Инвестицияның негізгі бағыттары мыналар: құрылыс салуға, жаңа техника және технология сатып алуға, шикізат пен материалдарды қосымша алуға және т. б.
Капитал - бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал - жабдықтарымен ақшалай жинақтары. Капитал сөзі латынның «caputa», яғни бас сөзінен шыққан кейінен «капитал» сөзін қолдануда екі түрлі түсінік пайда болды: біріншісі - «бас, басты», екіншісі - «байлық».
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде «капитал» сөзі жиі қолданылады, сонымен қатар капитал деп кез келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар.
Капитал жинақталған мүлікте және байлықта емес. Ол үнемі қозғалыста болатын құн, осының нәтижесінде қосымша құн әкелетін құн. Капитал әрдайым үздіксіз айналымда болатын құн. Осыларды тұжырымдай келіп К. Маркс: «Капитал дегеніміз қозғалыс, әр түрлі сатылардан өтетін ауыспалы айналым процесінің үш түрлі формасын қамтитын процесс. Сондықтан капиталды тыныштықта тұратын зат деп түсінбей, қозғалыс деп түсінуге болады», - деп атап көрсетті.
Капитал ауыспалы айналымының салаларынан өткенде әр түрлі қызмет атқарады. Оны капиталдың функциялық формасы деп те атаймыз. Олар: ақша, өндіргіш және тауар формасындағы капиталдар.
Капиталдың ауыспалы айналымы дегеніміз - қозғалыс процесінде біртіндеп бір формадан екінші формаға айналып, әртүрлі қызмет атқарып, әдепкі формасына молайған көлемде қайта оралған капитал.
1. Негізгі және айнымалы капитал.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік. Капитал түсінігіне ең толық, жан жақты зерттеуді жүргізген К. Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген. К. Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар капиталдың заттық түрі болады көрсетті - машина, шикізат, құрал-жабдықтар. Кәсіпкерік сфераның қандайда болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы керек.
Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:
- капитал - деген құрал - жабдықтар жиынтығы,
- капитал деген ақша сомасы.
Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік каиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ. оны мынадай түрге бөлуге болады:
А - Т …Ө . . . Т 1 - А 1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
А- Т . . .
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:
. . . Ө . . .
Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:
. . . Т 1 - А 1
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы - үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп тұр - капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:
d=А' - А
Мұнда: А-бастапқы жұмсалған капитал,
d-үстеме құн.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдыңтек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.
2. Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы.
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.
Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:
- жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
- табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.
Материалдық тозудың екі жағы болады:
- техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;
- құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.
Моралдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:
1. еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
2. құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық
жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.
Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады төмендейді, өйткені еңбек құралдарьның бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді) .
Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.
Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т. б. сатып алуғапайдаланылады. Демек. амортизация қоры өңдірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың косымша көзі ретінде қызмет етеді.
3. Амортизация
Амортизация (латын. amortisatio - өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету, жүмсарту) - Тозымпұл / Өтемпұл - жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. тозымпұл аударымының сомасы тозымпұл нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс шығынына енгізіледі, негізгі қорлардың тозуы дәрежесін сипаттайды және олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтемпұл қорын құрады. Тозымпұл бейматериалдық активтердің тозуын есептеу кезінде де есептеледі. Тозымпұл термині басқа мағыналарда да қолданылады: жеке адамның немесе ұйымның дүркіндік жарналар төлеу немесе міндеттемелерді сатып алу жолымен борышты бірте-бірте өтеуі; борышқорлық міндеттеменің ұрлануы, жоғалуы, т. б. себепті оны жарамсыз деп тану; машиналарда, құрылғыларда - машиналардың конструкцияларындағы арнаулы қондырғылардың (тербелістерді өшіргіштердің), оларды салмақтан қорғайтын құрылғылардың көмегімен соққының, серпудің күшін жұмсарту, бәсендету.
Амортизация - бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.
Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.
Егер станок 10 жыл қызмет етсе, ал оның құны 100 мың долларға тең болса, ол 1 жылда өндірілген өнімге 01, -ге өзінің құнын бөлшектеп жайлап енгізу процесін
амортизация
дейміз. Табиғи тозу өндіріс процесінің әсерінен ғана болып қоймайды, оған табиғат күші де әсер етеді. Станок шіриді, ірі үйлер қолайды. Ал моральдық тозудың екі түрі бар:
1. бұрынғы конструкицядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан арзандай;
2. бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ содан өнімділеу және үнемділеу;
Техникалық прогресс негізгі капиталдың табиғи тозуына дейін оның моральдық тозуын жеделдетеді. Моральдық тозуға кеткен шығынды азайту үшін және жабдықтарға жұмсалған шығынды қысқа мерзімде қайтару үшін кәсіпкерлер жедел амортизациялық жүйені кеңінен қолдануға мәжбүр. Негізгі капиталдың құны кәсіпкерге бірнеше шеңбер айналымынан соң қайтарылады.
Амортизациялық төлемдер өнімнің өндірістік шығындарына енеді және оның өткерілуінен кейін кәсіпорын есебінде ақшалай қор түрінде қорланып, амортизациялық қорды құрайды. Амортизациялық қор негізгі капиталды толық қалыпына келтіруінде немесе ремонт процесінде оның бөлшегінің қалпына келтіруінде қолданылады.
4. Капиталдың көрсеткіштері
Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте манызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.
Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипаттайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндсгі айналым саны арқылы есептеледі:
п =
мұнда П - айналым саны ,
О - капитал айналымының өлшем бірлігі ( 1 жыл),
Т - берілген капиталдық айнапым мерзімі (ай) .
Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни активтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:
Осы түрлі көрсеткіштердің жабайысына айналмалы капиталдың айналуының коэффициенті жатады, бул осы кезендегі айналмалы капиталдын орташа қалысының, осы кезенде өткізілген өнімнің құнының (сатудан ақшалай түсім) болінісіне тең болады.
Мысалы, бір жылда сатылған өнімдерден ақшалай түсімі - 2000 млн. теңге болса, ал фирманың айналмалы капиталының орташа қалдығы - 400 млн. теңге, онда айналмалы капиталдың айналуының коэффициенті:
Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағаның көрсетеді.
Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа үзақтығының көрсеткішін есептей аламыз (От) ;
немесе біздің мысалда:
Айналыстың көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылык жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрадардын ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетне тікелей әсер етеді.
Айналмалы капитал мен қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының сәйкестігі, қазіргі әрекет ететін капитал мен кәсіпкерді төлем қабілетін байланыстырады.
Қазір әрекет ететін капитал - бұл айналмалы кордың сомасының қысқа мерзімді қарыз міндеттемелер сомасынан артыктығы:
Негізгі және айналмалы қорлардын қызметтерін сипаттау үшін олардың пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады.
Бұлардың екі түрі бар:
1) Қайтарым (қор қайтарымы) көрсеткіштері:
2) Сыйымдылық (қор сыйымдылыгы) көрсеткіштері:
Қор кайтарымы негізгі капитал дәрежесінің тікелей көлемі болып табылады. Қор қайтарымының керісінше көрсеткіші қор сыйымдылығы деп аталады.
Қор қайтарымының көрсеткіші негізгі капиталдың бірлігіне
қанша өнім піығарылады дегсн сүрақка жауап береді. Мысалы, егер
өндірілген өнімнің көлемі 927 мың теңге, ал негізгі өңдірістік қор
лардың уақыт мерзіміндегі орташа көлемі 600 мың теңге болса, онда
қор қайтарымы мынандай болады:
Осы көрсеткіштерді пайдалану салалық құрылымдарға, өндіріс сипатына және т. б. байланысты болады.
5. Инвестиция өндірістік қорлардың қаржыландыру көзі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz