Трансшекара



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер
2. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау
3. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы БАЗЕЛЬ КОНВЕНЦИЯСЫ
4. Тараптар арасындағы трансшекаралық тасымал
5. Қауіпті қасиеттердің тізбесі
6. Анықтамалар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
1. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер
Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су бөлу, трансшекаралық су объектiлерiн, атмосфералық ауа мен топырақты ластау, қауiптi технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткiзу, пайдалы қазбалардың шектес жатқан кен орындарын игеру, бiрегей табиғи кешендердi сақтау мәселелерi жатады.
Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық шарттар шеңберiнде көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.
2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн белгiлеуге және кейiннен олардың қайталама шикiзат пен өнiм түрiнде республика аумағына олардың қайтадан түсуiн болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан трансшекаралық өзендердi ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бiрыңғай құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендердi қорғау мен пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық Азия өңiрiнiң қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан, трансшекаралық ағын сулар ағыны дұрыс та әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердiң алдын алу, "ластаушы төлейдi" қағидатын орындау жөнiнде шаралар қолданған жоқ.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердiң алдын алу және жою үшiн:
2005 - 2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң шекаралас аудандарын экологиялық бағалау жөнiндегi бiрлескен зерттеулер жүргiзу;
Орталық Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки конвенциясына қосылуы жөнiндегi Қазақстанның бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу;
бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында 2005 - 2006 жылдар барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық биосфералық аумақтар құру қажет.
Қабылданған шаралардың нәтижелерi ықтимал трансшекаралық экологиялық қатерлердi анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетiн болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б
2. www.trk.kz
3. Суханбердин Х. Жер қойнауы-табиғи ресурстардың сарқылмас көзі

Қазақстан - Ресей Медицина Университетті
Қоғамдық денсаулық сақтау мен медицина және
апаттық медицина кафедрасы
Экология және тұрақты даму пәні

ОСӨЖ
Реферат
Тақырыбы: Ластаушы заттардың трансшекаралық
ауысуы туралы түсінік

Студенттің аты - жөні: Мүсір А.А
Факультеті: Жалпы медицина
Курс: 1 курс
Тобы: 103 А

Оқытушы: Джадигеров А.С.

Алматы 2014
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер
2. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау
3. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы БАЗЕЛЬ КОНВЕНЦИЯСЫ
4. Тараптар арасындағы трансшекаралық тасымал
5. Қауіпті қасиеттердің тізбесі
6. Анықтамалар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

1. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер
Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су бөлу, трансшекаралық су объектiлерiн, атмосфералық ауа мен топырақты ластау, қауiптi технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткiзу, пайдалы қазбалардың шектес жатқан кен орындарын игеру, бiрегей табиғи кешендердi сақтау мәселелерi жатады.
Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық шарттар шеңберiнде көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.
2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн белгiлеуге және кейiннен олардың қайталама шикiзат пен өнiм түрiнде республика аумағына олардың қайтадан түсуiн болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан трансшекаралық өзендердi ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бiрыңғай құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендердi қорғау мен пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық Азия өңiрiнiң қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан, трансшекаралық ағын сулар ағыны дұрыс та әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердiң алдын алу, "ластаушы төлейдi" қағидатын орындау жөнiнде шаралар қолданған жоқ.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердiң алдын алу және жою үшiн:
2005 - 2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң шекаралас аудандарын экологиялық бағалау жөнiндегi бiрлескен зерттеулер жүргiзу;
Орталық Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки конвенциясына қосылуы жөнiндегi Қазақстанның бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу;
бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында 2005 - 2006 жылдар барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық биосфералық аумақтар құру қажет.
Қабылданған шаралардың нәтижелерi ықтимал трансшекаралық экологиялық қатерлердi анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетiн болады.
2. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау

1. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мақсаты үшін Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының 1-қосымшасына сәйкес келетін қалдық топтары қауіпті болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды транзиттеу Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
3. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының тараптары - мемлекеттерге және өздерінің заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар импортына тыйым салған дамушы елдерге не осы қалдықтарды пайдалану экологиялық негізделген түрде жүзеге асырылмайды деп ойлауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік ендіктің 60 градусынан оңтүстікке қарай орналасқан аудандарға қауіпті қалдықтарды экспорттауға тыйым салынады.
4. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде табиғат пайдаланушылар мүдделі мемлекеттерге ұсынылатын қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қатысты ұсынылатын тасымалдың адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін салдарын көрсететін ақпаратты табыс етуге міндетті.
5. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде олар орап-буу, таңбалау және тасымалдау саласындағы жалпы қабылданған халықаралық ережелер мен нормаларға сәйкес оралып-буылуға, таңбалануға және тасымалдануға тиіс.
3. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы БАЗЕЛЬ КОНВЕНЦИЯСЫ:
Осы Конвенция Тараптары:
қауiптi және басқа да қалдықтардың және оларды трансшекаралық тасымалдаудың адам денсаулығына және қоршаған ортаға келтiретiн зиянының қатерiн ескере отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтарды өндiрудiң және трансшекаралық тасымалдаудың өсуi және олардың күрделi сипаты нәтижесiнде адам денсаулығына және қоршаған ортаға төнген қауiптiң өсуiн сезiне отырып;
сондай-ақ, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны осындай құралған қалдықтардың қаупiнен қорғаудың барынша тиiмдi әдiсi оларды өндiрудiң мөлшерiн жәненемесе олардың қауiптi әлеуетiн ең төменгi шекке дейiн қысқарту болып табылатынын сезiне отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтарды, оларды трансшекаралық тасымалдауды және аулаққа шығаруды қоса алғанда, олардың шығарып тасталған орнына қарамастан, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаумен сыйымды мемлекеттің қажеттi шаралар қабылдауға тиiстi eкендігіне сене отырып;
мемлекеттiң өндiрушiнiң қауiптi және басқа да қалдықтарға қатысты мiндеттемелерiн, шығарып тастау орнына қарамастан, қоршаған ортаға сыйымды әдiспен орындауды қамтамасыз eтуге тиiс екендiгiн атап көрсете отырып;
әрбiр мемлекеттің өз аумағында басқа мемлекеттiң қауiптi және басқа да қалдықтарын трансшекаралық тасуға немесе аулаққа шығаруға тыйым салуға егемендi құқығы бар екенiн толық тани отырып;
сондай-ақ, басқа мемлекеттердегi, әсiресе дамушы елдердегi қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға және оларды аулаққа шығаруға тыйым салуға ұмтылыстың өсе түскенiн тани отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтардың осы қалдықтар өндiрiлген мемлекетте аулаққа шығару тиiстілігiнің оларды экологиялық негiзделген және тиiмдi пайдалануға қандай дәрежеде, қаншалықты сәйкес келетiнiне көз жеткiзе отырып;
сондай-ақ, осындай қалдықтарды оларды өндiрген мемлекеттен кез келген басқа мемлекетке трансшекаралық тасымалдауға Конвенция ережелерiне сәйкес адамның денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiп туғызбайтын жағдайда жүзеге асырылған кезде ғана рұқсат етілуге тиiс екенiн сезiне отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылауды күшейту оларды экологиялық негiзделген пайдалануға және мұндай трансшекаралық тасымалдаудың көлемiн қысқартуға ынталандырады деп есептей отырып;
мемлекеттердiң қауiптi және басқа да қалдықтарды осы мемлекеттерден әкелу немесе олардан әкету және осындай тасымалды бақылау трансшекаралық тасымалдау туралы ақпараттармен тиiсiнше алмасуды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдауға тиiс екендiгiне көз жеткiзе отырып;
бiрқатар халықаралық және аймақтық келiсiмдерде транзиттік қауiптi жүктерге байланысты қоршаған ортаны қорғау мен сақтау туралы мәселе қарастырылатынын атап көрсете отырып;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта проблемасы бойынша Конференциясының Декларациясын (Стокгольм 1972), Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бойынша 1987 жылғы 17 маусымдағы Бағдарламаларды басқарушылар Кеңесiнің (ЮНЕП) қауiптi қалдықтарды экологиялық жағынан ақталған пайдалануға қатысты қабылданған 1430 шешiмiндегi басшылыққа алатын Каир ережелерi мен принциптерiн, БҰҰ-ның қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi сарапшылар Комитетiнiң (1957 жылы құрылған және әр екi жылда жаңартылатын) ұсыныстарын, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiнiң шеңберiнде қабылданған ұсыныстарды, декларацияларды, құжаттарды және ережелердi, сондай-ақ басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарда жүргiзілген жұмыстарды және зерттеулердi назарға ала отырып;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отыз жетiншi сессиясында қабылданған (1982 ж.) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты тәртiп ережелерi ретiнде Дүниежүзілік табиғат хартиясының рухын, принциптерiн, мақсаттары мен мiндеттерiн ескере отырып;
Мемлекеттердiң адам денсаулығын қорғауға және қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға қатысты өздерiнiң халықаралық міндеттемелерiн орындау үшiн жауап беретінін және халықаралық құқыққа сәйкес жауапкершілікте болатынын растай отырып;
осы Конвенцияның ережелерi немесе оған кез келген хаттама елеулi дәрежеде бұзылған жағдайда халықаралық құқық шарттарының тиiсті ережелерi қолданылатынын тани отырып;
экологиялық негiзделген аз қалдықты технологияларды, әкiмшiлiк-шаруашылық қызметiнiң тиiмдi жүйесi мен қауiптi және басқа да қалдықтар өндiрудi ең төменгi шекке дейiн қысқарту мақсатында қалдықтарды пайдаланудың керi айналысы әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi жалғастыру қажет екенiн ескере отырып;
сондай-ақ, қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылауды күшейту қажеттiгiне байланысты халықаралық қоғамдастықтың өсе түсiп отырған қаупiн, сондай-ақ, осындай тасымалды мүмкiндiгiнше ең төменгi шекке дейiн қысқарту қажеттiгiн ескере отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтардың трансшекаралық заңсыз айналымының проблемаларына алаңдаушылық бiлдiре отырып,
сондай-ақ, дамушы елдердiң қауiптi және басқа да қалдықтарды ұтымды пайдаланудағы шектеулi мүмкiндiктерiн назарға ала отырып,
елдiң iшiнде өндiрiлген қауiптi және басқа да қалдықтарды негiзделген пайдалану мақсатында, әсiресе дамушы елдерге табиғат қорғау технологиясын берудi кеңейту туралы Каирдiң басшылыққа алатын ережелерi мен ЮНЕП Басқарушылар Кеңесiнiң 1416 шешiмi рухындағы қажеттілiктi тани отырып;
сондай-ақ, қауiпті және басқа да қалдықтардың тиiстi халықаралық Конвенциялар мен ұсыныстарға сәйкес тасымалдануға тиiс екендiгiн тани отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мұндай қалдықтарды тасымалдау экологиялық негiзделген әдiспен және соңғы аулаққа шығару жүзеге асырылғанда ғана рұқсат етілуге тиiс екендігіне көз жеткiзе отырып; және
адам денсаулығын және қоршаған ортаны қауіпті және басқа да қалдықтарды өндiруден және пайдаланудан туындауы мүмкiн апатты әсерден қатаң бақылаудың көмегiмен шектеудi шешуге құлшыныс бiлдiре отырады.
4. Тараптар арасындағы трансшекаралық тасымал

1. Экспорт мемлекетi өндiрушiден немесе экспорттаушыдан экспорт мемлекеттiң құзыреттi органдары арқылы мүдделi мемлекеттердiң құзыреттi органдарын қауiптi және басқа да қалдықтардың кез келген көзделетiн трансшекаралық тасымалы туралы жазбаша түрде хабарлайды немесе хабарлауды талап етедi. Мұндай хабарларда импорт мемлекетi үшiн қолданылатын тiлде VA қосымшада көзделген өтiнiштер мен хабарлама болуға тиiс. Әрбiр мүдделi мемлекетке бiр хабарландыру жiберу жеткiлiктi.
2. Импорт мемлекетi хабарлаушыға белгiлi бiр жағдайда тасымалға келiсiмi немесе оларсыз, тасымалға рұқсат беруден бас тарту немесе қосымша хабарлама беруiне сұрау салу бар хабарландыру алғандығы туралы жазбаша нысанда жауап жолдайды.
3. Экспорт мемлекетi өндiрушiге немесе экспорттаушыға трансшекаралық тасымалдауды бастауға мыналарға:
а) хабарлаушы импорт мемлекетiне жазбаша түрде келiсiм алғанына;
b) хабарландырушы импорт мемлекетiнен экспорттаушы мен қалдықтарды аулаққа шығаруға жауапты тұлғаның apacында осы қалдықтарды экологиялық негiзделген пайдалану сөз болған келiсiм-шарттың бар екендiгiнiң фактiсiн растау алғанына жазбаша растау алғанға дейiн рұқсат бермейдi.
4. Тараптар болып табылатын әрбiр транзит мемлекетi хабарлаушыға хабарды алғанын дереу хабарлайды. Содан кейiн ол хабарлаушыға тасымалдауға бiрқатар шарттармен немесе онсыз келiсу, тасымалдауға рұқсат беруден бас тарту немесе қосымша ақпараттар ұсынуға сұрау салу мазмұндалған жазбаша жауапты 60 күннiң iшiнде жiбере алады. Экспорт мемлекетi транзит мемлекетiнiң жазбаша келiсiмiн алмайынша, трансшекаралық тасымалдауды бастауға рұқсат етпейдi. Алайда, егер Тараптар қауіпті немесе басқа қалдықтарды трансшекаралық транзиттiк тасымалдауға қатысты кез-келген уақытта толықтай немесе белгiлi бiр жағдайларда жазбаша нысандағы келiсудi алдын ала талап етпеуге шешiм қабылдаса, не осыған қатысты талабын өзгертсе, ол 13-бапқа сәйкес өзiнiң шешiмi туралы басқа Тараптарға дереу хабарлайды. Бұл соңғы жағдайда егер транзит мемлекетi осы хабарлауды алғаннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының транс шекаралық өзендер мәселелері
Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы
АҒЫЛШЫННЫҢ ТҮБІР СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері
Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Пәндер