Мемлекеттік несие түсінігі, нысандары мен сыныптамасы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ ТҮСІНІГІ, НЫСАНДАРЫ МЕН СЫНЫПТАМАСЫ

1. 1 Мемлекеттік несиенің түсінігі мен оның мәні5

1. 2 Мемлекттік несие нысандары және әдістерінің сыныптамасы……. . …11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ БАСҚАРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Халықаралық мемлекеттік несие . . . 15

2. 2 ҚР мемлекеттік несиені басқарудағы проблемалар оны шешу жолдары. 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңарту мен дамытуға Жолдауында»: «Жаңа қаражат қажет. Осы мақсатта дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп келген шикізаттық сектордың табыстарының 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау дұрыс болады. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 милиард теңгені құрайды.

Бұл - уақытша, бірақ та қажетті шара. Бұл ретте біз қазіргі сәтте бар елдің жалпы резервтің сол көлемін, яғни 47 миллиард американ долларын сақтаймыз. Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенімдік береді.

Қаражаттың басқа бір көзі- бұл бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібі. Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг режимінде бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жіті бақылауды тапсырамын. Осыған сондай-ақ біздің депутаттарды да шақырамын.

Қауырт өсу кезеңінде үйреншікті болып кеткен ысырапқорлық ойлы тұтынумен және үнемдеумен ауыстырылуы тиіс. Ашығын айтайық, бізге ақша пайда болған осы жылдары сұраныс көбейіп, штаттар қампиып кетті және іссапарлар саны, әрқилы ауқымды мәдениет күндерін өткізу ұлғая түсті. Осы мәселеде баршаның ойланғаны керек.

Қаржы тәртібін бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиіс. Барлық басым емес шығындар- әкімшілік, инвестициялық және басқа шығындар- нолге теңестірілуі тиіс. Бұл жергілікті бюджеттерге де қатысты» [1, 2 б. ] .

Несие-қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік приңциптеріне құрылған. Экономикалық категория ретінде несие құл иеленушілік қоғамда өсімқорлардың ақшаны қарызға беруінен басталып, өзінің айтарлықтай даму дәрежесіне буржуазиялық қоғамда қарыз капиталын пайдалану арқылы жетті. Несие нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атқарды.

Біріншіден, тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістің шеңберін айтарлықтай кеңейтті.

Екіншіден, несие қайта бөлу қызметін атқарады. Осының арқасында жеке жинақтар, кәсіпорындар пайдасы, мемлекет табысы қарыз капиталына айналып, халық шаруашылығының кіріс келтіретін салаларына жұмсалады. Мысалы, АҚШ-та жинақтың ірі көзі (басқа елдердегі сияқты) жеке адамдар (отбасы, халық) . 1989 жылы АҚШ экономикасының бұл секторында таза жинақтар (жалпы жинақтан берешекті шығарып тастағанда) 198 млрд. доллар болды. Бұл қаржының үлкен бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалды.

Үшіншіден, несие айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі. Оның дамуы барысында банктік есеп-шот пен салымдар (несие карточкілері, әр түрлі есепшоттар, депозит сертификаттары) қолма қол ақшасыз айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымы жеделдейді.

Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырлануын тездету қызметін атқарады. Несиені бәсекелік күресте жиі пайдаланады, ол фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі жойып жіберуіне ықпал етеді.

Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы - экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор - несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде қызықтырады. Осы жоғарыда айтылған мәселер тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты- мемлекеттік несиенің түсінігін, мәнін, қызметтерін ашу. Қазақстан Республикасындағы және халықаралық мемелекеттік несиенің проблемаларын зерттеп, оны шешу жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың міндеті- несие түсінігін, нысандары мен сыныптамасын, басқару проблемаларын қарастыру. Халықаралық мемлекеттік несие мен Қазақстанның мемлекеттік несиесінің арасындағы айырмашылықтырды зерттеп, отандық мемлекеттік несиенің проблемасының шешу жолдарын іздеу. Мемлекеттік несиенің мәнін ашу, әдістемелік сыныптамасын қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Бірінші бөлімде, мемлекеттік несиенің түсінігі, нысандары, сыныптасасы, түрлері қарастырылған.

Екінші бөлімде, Қазақстан Республиикасының мемлекеттік несиені басқару проблемалары мен халықарлық мемлекеттік несиенің проблемалары мен оны шешу жолдары ашылған.

1 МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ ТҮСІНІГІ, НЫСАНДАРЫ МЕН СЫНЫПТАМАСЫ

1. 1 Мемлекеттік несиенің түсінігі мен оның мәні

Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы - экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор - несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде қызықтырады.

Мемлекеттік несие жеке адамның несие беруінен айтарлықтай ерекше. Соңғы жағдайда ол өңдірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл несие бойынша процесс өңдіріс процесіндегі құнның өсуімен байланысты. төленеді. Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған мемлекеттік несие көп жағдайда ендірістік қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен бюджетке келіп түскен төлемдердің есебінен төлейді. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады. Олар банктің сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының уақытша бос ақшаларын пайдаланады. Ақша айналымы мен жалпы экономикалық қызмет істеу үшін оған қажетті ресурстарды мемлекет қандай кездерден алады? Егер казначейлік міндеттемелері жеке секторларға орналасса, онда ақша ресурстары уақытша жеке адам иелігінен мемлекетке қайта бөлінеді. Ол үшін үкімет өзінің қағаздарын жоғары процентпен, капитал иелерін қызықтыратындай етіп шығаруы тиіс. Мемлекеттік борышты процентпен төлеу бюджет шығыстарының басты бөлігін алады. АҚШ-тың федералдық шығындарының ішінде 1990 жылы 8, 9 проценттен 1998 жылы 14, 5 процентке өсті. Мемлекеттік қарыздарды жеке секторда орналастыру өз кезегінде бюджеттік шығындардың одан әрі ұлғаюына жол береді. Бірақ үкімет өзінің казначейлік міндеттемелерін тек жеке секторда ғана орналастырып қоймай, орталық банктердің (ақша шығаратын) есебінде де ұстайды. Үкіметтің казначейлік міндеттемелерін есептей отырып, банк айналысқа көптеген қосымша төлем қаржыларын шығарады, бірақ олардың нақты тауар көлемдерімен еш байланысы жоқ. Мұндай жағдайда мемлекеттік бюджет ақша айналысына тікелей инфляциялық ықпал жасайды. Ақша көлемінің өсуі қоғам байлығын шын мәнінде ұлғайта алмайды. Мұндағы "мемлекеттік борыштың монеттенуі" көптеген елдерге тән жағдайды білдіреді, шексіз мемлекеттік шығындарды қаржылаңдыру ақша айналысын тұрақсыздандырудың тікелей себебі болады.

Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын жасауды қажет етеді. Мұндай шаралардың негізгілеріне жаңа заемдардың көлемін шығарудың уақытын, казначейлік міндеттеме бойынша проценттің мөлшерін, оларды орналастыруды анықтау жатады. Мемлекеттік заемдар әр түрлі мерзімге шығарылады, осы белгісіне қарай қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Олардың айырмашылықтары шартты. Қысқа мерзімді заем, әдетте 1 жылдан 5 жылға, орта мерзімді 3-тен 5, ұзақ мерзімді 5 жылдан ұзақ уақытқа шығарылады.

Қарыз түрлері мерзімінің арақатынасының мемлекеттік борышты басқаруда айтарлықтай маңызы бар. Инфляция күшейген және ақша айналысьшың жалпы тұрақсыздығы жағдайында қысқа мерзімді қарыздың үлесі артады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы кезінде инвесторлар ұзақ мерзімді үкіметтің міндеттемесі бойынша ақша жұмсаудан қашады. Несие берушілер қысқа мерзімді казначейлік міндеттемелерді қалайды, өйткені олардың инфляциялық процестердің әсеріне тап болу қаупі аз. Мемлекеттік қарыздың жүйелі өсуі ұлттық табыстың проценттік төлем ретінде қайта бөлінуіне әкеледі. Мысалы Францияда мемлекеттік борышты процентпен төлеу 1982 жылғы 40 млрд. франктен 1990 жылы 125 млрд. франкке жетті. АҚШ-та федералдық қарыз бойынша таза проценттік төлемдер 1980 жылы 52, 2 млрд. доллардан 1989 жылы 165, 7 млрд. долларға көбейді. Мемлекеттік қарыз басқа да берешектер сияқты жалпы ұлттық өнімге қарағанда әлдеқайда жылдам өседі. Мысалы, АҚШ-та 1983 пен 1990 жылдар арасында ЖҰӨ 1, 6 есе артты. Ал сол аралықта халықтың, мемлекет пен финанстық емес корпорациялардың берешегі 2, 2 есе өсіп, 10 триллион долл, яғни жалпы ұлттық өнімнен 2 есе көп болды. 90 жылдардың басында халықтың борышы 3, 7 трлн. долл. финанстық емес корпорациялардың 3, 5 трлн. долл. ал федералдық қарыз 3 трлн. долл. жақындады. Ірі бюджет тапшылығы және мемлекеттік міндеттемелер бойынша төлемдердің проценті өскен жағдайда казначейліктер берешекті төлеудің уақытын кейін ығыстырады. Осы мақсатпен мемлекет заемдарды конверсиялау тәжірибесін кеңінен қолданады. Мұндай ашаралардың мәні заемдарды жабуды кейінге қалдыру, мүмкін болғанынша мемлекет міндеттемелерін қысқа мерзімнен орта және ұзақ мерзімге айналдыру. Казначейліктер, инвестордың келісімімен өздерінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орта, ұзақ мерзімді қарыздарға ауыстырады. Осымен қатар ол өзінің қысқа мерзімді заемдер міндеттемелерін жоғары процент негізінде жаңа ұзақ мерзімді заемдар шығару арқылы сатып алады. Мұндай шаралар тез тиімділік беріп, үкіметтің финанс жағдайын жеңілдетеді. Бірақ олар бюджетті айтарлықтай тұрақтандыра алмайды, өйткені ол ставка процентінің одан әрі өсуіне әкеледі, ең соңында жалпы борыштың сомасын көбейтеді.

Мемлекеттік несиені басқарудың күрделі механизмін пайдалана отырып, казначейліктер бюджеттік тапшылықты жою үшін үлкен көлемде қаржы ресурстарын қолданады. Бюджеттік және қаржы - ақша саясаты макроэкономикалық реттеудің кең көлемдегі мәселелерін шешуге бағытталған. Олардың қатарына антициклдық саясатты жүргізу, жұмыспен қамту, төлеу қабілеті бар сұраныс дәрежесін және жалпы іскерлік белсенділікті реттеу жатады.

Бюджеттік шығыстарды ұлғайту мен салықтарды азайту шаралары сұраныстың және экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеу кезінде, экономикалық дағдарысқа ұшырау қаупі төнгенде жүргізіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру жиынтық сұраныстың жалпы көлемін ұлғайтады. Салықтың төмендеуі күрделі қаржының, әсіресе орта ұсақ компаниялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Салықтың төмендеуі жағдайында мемлекеттік шығындардың артуы мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын ұлғайтып, инфляциялық процестердің күшеюіне әкеледі. Шығыстардың кірістен осындай артық болуы активті бюджеттік дефицит деп аталады. Сонымен қатар экономикалық белсенділіктің төмендеуі себепті мемлекеттік табыстардың қысқаруы пассивті дефицит деп аталады.

Тапшылықты қаржыландыру концепциясы неокейнсиандық бағыттағы экономистердің теориялық құрылымында берік орын алды. Оның негізгі ерекшеліктерін соғыстан кейінгі жылдары батыс экономистері экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілерін жасауға кеңінен енгізді, ал үкімет басшылары оны тәжірибеде қолданды. Алайда тәжірибе барысында "дефицитті қаржыландыру" идеясы күткен нәтижесін бермеді. Бұл концепцияның ең әлсіз жері оны қолдану 60-70 жылдарда анық көрінген экономиканың инфляциялық тұрақсыздануын күшейтті. Белсеңді бюджеттік дефицит қарыздың монеттенуіне ақша массасының бақылаусыз көп ұлғаюына және ұлттық валютаның құнсыздануына әкелді. Сөйтіп, ұзақ мерзімді жоспарда активті бюджеттік дефициттер белгілі жағдайда халықтың сатып алу қабілеті мен мемлекеттік шығыстардың экономикаға ықпалының себебі болмақ. Мұндай мемлекеттік реттеудің ең басты бір проблемасы экономиканы "суыту" "инфляциялық қызып кету" дегенмен күресу.

Дефляциялық (инфляцияға қарсы) шаралардың күрделілігі мынада: оны жүзеге асыру мемлекеттік шығындарды азайтуды, несиенің қымбаттауына жол бермеуі ақша көлемін тығыздауды, қысуды қажет етеді. Мұның бәрі өз кезегінде жиынтық сұранысты тежейді, күрделі қаржыны азайтады, іскерлік белсенділікті төмендетіп, жұмыссыздықты көбейтеді.

Сонымен мемлекеттің несие проблемасы ақша айналасының күрделі кешенімен, бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік ықпалымен және әлеуметтік процестермен тікелей байланысты. Сыртқы қарыз. Шаруашылық өмірді жаппай интернационалдандыру процесі халықаралық кредиттің (несиенің) жедел дамуымен жүреді. Қажетті финанс қаржыларын шоғырландыру үшін мемлекет ұлттық шекарадан тыс жерлердегі ақша көздерін де кеңінен пайдаланады. Мұның нәтижесінде сыртқы борыш пайда болады, ол жоғарыда айтылған ішкі қарыздан айтарлықтай өзгеше. Халықаралық несие қызметінің басты қатысушылары жеке компаниялар, трансұлттық корпорациялар мен банктер әр түрлі қорлар және т. б. Бірақ соңғы кездерде халықаралық капитал рыноктарында операцияларға үкімет органдары қатысып заемщик, кредитор рөлін атқарады. Мемлекет финанс қаржыларын қарыз капиталының ұлттық рыноктарынан (жеке кредиторлардан немесе ресми органдардан) сонымен қатар "еврорыноктан", яғни қарыз капиталын ұлттық рыноктан тыс та алады. Ұлттық рыноктарда сыртқы заем жеке банктің өкілеттігі немесе мемлекетаралық келісімдер арқылы орналастырылады. Мемлекетаралық заемдар әр түрлі валюта арқылы орналасады, бірақ, әдетте шығарылған тұста бекітілген валюта паритетін сақтайды. Экономикалық өмірдің қазіргі кезеңі халықаралық несиенің тез өсуімен, осының негізінде сыртқы қарыздың ұлғаюымен сипатталады. Соңғы онжылдықта дамушы елдердің қарызы жоғары қарқынмен өсті, 1990 жыл ол 126, 5 млрд. долларға жетті. Алайда сыртқы берешектіктің өсуі өнеркәсібі дамыған елдерге де тән, Мысалы қазір ірі нетто - қарыз, елі АҚШ. Өткен онжылдықта жоғары процент ставкасы нәтижесінде АҚШ американ банкілеріне ірі шет ел капиталының ағылуын қамтамасыз етті. Бұл капиталдың едәуір бөлігі федералдық үкіметтің бағалы қағазына айналып, бюджеттің дефицитін қаржыландыруға жұмсалды. Алайда АҚШ-тың жалпы сыртқы экономикалық позициясы өзгерді. Егер 80-жылдарда АҚШ нетто кредитор болса, 1988 жылы оның таза борышы 540 млрд. доллар. (ЖҰӨ-нің 11%) болды. Үстіміздегі онжылдықта бұл көрсеткіш 1 трлн. долл. жетпек. Халықаралық несиенің тез өсуі, шаруашылық өмірдің интернационалдануы елдер арасында капитал миграциясының аймақтар мен елдердің экономикалық өзара тәуелдігінің тереңдеуінің нәтижесі. Халықаралық несие финанс ресурстары жеке сектордың қажетін өтеуге де, мемлекеттік бюджеттің дефицитін жоюға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыртқы борыштың өсуі айтарлықтай проблема туғызды. Оның ең бастысы несие беруші елдер мен дебитор елдердің экономикасының сыртқы факторларға тәуелділігі [2, 236-242 бб. ] .

Несие-қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік приңциптеріне құрылған. Экономикалық категория ретінде несие құл иеленушілік қоғамда өсімқорлардың ақшаны қарызға беруінен басталып, өзінің айтарлықтай даму дәрежесіне буржуазиялық қоғамда қарыз капиталын пайдалану арқылы жетті. Несие нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атқарды.

Біріншіден, тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістің шеңберін айтарлықтай кеңейтті.

Екіншіден, несие қайта бөлу қызметін атқарады. Осының арқасында жеке жинақтар, кәсіпорындар пайдасы, мемлекет табысы қарыз капиталына айналып, халық шаруашылығының кіріс келтіретін салаларына жұмсалады. Мысалы, АҚШ-та жинақтың ірі көзі (басқа елдердегі сияқты) жеке адамдар (отбасы, халық) . 1989 жылы АҚШ экономикасының бұл секторында таза жинақтар (жалпы жинақтан берешекті шығарып тастағанда) 198 млрд. доллар болды. Бұл қаржының үлкен бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалды.

Үшіншіден, несие айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі. Оның дамуы барысында банктік есеп-шот пен салымдар (несие карточкілері, әр түрлі есепшоттар, депозит сертификаттары) қолма қол ақшасыз айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымы жеделдейді.

Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырлануын тездету қызметін атқарады. Несиені бәсекелік күресте жиі пайдаланады, ол фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі жойып жіберуіне ықпал етеді.

Несиені жеңіл шарттар бойьшша алған кәсіпкерлер капиталдың тез өсуін қамтамасыз етеді, басқалары несиені ауыр шарттар бойынша алып, бәсекелік күресте ұтылып қалады. Тарихи даму барысында несиелер сан түрлі пішінде көрінеді, олардың негізгілері коммерциялық банктік несиелер.

Коммерциялық несие кәсіпорындардың, бірлестіктердің, өзге де шаруашылық субъектілерінің бір-біріне беретін несиелері. Мұндай несие төлемін кейінге қалдыратын тауарлар түрінде де болады. Көп жағдайларда олар вексель - бағалы қағаз, оны алғандар белгілі уақыттың ішінде вексель иесіне көрсетілген ақша сомасын төлейтіні туралы міндеттеме қабылдайды. Коммерциялық кредиттің жан-жақты дамуына кедергі жасайтын нәрсе оның кредитор кәсіпорындарының резервтік қор мөлшерімен шектеулі. Тауар түрінде берілгендіктен, мысалы оны жалақыға пайдалануға болмайды және ол тек өңдіріс құрал-жабдықтарын өндіретін және оны тұтынатын кәсіпорындарға ғана беріледі. Коммерциялық кредиттің мұндай шектеулерін банктік несиені дамыту арқылы жоюға болады [3, 195-197 бб. ] .

Банктік несие - қаржы мекемелерінің (банктердің, ассоциациялардың) барлық шаруашылық субъектілеріне жеке кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және т. б, қарыз ақша ретінде беретін несиесі. Банктік кредиттер қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орташа мерзімді (5 жылдан жоғары) болады. Бұл несиелер тек тауарлар айналысы ғана емес, сонымен қатар капитал қорлануына да қызмет етеді.

Коммерциялық несие бағыты, мерзімі мен келісім сомасы жөніндегі шектеулігін жоя отырып, банктік несие-кредит қатынастарының негізгі және басым түріне айналды. Кредиттің (несиенің) басқа көп тараған түрлеріне: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне кәсіпорындар мен ұйымдар шығарған акцияларды, облигацияларды, қатысу кредит билеттерін т. б. бағалы қағаздарды сатуы жатады. Бұл операциялар кәсіпорыңдарды қаржылаңдыру мен несие берудің (облигация, бағалы қағаздар) орталықсыздандырылған түрлері деп аталады.

Тұтыну несиесі жеке адамдарға ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін 3 жылға беріледі. Ол бөлшек сауда дүкендерінде төлемін кейінге қалдырып тауар сату арқылы жузеге асырылады немесе тұтыну мақсатында банктік қарыз беріледі. Тұтыну несиесін пайдаланғаны үшін, әдетте жоғары процент (30%-ке дейін) төлейді және кредитті қайтару отбасы бюджетіне үлкен салмақ салады. Ипотекалық несие қозғалмайтын (жер, құрылыс, үй) мүліктер орнына берілетін ұзақ мерзімді қарыз. Мұндай қарызды берудің құралы банктер мен кәсіпорындар шығаратын ипотекалық облигациялар. Ипотекалық несие көбіне ауыл шаруашылығының негізгі қорларын жаңартуға пайдаланып, бұл салада капитал шоғырлануына көмектеседі.

Мемлекеттік несие - несие қатынастарының жүйесі. Мұнда мемлекет заем беруші, ал халық пен жеке бизнес қаржылардың кредиторлары. Мемлекеттік несиенің көзі тек орталық үкімет қана емес, жергілікті өкімет органдары да шығаратьш мемлекеттік заем облигациялары болып табылады. Мемлекет несиенің бұл түрін алдымен бюджеттің тапшылығын (дефицитін) жоюға қолданады. Мемлекеттік облигация шығару (эмиссия) және оны тарату нәтижесінде АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2 трлн. доллардан асып отыр.

Халықаралық несие - қарыз капиталының халықаралық қатынастар саласындағы қозғалысы. Халықаралық несие тауар немесе ақша (валюта) түрінде беріледі. Несие берушілер мен заем берушілер банктер, жеке фирмалар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар. Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Мемлекеттік несие - жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиелердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында . Алайда, бұл қатынстарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.

Сурет- 1 Мемлекеттік несиенің жекеше несиеден айырмашылығы

Қайнар көзі: Альмагамбетова Г. А. Кредитная политика коммерческих банков// Банки Казахстана. Алматы: Экономика, 2005. - 5-6бб.

Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

1) мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады.

2) алынған және берілген несиелер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар " салықтар", яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық басқару
Қазақстан бюджетін қалыптастырудың ерекшеліктері
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Салық көзі болып салық төленетін табыс
Мемлекеттік қаржы қызмет
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Инвестициялық құқықтың түсінігі, пәні, қағидалары, жүйесі
Қаржы пәнінен оқу құралы
Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері
Мемлекеттік борыш оның түсінігі және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz