Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері



Жоспары:

1 Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігі

2 Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің мән.мағынасы

3 Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің жүйесі
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі

Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.

Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқықтың дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (ргіп-сірішп - негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теория-ның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру).

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше "принциптер - бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері

Жоспары:

1 Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігі

2 Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің мән-мағынасы

3 Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің жүйесі

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі

Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей қолданылатын
Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын,
бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау
мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот
ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.

Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады.
Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы
құқықтың дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес
қосады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен
оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (ргіп-
сірішп - негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік
(қандай болмасын ғылымның, теория-ның негізгі ережелері) және субъективтік
(болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру).

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады.
Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар,
бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым
С.С. Алексеевтің пікірінше "принциптер - бұл құқықтың мазмүнын тереңінен
аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы
сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ
нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не
көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Құқық принциптері - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық
қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.

Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және кұқық жүйесін құрайтын
объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтың
әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын
біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және
нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.

Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің
дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби
заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.

Сондай-ақ, оның азаматтьқ сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген,
жалпы соттағы азаматтың істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін
құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Аза-маттық
сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық
туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу
құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде
белгілі процессуалист-ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: "Азаматтық іс
жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер
қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды".

Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін ескере жасалады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздыларын соттың құқық
қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтьқ істерді қарайтын
және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің
принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматқы
істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот
қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған
болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды рет-тейтін құқық нормаларын
қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді
қолданады.

Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі принциптерін
белгілеуге болады. Принциптер әрқашан құқықтың дамуына байланысты өзгеріп,
ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып жатқан
қоғамдың қатынастарды реттеуге ат салысады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми зерттеулермен айналысқан
ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар
М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, П.Ф.
Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов және т.б. жатқызуға
болады.

Көптеген авторлардың ойпікірі бойынша құқық принциптері - бұл белгілі
жинақтау жұмыстарының нәтижесі, ғалымдардың творчестволық сана
түжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдық өмірдегі болмыстарға
көзқарастары болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар.

Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құықтық, салалық және салааралық
принциптермен тығыз байланыста. Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізудің
принциптерін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы
бастапқы идеялар деп түсінеміз.

Осылай азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері дегеніміз - азаматтық іс
жүргізудің демократиялық және қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын
процессуалдық нормалар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот ісін жүргізу тілі
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы
Азаматық іс жүргізу құқығы
Өзінің құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТҮСІНІГІ
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Азаматтық іс жүргізудің қағидалары
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні
Пәндер