Педагогикалық зерттеулер әдістемесі» электронды оқулығын жетілдіру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ сму
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
Золотов А. Д.
«___»2009ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Педагогикалық зерттеулер әдістемесі» электронды оқулығын жетілдіру»
Орындаған ВТ-527 топ студенті Тауенова Н. Б.
қолы
Жетекші: аға оқытушы Мадиев Т. Б.
қолы
Семей
2009
Кіріспе
«Білім беру реформасы - Қазақстан бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, аса маңызды құралдардың бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде адамның өмір бойы білім алу үшін жағдай туғызуымыз керек» деп атап көрсеткен болатын.
Әлемдік білім кеңестігіне толығымен кірігу білім жүйесінің халықаралық денгейде дамуын талап етуде. Сондықтан білім беру жүйесі, білім берудің мақсаты, мазмұны, мен технологиялары ғылыми тұрғыдан зерттеліп, егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне бағыт алуда.
ХХІ ғасыр қатаң бәсеке, ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі. Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беру бірінші кезекке қойылуда. Жалпы білім беретін мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның мемлекеттің назарында. Ауданның бiлiм беру жүйесi әлемдiк бiлiм беру кеңестiгiне бағыт алып, осы талаптарға сәйкес жұмыс жасауда. Елiмiздiң болашағы оқу бiлiмге байланысты. Тек бiлiмдi ұрпақ ғана қоғамға қозғаушы күш болары анық.
Елбасының жыл сайынғы жолдауы маңызды құжат болып, бұл құжат мазмұны әркімге де ой салады. Мен де ойланып, өзімше толғанамын.
Жолдауда маған әсер еткен мәселе ғылым мен білімге қатысты. Оның биылғы жолдауда қамтылуын уақыт талап етіп отыр деп түсінемін. Себебі қай елдің экономикасын дамытуда, халқының тұрмысын жақсартуда ғылым мен білімнің ықпалы зор. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың бастысы - өзінің ісін жалғастыратын салауатты, саналы, білімді ұрпақ өсіру. Еліміздің болашағы - жастар. Оларға дұрыс білім мен тәлім, тәрбие бермей жақсылыққа кенелем деу бекершілік.
Республикамыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі - әлемдік қауымдастықта Қазақстанның, оның экономикасы мен білімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Аталған міндеттерді шешу Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білімді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасында айқын көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білім беру жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары мен осы тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері атап көрсетілген.
Қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерістер өз кезегінде білім беру ісіне ықпал етеді және тарихи кезеңнің ағымына сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс.
Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру кеңістігіне кезең-кезеңмен енуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп жатыр.
Оқыту процесі үнемі елдің экономикалық дамуымен тікелей байланысты болады.
Қазіргі заманда білім әлемінде болып жатқан революция оның адам өміріндегі алатын орнын өзгертті. Оған негіз болатын қазіргі өзгеріп жатқан технология мен ақпарат ағымдарының қарқынды дамуы, адамның алған білімі мен мамандығының тез ескіріп, сәйкессіз болып қалуы. Сонымен бірге орта және шағын бизнес түрлерінің дамуы, осы саладағы мамандарға деген сұраныс туғызуда. Мұнда мамандарға қойылатын басты талаптар - кәсіби саналығы, жұмысқа қабілеттілігі және біліктілігі. Кадрлар даярлау және әртүрлі оқу курстары көбейгенімен, керісінше техникалық, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласына жетіспейтіні байқалады.
Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет. Келесі кезекте мамандарды даярлау үшін оқу орындарын өз дәрежесіне сай материалдық-техникалық базамен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету жағдайы талапқа сай ма деген сұрақ туындайды. Жасыратыны жоқ, қазіргі жағдайда көптеген оқу орындарында кәсіптік білім беру мәз емес. Өйткені, материалдық-техникалық база сын көтермейді. Оқу-әдістемелік құралдар ескірген, жаңа әдістемеліктер қоры жетіспейді.
Қай замандарда да мектеп қоғамының әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған.
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солар негізінде жеке, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Бүгiнгi күнде жалпы орта бiлiм беретiн мектеп - жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзiн-өзi тануына көмек көрсететiн, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, iзгiлендiрiлген, өмiрге, дүниеге тiк қарай алатын қоршаған ортамен жүйелi байланыс түзетiн, бiлiмнiң жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтiк өмiрге бейiмделген, бәсекеге қабiлеттi ұрпақ өсiрiп, дамытып, жетiлдiретiн мектеп болуға тиiс. Мұндай өнiмдi нәтижелi, сапалы бiлiм беретiн мектеп бүгiнгi күнде өзiндiк мектеп реформасын қажет етедi. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлерінің (мектеп кітапханасы, мектеп асханасы, сабақ кестесі, сыныптар және т. б. ) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапарлары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.
1 Сұрақтың қойылуы
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Каф. меңгерушісіА. Д. Золотов
«»2009 ж.
(күні) (айы)
Дипломдық жобаның тақырыбы: «Педагогикалық зерттеулер әдістемесі» электронды оқулығын жетілдіру
Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:
- Жинақтылық
- Жүйелілік
- Эстетикалық көркемділігі
- Жылдамдылығы және т. б.
Электронды оқулық құрылымы:
- Материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т. б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
- Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін студенттің меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.
Электронды оқулыққа қойылатын талаптар:
- Жан-жақтылығы
- Ізгіліктілік
- Бейімділігі
- Модульдік
- Экономикалық тиімділігі
- Тұтынушыға бағдарлау
Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді.
Мемлекеттікті нығайту және ұлттық қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде студенттерді мемлекеттік тілге үйретуге айтарлықтай көңіл бөлінген. Сонымен қоса ақпараттық технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен қажеттілік туындап отыр.
Сондықтан кәсіби даярлау жүйесінде іс қағаздарын жүргізуге оқыту, жоғары мектептің педагогикалық процесіне ақпараттық технологияларды енгізу жолдарын іздестіру мен жетілдіру мәселерінің көкейкестілігі ерекше орынға ие.
Білім беру саласында құжаттану мамандықтарында ақпараттық технологияны қолдану проблемасымен Қазақстанда С. А. Муликова, Т. А. Медеуова, Г. О. Тәжіғұлова еңбектерінің маңызы бар.
Зерттеудің негізіне келесі ғылыми болжам қойылды: егер жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі енгізілсе, онда іс қағаздарын жүргізуге оқыту қызметінің білім берудегі тиімділігі арта түседі, өйткені мұнда бәсекелі маманды оқытуда жүйелілік пен біртұтастық принциптері жүзеге асады.
Зерттеудің міндеттері:
- іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологиялардың мәнін ашу;
- ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін құрастыру;
- іс қағаздарын жүргізуге оқытудың нәтижелерінің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;
- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы - жоғары оқу орнының педагогикалық процесіне ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды енгізген жағдайда студенттерде іс қағаздарын жүргізу білімі, білігі және дағдысы қалыптасады, ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілетті мамандарды оқытуға кең мүмкіндіктер жасалынады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - тұлға дамуының жалпы диалектикалық теориясы; таным теориясы; біртұтас педагогикалық процесс теориясы; аксиологиялық және жүйелілілк қатынас теориясы; зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, педагогикалық технология, педагогикалық эксперимент жүргізу және математикалық статистика тұжырымдамалары.
Зерттеудің көздері - зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың, құжаттанушылардың және іс қағаздарын жүргізушілердің еңбектері, ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы және «Қазақстан-2030» стратегиясы, мамандықтардың білім беру стандарттары және жұмыс оқу жоспарлары; бірқатар жоғары оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламалары; оқулықтар; сөздіктер; мәселе бойынша ғылыми зерттеу жұмыстар (диссертациялар, монографиялар, авторефераттар) .
Зерттеу әдістері - педагогтардың, психологтардың, философтардың, құжаттанушылардың, іс қағаздарын жүргізушілердің, тіл және информатика саласының мамандарының әдебиеттерін теория жүзінде талдау; оқытуда, педагогикалық іс қағаздарын жүргізуде және құжаттамада, оқулықтарда ақпараттық технологиялар бойынша жинақталған педагогикалық тәжірибе бойынша талдау және жалпылау; байқау, әңгімелесу, анкета жүргізу, тестілеу, педагогикалық тәжірибе, тәжірибелі-педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.
Зерттеу кезеңдері:
- бірінші кезеңде (2000-2002 ж. ж. ) зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, іс қағаздарын жүргізу, құжаттану бойынша әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік, диссертациялық жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) қалыптасты, базалы ұғымдар нақтыланды.
- екінші кезеңде (2002-2005 ж. ж. ) айқындаушы эксперимент іске қосылды, іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары жасалды, студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту білімін, білігін және машығын қалыптастыру деңгейлері анықталды және негізделді; арнайы курс жасалды; жасалған технология практика жүзінде тексерілді.
- үшінші кезеңде (2005-2007 ж. ж. ) студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттар жүйесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша қалыптастырушы эксперимент өткізілді, алынған эксперимент берінділері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, диссертациялық зерттеу материалдары рәсімделді.
Зерттеудің негізгі базасы: Эксперименттік жұмыс Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кәсіби көркем-өнер, шет тілдері, педагогика факультеттері.
Орындаушы Тауенова Н.
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жоба жетекшісі Мадиев Т. Б.
(қолы) (аты-жөні)
2 Техникалық - экономикалық негіздеме
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз - оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология - білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.
Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы.
Бұдан басқа да, тест генераторлары деп аталатын тестілеуші бағдарламалар құруға болатын арнайы компьютер бағдарламалары (қосымшалар) бар. Бұл жағдайда мұғалім тестің сұрақтарын және барысын өздігінен таңдап алады.
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.
Бірақ, практика көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты:
- Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің өз ұйымдастырушылық-әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктері болады, соған орай оған ақпараттық технологияны «енгізу» кезін таңдай алу керек.
-Техникалық. Дербес компьютерлердің техникалық сипаттамасы әрқилы. Сондықтан өзімізге қажет қосымша құрылғыларды (сканер, принтер, модем, наушниктер, микрофон және т. б. ) таңдай білуіміз керек.
-Ұйымдастырушылық. Пәнді оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу барысында бағдарламалық жабдықтарды баптау және құрылғыларды жөндеу сұрағы тұрады. Сондықтан мұғалімдерге білікті көмекші қажет.
Осы шарттарды орындаған жағдайда қазіргі ақпараттық технологиялар әсер етуші дидактикалық құралдар болмақ. Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы қолданудағы қиыншылықтар көбіне мұғалімнің дербес компьютерді дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты.
Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.
Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында ҚР Президенті Н. Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.
Адамзат дамуының XXI ғасырында ақпарат негізгі қызметтік өнім болып табылады. Сондықтан кітапханалық қызметтердің автоматтандыруының кешенді программаларын жасау негізгі мәселе деп ойлаймын.
Әдетте кітапхана оқырмандары кітапханадан кез-келген ақпаратты алуға үйренген. Қазір, кітапханада негізгі қызметтерді орындау, яғни қорды толықтыру, ақпараттық - библиографиялық және абонементік қамтамасыз ету күрделене түсуде. Кітапхана қорындағы ақпаратты толық түрде жинау, сақтау және қамтамасыз ету үшін, ол бір ақпараттық база ретінде құрылуы тиіс. Яғни ақпаратты іздеу жылдамдығы жоғарылауы қажет.
Мәселенің мағынасы - жоғарыда көрсетілген талаптарды әзірлеу үшін қандай да бір универсалды ДББЖ-нің құралдарын пайдалынбай, Windows-та жұмыс істейтін, интерфейсі ыңғайлы жұмыс істеу үшін максималды икемденген, қосымша білімді талап етпейтін, орындалтын файл түрде жүктелетін, жеке тәуелсіз бағдарламаны әзірлеу. Осы талаптарға сәйкес мына дипломдық жобаның қажеттілігі туады.
Жобалау барысында келесі шығын түрлері есептелді:
Жобалауға кететін шығындар;
Әдебиеттік зерттеуді өткізуге кеткен шығындар;
Патенттік зерттеуді өткізуге кеткен шығындар;
Жолсапарға баруға кеткен шығындар;
Бағдарламаны жазу, жүйені немесе құралды жасауға кеткен шығын;
Жазғы демалыс үшін жалақы;
Ауырғандарға төлемдер;
Әлеуметтік салық;
Жабдықтарды сатып алу және амортизациялық аударым шығындары;
Материалдарға кеткен шығындар;
Электроэнергия үшін төлем;
Интернет үшін төлем;
Бағдарламаны енгізу жұмыстары;
Бағдарламаны түзету жұмыстары;
Бағдарламаны көшіріп көбейтіп, этикеткаларын басып шығаруға кеткен қаржы;
Бағдарламаны жарнамалау;
Барлық шығындар;
Кірістер;
Тура кірістер;
Қосымша кірістер;
Жалпы пайда;
Тиімділік;
Шығынды өтеу мерзімі.
3 Тақырыпты сипаттау. Оқытудың ақпараттық технологиясы
Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) .
Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
- Тұтынушының қолдану сапасында
- Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру - бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.
- Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл - жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
- Компьютерлік бағдарламаланған оқыту - бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
- Материалды компьютердің көмегімен оқу - оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
- Материалды компьютер қоры негізінде оқу - алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т. б. ) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
- Компьютер қорымен оқыту - білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
- Компьютердің көмегімен бағалау - өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
- Компьютерлік коммуникация - білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz