Автоматты басқару теориясы пәнінен электронды оқулық жасау


Реферат

Дипломдық жобаның тақырыбы: Автоматты басқару теориясы пәнінен электронды оқулық жасау.

Дипломдық жоба 79 беттен, 30 суреттен, 22 кестеден, 19 әдебиеттер көзінен, 2 қосымшадан тұрады.

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ, АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, АҚПАРАТ, АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ, ТИПТІК ПРОЦЕСТЕР, СЕРВЕР, КЛИЕНТ, ШЫҒЫСТЫҚ ЖӘНЕ КІРІСТІК ҚҰЖАТТАР, АВТОМАТТАНДЫРУ, МӘЛІМЕТ, АҚПАРАТТЫ БЕРУ, АЖО.

Әзірленген программалық қамсыздандыру «Автоматты басқару теориясы» пәнінен электронды оқулық жасаумен негізделеді.

Әлемдік білім кеңестігіне толығымен кіру білім жүйесінің халықаралық денгейде дамуын талап етуде. Сондықтан білім беру жүйесі, білім берудің мақсаты, мазмұны, мен технологиялары ғылыми тұрғыдан зерттеліп, егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне бағыт алуда.

Кіріспе

Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр». Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды.

Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы екенін көрсетті.

Қазақстанның «индустриалды» қоғамнан «ақпараттық қоғамға» өтуі ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді.

Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі - Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігін құруға өту әрекеті негіз болып отыр.

Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық, ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер болып табылады. Мұндай үйлестірулер тек қажетті әрекеті мен олардың тізбегін анықтайтын және негіздейтін бірыңғай тұжырымдамасының негізінде болуы мүмкін.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты, жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және техникалық-технологиялық алғы Шарттары мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың ережелері мен басымдығын айқындауға бағытталған.

Мәліметтер базасы - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:

  1. Қайшылықсыз;
  2. Артықсыз;
  3. Тұтас

болуы керек.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.

DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ (мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.

Локальді МББЖ - барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ - нің көшірмесі болуы керек.

Тораптық МББЖ - ге файл - серверлік, клиент - серверлік, бөлінген МББЖ - лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап - бірнеше компьютерлерді байланыстырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.

Көпқолданбалы МББЖ - ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ - леріне: Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server, InterBase және т. б. жатады.

DELPHI - ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы (деректерді сипаттау тілі) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase, Paradox, InterBase.

Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей - кезде олардан асып та тұрады.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.

База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнелейтін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

  • Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
  • Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны қою;
  • Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
  • Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.

МББЖ - нің тағы бір функциясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету.

МББЖ - ның екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның объектілірін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бұрын дайындалған объектілер пайдаланылады.

Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді. Базаны құрушылар базаны нақты мәліметтермен толтырмайды. База объектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік толтыру бұған қосылмайды.

Базаны пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік кестелер мен есептер түрін де алады.

1 Сұрақтың қойылуы

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.

Мемлекеттікті нығайту және ұлттық қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде студенттерді мемлекеттік тілге үйретуге айтарлықтай көңіл бөлінген. Сонымен қоса ақпараттық технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен қажеттілік туындап отыр.

Сондықтан кәсіби даярлау жүйесінде іс қағаздарын жүргізуге оқыту, жоғары мектептің педагогикалық процесіне ақпараттық технологияларды енгізу жолдарын іздестіру мен жетілдіру мәселерінің көкейкестілігі ерекше орынға ие.

Берілген зерттеуді қарастыру барысында білім берудің маңызы жөнінде А. А. Әбдікәрімұлы, В. В. Егоров, Ж. Ж. Наурызбай, М. Н. Сарыбеков және т. б. ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде пайдалану, оны қолдану Е. А. Батешовтың, Р. М. Дұзбаеваның, Д. М. Жүсібалиеваның, Ж. А. Қараевтың, М. С. Мәлібекованың, Ә. К. Мыңбаеваның және т. б. авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу мәселесімен В. П. Беспалько, И. Ф. Исаев, И. Я. Лернер, В. А. Сластенин, Н. Ф. Талызина, Е. Н. Шиянов және т. с. с. сынды ғалымдар айналысқан.

Кәсіби білім беру проблемасын зерттеуге З. А. Исаева, С. Т. Каргин, Қ. А. Кертаева, А. П. Сейтешев, Қ. А. Сарбасова, М. В. Семенова, Н. Д. Хмель, Л. А. Шкутина тәрізді авторлар өз үлестерін қосқан.

Іс қағаздарын жүргізудің теориялық сұрақтары торасында еңбек еткен Ресейлік авторлар - Ю. М. Аксенов, В. И. Андреева, М. В. Кирсанова, Қазақстандықтар - В. Салагаев, Б. Шалабай.

Екі тілде іс қағаздарын жүргізу сұрақтарын Л. Д. Дүйсембекова, М. Қасымбеков, Б. Р. Сейфуллина, В. И. Скала, В. А. Скала және т. б. еңбектерінде қарастырылған.

Іс қағаздарын жүргізуде ақпараттық технологияны қолдану проблемасымен ТМД ғалымдары айналысқан, мысалы Ресейде Н. Ю. Гуреева, В. А. Кудряев, Т. В. Кузнецова, ал Балтика елдерінде А. Е. Рыбаков.

Білім беру саласында құжаттану мамандықтарында ақпараттық технологияны қолдану проблемасымен Қазақстанда С. А. Муликова, Т. А. Медеуова, Г. О. Тәжіғұлова еңбектерінің маңызы бар.

Педагогикалық, психологиялық, философиялық және ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде зерттеліп отырған тақырып бойынша ақпараттық технологиялар арқылы жоғары оқу орнында студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту жөнінде арнайы зерттеудің жоқтығы анықталды. Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша бірқатар ғылыми жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, жоғарыда келтірілген мағлұматтар берілген мәселенің жеткілікті дәрежеде қарастырылмағанын аңғартады. Сондықтан, ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту қажеттілігінің арасында объективті түрде қалыптасқан шешімдерді шешу үшін және осы сұрақтың жоғары оқу орнының теориясында және практикасында жеткіліксіз деңгейде өңделгені қарама-қайшылықты қалыптастырды.

Осы қарама-қайшылық зерттеудің проблемасын тудырды, яғни - студенттерді іс қағаздарын жүргізуге ақпараттық технологиялар арқылы оқыту, ғылыми түрде негізделген және бәсекеге қабілетті маманды даярлау,

Зерттеудің мақсаты - ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеп құрастыру.

Зерттеудің нысаны - жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесс.

Зерттеудің пәні - ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру.

Зерттеудің негізіне келесі ғылыми болжам қойылды: егер жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі енгізілсе, онда іс қағаздарын жүргізуге оқыту қызметінің білім берудегі тиімділігі арта түседі, өйткені мұнда бәсекелі маманды оқытуда жүйелілік пен біртұтастық принциптері жүзеге асады.

Зерттеудің міндеттері:

- іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологиялардың мәнін ашу;

- ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін құрастыру;

- іс қағаздарын жүргізуге оқытудың нәтижелерінің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;

- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы - жоғары оқу орнының педагогикалық процесіне ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды енгізген жағдайда студенттерде іс қағаздарын жүргізу білімі, білігі және дағдысы қалыптасады, ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілетті мамандарды оқытуға кең мүмкіндіктер жасалынады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - тұлға дамуының жалпы диалектикалық теориясы; таным теориясы; біртұтас педагогикалық процесс теориясы; аксиологиялық және жүйелілілк қатынас теориясы; зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, педагогикалық технология, педагогикалық эксперимент жүргізу және математикалық статистика тұжырымдамалары.

Зерттеудің көздері - зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың, құжаттанушылардың және іс қағаздарын жүргізушілердің еңбектері, ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы және «Қазақстан-2030» стратегиясы, мамандықтардың білім беру стандарттары және жұмыс оқу жоспарлары; бірқатар жоғары оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламалары; оқулықтар; сөздіктер; мәселе бойынша ғылыми зерттеу жұмыстар (диссертациялар, монографиялар, авторефераттар) .

Зерттеу әдістері - педагогтардың, психологтардың, философтардың, құжаттанушылардың, іс қағаздарын жүргізушілердің, тіл және информатика саласының мамандарының әдебиеттерін теория жүзінде талдау; оқытуда, педагогикалық іс қағаздарын жүргізуде және құжаттамада, оқулықтарда ақпараттық технологиялар бойынша жинақталған педагогикалық тәжірибе бойынша талдау және жалпылау; байқау, әңгімелесу, анкета жүргізу, тестілеу, педагогикалық тәжірибе, тәжірибелі-педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.

Зерттеу кезеңдері:

  • бірінші кезеңде(2000-2002 ж. ж. ) зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, іс қағаздарын жүргізу, құжаттану бойынша әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік, диссертациялық жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) қалыптасты, базалы ұғымдар нақтыланды.
  • екінші кезеңде(2002-2005 ж. ж. ) айқындаушы эксперимент іске қосылды, іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары жасалды, студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту білімін, білігін және машығын қалыптастыру деңгейлері анықталды және негізделді; арнайы курс жасалды; жасалған технология практика жүзінде тексерілді.
  • үшінші кезеңде(2005-2007 ж. ж. ) студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттар жүйесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша қалыптастырушы эксперимент өткізілді, алынған эксперимент берінділері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, диссертациялық зерттеу материалдары рәсімделді.

Зерттеудің негізгі базасы: Эксперименттік жұмыс Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Ақпараттық коммуникациялық- технологиялар факультетінің «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы. Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

- іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологияның мәні ашылды;

- «Іс қағаздарын жүргізуге оқытудағы ақпараттық технологиялар» ұғымына анықтама берілді;

- студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың құрылымы және мазмұны анықталды;

- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың нәтижелерінің өлшемдері және көрсеткіштері анықталды;

- ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі негізделіп құрастырылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  1. оқытушыларға арналған «Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру» атты арнайы семинар ұйымдастырылды;
  2. Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика пәндеріне қосымша тақырыптар енгізілді;
  3. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Құжаттарды өңдеу технологиясы» атты арнайы курстары енгізілді;
  4. ақпаратты-дидактикалық кешен: «АВТОҚұжат-Сөздік» автоматты оқыту жүйесі (куәлік №2195, 26. 04. 2007), «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша электронды оқулық (куәлік №2196, 26. 04. 2007), «Құжаттану циклы пәндері бойынша терминологиялық сөздік (орыс, қазақ тілдерінде) », «Іс қағаздарын жүргізу және құжаттану» атты оқу-әдістемелік құралы, «Құжаттарды өңдеу технологиясы» пәні бойынша электронды оқулық (куәлік №56, 01. 03. 2007), «Методические рекомендации к выполнению лабораторных работ по дисциплине «ТАУ»», «Оқу-әдістемелік құжаттаманы рәсімдеу ережелері. Мәтіндік құжаттамаға арналған жалпы талаптар» атты фирмалық стандарт (қазақ, орыс тілдерінде) ;
  5. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша студенттер арасында университеттік деңгейде факультетаралық олимпиада өткізілді және ұйымдастырылды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі және негізділігі: талапқа сай теориялық және әдіснамалық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, тәжірибелік-педагогикалық зерттеу бағдарламаларының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, ұсынылған әдістеменің тиімділігімен, жоғары оқу орны оқу-тәрбие процесіне ендірілуімен қамтамасыз етіледі.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологиялардың теориялық негіздерін талдау арқылы ашылған мәні;

- ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі анықталды, атап айтқанда: оқытушыларға арналған «Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру» атты арнайы семинар; Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика пәндеріне қосымша тақырыптар; «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Құжаттарды өңдеу технологиясы» атты арнайы курстары; ақпаратты-дидактикалық кешен; «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша студенттер арасында университеттік деңгейде факультетаралық олимпиада;

- іс қағаздарын жүргізуге оқытудың өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды;

- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуда педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігі эксперимент жүзінде тексерілді.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: з ерттеудің негізгі қағидалары жалпы және кәсіби педагогика проблемалары тақырыптары бойынша өткізілетін университеттің ғылыми семинарларында талқыланды және халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда баяндалды: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, «Қарағанды университетінің хабаршысы», 2004, 2006, 2007; «Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы», 2002; «Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы», 2006, 2007, халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда (Жезқазған, 2001; Қарағанды, 2001, 2005, 2007; Алматы, 2005; Түркістан, 2006) ; сонымен қатар Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жұмыс тәжірибесіне енгізілді.

2 Техникалық-экономикалық негіздеме

Әзірленген программалық қамсыздандыру «Автоматты басқару теориясы» пәнінен электронды оқулық жасаумен негізделеді.

Әлемдік білім кеңестігіне толығымен кіру білім жүйесінің халықаралық денгейде дамуын талап етуде. Сондықтан білім беру жүйесі, білім берудің мақсаты, мазмұны, мен технологиялары ғылыми тұрғыдан зерттеліп, егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне бағыт алуда.

Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің эмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.

Осы аталған барлық дәлелдемелерден қазіргі таңда жоғары білім саласына ақпараттық технологиялардың, соның ішінде электронды оқулықтардың қажет екендігі айқындалып отыр.

Осы дипломдық жобалау барысында жобаның техникалық- экономикалық тиімділік есебі жасалды.

Әзірленген программалық қамсыздандыру жоғары білім саласында қолдану үшін арналған. Оқулықта өңделетін ақпараттардың көлемінің өсуіне байланысты құжатайналымның автоматтандырылған жүйесі маңызды болып табылады.

Осы дипломдық жобада әзірленген программдық қамсыздандыру пәндік құжатайналымының автоматтандырылған тапсырмаларын шешеді. Өнім шығындарды және фирмалардағы құжаттармен жұмыс істеу (іздеу, сақтау, орындалуды бақылау) уақытын азайтады. Сонымен қатар өнім барлық жерде қолданыла алады.

Программдық қамсыздандыруды әзірлеуге және шығындарды есептеу үшін шығындар калькуляциясы бойынша іске асырылады.

3 Қоғамдағы және білім саласындағы ақпараттық технологиялар

3. 1 Қоғамды ақпараттандыру

Ақпарат -адамнан да ерте тұған құбылыс. Адам өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ ақпатартты беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздейді және табады. Қазіргі кезде ақпарат адам өміріне, ғылымның әртүрлі салаларына кеңінен енді. Әсіресе ақпарат философия, экономика, физика, математика, автоматика және т. б. ғылым салаларында кеңінен қолданылуда. Бірақ ақпарат ұғымы әр ғылым саласында әр түрлі мағынада қолданылып жүр.

Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат әр түрлі заттар мен қоршаған ортаның әсері болып табылады. Яғни ол қандай түрде берілсе де, ақпарат өзімізді қоршаған ортамыздың нақтылы немесе қиялдағы бейнесі болып табылады. Ақпарат адамның өзінің басында алынған мәліметтердің өңделуі нәтижесінде тууы мүмкін.

Ақпарат тек сыртқы әсерлерден ғана алынып қоймай, адам миы қабылдаған деректерін өңдеуден де алынадыСондықтан да ақпарат ұғымына бір мәнді анықтама беруге болмайды. Бірақта күнделікті өмірден алынатынына және пайдаланылатындығына сүйене отырып, мынандай жуық анықтама беруге болады:

Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулықтың құрылымы
Электрондық оқулықтар жасау
Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Delphi7 обьектілі бағытталған бағдарламалау ортасы
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Электрондық оқыту құралдарын жасау және білім беру жүйесінде пайдалану
Автоматты жүйелерді жобалау пәнінен электронды оқулық жасау
Қорыта келе электрондық оқулықтың құрамында
Информатика пәнінен өздік жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz