Қылмыстық құқық теориясындағы қылмысты саралау


Мазмұны:

Кіріспе3

  1. қылмыс құрамы Қылмысты ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ ИнститутыныҢ басты негізі . . . 7Қылмыс құқықтағы қылмыс құрамының қылмыстық құқықтық сипаты . . . 7Қылмыстың құрамының объективтік белгісін теориялық тұрғыдан талдау . . . 21Қылмыстың құрамының субъективтік белгілерінің маңызы . . . 34

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ

  1. Қылмысты саралаудың түсінігі мен түрлері жєне теориялық

Негізі . . .

2. 2 Қылмысты саралаудың философиялық, логикалық негіздері

мен объективтік кезеңдері . . .

Қорытынды . . . 54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 56

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген неізде моральдық немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып танылады. Қылмыстық жауаптылық қылмыстың құрамы толық боғанда ғана қолданылады. Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдарының заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып саналады. Сондықтан да қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі өз маңыздылығын еш уақытта жойған емес.

Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі қылмыстың құрамы қылмысты саралаудың негіздері және олардың тиімділігі жөніндегі көзқарастар жеткілікті.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде жауаптылық негіздері қарстырылған, сондықтан жұмыста жауаптылық мәселесін жетілдру жөніндегі қылмыстық құқықық тұрғыдан қалыптасқан ғылыми көзқарастар қарастырылды.

Кейбір жағдайларда қылмыстардың қауіптілік дәрежесіне қарай бір текке жататын қылмыстар үш түрлі құрамға емес, екі түрлі құрамға да бөлінуі мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК-гің 187-бабындағы қылмыстар, онда мүлікті қасақана жою немесе бүлдіруге жауапкершілік қаралады. Заңшығарушы ол қылмыстарды біртекті болғанымен екі құрамға бөлген, себебі ондағы әрекеттің қауіптілік дәрежелері әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысына лайықты жазаның түрі мен мөлшерін көрсету үшін құрамға бөледі. Егер біртекті қылмыстар бірнеше түрлі болғанымен олардың қоғамға қауіптілік дәрежесі біркелкі болатын болса, мұндай қылмыстар бір кұрамда қаралады. Қылмыс құрамы туралы көптеген еңбектер жазылғанына қарамастан осы күнге дейін бірыңғай көзқарас жасалмаған. Ең алдымен назар аударатын нәрсе -бұл байланыспайтын құбылыстарды байланыстыруға болған әрекет. Кез келген қылмыс құрамының негізгі белгілері - бұл 1) қылмыс объектісін сипаттайтын белгілер, яғни қол сұғушылық жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастар; 2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер, яғни зиян тигізетін немесе объектіге зиян тигізетін, қауіп тудыратын қоғамға қауіпті әрекет; 3) қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілер, яғни қылмыстық жауаптылық жасы; 4) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер, яғни кінә (қасақананалық немесе абайсыздық) . Сондықтан да қылмыс құрамын және оның қылмыстық құқық ғылымында алатын орнын зерттеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Дипломдық жұмысын жазудағы негізгі мақсатымыз - қылмыстың құрамын, қылмысты саралауды жан-жақты және терең зерттеу болып табылады, осы мақсаттан мынадай міндет туындайды, яғни қылмыс құрамын соңғы кездері жарық көрген зерттеулерді пайдалана отырып, тақырыпты жаңаша көзқараспен оқырман қауымға жеткізу.

Осы аталған мақсатқа сай мынадай міндеттерді шешу қажет ойлаймыз:

Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың басты негізі ретінде қабылдап, анықтау; қылмыс құрамын егжей тегжейлі зерттеу; қылмысты саралауды теориялық тұрғыдан талдау.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негіздерін : әдіснамалық негізін диалектиканың заңдары мен категориялары, құқық теориясының, қылмыстық құқықтың, криминология мен психологияның қағидалары мен негізгі теориялық тұжырымдары құрайды.

Жұмыстың деректік негізі ретінде заң ғылымындағы түсініктер, ережелер, қағидалар басқа да құқық саласындағы тұжырымдар мен пікірлер негізге алынды.

Қорғауға ұсынылған тұжырым: қылмысты саралаудың басты негізінің бірі болып қылмыс құрамы болып саналатындықтан, қылмысты саралау қылмысты талдауды қиындық туғызады, соны негіздеу болып саналады. Екіншіден қылмыс құрамын барынша талдау, бағалау.

Дипломдық жұмыстың объектісі қылмысты саралау кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Қылмыстық құқық ғылымы саласында қылмыс құрамын жан-жақты және терең зерттеген бірқатар монографиялық еңбектер жарыққа шықты. Проблема социального содержания вины в советском уголовном праве», Н. И. Коржанскийдің "Объект посягательства и квалификация преступлений", Б. С. Никифоровтың "Объект престпуления по советскому уголовному праву", В. Я. Тацийдің "Объект и предмет преступления в советском уголовном праве", Г. В. Тимейконың "Общее учение об обьективной стороне преступления", В. Н. Кудрявцевтың объективная сторона преступления", С. Я. Булатовтың «Понятие и система особенной части уголовного права Союза ССР и Казахской ССР» атты зерттеулері бар. Сонымен қатар, соңғы бірнеше жылдықта жарыққа шыққан «Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть", «Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть", сондай-ақ А. В. Наумовтың "Российское уголовное право. Ощая часть" сияқты еңбектерді атап өтуге болады. Сонымен қатар, "Личность преступника", "Субъективная сторона преступления и ее установление", "Уголовное право Казахской ССР. Общая часть", "Уголовный кодекс Республики Казахстан" сияқты ұжымдық еңбектерді де пайдаландық.

Дипломдық жұмыстың пәні қылмыс құрамы қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін процесстер.

Жұмыстың теориялық және тәжірбиелік маңыздылығына еліміздегі қолданыстағы қылмыстық заңнаманың негізінде қалыптасқан қылмыстың құрамын, негіздерін егжей-тегжейлі зерттелініп, оларға нақты түсініктер берілген. Жұмыстың нәтижесі бойынша берілген ұсыныстар құқық қорғау органдарының жұмыстарында елеулі көмегін тигізеді деп ойлаймын.

Дипломдық жұмыстың құрылымын кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі құрайды.

  1. қылмыс құрамы Қылмыстық Жауаптылық ИнститутыныҢ басты негізі

1. 1 Қылмыс құқықтағы қылмыс құрамының қылмыстық құқықтық сипаты

"Қылмыс ұғымы - жалпы ұғым. Осы қылмыс туралы ұғым қай қылмыстың кұрамы болмасын, соның бәрінде де болуы қажет. Әрбір құрам қылмыс туралы ұғымды өзіне сіңіре отырып, әр қылмыстың өзіне тән өзгешелік белгілерін атап көрсетуі керек". Сонымен қылмыс құрамы дегеніміз, осы айтылып отырған мәселеге байланысты, жалпы қылмыс туралы ұғымынан әрбір қылмысқа бейімделген, оның өзгешелігін көрсететін белгілердің жиынтығы болады.

Қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамының белгілерін төртке бөлу немесе қылмыстың төрт жағы деп атау дәстүрге айналған. Ол шынында да дұрыс шешім. Осыған байланысты мына төмендегі белгілерді бір-бірінен ажырату қажет:

1. қылмыстың объектісі;

2. қылмыстың объективтік жағы;

3. қылмыстың субъектісі;

4. қылмыстың субъективтік жағы.

Қазақстан Республикасының Конституциясында [1, 2 б] өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайтын, өзінің басты байлығы ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, яғни барлық объектілерді танитын Қазақстан 2009 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігінің біршама уақыт өткендігін атап өтті.

Қылмыс кұрамы дегеніміз қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан кұралатын белгілерінің жиынтығы болып табылады. Қылмыс туралы жалпы ұғымды дұрыс ұқпайынша, әрбір қылмыстың жеке кұрамын және оның белгілерін дұрыс ұғу мүмкін емес. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде әрбір қылмыс үшін оны сипаттайтын кұрамға кіретін белгілер көрсетіледі. Ол құрамға кіретін белгілерді заңда заңшығарушы беталды көрсете бермейді. Оларды заңда көрсету үшін ғылыми жолмен табылған жалпы құрамдағы белгілерге сүйену қажет болады. Сондықтан жалпы құрамды ұқпайынша, әрбір қылмыс туралы құрамдарды ұғу және оларды дұрыс қолдану мүмкін емес.

Қылмыс кұрамындағы белгілері бар әрбір әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті қылмыс және жазаланатын істің қатарына жатады. Қылмыстың кұрамы және оған кіретін барлық белгілер заңның диспозициясында тікелей көрсетіледі, көрсетілмеген жағдайда сол диспозициядағы кұрамда қандай белгілердің барлығы өздігінен көрініп, белгілі болып тұрады. Заңшығарушы кұрамға қоғам үшін қауіпті әрбір қылмыстың өзіне ғана тән өзгешелік белгілер кіргізеді. Кейде бірнеше қылмыстарға бірдей ортақ болатын белгілер де кұрам жинағына кіргізіле береді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабында "Ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырып ұрлау", - делінген. Бұл кұрамдағы сол қылмысқа айрықша тән белгі - "азаматтардың меншігіндегі мүлкін жасырып ұралу". Бұл қылмыста басқа да белгілер болуы мүмкін, яғни мүліктің түрі, ұрлау мерзімі және ұрлық жасау жағдайы т. б. Бірақ бұлардың ешқайсысы да құрамға кірмей отыр. Бұл белгілердің әрқайсысы сол әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті болғанда немесе оның дәрежесін заңда сипаттау керек болғанда ғана енгізіледі. Мысалы, сол бабтың 2-бөліміндегі құрамдарда: бірнеше рет жасалған ұрлық, немесе бір топ адамдардың алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлығы немесе жәбірленушіге едәуір зиян келтірілген ұрлық", - делінеді. Осы айтылған белгілер осы бөлімде көрсетілген қылмыстардың өздеріне ғана тән белгілері болғандықтан, олар бірінші құрамға кірмей, екінші бөлімдегі құрамдардың белгілеріне жатып отыр. Осы белгілер арқылы ғана оларды бірінші бөлімде көрсетілген құрамдағы қылмыстан ажыратуға болады. Құрам бірдей белгілерден ғана тұрмайды, ал бірнеше белгілер жиынтығынан құралады, өйтпейінше оны құрам деуге болмайды. Құрам деу үшін кұрама, жиынды, қосалқы бірнеше белгілерден кұралуы қажет.

Құрамның барлық белгілерін түгел қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі нормалардан (диспозициядан) ғана іздеуге болмайды. Құрамның көптеген белгілері қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде де қаралады. Ерекше бөлімде көрсетілмеген белгі Жалпы бөлімде сөзсіз табылады. Қылмыстың ұғымына тек қана аяқталып біткен қылмыс ғана емес, бітпеген қылмыс та, кылмысты жасауға дайындалу немесе оқталу кезеңдері де жатады. Қылмыс кұрамына тек қана орындаушының әрекеті кіріп қана қоймайды, сонымен қатар көмектесушілердің әрекеті немесе әрекетсіздігі жатқызылады. Ал ерекше бөлімде тек істеліп біткен қылмыстың ғана құрамы көрсетіледі. Қылмыстың белгілері Ерекше бөлімдегі диспозицияда көрсетіледі. Көпшілігінде әрбір диспозицияда бір қылмыстың құрамды белгілері қаралады. Сөйтсе де бір бапта екі есе одан да көбірек қылмыстардың құрамдары көрсетілген жағдайлар кездесе береді. Кейбір баптарда жаза мөлшері біркелкі қаралатын екі немесе одан да көп қылмыс құрамдары бірінен кейін бірі тіркесіп келеді. Мысалы, ҚР ҚК -нің 387, 388, және 389 бабтарында екі қылмыстық құрамды тіркестіріп қарайды:

  1. Әскери мүлікті қасақана кұрту немесе бүлдіру;
  2. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру;
  3. Әскери мүлікті жоғалту.

Бұл сияқты жағдайлар біріншіден, жаза мөлшері бірдей, екішіден, бірінші мен екіншіге қарағанда үшінші қылмыстың ешелігі болғанымен оның үшеуінде де біртекті қылмыстар отыр. Қылмыстың бір-бірінен мазмұны, түрі және қауіптілік дәрежесінде өзгешелік болғанымен, үғымы жалпы болады. Қылмыс - қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Әрбір жеке қылмыс құрамында екі түрлі белгі болуы қажет. Бріншісі - бұл әр қылмыстың өзіне тән басқа қылмыстардан өзгешелігін көрсететін белгілер, екіншіден, жалпы қылмысқа тән қоғамға қауіптілігі, заңға қайшылығы, кінәлілігі және жазаланушылық белгілері.

Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет»[2, 3 б] .

Қылмыс құрамы заңда көрсетілгеніне немесе көрсетілмегеніне қарамастан өздігінен көрінетін белгілерден тұрады. Ол белгілердің жиынтығы қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға арнайы мамандардың көрсетпелері дәлелдемені анықтауға мүмкіндік толық мүмкіндік береді [3, 14б] .

Қылмыстық құрамға жататын төрт жақты таппайынша, қылмыстың кұрамы туралы сөз қозғауға болмайды. Өйтпейінше қоғамға қауіпті істі қылмыс қатарына жатқызу немесе оны қылмыс сипаттауға мүмкіндік тумайды. Сондықтан, әрбір қоғамда ол құрам болу үшін төрт белгі болуға тиіс.

Қылмыс объектісі дегеніміз - бұл заң қорғайтын, қылмыстық қол сұғушылық бет алған мүдде болып табылады. Қылмыстың обьектісіне жататын белгілер үнемі қылмыстық заңның диспозициясында көрсетіле бермейді". Қылмыстың субьектісіне жататын белгілер де диспозицияда аз кездеседі. Жалпы қылмыс 16 жасқа, кейбір қылмыстар үшін 14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адамдар жауапты болады дейді Осы жастарға толған есі дұрыс адам жасауға болмайтын қылмыстарды жасағанымен, заңшығарушы оларды жауапкершліктен босатқысы келген жағдайда, заңның диспозициясында субьектінің жасын немесе одан басқа сапасын керек екенін көрсетеді. Мысалы, әскери немесе қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған қылмыстар туралы құрамдарда бұл жағдай өзінен-өзі көрініп тұрады.

Қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер диспозицияда көп жағдайларда әрекет немесе әрекетсіздік деп атап көрсетіледі. Өйткені нәтижені әрекет немесе әрекетсіздік тудырады. А. А Исаевтың пікірі бойынша құқық нормасының мазмұны өзгеріп отырады, қоғамдық қатынастардың құқық арқылы реттелмейтіні есте болу керек. [3, 27б] .

Кейбір құрамдарда заң объектіні нақтылы зияннан емес, тек оған қауіп төндірушіліктен қорғайды. Объективтік жақтың басқа белгілеріне қылмысты жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралдары мен қарулары жатады.

Қылмыс құрамдарында тікелей аталып көрсетілген немесе көрсетілмеген, бірақ сол құрамда өздігінен көрініп тұрған белгілер бірдей маңызды саналады. Қылмыс құрамының белгілерінің біреуі болмаса, қылмыс құрамы да болмайды. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөліміндегі бертекке жататын қылмыстарында бірнеше түрлі құрамдар кездеседі. Қоғамға қауіптілік сипаты бірдей қылмыс құрамдары, өзара қоғамға қауіптілік дәрежесінің әртүрлілігіне қарата ажыратылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамдары қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты: негізгі, ауырлататын және жеңілдететін құрам болып бөлінеді.

Біріншісі, негізгі құрам, яғни жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән - жайлар көрсетілмеген, қылмыстың тек негізгі белгілерінен құралған құрам.

Мысалы, ҚР ҚК -нің 96 бабының 1 бөлімі.

Екіншісі, қылмысты ауырлататын жағдайларды қарайтын құрам, бұл сияқты құрамға біртекті қылмыстардың ішіндегі оны жасаудың ауыр түрін сипаттайтын құрам жатады. Мысалы, ҚР ҚК -нің 96 бабының 2 бөлімі.

Үшінші түріне біртекті қылмыстардың ішіндегі жеңіл түрлерін көрсететін белгілерді қарайтын кұрам жатады. Мысалы, ҚР ҚК 98-бабында көрсетілген жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру туралы кұрам қаралады. Бұлар әртүрлі қылмыс болғанымен, негіздері бір текке жататын қылмыстар. Бірақ олардың түрліше өзгешеліктерін ажырату керек. Осы өзгешеліктерге байланысты оларға санкцияда әртүрлі жаза қаралады. Бұл қылмыстардың өзгешеліктерін ажыратпай тұрып, занды қолдануға болмайды. Біртектес қылмыстар туралы тізбектелген бірнеше құрамдар бір бапта қаралады. Мысалы, 1, 2, 3 деген сияқты немесе "а", "б", "в" деген белгілер арқылы немесе әр құрам өз алдына бап алғанымен, оның артынан екінші немесе үшінші бөлім болып келеді. Соған қарамастан оларды біртектес деу қажет. Біртектес қылмыстарды бірнеше құрамдарға бөлушілік тек сол құрамдардағы көрсетілген қылмыстарды бір-бірімен салыстырғанда олардың қоғамға қәуіптілік дәрежелері әртүрлі болған жағдайларда ғана кездеседі. Егер олардың қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей жағдайларда заңшығарушы оларды бірнеше құрамға бөлмей, бір қылмыс ретінде ғана қарайды[4, 71б] .

Кейбір жағдайларда қылмыстардың қауіптілік дәрежесіне қарай бір текке жататын қылмыстар жоғарыда ғандай, үш түрлі кұрамға емес, екі түрлі құрамға бөлінуі де мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК 187-бабындағы қылмыстар, онда мүлікті қасақана жою немесе бүлдіруге жауапкершілік қаралады. Заңшығарушы сол қылмыстарды біртектес болғанымен екі құрамға бөлген. Себебі ол әрекеттің дәрежелері әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысына лайықты жазаның түрі мен мөлшерін көрсету құрамға бөлінеді. Егер де біртекті қылмыстар бірнеше болғанымен, олардың қоғамға қауіптілік дәрежесі болатын болса, ондай қылмыстар бір құрамда қаралады[5, 78 б] .

Қылмыс кұрамы, оның қылмыспен байланысы туралы көптеген еңбектер жазылған. Бірақ осы күнге дейін маңызды бірыңғай көзқарастар жоқ. Ең алдымен көңіл бөлетін нәрсе - бұл байланыспайтын құбылыстарды байланыстыруға болған әрекет. Мысалы, нақты қылмысты қылмыс құрамының жалпы түсінігімен байланыстыруға ұмтылу. Біздің түсінігіміз бойынша жазықтықта жүргізу заңды сияқты. Мысалы, "тік сызық бойынша", яғни қылмысты бүкіл қатынастар бойынша, қылмыс түрін, нақты қылмысты немесе "жалпы қылмыс құрамын" - нақты кылмыс құрамын теңестіруді бірдей жазықтықта жүргізу. Мұндай теңестірудің негізінде жалпы, ерекше және бірыңғай жазықтықта жүргізудің негізінде байланыс диалектикасы жатыр. "Көлденең сызық бойынша" қылмысты және қылмыс замын, нақты қылмыс құрамын теңестіру де заңды болып етелінеді. Мұндай теңестіру негізінде мәні мен эылыстың, мазмұны мен формасының байланыс диалектикасы жатыр Қылмыс құрамы - бұл қол сұғушылықтың занды маңызды белгілерінің жиынтығы, сондай-ақ заңшығарушы заңда маңызды деп қол сұғушылықтың жалпы және міндетті белгілерін атайды. Бұл белгілер қылмыстық заңда көрсетілгендіктен қоғамға қауіпті болған қол сұғушылық қылмыс ретінде қарастырылуы қажет және тиісті болып табылады. Құрамдарды реттеу кезінде заңшығарушы қьілмыстың мәні және змұнынан қорытынды шығарады. Қылмыс белгілері құрамында . белгілі дәрежеде реттелген, заң тіліне аударылған, қылмыстық-құқықтық түсініктерде көрсетілген, сондай-ақ бір мағыналы және занды түсініктер және дәрежелер жүйесіне енгізілген. Қоғамдық қатынастардың кұқықтық көрінісінің өзінің қисыны және өзінің техникасы бар, олай болған жағдайда құқық өз-өзіне тұтас және қатар қарсы болған болар еді. Сондықтан да "бандит" қылмыстық құқықта күнделікті тұрмыста қолданылуымен сай келе бермейтін түсінік болып табылады[6, 40б] .

Қылмыс құрамының жалпы анықтамасы "қылмыстық заңшығарушы бойынша белгілі бір қоғамдық қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын белгілер жиынтығы болуы мүмкін. Бұл кұрамның жалпы анықтамасы емес, ал жалпы қылмыстық емес белгілі бір қоғамдық кауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын нақты құрамның анықтамасы. Бұған дұрыс көңіл бөлген В. С. Прохоров болды. Оның жазуы бойынша "Белгілі қылмыстық белгілердің жиынтығы нақты қылмыс кұрамын құрайды". Автор жалпы қылмыс құрамы деп қате атай отырып, қылмыс кұрамының жалпы түсінігіне анықтама беруге ұмтылды. Сонымен қатар, В. С. Прохоров "жалпы құрамның түсінігі барлық нақты қылмыс құрамдары туралы түсінік береді", - деп дұрыс атап өтеді. Қылмыс құрамының жалпы түсінігін беру үшін нақты құрамдардың барлық белгілері ішінен бүкіл кұрамдарға тиісті болған белгілерін алу қажет. Әрине, бұл белгілердің саны әрбір нақты қылмыс құрамы белгілерінің санына қарағанда аз болады. Сондай-ақ бүкіл ерекше белгілер жойылады. Сонымен, жалпы қылмыс құрамының түсінігіне бүкіл нақты қылмыс кұрамдарына жататын белгілерді жатқызамыз. Яғни, қылмыс құрамының жалпы түсінігіне қылмыстың барлық түрлері мен барлық жағдайларына жалпы болған белгілер жатады[7, 13б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
«Қылмыс» ұғымы және оның белгіері қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы
Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеке даралау
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау мәселелері
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері
Қылмыстық құқықты қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz