Қ.Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясында хандар образы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ.

Түркістан қаласы

Д. Болатханұлы

Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясында хандар образы.

Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясы ХУІІІ ғасырда орын алған тарихи оқиғаларды көркем бейнелеген тарихи роман. ХУІІІ ғасырдаға тарихи жағдайлар тек тарихшы ғалымдарды емес, қоғамтану мен адамтану мәселесімен айналысқан барлық білгір адамдарды ерекше толғандыратын мәселе екені белгілі. Өйткені, бұл кезең қазақ тарихындағы жолайырық болғаны аян. Қазақ халқы орасан қуатты Жоңғар хандығымен ғана соғысып қоймай, Қытай мен Ресей сияқты алып империялар арасында өз тәуелсіздігін сақтап қалуда күрес жүргізіп жатты. Сондықтан да, Ш. Уәлихановтың аталмыш уақыт аралығын «қазақтың ерлік кезеңі» деп бағалауы тегін емес.

Осындай шым-шытырық тарихи жағдай, тарих сахнасына ерекше қасиетті ұлдарын шығарады. Осындай алмағайып кезеңде халқының ендігі даму жолын айқындауда шешуші рөлді тарихи тұлғалар атқарады. Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясында сондай ірі тұлғалардың көркем бейнесі сомдалған еді.

Жазушының бұл еңбегі Қазақ елі тәуелсіздігіне қол жеткізген тұста дүниеге келген шығарма. Оның қазақ әдебиеті, жалпы қазақ тарихындағы құндылығы сол автор алғашқылардың бірі боп, тарихи өткенімізге объективті түрде баға беріп, тарихи тұлғалардың рөлін қазақ халқының ұлттық мүддесі тұрғысынан қарастыруында екенін ерекше атап өту керек сияқты.

Қазақстанның егемен ел болып, басқа мемлекеттермен иық тірескеннен кейін, тарихи өткеніне қызығушылық танытқаны табиғи құбылыс. Тәуелсіздік алған жылдары қазақ мәдениетінде ірі құбылыстар орын алғанын атап өту керек. Бұрын айтылмаған, жабық келген көптеген тарихи фактілер ашылып, халық игілігіне жаратылса, сонымен қатар, ұлттық жадыдан аластатылған, ұлттың қамы үшін жапа шеккен, тоталитарлық жүйенің құрбанына айналған қайраткерлердің, ұлт зиялылары мен батырларының, дана ел билеушілерінің жасаған іс-әрекеттері мен өмірлік шығармашылығы бүгінгі күн тұрғысынан қайта таразыланып жатты. Осындай қоғамдық жағдайда, әрине көптеген үйреншікті ұғымдар, дайын қалыптар өз көкейкестілігін жойып, өмірлік сұранысынан айырылады. Қысқасы, өткен жүзжылдықтың тоқсаныншы жылдары тек құлдыраудың, мәдени құндылықтар күйреген жылдар емес, сондай-ақ, қайта қауышудың, көп жылдардан бері жоғалтқанын қайта тапқан шуақты жылдар ретінде де танылу керек.

Міне, ірі қоғамдық өзгерістер тұсында Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясы жарық көрді. Дарабоз дилогиясында баяндалған тарихи оқиғалардың, тарихи тұлғалардың трактовкасы сол кезеңнің оқырманына сәл тосындау боп көрінуі мүмкін. Себебі, мұнда үйреншікті қалыптар атымен жоқ, құлдық санадан ада. Сөзіміздің дәлелі ретінде шығармада хандар бейнесінің сомдалуын атап өтуге болады.

«Дарабоз» дилогиясының бас кейіпкері Қабанбай батыр болса да, мұнда негізгі қаһарманның бірі - Абылай хан. Бүкіл оқиғалар Абылайдың атымен тығыз байланысты. Ол заңды да, ХУІІІ ғасырдың ірі тарихи тұлғасы Абылай хан болғанын дүйім жұрт мойындаған факт. Сондықтан да, аталмыш дәуірдегі тарихи оқиғаларды баяндағанда, Абылайдай кесек тұлғаны айналып өту қиын.

Қазақ кеңес әдебиетінде Абылай және оның дәуірі бірнеше шығармаларға арқау болғаны белгілі. Алайда, бұл шығармаларда сомдалған Абылайдың бейнесі тарихи шындыққа үйлеседі ме? Тіпті, І. Есенберлин өзінің атақты «Көшпенділер» трилогиясының «Жанталас» атты кітабының сюжетіне Абылай істері арқау болса да, оның шынайы бейнесін жасауға мүмкіншілігі болмады. Бұл суреткер талантының кемдігінен емес, замана талабынан туындыған қасірет екені түсінікті. Себебі, совет цензорлары ел билеушілері туралы жылы сөзді баспа бетінен өткізбегені белгілі. Тіпті, романда сөз болған тарихи дәуірде таптық қайшылық, тартыс орын алу тиіс деген талаптар қойылғаны белгілі(2-73) .

Абылайдың «жағымсыз» бейне ретінде суреттелуі С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасынан бастау алатыны түсінікті. Бұл жерде тағы да, идеологиялық көзқарастар тарихи тұлғалардың бағалануына өз әсерін тигізгені ақиқат. Сәкеннің бұ поэмасы М. Жұмабаевтің «Батыр Баян» атты поэмасына қарсы жазылған шығарма деп біледі әдебиетші ғалымдар. М. Жұмабаев ұлттық танымнан, ұлтшылдықтан айнымаған ақын ретінде Абылайдың ел бірлігін ойлаушы, қаһарман хан бейнесінде сомдайды. Бұған қарап, С. Сейфуллин Абылай туралы озбырлықты ойдан тауып алды деп айтуға болмайды. Сәкеннің де Абылайы тарихи шындыққа негізделіп сомдалған бейне. Абылай мен қазақтың ішінен шыққан кей жергілікті билеушілер арасындағы тартыс жайлы халық арасында көптеген аңыз-әңгімелер сақталғаны белгілі. Алайда, онда көтерілігшен идея мен ханның бейнесі, мінезі мүлдем өзге күйде суреттелетіні мәлім.

Сонау ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетіндегі Абылай бейнесіне қатысты кереғарлықтар оның тұлғасының көп политралығын дәлелдейді. Тіпті, осы күннің өзінде кей басылымдар Абылайдың тарихи рөлі туралы күмәнмен қарайды. Алайда, бұның бәрі Абылайдың қазақ халқы үшін маңызы мен қадірін жоққа шығара алмайды. Белгілі ғалым Р. Бердібайдың: «Абылай хандық құрған дәуірдің ел ұғымында «Алтын ғасыр» секілденіп көрінуіне дәлел жеткілікті. Кейіннен, уақытты уақыт қуалап, қазақ елінің басына жаңа озбырлар душар болған сәттерде де ертедегі Абылай бейнесі қайта жанданып, іріленіп, азаттықтың туындай, бостандықтың символындай ерлік рухын еске түсіріп отырған»(1-5), - деген сөзінде Абылай ханның халық берген бағасы өте дәл берілген.

Дарабоз дилогиясында Абылай ханның бейнесі тарихи шынайы сомдалғанын көркем мәтінді талдау барысында аңғаруға болады(2-152) . Абылай оқырманның алдына шығарма басталысымен соңына дейін ел бірлігін, болашағын, тәуелсіздігін ойлаған хан ретінде көрінеді. Абылайдың идеялық позициясы, дұрысы жазушы өз шығармасында жеткізбек ьолған Абылайдың өмірлік кредосы бірінші кітаптың «Толас» бөлімінде баян етілетін Хан кеңесіндегі көңіл-күйін суреттеген эпизодтан бірден білуге болады. «Әбілмәмбет те, Абылай да әзірше көмей көрсетіп, сыр ашпай, жұрттың сөзін үнсіз тыңдаумен отыр. Әсіресе, өткір көзін ашық есіктен көрінген көкжиектен айырмай, сазарып қалған Абылайдың жүзінен қазір қаһарлы ашу байқалады»(3-13) . Хан кеңесінде қазақтың игі-жақсыларының басы қосылып, елдің ең маңызды мәселелері талқыланып жатты. Міне осы хан кеңесінде кітаптың негізгі қаһармандарының мінезі, идеялық позициясы ашылады. Жазушы Хан кеңесін көркемдік тұрғыдан алғанда өте сәтті қолданған. Оқырманның алдына сол кезеңдегі сансыз тарихи тұлғалардың бейнесін, характерін тізбектелген құрғақ сөзбен, шұбалаңқы баян атымен жоқ. Олардың барлығын Хан кеңесіне жинап, алдарына үлкен мәселе қойып, соны талқылау үстінде әр қайсының портреті берілгенде, мәселені талқылау үстіндегі тартыста мінезі ашылады. Осы жерде шығарма бейнелерінің өте күрделі мінезі, идеялық позициясымен бірге, сол кезеңдегі тарихи жағдай мен қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы, өзге көрші елдермен қатынасы жан-жақты сөз болып суреттеледі. Мұндай тарихи фактілер құрғақ цифрлар мен тарихи құжаттардан алынған үзінді цитаттар арқылы берілмейді. Көркем образдар арқылы, шығарманың сюжетіне қиыстырылады.

Абылайдың идеялық позициясы, мінезі Хан кеңесінде сөйлеген сөзінен анықтала түседі. Әрине, тарихи деректерде дәл сол Хан кеңесінде Абылай сөйтіп сөйледі деген тарихи дерек жоқ та шығар. Алайда, бұл ұлы адамның халық санасында, сондай-ақ, тарихи құжаттарда сақталған істері Қ. Жұмаділов суреттеген монологтың, сомдаған бейнесінің растығын дәлелдейді.

«Дарабоз» дилогиясында Абылай хан дарынды елші, дипломат, саясаткер, қолбасы ретінде суреттеледі. Бұл жазушы қиялында осындай хан қазақта болса ғой деген арманнан туған көркем бейне емес, шын мәнісінде өмірде өткен, барлық тарихи құжаттар дәлелдеген тарихи тұлға болып табылады.

Шығармада Абылайдан басқа сөз болатын хандар Әбілмәмбет пен Әбілхайыр. Әбілмәмбет Орта жүздің ханы, исі қазақтың ханы Болат хан қайтыс болғаннан кейін, Қазақ Ордасының ханы боп сайланады. Ал, Әбілхайыр болса Кіші жүздің ханы болғаны тарихтан белгілі.

Әбілмәмбет ханның бейнесі шығармада тарихи шындықтан гөрі, символдық мәні басымдау сияқты. Әрине, Қ. Жұмаділовтың Әбілмәмбет бейнесіне қатысты тарихи фактілдерді жаңаша интерпритация жасауына тарихи шындықтың өзі итермелегені сөзсіз. Оның үстіне қазақ елінің сол кезеңдегі жағдайын хан образы арқылы беру ең ұтымды әрі мақсатқа жетудегі ең төте жол екенін естен шығармау керек. «(…) Қақ төрде, бір кезде сайыпқыран Тәуекел, еңсегей бойлы ер Есім, салқам Жәңгір, Әз-Тәуке тәрізді қазақтың ұлы хандары отырған, қос балдағы мен арқалығын алтынмен аптаған аласа сандалтақта дәл қазір томашадай ғана боп Әбілмәмбет хан жайғасыпты. Жасы елудің ішін аралап кетсе де артық ет жимаған, орта бойлы, жұқалтаң денесімен ғана емес, ерлік-қайраты, атақ-айбынымен де ұлы тақтың оқпанын толтыра алмағаны сезіледі»(3-10) . Шын өмірде Әбілмәмбеттің тұлғасы ірі болуы мүмкін, тіпті одан бұрын өткен қазақтың әруақты хандарының дене бітімінен кем де, артық та болуы мүмкін. Көркем шындық үшін, авторлық ой үшін ол маңызды емес. Себебі, автор тарапынан жіберілген мұндай ой еркіндігі мен көркем қиялдың шарықтауы нәтижесінде Әбілмәмбеттің бейнесін әлде қайда нанымды етіп бейнелеген. Шындығында, адамның бітімін ірі ғып көрсететін оның денесі емес, ісі екендігіне адамзат тарихында көптеген дәлелдерді кездестіруге болады. Автор Әбілмәмбет ханның сыртқы портретін жасау арқылы, бір оқпен екі қоян атып алды десе болады. Ол Әбілмәмбеттің сыртқы портерінің астарында Қазақ хандығының сол кезеңдегі хал-жағдайына меңзеу жатыр. «Ұлы тақтың оқпанын толтыра алмай отыр» деген сөз - Қазақ хандығы бұрынғы айбынын жоғалтқан, кемерінен қайтқан теңіздей күй кешіп отыр Алаш ұлы сайыпқыран Тәуекел сияқты хандар заманындағыдай ұлы істермен емес, барын сақтап қалуға, тіпті қара басының амандығын, тәуелсіздігін, азаттығын қорғап қалуға әзер шамасы келіп отыр деген тарихи шындықтың көркемдік шешімі.

Автор Әбілмәмбет ханның бейнесін сомдауда тарихи фактілер мен ел аузында сақталған деректерді, халық берген мінездік сипатты шебер қиыстырған. «Бірақ Ұлы хан беделсіз емес-ті. Алды кең берекенің адамы. Үш жүздің дізгінін шамасы келгенше тең ұстауға тырысады. Әбілқайырға ермеген Кіші жүздің кейбір рулары менЖоңғар шебін бұзып өткен Ұлы жүздің біраз батыр, билері қазір осы Әбілмәмбет төңірегінде. Бәлендей таққұмарлығы да жоқ еді. 1730 жылықазақтың билері мен сұлтандары әкесі Болаттың орнына оны күштеп сайлаған. Билік басына Әбілқайырды келтірмеудің амалы… Ал, Әбілмәмбеттің өз кіндігінен тараған талапты сұлтандар бола тұра, болашақта ұлы тақты Абылайға өсиет етуі соңғы жылдары оның беделін тіпті көтеріп жіберген. Оны бұл күнде ел бірлігін ойлаған әулие хан деседі… Міне, ол қазір де ақсары, ашаң жүзінен бүлк еткен толқыныс нышаны білінбей, хан асасын сығымдай ұстап, қарсы алдындағы бір ноқатқа қалшия қарап қалыпты»(3-10) . Міне автордың Әбілмәмбет хан бейнесін, дәлірек айтқанда портретін суреттеу барысында сол кезеңдегі қоғамдық жағдайдан, хандықтың ішкі жағдайынан, тіпті интригаларынан да хабардар етеді. Қ. Жұмаділдовтың шеберлігі сонда қандай да бір көркем бейнесін сомдау барысында тарихи шындықты өз ыңғайына қарай икемдеп алып кетуге әрекеттенбейді. Керісінше құжаттар негізінде көркем бейне сомдайды. Бұны тек Абылай мен Әбілмбәттің бейнесі арқылы емес, Әбілқайырдың бейнесі арқылы да байқауға болады.

ХУІІІ ғасырда қазақ тарихындағы ең бір күрделі тарихи тұлғаның бірі Әбілқайыр хан болғаны сөзсіз. Әбілқайыр хан оның тарихи рөлі туралы пікірталас осы күнде одан әрі өрши түсті деп айтуға болады. Әрине, кеңес үкіметі тұсында Әбілқайырдың тарихи маңызы аса дәріптеліп, өз заманының ең озық ойлы халқының болашағы үшін күрескен қайраткер хан ретінде Әбілқайыр хан деп мадақталғаны рас. Бұл тегін де емес еді. Әбілқайыр хан Ресей еліне бодандық туралы хат жазған қазақ билеушісі екені әммеге аян. Әбілқайырдың бұл тарихи қадамы саяси ахуалға қарай әр түрлі бағаланғаны содан. Қазіргі уақытта Әбілқайыр ханның бұл ісі көп айтыла да, жазыла да бермейді.

Ал, «Дарабоз» дилогиясында Әбілқайыр ханның бейнесі қалай сомдалды? Оның тарихи ісіне қандай баға берілді, сондай-ақ, берілген бағаның тарихи ақиқаттылығы қай дәрежеде деген сұрақтарға жауап беруге тырысайық.

Жоғарыда айтылғандай, сол кезеңдегі тарихи тұлғалардың характері мен тарихи рөлі не баға Хан кеңесі арқылы баяндалды. Хан кеңесінің қазақ елі үшін маңызы айтпаса да түсінікті. Елдік мәселелер яғни елдің ішкі мәселелері, болашақта стратегиясы, сыртқы елдермен қатынастағы позициясы сияқты мемлекет үшін маңызды мәселелерді шешу үшін жиналатын саяси маңызды жиында әркімнің характері анық көрінетіні ақиқат. Тіпті бұл жиынға қатыспаған бейнелердің өзі мінезінен, идеялық позициясынан хабардар етеді. Хан кеңесіне келмеген жандардың ішінде Әбілқайыр хан да болды. «(…) Кіші жүз ханы Әбілқайыр да, оның балалары Нұралы мен Ералы сұлтандар да бұл жаққа ат басын бұрмады. Өздерінше Терезе теңестіргені, үлкен орданы мойындамағаны»(3-6), - мұндай сепаратистік ойлар қазақтың кей билеушілерінде болғанын тарихи деректер айғақтайды. Ал, Әбілқайырдың хан тағына таласуы, хан сайламадыңдар деп шайқасты тастап кетуі, сол арқылы қазақ жоңғар соғысын одан әрмен созылуына себепші болғаны, бірлікке емес, шетке ауа көшіп, елді сырттай саудалағаны тарихи шындық. Сондықтан да, Қ. Жұқмаділов Әбілқайыр ханның бейнесін сомдағанда Кеңес үкіметі дәуіріндегідей мәймөңкілемейді, үйреншікті қалыптардан бірден бас тартады. Оның тарихи тұлғасының шынайы көркем бейнесін сомдайды. Әбілқайырдың ісіне деген үкім Абылай хан монологы арқылы беріледі: «Ең қиыны - іштен шыққан сатқындық. Болаттың орнына мені хан көтермедіңдер деп өкпелеген Әбілқайырдың, өзі бас қолбасы бола тұра, соңынан ерген Кіші жүз жасағымен бірге Аңырақайдағы ұрыс даласын тастап кеткені болды. Мен Әбілқайыр ханды ақ патшамен әмпей болып, өз елін сырттай саудалағаны үшін де емес, ең зәру шақта ел ішіне іріткі салып, бір тұтас қазақ қолын ыдыратқаны үшін кешірмеймін. Лағнет! Лағнет жаусын Әбілқайыр ханға!. . »(3; 24-25) . Бұл Абылайдың сөзі, Абылайдың өкпе-наласы ғана емес, ұрпағының ызасы деп білу керек сияқты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
ҚАБДЕШ ЖҰМӘДІЛОВТЫҢ ДАРАБОЗ РОМАН-ДИАЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ
КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры
Қазақ прозасы және тарихи тақырып
XІХ ғасырдың әдебиеттің ерекшелігі
Дисфемизмдер және олардың зерттелуі
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz