Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы


Мазмұны

Кіріспе . . . 3-8

I-тарау экологиялық қылмыстарға түсінік.

  1. экологиялық қылмыстардың түсінігі және басқа да қылмыстық құрамдардан айырмашылығы . . . 9-18
  2. экологиялық қылмыстардың түрлеі . . . 19-22

II- тарау Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы

2. 1. Экологиялық қылмыстардың объектісі және объективтік жағын анықтаудың кейбір құқықтық мәселесі . . . 23-40

2. 2. Экологиялық қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағының кейбір құқықтық мәселелері . . . 41-49

III - тарау Экологиялық қылмыстарды саралаудың құқықтық проблемалары

3. 1 Экологиялық қылмыстарды саралаудың түсінігі . . . 50-51

3. 2 Экологиялық қылмыстарды саралаудың түрлері . . . 52-63

Қорытынды . . . 64-65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66-70

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі

Елімізде экологияны қорғау тек біз ғана емес сонымен қатар көрші шет елдерге де ерекше маңыз болып отыр. Экологияны қорғау туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2008 жылғы халыққа жолдауында атап көрсеткен.

Бүгінде қоғамымызда жаңа қоғамдық қатынастардың пайда болуы, мемлекетімізде қылмыс құралдарының пайда болуына әкеп соқтырып отыр. Жиырмасыншы жүзжылдықта халық санының өсуі, ғылыми - техникалық жаңалықтардың ашылуы, өз кезегінде табиғи байлықтардың жойылуына, қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтырып отыр.

Табиғи ресурстар материалдық өндірістің өсуіне, нарықтық қатынастардың одан әрі дамуына және жетілдіріле түсуіне ықпал жасайтын өндірістік күштердің құрамды бөлігі болып табылады. Табиғатпен өзара қарым - қатынас жасап, сан - алуан іс - әрекетке бара отырып, адамдар бір жағынан оған ықпал етеді, яғни басқаша сөзбен айтқанда, оны өзгертеді, сондай - ақ оны қайта өзгерту барысында өзі де өзгерістерге ұшырайды. Қоғам мен табиғаттың бір - біріне деген өзара әсер ету процесі жүреді.

Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстармен қамтамасыз етілген әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Алайда біздің еліміздің табиғи ресурстарының соншама молдығына қарамастан, оған қамқорлықпен қарау қажеттілігі әрқашан туындап отырады. Әрине, қоғамның қазіргі дамуы табиғи ресурстардың шаруашылық мұқтаждықтарына белсенді түрде пайдаланылуына сүйенеді. Бұл процесс нарықтық қатынастар дами түскен сайын одан әрі күрделене береді. Көрініп отырғандай, судың тапшылығы ұзақ уақыт бойы өзекті болып қала береді.

Қазіргі таңда адамдарға тиесілі ресурстардың көбісі толығымен қолданысқа алынған, өмір сүру ортасының нашарлауы, құрлықтардың химиялық және радиоактивті заттармен улануы, климаттың өзгеруі, өсімдіктер мен жануарлардың азаюы орын алып отыр. Осы туындап отырған жағдайдың арқасында жер бетінде табиғи реакцияның бұзылуына, адамдар арасында түрлі - түрлі аурулардың пайда болуына апарып отыр. /1, с. 1/

Бұл жағдай біздің елімізге де қатысты болып отыр. 1992 жылы 18 қаңтардың № 1162 - XII Жоғарғы кеңестің қаулысы бойынша Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Аталған аймақ қалпына келтіруге келмейтін, Арал теңізі және ондағы аймақта тұратын халықты әлеуметтік қорғау үлкен проблема болып отыр.

Аймақтың тағдыры аса күрделі экологиялық ақуалмен анықталатын болады. Табиғи, оның ішінде, энергетикалық ресурстар үшін өршіп тұрған күрес жағдайында Орталық Азия ерекше ынта туғызып отыр. Табиғи байлықтардың - мұнай мен газ, түсті және өте сирек кездесетін металдар, алтын күміс, уран және басқа кендердің мол қорын иелік етуге әлемдік державалардың ынтасы тууда, аймақтың дүниежүзілік экономикадағы маңызын арттыра түсуде. /2. с. 5/

Статистикалық мәліметтерге сәйкес әрбір үшінші өндіріс ортасы заңды сақтамайды. Мысалы, Қарағанды облысын алып қарасақ, бұл аймақта 426 ластаушы өндіріс ортасы бар екен. Облыс бойынша Теміртау қаласы бірінші орында тұр. Жыл сайын Қарағанды облысы бойынша 112 млн. тонна өндіріс қалдықтары, металлургиялық шлактар шығарылады. Тап осындай жағдай Республиканың басқа да аймақтарында туындап отыр. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған, Батыс Қазақстан облыстарында соңғы 15 жыл ішінде түрлі жұқпалы аурулардың күрт көбеюі байқалды. Химиялық радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағында улану, сәулелену көздері пайда бола бастады.

Бірнеше қоршаған ортаға қауіпті ірі өндіріс орындары экологиялық сараптамадан өткізілінбей жобаланып, орналастырылып жатыр.

Осыған орай қазіргі таңдағы актуальді мәселелердің бірі екені сөзсіз.

Сондықтан осы проблемаға байланысты өз кезегінде зерттеуді талап етеді.

Сондықтан ғалымдардың бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын пайдаланудың адам үшін қажеттілігі мен табиғи ортаны қорғаудың қажеттілігі арасындағы қарама - қайшылықтарға байланысты дабыл қағуы өте орынды болып табылады. Осыған байланысты зор маңызды : табиғи ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету, барынша азайту және табиғи байлықтарды молайту жөнінде қамқорлық жасау міндеті туындайды. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану және оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе - теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөнінде пәрменді шараларды жүзеге асыру қажеттігін туындырып отыр.

Табиғатты қорғау және оның байлығын тиімді пайдалану мәселесін шешуді қамтамасыз ететін әдіс - тәсілдер жүйесін жасауға әр - түрлі құқықтық институттар белсенді түрде қатысады. Олардың бәрінің де маңызды мән - жайы бар және экологиялық дағдарыс мәселесін шешуге белгілі бір дәрежеде ықпал жасайды. Алайда, олар тигізетін ықпалдар табиғатты қорғау орындарының өзара қарым - қатынасын дамыту мен жетілдірудегі мемлекеттік басқарудың ролін көтеруге негізделуі тиіс.

Жер мен оның қойнауын, ормандар мен су байлықтарын заңды тұлғалар мен жеке азаматтардың ұтымды пайдалану жөніндегі қызметіне бақылау жасаудың, есеп жүргізудің белгілі бір тәртібін енгізе отырып, мемлекеттік басқару институты іс жүзінде табиғатты пайдалану мен оны қорғауды қамтамасыз етудің барлық саласын қамтиды. Сонымен қатар, қоршаған табиғи ортаның сапасын қамтамасыз ету мемлекет пен оның органдары жүргізетін шараларының жүйесіне тікелей байланысты. Осы жәйттің өзі қоғамдық қатынасқа қатысатын субъектілердің ерекше құқықтармен қамтамасыз етілуін қажет етеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жақсарту жөнінде бірқатар шаралар қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциясы”, Қазақстан Республикасының Заңы, 1997 жылы 15 - шілдеде қабылданған “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, 1997 жылы 15 - шілдеде қабылданған “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, 1996 жылы қабылданған “ Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы”, 2003 жылы 26 - маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының “ Жер кодексі”, 2003 жылы 19 - шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының “ Орман кодексі”, 2003 жылы 23 - шілдеде Қазақстан Республикасының “ Су кодексі”, 2007 жылы қабылданған “ Экологиялық кодексі”, 1995 жылы 7 - шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының “ Мұнай туралы”, 2001 жылы 23 - қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының “ Жергілікті мемлекетті басқару туралы”, 1998 жылы 26 - маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының “ Ұлттық қауіпсіздік туралы”, 1998 жылы 23 - сәуірде қабылданған “ Халықтың радияциялық қауіпсіздігі туралы” Заңдарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарында табиғатты қорғау қатынастарын реттеу, табиғатты қорғау аясындағы мемлекеттік басқаруды жақсарту жөніндегі нормалары белгіленген. Бұл құжаттарда нарық жағдайында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі қарым - қатынастың құқықтық негізін жасауға және жерді, оның қойнауын, ормандар мен суды игеру ісіне шетелдік инвесторларды тарту мәселесін шешуге талпыныс жасалған. Дегенмен, жоғарыда аталған және басқа да құқықтық құжаттар табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттің тарапынан басқару ісіне байланысты көптеген мәселелерді толық шеше алмаған. Оларда әртүрлі мемлекеттік органдардың табиғи ресурстарды басқару жөніндегі қызметтері нақтыландырылмаған, сондай - ақ көптеген нормативтік актілерде табиғатты қорғау жөніндегі қарым - қатынасты реттеу туралы нақты нормалар белгіленбеген болатын.

Күні бүгінге дейін тиісті заңдар игеруге берілген табиғи ресурстар мен сол игерудің шаруашылық нәтижелерінің жағдайына әлсіз ықпал жасап отыр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі

Экологиялық қылмыстар, яғни қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің теориялық мәселелері көп жылдардан бері заңгер ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Қазақстан ғалымдары бұл мәселені зерттеуге зор үлес қосқаны баршаға мәлім. Мәселен, С. Б. Байсаловтың, Н. Б. Мұхитдиновтың, Д. Л. Байдельдиновтың, А. Н. Ағыбаевтың, Г. И. Баймурзиннің, И. И. Роговтың, Ә. С. Стамқұловтың, К. А. Шойбековтың, Ә. Е. Ереновтың, Ә. Е. Бектұрғановтың еңбектері табиғат ресурстарын қорғау, реттеу мәселесіне арналған.

Қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеудің кейбір өзекті мәселелері Г. А. Аксененок, О. С. Колбасов, Н. И. Краснов, А. В. Петров, Ю. С. Шемшученко, Б. В. Ерофеев, С. А. Боголюбов, А. М. Плешаков, Ю. И. Ляпунов, О. Л. Дубовик, А. Э. Жалинский, Э. Н. Жевлаков, П. Ф. Повелицына және т. б. сияқты Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдері ғалымдарының еңбектерінде зерттелген.

Алайда жоғарыда аталған ғалымдардың көптеген еңбектері мемлекетіміздің нарықтық қатынасқа өтуінен бұрынғы кезеңдердегі зерттеулері болғандықтан оларда қазіргі жаңа заң актілерінің ерекшеліктері мен жаңадан қалыптастырған ғылыми көзқарастар көрініс таппаған. Сонымен бірге мемлекеттің нарық жағдайындағы табиғи ресурстарды пайдаланушылардың қызметіне араласуының шегі туралы мәселелер де қажетті деңгейде талданып, зерттелмеген.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Зерттеудің мақсаты Республикамыздың нарықтық қарым - қатынасқа көшу, табиғи ресурстарды игеруде, табиғат ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы, мемлекеттік басқарудың құқықтық мәселелерін кешенді түрде зерттеу, сонымен бірге осы мәселелер бойынша заң шығару ісін жетілдіру жөнінде нақты тәжірибелік, теориялық ұсыныстар жасау болып табылады.

Мақсатқа байланысты мынандай міндеттер:

  • Экологиялық құқық бұзушылықтарды реттейтін құқық нормаларының құқық жүйесіндегі орнын анықтау;
  • Табиғатты қорғау қатынастарын дамыту мен жетілдірудегі мемлекеттік басқарудың ролін көрсету және кетеру;
  • Нарық жағдайындағы табиғи байлықтарды пайдаланушылар қызметіне мемлекеттік органдардың қазіргі жүйесін танып - білу және айқындау;
  • Жоғарыда қарастырылған проблемалар бойынша табиғи ресурстарды қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметін жетілдіру мен дамытуға, оның тиімділігін арттыруға бағытталған қағидалар мен тәжірибелік ұсыныстарды жасау мен оны ашып көрсету.

Диплом жұмысының көлемі және құрылымы.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, алты параграфты қамтитын үш тараудан, қорытындыдан, нормативтік - құқықтық актілер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-тарау. Экологиялық қылмыстар туралы жалпы түсінік және әртүрлі ғылыми көзқарастар.

  1. Экологиялық қылмыстардың ұғымы және басқа да қылмыстық құрамдарының айырмашылығы.

Экологиялық қылмыстар өзіндік мазмұны мен арнайы белгілері бар құқыққа қайшы іс-әрекет болып табылады. Алғаш рет «экология» түсігін ғылыми айналысқа өзінің 1866жылы «Жалпы морфология» деген еңбегінде Э. Геккель енгізген болатын. /3, с. 5/ Экология сөзі ұзақ уақыт бойы ғылыми пән тірі организмдермен қоршаған ортаның ара-қатынасын реттейтін биологиялық бөлімі ретінде қолданады.

Соңғы үш онжылдықта «экология» ұғымы әлеуметтік ұғымға айнала бастады. Бұның себебі адамдардың өмір сүру ортасының өздерінің жеке қызметтердің арқасында нашарлануы, өндірістік өндірістік қызметінің сипаттының өзгерімен, табиғи ресурстарды пайдаланудың жаңа жолдарының пайда болумен тікелей байланысты. Қазіргі жаңа ұғымы бойынша экология қоғам мен қоршаған табиғи ортаның байланысын реттейтін ғылым болып табылады.

Сонымен қатар көптеген экологиядан туынды ұғымдар пайда бола бастады. Олар: адам экологиясы, экологиялық қағидалар, экологиялық кризис, экологиялық саясат және т. б. /4, с. 6/. Осыған орай әлеуметтік экология қоғамда ерекше орынға ие бола бастады. Адамдар арасында сұранысты, моральдік аспектілері бар ұғымға айналып, осыдан «экологиялық этика», «экологиялық мәдениет», «экологиялық-құқықтық сана», тіпті «экологиялық наным-сенім» концепциялары пайда болды.

Юриспруденция саласында «экология» термині алғаш рет 1972 жылы КСРО-ның Жоғарғы Сотының Пленумындағы табиғатты қорғау жөніндегі заңдардың қолдану тәжірибесі жөнінде талқылауда О. С. Кольасовпен қолданылады. Ал экологиялық құқықбұзушылықтар жөніндегі мәселелер КСРО - ның Жоғарғы Кеңесінің “ О неотложных мерах экологического оздоровления страны” ( 1989г. ) деген қаулысында қарастырылды.

Заң шығару деңгейінде бұл ұғым “ Основах уголовного законодательства Союза ССР и Республик” ( 1991г. ) шықты. Оның 3 бабында : екі не одан көп республикалардың экологиялық құқықтары мен мүдделері жайлы, ал 27 бабында - экологиялық қауіптің төнуі туралы жазылған.

1992 жылғы Ресейдің жаңа Қылмыстық Кодексінде экологиялық қылмыстарға арналып арнайы тарау берілген. Қазақстан Республикасының Жаңа қылмыстық Кодексінде де экологиялық қылмыстарға арнайы тарау бар.

Экологиялық қылмыс жөнінде бірнеше Кеңес дәуіріндегі заңгер ғалымдардың берген анықтамалары айтарлықтай бар. Соның бірі В. В. Петров былай деген: экологиялық құқық бұзушылық - ол айыпты, құқыққа қайшы, адам денсаулығына нақты қауіп төндіретін әрекет болып табылады. /5. с. 13. /.

Бұл жерде экологиялық құқықтық тәртіп деп табиғат қорғау заңдарының қызмет істеу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды түсінеміз.

1998 жылы бұл мәселе алғашқы орынға ие болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі құқық қорғау органдарына “ экологиялық құқық бұзушылық” ұғымын енгізу жөнінде бірнеше тапсырмалар берді. Онымен қоса лауазымды тұлғалардың болған апаттардың экологиялық зардаптарын, тұрғылықты халықтың денсаулығы және өмір сүру ортасының ластануы жайлы ақпараттарды қасақана жасырғаны үшін жауаптылық мәселесі жөнінде ұсыныстар берілді.

Заң шығару органының бұл шешімі қылмыстық құқық теориясына “ экологиялық қылмыстар” түсінігін енгізу арқылы, басқа экологиялық құқық бұзушылықтардан айырмашылықтарын, сол сияқты қоғамдық қауіпсіздікке қарсы бағытталған қылмыстардан, адамның жеке басына және денсаулығына қарсы қылмыстардан, меншікке қарсы қылмыстардан, меншікке қарсы бағытталған қылмыстардан ажыратып алуға үлкен септігін тигізді.

Заң әдебиеттерінде табиғатты қорғау саласында экологиялық қылмыстарды анықтау жөнінде бірнеше көзқарастар бар. В. И. Андрейцев экологиялық қылмыстар деп - қоршаған табиғи ортаның табиғи ресурстарынпайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңмен белгіленген режимді бұзуға бағытталған әрекеттерді түсінуді айтады. /6. с. 23/.

Э. Н. Жевлаковтың айтуынша экологиялық қылмыстар - адамдардың өмір сүруінің биологиялық негізінде, өміріне, денсаулығына және шаруашылық қызметіне қол сұғушылық болып табылады. Экологиялық қылмыстар - бұл табиғат арқылы, оған әсер ету негізінде адамға қарсы бағытталған қылмыс деп түсіндіреді. /7. с. 38/.

Табиғатты қорғау саласындағы қылмыстар туралы Ю. И. Ляпунов былай дейді: табиғи ресурстарға қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті, айыпты іс - әрекет арқылы әсер ету, яғни оны басып алу ( билік ету), жою ( құрту), бұзу ( жарамсыз ету) /8. с. 41/.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстар - бұл қоғамға қауіпті, құқыққа қайшылығымен қоршаған ортаны қорғау немесе табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қауіп - қатерге төндіру не оған зиян келтіру деп есептейді И. М. Тяжкова. /9. с. 18/.

О. Л. Дубовик пен А. Э. Жалинский экологиялық қылмыс деп заңмен белгіленген қоғамға қауіпті әрекет ( әрекет және әрекетсіздік) арқылы қоршаған ортаға, оның компоненттеріне, адам өміріне қажетті және әлеуметтік құндылық ретінде саналатын табиғи объектілерге, оны қорғауға, ұтымды пайдалануға тигізетін қолсұғушылықты айтады. /10. с. 21/.

Табиғат қорғау саласындағы және оны ұтымды пайдалануға қарсы бағытталған қылмыстардың құрамдарын талдау арқылы мынадай анықтама жасауға болады дейді - П. Ф. Повелицына. Яғни экологиялық қылмыстар - бұл қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану ережелерін сақтауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қарсы қарсы бағытталған қоғамға қауіпті заңмен белгіленген қолсұғушылықтар болып табылады.

В. В. Петровтың ойы бойынша, экологиялық қылмыстар деп - белгіленген экологиялық құқықтық тәртіпке және табиғи ортаға, адам денсаулығына қол сұғатын қоғамға қауіпті іс - әрекет немесе осындай қауіп төндіруді айтады.

Экологиялық қылмыстардың түсінігі Қазақ ССР - нің Заңы “ Қазақ ССР - ғы қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы” заңында да берілген. Ондағы 72 бапта: экологиялық қылмыс деп қоршаған табиғи ортаны қорғау заңда көрсетілген республикадағы экологиялық құқық тәртіпке, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға, не нақты қауіп төндіретін экологиялық зардап тудыратын қылмыстық заңмен белгіленген қоғамға қауіпті іс - әрекет ( әрекет немесе әрекетсіздік) түсіндіріледі.

Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс - әрекеттер болып табылады.

Экологиялық қылмыстардың заты - нақты табиғат ресурстары; жер, су, ауа, жануарлар дүниесі, орман - тоғай, мал т. б. болады.

Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі экологиялық қылмыстарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар. Тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты. Қылмыстық кодекстің 11 - тарауындағы экологиялық қылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді: экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы ( 277 - бап) ; ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы ( 278 - бап) ; микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы ( 279 - бап) ; мал дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы ( 280 - бап) ; экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау ( 294 - бап) ; Су және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар; суларды ластау, бітеу және сарқу ( 281 - бап) ; атмосфераны ластау (282 - бап) ; теңіз аясын ластау ( 283 - бап) ;

Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстар. Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы ( 284 - бап) ; жерді бүлдіру; жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу( 286 - бап) ;

Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу( 287 - бап) ; жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу( 289 - бап) ; заңсыз аңшылық ( 288 - бап) ;

Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу ( 291 - бап) ; ормандарды жою немесе зақымдау ( 292 - бап) ;

Ерекше табиғи - биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс - әрекеттер ( 290 - бап) ; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы ( 293 - бап) ; Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы ( 277 - бап) ;

Қылмыстық кодекстің 277 - бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей объектісі шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар, табиғат объектілерін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін қатынастар болып табылады. /17. с. 37/.

Қылмыстың объективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау, орналастыру салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы арқылы сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Экологиялық қылмыстар туралы
Экологилық қылмыстың жалпы сипаттамасы
Қылмыстың түсінігіне маңызды ережелерін одан әрі дамыту жөніндегі ғылыми-теориялық негіздер ұсыну
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Қылмыстың құрамы және оның маңызы
Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz