Халықаралық жеке құқық


1. Халықаралық жеке құқық пәнінің ұғымы.
Әлемдегі шаруашылық өмір интернационалды сипатқа ие болып келуде. Бұған көптеген бірлескен кәсіпорындар, бірлескен кәсіпкерлік, бірлескен ғылыми зерттеулер мысал бола алады.
Ғылыми техникалық прогресс комуникациялар салаларында халықтар мен континенттерді жақындастырып, әртүрлі елдер өкілдерінің қарым-қатынастарының туындауына әкеп соқты.
Соғыстар мен конфликттердің салдарынан миграция күшейіп жұмысқа орналастыру, білім беру ісінде халықаралық құқықтық проблемалар туғызып отыр. Аталған факторларға байланысты жеке, заңды тұлғалардың, өз шекараларынан тыс жерлердегі, азаматтық құқықтық қатнастарын реттеуші халықаралық жеке құқықтың ролі өсіп келуде. Осыған сәйкес халықаралық аренадағы жеке қатнастардың әртүрлі жағтарын реттейтін халықаралық конвенциялар да ролі өсуде.
Халықаралық жеке құқық - заңды және жеке тұлғалардың жеке құқықтық қатнастарын реттейтін құқық жүйесі болып табылады. Халықаралық жеке құқық құқытың бұлай аталу себебі бір мемлекеттің шегінен шыға отыррып, өзінің құрылымында шет ел элементі болатын азаматтық құқықтың, еңбек, қаржы құқықтық қатнастарды реттеушісі болып табылатындығынан.
Халықаралық жеке құқық жеке және заңды тұлғаның жеке құқықтық қатынастарын реттейтін құқық жүйесі. Халықаралық жеке құқығы бір мемлекеттің шегінен тыс және шетелдік элементі бар азаматтық құқық, еңбек, қаржылық құқықтық қатынастарды реттейді.
Қазақстан егемендік алғаннан соң халықаралық жеке құқық мәселесін жүйелі түрде зерттей бастады. Халықаралық жеке құқық ерекше түрдегі халықаралық қатынастарды реттейді. Оларға жеке және заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан мүлкіне жеке меншік құқығы, сонымен қатар шетелде ораналасқан қазақстанның және оның азаматтарының мүлкіне жеке меншік құқығы, ішкі сауда мәселесін жасау тәртібі мен шрттары, шетелдің интелектуалды меншікке құқығын қорғау, қазақстан азаматының шетелдегі өнертабысын қорғау, шет ел азаматымен некеге тұрудың тәртібінің құқықтық түрлері және еңбек қатынастары және оларды шетелде жүзеге асыру жатады.
Қазақстанның ішкі саудасында, ішкі сауда, тауар айналымы, төлем бойынша мемлекетаралық шарттар мемлекеттік және комерциялық фирмалардың шетелдік ішкі сауда ұйымымен, жеке фирмалармен ішкі сауда мәмлемелерімен тығыз байланысты.
Сауда шарты - бұл субъектінің қызметіндегі ішкі сауда мәмлері, мәмлемелерді орындау мерзімі және осы мәмлемелер арасындағы болуы мүмкін дауларды шешу бойынша мәмлелер арасындағы шарт. Басқа да сауда шарты жария құқық сипатындағы шарт, халықаралық жеке құқық акті. Егер сауда шартын орындамауға немесе тиісті дәрежеде орындамауға байланысты дау туса, дауласушы мемлекеттер бір-біріне дипломатиялық жолдармен әсер етеді, мемлекетаралық дауды шешудің белгілі халықаралық жария құқықтық малына жүгінеді. Егер ішкі сауда мәмлесіне қатысқанда даулы мәселелер туындаса, олар отандық және шетелдік соттарға, халықаралық коммерциялық арбитраждық соттарға жүгінеді. Бұл шетел элементі бар азаматтардың құқық қабілеттілік қатынастарындағы құқық бұзушылық пен мүдденің бұзылуына байланысты тұйындайтын халықаралық жеке құқықпен реттеледі.
Бұл қатынастардың барлығына шетел элемент тән және оларды үшке бөлуге болады:
1. Құқықтық қатынасқа қатысушы шетелдік жеке және заңды тұлға;
2. Құқықтық қатынас объектісі Қазақстанның шегінен тыс және мемлекеттерде орналасады;
3. Халықаралық жеке құқықпен реттелетін қатынастың негізі - не шетелде орын алған нақты заңсыздық.
Осы элементтердің біреуі - болуы бұл құқықтық қатынастарды халықаралық құқық аясына жатқызуға болады.
Халықаралық сауда - экономикалық және мәдени байланыстар шетелдік заңдарды қолдау негізінде пайда болатын субъективтік азаматтарды қорғауды әр мемлекет мойындайтын болса ғана нақты дами алады. Халықаралық байланыстың толық көлемде дамуын мақсат ететін мемлекеттер шетелдік немесе отандық құқықты қолдануды, оған мүмкіндік беретін коллизиялық нормаларды белгілейді. Осы коллизиялық нормалар халықаралық жеке құқықтың маңызын құрайды.
Шетел элементтерімен қатынастарды реттейтін ішкі материалдық нормалардың болуы коллизиялық нормалардың болуын болжайды. Ішкі сауданың сатып алу-сату бойынша нормаларының құқығы мен міндеттерін реттейтін ҚР ішкі мемлекеттік заңдары коллизиялық нормаларды алмастырып қана қоймады сонымен қатар осы заңдарға сілтеме жасай отырып, шетел заңын қолдануға жол бермейтін коллизиялық нормаларды жасайды.
Әр елде коллизиялық байлаулар әртүрлі болуы мүмкін. Германия мен Италияда мұрагерлікпен қатар мұрагер азаматы болатын елінің заңымен, АҚШ мен Англияда оның сонғы тұрғылықты жерінің заңымен реттеледі. Германияда ішкі саудағы байланысты жасалатын қатынастар орындау орны заң мен, басқа елдерде келісім-шарт қай елмен тығыз байланысты болса сол ел заңымен реттеледі.
Коллизиялық құқығындағы мұндай жағдай бірде құқық қорғау болып, бірде болмауына байланысты күрделі мәселелер туғызады. Бұл мәселелерді мүдделі мемлекеттер арасында қызығушы сұраулар бойынша екі жақты немесе көпжақты шарттар жасау арқылы шешуге болады. Мемлекет ретінде мұрагерлік коллизиялық нормалар біркелкі көрініс жапқан.
Осы мәселелерді шешудің тағы бір малы осы немесе басқа қатынастарды реттейтін материалдық нормаларды унификациялау (бір түрге келтіру, қалыптастыру) болып табылады. Унификациялауды жасаудың бір мысалы ретінде халықаралық сауда қатынастарындағы 11. 04. 1980 ж. қол қойылған халықаралық сатып алу-сату шарты туралы БҰН конвенциясын айтуға болады.
Әр елдің халықаралық жеке құқық құрамында шетел элементімен қатынастарды реттеуінде қай елдің заңын қолдану дұрыстығын анықтап коллизиялық нормалармен қтр халықаралық шарт жасау негізіндегі берілетін шарттық қатынастарына кіретін қалыптасқан материалдық нормаларда болады.
Сонымен коллизиялық мәселелерді шешудің екі амалын шетелдік элементтілгі бар азаматтардың құқықтық қатынастарды реттейтін екі әдіс бар деп айтсақ болады. Мұндай құқықтық қатынастарды реттейтін үшінші әдіс ретінде шетелдік элементі бар азаматтардың құқықтық қатынастарды құқықтық реттеуді жасаған мемлекетте арнай шығарылған ішкі заңның материалдық нормалары; заңдар, жарлықтар, жоғарғы билік органдарының қаулылары т. б. Оларды тікелей әрекет ететін нормалар деп те атайды. Мысалы, 27. 12. 1994 ж. "шетелдік инвесторлар туралы" ҚР Заңы, 19. 06. 1995 ж. "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" ҚР Президентінің жарлығы т. б.
Осылайша халықаралық жеке құқық мына нормалалрдан тұрады:
1. коллизиялық;
2. қалыптасқан материалдық нормалар;
3. Тікелей әрекет ететін нормалар.
Азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын қатынастар сот пен арбитражбен қорғалады. Шетел элементі бар азаматтардың істері халықаралық жеке құқықпен тығыз байланысты болатын халықаралық азаматтық іс жүргізу нормалары негізінде шешіледі. Сондай-ақ халықаралық азаматтық іс мәселелері халықаралық жеке құқық құрамына кіруі мүмкін.
Халықаралық жеке құқық азаматтық қатынастар және отбасы қатынасымен бірге шетел элементі бар еңбек қатынасында реттейді. Сонымен ішкі мемлекеттік еңбек құқығы мен халықаралық жеке еңбек құқығы арақатынасын анықтап алу керек. Бұл екі құқықтық жүйенің ұқсастығы, Қазақстан территориясындағы шетел немесе бірнеше кәсіпорындарда жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлердің мәртебесін қорғаудың еңбек қатынасы, халықаралық жеке құқықпен реттеледі, яғни шетелдік жеке және заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін коллизиялық нормалауға жатқызатын шетел элементі бар азаматтардың құқықтық қатынасы, отбасы, пңбек қатынасын реттейтін құқық саласы.
2. Халықаралық жеке құқық бөлімдері.
Халықаралық жеке құқық ғылымы үш бөлімнен тұрады:
1. Жалпы бөлім - жалпы теоретикалық мәселелерді зерттейді;
2. Ерекше бөлім - халықаралық жеке құқықтың арнайы мәселелері қаралады;
3. Халықаралық азаматтық процесс.
Халықаралық жеке құқық саласына шет ел жеке және заңды тұлғаларының құқық қабілеттілігі және іс-әрекет қабілеттілігі, шет ел азаматтарының Қазақстан аумағындағы мүлкіне меншік құқығы, сондай-ақ, Қазақстанның және оның азаматтарының шет елдегі мүлкіне меншік құқығы, сыртқы саудадағы мәмілелер жасасудың тәртібі мен жағдайлары, шет елдіктердің санаткерлік меншік құқықтарын қорғау, Қазақстан азаматтарының ашқан жаңалықтарын шетелде қорғау, шет елдіктермен некеге тұрудың ұйымдастыру-құқықтық түрлер, еңбек қатнастары мен оларды шет елде жүзеге асыру.
Халықаралық жеке құқық реттейтін қатынастарға шет ел элементінің болуы шарт. Ол үш түрге бөлінеді:
1. Құқықтық қатнас қатысушысы шет ел заңды немесе жеке тұлғасы б. т. ;
2. Құқықтық қатнас объектісі қазақстаннан тыс, шет ел мемлекетінің аумағында болады;
3. ХЖҚ реттейтін қатнастар негізінде шет елде орын алған заң фактісі болады.
Құқықтық қатынаста осы аталған үш элементтің бірінің болуы оның халықаралық жеке құқық қатынастарының қатарына жатқызады.
Халықаралық қатынастардың толық деңгейде дамытуға бел байлаған мемлекет шет ел немесе өз мемлекетінің заңының қолданылуын анықтайтын коллизиялық нормаларды белгілейді. Осы коллизиялық нормалар халықаралық жеке құқық негізін құрайды. Халықаралық жеке құқық нормаларының бірі унификацияланған (біркелкі) материалдық нормалар болып табылады. Шет ел элментімен азаматтық-құқықтық қатынастарды құқықтық регламенттеу бұл елде Арнайы қабылданған ішкі заңнаманың материалдық нормалалрымен жүзеге асырылады. Мәселен қазақстан республикасының "шет ел инвестициялары туралы" заңы, Қазақстан Республикасының "Кеден ісі туралы" заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Жарлығы. Халықаралық жеке құқықтың халықаралық көпшілік құқықтан айырмашалығы. Халықаралық заң әдебиетінде бұл туралы әртүрлі көзқарастар бар. Олардың біріне сәйкес халықаралық жеке құқық - халықаралық көпшілік құқықтың бөлігі болып табылады. Тағы бір көзқарасқа сәйкес халықаралық жеке құқық пен халықаралық көпшілік құқық бір пән. Ғалымдардың үшінші тобы халықаралық жеке құқықты ішкі азаматтық құқықтың ерекше саласы болып табылады дейді.
3. Халықаралық жеке құқықтың анықтамасы және пәні ретінде.
Халықаралық жеке құқық пен халықаралық көпшілік құқықтың тығыз байланыста екендігі сөзсіз. Мәселен бірқатар халықаралық құжаттар халықаралық жеке құқытың да халықаралық көпшілік құқықтың да негізі болып табылады.
Жоғарыда айтылып кеткендерді ескере отрып халықаралық жеке құқыққа мынандай анықтама беруге болады.
Халықаралық жеке құқық дегеніміз - шет ел элементі бар нормалары азаматтық-құқықтық, жанұялық, еңбек қатнастарын реттейтін, құрамына коллизиялық, халықаралық шарттардың негізінде унификацияланған нормалар, шет ел заңды және жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы нормалар кіретін құқық саласы болып табылады.
Халықаралық жеке құқық пәні ретінде жоғарғы заңтану мамандығының студенттерінің меңгеруіне арнайы дайындалған ғылымның және негізгі білімнің жүеленген жиынтығын білдіреді.
Қазақстанда халықаралық жеке құқық курсы 20 ғасырдың 40-шы жылдарында оқытыла бастады. (Алматы заңтану институтында) .
Халықаралық жеке құқық пәні ретінде халықаралық жеке құқық ғылымының призмасы сияқты оқытлады, көптеген мәселелері жеке пән ретінде оқытылады. Мысалы: "Жалықаралық бизнес, т. б. ХЖҚ оқу пәні ретінде ТМД елінде, Европа елдерінде, т. б., соның ішінде Қазақстанда оқытылады.
Халықаралық жеке құқық әртүрлі халықаралық қатынастардың негізінде пайда болған азаматтық құқықтық қатынастардың, еңбек, отбасы құқықтық қатынастардың ерекше түрлері жөніндегі мәселелерді қарастырады. Халықаралық жеке құқығын оқи отырып, студент шетелдік заңды және жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігін, әр түрлі қабілеттіліктердің қатынастардағы орнын, мүлкіне шетелдік меншік құқығы және қазақстанның шетелдің мүлкіне меншік құқығын, ішкі сауда мәмлесін жасау, Қазақстандықтардың шетелдегі өнертабысын қорғауын, шетелде қайтыс болғаннң мүлкіне мұрагерлік, шетелмен некеге тұрудың, Қазақстандық азаматтардың шетелдегі еңбек ерекшеліктерінің қорғалуын және оның шегінен тыс валюталық қатынастардың мазмұның ұғылуы керек.
4. Халықаралық жеке құқықтың даму тарихы .
Халықаралық жеке құқықтын басқа құқық ғылымымен салыстрғанда ерекшелігі оның институты мен нормаларының қалыптасуында халықаралық жеке құқық доктринасының өте маңызды роль алуында.
Құлиеленушілік қоғамда ХЖҚ болмаған. Оны Ежелгі римде шетелдің құқықтары таңылмағандығынан, Ежелгі Үнділердің Ману заңдарында шетелдіктер қорғалудың ең төменгі сатысында болғандығынан және Юстинианның Дигесталарында коллизиялық нормалардың болмауынан көруге болады. Бірақ ежелгі әлемде мемлекеттер арасында құқық көмегі мен реттелетін сауда айналымы болған. Осындай айналым қажеттілігін белгілі түрде қанағаттандыру мақсатында Ежелгі Рим заңгері "Халық құқығы" дамыған құқық нормаларының бір жүйелі қалыптасу жолынан өтті. Халық құқығы деп азаматтық қатынасты айтатын. Осы құқық Римдіктер мен шетелдің арасындағы қатынастарды реттеп отырды.
ХЖҚ жария тәртіп ұғымы орта ғасырларда қалыптаса бастады. Сол кездің өзінде мәртебенің екі түрі туралы айта бастады.
1. Оны шығаратын қаланың шегіндегі мәртебе.
2. Оны шығаратын қаланың, мемлекеттік шегінен тыс әрекет ететін мәртебе.
Орта ғасырда сауданың және шетелдік саудагерлердің қызметіне байланысты ХЖҚ нышаны пайда бола бастады. Теңізде жүзу мен сауданың дамуына байланысты барлық мемлекеттерде ашық теңізде және мұқитта жүзудің кеме қатынасының бостандығы қағидаты мойындалды.
Батыс Европада да ХЖҚ саудаға байланысты пайда болған әр қаланың өз әдет ғурпы болғанымен, дами келе басқа қаланың құқығын қолдануға тура келеді.
Сауда да шетелдік құқықты қолдануды қолдайтын заңгерлер көбейді. Оларды глоссаторлар да, олар Рим құқығын қолдаудың нормаларға бейімдеу үшін глосса, яғни Юстиниан коллизиясының белгілерін жасады, бұл коллизиялық қолданылуына ықпал жасады. Кейін глоссаторлардың орнына постглоссаторлар келді, олар Рим құқығының мәнініне кең түсіндірмелер жасады. Алғашқы постглоссатор болған Бартол мен оның шәкірті Бальд ХҚЖ доктринасының бастаулары саналады. Постглоассатордың теориясының мәні - азаматтық-құқықтық қатынастарды материалдық қорғау негізінде коллизияның қағидатын бекіту.
Капиталистік елдерде пайда болғаннан кейін шетелдер құқық қорғау жағдайы оларға "ұлттық режимнің" берілуіне байланысты жақсарды.
ХҮІІ ғ. Голландия мектебі ХЖҚ-ң дамуына өз үлесін қосты. Ол провинция аумағындағы барлық тұлғаларға заңдар қолданылуы тиістілігін айтты. Сол мектеп өкілінің бірі У. Губер "Comifas" теориясын тереңдетті. Ол бойынша шекарадан тыс ие болған қатынастар ХЖҚ-ң тарапынан қорғауға жатады.
ХІХ ғ. Италияда ХЖҚ нормаларын унификациялау идеясы көтерілді. Әлемдік нормалардың пайда болуы мен халықаралық сауданың кеңеюі тереңдетілді, соған байланысты көпжақты шарттардың жасалуына алып келді. Халықаралық ұйымдар құрылып бұл ХЖҚ сапалы әрі жедел дамуына әсер етті.
Халықаралық жеке құқық Рессейде өте жақсы дамыды. Ф. Мартенс, П. Козанский, К. малышев, Н. Иванов еңбектері ХЖҚ теориясын кеңейтті. КССРО-да халықаралық жеке құқық алғаш рет ХХ ғасырдың 20 жылдарында зерттеле бастады.
Қазақстандағы ХЖҚ-ны алғаш зерттеушілердің бірі У. К. Ихсанов. ол авторлық құқықтық қатынастарға байланысты мәселелерді қарастырды. Одан кейін ХЖҚ мәселесін зерттегендерге А. Ш. Тұғанбаев, М. А. Сарсембаев және егемендігімізді алғаннан кейінгі кезендегі К. С. Мауленовты жатқызуға болады.
5. Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқығының арақатнасы.
Осы заманңы халықаралық құқық халықаралық жария және халықаралық жеке құқық болып екіге бөлінеді. Аталған мәселе көпке дейін халықаралық құқықтың теориясы мен тәжірибесінде талас тудырып келді. Бұл проблеманың генезисі былайша сипатталады. Бұл мәселеге байланысты мынадай үш түрлі негізгі көзқарастар өмір сүріп келеді:
1) халықаралық жеке құқық ұлттық құқықтың бір бөлігі және құқық ретінде өз бетінше өмір сүре алмайды. Ол азаматтық құқық жүйесіне жатады. Мұндай пікір алғаш 1926 ж. И. С. Перетерскийдің еңбектерінде айтылады;
2) Интернационалдық позиция. ХЖҚ - халықаралық құқықтың бір бөлігі, яғни ХЖҚ + халықаралық жария құқық + ХҚ;
3) ХЖҚ кейде азаматтық құқықтың арнай салаларының бірін құрайды, бірақ негізінен халықаралық жария құқықпен тығыз байланысты.
Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқықтың ішкі байланысын белгілейтін соңғы позиция істің мән-жайына жақын келетін сияқты.
Халықаралық жария құқық негізінен мемлекетаралық қатынастарды реттейді. Ал халықаралық жеке құқық шетелдік элементтермен байланысты азаматтық құқықтық қатынастарды реттейді. Халықаралық жеке құқық ішкі мемлекеттік құқықтың бір бөлігі, бірақ орынды иеленеді, сөйтіп арнаулы пәні мен реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты оның дербес саласы болып табылады.
Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқықтың арасындағы өз ара әрекеттерді көптеген ұқсас қағидаттардан да көруге болады.
Халықаралық жария құқық пен ХЖҚ арасындағы толық байланыс ХЖҚ-тың мемлекетаралық қатынастарды емес, халықаралық өмірді сипаттайтындығына байланысты болады. Осыдан келіп, халықаралық жария құқықтың кейбір бастама негіздері ХЖҚ үшін де белгілі бір мәнге ие болады.
Мемлекет шетел элементері бар азаматтық құқықтық қатынастарға қатыныс бар мәселелерді өзінің ішкі заңдарымен немесе халықаралық келісімдермен шешкенде халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне өз көзқарасын белгілейді, халықаралық жеке құқықтың осы ынтымақтастығын ұйымдастыруға қатысатынынан мемлекеттердің халықаралық жеке құқық көлеміндегі актілері оның сыртқы саясатын білдіреді.
1. Халықаралық жеке құқық қайнар көздерінің түсінігі.
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері заң ғылымындағы құқықтың нормалары көрініс тапты. Халықаралық жеке құқықта құқықтың төрт қайнар көзі белгілі:
1. Ішкі заңдылық:
2. Халықаралық келісім-шарт
3. Халықаралық және сауда дәстүрлері
4. Соттық және арбитраждық тәжірибе
"Құқықтық қайнар көздері" деген термин материалдық және ресми (заңдық) екі аспектіде қолданылады.
Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздері ретінде халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық құқық нормаларын түзетін бүкіләлемдік экономикалық қатынастарды айтамыз. Осы заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздері - бұл оның нормалары мен қағидаларының көрнуі мен бекітілуінің ерекше арнаулы нысаны. Осы заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасу және пайда болу процесін қортындылайды.
Сөйтіп халықаралық құқықтың қайнар көздерін - заңи мағнасы оның субъектілерінің келісілген еркін білдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған.
2. Халықаралық жеке құқық қайнар көздерінің түрлері.
Ішкі заңдылық.
Заңдар мен нормативтік құқықтық актілер халықаралық жеке құқықтың дерек көздері болып келеді, олар мынадай болып бөлінеді:
1. Құқықтың бұл саладағы қатынасын толық реттейді (сыртқы экономикалық қатынастар туралы заңдар) ;
2. Бұл қатынастарды реттейтін нормалардың бірқатар бөлігі (Азаматтық кодекстің 13 бөлімі) .
Шетелдік мемлекеттерде континенталдық құқық тобына 60-шы жылдары халықаралық жеке құқық мәселелері бойынша заңдарды да қабылдау жатқызылды. Мемлекеттерде "жалпы құқық тобына" мұндай заңдарды қабылдау кең тарамаған.
Халықаралық келісім-шарттар.
Құқықтық қатнастарды келісім-шарттық негізде реттеу тәжірибесі халықаралық келісім-шарттар нормаларының көбінде құқықтық жүйеде халықаралық жеке құқық саласына қарайтын мәселелерді реттеудің негізгі дерек көздері болып келеді. Халықаралық келісім шарттардың мұндай жағдайға жетуінің себебі олардың үйлесімді нормаларының көбінде биліктен тыс халықаралық қатынастарды реттеуге лайықты жасалған.
Дәстүрлері.
Дәстүр - бұл, бұрыннан қалыптасқан, жүйелі түрде бұрын қолданылып отырған, бірақ өзінің тіркелуіне айқын бір құқықтық форманы қажет етпейтіндері.
Халықаралық дәстүрлер айқын бір ережелерді дәйекті және ұзақ жалғастығымен қолдануға негізделінген ережелер.
Мемлекеттердің тәуелсіздігімен теңдігіне сүйеніп, халықаралық дәстүрлер барлығына міндетті жүргізіледі. Халықаралық дәстүрлер бірі сауда дәстүрі, ол халықаралық сауда мен саудалық теңізде жүзуде кең қолданыс тапқан. Олар қолданымға міндетті.
3. Халықаралық келісім-шарттар.
Халықаралық шарт шарттасушы тараптар үшін құқықтар мен міндеттер түзеді, бұлар оның заң нормаларында бекітіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz